Дүкеннен Тамақ алуға ақшасы жоқ ауыл | Ұлылар туған, қазір қаңырап қалған ауыл | ХАЛЫҚ АЙТСЫН

  Рет қаралды 111,393

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Жыл бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #Сайлау #Amanat
«ХАЛЫҚ АЙТСЫН» арнайы жобамыздың келесі межесіне - Абай облысы, Семей қаласынан 250 шақырым жердегі Қайнар ауылын таңдап алдық. Ауыл тұрғыны комментарийде келуді өтінген соң, арнайы ат шалдырдық. Қайнар ауылы топырағын тепсең талант шығатын қасиетті мекен. Бибігүл Төле­генова, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Сапарғали Бегалин, Ораз Әбішев, Медеу Сәрсеке, Рымғали Нұрғалиев, Сейіт Қасқабасов, Бауыржан Жақып секілді алаштың дара тұлғалары осында туған, ес біліп етек жапқан, болашаққа қанат қаққан. Қазір қоғамда қордаланған проблема көп. Барлық күрмеулі мәселені шешетін уақыт жетті. Оңтайлы шешкіміз келсе - Халық айтсын! “Біз қоғам өмірінде әділдіктің орнауын мақсат етеміз!” - десек Халық айтсын! “НАР ТӘУЕКЕЛ! Баршаға бірдей талап орнатамыз!” - десек Халық айтсын!
▪️Атом бомбасының жарылысы салдарынан мүгедек боп туған адамдарға жәрдемақы жетпейді.
▪️Радиацияның салдарынан адамдар жаппай дертке шалдығып жатыр. Емдейтін дәрігер жоқ.
▪️Ауылдағы аурухана әбден тозған. Іші суық. Маман жетіспейді.
▪️Қаңғыбас иттер қаптап кеткен, әкімдік түк бітірмей отыр.
▪️Ауылдың іші қалың қар. Адамдар күртік қардан өте алмай жүр.
▪️Облыс орталығы Семей мен Қайнар ауылының арасындағы жол өте нашар.
▪️Баға өте қымбат, адамдар қарызға тамақ алып күн көріп жүр.
▪️Ауылда жұмыссыздық белең алған, жастар жаппай қалаға көшіп жатыр.
▪️Ауылда қаңырап бос тұрған үй көп. ▪️Адамдар Қайнарда тұруға құлықсыз.
Инстаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 866
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli Жыл бұрын
▪️Атом бомбасының жарылысы салдарынан мүгедек боп туған адамдарға жәрдемақы жетпейді. ▪️Радиацияның салдарынан адамдар жаппай дертке шалдығып жатыр. Емдейтін дәрігер жоқ. ▪️Ауылдағы аурухана әбден тозған. Іші суық. Маман жетіспейді. ▪️Қаңғыбас иттер қаптап кеткен, әкімдік түк бітірмей отыр. ▪️Ауылдың іші қалың қар. Адамдар күртік қардан өте алмай жүр. ▪️Облыс орталығы Семей мен Қайнар ауылының арасындағы жол өте нашар. ▪️Баға өте қымбат, адамдар қарызға тамақ алып күн көріп жүр. ▪️Ауылда жұмыссыздық белең алған, жастар жаппай қалаға көшіп жатыр. ▪️Ауылда қаңырап бос тұрған үй көп. ▪️Адамдар Қайнарда тұруға құлықсыз. «ХАЛЫҚ АЙТСЫН» арнайы жобамыздың келесі межесіне - Абай облысы, Семей қаласынан 250 шақырым жердегі Қайнар ауылын таңдап алдық.
@user-ou4zl1fx5n
@user-ou4zl1fx5n Жыл бұрын
Нартай брат батысқада келсениз жаксы болар еди. Бари жер бардак
@user-ou4zl1fx5n
@user-ou4zl1fx5n Жыл бұрын
Нартай брат молодец. Бари дурыс. Блогер болсаң журналист болсан осындай болындар халқым
@user-zx6hh9cs5i
@user-zx6hh9cs5i Жыл бұрын
8шөққ өз э не ө өз
@user-jf3gz6if7v
@user-jf3gz6if7v Жыл бұрын
Аманат .алдайды.
@user-yb2cx1bq1g
@user-yb2cx1bq1g Жыл бұрын
Сізге аитайын енді екі жарым пайыздық несиені қарапайым халық ала алмайды және ауылға келген кішкентай ауылға келген жас маманды бұрыннан істеп келе жатқан шұқыйды ол қалаға қашады сосын сосын бауырым Нартай сен халықтың адамысың биліктің сойылын соқпа билік кеткенде сен халықтың арасында қаласың сондықтан жетірет олшеп бір реткес сен халыққа керексің
@user-bl8sk1zz1i
@user-bl8sk1zz1i Жыл бұрын
Ой алла, Семей қаласында отырып, ауылдың ауруханасында онлайн бас дәрігер болып отыр, - деген сұмдық біздің елде ғана болады. Осындайлардың кесірінен халық зардап шегіп кімге айтарларын білмейді. Жарайсың Нартай!
