Күшті жігіт күшті күйеу емес! / Kitapal podcast #8

  Рет қаралды 29,636

Kitapal

Kitapal

Жыл бұрын

Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов кітап оқушының көзінде махаббат деген не екені жайлы сұхбаттасады.
Тайм-кодтар:
00:10 Кіріспе
03:00 Ең ұлы сезім
05:20 Махаббат тілі
09:50 Сезімге сараңдық
11:40 Махаббат жауапкершілік
14:15 Басқаның махаббатына қызықпа!
15:10 Адам сенімсіз нәрсесін көпке көрсеткісі кеп тұрады
16:20 Даниярдың махаббат тілі
17:30 Жүрекке әмір жүреді
21:00 Жүректің мәні
25:15 Шұғаның белгісі
27:00 Махаббат қызық мол жылдар
28:20 Тым әсіреленген махаббат
29:00 Мартин Иден, Шагреновая кожа, Великий Гэтсби
34:20 Жаңақорғандағы жанкешті ғашық
35:10 Арақтың қасиеті
35:40 Қызды мақсат қылма!
37:00 Қосылатын ғашықтар туралы кітап керек!
38:30 Қалыңмал
40:00 Абай жолы
40:40 Жармақ
43:00 Корей фильмі
46:20 Жапон әдебиеті
46:40 Көңілдесі үшін әйелін өлтірген кейіпкер
48:40 Басқаға кетсе де іштей бірге қалған ғашықтар
50:45 Ұмытпасаң, бақытсыз боласың
51:30 Жиіркену де жақсы
52:50 Пайғамбар махаббаты
57:30 Кітап оқитын адам таңдаңыз
1:02:40 Кармен
1:03:30 Күшті жігіт күшті күйеу емес!
1:04:40 Қорытынды
Daniyar: / dzhigitbek
Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
Шразаддин Каниязов / shrazadddin
Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: cutt.ly/r3WbFLA
Kitapal instagram: / kitapal.kz
Telegram: t.me/kitapall
TikTok: / kitapal_house
#kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

Пікірлер: 301
@AlgabekTamada
@AlgabekTamada Жыл бұрын
Кітаптың арқасында менің туысқан ағам өз жарын тапты. Ол кезде мен студент едім. Өзімнің группамда тәрбиелі группалас қыз болды. Осы қызды қалайда жеңге жасау керек деген мақсат болды менде. Ол қыз кітап оқығанды жақсы көреді және жиі сол тақырыпта әңгімелесеміз. Бір күні Ілияс Есенберлиннің "ғашықтар" деген кітабын оқығанымды, ол жерде қызық оқиғалар суреттелгенін айтып қызықтырдым. Группаласым, -маған берші, оқып болғасын менде оқиын, деді. Осы сәтте пайдаланайын деп, кітап оқымайтын ағама кітап оқыттырдым. Оқып болғасын, группаласыма паркте кітапты беретін болып келістік. Бірақ мен бір шаруалармен бара алмайтынымды орныма ағам алып баратын болды. Сосын екеуі кездескен, кітапты берген, кітап туралы әңгімелескен. Ойлары бір ортадан шыққасын кафеге барып шай ішіп, нөмер алып кездесіп қазір үйлі-жайлы бала-шағалары бар. Кітап оқу арқылы танысу деген осы емес пе? 🙂😊
@azamatorynbasar6659
@azamatorynbasar6659 Жыл бұрын
Мәссәған керемет екен 😊
@user-te1zk8dt9k
@user-te1zk8dt9k Жыл бұрын
😅
@mereyseydulla495
@mereyseydulla495 Жыл бұрын
Не деген керемет 😍😍😍👏👏👏
@Zhasmin_wr
@Zhasmin_wr Жыл бұрын
Күшті😍😍
@kitapal
@kitapal 10 ай бұрын
Сәлеметсіз бе! Үздік пікір қалдырып, кітап ұтып алдыңыз🎉 Құтты болсын! 87775722233 номеріне "Үздік пікір қалдырып кітап ұттым" деп жазып жіберіңіз❤
@user-js6kn3qb1t
@user-js6kn3qb1t Жыл бұрын
Шразаддиннің айтқаны:"Жақсы жігіт жақсы күйеу деген емес, жақсы қыз жақсы әйел деген емес''. Ойландырды👍
@user-xf3dy5gx7o
@user-xf3dy5gx7o Жыл бұрын
Жар таңдағанда, болашақ жарыңыздың кітапқа деген қызығушылығы болса қандай керемет иә? 😍 Бірге дамисыз, тек қана асқазанның қамын ғана ойламай, рухани да азықтанып жүресіз. Елестетіңізші, екеуіңіз саябақта отырып, айына кем дегенде бір шығарма талдайсыз. Бір жылда он екі кітап. Бес жылда 60 кітап. Жүзге жуық кейіпкерлер, түрлі көзқарастар, сан қилы тағдыр бір жұптың ортасында талқыға түседі. Сол арқылы өз ара мейірім артады. Жарыңыздың жанын терең бойлайсыз, үнсіз түсінесіз. Бақытты сәттің бірі осы емес пе? ☺️
@elprofessor5195
@elprofessor5195 Жыл бұрын
Сондай қыздар бар ма екен?!😅 Бар болса бір жолықсайшы
@ruslankyzy
@ruslankyzy Жыл бұрын
иә, пікіріңізді оқып, елестетіп отырмын ғой, әдемі сипаттапсыз🙌🏻
@user-qe3kr3xx1x
@user-qe3kr3xx1x Жыл бұрын
🔥Ең үздік коммент👍👍👍
@khadishon
@khadishon Жыл бұрын
“Жауапкершілік бар жерде ғана махаббат болады” 👍😍
@user-ll2du1lr7x
@user-ll2du1lr7x Жыл бұрын
Толық көрмей тұрып лайк басатындар біз біргеміз❤️
