Өте жоғары жалақы, қауіпті жұмыс | 40 жыл уақытын ауыр жұмысқа арнаған ана | ЕҢБЕК АДАМЫ #17

  Рет қаралды 4,266

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Ай бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: Сания Нағашыбайқызы - флотатор.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр және зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем беруді тапсырған болатын. Себебі, бүгінде өндірісте жарақат алу көрсеткіші әлі де жоғары болып тұр. Ал зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарды қолдау мәселесі бұрыннан бері талқыланып келеді. Президенттің пәрменімен оның оң шешімі табылды. Яғни, зиянды өндірісте істейтін жұмысшыларға зейнет жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем берілетін болады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдау керектігін айтқан болатын. Біле білгенге бұл өте маңызды мәселе. Себебі, қаншама адам кен орындарында, өндірісте улы ауаны жұтып, қауіпті заттармен жұмыс істеп жүр. Ең басты байлық денсаулық дейміз, сол денсаулығын қатерге тігіп жүрсе де мамандыққа адалдық танытып жатқан азаматтардың еңбегі ерлікпен пара пар. Бүгінгі кейіпкеріміз де сондай салада 41 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Қазақмыс» Корпорациясында Бас корпус флотатор маманы. Бұл миамандықты көбі біле бермейтіні рас. Сондықтан, кейіпкеріміз Сания Нағашыбайқызы флотатор деген кім екенін өзі айтып берсін.
Рас, Флотатор құрылғымен жұмыс істейтін маман. Бірақ, осындай күрделі әрі зиянды жұмысты бір жыл, екі жыл, бәлкім он жыл істейтіндер бар шығар. Алайда, қырық жыл тамжылмай міндетті атқару деген қиынның қиыны.Флотатор мамандығы әйел затына ғана емес, ер адамдарға да ауыр әрі кері әсер етеді. Дегенмен, сақтанып, бапрлық талап пен ережені қатаң ұстанып, қызметтік міндетті атқара білгендер үшін бұл мамандықтың да пайдасы ме ләззаты бар.
Теле бағдарламаларда, әлеуметтік сауалнамаларда, өлеңде, жалпы өмірде жиі қойылатын бір сұрақ бар. Оған жауаптың да небір түрі, қисынды және қисынсыз , қияли әрі шынай ы нұсқалары да айтылды. Ол БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ деген сұрақ еді. Рас, әр кім бақытты әртүрлі түсінеді. Біреу бақытты балалық шағынан , басқасы байлықтан, тағы бірі денсаулықтан, енді бірі махабаттан тауып жатады. Бірақ, мен естіген, мен оқыған, мен көрген жауаптардың ішінде ең кереметі бар. Түріктің Назым Хикмет деген әйгілі қаламгері өткен. Сол айтады бақыт деген “таңертең өте қатты жұмысқа барғың келсе, кешке сол жұмыстан шығып өте қатты үйге жеткің келсе бақыт деген сол дейді. Яғни, адам өзі сүйген іспен айналысса әрі үйінде өзі сүйген адамдары болса бақыт деген сол екен. Бүгінгі кейіпкеріміз де қырық жылдан аса зиянды жұмысты шарасыздан істеп жүрген жоқ. Ол сол мамандықты шын ықылдасымен таңдады, сол мамандықты сүйіп, әлі күнге дейін сүйсіне істеп жүр. Бұл да бір бақыт.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 57
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli Ай бұрын
Көріңіздер, таратыңыздар! Қарапайым Еңбек адамдарын құрметтейік.
@renat6147
@renat6147 Ай бұрын
Мүгедек, адамдар га карайтын адамдарға, коңыл болынеме? Козгашы өс теманы
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Жарайсың Нартай
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Аналар мықтығо
@user-tl5pv8od8h
@user-tl5pv8od8h Ай бұрын
Өкініштісі өз қазақ тілін таза білмегендері,ауыр жұмыс істеп жүрген әйелдерге мықты денсаулық тілеймін.Амалдары жоқ отбасын асырау керек қой, еркектер сонда не істейді?жастарды айтпай ақ қояйық.400-600мың аз ғой.
