ҚАУЫШУ /КАУЫШУ Мақсат Рсалин 1-БӨЛІМ

  Рет қаралды 356

ДЫБЫСТЫ КІТАП

ДЫБЫСТЫ КІТАП

2 ай бұрын

Қаланың қақ ортасындағы осы бір балалар үйінде Асхат есін білгелі тұрады. Тәрбиеші, күтуші тәтелер мен директор Батырхан ағай да оны жақсы көреді. Өйткені ол басқалардай емес, тілалғыш, ақылды бала. Қашан болмасын ересектердің бірімен сөйлесе қалса, ағынан жарылып, ойын ортаға салады. Егер олар әдейі талас тудыратындай кері пікір айтса, оған қызылкеңірдек болмай, байыппен, үлкен адамдарша түсіндіріп беру әдетіне айналған. Сондықтан да осындағылардың көбісі, өздері ересек бола тұра, оны жанына жақын дос көреді. Өзі сүйкімді де алғыр. Бір айыбы - көп ауыратыны. Асхат тоғыз жаста. Қою қара шашты, аққұба өңді, дөңгелек жүзді бала, сабағын да «4» пен «5»-ке оқиды. Әсіресе математиканы ерекше жақсы көреді. Сыныптастарының ішінде оның алдына түсер жан жоқ. Ойлау қабілеті жүйрік Асхат өскенде конструктор болуды армандайды. Оны қалауына ойын бөлмесіне әкелінген «Лего» ойыншығы себеп болды. Жаңа келген, таныс емес ойыншықтар топтағы балалардың ешқайсысын аса қызықтыра қоймаған. Тек Асхат қана әрқайсысын бір алып, бір-бірімен байланыстырып отырып, әлден уақытта үйдің, ұшақтың кескіндерін жасағанда, әсіресе ер балалар жан-жағынан қаумалап келіп бірі: «Бұл не?» десе, енді бірі: «Оны сен қалай жасадың?» деп таңырқап жатты, ал енді біреулері: «Сен бұрын бұл ойыншықты құрастырып көргенсің ғой. Әйтпесе қалай тез жасап алдың?» деп мұның алғырлығын мойындағысы келмегендігін білдірді. Мұндайда сүйікті тәтейлері ғана: «Ой, қандай керемет! Қане, балалар, ­Асхат сияқты сендер де өздеріңе ұнайтын бейнелерді лего ойыншығымен жасай қойыңдаршы. Кім жылдам әрі жақсы жасайтынын байқайық!» деп оларды қызықтырып, балалардың қызғанышын басуға тырысқан болатын... Бұдан кішкенелеу кезінде мынадай оқиға болған. Топтағы сабақ «Туыстық атаулар» деген тақырыпта өтті. Міне, қызық! Сәуле апайының айтқаны бұрынғы Асхаттың білетінін теріске шығарды. Ол өзі сияқты балалардың барлығы бір жерде өсіп, кейін жан-жаққа тарайды деп ойлайтын. Өзінің терезеден көретін көп қабатты үйлердің барлығы қала үйлері екен. Оларда көптеген «жанұялар» тұратын көрінеді. Бұрын естімеген сөзді білуге құштарлық танытқан Асхат: «Тәтей, «жанұя» деген не?» деп сұрады. Сонда ұстазы: «Жанұя - адамдардың тобы. Олар бір-біріне туысқан болып келеді. Жанұяның басты мүшелері - әке мен шеше. Олар сендер сияқты балаларды өмірге әкеледі. Олардың балалары өскен соң, өздері ата-ана болады. Сөйтіп, бір отбасында немесе жанұяда ата мен әже, әке мен ана және олардың балалары өмір сүреді» деген сабақты бір Асхат емес, әншейінде жыбырлап отыратын Ғабиттың өзі тыныш отырып тыңдаған болатын. Балалар да Асхат сияқты ойласа керек, олар бүгінгі білгендері мен өздерінің білетіндерін бір арнаға тоғыта алмай, біршама отырып қалды. Тыныштықты тағы да Асхат бұзды: - Апай, айтыңызшы, біз неге жанұяда емеспіз? Ал біздің әке-шешеміз, атамыз бен әжеміз қайда? - Сәуленің жүрегі қарс айырылғандай болды. Көздері жәудіреп жауап күтіп отырған бейкүнә балаларды аяп, көзінен жас та шығып кеткен ол, онысын сәбилерге білдірмей сүртіп тастаған еді. Сөйткен де: - Айналайын, Асхатжан, өмірде түрлі жағдайлар болып жатады.

Пікірлер: 3
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws 2 ай бұрын
Құрметті тыңдарман! Менің арнама тіркеліп, пікір қалдырып, ұнаса лүпіл баса отырыңыздар! Алдағы уақытта сіздерге ұнайтын әңгімелер мен ғибратты әңгімелерді менің арнамнан ести аласыздар! Сіздерге рақмет! Ораза қабыл болсын!
@user-hl7lx6ne2b
@user-hl7lx6ne2b 2 ай бұрын
рахмет әңгімеңізге. әкесімен қауышқанына қуанып қалдым. Анасынын ерте кеткені өкінішті екен😪
@user-cj7oo7cn2m
@user-cj7oo7cn2m 2 ай бұрын
жалгасын кутемиз, жаксы ангиме екен
ҚАУЫШУ | КАУЫШУ Мақсат РСАЛИН 2-БӨЛІМ
22:57
ДЫБЫСТЫ КІТАП
Рет қаралды 204
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 5 СЕРИЯ
27:21
Inter Production
Рет қаралды 603 М.
Эффект Карбонаро и бесконечное пиво
01:00
История одного вокалиста
Рет қаралды 6 МЛН
1❤️
00:20
すしらーめん《りく》
Рет қаралды 33 МЛН
Countries Treat the Heart of Palestine #countryballs
00:13
CountryZ
Рет қаралды 7 МЛН
ЖАҢА АЙТЫС МАҚСАТ АҚАНОВ ПЕН НҰРЗАТ ҚАРУ
31:12
Гүлсара Маликова
Рет қаралды 110 М.
Қадірі қалмаған сыйлық!
20:52
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 9 М.
БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ АНАДА...
7:32
ҚЫЗЫҚТЫ ӘҢГІМЕЛЕР
Рет қаралды 380
Мақсат Аханов пен Қарлығаш Әубәкірова
17:41
QAZMURA қазақ мұрасы
Рет қаралды 606 М.
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 5 СЕРИЯ
27:21
Inter Production
Рет қаралды 603 М.