@smailbaibolatuly
@smailbaibolatuly Жыл бұрын
@just.callmeusa
@just.callmeusa Жыл бұрын
ютуб алгоритмі ондай лайкты қабылдамайды. яғни, продвижение болмайды. соңында басуға тырысыңыздар
@Janibekbxt
@Janibekbxt Жыл бұрын
Критические мышлениені дамыту керек. Выпускті көріп болып ұнаса немесе орынды болса поддержать ету қажет. Авторды танығандықтан немесе сенгендіктен емес. Әр бір адам қателесуі, әр бір выпуск оншамес шығуы мүмкін. Ал бүгінгі подкаст лайкқа тұрарлық
@elprofessor5195
@elprofessor5195 Жыл бұрын
Санжар Керімбай ағамыздың "Махаббаттың мәні" деген кітабы махаббат туралы кітаптардың төресі🔥
@Togzhan1987
@Togzhan1987 Жыл бұрын
Мен болашақ жарыммен танысып үйге келгенде анама былай деппін:” Мама, сондай жігітпен таныстым!!!! Қандай? Мен оқитын кітаптарды оқиды екен”😅😅😅 Биыл үйленгенімізге 8 ші жыл. 2 қызымыз бар! Бәрі кітаптан басталады екен❤
@user-oh8vy2ud8p
@user-oh8vy2ud8p Жыл бұрын
😂😂😂😂
@user-oz6ww2ve2r
@user-oz6ww2ve2r 28 күн бұрын
Мен бірыңғай кітапты кітап алдан алам. 😊ма ша Аллаһ жазушыларға , сол кітаптың шығуына себепші болып жүрген жандарға Аллаһ сәттілігін берсін, мол сауаптан жазсын
@user-ur4gx4ng1h
@user-ur4gx4ng1h Жыл бұрын
Мирас мырзаның әңгімелері қызық екен))
@toi_dastyry
@toi_dastyry Жыл бұрын
Любовь к книге - это особый вид привязанности, который может охватить душу человека. Книга - это не просто набор бумаг и букв, это целый мир, в котором каждый может найти что-то свое, что-то, что коснется его сердца. Человек, который любит книги, знает, что это значит - уйти в свой мир, где все возможно, где можно встретить любовь, приключения, друзей и врагов. В книге человек может познакомиться с историей, философией, наукой, искусством и технологией. Книга - это неисчерпаемый источник знаний, который может расширить кругозор и помочь понять окружающий мир. Любовь к книге может начаться с детства, когда родители читают ребенку сказки и истории перед сном. Потом любовь к книге может перерасти в увлечение, когда человек начинает самостоятельно искать книги по своим интересам. Любовь к книге может стать способом расслабления и отдыха, когда человек уходит в свой мир и забывает о повседневных проблемах. Книга может стать верным другом на всю жизнь. Когда человек возвращается к книге, которую он прочитал много лет назад, он может по-новому взглянуть на свою жизнь и понять, как многое изменилось с тех пор. Книга может помочь человеку научиться мыслить креативно и расширить свои горизонты. Любовь к книге - это нечто особенное и неповторимое. Она может привести к самопознанию и вдохновить на большие свершения. Каждый должен найти свою книгу, которая станет его верным другом и помощником на всю жизнь.
@mokhiraibragimova5559
@mokhiraibragimova5559 Жыл бұрын
Подкаст үшін рахмет. Керемет шығыпты. Келесі шығарылымда "КІТАП және ФИЛЬМДЕР" дің плюс және минустарын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқыласаңыздар жақсы болар еді. Алдын ала рахмет Негізі бұл тақырыпта ешқандай контент таппадым. Сіздер алғашқылардың бірі болсаңыздар керемет болар еді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
@balzhansarsenbay
@balzhansarsenbay Жыл бұрын
Сүюді ешкім оқытпас, Оқытам десе шақыртқыз. Махаббатта жоқ ұстаз, Бәріміз онда шәкіртпіз.
@sytube2790
@sytube2790 Жыл бұрын
Жақсы ой түйін жайлы айтатын болсам. Кітап оқу белгілі бір фильтр тәрізді секілді. Оны иман жолындағы адамдармен салыстыруға болады. Яғни иман жолындағы адамдарға белгілі сенім туатындайды жаман ойы жоқ жақсы адам деген сияқты. Кітап оқитын адамдарды белгілі бір кастаға жатқызсақ болады. Білімді, ақылды, жақсы өмін сүруге ыңтасы бар адам деген сияқты. Ол адам байлыққа да тәубеге де жететін адам екеніне гарант тәрізді. Подкаст дами берсін. Білімді қазақ жастары көп болсын. Марғұлан ағамыз айтқан тәсілді яғни бірінші айналана ортаны дайында және оларға өз тауарынды өткізуге онай болады дей келе осы ағаларымның кітаптары жақсы сатылып. Пайдадан түскен ақшадан одан да үлкен форум бірлестіктер құрыла берсін!
