30 жылдан бері қой бағып жүрген Шопан әже | Ауыр жұмыстағы ананың еңбегі | ЕҢБЕК АДАМЫ #22

  Рет қаралды 18,155

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Ай бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: АЙСҰЛУ ӘТЕЕВА - шопан
Қазақ мал шаруашылығын ата кәсіп деп атаған. Себебі, қазақтың иең даласында, көшпенді өмір салтын жүргізген бабаларымыз төрт түліктің қадірін біліп, сол төрт түліктен ырыс-несібесін терген. Тіпті, біздің салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, мінезіміз және болмысымыз да сол ата кәсіппен астасқан. Мысалға тілімізді айталық. Қазақтың әдебиет қорындағы сөздің дені сол ата кәсіпке қатысты. Дәл осы сөйлеп тұрғанымда сөз тізгінін ұстап тұрмын дегендей... Хош, бүгін біз сол мал шаруашылығы, оның ішінде Шопан атаның мұрасы жайлы баяндамақпыз. Төрт түлігіміздің ішінде жуастықтың, момындықтың, бейбітшіліктің баламасы ретінде алынған - қой малы. Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір деген қазақы қағиданы берік ұстанған Айсұлу атты әжеміз бар. Ол 30 жыл шопан болып, мал баққан. Жетпіске келсе де әлі де қырға шығып, қой бағады. Алдағы отыз минутта қазыналы кейіпкеріміздің өнегелі өмірімен танысып, тағылым теріңіз.
Тарихқа шегініс жасап, кешегі кеңестік кезеңде Қазақстандағы қой санын 50 млн-ға жеткіземіз деген ұран болған. Ол кезде Шопан атадан ардақты кәсіп болмаушы еді. Бар атақ-даңқ, сый-құрмет солардікі еді. «Қой шаруашылығы - екінші тың» деп дабылдатып, мектеп түлектері жаппай қой бағуға жұмылдырылған, жайлау төсіндегі, қыстау басындағы, қырықтық кезіндегі қызыққа толы күндерді аға буын әлі күнге дейін айтып, әңгімелеп, жадында жарқын естеліктей сақталып тұр. Тоқсаныншы жылдардағы алмағайып кезеңде қой шаруашылығының қадірі күрт түсіп, қатты тоқырап қалғаны рас. Өндіріс тоқтап, еңбекақы мен зейнетақы айлап, жылдап берілмей жатқанда ұсақ мал арзымас ақша орнына жүрді, татымсыз айырбасқа түсті. Енді, тұтас еммлекет еңсесін тіктеп, сан түрлі саланы қайта серпілтіп жатқан мал шаруашылығына, оның ішінде қойдың басын көбейтуге қатысты іргелі және жүйелі істер атқарылып жатыр. Бұл жайлы сәл кейін сабақтайын. Әзірге әжеміздің шопандық әңгімесін тыңдайық...
Елдегі қой шаруашылығы туралы сөзімді сабақтайын. Қазір Қазақстанда қой саны 20 миллионға жуықтайды. Оның ішінде 3 млннан астамы асыл тұқымды. Негізінен еділбай, етті меринос және қазақтың биязы жүнді қойы сияқты тұқымдар өсіріледі. Қой етіне шетелден сұраныс зор. Сондықтан бұл кәсіпті одан әрі жетілдіруге күш салынып жатыр. Мәселен, 2026 жылға дейінгі жол картасы қабылданды. Бұл құжаттың аясында шаруашылықтар санын ұлғайту, жаңа экспорттық нарықтар ашу және дайын тауар циклін қалыптастыру көзделген. Бірақ, өкінішке қарай елде теріні өңдеу ісі әлі де тежеліп тұр. Теріден тон киіп, елтіріден ішік жамылған бабаларымыз заманында мал терісінің құнын шынымен-ақ білген екен. Тулақты да итке тастамайтын қазақ бүгінде төрт түліктің терісі мен жүнін жинап, шетінен от қойып өртейтін болды. Қазіргі таңда тұтас ел бойынша жылына 40-45 тонна ғана жүн жиналады. Соның 10 пайызын өзімізде өңдеу үшін биыл Ақтөбе облысында үлкен фабриканы іске қосылмақ. Ал, теріден теріс айналып, тек экспортқа шикізат ретінде ғана жіберіп жатырмыз. Хош, үкімет, ауыл шаруашылығыминистрлігі, құрылыс және өнеркәсіп министрлігі мал шаруашылығын назардан тыс қалдырмай, дамытудың жолдарын қарастырып жатыр. Алдағы уақытта қойдің еті мен жүні, терісі де ауқымды түрде, өнеркәсіптік бағытта елдің игілігіне жаратыла жатар. Бастысы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын! Ал, бүгінгі кейіпкеріміз сияқты шопан атаның мұрасын сабақтаған еңбек адамдары әлі де бізге керек. Тағы да айтамыз «мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір» деген ұстаным қазіргі заманда да акуталды, табыстың тетігі болып барады.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 47
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli Ай бұрын
Көріңіздер, таратыңыздар! Қарапайым еңбек адамдарын бірге қолдайық!
@AsylkhanZhunissov-pn5ix
@AsylkhanZhunissov-pn5ix Ай бұрын
Апамызға мың алғыс ! Қаншама ер азаматтарға үлгі болды ойландырған шығар біраз жігіттерге
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Нартай осы фильмдеріңді жібермей көріп жүрміз. Нағыз еңбектің адамын түсіріп жүрсіңдер еңбектерің жансын.
