19 жастағы сарбаздың жұмбақ өлімі: жақындары Еділдің өзіне қол салғанына сенбейді

  Рет қаралды 127,289

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Маңғыстау облысында шекара қызметінің әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүріп, қайтыс болған сарбаз Еділ Тешебаевты жақындары бүгін жер қойнына тапсырды. Әскери бөлімдегілер туыстарына 19 жастағы сарбазды өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлаған. Тіпті, соңынан хат қалдырып кеткенін де жеткізген. Ал жақындары жас жігіттің өзіне қол салғанына да, хатты өзі жазғанына да сенбейді. Олар мәйітті тексергенде Еділдің асқазаны бос болды дейді. Сондықтан, әскери бөлімде баламызды аш ұстап, қинаған болуы мүмкін деп болжап отыр.
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылындағы шекара қызметінде әскери борышын өтеген сарбазды бүгін туған жері Сарыағаш қаласында жер қойнына тапсырды. Бауыр еті баласын жоқтаған ана, еңсесі түскен әке болашағынан үміт күттірген ұлын мәңгілік сапарға қимай жіберді. Ал інісінен айырылған Нұржаусын Тешебаевтың айтуынша, Еділ былтыр қыркүйекте әскерге барғаннан күннен бастап, өмірінің соңына дейін ақша сұраған. Сондықтан, оның өзіне қол жұмсауына сенбейміз дейді. Ал жеңгесі болса хатты сарбаздың өзі жазбағанына кәміл сенімді. Өйткені, қайным маған жеңге емес, жеңеше деуші еді деп еске алып отыр.
ПЕРИЗАТ ДҮЙСЕБАЙ, Еділ Тешебайдың жеңгесі:
- Жолдас балдарының бәріне айтып отырған ғой менде бәрі жақсы уайымдамаңдар деп. Ешнәрсе білдірмеген. Бірақ әр сөзінде трубканы қоятын кезде айтып отырған оларға ескертіп, "мен көрген қорлықты көрмеңдер, бастарың істесе армияға келмеңдер" деп айтып отырған ғой бәріне. Кеше ана зертханада да айтып отыр ғой, әйелдің почеркасы, ұқсатып жазуға тырысқан, үтір-нүктесіне дейін жазған бәрін деп. Ол өйтіп жазбайтын еді хатты. Бәрі көрініп тұр ғой.
Қазір сарбаздың денесінен және жазған хатынан алынған сараптама зерттеліп жатыр екен. Ал ағаларының айтуынша, Еділ Тешебай шымыр, өмірге құштар жігіт болған. Олар мәйітті ашу кезінде Еділдің асқазаны бос болды дейді. Сол себепті, жігіттің асылып өлгеніне сенбейміз, ол аштықтан көз жұмуы мүмкін деп отыр.
БАУЫРЖАН МАНЖАНОВ, Еділ Тешебайдың туысы:
- Осы мәселені бізге шешіп берсін. Біздің бала неге сау кетеді да, аштан қайтыс болады армияда? Біздің әскер, шекара қызметі бір сарбазды тойдыра алмаса, қорғай алмаса менің сөзім жоқ басқа.
Ал Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне қарасты әскери бөлімдегі бұл оқиғаға қатысты ведомства толық ақпарат бермеді. Тек сарбаздың отбасылық мәселелерге байланысты өз-өзіне қол жұмсады деген болжамдарын ғана таратты.
ҚР ҰҚК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
- "4 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі «Т.» өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала ақпарат бойынша, суицидтің себебі әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Отбасылық-тұрмыстық проблемалар болған. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауда".
Туыстары Еділдің отбасылық мәселе үшін өзіне қол салды дегеніне мүлдем сенбейді. Айтуларынша, сарбаздың мойнында белбеудің ізі болған. Мұндай сұмдықты көрген туыстары әскери бөлімде жігіттің мойнын бұрап азаптап өлтірді деп ойлайды. Сондықтан, әділ тергеуді талап етеді. Туған ағасы Нұржаусын ақпаратты таратқаны үшін әскерилер казаға көңіл айтудың орнына, қысым көрсетіп жатыр дейді.
