Рет қаралды 262,335
Үйсіз-күйсіз жүрген тағы бір қазақ отбасы баспаналы болды. Сіздердің мейірімді жүректеріңіздің, пейілдеріңіздің, берген ақшаларыңыздың арқасында көпбалалы ана ақыры қиындықтан құтылды. Енді олар квартира жалдамайды. Көмір жағып, күл шығарып шаршамайды. Тап-таза екі бөлмелі өз үйлері бар. Балабақша мен мектеп жап-жақын. «Ешкім бізге кетіңдер деп айта алмайтын болды» деп қуанды әбден қажыған жас ана. Құрметті көрермен видеоны көріп шығыңыз, жүрегіңіз елжірейді. Сіз де қуанасыз, сізде шаттанасыз. Қуаныш сыйлағандарыңыз үшін, бір қазақ отбасын жылы баспанамен қамтамассыз еткендеріңіз үшін алғысымыз шексіз!