Қазақтың жерасты байлығы қайда кетіп жатыр? | Байлықты үстіндегі өмір қандай? | ЕҢБЕК АДАМЫ #18

  Рет қаралды 13,850

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

Күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: Мақсат Мантеев - инженер.
Қазақ жерінің асты мен үстінде де байлық көп. Бірақ, сол байлықты игере білу қажет. Мысалға, газ қорлары бойынша Қазақстан әлемде 22-ші орында. ТМД-да Ресей мен Түрікменстаннан кейінгі үштікті түйіндеп тұрмыз. Республикада өндірілетін газдың құрылымы негізінен ілеспе мұнай газы болып табылады, Қазақстанның табиғи газ және газ конденсаттық кен орындарына Амангелді және Шағырлы-Шөмішті кен орындары жатады. Жалпы, Қазақстандағы газ өндірудің 90 пайызын Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз және Жаңажол жобалары қамтамасыз етеді. Бүгін біз Жамбыл облысының орталығы, көне шахар Тараздан 165 шақырым жерде орналасқан Амангелді газ конденсаты жайлы баяндамақпыз. Нақтырақ, сол кен орынында еңбек етіп жүрген инженер Мақсат Мантеев бүгінгі кейіпкеріміз.
Қазір Қазақстанда жаратылыстану бағыты бойынша мамандар аса қажет. Сол себепті де, жыл сайын техникалық мамандықтарға гранттың саны еселеп көбейіп жатыр. Әсіресе, инженерліктің иірімдерін игерген, білікті кадрлер керек. Инженер - ғылым мен формуланы практикалық тұрғыда ұштастыра білетін білім иесі. Бүгінгі кейіпкер Мақсат та инемен құдық қазғандай білім алды, сол білімін елдің игілі үшін қазба жұмыстарында пайдаланып жатыр. Өз үздік қызметкер атанған. Әке көрген оқ жонар деген емес пе?! Мақсаттай әкеге қарап өскен ұлдың да мақсаты инженер болу.
Жалпы республика бойынша 79 газ өндіруші компания бар. Оның ішінде шамамен 23 компания газды ішкі нарықты және экспорттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ транспорттық жүйеге өткізеді. Тәуелсіздік алған тұста, яғни, 1991 жылы газ өндіру тек ішкі нарыққа жолданатын. Сол кездегі әлеует 7,9 млрд. метр кубқа жеткен. Қазіргі таңда жаңа газ тұтынушы жобалардың іске қосуылуы және жэаппай газдандыруды ескере отырып, қажеттілік 10 млрд. Метр кубқа ұлғайды. Болжам бойынша елдің ішкі нарығындағы тұтыну өсетін болады және 2025 жылға қарай 25,7 млрд. метр кубке жетеді. Демек, сол межені еңсеру үшін бізде Мақсат Мантеев сияқты есепке епті, технологияның тілін жетік меңгерген білікті инженерлер қажет. Дамыған елдердің көшінен қалғымыз келмесе жасөспірімдердә инженерлікке икемдеп, иглігін жеткізе бісек игі.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: ...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 61
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 6 ай бұрын
Өзіңдей азаматтар көп болсын
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 6 ай бұрын
Жарайсың Нартай
@КанатКуттыбаев-ж6э
@КанатКуттыбаев-ж6э 5 ай бұрын
Жарайсың Мақсат бауырым! Еңбегің жемісті болсын!
@Ботакөз-й2т
@Ботакөз-й2т 6 ай бұрын
Еңбектерің бағалана берсін
@КуанышОсманов-и9е
@КуанышОсманов-и9е 6 ай бұрын
Нартай бауырым тоқыма Алла қуат берсин.Адал балаларың қызығын көріп байлығымыз барша қазағыма бұйырсын бірге қуанып жүруге Алла нәсіп етсе басшыларды қыспаққа алабериңдер
@Ботакөз-й2т
@Ботакөз-й2т 6 ай бұрын
Мықты азамат мақсат
@БауржанНуртазин-и6ь
@БауржанНуртазин-и6ь 6 ай бұрын
Шығыста Зайсанда газ мұнай көмір шығады.Ал ауылдарда газ жоқ.Көмір өте қымбат, тоннасы 27-мың теңге.Байлықтың үстінде жалаңаш отыр деген осы да..