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Өзіңдей азаматтар көп болсын
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Ауыр жұмыс екен әйел адамға
@user-xf6yp2pn4r
@user-xf6yp2pn4r Ай бұрын
Акордагылар бир кунде олип кетер еди осындай ауыр жумыстан, калай кылайын журегимиз сыздайды жандарым ай❤❤😢😢😢Апалар 83,85 теги😢😢
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Еңбек ақы жақсы боғанмен қиындық көп.
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Адал еңбек
@user-qy3cd4cg7t
@user-qy3cd4cg7t Ай бұрын
Еңбек ақыны көтеру керек қой
@user-vx8cq6jk4z
@user-vx8cq6jk4z Ай бұрын
Анашым менің Аллаһ күш қуат берсін...
@user-wv3qt9eb6g
@user-wv3qt9eb6g Ай бұрын
Біздің фабриканың әйелдері мықты ғой❤!Сания тәте❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥
@user-js6sj6ci3d
@user-js6sj6ci3d Ай бұрын
Жалғыз нартайдың қолында тұрған жоққой.Түсіріп айтып жатқанының өзі көмектесейік деп жатыр.Жөндеп сөйлеу керек.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Жарайсыңдар әйел аналар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Өте мықты жандар
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
👍👍👍
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Өте ауыр еңбек
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Мықты аналар
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Жұммыстарыңа сәттілік
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ұжымдары мықты екен
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Өкінішті еңбек адамы өте ауыр жағдай
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Мына заманда отбасын асырау оңай емес. Балаларды қатардан қалдырмайын дейді. Қазақтың әйелдері мықты ғой мықты
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Әркім өз еркімен келген табыс жақсыж
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Тәртіп тыңғылықты еңбек
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Жұмыс ауыр бірақ жаттығып кеттік дейді
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Қандай таза еңбек
@user-ib8qx3jz9l
@user-ib8qx3jz9l Ай бұрын
биздин Саня апай скоро зейнет демалысына шыгады менде флотатор болып жумыс истегем 10 жыл жумыс оте ауыр бул бер жагын Гана корсетилген екен мен денсаулыкты куртып пульт-оператррына ауыстым 10 жыл болды общий 20 жылдай болды жасым 55 те али 6 жыл бар пенсияга буйыртса оте ауыр жумыс
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Мен 1ші
@user-he7wo6dh7t
@user-he7wo6dh7t Ай бұрын
ҚОЛЫҢДЫ ЕРБЕҢДЕТБЕИ СОИЛЕСЕҢШЫ.
@user-ou6zt7yb6y
@user-ou6zt7yb6y Ай бұрын
Зарп аз келсениз көбейеді деп ойлаймын.
@user-xo1gb2pc9s
@user-xo1gb2pc9s Ай бұрын
Семейде кеніште (рудник) жұмыс жасаймын айлық 170 мың теңге уланып жүреміз осылай жалақы төмен .
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
4
@gulnaraiskakova43
@gulnaraiskakova43 Ай бұрын
Цемент зауыт барго.соларга ерте шыгу керек.