@user-cs6cs1ip7u
@user-cs6cs1ip7u Ай бұрын
Керемет түсірілім аламызға Алла күш қуат берсін
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Өзіңдей азаматтар көп болсын
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Апамызға Алла күш-қуат берсін🤲
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Жарайсың Нартай
@user-tc2ph6wp7q
@user-tc2ph6wp7q 26 күн бұрын
Апа еңбегіңіздің жемісін көріңіз . Жасаңыз ұзақ болсын. Бала шағаларыңыз немерелеріңіздің қызығын көріңіз 100 жасаңыз
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Айсұлу мықты мейірімді берекелі жан екені көрініп тұр
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Жарайсыңдар Еңбек адамы фильмінің ұжымы керемет өз ата кәсібімізді де қамтвдыңдар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Алла жар. болсын
@user-fi2qw4bc6s
@user-fi2qw4bc6s Ай бұрын
Нартай иним жарайсын ризамыз халкын ушин бир туар азаматсын осы жерасты казба байлыгымызды эшоландап шетелге кытайга кнтип жатканы рас соны карап калай кимдер кайжакка Мемлкетимизге содан кирис табысты кадагалап жаткан мемлектик уйым барма сол маселеге депуттатык конил Болсен дурыс болареды Елимизде осы актуальный маселе каралып тистегенин аузында кетип жатканга уксайды
@user-tt1sb2of7i
@user-tt1sb2of7i Ай бұрын
Бәрекелді еңбектеріңіз табысты, жемісті болсын. Мал басы көбейе берсін. Дүнйе тұрғанша тұыңыздар. 👍
@user-yp2xi8mt9e
@user-yp2xi8mt9e Ай бұрын
Дены сауболсын
@user-vi9gg5gi6q
@user-vi9gg5gi6q Ай бұрын
Жараисың батырым тек алла жар болсын
@user-ee8em5rj4c
@user-ee8em5rj4c Ай бұрын
Мықты өзінің жұмысын жанындай сүйіп құрметтеп еңбек еткені көрініп тұр Айсұлудың 70 деп айта алмаймын әлі жас көрінеді Алла деніңе саулық берсін Еңбегінің рахатын көруіне кімнің баласы болсада барлығы өз баласы солардың рахатын көруіне Алла нәсіп етсін қызығып қарап шықтым осындай шығармаларың көп болсын Нартай балам
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Еңбек адамы осындай болу керек
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Міне мықты жан
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Аман бол
@user-te3di4vi5r
@user-te3di4vi5r Ай бұрын
Апама алла күш қуат берсін Нартай осындай бағдарламаларың көп болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ауыр жұмыс әрқашан өз жемісін береді
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Еңбектің жемісін көріңдер
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Нағыз еңбек адамдары осы ғой
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Малдың бейнеті де бар баға білсең пайдасы да зор
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Шаруа қожалықтары да қазір қой өсіруге онша құмартпайды себебі бейнеті зор деп одан көрі ірі қара,жылқы тиімді деп
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Мал шаруашылы біздің ата кәсібіміз
@user-rg2fm3ri1u
@user-rg2fm3ri1u 29 күн бұрын
Жатқан еңбек қой мынау деген.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ірі қараның өзі жайылып келеді суға келгенде түгендеп аласың
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Аман болыңыз ғұмырлы болыңыз
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Еңбек еткен ерінбей тояды қарны тіленбей
@user-pq4qx2pt6b
@user-pq4qx2pt6b Ай бұрын
Мына ауылдын аты кандай, кай оныр
@babamuratshimbergenov3398
@babamuratshimbergenov3398 Ай бұрын
Ассалаума алийкум Каракалпакстаннан
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ал қой малына ілесіп жұресің онда демалыс деген жоқ сондықтан шыдамдылық керек
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
3
@user-zo6bo6lp9x
@user-zo6bo6lp9x 26 күн бұрын
аягын емдетсе апанын,ота жасатса,жаксы болар еды,кайран мыкты Апалар ай,
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Дарайсыңдар ауыл адамының еңбегін жақсыикөрсетілген
@user-oe7ht3bd6u
@user-oe7ht3bd6u Ай бұрын
АУЫЛДЫН АЗАМАТШАСЫ ДЕЙМА?? АЙ - АУЫЛЫМЫЗДЫН АЖЕСИ ДЕСЕЙШ!
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей
@user-fw5ve2wl7w
@user-fw5ve2wl7w Ай бұрын
Асалаумаликем калаисыздар Алла куш куат берсын Апатай шаршаманыз 🤲👍
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Апа сізге күш қуат берсін
@user-jh5nz5su7b
@user-jh5nz5su7b Ай бұрын
Еңбекқор деп айтылат Еңбекші емес, Отандастар Қазақ тілін бүлдырмеңдерші.Өтіныш
@user-rg2fm3ri1u
@user-rg2fm3ri1u 29 күн бұрын
Нартай бауырым сен президент болсаң да елді мекеніндерді алалап жүретін шығарсың?Мейлі сол күнге жеткізсін! Саған халық қарсы емес емес шығар деп ойлаймын.
MINHA IRMÃ MALVADA CONTRA O GADGET DE TREM DE DOMINÓ 😡 #ferramenta
00:40
INO IS A KIND ALIEN😂
00:45
INO
Рет қаралды 19 МЛН
Табақ тарту және ет жіліктеу дәстүрі
6:23
Т.Жүргенов атындағы No123 мектеп-лицей
Рет қаралды 16 М.
Мереке құтты болсын,жігіттер!
25:40
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 221 М.
“Дәрігерлердің өзі жағасын ұстады”
36:33
ADYRNA ULTTYQ PORTALY
Рет қаралды 235 М.
MINHA IRMÃ MALVADA CONTRA O GADGET DE TREM DE DOMINÓ 😡 #ferramenta
00:40