Үлкен арман кішкентай қадамнан басталады / Kitapal podcast #14

  Рет қаралды 19,720

Kitapal

Kitapal

Күн бұрын

Пікірлер: 294
@Basqa.barber
@Basqa.barber Жыл бұрын
WOW !!! Өте керемет подкаст Аяқталғаны өкінішті жалғасы болады деп сенемін. Әрбір шығарылымды үзбей қараймын. КітапАл каналына шығармашылық табыс тілеймін Елге беретін ақпараттарыныз көп болсын Әмин!🤲🏻
@Basqa.barber
@Basqa.barber Жыл бұрын
Менің Арман,Мақсатым Шет елде тұрып жұмыс жасап тәжірибе алып Туған жеріме оралып Қазақстанды өзгерту Жақсы жаққа
@Basqa.barber
@Basqa.barber Жыл бұрын
ИН ША АЛЛАХ Яғни тәжірибеммен бөлісу басқа шет елден көрген білгендерімді үйретіп Қазақстанды Дамыған 10 мемлекеттін қатарына кіргізі
@kitapal
@kitapal Жыл бұрын
Сәлеметсіз бе! Үздік пікір қалдырып, кітап ұтып алдыңыз🎉 Құтты болсын! 87775722233 номеріне "Үздік пікір қалдырып кітап ұттым" деп жазып жіберіңіз❤
@NurganymZulpibekova
@NurganymZulpibekova 5 ай бұрын
​@@Basqa.barber😊😊һ
@nazerke.zhumagazykyzy
@nazerke.zhumagazykyzy 5 ай бұрын
Сәлеметсіздерме! Менің атым Нұрасыл. Менің жасым 7 де Менің арманым иманды, жақсы бизнеспен адам болу. Бизнесмен болсам ең алдымен ата-апама, әкем мен анамның жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасаймын. Содан кейін көмекке мұқтаж жандарға көмек бере аламын, үй салып, жетім балаларға оқу оқуына септігімді тигіземін. Сосын Аллам бұйыртса мешіт саламын. Және жақындарыммен бірге көп саяхаттаймын
@ecolineecoline1074
@ecolineecoline1074 Жыл бұрын
Бала кезімде жерді сызып көп ойнайтынмын,соның ішінде үйді сызып,ішіне терезе ,есік жапқыштарына дейін салып қоятынмын.Өсе келе мектепте сурет сабағын жақсы көретінмін.Улкен сыныптарда Черчение дейтін сабақ болатын,ылғи 4,5 алатынмын. Мектеп бітіретін уақытта келіп жетті,тандауым Менеджмент пен Маркетинг болды.Грантқа түсем деген үміт бар ,түспеген жағдайда тағы бір мамандық таңдаудауға тура келді.Ол Геодезия болатын. Сонымен оқуға құжат тапсырылды.Ауыл квотасана ілінем деген үміт бар,Қайдам грантқа өтпей қалған екенмін.Геодезия Картография мамандығына іліккен екенмін.Бұл мамандықты сонша қаламадым.Содан не керек 4 жыл өте шықты. Адамның ойлағаны болмайды екен.Бала күнгі арманба,әлде тағдырма қазір Уй сызу проектісімен айналысамын.Міне кызық Аллаға шүкір оқуымның жемісін көріп жатырмын.Армандауды тоқтатпау керек және оны жаңартып тұру керек деп ойлаймын.
@ДаниярТуяков-п1щ
@ДаниярТуяков-п1щ Жыл бұрын
Менің арманым болашақта мықты абыройлы танымал дәрігер болу , емдеген адамдарымның оң нәтижесінде көру , бата алғыс алу , адамдарға мотивация беру . Мен осыны орындаймын.🤲 Данияр Аманғалиұлы 🧑‍⚕️
@kuralay7455
@kuralay7455 2 ай бұрын
Осы подкаст қатты ұнайды. Көптеген шығарылымдарын үзбей көруге тырысамын. Кітап оқуды биыл бастадым, жасым 20 да, мүмкін кеш бастаған шығармын. Бірақ кітап оқу маған өте үлкен эмоциялар сыйлады, қазіргі таңда хоббиіме айналды. Осы подкаст өте пайдалы болды. Енді сіздер сұрағандай армандарымды жаза кетсем. 1. Шет елде оқу, дәлірек айтқанда АҚШ университетінде ағылшын тілі мамандығын оқығым келеді. 2. Жоғарыдағы арманым мен байланысты шет елден үздік білім алып келіп Қазақстан да өз жеке ағылшын және де басқа шет тілдерін оқытатын ең үздік орталық ашқым келеді. 3. 25 жасыма дейін кеміне 10 мемлекетке саяхаттау, ата анама әлемді көрсету. 4. Театр, өнер саласында өз бағымды сынап көргім келеді. 5. Бала күнімде өлең шумақтар шығаратынмын, бірақ ешқандай қолдау болмағасын тастап кеттім, осы арманымды жүзеге асырып газет журналдарға өз өлеңдерімді жарияласам деймін. 6. Оратор болғым келеді. 7. Жапония да немесе Оңтүстік Корея елінде 3 жылға жуық тұрып көрсем деймін. 8. Кітап жазып, автор болғым келеді келеді. 9. Пианино да ойнауды үйреніп, вокалға қатысқым келеді. 10. Ата- анамды меккеге апарып бар жағдайын жасасам деймін. 11. "Kitapal"және "Аты жоқ подкаст" қонағы, болғым келеді. Сіздердей елге пайдасы тиетін, рухани адамдар мен көрісу мен үшін ең үлкен сыйлық!
