Көзінен айрылған Әлем чемпионы | Көз жанарынан айрылған спортшы алтын алды | ЕҢБЕК АДАМЫ #31

  Рет қаралды 2,632

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

15 күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: ОЛЖАС ОРАЗАЛЫҰЛЫ - спортшы, әлем чемпионы.
1948 жыл. Ұлыбританиядағы Сток Мандевиль емханасының дәрігері Людвиг Гуттман екінші дүние жүзілік соғыстан мүгедек болып оралған ағылшын ардагерлерін жинап, спорт жарыстарын ұйымдастырады. Бұл жарыс олимпиада ойындарымен тұспа тұс келеді. Сөйтіп, 1952-ші жылдан бастап Сток Мандевиль ойындары ретінде мүгедектер арасындағы жарыс жылда ұйымдастырылатын болды. Араға сегіз жыл салып Халықаралық олимпиада комитеті Римде өткен олимпиада ойындарынан соң, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы олимпиаданы да өткізіп, оған «Паралимпиада» деген мәртебе берді. Алғашқы ресми паралимпиадаға 23 елден 400 спортшы қатысты. Римдегі паралимпиадаға тек мүгедектер арбасына таңылған спортшылар ғана қатысты. Ал 1976 жылдан бастап әртүрлі жағдайда жарымжан болған азаматтар да бұл дүниенжүзілік додаға қатыса бастады. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де сол паралимпиададан ел намысын қорғап жүрген спорты. Олжас Оразалыұлы парадзюдошы, паралимпиада ойындарының чемпионы, Азия чемпионы. Ерлік пен еңбек астасқан тағдырмен танысайық.
Кәсіби спорт - он екі мүшесі сау адамдардың өзіне қиын. Ал, сол спорттан ел атынан шығып, намысын қорғап, жетістікке жету шын мықтылардың ғана қолынан келетін іс. Паралимпиадашылардың жағдайы мүлде басқа. Өйткені, олар әуелі өмір үшін күреседі. Бойдағы қайсарлықты қайрап, жігерді жанып, тағдырдың тауқыметіне қарсы тұрады. Олардың әр жеңісі - тұншығып барып жұтынған бір демдік ауадай құнды. Кейде паралимпиададан жеңіске жетіп жатқан адамдарды көргенде еріксіз көңілің босайды. Себебі, ол спорттағы қарсыласты емес, тағдырдың қиындығын жеңіп тұр. Ерлік пен еңбектің , жігер мен жүректің тоғысқан жерін сол қайсар жанның жеңісті шағынан көресің.
Жалпы, қазақстандық паралимпиадашылар халықаралық жарыстарда дәйім дара шауып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Мысалға, күні кеше Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен 4-інші Азия Пара ойындарында ел құрамасы 41 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль иеленді. Нәтижесінде Медаль саны бойынша 44 ел арасында Қазақстан 11-ші орынға көтерілді. Бұл да айтарлықтай жетістік, жеңіс! Тұтас ел бойынша бұқаралық спортты дамытуға, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға барынша жағдай жасалып жатыр. Бірақ, әлі де демеуді қуаттай түсу керек. Себебі, мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамның тең құқылы мүшесі. Олар да оқшауланбай, емін-еркін өмір сүріп, сан салада жетістікке жетуі керек.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 34
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 13 күн бұрын
Көріңіздер, таратыңыздар! Қарарайым Еңбек адамдарын қолдайық.
@user-bk1jr4hj5o
@user-bk1jr4hj5o 13 күн бұрын
Нартай мырза! Дініміз ге тисип жатыр! Абыройымызды аяқ асты етип, отырып алып ойына келгенин айтып жатыр! Осыны барлық мұсылман бауырларымыздын атынан жогары жакка дурыстап жеткизип, тиктоктагы АЗА деген биреу корсениз шошисыз! Жауапқа тартылуын,ҚАТАН ТУРДЕ, талап етемин!
@user-dw5mn3ue9j
@user-dw5mn3ue9j 13 күн бұрын
MENIN DE KATISKIM KELEDI 🏋‍♂🤼‍♂💚🐊🇰🇿
@user-dy6qn1ul5c
@user-dy6qn1ul5c 13 күн бұрын
Аралбайға мыңда бір рахмет! Қазақтың болашақ жастары әрқашан биіктен көріне берсін! 🤲👍👏
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Ата анаңа амандық берсін
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Бауырларың аман болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Ұйымшылдықтарың ажырамасын алтындарым
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Талай өзін мен кімге керекпін демей өздерін өмірге құлшындыра білген жан
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Мықтысыңдар алла жар болсын
@user-yo6zd2xt8n
@user-yo6zd2xt8n 13 күн бұрын
Жарайсың балам
@user-ko9gp1vv3m
@user-ko9gp1vv3m 13 күн бұрын
Қайсар да қайратты алтын бауырым!❤🥰🥰🥰
@user-sq2cq9cu8x
@user-sq2cq9cu8x 13 күн бұрын
бапкерлерге мың алғыс 🎉
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Жарайсыңдар елдің беделін биіктеткен балуандар
@user-lk9en2jf5m
@user-lk9en2jf5m 13 күн бұрын
Тек қана алға жарайсың!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Достары да жақсы азаматтар екен
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Жарақта сырқатта болады деп отыр мықтысыңдар
@user-ie7rw7go8s
@user-ie7rw7go8s 13 күн бұрын
Жарайсың бауырым тек алға
@user-fq8cw3up5c
@user-fq8cw3up5c 13 күн бұрын
Олжас ағамызға Париж параолимпиадасында сәттілік пен жеңіс тілейміз
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Адамның бәрі бірдейемес налымаңдар биіктей беріңдер
@user-sf4mu3ju4k
@user-sf4mu3ju4k 13 күн бұрын
Алдағы Париж төрінен алтын алуға нәсіп етсін Олжасқа!!!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Міне қазақтың. қайсар ұлы жетістігің арта берсінһ
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Жарайсың алтын бала
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Паролемпиаданың қиындығы мен жетістігі де оңайлықпен келмейді
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Еңбек адамы фильмі. бүл саланы дақамтыды еңбектерің елене берсін
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Балалардың бос уақыты болмағаны дұрыс
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Рахмет бапкерлеріне де шыңдай білген бауырлары
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 13 күн бұрын
Спорт денсаулықтың кепілі
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 13 күн бұрын
👍🏻
@user-sm2su8kj3y
@user-sm2su8kj3y 13 күн бұрын
🇰🇿✊
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 13 күн бұрын
@user-sq2cq9cu8x
@user-sq2cq9cu8x 13 күн бұрын
жүректі палуан👍
@user-rx9fl8ye1i
@user-rx9fl8ye1i 13 күн бұрын
✊✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-sf4mu3ju4k
@user-sf4mu3ju4k 13 күн бұрын
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-ko9gp1vv3m
@user-ko9gp1vv3m 12 күн бұрын
Оқырманды жинау үшін тақырыпты міндетті түрде осылай намысына тиіп қою керек пе?!
白天使和小丑帮助黑天使。#天使 #超人不会飞 #超人夫妇
00:42
Самый большой бутер в столовке! @krus-kos
00:42
Кушать Хочу
Рет қаралды 6 МЛН
Бокс тойы. «Алдараспан»
17:47
Khabar TV
Рет қаралды 2 МЛН
Сексеуіл туралы Мұхтар Ниязов
4:33
Berik Berimbaev
Рет қаралды 11 М.
白天使和小丑帮助黑天使。#天使 #超人不会飞 #超人夫妇
00:42