@eskalimeruert4149
@eskalimeruert4149 Жыл бұрын
Үшеуіңіз үш түрлісіздер, соған қарамастан бір-біріңізді өте жақсы толықтырасыздар.👍 Әзіл, ақиқат, ақпарат. Рахмет 👍 соңғы кезде кітап оқу сәті азайған еді, қазір ынтам ұйқыдан атып тұрғандай болдым. Қызықтыра білгендеріңізге үлкен алғыс!
@user-hx9fs7uv4v
@user-hx9fs7uv4v Жыл бұрын
Бисмилляхи Рахмани Рахим Алла разы болсын сіздерге ағалар! Мақсат мұраттарыңызға Аллаһым жеткізсін.🤲
@bektursynchintashev1736
@bektursynchintashev1736 Жыл бұрын
Абай айтпақшы ғашықтық пен құмарлық ол екі жол, бұл екі жолды ажырата алсақ, махаббатта бақытты кейіпкерлерден боламыз деп ойлаймын!
@user-it4yi5cq1p
@user-it4yi5cq1p Жыл бұрын
«Күндіз екеу, түнде төртеу» деген ойға Шразаддин ағаның бірден қарсы келгеніне риза болдым. "Кітапта ондай махаббат бар екен деп алданбаңыздар, екі жақтың бақытсыздығы ғой бұл.Ортадағы баланың психологиясы не болады сонда?" деген ойы ұнады.Шыны керек, мен де үнемі осы пікірде жүремін.Қасымдағы адамдарға "ең ұлы сатқындық сол ойша сатқындық емес пе?" деп қоймай бастарын қатырамын.Шахановтың мынадай тармақтары бар еді: «Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен, Махаббатта одан артық қылмыс жоқ!» Демек, саналы түрде қарасақ махаббат жауапкершілік тудыратын болып тұр ғой.Жауапкершілігі жоқ жанға сүймей, ұрпақ жалғастыру үшін ғана отау құру түк емес. Айтылған ойларыңыз арқылы санада біраз төңкеріс болды.Бұрындары жеке өз басым, махаббат деген ұғымға тек сезім керек деп ойлаушы ем.Тым кіршіксіз, бәрі сен қалағандай бал сезім іспетті көрінетін.Сіздердің сұхбаттарыңыздан кейін ақыл екеуін баланста ұстау керектігін ұғындым.Сол баланс арқылы ғана, шаңырақ көтерген жұптар сауатты өскелең ұрпақ қалыптастырады екен ғой.Бір сәт көз алдымнан қазіргі ажырасу, жетімдік, отбасылық зорлық-зомбылық деген мәселелердің әу бастағы түбірі қайдан бастау алғанын көргендеймін.
@user-qm5le2ix9b
@user-qm5le2ix9b Жыл бұрын
Каракалпакстаннанман Рахмет! Интизарлық пенен кутип тамаша қыламан!
@user-oy5cr2bg5p
@user-oy5cr2bg5p Жыл бұрын
Не үшін үйлену керек , Дайындықсыз үйленбе. Осы екі кітапты әр жас міндетті түрде оқуы тиіс деп ойлаймын. Бүгінгі подкаст та 5 минуттай өтіп кетті, ауыз ашып отырып қалай аяқталғанын сезбей қалдым😅 Қозғалған тақырып өте актуалды ғой біз секілді жастар үшін, алғыс білдіремін👏🏻 Және кітап оқып дамысаң, көзқарас, ойлау қабілет, тіпті ортаң да жақсы жаққа өзгереді, ал жұп-жұп етіп жараттық деген Құран сөзіндей даму жолындағы, жақсы кітап оқитын адамға өзіне лайықты адам табылары сөзсіз
@Bauyrzhan24
@Bauyrzhan24 Жыл бұрын
бұны жазып отқан тұрмысқа шықпаған қыз ба?
@user-gd7st1jp8i
@user-gd7st1jp8i Жыл бұрын
Шразаддин мырза тұнып тұрған кітапхана ғой😃
@Dr.Kerimbay
@Dr.Kerimbay Ай бұрын
Осы кісілердің подкасты ұнайды☺️
@qzrbtr_012
@qzrbtr_012 Жыл бұрын
Рахмет жігіттер сендердің арқаларыңда “кітап” бастадым
@zhanserikkens696
@zhanserikkens696 Жыл бұрын
Кітапты енді бастап жатқан оқырманға “Қызыл Жебе” -ні оқуға кеңес берем өте жеңіл, түсінікті. Автор: Шерхан Мұртаза:)
@shyrailym711
@shyrailym711 Жыл бұрын
Атмосферасы өзгеше 2 ші маусымның шығарылымы бастауы ерекше болды алдағы подкасттар ауқымды қызықты болады деп ойлаймын. Жалпы сіздердің миссияларыңыз кітап оқуды дәріптеу болса бізден әрекет керек сол кезде бір ел бірлікте боламыз.Қазақстанда осындай ел халқы үшін жастардың білімін ой өрісін кеңейту мақсатында кемел адамдардың барына қуантарлық жағдай! Бүгінгі подкасттан маған бір әсер еткен инсайт жауапкершілік болған жерде махаббат болады ия өз ісіңді сүйіп жасағанға не жетсін. Айта кетерлік жәйт алдағы уақытта әлем әдебиетінен кітап талдау болса барынша көрерменге қызықты болары сөзсіз!✨️❤️
@begimova_m
@begimova_m Жыл бұрын
Өте көп күттім сіздерге Алла разы болсын осындай подкасттарынызды күтеміз ❤❤❤
@Bauyrzhan24
@Bauyrzhan24 Жыл бұрын
Отбасы құратын жастарымыз кітап оқитын жандардан болса, еліміз көркейген үстіне көркейіп, дамыған үстіне дамиды....