@АйнагульХасенова-к9з
@АйнагульХасенова-к9з 5 ай бұрын
Нартай мырза осындай жұмыс түрің, қарапайым адамдарды көрсеткен дұрыс
@ГульбаранДалдыбаева
@ГульбаранДалдыбаева 5 ай бұрын
Нартайды министр гып сайлау керек Нартай жумысында токтатпа балам жолын АК болсын деп тылеимыз.
@Gkhanww
@Gkhanww 5 ай бұрын
Еңбекқор азаматтар, Жасасын ✊🏼
@Ботакөз-й2т
@Ботакөз-й2т 6 ай бұрын
Еңбек адамы фильміжан жақты адал еңбек адамдарын көрсетуде мықты
@Джурсункуль
@Джурсункуль 5 ай бұрын
Қарапайым еңбек адамдарының іс-әрекетін халыққа таныстыруда Аралбайұлының еңбегі жемісті болсын. Мақсат Алшынбекұлының жоғары оқу орнын бітіргеннен бері қарайғы 20 жылдық еңбек жолы, өсу жолындағы әр қадамы маңдай терімен жүзеге асып жатқаны аян. Ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар жанның адал еңбек жолы көрініс берген. Ұжымдастарына табыс тілеймін. Отбасы аман болсын
@Ботакөз-й2т
@Ботакөз-й2т 6 ай бұрын
Біз бай елміз
@Almass1984
@Almass1984 6 ай бұрын
Мақсат, жарайсын👍✊
@NurkozyMarkhabatov
@NurkozyMarkhabatov 5 ай бұрын
Маке, еңбегің жана берсін!!
@Ботакөз-й2т
@Ботакөз-й2т 6 ай бұрын
Ораза қабыл болсынағайындар
@АйгулМантеева
@АйгулМантеева 5 ай бұрын
Жарайсын, бул менин иним. Сендей бауырым барына Аллага шукир. Буданда биык шындардан корин
@ГалымжанНускабаев-ж9и
@ГалымжанНускабаев-ж9и 6 ай бұрын
Мойынқұм ауданы жерінде газ шығады Амангелді газ. Бірақ Мойынқұмда газ жоқ Көмір жағамыз тоннасын 29,30 мыңнан сатып алып Сексуалды запрет қылды. Мойынқұм ауданы Жамбыл облысының 40 пайызын алады. Ауданда не өндіріс жоқ не егіншілікке су жоқ . Жастар және басқа тұрғындарда бәрі қалаға көшіп кеттіп жатыр
@AsemAdil-s8x
@AsemAdil-s8x 6 ай бұрын
👍👍👍
@ЖанарЗаманбек-д5м
@ЖанарЗаманбек-д5м 6 ай бұрын
Өзің сеиақты білімді азаматтар көп болсын.
@azatnurgaliuly4651
@azatnurgaliuly4651 6 ай бұрын
IT саласындағыларға осылай репортаж жасасаңыз керемет болар еді
@icyjamicyjam
@icyjamicyjam 6 ай бұрын
бұл байлықтан бізге не пайда? қарап отырып жынын келеді!. өзімізге пайдасы жоқ байлыққа не қуанамыз? қазақтын қайыр сұрап жүргеніне ешкім ұялмайдыма?
@ЕрланСапишев
@ЕрланСапишев 5 ай бұрын
Окыу керек билим керек
@omirzakmusalimov2102
@omirzakmusalimov2102 6 ай бұрын
Нартай баурымызды президентике сайлаукерек,агаиын...
@Ерлан-ь4й
@Ерлан-ь4й 5 ай бұрын
Президент керек емес , МҰХТАР ҚАБЫЛҰЛЫ АБЛЯЗОВ БАТЫРЫМЫЗ КЕЛСЕ !!! ПАРЛАМЕНТІК РЕСПУБЛИКА ҚҮРУ КЕРЕК , АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН !!!