Ал осы қайғылы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметкерлер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы мұндай жәйттарды болдырмау үшін өзінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.
Махаббат Нұржанқызы, Ерлан Қуандықов
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#әскер #әлімжеттік #дедовщина #ҚарулыКүштер

Пікірлер: 416
@user-uy4cc3de1g
@user-uy4cc3de1g Жыл бұрын
Бұл əскер деген өлім лагері болдығо сұмдық мынаның шегі болама министр президент
@user-eu6sh4xr1c
@user-eu6sh4xr1c Жыл бұрын
Не деген сұмдық Армияға барғанның бәрін өлтіріп болды Алла жазасын берсін
@user-js9in9wd9u
@user-js9in9wd9u Жыл бұрын
Жəне Қазақ елінің əскерінде құрбандық .Өте өкінішті Алла сабыр берсін Ата анасына жəне бауырларына.😢😢😢
@user-nx2zg5qf6k
@user-nx2zg5qf6k Жыл бұрын
Қорғаныс министрі қызметті босату керек қой. Не масқара ай сайын осындай хабар естейміз
@assasin8324
@assasin8324 Жыл бұрын
Наша военные напоминают бандитскую группировки, все остаётся внутри, никто никого не сдает и все друг друга покрывают. Пусть дети чиновников и депутатов идут служить.
@user-lp4xd3qc4t
@user-lp4xd3qc4t Жыл бұрын
Если сдадут то все перевернется большие Чинушие головы будет лететь поэтому Они никак не сдаст и другим не даст как Жалко и больн за Молодых Парней почти Мальчики еще
@user-yy1ly8cb6z
@user-yy1ly8cb6z Жыл бұрын
Армияға баланы жібермеу керек, қорғай алмаса өздері кінәлі, отанды да қорғап қажеті жоқ, сотында әділдік жоқ,
@user-mj7ju9dp3y
@user-mj7ju9dp3y Жыл бұрын
Әскерилердің осындай жағдайда неге жауапсыз кетеді? Иманы жолдас болсын. Орыны толмас қайғы. Артының қайырын берсін.
@paradise6259
@paradise6259 Жыл бұрын
Ужас это какой случай?! Что происходит в армии?! Вообще не нужно отправлять детей в армию.
@user-qw8hl3bp1p
@user-qw8hl3bp1p Жыл бұрын
Әскерге барады өледі немесе жынды болады не деген сұмдық
@user-qw8hl3bp1p
@user-qw8hl3bp1p Жыл бұрын
Қашан тиылады бұл
@user-tn6cp5ws6k
@user-tn6cp5ws6k Жыл бұрын
Ата-анасына,бауырларына Аллам сабыр бертін, жатқан жері жарық болсын!
@user-ie4ds5mk7y
@user-ie4ds5mk7y Жыл бұрын
Масқара !айтарға сөзім жоқ! Әскерге емес өлімге жіберетін болдықпа?
@user-no3on3ct3f
@user-no3on3ct3f Жыл бұрын
Бірінші қайтыс болған Ұлықпекпен,Әлібектің өлім себебін анықтап кінәліні жазалап берсін осы баланың өлімі де бас аяғы жоқ болып жабылфп қалмасын өзі өлді деген күннің өзінде неге өлгенін анықтасын
@user-mw1xy9yj9j
@user-mw1xy9yj9j Жыл бұрын
Иттер жазаларын алсын. Екі дүниеде де оңбай кетсін. Өздерініңде балдарымен сынасын алдарынан келтірсін
@user-bm7io1tg4l
@user-bm7io1tg4l Жыл бұрын
Иманды болсын. Армияға жібермендер балдарынды.