@aqlimast
@aqlimast Жыл бұрын
Өзіңе қажет жерің түртіп алатын керемет подкаст!
@zhangeldikairatuly
@zhangeldikairatuly Жыл бұрын
Кітаптың әсері сөз саптауда, әдемі сөйлеуде немесе тіпті материалдық жағдайдың өзгеруінде ғана емес екен. Кітаппен адам санасы өседі, кейбір, артынан жүгірген арман-мақсатыңа қолың жетпей кетсе де, оның өміріңдегі нақты құндылығы анықталып, болмашыға ұмтылғаныңды мойындайсың. Демек, бұл да үлкен жеңіс. Және дәл осы подкастта, кітаптың арақатынасқа да ықпалы зор, тәрбиесі мол екені айқын көрінді. Бастысы кітапты таңдай білу немесе фильтр қолдана алу)
@rabiaceviker8076
@rabiaceviker8076 Жыл бұрын
Сіздерді Түркиядан тыңдап жүрмін. Қазақшаны үйренуімнің жемісін көріп отырмын. Еңбектеріңіздің мыңдаған шақырым алыстағы адамға да пайдасын тигізіп жүргенін біліңіздер. Сіздерге мың алғыс! Алла жар болсын! 💜
@kazakhgirl3844
@kazakhgirl3844 Жыл бұрын
❤❤❤🎉
@mereyseydulla495
@mereyseydulla495 Жыл бұрын
Кітап жоғарғы мәдениеттің бір үлгісі ретінде менің өмірімде ерекше орны бар дүние. Махаббаттың ерекше түрі Раббыңа деген махаббат және Раббыңның разылығы үшін жаксы көру махаббат деп білемін. Кітапқа деген махаббат өте ерекше кітап сөресін қарап жүріп өзіңе ұнағанын табасың және сүйсініп оқып бітіресің ерекше сезім. Кез келген жағымды сезім Аллаһтан екенін ұғынар болсақ бұл кітапсүйерлердің көңілін қуантады. Махаббатқа шамаң келсе Алланы сүй әуелі дегендей бастапқы махаббат Аллаһқа махаббат.Ғашықтықты махаббатпен шатастырып өзіңізді махаббаттың көліне тастап жіберуден аулақ болған абзал деп білемін. Махаббат туралы шығармалардың барлығын эталон көруде мейлінше дұрыс емес секілді, әр оқыған махаббат туралы кітаптан өзіңізге керегін алуды үйреніңіз. Шынайы Махаббат- ол бар нәрсе! Қай уақытта сезімнің келіп қалуы белгісіз. Егерде сезім бізге айтып келер болса, бұл өмірде махаббатты ешкімде жырға, өлеңге қоспас еді..
@user-ux5oc3oi5o
@user-ux5oc3oi5o Жыл бұрын
Мирас мырзаны тындай бергин келеди🎉🎉🎉
@saulekural446
@saulekural446 Жыл бұрын
Осы подкастта мына кітаптар есімде қалыпты: 1. «Искусство любить», Эрих Фромм 2. “Пять языков любви”, Гери Чепмен 3. “Не үшін үйлену керек”, Данияр Жігітбек 4. “Шагренавая кожа” Оноре де Бальзак 5. Шұғаның белгісі 6. Махаббат қызық мол жылдар 7. Адамзаттың асыл тәжі 8. “Мартин Иден” Джек Лондон 9. Дайындықсыз үйленбе, Ақан Мергенбай Тағы қалғандары қандай жазып жіберсеңіздер🤝
@user-po5ym6er9j
@user-po5ym6er9j Жыл бұрын
10. “Жармақ” М. Мағауин 11. “Қалыңмал” С.Көбеев
@user-ie6lz7pr9o
@user-ie6lz7pr9o Жыл бұрын
Пайғамьарымыз турасында тағы бір кітап айтылды
@haiyrlysuhbat
@haiyrlysuhbat Жыл бұрын
Жүрек төрiнен орын алған теңдесіз тұлға Мұхаммед,Рашид Хайлымаз
@kinoprobystruna7727
@kinoprobystruna7727 Жыл бұрын
Жапон кітабы қалай еді?
@user-vz8vm4ee9v
@user-vz8vm4ee9v Жыл бұрын
Рюноске Акутагава мен Гэтсби калып койды
@aktilekzhamganova8718
@aktilekzhamganova8718 Жыл бұрын
Кітапқа деген қызығушылықты одан сайын арттырдыңыздар. Керемет. Өзім үшін көп нәрсе алдым.
@Ostemir_muslim
@Ostemir_muslim Жыл бұрын
2 ші маусым алдыңғы маусымнан да пайдалы, қызықты, ауқымды болсын деп тілеймін🙌🏻
@user-gd7st1jp8i
@user-gd7st1jp8i Жыл бұрын
Бұйырса)
@user-fe7mf9ip2n
@user-fe7mf9ip2n Жыл бұрын
Білім қорын арттыратын ,даналыққа жетелейтін азаматтардың қатары көбейе берсін. Оқы,оқы,оқы және оқы. ⏰📕🔥🌟
@csgo_hub5989
@csgo_hub5989 4 ай бұрын
Кітап адам баласының негізгі сезімдерін оятуға көмектеседі білімін, кітапқа деген құштарлығын арттырады
@karapaiymadam
@karapaiymadam Жыл бұрын
Керемет подкаст , тыңдауға әрқашан асықпыз 🙌
@user-ed4mh2ix9t
@user-ed4mh2ix9t 6 ай бұрын
Бір демде отырып тыңдаған подкастым болды ғой
@akerkekalikyzi490
@akerkekalikyzi490 Жыл бұрын
Кітап деген мына өмірге әр тараптан махаббат көзімен қарай алатын ерекше жол,істеріңізге сәттілік кітап жолында дами беріңіздер.