@САҚ-г3к
@САҚ-г3к 6 ай бұрын
Қазақ❤тың байлығы қайда кетіп жатыр⁉️.....
@АкмаралМуратова-ю5з
@АкмаралМуратова-ю5з 6 ай бұрын
Расымен Қазақстан жері сондай бай болғанымен, азамматтары сондай бейшара өмір сүреді! Неге? Бір неміс ғалымы айтқандай Қазақ жері сондай байлығымен кішкене 15-18млн адам шалқып тұруға болар еді деп! Сонда сұрақ - біздер неге сондай бейшара болып өмір сүреміз? Неге ел басқаратын депутат, президент, бәрі шалқып тұрады да қарапайым халыққа ештеңе жетпейді? Еңбек адамы бәрін жасаса да өзі сол еңбегі үшін тиын алады да, ал депутаттар ұйықтап отырып еңбек адамынан көп ақша алады? Неге сондай әділетсіздік?! Қазақстанда қашан жемқорлық жойылады? Өз азаматтарын, елінің болашағын ойлайтын ел басы қашан келеді екен?!
@БауржанНуртазин-и6ь
@БауржанНуртазин-и6ь 6 ай бұрын
Өте дұрыс айтасыз
@Ерлан-ь4й
@Ерлан-ь4й 5 ай бұрын
100 % Оте дүрыс айтасың Бауырым !!! Бай Мемлекете Түрып Кедейдің Күнін Коріп Жүрміз Қушиып Аш Жалаңаш 😢😢😢
@АрманСериков-д9ш
@АрманСериков-д9ш 6 ай бұрын
Ин ша Алла .Алладан дұға етем сізді президент болуымызды еліміздің.Нартай.Мақсат . Сияқты 20 шақты ағаларымыз жасаса биікте әлі жана қазақстан болар еді. Сендердін парламентте сөйлеген сөздерінің ді тындасам жана қазақстанның иісі шығады.
@СанзираСоветова-д1п
@СанзираСоветова-д1п 6 ай бұрын
Қайда кетіп жатыр
@ДадажонАлимов
@ДадажонАлимов 6 ай бұрын
Табилмагани жакси болар еди балдаримиска калатин казирги жемкорлар сатип жибереди.
@dinmuhammetraimbekov7634
@dinmuhammetraimbekov7634 6 ай бұрын
Енбек адамы онтустке келіп диқандарды тусірсең жақсы болар еді. Қалаи қиналып жумыс істеп жургенін көресің. Ескі техника шаршаған. Дамыған отыз елдің ішінде алі ат ешекпен соқа аидап жур диқандар
@АйболАйбол-ж4ж
@АйболАйбол-ж4ж 5 ай бұрын
Сол баилық қаида кетіп жатыр .
@ХатираСатилдиева
@ХатираСатилдиева 5 ай бұрын
Байлыкты игеру нагыз казах жигиттерине берилу керек.Диаспоралардын колындагы байлык кендерин улттык-мемлекеттик ету керек.
@jas_z693
@jas_z693 5 ай бұрын
Нартай, газ қоры бойынша Қазақстан 22-ші орын емес 15-ші орында. Ол жалған ақпарат.
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 6 ай бұрын
Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей
@НурболТурниязов
@НурболТурниязов 5 ай бұрын
Қазақстанда еңбек етсең ерінбей.Тояды бастықтардың қарны тіленбей.
@АмирДулат-б9н
@АмирДулат-б9н 6 ай бұрын
Нартай мен сол Амангельды газ жұмысқа орналас сам екен деп жургем. Озим жоғарғы билим бар "мұнай және газ". Озим туыс иним истейди, сол бауырымга аиттым жұмыска орналассам жақсы болар еди, жарайды деди. Бир жыл отти еки, үш жыл отти, сонда туыс инимнен сұрадым бола болмадыма деп. Суйтсем ол иним мен туралы мүлдем ешкимге айтпа ған, сойлеспеген. Мен болсам кутип журмин, иним баргой сол кампания да истейди, маған жолын айтады деп. Корелмйды, төмен болсын деп ойлайды. Ол жака жумыска орналасу мумкин емес, тек қана туыс, таныс, взятка арқылы.
