Академиялық хордың жетекшісі не үшін канализацияда қызмет етіп жүр? | Тағдыр | ЕҢБЕК АДАМЫ #27

  Рет қаралды 2,066

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

29 күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: Гүлбахрам АНИЕВА - канализация бөлімшесінің мастері.
Ассалаумағалейкум құмының құны құйма алтыннан қымбат қазақ елі. Алты алаштың ақсақалдарынан сөз қалған ба, соның бірінде «Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ» деп қайырады. Расында қазір әлеуметтік желі әуселесін шығарған адамзат ауыр мен жеңіл тұрмақ еңбектің есебіне жете алмай қалды. Салдарынан Еңбек адамдарын қадірлеу, оларды құрметтеу деген қадірлі түсініктер түсініксіз тетіктердің тасасында қалды. Бүгінгі кейіпкеріміз Гүлбахрам Зейнеллақызы, кәріз желілері мен сорап станциясының қызметкері. Екінің бірі ентігіп енбейтін қызметке он жылдан астам уақыт бұрын келген, әлі де аянбай қызмет қылып жүр. Еңбектің қадірін білмейтін талайға үлгі. Интернеттің инесіне отырғандар бұл қызметтің адамзат үшін маңызын түсіне қоймас, бірақ Гүлбахрам ханым секілді мамандар болмағанда бүгінгі қалалық өмірдің өңі өзгеріп сала берер еді. Төрт бала тәрбиелеп отырған ардақты ана, немересіне тәлім беретін әже бүгінгі бу ұрған буынға үлгі. Үлгіні үлде мен бүлдеге оранғандардан іздейтін ұрпаққа қаратып айтайық, бүгінгі шығарылымды мұқият көріңіздер. Себебі мамандықтың маңызы туралы тіл қатқанда шын құрметке Еңбек адамы лайықты.
Һәкім Абай: «Адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі» депті уағында. Қазір арамдықпен өзгеден дәулетін асырғанды, халықтың қазынасын қанап қоңданып алып қарапайым қарашаға қоқаңдағанды абырой көретін бос кеуделер қаптап барады. Оларға айтқан сөз шығын, себебі адамдық деген ақшаға сатылмайтын атақты арамтамақтыққа алмастырғандардың санасына сөзбен саңылау табу қиямет. Десе де, бүгінгі кейіпкеріміз Гүлбахрам Зейнеллақызы секілді мамандар көпке көп үлгі. Еңбек ету мен адамзатқа адалдық туралы жақ сауып айтқаннан гөрі оларды көрсету көпшіліктің көкейіндегі көп сұрақтың жауабын анық беретіні белгілі.
Қазақ «Қолы қимылдаған адамға, Кедейлік жоқ. Аяғы қимылдаған адамға, Алыстық жоқ» дейді. Қазір қоғамның кей еркелері кәстүм шалбар кимейтін, есік пен төрдей кеңседе отырмайтын жұмысты жұмысқа санамай сандырақтап жүр. Өзгеге билік жүргізуге мүмкіндік беретін қызметті ғана қанағат тұтатын жұқпалы дертке шалдыққандар аз емес. Олар дерттен демде айығып шыға алмайтыны анық. Дегенмен Еңбек адамдарын дәріптеу келесі ұрпақтың қарапайым қызметкерлерді құрметтеуіне септігін тигізсе мойнымыздағы бір жүктің түскені деп білеміз. Себебі Гүлбахрам Зейноллақызы секілді адамдар қандай құрметке болсын лайық. Себебі олар адал еңбек етіп, ырзығын адалынан тауып адамдықтан айнымаған жақсы жандар. Келесі кездескенше, көрермен.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 32
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 28 күн бұрын
Қарапайым еңбек адамын қолдайық! Көріңіздер, таратыңыздар!
@user-gk3bo8in2k
@user-gk3bo8in2k 27 күн бұрын
Патермен колдайык!!!!
@user-gk3bo8in2k
@user-gk3bo8in2k 27 күн бұрын
Енбеккор Адам гой!!!
@user-kr5xd2qe9i
@user-kr5xd2qe9i 28 күн бұрын
Халықтың арқасында бвйып алған атқа мінерлер халықты менсінбей адамсынбай тұрады
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 28 күн бұрын
Өнер адамының бұндай жерде істегені қиын екен