@berikbaiahmetov
@berikbaiahmetov 17 күн бұрын
Керемет
@Nurai.Baitursyn
@Nurai.Baitursyn Ай бұрын
Айтпақшы сіздер айтқан Аигиз Нұрмұхаммедовтың Саят ағаның аударған 3 кітабын да оқып шыққам керемет әсер береді, тіпті қалай соңына жеткеніңді білмей қаласың, көз алдыңда түрлі сезімдер, түрлі адамдар оқып отырып эмоцияға ерік беруге тура келеді, әсіресе балаларда оқып көрсе алары бар деп ойлаймын, отбасы тәрбиесі, бала үшін ананың орны керемет суреттелген.
@nuraynurhankyzy8542
@nuraynurhankyzy8542 Жыл бұрын
Менің кітапқа деген махаббатым кітап оқитын жігітті жақсы көргеннен басталды😅Ол өзін дамытуда, алдына мақсат қоюда жанымыздағы таныстарымыздан бір саты жоғары тұратын, өзін үнемі жақсы жағынан көрсетуге тырысатын, мен сонысына ғашық болғанмын. Үнемі жақсы кітаптар сыйлап,кейде оқып шығуға кітаптар сұрап алатынмын.Шынымен кітап оқыған адаммен, оқымайтын адамның өмірге деген көзқарасы мен пікірі мүлдем бөлек. Сөз саптауына сөз жоқ деп айта аламын. Өзім осы уақытқа дейін діни, психологиялық және көркем шығармаларды оқығанмын. Алайда өте қатты ұнататын жанрым көркем әдебиет деп айта аламын, себебі ол адамды еріксіз баурап, өзіне қызықтырып тұрады. Кітапты өмірмен байланыстырсаң айтар сөзің мен әңгімең таусылмайды, әрдайым бір нәрсе айтқың кеп тұрады.Келесі шығарылымдарда да өзекті тақырыптар талданатынына сенемін🥰подкаст өте қатты ұнады, уақыт зымырап өте шыққанымен,инсайттар ала алдым✨рақмет үлкен, Алла разы болсын, дами беріңіздер ❤❤❤
@almasssalmass8266
@almasssalmass8266 Жыл бұрын
Мәә, Өте керемет бір мәнді, без воды дейдіғой, таза тек пайдалы ғибратты әңгімелер. Алла разы болсын! Бір подкасттан ақ Қаншама кітап оқығандай болып отырамыз. Керемет. Шал болғанша тоқтамаңыздаршы! Үшеуіде, сен тұр мен атайын, Ғұламаларғой. Рахмет көп көп. ✊✊🤲🏻👏
@Aisultan.Kuanyshuly
@Aisultan.Kuanyshuly Жыл бұрын
Бұл жолғы шығарылымда өте керемет болары сөзсіз!🎉
@svnzhvr_
@svnzhvr_ Жыл бұрын
Маған махаббат жайлы кітаптарда Сара Джионың романдары ұнайды. Оның кітаптары оқуға жеңіл және кітаптары өте ұқсас әрі бұрынғы кітаптарындағы кейіпкерлер кейінгі кітаптарда да кездеседі. Бастысы: жазу тілі жеңіл. Бұл 2-3 класстағы оқырмандарға ұнауы мүмкін. "Фиалки в марте", "Назад к тебе", "Тихие слова любви", "Соленый ветер", "Утреннее сияние" және т.б. кітаптары. "Алхимик" кітабын да көбісі оқыған болар, осы кітапты да ұсынамын. Қатты ұнаған романдардың бірі - "Тәкәппар ғашықтар", яғни, орыс тілінде "Гордость и предубеждение", Элизабет пен Дарсидің махаббаты. Джейн Остин шебер жазушы, бұйырса, "Джейн Эйр" деген кітапты оқу ойда бар. Подкаст мықты шығыпты, осыған дейін 3-шығарылым фаворит болса, енді 2-маусымның алғашқы шығарылымы ең басты фаворит. Және видеоның астында тайм-кодтар үшін рақмет👍🏻 Сол жер өтеееее пайдалы
@birshoqgul5603
@birshoqgul5603 Жыл бұрын
Мәулананың “Бір шоқ гүлі” әлі жүрегімде. Махаббатты керемет суреттейді
@aktolkyn23
@aktolkyn23 9 ай бұрын
❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥
@AktotyTalgatov
@AktotyTalgatov Жыл бұрын
Кеш жарық, бір кітаптар болады қанша оқысаңда жалықпайтын, ол кітапты қайта-қайта оқығын келе береді, адамда сондай болу керек сияқты, қызықты,сөйлескін келе беретін, жан-жақты. Біз өмірлік серігімізді(дос яки орта) таңдаған кезде сондай болғаны жөн деп ойлаймын.
