Әскерге сап-сау кеткен жігіт 8 айдан соң ауруханадан бір-ақ шықты

  Рет қаралды 2,128

Информбюро 31

Информбюро 31

9 ай бұрын

Жамбыл облысында әскерге кеткен сарбаз сегіз айдан кейін ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Жақындарының айтуынша, соққының салдарынан ұлдарының қабырғасы сынып, бауыры ісіп кеткен. Ең сорақысы, бұл істі жылы жапқысы келген әскерилер туыстарына тіс жармастан сарбазды ауруханадан алып шығып емшілерге апарған екен. Баласына ем іздеген ана мұңын әріптесім Бауыржан Жақсымбет тыңдаған еді.
Шырылдаған ана шала жансар күйде жатқан ұлының жағдайын ойлап күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Қазан айында Жамбыл облысындағы 91/678 әскери бөліміне отан алдындағы борышын өтеуге кеткен ұлы Ерлан Бекеевтің маусым айының басында ауырып жатқанын естіген. Әуел баста құлап қалдым деген сөзіне сеніп жүре бердік деген Гүлжәмилә Бәйленова кейіннен жағдайының нашар екенін сол жақта тұратын туысынан естіген. Нәр татудан қалған ұлым да кейін әскери бөлімдегілердің аяусыз соққыға жыққанын мойындады дейді. Ал, ұрған кісілер ұлымды әбден қорқытып тастаған деп отыр.
ГҮЛЖӘМИЛӘ БӘЙЛЕНОВА, сарбаздың анасы:
- Үш жылдық контрактідегі сержант баламды ұрған. Басынан тепкен, ішінен тепкен. Баланы сөйтіп қорқытқан. Сенің әлі 4 айың бар қазір 8 ай өтедің. Егер айтатын болсаң қалған төрт айыңда саған азап беремін. Военный билет бермеймін характеристикаңды жамандап жазып берем деген баланы қорқытқан.
Бапкер болғысы келген ұлым жоғарғы оқу орнына түсе алмай қалды дейді анасы. Бүгінде әскерге барғандарға оқуға түсу мүмкіндігі қарастырылғанын естіп, бірден өз еркімен отын қорғауға кеткен болатын деп отыр. Тіпті, соңғы уақыттарда 5 жылға келісіммен әскерде қалуды да көздеп жүрген еді дейді. Бірақ, аяусыз соққыдан кейін жағдайы нашарлап кеткен. Ал, әскери бөлімдегі ақ халаттылардың қолынан емдеу келмеген соң, қызметкерлердің емшілерге апарғанын айтады.
НҰРДӘУЛЕТ БЕКЕЕВ, сарбаздың ағасы:
- Операция жасауға болмайды деп өздері емшіге апарады баланы. Емшіге апарса бастан сотрясения алған, үш қабырғасы сынған баланың, өті қозғалған, бауыры ісіп тұр деген. Бала жазылмағаннан кейін, баланың жағдайы төмендей бастағаннан кейін Таразға ауыстырады.
Жамбыл облысындағы ауруханалардан ем таппаған жандар оны Алматыға ауыстыруға келіседі. Бірақ, анасы жағдайы мүшкіл баланы қазір Жаркент пен Алматының арасында ары-бері сүйреп әбден мезі қылғанын айтып отыр. Ас батпаған бала әбден қалжыраған дейді. Ал, қорғаныс министрлігінің мамандары болса, Ерлан Бекеевті ешкім ұрып-соққан жоқ деп отыр. Тек кезекшілікте тұрған кезде басын ұрып алған дейді.
РАХАТ ТЮЛЮБАЙ, Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы басқармасының аға офицері майоры:
- Қатардағы жауынгер Ерлан Бекеевті ешкім ұрып-соқпаған. Бұл біріншіден. Осы факті бойынша Тараз горнизоны әскери полиция өкілдері тексеріс өткізді. Тексеріс барысында билігін асыра пайдалану фактісі де орын алған жоқ. Және де ұрып-соқпағаны дәлелденді. Себебі, компьютерлік томографияға түсіру барысында потологиялық көрініс анықталған жоқ бұл жерде. 05:43 Кезекшілікте тұрған кезде ұрып алған деген бар. Басын соғып алған кезекшілікте тұрған кезде.
Әбден қалжырап жатқан ұлын өз көзімен көрген Гүлжәмилә Бәйленова мұнымен келіспейтіндігін жеткізді. Ешкіммен қақ-соғы жоқ жігітке осыншама қиянат жасағандар заң алдында жауап беруі тиіс дейді.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 5
@user-zx4in4uo1h
@user-zx4in4uo1h Күн бұрын
Отанымызды кімге сеніп тапсырамыз, жағдай осы. Бір бірімізді, ұру соғу, қорлау. Анадан туған жоқсыңдарма. Ата-аналарыңның басын төрге сүйреудің орнына есікке сүйреп жүрсіңдер мына қылмыспен
@user-td9tg3cr8q
@user-td9tg3cr8q 2 сағат бұрын
Сабаган сержанттарды устап алып оларды сабау керек
@user-sb5ec9eu5s
@user-sb5ec9eu5s 5 күн бұрын
Будан кыиын калаи жбересын
@user-ue2db5bk2m
@user-ue2db5bk2m 3 сағат бұрын
Өкінішке орай Қазақстанда ғана бар сарбаз кезекшілікте тұрғанда басын ұрып алады да сол басын ұрғаннан қабырғасында сындырып бауырына зақым келеді. Ондай жағдай тек біздің елде ғана кездеседі.
@user-zx4in4uo1h
@user-zx4in4uo1h 2 сағат бұрын
Тұра салады, құлай салады, сосын арғысы белгілі. Аллдан қашып құтылмас, адамнан қашқанмен, өтеуі ауыр болады кейін
КИРПИЧ ОБ ГОЛОВУ #shorts
00:24
Паша Осадчий
Рет қаралды 6 МЛН
О, сосисочки! (Или корейская уличная еда?)
00:32
Кушать Хочу
Рет қаралды 3,4 МЛН
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 118 МЛН
Байзақтағы жарылыс: 2 сарбаз сотталды
4:23
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 8 М.
Информбюро 14.05.2024 Толық шығарылым!
24:47
Информбюро 31
Рет қаралды 39 М.
Шымкентте көпқабатты үйлер қисайып барады
3:20
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 242 М.
КИРПИЧ ОБ ГОЛОВУ #shorts
00:24
Паша Осадчий
Рет қаралды 6 МЛН