@user-qc4by1sf6m
@user-qc4by1sf6m Жыл бұрын
Балдарды әскерге жібермеу керек.Тәртіпті дұрыстасын.
@user-up3pi5lx1i
@user-up3pi5lx1i Жыл бұрын
Енді армияға шақырту болған кезде халық болып көтерілу керек, балаларды жібермең,
@Devil_Skyline
@Devil_Skyline Жыл бұрын
Иа дұрыс айттыңыз, күнде жігіттер өліп я ауру жынды болып оралып жатыр қазір, военныйлардын жігіттерді көшеден, жұмыстан, оқудан немес тб жерінен күштеп алып кетуге хақысы жоқ
@user-qo4gs2je8y
@user-qo4gs2je8y Жыл бұрын
Алла сақтасын.Адам азған заман болды.Өзімізді өзіміз өлтіріп жатырмыз. Алла жазадарын берсін ұрған соққан адамдардың. Өкінішті .Тас тускен жеріне ауыр деп әке шешесіне бауырларына Алла сабыр берсін.
@user-xm7ee9hk4m
@user-xm7ee9hk4m Жыл бұрын
Президентіміз енді ойланып, іске кірісіп, жатырма қанша ер азаматтымыз отбасына оралмай қайтыс болды. Тәртіптің жауапкершіліктің жоқтығы.
@limonlam3140
@limonlam3140 Жыл бұрын
Призедентен коркпайды пыскырмайды командир офицерлерин олар културный изин билдирмйтин мафия
@MaxMax-qx8ot
@MaxMax-qx8ot Жыл бұрын
Аңқаулық ай , қазақтай аңқау жоқ шығар , Әлемде . Бізде заң бар ма . " Қазаға көңіл айтудың орнына қысым көрсетіп жатыр " , - деп тұр ғой , осыдан ақ ұғуға болмай ма !!!???
@omarqarakesek1425
@omarqarakesek1425 Жыл бұрын
Сұмдық бұларға заң жоқпа әскерилерге😭😭😭😭обал болды жаны жаната болсын🤲
@parkanna4372
@parkanna4372 Жыл бұрын
Соболезнование родным .ужасно что. в Казахстане такое происходит умирают молодые совсем ещё мальчики надеюсь виновных найдут и накажут .
@user-vi7yt4uf7x
@user-vi7yt4uf7x Жыл бұрын
Ой Алла не болып кетті сонда Кімге сенеміз.. Алла өзі дұрыс жолын көрсетсін Кінәлілер болса жазасын Алла берсін !!
@joni-ir1et
@joni-ir1et Жыл бұрын
Неге халқым үнсіз жатырсыңдар? Ер жетіп қалған ұрпағыңды өлтіртіп қойып неге жатсыңдар😭😭
@user-se9ed2pw2l
@user-se9ed2pw2l Жыл бұрын
Соны ай там ашейинде жаман катындар кусап 50 тг бензин и ушин кырылдындар, одан балалары ушин шыкпады ма екен котерилиске, кишкентай зорланып, ержеткени армияда асылып олип жатыр шетинен.
@user-lf3zb9fd6r
@user-lf3zb9fd6r Жыл бұрын
@@user-se9ed2pw2l 😭😭😭 қайраан кыршын
@user-jk8uc7pd9s
@user-jk8uc7pd9s Жыл бұрын
​@@user-se9ed2pw2l Дал айттыныз!
@sakoofficialchannel2315
@sakoofficialchannel2315 Жыл бұрын
Иманды болсын Бауырым
@user-il4pi4cn1y
@user-il4pi4cn1y Жыл бұрын
Сұмдық , сұмдық. Мүлде айтарға сөз жоқ. Мұндай үкіметті қарғыс атсын. Балық басынан шіриді.