@user-fy7gh7gw2z
@user-fy7gh7gw2z Жыл бұрын
Ой, бұл Әкімбай деген Өте оңбаған, әйелі екеуі де онлайн жұмыс істейді, ақша ғана керек оларға
@qwertymmm9954
@qwertymmm9954 Жыл бұрын
@@user-fy7gh7gw2z Күлпаш қарызды қайтар
@zhuma5946
@zhuma5946 Жыл бұрын
Айналайын қазағым ау барлық ауылдарда адамдар тамақтарын қарыз алып жейді сенбесеңіз Сарышаган станциясына келіп любой дукенге кіріп сураңыз білесіз қалай тамак ішеміз ....кийім кийеміз
@qwertymmm9954
@qwertymmm9954 Жыл бұрын
@@zhuma5946 апай астына джип мініп ақша жоқ деген ұят емес пе сонда
@user-nj1cq7hm7g
@user-nj1cq7hm7g Жыл бұрын
Егер кейбіреулер зейнеткерлікке шығып алып, орнын бермей жұмыс жасай беретін болса, қалған зейнеткерлерге неге мұндай мүмкіндік берілмейді . Бәрінің құқығы бірдей. Олай болса , зейнетке шыққандар өлгенше жұмыс жасауға рұқсат деген қосымша заң шығарылсын !
@user-kh3fx9sz4g
@user-kh3fx9sz4g Жыл бұрын
Жылап отырмын,не деген қиыншылықтар... Нартай ау ,аман болшы. Халқыңның әл ауқатын көтерем деген мақсатың орындалсын! Денсаулығыңа көңіл бөлгін!
@user-wj9ze2yg5q
@user-wj9ze2yg5q Жыл бұрын
Нартай көрсетерсің,жоғарыға ацтарсын, орындау жағы қадай болады.мәсәле орындалуда.Маңғыт аузыңа саңғыт болып, кабинетіңе кіре алмай жүрмелік ,жаңағы пенсиядағы доктор құсап ,ары бері сандалып.
@mirumir4998
@mirumir4998 Жыл бұрын
Мына әйел адам бәрін жақсылап айтып берді. Ризамын.
@tokenov_duman
@tokenov_duman Жыл бұрын
Шкаф есігі құлайтын да осы аурухана . Өз ауылым, мен бұл жақта тұрмасам да. Осындай әлсіз тұстары көп... Сол жақта өмір сүріп жатқан жерлестерімізге жаным ашиды. Тура айтсаң тағы жақпайсың. Сырттан біреу келіп осылай түсірмесе, ескермейді өзіміз деп айтқанымызды. Жассың дейді, басқа дейді. Көрген нәрсені айту үшін ақсақал болу міндетті ме?
@aldiyar0079
@aldiyar0079 Жыл бұрын
Жарайсың, Нартай! Осылай ашық, халық үнін үндей бер!
@user-vl2he3fw2k
@user-vl2he3fw2k Жыл бұрын
Қарағым! Нартай,жақсы жігіт,тек "Аманат" партия сын қолдап жүрғой.Бұрынғы "Нүр,-Назарбаев" 30жыл қазақ жерін сатып құртқан партия.Соған мәз болып тағда 30 жыл орысша сайрайық.
@user-rk6hi2hb1l
@user-rk6hi2hb1l Жыл бұрын
Нартай тікелей халықпен сөйлесіп дұрыс жасап жүр,жарайсың ,мәжіліске барғанда да осы халықтың жағдайын айтудан айныма
@user-gm9ue2cw4k
@user-gm9ue2cw4k Жыл бұрын
Нартай дурыс айтып жатсын.
@yayoyo1204
@yayoyo1204 Жыл бұрын
Нартай биліктің Дариғаның журналисі.Билік ақшаның, байлықты түгел ұстап отырса жібермегенде. Бұлар Назарбаев кезіндеде Роза Рымбаевалар жағымпаздар қалаларды поезбен аралаған. Түкте болған жоқ сайланып алып өз биснестерін жүргізді қала беоді құры ұйықтап иелерінен аса алмай отырды. Ендігі депудаттар шала сауат ы бұлар киіні , ішініп, өздері жақсы тұрса болды тұсават етіп жүреді. Мақтанып. Басқа түктте бітірмейді.
@user-vz5bp4bh9l
@user-vz5bp4bh9l Жыл бұрын
Нартай алтыныыым.Аузыңа аяқ қолыңа құдайым дерт бермесін әмин.Мынадай жұмыспен жоғарыдағы көкелеріңе ұнамайтын шығарсың.Депутаттыққа жібермей қояр ма екен деп қорқамын.Алла жар болсын нартәуекел.