@user-ft8sp1hn1l
@user-ft8sp1hn1l Жыл бұрын
Алдыңғы кітап сыйлау тақырыбын көрген едім. Дәл қазір өзім Д.Карнегидің Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері кітабын онлайн пдфпен оқып жүр едім! Қатты ойланып қалдым😂! Сол подкастты көргендер түсінеді!
@bekshyngyskhan3679
@bekshyngyskhan3679 Жыл бұрын
Негизи бул платный контент болу керек, сиздерге улкен рахмет
@saulekural446
@saulekural446 Жыл бұрын
осы подкасттың шығуын күттім ғой🔥 осындай формат күшті екен, сол жерде қатысып отырған жастардың да көздері ашық екен, бірнеше кітапты атын атап, өз үлестерін қосып отыр. Барлықтарыңыз жарайсыздар🔥 дами берейік📚
@user-po5ym6er9j
@user-po5ym6er9j Жыл бұрын
Өте керемет подкаст болды, бірнеше мәрте қайталап көру керек деп ойлаймын. Махаббат туралы ойларым, ішкі әлемім, түйсігім төңкеріске ұшыраған тәрізді, миымда түбегейлі жаңа ойлар туындады. Білімімнің аздығына байланысты махаббат тақырыбынан қашқақтайтынмын. Алайда бүгінгі подкасттан түйген инсайттарым болашақта махаббат тақырыбында көмегін тигізетініне сенімдімін. Әсіресе жігітті мақсат ретінде көрмей, белгілі бір үлкен мақсатқа жетудегі дара жолыңда сенімді серігің ретінде көру және “күшті жігіт” жақсы жар болудың кепілі емес екенін ұқтым. Көп-көп рақмет, сіздер біраз адамның келешек өміріне өте үлкен ықпал жасаудасыздар.
@aibekzharmaganbet1886
@aibekzharmaganbet1886 Жыл бұрын
Жігіттер жәрәйсіңдар. Мына сезонның басы керемет басталды. Ойда мазалап жүрген проблемалардың жауаптары табылғандай. Табыс тілейм бауырлар.
@Nur-91
@Nur-91 Жыл бұрын
Ютуб арнама подписать етіңізшы.
@rizayskak5176
@rizayskak5176 Жыл бұрын
Түсірілім тобына Ақ жол.
@user-el8ou9fk8e
@user-el8ou9fk8e 11 ай бұрын
Шразаддин дұрыс айтады. Барлық махаббат туралы кітаптар тек қиналудан тұрады. Соңы жақсы аяқталмайды. Жазушы бауырларымыздан жаңа дем күтеміз😊
@user-yz6ih7ep6j
@user-yz6ih7ep6j Жыл бұрын
Анти мысал туралы: Бір жерден оқып едім, Шекспир "Ромео мен Джульеттаны" осылай ғашық болсын деп емес, керісінше мынадай ақымақ болмаңдар деп жазған шығар деген ой айтылып еді. Бейне бір плакат тәрізді ғой, мында кіруге болмайды деп жазылған. Ондай кітаптар оқырман кітаптың соңындағы нәтижеге қарап, ол кейіпкерлердің жасаған таңдауларының қате екенін көрсін деген мақсатта жазылатын да шығар.
@ademi_asqarqyzy
@ademi_asqarqyzy Жыл бұрын
🔥🔥🔥🔥🔥
@ulagattileuhan2761
@ulagattileuhan2761 Жыл бұрын
Өте керемет алға🎉🎉❤
@gulfaramamanova8318
@gulfaramamanova8318 Жыл бұрын
Кейбір ақылы курсқа қарағанда осы кітап ал подкаст әлде қайда пайдалы және мен үшін өте қызық. Кітап оқуға деген құлшынысым ашылады
@user-nm6bk8wd3d
@user-nm6bk8wd3d Жыл бұрын
Ілияс Есенберлин “Ғашықтар” бақытты кездесіп,өмір сүріп,балалы шағалы болатын.
@mokhiraibragimova5559
@mokhiraibragimova5559 Жыл бұрын
Махаббат туралы тақырыпта 3 керемет кітап бар: 1. "Собор Парижской Богоматери" - махаббаттың 3 үлгісін көрсетеді; 2. "Королёк-птичка певчая " - шынайы өмірдегі бір қыздың прототипіне негізделген роман; 3. "Энн из Зеленых крыш" -кіршіксіз махаббаттың үлгісі.
@AruzhanZhumasheva-rq9ph
@AruzhanZhumasheva-rq9ph 4 ай бұрын
Ол не туралы
@Just_Saga
@Just_Saga 9 күн бұрын
Тамаша контент 👍
@yernat31
@yernat31 Жыл бұрын
Подкаст өте жоғарғы деңгейде болыпты, өте әсерлі әрі пайдалы. Рақмет!❤
@moldirkoz
@moldirkoz Жыл бұрын
1." Джейн Эйр" Шарлотте Бронте 2. " Поющие в терновнике" Колин Маккалоу 3. " Мөлдір Махаббат " Сәбіт Мұқанов
@user-te1zk8dt9k
@user-te1zk8dt9k Жыл бұрын
"Махаббат және кітап " өте қызық және дұрыс таңдалған деп ойлаймын. Маған қазақ әдебиетіндегі ақындардың махаббат жайлы жазылған кітаптары ерекше ұнайды ❤ суреттеудегі ұшқыр ойлары,сол заманда өзін жүргендей өз көзіңмен көргендей болып отырасың 💫 Махаббат ол адамзатқа берілген үлкен нығметтердің бірі және оны еш нәрсемен алмастыруға келмейді. Сол нығметті тек дамытып отыру қажет деп ойлаймын. Ал оны дамытуға адамның ізденістері. Ал ізденістердің қайнар көзі ол кітап. Сонымен қатар тек оқып қана қоймай оны практикада қоладана алу да маңызды.