@kalamkas1990
@kalamkas1990 Жыл бұрын
Жибермениздерши балдарды журегим ауырып кетти гой 2ул асырап отырмын енди осыдан кейін калай жиберемиз армия емес жұт жер болды ғой ата анасына Алла сабыр берсин жаны Жанатта болсын Алла рахыметине алсын 🤲
@user-ij1ct5eh9i
@user-ij1ct5eh9i Жыл бұрын
Алла жазаларын берсін! Айтарға сөз жоқ хайюандарға. Тас түскен жеріне ауыр! 😭😭😭 Отбасыларына ата аналарына қайғыра көңіл айтамын! Алла алдынан жарылқасын!
@user-cb8ly7ry1s
@user-cb8ly7ry1s Жыл бұрын
Экстрасенстан сұрап біліу керек. Шындықты. Масқарағои қаншама бала қыршыннан кетті. Жауап беиетін. Әділдік жоқтығы. Балық басынан шіриді леген. Тәртіп жоқтығы. Баларымызды жібермеиміз.
@user-gi3cw9ve2b
@user-gi3cw9ve2b Жыл бұрын
Айналайын бауырым жаның жәннатта орның пейіштен болсын,сеның өліміңе себепшы болгандардың Алла жазасын берсын
@user-tt6pq7ku4f
@user-tt6pq7ku4f Жыл бұрын
Дурыс айтады шымкентте жеңге деп айтпайды
@user-pq3jy1fh1b
@user-pq3jy1fh1b Жыл бұрын
Что же все ,они умирают....молодые солдаты...кокой референдум....все вокруг Умирают.Жалко,
@user-db5ur8yq4f
@user-db5ur8yq4f Жыл бұрын
В том или дело что дети врачей, учителей всяких там чиновников ни идут служить а отправляют детей матерей одиночек и из простых семей
@gainialzhanova9038
@gainialzhanova9038 Жыл бұрын
Иманы жолдас Болсын Едильдин !
@user-il1pt5kd4f
@user-il1pt5kd4f Жыл бұрын
Мынадай жағдай қайталана берсе, болашағымыз не болмақ?!
@guldanamekeeva9683
@guldanamekeeva9683 Жыл бұрын
В армии тоже вымогательство, дедовщина, своя коррупция. В мирное время без войны умирают наши дети. Позор такой Казахстанской армии, власти!!!
@user-mi2wh5xj9n
@user-mi2wh5xj9n Жыл бұрын
🌬️🍏🌨️🍎💔....... Большой позор для казахской армии , раньше гордились , что в армии отслужили : верными солдатами стали своей родины ! ....... 💔😞💔😞💔😞💔
@user-ut2uw3mr3k
@user-ut2uw3mr3k Жыл бұрын
ЖАЙЫ ЖАННАТТА БОЛСЫН
@user-zz2lc2of4b
@user-zz2lc2of4b Жыл бұрын
Күннен күнге армиядан тек өліктері ғана келіп жатыр. Алла сақтасын. Не боп барады.
@user-dn5ih6uc5l
@user-dn5ih6uc5l Жыл бұрын
иманды босын
@user-ec3gp5tz2y
@user-ec3gp5tz2y Жыл бұрын
Комисия құрдың не құрмадың не бір жан ұя зар жылап қалды қашаңғы жалғасады өлім жетім бұл бір дерке айналдығо осылардың ішінде бір орыс или басқа басқа ұлт жоқ қазақ жігіттер өліп жатыр
@user-wj8ye7lw2o
@user-wj8ye7lw2o Жыл бұрын
Ещё раз скажу позор казахстанской армии наши майоры подполковник и офицеры голодные вымогатели за счёт бедных наших детей
@user-my1ze2ci4c
@user-my1ze2ci4c Жыл бұрын
Өте өкінішті орыны толмас қасірет.Ата анасына алла сабыр берсін.Отбасына қатысты жағдай болса үйінде өлмейма армияға барып өлмей.Опасыз ақшаға сатылған өңшең сатқындар.Ел басына күн туса бірінші қашып кететін сатқындар.
