Ер - тоқым таппай жайдақ шауып жүр деп ойлайсыңба , ежелден келе жатқан дәстүр
@ДаутжанЖаксыбаев4 ай бұрын
Есіңде болсын: - адамзатты ерттеулі атқа салт мінуді үйреткен Қазақ бабам, жайдақ атқа мінуді қорлық деп санады. Қолға түскен тұтқындарды жайдақ атқа отырғызып мазақ етті. 5 жасқа толған баланы ерттеулі атқа отырғызып-« ашамайға отырды,жігіт болды»- деп, ат шаптырып той жасаған Қазақ, жайдақ атпен бәйге жасамағаны анық. Жайдақ атқа мініп шапқан баланың денсаулығына өте үлкен зиян келетіні, омыртқасы деформацияланатынын Қазақ жақсы білді, сол үшін, ұрпағының болашағы үшін,Отанын қорғау үшін,көтені ойылып,тақымы қажалмас үшін,соғыста жеңу үшін Ер тоқымды ойлап тапты.! Ат бәйгесі- аттардың мықты төзімділігін сынау, жаугершілікте қашса құтылатын, қуса жететін аттарды таңдау үшін жасалады.Сондықтан ат бәйгесі міндетті түрде ерттеулі аттармен өткізілді. Жайдақ атпен бәйге жасау 1995 жылдары жоқщылықтың салдарынан басталған еді. Ұлттық намыс, рухынан айрылған қазақ халқы, құлдық санадан шыға алмай, жайдақ атпен тепеңдегенді дәреже көріп, жабысып айрылмай қалды. Ұялмай қызармай, ата салтымыз осылай дейді. Бұл да бір ұлттық қасіреттің бір түрі.
Ер-тоқымды ойлап тауып, адамзатты ерттеулі атқа салт мінуді үйреткен Ұлы Қазақтың бүгінгі ұрпағы, Ер-тоқым таппай, жайдақ атпен бәйге жасап, дүние жүзіне күлкі болды,« жабайы қазақ» атағы тарихқа жазылуда. Ең сорақысы- бұған атасынан баласына дейін ешбір Қазақ намыстанбайды, ұялмайды. Ұлттық намысы өшіп, ұлттық рухы өлген ұлттың жайы осындай болғыны ма.