@user-ou6zt7yb6y
@user-ou6zt7yb6y Ай бұрын
Нартай мырза келсенизш жітіқара ға Қостанай минералы асбестовый фабрикага
@user-ou6zt7yb6y
@user-ou6zt7yb6y Ай бұрын
Тура осы жұмысты Ресей де істеп келдим 5.жарым жыл шаршатады 12 сағаттық аппаратчик десорбции кислота щелочь 42 мың рублей зп болды қайран еңбек
@user-cq4jb5je6g
@user-cq4jb5je6g Ай бұрын
На фабрике в ГК-2 почти 40лет работает Киякпаева Мира, машинистом конвейеров, ещё тяжелее работа
@user-hg3cl4tq1z
@user-hg3cl4tq1z 27 күн бұрын
Мәәә арманғой мен 100алам😢
@user-ou6zt7yb6y
@user-ou6zt7yb6y Ай бұрын
Варваринка тура осы тобылга жақын жерде полиметалл фабрика, кариер Полиметалл житикарада ауданы да
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Кез келген адам өз еңбегін ұнатпасы істей алмайды
@user-ou6zt7yb6y
@user-ou6zt7yb6y Ай бұрын
Реагентчик, аппаратчик сгустителей, аппаратчик десорбции серная кислота жутасын олип қала жаздадым Жезқазған дағы зп жақсы екен
@user-yg7zp3hf7g
@user-yg7zp3hf7g Ай бұрын
Осы фабрикада оператор сгустителя мамандыгы барма?
@user-ou6zt7yb6y
@user-ou6zt7yb6y Ай бұрын
Билмедим
@user-ib8qx3jz9l
@user-ib8qx3jz9l Ай бұрын
оте зиянды иси жаман окисленный сульфидный рудалар келеди турли зиянды реагентпен жумыс истейсин ксантогенат сернистый натрий турли майлар бар ещё мен истегенде бари механика тугын казир автоматика жартысы,ауыстырылып жатыр айелдерге ауыр оте киын жумыс
@user-yg7zp3hf7g
@user-yg7zp3hf7g Ай бұрын
@@user-ib8qx3jz9l сондаи ауыр жумста калаи кырык жыл истеди екен димда
@user-hs9tr3sc6j
@user-hs9tr3sc6j Ай бұрын
Ұнтақтау цехын неге түсірмедіңіздер) жұмыстың көкесін көретін едіңіз
@user-ss3ex7vv2h
@user-ss3ex7vv2h Ай бұрын
Бұндай ауыр жұмысқа 400 мың аз болады
@user-sd4cm7ec7l
@user-sd4cm7ec7l Ай бұрын
Газ саласындагы жумыста вредностка жатама жокпа газбен уланып каншасы ауру арттырып жатыргой пенсяга жетпи
@jankoshadoy649
@jankoshadoy649 Ай бұрын
Жезказган гои бiздiн
@user-ky2cc7vv4i
@user-ky2cc7vv4i Ай бұрын
Котакты жемей графиктерин женилдету керек видеога тусире берми лакпа
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ұятсыз сен сен өзгерсейші арсыз
@user-yl6vw8by4y
@user-yl6vw8by4y Ай бұрын
Дұрыс сөйле, ұят емес пе
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Арсыз сен не дегенжарымессің
@user-cq4jb5je6g
@user-cq4jb5je6g Ай бұрын
Не правда, молодёжь не ищет где по легче, просто на фабрику ооочень трудно устроится, почти невозможно простому люду
@user-cq4jb5je6g
@user-cq4jb5je6g Ай бұрын
Неге немесе қазақша, немесе орысша сөйлемейді екен, неприятно слушать
请善待你的娃娃第二集 #naruto  #cosplay  #shorts
00:52
佐助与鸣人
Рет қаралды 24 МЛН
Алдараспан 2024 концерт| Жаңа концерт | Толық нұсқа
3:00:19
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 7 М.
"Ұйқыдан ауырмай тұрғанның өзі жарты бақыт". Бейсен Құранбек
6:55
Ақсу ауданы Юрий Гагарин орта мектебі
Рет қаралды 4,4 М.
Рысбала Икрамбай Туып өскен ауылым
7:32
Рысбала Икрамбай
Рет қаралды 79 М.
''Дананы тартып аламын!''
25:35
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 32 М.
ТҮРКІСТАН.Көшені жапқан кім?
5:57
АҒАЛЫҚ БОЛАШАҚ
Рет қаралды 572 М.