@ГулсимТобан
@ГулсимТобан Жыл бұрын
Алла қаласа өз үйімнің бір бөлмесін кітапхана жасағым келеді . Кітаптарды оқитын орын жасап әдемі көріністе жасағым келеді
@madiyarzhakip5860
@madiyarzhakip5860 Жыл бұрын
Менің арманым Парижде бір жыл өмір сүру,жаңа жылды Нью-Йоркта қарсы алу,Северное сияниены Норвегияда көру,Балида жаз бойы тұру,еркін өмір сүру❤
@anesfia
@anesfia Жыл бұрын
❤😊
@aiganymoralbekova8148
@aiganymoralbekova8148 Жыл бұрын
Әлемді саяхаттап аралап,саяхаттау арқылы ақша тапқым келеді.Кітап көп оқып кітаптын шеберіне айналғым келеді. Тіл үйреніп полиглот болғым келеді,және адамдарға пайдалы болып тіл үйреткім келеді. Ата-анады умраға апарғым келеді. Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін бұрыннан кітап оқу арманым еді бірақ қиын болып көрінетін қазір кітап оқып жүрмін дами берініздер көп подкаст күтеміз😊❤
@gulnizakoldasova1583
@gulnizakoldasova1583 Жыл бұрын
Бұл жоба әрі қарай жалғасын табуы керек деп ойлаймын. Еңбектеріңіз жана берсін🔥
@umit.artykbayeva
@umit.artykbayeva 8 ай бұрын
Мұғалімдікті оқыдым, 5 жылдай жасөспірімдермен жұмыс істедім. Енді 5 жыл балаларыммен үйде отырмын. Балаларымды жақсы тәрбиелеп, өсіріп, тағы да мектепке қайтқым келеді. Менің мүмкіндігім тек үйдегі 2 балапаным емес 100-деген оқушымен жұмыс жасауға жететінін білемін. Тек уақыт өз уақытымды күтіп, кітап оқып, іштей дайындалып жүрмін. Елімізге, адамзатқа қызмет ететін тұлғаларымыз көп болсын❤ 3.03.2024
@aikerimaikerimgoi
@aikerimaikerimgoi Жыл бұрын
Менде есіме түсіп тұрған 2 арманым бар: 1. Қазір үстіміздегі киім болсын, ұстаған затымыз, үйдің іші толған “made in china”. Осы қалыпты өзгертіп, өзіміздің өнімдер кем дегенде 10% болатындай жасауды армандаймын- бұл үлкен арман әзірге😂 2. Елде қоқыс өңдейтін зауыттарды дамытқым келеді. Жерде қоқыс көрсем жыным ұстайды😂 Бірінші тазалықты өзімнен бастап жүрмін, жанымдағыларға да айтып жүремін. Әзірге іс-әрекет осындай
@sertay_rayana
@sertay_rayana Жыл бұрын
Қандай жақсы ой . Алла әрекетіңізге берекет берсін
@Yerassyl_
@Yerassyl_ Жыл бұрын
Кеттік кірісейік
@ТомирисКамалова-ш6т
@ТомирисКамалова-ш6т Жыл бұрын
Менің армандарым: Италияда магистратурада оқу, айына минимум 2 миллион табыс табу, өмір бойы Әлем шарлау, жеке кітапхана жинау, өте иманды, жақсы адам жолықтырып, бірге Алла жолында қызмет ету. Орындаларына кәміл сенемін😊 Ин Ша Аллах🤲🏻
@aaakkk7190
@aaakkk7190 4 ай бұрын
Аумин, орындала берсін🤍
@gulxxzym
@gulxxzym Жыл бұрын
Журналистерге душевно отырып сұхбат бергім келеді Подкастка түскім келеді
@ДилнозаБабаева-я7ы
@ДилнозаБабаева-я7ы Жыл бұрын
Медреседе оқып медреседе ұстаз болу. Арманы үшін күресетін, мақсат қоятын ізденімпаз, бірге армандап бірге дінге қызмет ететін жігітке тұрмысқа шығу...❤
@Ddd-td1wq
@Ddd-td1wq Жыл бұрын
Танысайық
@lazzattoilibaeva2979
@lazzattoilibaeva2979 Жыл бұрын
Мен бала кезімде көлік жүргізуді армандап едім. Арманыма жеттім, 20 жылдан соң арманым орындалды, көлікке отырдым. Бірақ жақсы жүргізуші болуды армандамаппын😅 көлікке отыра сала соқтым.