@galinaasanova2421
@galinaasanova2421 Жыл бұрын
Осы мәселелерге баса назар аударғаны жақсы. Мен сені соншалықты белсенді болады деп ойламаппын. Жұмысыңыз сәтті болсын!!!!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Жыл бұрын
Халық батасын алып аман жүріңдер
@user-ns9zu3cj4r
@user-ns9zu3cj4r Жыл бұрын
Сөз жоқ! Іске сәт Нартай, жұмысың нәтиже берсін, өздерің болған ауыл тұрғындарының батасы мың есе артсын!
@user-ft4iv2kc1k
@user-ft4iv2kc1k Жыл бұрын
👍👍👍
@eldosahtekin1358
@eldosahtekin1358 Жыл бұрын
Урджар ауданы коктал ауылына барыныз не интернет жок жолы жонделмеген ауыз суы нашар
@user-jk4bg2qg4w
@user-jk4bg2qg4w Жыл бұрын
ОЗЫМНЫН ЖЕРЫМ МАРКАКОЛЬ АУДАНЫ ЖАБЫЛЫП ХАЛЫК КОШЫП АУЫЛ ТОЗЫП ЖАТЫР ОСЫ МАРКАОЛЬ АУДАНЫНА БАРЫП МУН МУКТАЖДАРЫН ТУСЫРЫП КЕЛШЫ УСПЕНКА УРАНЗАЙКА АТАКТЫ МАРКА КОЛЫНЫН ЖАГДАЙЫН ТУСЫРЫП ХАЛЫККА УКЫМЕТКЕ ЖЕТКЫЗШЫ МАРКА КОЛЫНЫН БАЙЛЫГЫН КЫТАЙ ТАСЫП ЖАТЫР КУРОРТТАЙ ЖЕРЫМЫЗДЫ УЛАП АЛТЫН КАЗЫП КЫЗЫЛ БАЛЫГЫН ЕМДЫК ШОПТЕРЫН ЖИДЕКТЕРЫН ТАСЫП ЖАТЫР.МАРКАКОЛ АУДАН БОП АШЫЛСЫН АЙТПЕСЕ КЫТАЙ ПАЙДАЛАНЫП ЖЕР БАЙЛЫГЫМЫЗДЫ УЛАП КУРТАДЫ
@tokenov_duman
@tokenov_duman Жыл бұрын
Осы өңірден алғаш Консерватория тәмәмдаған жас маман болып ауылыма барып едім. Жарты жыл жұмыс берілмеді. Ер жігіт туған жеріне , ит тойған жеріне дейді. Кейде ішіміз ашиды. Басқа өңірде оқытып жатқан оқушыларым сияқты, өз ауылымнан талантты шәкірт дайындағым-ақ келіп еді...
@user-br4gk6iy1f
@user-br4gk6iy1f Жыл бұрын
Қазағым деп шындықты жыртып айтатын Нартай бауырым саған Алланың нұры жаусын ! Өзіңдей жандар көп болып , елдің ертеңі үшін ащы шындықта айта берсін . Қолдаймыз . Лəйім жолың болсын .
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Жыл бұрын
Жарайсыңдар халық талабы орындала берсін
@user-rg5xi1ys6j
@user-rg5xi1ys6j Жыл бұрын
Жанар апай жақсы айттыңыз! Енді соны тыңдайтын құлақ болса, жақсы болар еді. Больницамыз қаңырап жатыр ғой. Масқара🤦🏻‍♀️
@janbotaamirjan4532
@janbotaamirjan4532 Жыл бұрын
Құрметті Нартай Аралбайұлы сізді халық біледі,жақсы қөреді бірақ халық шынымен кімге сенерін білмей қалды.Ендігі үміт сіздерде баяғы жартас сол жартастың күйін кешпейді деп үміттенеміз.✊✊✊✊✊✊
@user-om3tw8yz5o
@user-om3tw8yz5o Жыл бұрын
Будет таким же 100%
@arman-vk5ss1ed8e
@arman-vk5ss1ed8e Жыл бұрын
Жарайсың Нартай АЛЛАХ ЖАР БОЛСЫН КАЗАК ГАРДАШДАРГА ДА АМИНЬ 🤲🇹🇷🦅
@user-kk6vn5dh7u
@user-kk6vn5dh7u Жыл бұрын
Жаман жаным ашиды,рахмет Нартай ага!
