Рет қаралды 2,792
6-Сұрақ: Мұсылман дінде не нәрсеге иман келтіру керек?
Жауабы: Аллаға, періштелерге, кітаптарға, елшілерге, қиямет күніне және тағдырға иман келтіру керек. Сондай-ақ, Құран мен сүннетте келген хабарлардың барлығына иман келтіру керек. Алла Тағала сөзінде: {Игілік тек жүздеріңді шығыс пен батысқа бұруларыңда емес, бірақ игілік - кім Аллаға, Ақырет Күніне, періштелеріне, кітапқа және пайғамбарларға иман келтірсе...} (Бақара, 177).
Басқа аятта: {Расында, біз әрбір нәрсені тағдырмен жараттық} (Қамар, 49).
Алла елшісі ﷺ: "Иман ол - сенің Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің", - деді.
Басқа аятта: {Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне күпірлік келтірсе, сонда тым ұзақ адасты} (Ниса, 136).
Басқа аятта: {Шын мәнінде, мүминдер олар Аллаға, Елшісіне иман келтіріп, сосын күдіктенбегендер...} (Хужурат, 15).
Хадисте: «Мухаммадтың жаны қолында болған (Алламен) ант етейін, осы үмметтен қайсыбір яһуди болсын не христиан болсын, мені естіп, менімен жіберілгенге иман келтірмей өлсе, ол міндетті түрде тозақылардан болады». (Хадисті Муслим жеткізген).