Мүгедек балаларды аяққа тұрғызатын ерекше маман, ерекше методика | Тағдырмен күрес | ЕҢБЕК АДАМЫ #21

  Рет қаралды 2,761

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Ай бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: Садық Байымбетов - спорт жаттықтырушысы.
Ассалаумағалейкум ардақты ағайын. «Баба бүркіт барлап ұшады, Бала бүркіт парлап ұшады» дейді қазақ. Осыдан ақ үлкен мен кішінің ауқымын айтпай ақ аңғартқан атам қазақ. Баба бүркіт көк аспанды жерді шолып жүріп қажетін іліп түседі деп топшыласақ, ал бала бүркіттің бүгіні мен ертеңі елді елеңдетпей қоймайтыны анық. Сол балаларды балапан кезінен баулу туралы сөз болғанда қазір Садық Байымбетовтың есімі ел ішінде бірінші аталады. Садықтың саптың алдында аталуының бірнеше себебі бар, соның бірі де бірегейі оның ерекше балалармен жұмыс істейтіні. Иә, кей адамдар мүмкіндігі шектеулі деп шектейтін балапандарды Садық сайыпқыран қылып баптауға бейіл. Оның жаттығу залына алғаш барғанымда, балалардың талпынысын көргенде жанарымды жас шылағанын несіне жасырайын. Ал Садық күнде сол ұл қыздарды аяққа тұрғызу үшін жанын салады. Оның жаттығу залындағы балаларға қарата мүмкіндігі шектеулі деген сөзді қолданатындардың өздерінің мүмкіндігі шектеулі деп едім алғашында. Себебі қазір Садық төрт жүз баланы жаттықтырып жүр. Алты жыл бұрын алғаш ашқан залын қазір Қазақстанның бес қаласында қызмет етіп тұр, сұраныс өте көп. Бірақ мұндағы басты ерекшелік ерекше балаларға арналған арнайы методикада. Балаларды аурухана пен дәріге байлап берместен олардың жан дүниесіне үңіліп, жүре алмай келген баланы аяққа тұрғызып жібереді Садық. Дәлел десеңіз мысал жетіп жатыр. Садық Байымбетовтың жаттығу залынан шыққан балалардың алды қазір әлем чемпионы. Ол туралы таңды таңға ұрып айтуға болады, бірақ бір рет көрген дұрыс.
Садық Байымбетовтың жаттығу залына алғаш барғанда балаларға қатаң ескерту жасайтынына, қатал талап қоятынына таң қалдым. Біртүрлі болып қалдым, Рас. Себебі біз ерекше баланы көрсек жанарға жас алып, кейде айналып толғанумен шектелеміз. Садық олай етпейді, себебін өзі де айтты. «Бұл балаларды бәрі аяйды, қоғамнан оқшаулап, бөлектеп тастайды. Ол дұрыс емес, бұл балаларда тұлға, сондықтан он екі мүшесі сау спортшы балаға қандай талап қойсам, бұл балаларға да тура сондай талап қоямын. Сонда ғана балалар өздерін бәрімен тең сезінеді» деді Садық алғаш тілдескенде. Расында солай. Ерекше баламын деп жаттығу залында жата кеткен ешкімді көрмейсіз, бәрі спортпен шұғылданып, жаттықтырушылардың айтқанын екі етпей орындайды. Қазақтың «Тұлпар - құлыннан, Батыр- баладан шығады» дегені сол шығар. Себебі Садықтың спорт залындағы әр бала қазірдің өзінде жеңімпаз.
Садық Байымбетов методикасының ерекшелігі алыс жақын шетелді аралап кетті. Қазірдің өзінде Түркия, Франция, Әзірбайжан елдері біздің жаттықтырушыны аттай қалап шақырып отыр. Садық саудаласпайды бірақ, ол елдерден тек бөлімше ашпақ, сөйтіп қазақ баласы ойлап тапқан тың методика адамзат баласына ортақ қазынаға айналмақ. Садыққа сәттілік, ал оның залындағы чемпиондарға тек жақсылық тілеймін мен. Олардың бәрі жеңімпаз. Уақытыңыз болса Садық Байымбетовтың жаттығу залына барып шығыңыз, сол кезде көп нәрсені түсінесіз, маған сеніңіз.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 60
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli Ай бұрын
Қарапайым еңбек адамарын қолдайық. Көріңіздер, таратыңыздар!