@user-jv4wh7wc1p
@user-jv4wh7wc1p Жыл бұрын
Қандай жақсы жоба, елмен сөйлесіп, мәселесін білген
@user-vx3oo3eh3r
@user-vx3oo3eh3r Жыл бұрын
Нартай жаным Қазақстанның барлық ауылдық жеріне аяқ бассаң, барлық жерлерді аралап қарашы, бәріміз кредитке азық-тулік алып отырмыз, кредитке алғанмен төлеуге келгенде қипалып кетеміз, қашан біз жаритын кун кешеміз😪😪
@user-ic5tr7jj4i
@user-ic5tr7jj4i Жыл бұрын
Халық аитып шаршаит Үкімет жасамаи шараит Сабыр берсін халықымызга🇰🇿
@user-qv8pr4pj7t
@user-qv8pr4pj7t Жыл бұрын
Нағыз депутат болатын жансың
@user-bt8mq8dp3f
@user-bt8mq8dp3f Жыл бұрын
Ауылға барғандарыңыз қандай жақсы, жолыңыз болсын🙏🏻🙂
@user-vm4ff8em8r
@user-vm4ff8em8r Жыл бұрын
Нартай қалайсындар?Әрине осылай жүргендеріңе көп рахмет.Бірақта осылай бір келіп кетгенге, ештене шешілмейді.Бұл тактика баяғыдан барғой. Менім ойынша бір вопрос пен тоқтау керек, Бұл қымбатшылық соны қолға алу керек. Бәрінің бағасы өсіп жатыр,бағаны тоқтатсандар халық соғон риза болады деп ойлаймын.Әрине қазақ тілі тек қана алға!
@user-ue2li2cq1y
@user-ue2li2cq1y Жыл бұрын
Нартай Мырзага.рахмет халыктын камын ойлап.жанкуйдирип жур Алла разы болсын
@user-mr1fq8nj1h
@user-mr1fq8nj1h Жыл бұрын
Құдай ай,қарап отырып жүрегің ауырады.Нартай баламызға Алла жар болсын,айналайын .Онлайн басқару деген не масқара😱😱😱
@Aspan1995
@Aspan1995 Жыл бұрын
Нартай Аралбайұлы Ассалаумағалейкум Бұл видеода сіз біздің ауылымызды көрсеттіңіз ауылға ат басын бұрып барғаныңызға қуаныштымын.Көптеген мәселеге түрткі болдыңыз.Бірақ бұл видеоның тақырыбы маған ұнамады Ақшасы жоқ ауыл деп қатты кеткен сияқтысыз.Балық басынан шірейді жоғар жақтағы шенеуліктер ақшаны жымқырмай ауылдарға көңіл бөлсе баяғыда ауылдар жаңарып гүлденер еді.Бұл ауыл тұрмақ қала деп алып қарайтын кеше ғана облыс болған Семейдің жағдайыда оңып тұрғаны шамалы .Ауылдың жолы тұрмақ Семейдің жаңа мостысы шұрық тесік оның қасында шалғайда жатқан ауылға ешкім көңілде бөлмейді мән де бермейді.Ауылға келген екенсің енді өзің осы ауылдың көркейуіне ат салыс соңына дейін осы ауылдың халқымен бірге бол.
@user-oo2bv4nn1i
@user-oo2bv4nn1i Жыл бұрын
Айналайын нартай уәдені үйіп төгіп жатырсың тек артының қайырын берсін
@user-nv1gg6mh4d
@user-nv1gg6mh4d Жыл бұрын
Жарайсың Нартай Аралбайұлы. 👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-ci2wk3fc7f
@user-ci2wk3fc7f Жыл бұрын
Нарттай сəттілік, бұл секілді былық көп мекемелерде орын алған, тек медицина ғана емес, əсіресе аудандық, ауылдық жерлерде ерекше деп айтуға болады, кішігірім хандық құрып алғандар жетерлік. Мемлекет мүлігін, адамдарды өз мүддесіне пайдаланатындар жетерлік. Бірігіп жұмыс жасауға, соларды əшкерелеп, тоқтатуға атсалысуға болады. Білім мекемелері, мектеп, колледж директорлары кім болса сол келетін болып кеткен сияқты, қалалық əкімшілік тб трайбализм элементі ашық көрініс беруде, тоқтам қоймаса еш жаңару болмайды, халық ендігі алдауды, арбауды, белден басуды көтермейді. Ертең бəріне кінəні орталықтан көреді, жергілікті хансымақтарды жоймай, халық мүддесі үшін қызмет етуге мəжбүрлемей іс оңға баспайды
@user-cz9cl6zb8x
@user-cz9cl6zb8x Жыл бұрын
Облыстың әкімі мен Обл.здрав басшысын түрмеге 15жылға отырғызу керек.Дүниесін конфискациялау керек!!!
@ernurshabandoz8514
@ernurshabandoz8514 Жыл бұрын
Дурыс соттау керек халыктан садага кетсын
@user-eq5lx3oj3r
@user-eq5lx3oj3r Жыл бұрын
Неге онбесақ жыл неге өмір бойна емес
@user-wd6tu8jr7k
@user-wd6tu8jr7k Жыл бұрын
Нартай бауырым сені "Аманат" алдыға салып, қыруар уәде бергізіп, өзиң жалғыз қалып шамаң келмей калмасын. Сондада шешініп кіріскен екенсің сәттілік тілеймін!
@user-lx9ib3yk4o
@user-lx9ib3yk4o Жыл бұрын
Алла разы болсын Нартай бауырым аман жүр отбасың аман болсын
@amiradaulet8481
@amiradaulet8481 Жыл бұрын
Қазірде шыны керек, халыққа шынымен жаны ашитын халық қалаулысы жоқ. Осындай әрекеттерімен малымызда құриды. Үзін сөздің қысқасы :қазақ өзіңнің дінін, тілін, салт -дәстүрін толығымен ұмытудың алдында тұрмыз.