@user-gb8hr2tq4m
@user-gb8hr2tq4m Жыл бұрын
Кылмыстык кодекске өлім жазасын кайта енгізу керек , сонда ғана осындай кылмыстар азаяды
@user-pw4oz8zf1z
@user-pw4oz8zf1z Жыл бұрын
Қаза қайырлы болсын
@user-tb4gp1mn3y
@user-tb4gp1mn3y Жыл бұрын
Обалай жауыздар жазасын алсын
@Kazakh091
@Kazakh091 Жыл бұрын
Алла жазасын берсын жауыздардын
@user-vi2sv1ge8k
@user-vi2sv1ge8k Жыл бұрын
Че то часто почти все случаи смертей молодых солдат происходят именно в пограничной службе.
@user-cs8do9kg3q
@user-cs8do9kg3q Жыл бұрын
Иманды болсын.
@user-xm7ee9hk4m
@user-xm7ee9hk4m Жыл бұрын
Алла ата -анасына сабыр. Жаны жәннатта болсын.
@asemdavletalyevaaa7416
@asemdavletalyevaaa7416 Жыл бұрын
Иманды болсын отбасына сабыр
@user-ir2ic5mf8x
@user-ir2ic5mf8x Жыл бұрын
Қайғырып көңіл айтамын менің бауырым петрапавлға әскери оқуға түсіп өзінің курстасының Сержанттың қолынан пышақталып қайтыс болды 😭
@user-mf2ir1dy5w
@user-mf2ir1dy5w Жыл бұрын
Жаның жаннатта болсын балапан.
@diamond7858
@diamond7858 Жыл бұрын
Не деген масқара, әскери жауаптылардың барлығын қатал түрде жауапқа тартып, бұндай заңсыздықтарды болдырмау мақсатында нақты себептерін анықтау қажет. Әрбір контрактниктің, әскери қызметкерлердің айлық табыстарын "Каспий голд" карталары арқылы анықтай отырып, "көлденең" табыс болған жағдайда, ол қандай жолдармен келгендерін нақты анықтау қажет. Тексеру барысында тексеруді өз ыңғайларына қарай бұрмалағандардыда қатал түрде жауапқа тарту керек.
@user-dh6ht4hr1p
@user-dh6ht4hr1p Жыл бұрын
Әскерге өзіне сенбейтін, қорқып барғысы келмейтін жас балдарды алмау керек!!! Жалпы ерікті болсын әскерге бару! 👏🏽 Әйтпесе, Біреудің жалғызы, біреудің тұңғышы өрімдей жас балдар осылайша қырыла бере ма??? 🤦🏻‍♀️ Бір себептері бар екен, өз өзіне деген...😱🤦🏻‍♀️
@user-kp6qg3gi8h
@user-kp6qg3gi8h Жыл бұрын
Позор офицерам не от хорошей жизни они так поступают соболезнование родителям, проведите независимое раследование
@user-wj8ye7lw2o
@user-wj8ye7lw2o Жыл бұрын
Я согласна с вами ипритом в строжайшем виде вплоть до заключение втурьмувсех причастных к этому делу
@user-gz3tk7xi7z
@user-gz3tk7xi7z Жыл бұрын
Иманды болсын 🤲😔
@user-wn1dh5tt7h
@user-wn1dh5tt7h Жыл бұрын
Кудайдан корыкпайды екен осы биздин кнб мен менттер
@gulzi7082
@gulzi7082 Жыл бұрын
Олтирген адам дозактын отында жансын горинде тик турсын я Аллам
@user-kq5nn4nc9s
@user-kq5nn4nc9s Жыл бұрын
Түгел әскерге жібермеу керек
@user-wm6xc9fn5j
@user-wm6xc9fn5j Жыл бұрын
Алла Кіналілардың жазасын берсін!