@АйнашШатенова-й5ю
@АйнашШатенова-й5ю Жыл бұрын
КЕРЕМЕТ ЖОБА! ПАЙДАЛЫ ПОДКАСТ!!! ЖІГІТТЕР,ӨЗДЕРІҢДЕЙ ҚАРАПАЙЫМ ОТБАСЫНАН ШЫҒЫП, ӨЗДЕРІН ӨЗДЕРІ ЖЕТІЛДІРІП,ТҰЛҒАҒА АЙНАЛА АЛҒАН САНАЛЫ, БІЛІМДІ, АРМАНШЫЛ,ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕН МЫҚТЫ ЖАСТАРДЫҢ БАРЫНА АЛЛАҒА САНСЫЗ ШҮКІР...Мен өзім тәжірибелі ұстазбын, анамын...Сіздер қозғап жатқан мәселелер қазіргі қоғам, әсіресе,жас балалар үшін қаншалықты маңызды екенін білсеңіздер ғой...Мектепте ұялы телефонның шырмауына түскен, білімге,кітап оқуға қызығушылықтары мүлде жоқ балалардың көптігі жаныма қатты батады...Байқағаным, көбіне әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары тіпті армандай да алмайды...Он бірінші сыныпта не қалайтынын, өзінің кім болғысы келетінін білмей отыратын жасөспірімдердің көптігі қорқытады...Кітап оқудың адамға пайдасын жасым елуден кеткен қазіргі жасыма дейін өз тәжірибеммен дәлдедім...Өмірдің сан түрлі тосқауылдарынан өткен кездерде бала кезден оқыған кітаптарымның қалай ішкі рухани күш, сенімділік беретінін өз жүрегіммен сездім... Сондықтан да өз оқушыларымды барымша кітап оқуға қызықтырып жүрмін.Әр ата-ананы, әр ұстазды да солай етуге шақырамын...Бұл шығарылымды көптеп тарату керек!!!
@МерекеСексенбаева-п3с
@МерекеСексенбаева-п3с Жыл бұрын
Мен бала кезімде түнде ұйықтар алдында үнемі армандап, қиялдайтынмын үлкен 2 этажды алтын түстес сарай секілді үйіміз болып, онда ата-анамыз, бауырларымыз бәріміз бақытты өмір сүріп жатқан сәттерімізді армандайтынмын😍Атмосферасы керемет үйді✨Барлықтарымыздың армандарымыз Алланың қалауымен орындала берсін🤲
@aibek_mukhtarbekov
@aibek_mukhtarbekov Жыл бұрын
Рахмет маған осыған дейінгілердің ішінен ең ұнаған шығарылым болды! Келесі маусымды асыға күтемін! Арманымның ең мықтысы тәуелсіз болу ол барлық жағынан яғни ақшалайда, физико-моральдықта, заңды және руханида, сонымен қатар иман жолында бұйырса мақсат қойып жеткім келеді, бұл арманым халқымада Тәуелсіздік, ал әлемге Ынтымақ ретінде көрініс тапса деймін! Арман көп, және сіздерде де көбейсін!
@Sunshine__ladyy
@Sunshine__ladyy Жыл бұрын
Арманым 7 түрлі тіл білу , оны меңгеріп емін еркін сөйлеу , кішкене қадамдар жасап, қайта- қайта сағым сынып қала береді ,бірақ мына подкаст маған жаңа дем берді ! Аллаһ бұйыртса үздіксіз амалдар жасайтын боламын . Тағы бір арманым әрі сүйікті ісім бұл кондитер болу 🥰 Шразаддин Мырзаның фокус кітабын алуды мақсат тұттым . Армандарыма қайта қанат бітіріп , жаңа серпін бердіңіздер көп рахмет . Армандап қана қоймай сол мақсатқа кішкене үздіксіз әрекеттер жасай берейік🥰
@СултанНуртолеуов
@СултанНуртолеуов Жыл бұрын
Бәріңізге мотивация болсын: сіздің арманыңыз біреу естігенде күлетіндей болсын.