@user-kv5ze1jx2o
@user-kv5ze1jx2o Жыл бұрын
Ауыл жағдайын көрсеткен,өте жақсы жеткізген!!!!! Енді осы тек сайлау науқанының көлеңкесінде қалмаса екен. Шегарадағы ауылдардың жағдайын да көрсеткен дұрыс. Ауылға көңіл бөлінсін
@user-qc9pj3hw8d
@user-qc9pj3hw8d Жыл бұрын
Бассыз үйдің иті осырақ, қазақтың қай жағыннан шіріп кеткен соған кінәлі басшыдан биліктегілер миі шіріп кеткен, бұл сұмдық, қой бұл қазағын қазағымды неге қорлайды.
@user-fx9xs2np2m
@user-fx9xs2np2m Жыл бұрын
Ассалаумагалейкум! Мынаны корип отырып осындай азаматтардын бар екенине куанып,куаныштан жылайсынгой!тек алга,сиздерди Алла калап,халык колдап тек жогарыдан корине бериниздер!
@user-kk8eb4rl5n
@user-kk8eb4rl5n Жыл бұрын
осыдан кейн денсаулық сақтау министірін орнынан алып тастау кереккой
@user-wo7mt7ue6o
@user-wo7mt7ue6o Жыл бұрын
Нартай мырза, біздің ауылымызға да келіңізші... Талғар ауданы, Нұра ауылы, Дулат ықшамауданы. Алматының маңында тұрып ешқандай жағдай жасалмаған. Ауылымызда жол жоқ, балалар сабаққа бара алмай отыр.. Жылда осы уақытта осы жағдай қайталана береді. Ауыл түгілі аудан әкімі, түрлі депутаттар келіп қатырамыз деп сөзбен құрғақ уәде беріп кетеді... Дәл осындай қиындық туындап отырған сәтте келіп көзіңізбен көріп билік басындағыларға даусымызды жеткізіңізші...
@user-tk9do5bg3d
@user-tk9do5bg3d Жыл бұрын
Халқыңа пайдаң тисін Нартай бауырым, халқыңның батасынан асқан байлық жоқ! Халқының батасын алып өскен азамат, рухани бай болады, ой санасы ашық болады, себебі халқына адал, бойында жақсылығынан басқа еш арамдығы жоқ азаматтың жан дүниесі таза болмағанда, кімнің жан дүниесі таза болады! Алланың нұры жаусын істеріңе, жолдарың болсын, қырсық бәледен сақтасын аллам! Әумин!
@user-ep8wf8ec9s
@user-ep8wf8ec9s Жыл бұрын
КАЛАИ 35000 АЛАДЫ Енбекакынын ен томенги си 60 000 болу керек кои зан боиынша Калган акша каида санитаркалардын Тексеру керек кои
@user-dw4jm7es2l
@user-dw4jm7es2l Жыл бұрын
Нартай бауырым! Оте дурыс жасадын.Кадамына Нур жаусын! Барлык Алга койган максат,Арман тилегин орындалсын.Полигоннан 40 жыл зардап шеккен ауыл азаматтарына женилдик берилсе..Айел адамдар зейнетке 58 жаста шыксын деген усынысым бар..
@user-qi4nt1pi5q
@user-qi4nt1pi5q Жыл бұрын
Сайлау алды жарнамамен жүрсең де қалыққа пайдаң тиіп жатыр. Жарайсың Нартай.
@user-kh3fx9sz4g
@user-kh3fx9sz4g Жыл бұрын
Шырылдап халық үшін жанын шүберекке түйген Нартай азаматымызға аман саулық тілеймін!
@user-bg1tp2tw7v
@user-bg1tp2tw7v Жыл бұрын
Бұл недеген сұмдық қылмыстың бұдан ауыры болмаса .Шіріген биліктің жемісі қазақтың соры.
@user-hf8ss8mn8c
@user-hf8ss8mn8c Жыл бұрын
Ауыл тұрғыны Жәнібек Наурызбаев айтқанда сенбей, жазғышбек деп айтушы еді. Нартай келіп айтқаны дұрыс болды.