@abkhv_03
@abkhv_03 Жыл бұрын
Кітап адамды кемелдікке алып келеді, кемел адам бойында құндылықтар пайда болады , құндылықтарға арқа сүйеп өмір сүрген адам әрекеттері мен амалдарын көркем түрде жасауға дағдыланады, ал ол көркемдік махаббатта қолданылса , Алла разылығы үшін болған махаббатта , сыйластық пен түсіністік те қалыптасып , ажырасу , келеңсіз оқиғалардың болуын тежеп, екі жастың ,екі жұптың сара жолын әсемдей түседі ма деймін . Демек кітап та дұрыс махаббаттың қалыптасуына сеп болады ☝️❗️❗️❤
@user-hc5im6qb4n
@user-hc5im6qb4n Жыл бұрын
Ооооо жаңа формат😅
@meruert.rahymhan6
@meruert.rahymhan6 9 ай бұрын
Өте керемет,жеңіл қызықты подкаст болды.Шразаддин ағаның айтқан Рюнеско агутагавасын мен оқығам.Мектеп кітапханасында әңгімелер жинағы деген қазақша аудармасы бар.Жапон жазушыларының шығармасы ұнады осыдан💗
@gulnurtumanova4614
@gulnurtumanova4614 11 ай бұрын
Жігіттер рахмет көп көп . Білімді жастар көп болсын ! 👏
@user-aliusha
@user-aliusha Жыл бұрын
Керемет видео талқылау Шын жүрегіммен тыңдадым
@kimtae988
@kimtae988 Жыл бұрын
Ұзақ күттім осы жолғы подкастты🥲Қайта-қайта кіріп қарап қашан шығады деп)
@user-ur4gx4ng1h
@user-ur4gx4ng1h Жыл бұрын
Керемет жаңа подкасттың шығуын күтіп жүр едім 👍🏻
@user-oz6ww2ve2r
@user-oz6ww2ve2r 28 күн бұрын
2700 болды лайк.
@user-tt9bx2jj8i
@user-tt9bx2jj8i Жыл бұрын
Махаббат туралы керемет жазылған мына үш туындыны оқуға кеңес беремін: 1. “Алғашқы махаббат”. Автор: Баққожа Мұқай. 2. “ Қайдасың, Гаухар?” Автор: Бердібек Соқпақбаев. 3. “Мөлдір махаббат”. Автор: Сәбит Мұқанов. Осы үш туындыдан жалындаған бозбала шақтағы ыстық махаббатты көресің. Күлдіріпте, жылатыпта алады.
@Qazaq.Aqtobe
@Qazaq.Aqtobe Жыл бұрын
1сағат болған шыққанына 468 көрілім болған екен👍🏾
@user-mi2sd2ym6n
@user-mi2sd2ym6n Жыл бұрын
Керемет жоба дами берсін👍🏻👍🏻👍🏻
@kazahastana1918
@kazahastana1918 Жыл бұрын
Әжем айтатын кезінде. Әйел таңдағанда, бірінші мүсініне қара, екінші сөзіне қара, үшінші қылығына қара. Сосын барып төртінші кезекте өзіңнің көңіліңе қара деп😂😅
@Timur_Kurmanseytov
@Timur_Kurmanseytov Жыл бұрын
Өмірімізге керек кеңестер баршылық. Жалғасын таба берін!
@janar_yerbol
@janar_yerbol Жыл бұрын
Сіздердің 1 полкасттарыңыздан кейін “Мартин Иден” романын оқыдым. Қалай пайдалы болып жатқандарыңызды білсеңіздер ғой😍
@Elaman_Ermuhamet
@Elaman_Ermuhamet Жыл бұрын
Күткендер 🙌
@sanjarelmirov8354
@sanjarelmirov8354 5 ай бұрын
ең қатты ұнаған серия осы сол барлық подкастардың ішіндегі
@user-zb4sw3rq5b
@user-zb4sw3rq5b Жыл бұрын
Барлық Podcast қарап келе жатырмын, рахмет жігіттер, елімізде сіздердей кітап оқитын жігіттер көбейсе бізден мықты ел болмас еді. Осындай иманды, білімді, барлық менің ойымдағы жігіттердің қасиетін сіздерден көріп тұрмын, жақында Даниярдың Не үшін үйлену керек оқып шықтым.👍 Мағанда сондай орта керек. Сіздер орта құрсаңыздар баратын едім. Менде жартымды іздеп жүрмін.
@omirva.zhansaya
@omirva.zhansaya Жыл бұрын
:Үлкен мақсат таңдаңыз және сол мақсатқа бірге жететіндей жақсы серік таңдаңыз. Махаббат деген сол.
@aruzhansanatbek1497
@aruzhansanatbek1497 Жыл бұрын
маған керек болып жүрген сұрақтардың жауабын ала алдым, сезімге сараңдық танытын көп адамдармен байланыста өзімшілдікке жол беріп қоятындықтан ол адамдармен кейін сөйлеспей кететітінімді білдім, тыңдап отырып 15 секундтық тикток видеоданда өзіңе керекті жақсы бір тұсын табуға болатынын байқай алдым.