@gulzankuanyseva5253
@gulzankuanyseva5253 Жыл бұрын
Алла Ата-анасына сабыр.Арты қайырлы болғай.Балдарды қалай әскерге жібереді,мынадай өрімдей жас балдарымыз қайта оралмаса, масқара ғой
@user-io5sd3te6n
@user-io5sd3te6n Жыл бұрын
Жатқан жері жайлы болсын жаны жәннәта болсын топрағы торқа болсын 🤲🤲
@user-lx1ie1mh9r
@user-lx1ie1mh9r Жыл бұрын
,, Жаңа Казакстан,, осы ма?Шириген билик, шириген жүйе!
@user-oi6yr5du3v
@user-oi6yr5du3v Жыл бұрын
Кінәлілер толық жазалансын, армияда ақша сұрау дәстүрге айналған. Ақшаны жинап , сол ақшаны кімдер бөліп алады ? Қорғаныс министрі жауап берсін, адам өлімі қашан бітеді ? Адам өмірі ойыншық па ? Неге жиі рейдтер жасап жүрмейді ? Командирлері мен офицерлер де жазалансын , қашан тәртіп орнайды ????
@user-zo8my3ls8h
@user-zo8my3ls8h Жыл бұрын
Маса құрлы көрмей мына тыныш заманда ақша үшін қырғандарың айуандық қой. Заң алдында жауапқа тартып ату керек оңбағагдырды. Мүлем тəртіп жоқ масқара.Жетпісінші жылдары шет мемлекеттерде үш жыл əскерде жүріп аман келетін.Ал қазір өз жерімізд жас сарбаздарды өз қоларыімен қырып жатыр.масқара бұл барыптұрған өте жеркенішті .
@nurikmak1200
@nurikmak1200 29 күн бұрын
Армияға балдарынзды жіберменіз
@nurzhauganesdauletova5595
@nurzhauganesdauletova5595 Жыл бұрын
Түгел ауыстыру керек
@user-hk9ow7yh8p
@user-hk9ow7yh8p Жыл бұрын
Иманды Болсын 🤲🤲🤲
@user-cr4nh6xe8v
@user-cr4nh6xe8v Жыл бұрын
Токаевтын отырык камисиясы былай шешым шыгарады бала озы ауру екен ознен деп жауады.
@user-cg1gf9dm4m
@user-cg1gf9dm4m Жыл бұрын
иманы серік болсын
@Erbol_87
@Erbol_87 Жыл бұрын
Токылдак емеспин деп олдигой жас жигит ротасындагы салдатардан сурау керек
@user-eg3pg2nd3g
@user-eg3pg2nd3g Жыл бұрын
Иманды болсын ата анасына сабыр берсін жатқан жері жанната болсын
@user-mi2wh5xj9n
@user-mi2wh5xj9n Жыл бұрын
🌬️🍎🌨️🍏💔 ....... Алланын берген омирин ------- зулымдар кыскарткан ащы заман болды ! ....... 🌬️🍎🌨️🍏💔
@gulamjandjurabaev3987
@gulamjandjurabaev3987 Жыл бұрын
Бастарын истесе аскерге жибермендер улдарынды
@user-yb2wd1wm5t
@user-yb2wd1wm5t Жыл бұрын
Иманды болсын! Аллах ата- анасына бауырларга аллах сабыр берсин.
@user-gp6px2bz8d
@user-gp6px2bz8d Жыл бұрын
Иманды болсын ата анасына сабыр берсін ешкімнің басына салмасын балам деп боздауды ешкім мынадан кеиін балдарын жібермеиді ғои әскерге оиансаңдаршы тағы қашанға деиін уиқтайсыңдар халқым
@user-el6kb2xd1d
@user-el6kb2xd1d Жыл бұрын
Алла жазаларын берсин!
@user-yw5rg1lv8g
@user-yw5rg1lv8g Жыл бұрын
Алла сактасын
@user-gs8te4dv3r
@user-gs8te4dv3r Жыл бұрын
Пускай служат дети чиновников...