@ЕрболатМухтар-б4в
@ЕрболатМухтар-б4в Жыл бұрын
Қайырлы кеш жігіттер! Неден бастап жазарымды білмей отырмын… Жасым 29 да. Мамандығым дәрігер(реанимация). Түсінген адамға өте ауыр сала. Отбасым, кішкентайым бар. Жұмыс жасағалы әр нарсені сылтау етіп кітап оқудан мүлдем алшақтап кеттім. Не кітап оқимын деп бағыт таппай жүргенде сіздердің подкаст шыға келді. Бірінші шыгарылымнан қарап келем. Бағыт алып өз психотипімді іздеп өзімді танып жатырмын. Сіздер берген бағыт бойынша оқуға тырысып келемін. 1 айда 4-5 кітап оқу мен үшін мүмкін емес нәрсе еді. Алла істеріңізге береке берсін… Ешқашан өлмейтін, жарамдылық мерзімі мәңгілік подкасттардың бірі болады деген сенімдемін. Неге 10 жыл бұрын шықпады екен деген өкініште бар. Осы сәтті пайдаланып сіздерге қолқа салғым келіп отыр. Инвестиция негіздері (экономика) жөнінде подкаст болса, негізгі кітаптары қандай деген секілдіең болмаса (тізімін берсеңіздер күшті болушы еді). Тоқтамаңыздар, талмаңыздар. Еліміздің жастары сіздерді көріп зейіндері ашылады деген ойдамын. Сіздерге көп көп рахмет.
@IndiraAkmetkereeva
@IndiraAkmetkereeva Жыл бұрын
Ойымды оқығандай болдыңыз. Мағанда кітапты үздіксіз күніне 20 минут болсада оқуға осы подкасттар шабыт береді. Бірақ 1 айда 4-5 кітап оқу әліде қолымнан келмей жүр. Подкаст резиденттеріне тілерім тек алға👍. Осындай жастарымыз көбейе берсін
@akerkekarakul6025
@akerkekarakul6025 Жыл бұрын
Сізге шыққан мерзімі кеш болса, жастар үшін дәл уақытында зат болып тұр ғо
@akerkekarakul6025
@akerkekarakul6025 Жыл бұрын
Сізге шыққан мерзімі кеш болса, жастар үшін дәл уақытында зат болып тұр ғо
@РаушанИзтурганова-м5ж
@РаушанИзтурганова-м5ж Жыл бұрын
Менин жасым 50 де .менин арманым шектеули болган екен.15 жасар кызымнын арманы шексиз,арманын тындасам мен коркатынмын.казир жан жакты психологияны окып билим алганнан кейин,кызымды тусине бастадым.кызыма армандауды токтатпа,сен бакытты жан екенсің,буйырса бул арманына жетесің.ол арман саған тектен тек берилген жок.ягни сен соган жете аласың деп айтып журетин болдым.Рвсында мен кызыма сенемин арманына жететинине.Китап окып журуди куптаймын.негизи армандай билген адам негатив ойларга жол бермейди деп ойлаймын.армандаган сайын позитивный энергияга тойып жүреді.
@aidanaismagilova
@aidanaismagilova Жыл бұрын
Менің Арманым: сүйікті ісімді тауып, сол бойынша эксперт болу🫶🪄
@WettfGgeg
@WettfGgeg Ай бұрын
Менің арманым: Болашақта мықты физик болу. Ғалым болғым келеді. Ата-анамды меккеге апарғым келеді. Финанстық жағдайымды үлкен дәрежеге көтергім келеді. Болашақта кітап жазамын. Шетелге шығамын. Менде сіздер секілді подкаст беремін бұйырса
@АйзадаСейтназарова-г1у
@АйзадаСейтназарова-г1у Жыл бұрын
Нютон, Эннштейн сияқты заң ашқым келеді. Солай Нобель сыйлығын қолға кіргізгім келеді.
@anesfia
@anesfia Жыл бұрын
Keep fighting❤ You can do that
@nurgulmussatayeva4147
@nurgulmussatayeva4147 Жыл бұрын
Менің арманым өмірімде бір рет болса да дубляж жасап көру🥰 Іштей маза бермейтін, жүрегімді қақтырып, отымды жандыратын жалғыз нәрсе осы ау...
@legolego1937
@legolego1937 9 ай бұрын
менің армандарым: 1.Бокстан кмс алу және көптеген жарыстарда чемпион атану 2.Техникалық сабақтарды 5-ке оқып бастау
@ЖаннаБагит-к9й
@ЖаннаБагит-к9й 4 ай бұрын
Қайырлы күн. Рақмет. Күшті подкаст болды. Ылғи сіздерді тыңдаймын!!! Күйген тірлік деп жүріп армандауды да ұмытып кетіп жүр екенмін. Бұйырса Армандар тізімін жазамын!!!
