Рет қаралды 168
Жаз бітерде ата-ананың қалтасына да, жүйкесіне де салмақ түсе бастайды. Баланы мектепке дайындау үшін көп қаражат керек. Көпбалалы қарапайым отбасы болса тіпті қиын. Өйткені жалақы өспесе де қымбатшылық тоқтар емес. Киіндіруді былай қойғанда 3-4 баланың оқу құралдарын, қалам-дәптерін түгендеу үшін жүздеген мың шығын шығады. Ал Алматы қаласы мен облыс тұрғындары үшін жаңа оқу жылына дайындық базардан басталады. Kursiv Media KZ осы сауда кешеніне барып, мектеп форасы мен оқу құралдарының бағасын біліп қайтты.