Алып Ер Тұңға жалғасы

  Рет қаралды 19

Қазақ тілі / Тіл білімі

Қазақ тілі / Тіл білімі

2 ай бұрын

« Алып Ер Тұңға өлді ме? Опасыз дүние қалды ма? Заман өшін алды ма? Енді жүрек жыртылар...
Бектер атын болдырып, Қайғы оларды солдырып, Меңді жүзі сарғайып, Запыран рең сүртілер.
Бөрідей жұрт ұлысып, Айқаймен жаға жыртысып, Өкірген үнін өшіртіп, Жылаған көзден жас өрер.
Көңілім ішті жандырды, Жазылған жара жаңғырды. кешкен күндер көзге ұрды, Күн-түн демей ізделер.
Тағдыр кезін келтірді, Ұры тұзағын ілдірді. Бектердің бегін ап кетті, Қашса қалай құтылар?
Тағдырдың күнін тербетер, Пенденің күшін меңдетер, Пәниді жұрттан тазартар, Қашсаң, тағы артылар.
Тербетер салты мұндай-ақ, Бұдан да басқа сыр көп-ақ, Заман атса кезеп-ақ, Таулардан басы күйрелер.
Оған атса дәл кезеп,
Кім тоқтатар көлбеу кеп? Тауды атса көзден кеп, Шың шатқалы қарқырар.
Замана түгел күйреді, Білімді жақсы сиреді. Жаман-жәутік түптеді, Ізгі бектер шертілер.
Білімді батыр жүнжіді, Замана аты жаншыды. Ізгілер тәні жидіді, Жерге тиіп сүртілер.
« Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тұңғаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма... Қайғылы жүрек жыртылды-ау.
Сұм ажал бүгін жылатты, Құрығын салып құлатты, Бектердің бегін сұлатты. Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау.
Өмірдің күні зырлайды, Адамның күшін ұрлайды, Ғұмыр да мәңгі тұрмайды, Құтылмас ешкім ажалдан.
Тәңірім торын құрғанда, Тұтылмай адам тұрған ба, Кертілер алып шыңдар да, Тағдырдың оғы қадалған.
Ажалмен тәңірім сынаған,
Тұра алар қарсы кім оған, Құздар да одан құлаған, Құтылып ешкім кетпедің.
Аш арландай аларып, Қадалғаннан қан алып, Нұрлы жүздер қабарып, Тұр қайғыға қамалып Жауға шабар бектерім.
Ерлікті қаза сынады, Бектерім жасын бұлады, Бөрідей ұлып жылады, Жоқтады жыртып жағасын.
Көңілімді қайғы жандырды, Жазылмас жара қалдырды, Кешегі күнге зар қылды, Кеткенді қайдан табасың?
Жалғанның туып заманы, Жауыздар қаптап барады, Ашылды сұмның араны, Сиреді қайран бектерім.
Біліктілер қалмады, Заман оны жалмады, Сүрінді бектің тарланы, Салды жанға жараны.
Ажал жұтып ағаны,
Жауыз жайлап барады,
Жақсының өшіп жанары,
Дүние азып барады. (Аударған Фариза Оңғарсынова)
« Ұлттық құндылық: Жоқтау жыры көрініс табады.
« Түсінік+өз ойым: Алып Ер Тұңғаны жоқтау түркі халқының ежелгі дәуірдегі ерлігін ба-
яндайтын қаһармандық жырдың бір бөлігі ғана болып табылса да келер ұрпаққа мол мұра
болып қалады және оның есімін еш уақытта ұмытпауға шақырады.
« Ұқсас шығарма: Фирдоуси «Шаһнама»(Афрасиаб - «дүлей қара күш иесі»)

Пікірлер
Иесін қасқырдан құтқарған жұйрік /#аудиокітап
9:25
сенім мен сезім...
Рет қаралды 1,8 М.
it takes two to tango 💃🏻🕺🏻
00:18
Zach King
Рет қаралды 28 МЛН
КАК СПРЯТАТЬ КОНФЕТЫ
00:59
123 GO! Shorts Russian
Рет қаралды 2,7 МЛН
Бекболат Тiлеухан & Маржан Сұлтанбай
3:50
Үш ауыз сөз.#ертегі#аңыз#әнгіме
8:16
Гулжанат
Рет қаралды 2,1 М.
Әулеттің қадірлі  қариясы болыңыз. Әумин
2:47
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 30 М.
Квал.тестке қалай дайындалдым және тапсырдым
3:31
Лайла Бабаева Физика
Рет қаралды 20 М.
Махаббат жайында керемет сөздер
6:36
Дархан Баймухашев
Рет қаралды 723 М.
Рысбала Икрамбай Туып өскен ауылым
7:32
Рысбала Икрамбай
Рет қаралды 80 М.
Токал болмайм деушылерге
10:30
Данияр Омирзак
Рет қаралды 86 М.
Кто они монголы Чингис хана?
24:54
Кайрат Зарыпхан
Рет қаралды 7 М.
it takes two to tango 💃🏻🕺🏻
00:18
Zach King
Рет қаралды 28 МЛН