@ТомирисКамалова-ш6т
@ТомирисКамалова-ш6т Жыл бұрын
Ең үздік подкаст шығаратын канал !!! Тамақ ішсем де, жатсам да, үй жинасам да осы подкастты қойып қоятын әдетім бар. Подкасттар әдеттегідей қызық, жаңа информацияларға толы❤❤
@Dreamerwomen
@Dreamerwomen 3 ай бұрын
Менің арманым, менің ұлдарым сіздер сияқты қазақтың көзі ашық, интелегентті, иманды елге пайдасын тигізетін қайырлы ұрпақ болғаны.(Бұл арманнан гөрі тілек). Бұл тілектің орындалуы үшін мен өзім көп кітап оқып, өз өзімді дамыту. Шетелде магистратура оқып көкжиегімді кеңейту, елге қайтып бәсекеге қабілетті маман болып, ұлдарыма үлгі болсам деймін. Армандауды шектемеуді, өмірде бәрі орындалуы мүмкін екенін ең алдымен өзім дәлелдегім келеді
@sjjghjnntilek8073
@sjjghjnntilek8073 Жыл бұрын
Кыргызстандан салам ишиңерге ийгилик калтырбай угам 🔥🔥🔥
@Sai-j2v
@Sai-j2v Жыл бұрын
Бала кездегі арманым мықты суретші болу еді. 7 жыл өзімді ұштап, жасым 19-ға толғанда заман өзгере бастағанын байқадым, колледжден соң оқитындар өте аз, бірақ мен биыл сәулет мамандығын таңдап универ жалғастыруды шештім. Арманым көпшілікке танымал архитектор болып, Қз-станды әлемге мойындаттыру, экономикамыздың көтерілуіне атсалысу.
@imarockstar2238
@imarockstar2238 Жыл бұрын
Тамаша
@imarockstar2238
@imarockstar2238 Жыл бұрын
Елзат Мұқаш ағайға барсаңызшы
@ЖанарМахмутқызы
@ЖанарМахмутқызы Жыл бұрын
Мен үйде отырған анамын. Жолдасымның бойындағы бар потенциалын ашу арманым.Сол арманды орындау мақсатында кітап бастадым. Тақырыбы: "Анаңнан айналайын сізді тапқан". Тағы бір арманым миллардерге айналып. Уақытымды тек шығармашылыққа арнағым келеді. Ақшаны жұмыс істетіп өмірімді барынша өнімді ету. Тағы бір арманым Мирас ағаның әдетке, Данияр ағаның қаржыға қатысты кітаптарын қолға алсам деймін. Бұл екеуі жоғарыдағы армандарға алғашқы баспалдақ болар еді. Өмірді барынша сезініп өмір сүрсем. Ақша мен үшін мүмкіндік, ал шығармашылық мен үшін ең ғажап сәт.
@Fizik-lirik
@Fizik-lirik 5 ай бұрын
Өзімнің ерекше балаларды түзету орталығым болғанын қалаймын! Инша Аллах
@aiaulyzhumabek1612
@aiaulyzhumabek1612 Жыл бұрын
Сіздердің әңгімеріңізді тыңдай бергің келеді, подкаст жалғасын тапса екен. Менің арманым физикадан жаңалық ашу ))
@madijanbrbai4825
@madijanbrbai4825 9 ай бұрын
Керемет подкас балаларыммен бірге тыңдап жүрмін. Менің арманым керемет тігінші болу. Қыз жасауын жасауы деген бизнес ашу.Көрнекілік кесте өнерін дамыту курсын өткізу.Болашақта керемет жерлерді көру үшін саяхаттауым керек.❤❤❤😊😊😊
@Меруерт-с6т
@Меруерт-с6т Жыл бұрын
Соңы болмасыншы😭 әрі қарай жалғастырыңыздаршыыы🙏🙏
@iceter9406
@iceter9406 Жыл бұрын
Екінші сезонның соңғы шығарылымы 3 сезон шығады жақында
@Кошки-к2щ
@Кошки-к2щ Жыл бұрын
Соңғы болмасын 😢 Жалғасын күтеміз
@mp31.54
@mp31.54 Жыл бұрын
Менің арманым, адамдарға бақыт сыйлау, Қазақстанды дамытқым келеді, халықтын көзін ашқым келеді. Өзім бір жақсы жеке тұлға болғым келеді. Ин Ша Аллаһ
@nurlansharipkhan4318
@nurlansharipkhan4318 Жыл бұрын