@Калдыбай-и8ъ
@Калдыбай-и8ъ 5 ай бұрын
Хозяиндар шет елдик неге казба баилыкпен мактанамыз есек басышет
@БаратЕрубаев
@БаратЕрубаев 5 ай бұрын
Әлем дамып жер бетіндегі сумен жүретін көлік жасап, күнмен жарық энергия алып жатса біздің ел әлі жерастымен алысып жүр осыдан соң қалай дамиды екенбіз? Жетібайдағы қаражұмысшылар соған щулап
@ОоБб-к9ц
@ОоБб-к9ц 5 ай бұрын
Қызылорда облысында Қытай елінің, бұрғылау компаниясы бар Ұлы қабырға деген, сол компания Тараз облысының Аманкелді кен орнына бұрғылау жұмыстарын жүргізуге келеді екен, егерде келіп жұмыс жасайтын болса,Тараз қаласының 100% жергілікті жұмысшыларын жұмыспен қамту керек. Қызылорда облысының бірде бір жұмысшыларын жұмыс жасауға жол бермеу керек. Болмаса Тараз қаласынан компаниясын ашып, жергілікті бюджетке қаржысын салсын.
@Ботакөз-й2т
@Ботакөз-й2т 6 ай бұрын
Таразла амангелді кенторыны бар екенін көп адам біле бермейді
@ЭльмираАлимкулова-к2т
@ЭльмираАлимкулова-к2т 6 ай бұрын
🤗🙏🙏🙏👍
@medetbatyr9082
@medetbatyr9082 6 ай бұрын
Маңғыстауға келіп неге тексермейсіңдер
@Дулат-к5й
@Дулат-к5й 5 ай бұрын
Осыны әлгі жаңа Қазақстанның президентіне көрсетсеш .
@Гражданин-п7д
@Гражданин-п7д 6 ай бұрын
Мына жігіттер қазақтың ң деген дыбысын айта алмайтын мәңгүрттер екен. Осындай мәңгүрттерден сұқбат алмай - ақ қойсаңыз өтініш!
@Ерлан-ь4й
@Ерлан-ь4й 5 ай бұрын
ОСЫ БАЙЛЫҚТАР ҚАЙДА КЕТІП ЖАТЫР ! ? ..... БАЙМЕМЛЕКЕТЕ ТҮРЫП КЕДЕЙДІҢ КҮНІҢ КОРІП ЖҮРМІЗ , АШ ЖАЛАҢАШ БОЛЫП 😢😢😢
@AsemAdil-s8x
@AsemAdil-s8x 6 ай бұрын
Мен 1ші
@назираАлтыханова
@назираАлтыханова 5 ай бұрын
Кытайга вагон вагон кымбат метал кетип жатыр дейди неге соны пайдаланып Бир мыкты кару шыгармайды
@КарлыгашМыршаева
@КарлыгашМыршаева 5 ай бұрын
От
@КанагатНур-Мухаммед
@КанагатНур-Мухаммед 5 ай бұрын
Рассияға кетіп жатыр, қазақтың қолына байлық жұқпаған, біздің елде, ол не екенін біле бермейді
@AidosKuandyk-du2ub
@AidosKuandyk-du2ub 6 ай бұрын
5
@АйбарІзбасар-у2х
@АйбарІзбасар-у2х 6 ай бұрын
Тенгизге кел адасасын
@Дико-щ4р
@Дико-щ4р 5 ай бұрын
Сен сиякты Алаяктар Халыкты алдап, ойын баскага бурып жургенде,уйымдаскан кылмыскер курбыларын жер байлыгын сатып, Елым Жерым деген Азаматтарды куртып алек.
哈莉奎因怎么变骷髅了#小丑 #shorts
00:19
好人小丑
Рет қаралды 50 МЛН
Жер қалай пайда болды? | #идея #география
53:30
Ресейдің оқ-дәрісі де азайды
16:43
Ойтүрткі
Рет қаралды 19 М.