@user-bw2yy8mo5s
@user-bw2yy8mo5s Ай бұрын
Саламатсыздарма менің қызым бар мүгедек қатыса болама қолының күші көп допты ұрғанда күші көпте воливолға ма ебібарда қалай қабарласам болады
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Садыққа мың алғыс осындай балаларға еткен еңбегің елене берсін мықты жан
@user-tx8kf2dq8u
@user-tx8kf2dq8u Ай бұрын
👍АЛЛА деген адам екенсіңдер. АЛЛА ЖАР БОЛСЫН. АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН. Сау болыңдар
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Садық жарайсың. Бұлай ешкім жүмыс істеуге жнрегі дауалай бермейді.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Еңбек сендердікі осындай ұрпақтарды жетілдіре білу үлкен жауапкершілік
@user-bx3wp4el8l
@user-bx3wp4el8l Ай бұрын
Садық бауырымызға Алла разы болсын! Қазақтың жігіттері мықты ғой ✊️✊️✊️
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Қандай сүйкімді сенімі мықты көздері жанып тұр баоапандар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Алла разы болсын ұрпақ алғысына бөленген ұжым
@user-ol9in5hh8y
@user-ol9in5hh8y Ай бұрын
Нартай бауырым,саған көп рахмет,су тасыды,сені сол жақтан көрдік,балалар туралы көрсетіп жатырсың,Алла саған күш- қуат берсін елдіңжағдайын айтуға,табандылық берсін қиын кезеңде.
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Жарайсың Нартай
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Еңбек адамы фильмі бұл саланы қамтыған екен рахмет
@user-nh3tj3mh7w
@user-nh3tj3mh7w Ай бұрын
АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Бапкерлер ұрпаққа жігер сенім мықтылыққа тәрбиелейді
@user-ov8sy4bo9z
@user-ov8sy4bo9z Ай бұрын
Еңбегіңнің жемісін көр. Сәттілік. Алла жар болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Бар жақсылықтарың алладан қайтсын
@user-kv9dg4nl1b
@user-kv9dg4nl1b Ай бұрын
Алла разы болсын.Жарайсың👍Ерекше балаларға жасаған еңбегің өрлей берсін.Ақтау қаласында ерекше балам қол күреске қатысып жүр.Рақмет тренерлерге
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
Қалайсың бауырым
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Рахмет бұл ортаға осындай ұрпақтар тәрбиелеу
@user-xc9bj1oy2j
@user-xc9bj1oy2j Ай бұрын
Садық бауырым айналайын! Аллаһ тағала өміріңе береке берсін! Сен сияқты мейірімді азаматтар көп болсын!
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Баоа бүркіт тәрбиелеп отырған ұжым мықтысыңдар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Қандай елім деген ұжым еңбектерің еленсін
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Аллам сабыр берсін ата аналарға
@talgatmederov934
@talgatmederov934 Ай бұрын
Казагым менин журек таза. Ой таза бастысы❤
@User-wr6ji
@User-wr6ji Ай бұрын
Алла тил козден сактасын ,алла разы болсын
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Аман есен журе бер
@user-vu5fl4yz9s
@user-vu5fl4yz9s Ай бұрын
Ісіңе береке берсін Аллатағалам
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Айналайын өсіңдер сендер осы елдің азаматысыңдар
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Мықты орта сенім серіғің болсын
@talgatmederov934
@talgatmederov934 Ай бұрын
Ассалам алейкум Нуртай бауырым!
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub Ай бұрын
Ассалаумағалейкум
@user-oy2zz4ny1x
@user-oy2zz4ny1x Ай бұрын
Салық,жарайсың,рахмет!!! Патенттеп алыңыз бұл методиканы,шет елге сату,үйреті үшін.
@User-wr6ji
@User-wr6ji Ай бұрын
Денинсау болсын омир жасын узак болсын
@user-gr8by3px8f
@user-gr8by3px8f Ай бұрын
НАҒЫЗ ИГІ ІС ҚОЙ ШІРКІН!АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫҢ!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Ораза қабыл болсын
@GG-g4577g
@GG-g4577g Ай бұрын
Жасап отырған ісіңізге Аллаһ Тағала разы болсын 🤲
@kozhakozha3849
@kozhakozha3849 Ай бұрын
Алла разы болсын бауырым!!!