@edilsmagulov2598
@edilsmagulov2598 Жыл бұрын
😄
@pazylbekbodybayev9924
@pazylbekbodybayev9924 Жыл бұрын
Нартай мырза рахмет сізге, осындай ауылдар көпқой бізде қазақстанда күндерін əрең көріп отырған, қанша бай мемлекет болсақта, соның үшін мемлекет тарапынан əліде болса көп қаражат аямау керек шаруаларға жәнеде мына шаруаларға бөлінген қаражатты шенеуніктер талан таражға салмай нақты жұмыс істеу керекқой, сізге сəттілік тілеймін, барлық ауылдарды осылай түсіріп жоғарыдағыларға жеткізеді деген ойдамыз, еңбегіңіздің берекесін берсін
@LAURAHANIM01
@LAURAHANIM01 Жыл бұрын
Шындықты айтқан Әпке қандай мықты адам
@ayazorazbekuli1717
@ayazorazbekuli1717 Жыл бұрын
Курметты Денсаулык сактау министры адам мал емеской карасандаршы коныл болындар отыныш
@user-ib6cz3mw4o
@user-ib6cz3mw4o Жыл бұрын
Неге конил болиндер дейсиндер,талап ету керек ел болып, ауыл болып
@user-eq4jh6pn8o
@user-eq4jh6pn8o Жыл бұрын
Украинаның қала тұрмақ ауылына дейін жолдары асфальт салынған еді. Сол ауылдарының біріне көшкен адам айтып отыратын. Жас болса да Президент і Зеленскии өте жақсы халық жағдайына жұмыс жасаған екен. Путин сорлы бәрін құртты деп қайтып келді. Қазақстанда ауыл тұрмақ кей қалада Семей сияқты жағдай қиын. Ауылының жолдары н өсірген жасыл желектерін айтып отыратын Украинаның. Президенттің жұмысы ғой. Бізде 30-жылда жақсару емес, завод, фабрикаларды қүртып, өндіріс орындарын сатып халықты жұмыссыз қалдырып, жағдайды нашврлатты, сосын кредит алмай не істейді, халықты қарызға бвтырды. Сайқал, қу, бассыз ,ойсыз билік 30-ж сырттан да өз құлқындарына керекті қаржы алып мемлекетті ұарызға батырған, жаңалық көрсең осындай жайсыздарды тыңдаймыз Еш бас ауыртпайды халық жайы.
@user-dn8os6fx5e
@user-dn8os6fx5e Жыл бұрын
Осылай халыкпен бетке бет кездесип күн көрыстің талай проблемасы ашылды
@user-qv8pr4pj7t
@user-qv8pr4pj7t Жыл бұрын
Ісіңе береке берсін
@user-sw5tf3ec8j
@user-sw5tf3ec8j Жыл бұрын
Осылай күтпеген жердең барып қалсан бар былық шығады екенғой. Будан былай бар журналисттер осылай жүмыс жасаса елдегі бар мәселе ашылады
@user-un8vz3vi3u
@user-un8vz3vi3u Жыл бұрын
Мынау не сұмдық, аурухана емес жындыхана ма? Естері дұрыс па, жергілікті әкімдік қайда қарап отыр, түсінбеймін!
@user-vn1ph5eb9n
@user-vn1ph5eb9n Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум сізге дауыс беремін. Алла бәрін көріп тұр . Сіз ел басқаруға лайықтысыз
@user-yu6tf1dt7g
@user-yu6tf1dt7g Жыл бұрын
Ассалаумагалеикум!, Нартай мырза,АЛЛАколдасын!
@user-to4dl3ps9u
@user-to4dl3ps9u Жыл бұрын
Алла жар болсын! Жумысынызға сәттілік тілеймін!
@user-vl8pw2tm6w
@user-vl8pw2tm6w Жыл бұрын
Нартай бауырым ауылды аралап халықпен жүздескенің жақсы болды.Рахмет ісіңе сәттілік ауылдың проблемасы жетерлік тек бағдарламаңның уақытын ұзартсаң халықтың айтары көп.
@user-jc6ye7hn8l
@user-jc6ye7hn8l Жыл бұрын
Нартай иним калк барып билип турганыңызга рахмет элге көмек керек кай жер болмосун казахстан калкына рахмет сизге кыдырып жургөнуңузгө
@user-zh3bv2bu1o
@user-zh3bv2bu1o Жыл бұрын
Жақсы өзгерістерді күтеміз! Нартай, жасай бер
@user-jj2fz1qx8z
@user-jj2fz1qx8z Жыл бұрын
Нартаи десе нар тулгагои шиндикти аитип ширилдаган баламау жолин ак болсин елдин елеулиси болши балам алла рази болсин
@user-tt7qz7cj7v
@user-tt7qz7cj7v Жыл бұрын
Нартаи бауырым казактын нагыз биртуар азаматысн исине сатилик тилеимиз....
@user-bs4qb6wx9c
@user-bs4qb6wx9c Жыл бұрын
Ассаламалейкум Нареке алга сиз халыктын жан айкайын жогарыга сиз жеткизсениз екен
@nazirakazibek1510
@nazirakazibek1510 Жыл бұрын
Жанар, жарайсың, турасын айтып жатыр ау!
@user-ld8we3uw4y
@user-ld8we3uw4y Жыл бұрын
Нартай бауырым алға Алла жар болсын саған Әлі ақ жақсы болып кетеміз Өзің дей Азаматтар көп болсын
@user-lc1xs5wd1g
@user-lc1xs5wd1g Жыл бұрын
Өзідері полигон зардабын шеккен, 200 мыңға дейін тамаққа қарыз болса жағдай нәшәр. Қазақстан халқына қорынан ақшаны осындай ауылдарға бөлу қажет.