-Жасым 17 де, казирги тандагы ен биринши арманым Турция елинде окуга тусип, интеллектуальная робототехника мамандыгы бойынша оку битирип, 100 турли адамзатка робот жасап комегимди тигизгим келеди. Бирак бул арманым орындалу ушин каражат керек болып тур, шын журекпен тилесем орындалады деген ойдамын❤ Жане де мешит салу 100 мешит салгым келеди, Ислам динин дариптеу максатында. Одан кейин китап жазгым келеди бестселлер китап барлыгы окитындай. Тагы да толыктай потенциалымды ашкым келеди, Алланын суйикти кулдарынын бири болгым келеди, ауылды жерлерде билим саласын арткым келеди библиотекаларды жанадан келген китаптармен толтыргым келеди, балалар окысын деп, сендер биздин болашаксындар деп. Жане де 11 сыныптан кейин шетелге окыгысы келетин жастарды каржылай турде спонсор болып солай комектеским келеди. Магистратураны Oxford университетынде окыгым келеди.(07.07.23ж) Армандар орындалады, егерде шын ниет етсен❤
@ГулжазМасен
@ГулжазМасен Жыл бұрын
Арманыңа жет.👋 09.07.23
@МиккМ
@МиккМ Жыл бұрын
Мен өзімнің Қазақстанның барлық қалаларында ең дәмді, тәтті әрі әдемі торттар жасап сататын, өте табысты, танымал кондитерлік дүкендер желісі болғанын қалаймын. Сұранысқа ие, мықты кондитер болғым келеді. Және дені сау, саналы, өнерлі, талантты, ақылды 4 балам бар, өз сүйікті ісімен айналысатын, табысты, ортасына сыйлы, мейірімді, ақылды, саналы, сабырлы, жүрегі жылы, жақсы әке болатын, мені жақсы көретін, сыйлайтын және мен де оны құрметтейтін, жақсы көретін дені сау азаматым, жолдасыммен(Қазіргі жігітім) молшылықта бақытты өмір сүру. Жолдасыммен Жылына 3рет саяхатқа шығу. Әлемнің 100ге шақты елінде болу. Италияда, Турцияда, Исландияда, Швейцарияда, Барселонада, Парижда жарты жылдан тұрып, өмір сүріп көру
@НурсараМырзахмет-п9й
@НурсараМырзахмет-п9й Жыл бұрын
Менің арманым әуе шарынан күннің қызарып батқанын тамашалау, Алланың нығметін жан-тәніммен сезініп, шүкір ету.
@БейбарысЖүнүсханов
@БейбарысЖүнүсханов 6 ай бұрын
Арманым Жапонияға саяхат жасау, мәдениетін зерттеп пайдалы тұстарын халқыма жеткізу
@balgyn.amirkhan
@balgyn.amirkhan Жыл бұрын
Мен дизайнер болгым келип 5-6 жасымнан бастап куклаларга киым тигетинмин.Анам ылги айтатын сен кушти дизайнер боласын,бай боласын дейтин.Алланын калауымен дизайнер болдым❤
@АминаДидаровна-ы6г
@АминаДидаровна-ы6г Жыл бұрын
мяяя кандай керемет,менде дизайнер мамандыгына тусейын деп отырмын буйырса Ин шаа Аллах
@balgyn.amirkhan
@balgyn.amirkhan Жыл бұрын
@@АминаДидаровна-ы6гБұйырсын жаным ❤
@АйгульУлукбанова
@АйгульУлукбанова Жыл бұрын
Сиздерге коп ракмет ! Подкаст кушти жане коп болуын калар едим . Арман коп мен казакстан да жасауды калаймын адеми табигаты кушти сондай сулу жерде буйырса ! Бул арманим бир болеги гана осын жазип койдым . Шет ел китаптари казак тилине аударилган жане казакстан китаптари соларды ортага салип окип подкаст жасауларинызды калеймин . Ар турли жанрдагы ари ен пайдалы мазмундысын .
@ЖазираҚабылова
@ЖазираҚабылова Жыл бұрын
Бала кезімнен шығармашылыққа қызығатынмын.Қазір сол жолдан таймай,филологияға университетке документ тапсырып қойдым.Бұйырса түсемін. Менің арманым АҚШ-на барып Қазақстанды таныту.Тек техника жағынан ғана емес, адам бойындағы рухани құндылықтар,еліміздің мәдениеті жайлы жоба дайындап,адамдарды мәдениетке бет бұрғызу. Солай сіздер сияқты подкаст,сұхбат беру.
@zhakosh1
@zhakosh1 Жыл бұрын
ҰБТ-дан 135 балл алғым келеді, келесі жылы 11 оқимын. IELTS тапсырып, шетелге оқуға 100% грант ұтып аламын 🎉
@croshka13
@croshka13 Жыл бұрын
Арманымыз ұқсас сияқты❤
@Sabinka1110
@Sabinka1110 8 ай бұрын
Мен де 135 балл алғым келеді.