@user-ei2ik3up4x
@user-ei2ik3up4x Ай бұрын
Благодарим каждого, кто помогает и поддерживает ФОК Жасжауынгер. Каждое ваше внимание, помощь помогает детям развиваться физически и двигаться только вперёд. Благодаря этому проекту у наших детей есть возможность заниматься адаптивным спортом, а ведь это самое главное. Благодарим наших тренеров за трепетное внимание и отношения к нашим детям. Лучшие Друзья и Тренеры. Огромное спасибо Дмитрию Сергеевичу за поддержку и помощь в развитии ФОК Жасжауынгер. Столько благих дел было сделано. Огромное спасибо партии Amanat за внимание и заботу к нашим детям. Біз біргеміз.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Бала өміріне сенім ұялата беру демалту олда жақсы
@user-ip4yj7go9n
@user-ip4yj7go9n Ай бұрын
Бакытты бол
@user-mz7rx1og9i
@user-mz7rx1og9i Ай бұрын
Садыкка мын алгыс денсаулык берсин .Алла разы болсын.
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Шәкірттер өздері сене алатын өз ортасын таба білген
@user-ty9yu4vz2h
@user-ty9yu4vz2h Ай бұрын
Жарайсың Садық бауырым
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Балалар өмірі сәтті болғай
@user-pe9kw4bv8f
@user-pe9kw4bv8f Ай бұрын
❤❤❤
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
👍
@user-bs3jc2tt2m
@user-bs3jc2tt2m Ай бұрын
Рахмет,сіздерге періштелердің денсаулығы үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз үшін мың рахмет,қалқам!
@user-tb6qw6wl3o
@user-tb6qw6wl3o Ай бұрын
Alla jar bolsen
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Жанұя сенімді серігі аман болыңдар
@oksanafedorova5846
@oksanafedorova5846 Ай бұрын
Жас жауынгер👏👏👏
@user-ip4yj7go9n
@user-ip4yj7go9n Ай бұрын
Садык каиным Алла разы болсын ысын сяты болсын
@Samsungsamsung-dr2sq
@Samsungsamsung-dr2sq Ай бұрын
АСАЛАУМА АЛЙКУМ
@User-wr6ji
@User-wr6ji Ай бұрын
Мын алгыс
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n Ай бұрын
Спорт өмір серігі
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e Ай бұрын
👁️
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Қолдау қажет барлық жағынан
@user-ve9uv6vr7r
@user-ve9uv6vr7r Ай бұрын
Садықтың мектебі еліміздің барлық аймақтарында ашылғаны дұрыс. Үкіметтен қолдау тауып,Садықтың игілікті ісі өркендей берсін.
@user-ic3cm4eq1c
@user-ic3cm4eq1c Ай бұрын
Жемкорлыктар жи берми осындаи баларга акша болмима балардын не жазгы бар Жемкорлардын желкесiнен шыксын
@abylai9050
@abylai9050 Ай бұрын
Садық осы балардың алғысын ала бер
@user-bn5gh4cc1q
@user-bn5gh4cc1q Ай бұрын
Жасасын КАЗАКТЫН БАТЫРЛАРЫ
请善待你的娃娃第二集 #naruto  #cosplay  #shorts
00:52
佐助与鸣人
Рет қаралды 24 МЛН
АВДА КЕДАВРАААААА😂
00:11
Romanov BY
Рет қаралды 10 МЛН
Dapatkan APA PUN YANG ANDA INGINKAN dengan GADGET ini #shorts
00:11
Gigazoom Indonesian
Рет қаралды 13 МЛН
9 мая 2024 г.
9:06
АҒАЛЫҚ БОЛАШАҚ
Рет қаралды 258
"Ұйқыдан ауырмай тұрғанның өзі жарты бақыт". Бейсен Құранбек
6:55
Ақсу ауданы Юрий Гагарин орта мектебі
Рет қаралды 4,4 М.
请善待你的娃娃第二集 #naruto  #cosplay  #shorts
00:52
佐助与鸣人
Рет қаралды 24 МЛН