@user-to2xv3gc4o
@user-to2xv3gc4o Жыл бұрын
Аллах жазасын берсин Ким кунели болса да.😢😢😢😢😢иманы жолдас болсын 🤲
@user-iy8hj4et1h
@user-iy8hj4et1h Жыл бұрын
Алла жар болсын
@ainagulshortan6851
@ainagulshortan6851 Жыл бұрын
ЕШҚАШАН БАУЫРЛАРЫМДЫ БАЛАЛАРЫМДЫ ӘСКЕРГЕ ЖІБЕРМЕСППІН НЕ СҰМДЫҚ МЫНАУУ
@user-bj1xj8jo8i
@user-bj1xj8jo8i Жыл бұрын
Иманды болсын жаны жәннатта болсын
@user-nf9kx3gi3j
@user-nf9kx3gi3j Жыл бұрын
Әскерге отандық борышымызды ақтаймыз деп қанша жас азаматтарымыз өліммен қауышып жатыр неге әділдік қайда қанша ата аналар қайғы тартып жатыр
@user-jv8hp6cw5j
@user-jv8hp6cw5j Жыл бұрын
СКОЛЬКО МОЖНО .. МАМЫ НЕ ОТ ДОВАЙТЕ ДЕТЕЙ В АРМИЮ СО ВСЕМИ ВЫТЕКАЮЩИМИ . КОГО ЧЕГО ЗАЩИЩАТЬ ЭТА СТРАНА ПОГРЯЗЛА В КАРУПЦИИ ВО ЛЖИ И Т Д ПУСТЬ ВОТ ИХ ДЕТИ И ЗАЩИЩАЮТ ЧТО РОДИТЕЛИ НАВОРОВАЛИ А ТО ИХ МОЛОДЁЖЬ ЗОЛОТАЯ И Т Д А НАШИ РАБЫ И МЯСО
@user-wj8ye7lw2o
@user-wj8ye7lw2o Жыл бұрын
Очень точно сказано молодец я согласна свами
@user-ke6xo4do6l
@user-ke6xo4do6l Жыл бұрын
Алла Ата Анасына сабыр берсін 🤲не деген сұмдық
@user-mf2ir1dy5w
@user-mf2ir1dy5w Жыл бұрын
Не деген сұмдық .Қашан тиылады не деген сұмдық .Жоғары жақтағылар өздерің балаларыңды жіберіңдер сосын көресіңдер Аналар неүшін балаларын солдат болуға қарсы екенін.
@qwertyqwerty6101
@qwertyqwerty6101 Жыл бұрын
Уважаемые журналисты проведите собственное расследование, за 30 лет сколько в армии солдатов умерло? Были ли за это наказаны?
@Laura-yf2ov
@Laura-yf2ov Жыл бұрын
НЕГЕ ОСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӘСКЕРЛИКТЕ ТӘРТИП ЖОҚ? АДАМДАР БАЛАСЫН ӨЛУ ҮШИН ЖИБЕРЕМА СОНДА ӘСКЕРЛИККЕ? МЕМЛЕКЕТ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР?
@user-ct2wg9si1f
@user-ct2wg9si1f Жыл бұрын
Иманды болсын
@user-rd2qw4wl4j
@user-rd2qw4wl4j Жыл бұрын
иманды болсын
@user-xu4ci7sh6n
@user-xu4ci7sh6n Жыл бұрын
Отбасылық жағдайға байланысты болса үйінде жүргенде олер еді гой уялсандаршы ертегілеріңе тойдык кой
@user-td3no8yd4x
@user-td3no8yd4x 3 ай бұрын
әскерде ақша сұрау арылмай тұр . менің ұлым да осылай қаза болды
@user-gt9vk2oj9g
@user-gt9vk2oj9g Жыл бұрын
Корганыс МИНИСТИРИН Командирлерин ату керек шетинен
@user-lk5fy3ez2x
@user-lk5fy3ez2x Жыл бұрын
Прокуратура Адлет карасын шекарада не сумдыктар болып жатады
@user-ol3xv1nt5s
@user-ol3xv1nt5s Жыл бұрын
Осылай елқорғасын деген ұлдар табытпен келе бере ме?Қашан тоқтайды мына масқара.