@user-dn8os6fx5e
@user-dn8os6fx5e Жыл бұрын
Нартайжан жарайсың, көп журналистерге тек осылай мәселенің түбыне жетеді
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Жыл бұрын
Өмірдің сәтілігі жанұя амандығы денсаулықтың мықтылығынан басқа қолдан жасайтын тірлік
@user-em3mp7ur4y
@user-em3mp7ur4y Жыл бұрын
Қазақстан көркейіп, халықтың жағдайы жақсар сын деген адам ғана депутаттыққа сайлансын!
@user-xk8im5mg5d
@user-xk8im5mg5d Жыл бұрын
Отыз жылда бірінші рет халыкты араладындар ау жолын болмағыр Назарбай
@user-jj3pc5ye7k
@user-jj3pc5ye7k Жыл бұрын
Мумкин Позорбай.
@zhaksygulbatyrbai7293
@zhaksygulbatyrbai7293 Жыл бұрын
Нартай әр ауылды көрген сайын жылағың кеп жүрген шығар .Міне қазақтың күйі осы.
@user-ld9nj8rr2c
@user-ld9nj8rr2c Жыл бұрын
Әп бәрекелді. 👏🏻👏🏻👏🏻
@user-mm1vc5xu8c
@user-mm1vc5xu8c Жыл бұрын
Куча проблем сразу вылезло. Такие знаменитые люди выходцы с тех мест, а состояние очень плачевное. Вот так и надо доходить до правды
@user-sf6gh7iv6c
@user-sf6gh7iv6c Жыл бұрын
Ассалаумагалейкум халкым.Нартай бауырым иске сат.
@anuarfazylov9466
@anuarfazylov9466 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Нартай бауырым,Алла ісіңе береке берсін.Халықтың ішінде айтары толып қалыпты.Өте керемет бағдарлама екен.Қанша қозғалмай тасада қалып жатырған ауылдардың мәселесін көтеріп қозғайтын.Менде осындай бағдарламаларға жазып жүргеніме біраз болды.Енді соңғы үміт сіздің осы бағдарламаңызда.Айтайын деп отырғаным Атырау қаласынан 30 шақырым жерде Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл деген ауыл бар.Қалаға тиіп тұрсада мәселелері бастан асады.Бір сөзбен айтқанда өзіңіз келіп жергілікті халықпен сұхбаттассаңыз.Рахмет,Алла разы болсын сізге!
@kamilasalimova2132
@kamilasalimova2132 Жыл бұрын
Үлкен еліміздің әр өңіріне барып халық мұңын естіп жария етсең нартай бауырым еңбегін жемісін алып келеді
@user-bj8se9tu4m
@user-bj8se9tu4m Жыл бұрын
Керемет неткен Ғажап сөздер айтуға шеберсіңдерғой АмАнат немесе нҰрОтан... Құлақ ауырып кетті сөздеріңнен сайқымазақтар...!
@user-bj8se9tu4m
@user-bj8se9tu4m Жыл бұрын
Осы уақытқа дейін не істедіңдер?
@ayazorazbekuli1717
@ayazorazbekuli1717 Жыл бұрын
Алла колдасын Нартай халык сен жакта
@zuhra7571
@zuhra7571 Жыл бұрын
Халықтың аралап білгенің дұрыс екен күшті жоба іске сәт
@user-jl6cn8vv6m
@user-jl6cn8vv6m Жыл бұрын
АЛЛА ЖАР БОЛСЫН
@user-ry7pp3qs2o
@user-ry7pp3qs2o Жыл бұрын
РАХМЕТ НАРТАЙ. ЖАСТАРДЫ ПАРЛАМЕНТКЕ ЖІБЕРУ КЕРЕК.
@user-kb6by1ej9q
@user-kb6by1ej9q Жыл бұрын
Ассаламағалейкум өте дұрыс болды. Ауылды көзбе көз көрген. Халықтың мұн мұхтажын билік көрсін, маман бар келтірмейді орнын бермейді. Пенсияға шықасын орнын бермейме. Бір хандық құрып алғандай отырып алады. Жас маман жетеді.
@erasullkaisenov6114
@erasullkaisenov6114 Жыл бұрын
Осы Кайнар ауылы кезінде 90жылдарға дейін керемет гүлденген дамыған района болатын, Мектепте балалар саны өте көп 3 ауысымға дейін, 2 мемлекеттік деңгейде садик, көше толы жайқалған жасыл талдар, ДЭУ жолдарға жауыпты, т.б көп айта берсең, арнайы автобус қатынайтын қалаға, жол 1987-90жылдарға дейін тақтайдай, даже кішігірім аэропорт болатып ұшықтар кукурузниктер ұшатын , адам тасымалдайтын қалаға ұшақпен, керемет тілі қазақ мәдениеті жоғары адамдары көшеге таза киініп қана шығатып, әншілер эстрада жұлдыздары келіп концерт беріп кртетін керемет Қайнар ауылы еді, Қазіргі хәлы осы! Үкімет Ауылды жойып жіберді! Осы Қайнар, Саржал, Абыралы, Доғалаң, Айнабұлақ, Таңат ауылдарында халық саны тығыз еді, мал шаруашылығы керемет дамыған болатын, Қайнар ауылында, бір көшеден 1отар қой, 10 шақты табын болатын!!!! Менің әлі есімде, Мен Қайнар ауылының тұрғынымын.