@user-dc1xk9oq5e
@user-dc1xk9oq5e Жыл бұрын
Ия керемет айтылған ең басты махаббатта мен ойлаймын адамды қалай бар солай қабылдау,точка соприкосновения тауып алу керек, кітап оқитын адам мен оқымайтын адам қосылғанда бір ортақ дүниесін табу, сен үйленіп қойған болсаң және сыйлай білу керек, екі адам бір бірін тұлға ретінде қабылдай алса ,сол ең биік шыңы деп ойлаймын және қандай жағдай болмасын сенім, өте керемет талдау,бірақ әйел адам су секілді кез келген формада бола алады ,көзі ашық оқыған болуы маңызды,дал қазіргі заманда үйде отырып қалатын болса эмоция адамдарымыз самооценкасы супер болсада деградацияға ұшырайды . Махаббатта ия салқынқандылық кейде уақыт керек ,главное зависимостьқа кетпеу керек ,өзіңнің көзқарасың болу керек
@Alibi.Adilkhanuly
@Alibi.Adilkhanuly Жыл бұрын
Тұщымды ойларға қанығу деген не десе мына видеоны көрсетер ем🤍
@kitapal
@kitapal Жыл бұрын
Подкастта айтылған "Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед пайғамбар" кітабын алу үшін сілтемені басыңыз. kitapal.kz/book/zhurek-torinen-oryn-alghan-tenhdessiz-tulgha-mukhammed-sallallaqu-alayqi-ua-sall
@guldanakatay930
@guldanakatay930 Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@nuryaidyng
@nuryaidyng 8 ай бұрын
Аллаһ разы болсын, істеріңізге береке берсін Аллаһ [18:24]
@sanjarelmirov8354
@sanjarelmirov8354 5 ай бұрын
Мирас ағай 😂
@bektursynchintashev1736
@bektursynchintashev1736 Жыл бұрын
Подкасттан әдеттегідей жақсы ойларды, кеңестерді өзіме алдым. Істеріңізге сәттілік. Көп рахмет.
@user-hs7nr3bv4m
@user-hs7nr3bv4m Жыл бұрын
Өте керемет
@arailymbakhtiar4779
@arailymbakhtiar4779 Жыл бұрын
📌Адамның мінез - құлық белгілері қалай әрекет ететіндігін көрсетеді, ал тұлғалық белгілері не үшін әрекет ететіндігінің көрсеткіші. Өз болашақ адамыңың бойынан жауапкершілікпен қатар мінез- құлқы мен, тұлғалық әрекеттеріне мән берген жөн. Подкастты көріп отырып дәл осы бір ойлар туындады. Подкаст толық көлемде ашылып, біршама пайдасын тигізді😍. Махаббат , сезімдермен қатар пайдалы түрлі жанрдағы кітаптармен бөлісіп өттіңіздер . Мен біріңғай психология жанрындағы кітаптарды оқушы едім. Ал осы подкасттан кейін батыс әдебиеттері мен көркем әдебиеттер әлеміне саяхатқа шығуға , бойымда қызығушылық сезімдерінің көзі ашылғандай болды. ✨ Енді жаңа жанрдағы кітаптарды байқап көруге өзіме мақсат қойдым. Дәл қазір осы сөздерді жазып жатып Подкастты бірнеше рет көруге жалықпастай болып отырмын🤭 көп рахмет сыздерге осындай пайдалы ,өмірлік сфераға байланысты дүние шығарып отқандарыңызға. Максимальды пайдалы инсаиттармен қоса, кітапқа деген екінші махаббат тынысым ашыла түскенін сезіндім.🔥
@Akku.Ermekbaeva
@Akku.Ermekbaeva Жыл бұрын
Уақыт өте тез өтіп кетті ғой)
@tasnimaabdullina1621
@tasnimaabdullina1621 7 ай бұрын
Шұғаның белгісін оқып бес күн жылағанмын
@user-bw6xu9bc4s
@user-bw6xu9bc4s Жыл бұрын
Саттилик жандарым
@user-rp8go4sh7h
@user-rp8go4sh7h Жыл бұрын
Көзімды ашатын подкаст, көп рахмет, рахаттанып тыңдаймын
@Nur-91
@Nur-91 Жыл бұрын
Ютуб арнама подписать етіңізшы.
@yernat31
@yernat31 Жыл бұрын
Эхх, махаббат дегенді сөзбен жеткізу мүмкін емес қой шіркін....
@ulpan9635
@ulpan9635 Жыл бұрын
әрқашан жаңа ақпарат аламын
@user-pw5wv5sw4m
@user-pw5wv5sw4m Жыл бұрын
Керемет подкаст 🎉 тек дыбыс жағын реттеңіздерші. Өткен шығарылымдарда жақсырақ болып еді, осы жолы дыбысы сәл шумный😅
原来小女孩在求救#海贼王  #路飞
00:32
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 65 МЛН
SHE WANTED CHIPS, BUT SHE GOT CARROTS 🤣🥕
00:19
OKUNJATA
Рет қаралды 4 МЛН
ПЕЙ МОЛОКО КАК ФОКУСНИК
00:37
Masomka
Рет қаралды 4,5 МЛН
Табиғат Қаутай | AG podcast | Ислам психологиясы
1:27:50
Aigerım Garifulla | Айгерім Гарифулла
Рет қаралды 35 М.
原来小女孩在求救#海贼王  #路飞
00:32
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 65 МЛН