@balnurmaripkozha8991
@balnurmaripkozha8991 Күн бұрын
Че там?
@ЫнтымақЗира
@ЫнтымақЗира Жыл бұрын
Менің арманым бастық болу ,ұйым басқару қоғамға қызмет ететін.Машина алу ашық жасыл түсте немесе қызғылт.Әркез сымбатты болғым келеді.Саяхат жасағым келеді адамдар барған бармаған қалаларға.Тау шыңын бағындыру. Жүзумен достасу.Кітап жазу жазушылық өнерімді дамыту.Хоббиімді ақшаға айналдыру . Жомарт,жанашыр,жауапкершілігі дамыған жанға взаймно махаббатпен тұрмысқа шығу.❤
@l_nazeka_l5537
@l_nazeka_l5537 Жыл бұрын
Мен үшін арман ол үміт. Мен армандарымды Алладан дұға етіп жазамыз. Бір жағынан армандаймын бір жағынан дұға етіп құлшылық жасаймын😄 Көбісі шүкір орындалып жатыр🤭
@GuldanaTulegenova-j2j
@GuldanaTulegenova-j2j Жыл бұрын
Менің арманым тіл үйреніп әлемді аралау еді. Аллаға шүкір тіл үйрендім маманы болдым десемде болады. Енді әлемді аралау. Әлемді білгім келеді. Қандай салт-дәстүрлер қандай адамдар бар екеннін көру. Мықты педагог болу (ағылшын тілі) Оқушыларға мотивация беру.
@yernat31
@yernat31 Жыл бұрын
Подкаст өте керемет . Менің жиі еске алатын армандарымның бірі мобилограф, камерамен түсіре біліп Қазақстанға жаңа деңгей алып келу. Соған орай магистратураны Нью Йоркте оқып келу. Және де екіншісі паршюттан, таудан секіру, адреналинді сезіну.
@bekarisberdimurat1688
@bekarisberdimurat1688 Жыл бұрын
Өте мықты жарайсың
@Alima.y
@Alima.y Жыл бұрын
Балалық шағыма ойша сүңгідім. Бір қызығы оңайлықпен көп арман-қиялымды елестете алмадым. "Тағы қандай қиялым бар еді, көп еді ғой" деп қоям... Есіме түскен жарқын арманым-аурухана салу. Бала кезімде үлкен 4-5 қабат аурухана салғым келетін. (4-5 қабат үлкен көрінген-ау.) Қолым босай қалса шақпақ параққа ауруханамның архитектурасын салатынсын. Қабаттарын, есігін, бөлімшелерді т.с.с. Сол ауруханада бас дәрігер болуды қаладым. Артымда көөп топырлаған ақ халатты жандар жүрсе екен деп. Офиста жұмыс жасағым келетін. (Неге барлығы жұмыс?!😅🗿)
@Alima.y
@Alima.y Жыл бұрын
Сосын 7 сыныпта кітап жазғым келетін...
@АринаТореханова
@АринаТореханова Жыл бұрын
Менің де арманым Қазақстанның болашақта дамыған үздік елдердің қатарынан көру,сол үшін де менде елім үшін қолымнан келгенше дамытуға үлес қоссам деймін,қай жағынан қарасаңда өнер жағынан,кино жағынан голивудтан қалыспайтын,медицина барлық салалар үздік деңгейде қалыптасқанын,ана тіліміз қазақ тілі бұрыңғы латын әліпбиіне көшіп әлемдегі қанша ел біздің салт-дәстүрімізге қызығып,тілімізге қызығып меңгерсе,Ақш сиякты елдерден де озып кетіп,тәуелсіздігіміз толасыз жылдарға созылып,дамыған елге айналдыруға үлкен болсын кішкентай болсын септігімді тигізу деп айтар едім.
@ЖаксыгульБекпейсова
@ЖаксыгульБекпейсова Жыл бұрын
Мен, бала кезимде хиссасул анбиа , улкен калын китап ты уш рет окыдым,жане суйкти пайгамбарымыз Мухаммед саллАллаху алайхи уасаллам омир баянын окып, 112 жасымнан намаз окыдым. Сол себепти мектепте жургенде орамал таккым келетин еди. Сол орамал тагатындардын арасында журсем деп орамал тагу катты Арман болды . кейн оганда жеттим. Сонымен Катар .Менде Брюс Лидин киносын корип , жалпы карате туралы . каратист болгым келетин еди. Енди кыз болсамда соны армандайтынмын, тагы Бир Арман болды , оны али армандап келемин. Ниетм касиетти Куран Ягни Аллаху СУБИХАНА уа тагаланын калам шарифин жаттау еди. Бала кезимде Меккеге бару арманым еди. Оны да али армандап келемин. Жане Ислам Динин терен билетин билими менен жогары адамга турмыска шыгу еди . бул енди орындалмай калды. Омиримде Бир оте киын аувр кезен болды одан оттим, енди осы Куран жаттау, Меккеге бару армандарыма колжеткиземин деген умиттемин ин шаа Аллаху , ягни Аллах тагаланын калауымен.балки жаннат жолында омирлик серигимди , ягни жаннатты утып алуыма себепши де кездесип калар . баринде Аллах тагала билуши.