@bagdatmunlasbayev4705
@bagdatmunlasbayev4705 Жыл бұрын
Нартай бауырым жарайсың!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Жыл бұрын
Иншалла орындалсын деп тілейік
@user-hs2qq3fb5g
@user-hs2qq3fb5g Жыл бұрын
Нартай мырза, Алла разы болсын, осылай ауыл ел аралап халықтың мұқтаждық жағын айтканыныз га рахмет
@user-wt8cj4ry2j
@user-wt8cj4ry2j Жыл бұрын
Ең маңыздысы осы бағдарламаның пайдасы бар екенін сенемін
@botagozrysbekova2738
@botagozrysbekova2738 Жыл бұрын
Осы жасалған ел үшін деген ниеттері сәтті болатынына сенемін
@user-wc7iz5gv7i
@user-wc7iz5gv7i Жыл бұрын
Ассалаумагалейкум астана жака кашан келесыз
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Жыл бұрын
Жұмыстарың сәтті болсын
@user-nk2ml6cz6c
@user-nk2ml6cz6c Жыл бұрын
Не деген атақты адамдардың туған жері, бірақ жағдайы өте нашар. Кырысіп шешылктін мәселелер қырғын екен.
@user-qv8pr4pj7t
@user-qv8pr4pj7t Жыл бұрын
Өзіңдей азаматтар көп болсын
@MrSeka13
@MrSeka13 Жыл бұрын
Керемет! Баса бер акес!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Жыл бұрын
Ауылдардың талабы бірден болмаса да біртіндеп орындалып ауылдар дамыса қандай жақсы болар еді
@user-rf4mu3vu1e
@user-rf4mu3vu1e Жыл бұрын
Нартай Аралбай улы сізге көп рахмет ауылымыздың мун муктаждыгын айтып жургенінізге
@muratibraymov9229
@muratibraymov9229 Жыл бұрын
Рахмет Нартай аяма шындықты еңді көре бастадық осы каналдан
@user-cf2nf2nb1d
@user-cf2nf2nb1d Жыл бұрын
Рахмет Нартай көп рахмет барин Айт
@user-ze3ym2ne9q
@user-ze3ym2ne9q Жыл бұрын
Нартай сизге👍👍👍✊✊✊🇰🇿❤️🙏
@user-jn7gf3hs5p
@user-jn7gf3hs5p Жыл бұрын
Депуттаттарда сайланып алғанша сайрайды да сайланған соң гипноздалғандай креслода ұйықтап қалады ғой. Бмлікке сенуден қалдық қой. 😒😟.
@user-ic2zd1mm7h
@user-ic2zd1mm7h Жыл бұрын
Ия бəрі солай
@user-bk5te3zz4i
@user-bk5te3zz4i Жыл бұрын
Креслоны ауыстыру керек , адамды емес дейсіз ғой.
@badman694
@badman694 Жыл бұрын
Жараисын Нартаи! Енды аягына деиын жеткыз!
@user-hv7zs6wd1l
@user-hv7zs6wd1l Жыл бұрын
Управление здравоохронение өздері тендрге қойып , больницаның төбесімен котельниге капремонт жасайды.
@user-tg5un5mk2g
@user-tg5un5mk2g Жыл бұрын
нартай бул шындык дал осылай бул жерде омыр
@technodomtechnodom629
@technodomtechnodom629 Жыл бұрын
Бұрын сайланып отырған депутаттар неге осылай аралаған жоқ, енді осы халықтың жан айқайы, жабулы қазан, жабулы қалпы қалып қоймаса болды.
@user-sl4vz8sv5b
@user-sl4vz8sv5b Жыл бұрын
Осы ауылдан өсип атапты тулгаларга айналған азаматтарға үлкен сын екен. Естиген кулакка маскара ғой бәрі рас болса.....
@user-vr2kt9sz1y
@user-vr2kt9sz1y Жыл бұрын
Жақсы бастама жоғарғы жақ естісін көрсін.
@user-cu1yo6xg7s
@user-cu1yo6xg7s Жыл бұрын
Нартай мықтығо💪
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 70 МЛН
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 11 МЛН
БІРЛЕСІП КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
0:44
Ошибки, допущенные при поездке в Узбекистан
8:18
Василий. Понемногу о многом.
Рет қаралды 15 М.
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 70 МЛН