Құмырсқа-қырғын. (әңгіме) Мұхтар Мағауин.

  Рет қаралды 648

Қабілеттің аудио арнасы

Қабілеттің аудио арнасы

Күн бұрын

Мұхтар Мағауиннің «Құмырсқа-қырғын» әңгімесі хақында
Мұхтар Мағауин қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан, жазу стилі ерекше жазушы. Көсемсөз шеберлігі мен тарихшылдығын бірлікте ұстаған әдебиет зерттеушісінің шығармалары әрқашан жоғары бағаланып, «Аласапыран», «Шақан шері», «Қалмақ аруы», «Тазының өлімі», «Шыңғыс хан» секілді түрлі тақырып пен идеяны қозғаған бірқатар шығармалары өз оқырманын тауып жатады.
Өз басым Мұхтар ағаның шығармаларын сүйіп оқимын және кеңес сұраған оқырмандарға бірінші ұсынамын. М.Мағауин шығармаларына қызығушылығым студент кезімде басталды. Әдебиеттанудан дәріс оқитын оқытушыларым Мұхтар Мағауин шығармаларының түп-төркіні, идеясы, тақырыбы мен одан түйетін ойды мықтап саралап, санама сіңірген сияқты. Содан бері, М.Мағауинді сүйікті жазушыларымның алдыңғы қатарына қостым. Мектеп қабырғасында «Бір атаның балалары» әңгімесімен таныс болып, шығармаларын оқи келе, әр туындының негізінде белгілі бір саясат, идея, заман мен қоғамның тыныс-тіршілігі, тарихпен астасқан зор дүние жатқанына көзім жеткендей болды.
Қарымы бөлек, қаламы жүйрік жазушының «Құмырсқа-қырғын» әңгімесі туралы сөз қозғағанды жөн көрдім.
Кейіпкер жаңа қонысқа көшіп келіп, бір керемет құбылысқа тап болады. Ол үйдің алдыңғы қожайынының айтуы бойынша осыдан 50-100 жыл көлемінде осы аулада мекен еткен қоңыр құмырсқалардың илеуі. Құмырсқалардың табиғаттағы өзіндік ерекшеліктері мен бау-бақшаға пайдасын, осынша жылдық тарихын ойлай келе кейіпкер илеуді бұзбай, сақтап қалуға бекінеді. Осылайша, үйінің жанындағы осындай кішкентай тіршілік иелерін бақылауға кіріседі. Бұлардың да өзінше бір мемлекет болып, өзінше бір қым-қуыт тірлікте біте қайнасып жататынын, жұмысшы тап пен жайбарақат өмір сүріп жатқан қамсыз тап болып бөлініп, өз беттерімен тіршілікке бой ұрғанын баяндайды.
Содан аяқасты терістік бетте пайда болған қара құмырсқалардың жайбарақат, ешкімге тиіспей жай жатқан қоңыр құмырсқаларға шабуылын байқайды. Қара құмырсқалардың біріге күресіп, қоңыр құмырсқаларды сұлатып түсіргенін, сол кездегі қоңыр құмысқалардың бірлікте жиналмай өз беттерімен кезуін автор соны суреттермен сиапттайды. Біразға дейін созылған осы майданда кейіпкер өзінің күшін қолданғысы келіп, бірақ соңын күте тұруға бекінеді.
Ендеше, оқиға қалай аяқталарын білігіңіз келсе, шығарманы оқып шығыңыз!
Жұлдыз Мұхаметжанова
кітапханашы
‪@Khabilet‬

Пікірлер: 3
@Айттай
@Айттай 28 күн бұрын
Керемет кеңістік!,
@КазбекОзбаев
@КазбекОзбаев 28 күн бұрын
Жарықтықтың аруағы, жұмақта болсын!
@Khabilet
@Khabilet 28 күн бұрын
Әмин!
Құмырсқа- қырғын (әңгіме) 2-бөлім Мұхтар Мағауин. @Khabilet
22:01
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 263
It works #beatbox #tiktok
00:34
BeatboxJCOP
Рет қаралды 41 МЛН
coco在求救? #小丑 #天使 #shorts
00:29
好人小丑
Рет қаралды 120 МЛН
Support each other🤝
00:31
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 81 МЛН
Қанды балақ (әңгіме). Бақытбек Бәмішұлы @Khabilet
25:12
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 380
ШАТА. #аудиокітап #әңгіме
17:27
Тыңда FM
Рет қаралды 4,6 М.
Пышан (Хикая). Серік Әбікенұлы @seriksarybay @Khabilet
30:00
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 2,6 М.
It works #beatbox #tiktok
00:34
BeatboxJCOP
Рет қаралды 41 МЛН