@user-ol6il3lm2z
@user-ol6il3lm2z Жыл бұрын
Ужас нам и войны не надо,сами себя убиваем. Командиры части наверное дают план чтоб им офицеры и контрактники сдавали деньги,а те в свою очередь со срочников требуют. Кто не сдает, получает лещей в лучшем случае,а некоторые умирают. Вот задаюсь вопросом тот командир которые получает эти деньги знает же каким путем они к нему пришли, как он за такие кровавые деньги кормит и одевает своих детей. Это же арам акша. Почему не понимают он в этой жизни не ответит за такое злодеяние, а его сыновья,внуки и правнуки будут прокляты,ибо слезы матери не дадут им так просто избежать наказания Всевышнего. Пишу на эмоциях, аж сердце кровью обливаются, у нас у всех сыновья,племянники есть пока что маленькие,но армия не за горами. Не дай Аллах такому не кому пережить. !!!
@saltanatsalta4126
@saltanatsalta4126 Жыл бұрын
Биздин Президентимиз бос болганыма? Неге аскердеги жагдай оршигип бара жатыр? Неге , неге, неге?😢
@user-ze4kl4lg9c
@user-ze4kl4lg9c Жыл бұрын
Армияға жібермеңдер ағайын
@muslimbaigoja8202
@muslimbaigoja8202 Жыл бұрын
біз бала кезімізде ауғаннан кара яшикте сарбаздар майіті келетин еді..не сумдық оз елде соғыссыз жерде олиммен кержатр.
@user-pg2ye1eg1l
@user-pg2ye1eg1l Жыл бұрын
Әскерге осыдан кейін калай балаларымызды жиберемиз
@user-dp2tt9pq5q
@user-dp2tt9pq5q Жыл бұрын
Алла сабыр берсин.
@user-qv4xi1vb6f
@user-qv4xi1vb6f Жыл бұрын
ай сайын бир бала олед не сумдык
@balpow2875
@balpow2875 Жыл бұрын
Жаны жәннатта болсын
@user-cl6fs2kk5b
@user-cl6fs2kk5b Жыл бұрын
Осы жактан Актобенин баласы да кайтыс болдыго. Менингит деп жаба салды, хотя усти жырык, когерген. Армияда не болып жатканын бир Алла биледи. Алла алдарынан жарылкасын. Жандарын жаннатта болсын.
@user-ir1jg6xu4g
@user-ir1jg6xu4g Жыл бұрын
😢😢Иманы жолдасы болсын
@balzhanbakhtiyarova4570
@balzhanbakhtiyarova4570 Жыл бұрын
ҚАЗІР СТАВКА ,КАЗИНО,БУКМЕКР ҚИЫН БОЛЫП ТҰР.
Су тасқынынан кейінгі Құлсары
7:17
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 10 М.
NO NO NO YES! (40 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:27
PANDA BOI
Рет қаралды 81 МЛН
In 10 Minutes This Room Will Explode!
10:00
MrBeast
Рет қаралды 44 МЛН
How to Sneak Make Up Into Class 💄 #shorts
00:30
BubbleBee
Рет қаралды 15 МЛН
ҚАЗАҒА ҰЛАСҚАН ҚОНАҚАСЫ
3:57
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 570 М.
Информбюро 26.04.2024 Толық шығарылым!
23:45
Информбюро 31
Рет қаралды 67 М.
АТЫРАУ ҚҰЛСАРЫ
12:23
Рысбала Икрамбай
Рет қаралды 108 М.
“НАЗАРБАЕВ МҰНАЙДЫҢ БУЫНА МАС БОЛДЫ”
35:47
ADYRNA ULTTYQ PORTALY
Рет қаралды 44 М.
NO NO NO YES! (40 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:27
PANDA BOI
Рет қаралды 81 МЛН