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Бұл жұмыста өте қажеттілік
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Өте қажетті жұмыс сол жерде әйел адам аянбай еңбектенуі мықтылық
@karligahmahan486
@karligahmahan486 28 күн бұрын
Нартай жарайсыз сөздеріңіз қандай жақсы.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Еңбек адамы фильмі бұл жанның да еңбеген елге көрсетті алла разы болсын
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 28 күн бұрын
Жарайсың Нартай
@user-rx3sc7du1h
@user-rx3sc7du1h 27 күн бұрын
Жақсының аты өшпейді халықтың жүрегінде болады Нартай жарайсың
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Ер адамның жұмысын меңгерген қайратты жан
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Өнер адамы сондай жан
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Ұжымдағы жақсы пікір білдірушілер сыйластық керемет
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Еңбектің ең мықты қызы қадірлісің
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Ораза айт қабыл болсын
@karligahmahan486
@karligahmahan486 28 күн бұрын
Жарайсыз қай жерде болса да жұмысты алып кету көп адамның қолынан келмейді.
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 28 күн бұрын
Еңбегің жана берсін
@doktorali7395
@doktorali7395 27 күн бұрын
👍👍👍👍👍
@sssr4951
@sssr4951 28 күн бұрын
Не болыпты екі қолға бір күрек деген
@armanahmetov3239
@armanahmetov3239 25 күн бұрын
😢😢😢
@user-gk3bo8in2k
@user-gk3bo8in2k 27 күн бұрын
Бул кисинин журеги улкен , кен Адам !!!! Каншама киындыктар болса да, постоянно на позитиве!!!Балалары да акылды!!!Укимет осындай енбеккор адамдарга , мемлекет корынан патер сыйлыкка берсе гой, улкен ЫРЫС болатын еди!!!Баскаларга да улги болатын еди!!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Аяулы ана ардақты әже
@aizatrahmanova9868
@aizatrahmanova9868 26 күн бұрын
Коммуналдық саланың мамандарын қолдау керек, еңбектері адал жандар
@user-tb4td1by8g
@user-tb4td1by8g 25 күн бұрын
Ия, Бриллиант тар көкте емес жерде ,көргенге көрінеді .
@user-xm9jy5fg7v
@user-xm9jy5fg7v 26 күн бұрын
канализация басқалар жүру керек деген сөз бе бұл
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 28 күн бұрын
Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей
@abylai9050
@abylai9050 27 күн бұрын
Уран өндіру қиын жұмыс қой
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Канелезасия жұмысы өте ауыр мықтысың
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 28 күн бұрын
Мен біріші
@nurikkuralov4202
@nurikkuralov4202 27 күн бұрын
қазақ тилин , ана тилді қадирлемегендері өкиништі, қашан өркениетті , бир тилді ел болады екенбиз , аралас тилди эфирге неге шығарасыздар , жастар корип осылай сөйлеп гибрит болатын болады..
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 28 күн бұрын
Балалары да анасын тыңдай білген ұрпақ
CAN FOXY TRICK HIM?! 🤣 #shorts *FOXY AND NUGGET!*
00:17
LankyBox
Рет қаралды 17 МЛН
ФОКУС С ЧИПСАМИ (секрет)
00:44
Masomka
Рет қаралды 4,4 МЛН
原来小女孩在求救#海贼王  #路飞
00:32
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 22 МЛН
“Дәрігерлердің өзі жағасын ұстады”
36:33
ADYRNA ULTTYQ PORTALY
Рет қаралды 236 М.
Сексеуіл туралы Мұхтар Ниязов
4:33
Berik Berimbaev
Рет қаралды 11 М.
Ресей  атоммен айбар көрсетті
14:31
Ойтүрткі
Рет қаралды 41 М.
CAN FOXY TRICK HIM?! 🤣 #shorts *FOXY AND NUGGET!*
00:17
LankyBox
Рет қаралды 17 МЛН