@bakdauletalmat
@bakdauletalmat Жыл бұрын
Менің арманым Алла қаласа болашақта ең танымал әнші болу. Бүкіл әлем мені танитындай, әндерімнің барлығы танымал болса екен. Әлемді аралап, көптеген тілдерді меңгерсем екен.
@Гулжамал-к8д
@Гулжамал-к8д 4 ай бұрын
Менің жасым 50 де 6 перзен бар Аллаға шүкіршілік.Арманым әлемді саяхаттау,өзі ұшатын орындық ойлап табу,мен 💯 пайыз сенемін ол орындалатынына.Бала кезімде қиял ғажайып ертегілер көп оқыдым,сол жерде оқыған домалақ үйлер кәзір бар,армандар орындалады.Мен оған сенемін ❤❤❤
@erbakshukirbek3389
@erbakshukirbek3389 Жыл бұрын
Менің арманым 2026ж салиқалы жарға үйленемін 25 жасымда 2027ж универ аяқтап өзімнің 2 клиникам болады глав врач болып, халыққа адал қызмет көрсетемін. 1 Элитный стоматология 2 Халыққа тегін қызмет көрсететін стоматология 2030ж Америкада магистратура аяқтап, Германияда білім жалғастырамын Қазақстан ауыл стоматологиясын көтеремін, врачтарға жақсы условия жасасалған
@kz8304
@kz8304 Жыл бұрын
Керемет!!!🙏🙏🙏🔥🔥🔥Осы арна арқылы келген қонақтардың өз оқиғаларын,түсініктерін,армандарын білдік!!!💯❤️🎖️Армандау үлкен ұғымға айналды,әрі өзіме өте керемет,қызықты подкаст болды!!!Мен де әр күн сайын 10 арманымды жазатын болдым!!!Ұйықтау алдында соны елестетуге тырысамын!Қонақтардың берген кеңестеріне рақмет!!!Ары қарай жалғасуын қалаймын!Бұндай подкасттарды әрбір адам тыңдап,оқуы тиіс!
@UUU-z8v
@UUU-z8v Жыл бұрын
Арманым Шетелде (Америка) тұрып сол жақта 5-6 жыл өмір сүріп сол жақтан бар жиған тергенімді , білімімді еліме әкеліп елімді дамытқым келеді Еліміз әлемге танымал ШҮКІР бірақ мен одан әрі танымал қылғым келеді
@maintv1080
@maintv1080 Жыл бұрын
Менын атым Данияр менын жасым 14те 10 жылдан кейын Данияр аға сиякты Мирас ,Шразаддин ағалар сиякты өзімнің сүйікті кітаптарыммен бөлісіп кітап жазғым келеді сіздердің подкасттарыныздың арқасында кытап окып бастадым рахмет сіздерге
@ЖанатСагиндык-о7б
@ЖанатСагиндык-о7б 10 ай бұрын
Айналайын Данияр, Медет, Шразиддин армандарыңыздың орындалуына тілектеспін. ❤❤❤
@ГулсимТобан
@ГулсимТобан Жыл бұрын
Менде кішкентай кезімде көөп армандайтын едім . Отырып алып бір парақ алып жазып отыратынмын . Сол парақты бүктеп , кітаптардың арасына тығып қоятынмын . Осы жақында кітаптарымды реттеп отырып сол парақтарымды тауып алдым . Оқып қарасам шыныменде қазіргі болып жатқан заттарды кезінде менде армандапттын . Алматыға қатты түскім келген кезінде , қазір міне Алматыда медицина университетінде оқып жатырмын . Аллаға шүкір.
@_qruzhqn_
@_qruzhqn_ Жыл бұрын
1 айға жуық өзімнің дұрыс түйсігімді жоғалтып алғандай жүр едім,әрекет жасамай армандарымды ұмытып,тым еркінс іп , жаңа ғана осы подкастты көріп болғаннан кейін ,тіпті тыңдап жатқан кезде осыған дейін ойлап жүрген жоспарларыма әрекет жасай бастап ,сезінгім келген сезімдерді бастан кештім ,бұл подкасттардың шыныменде пайдалы екенінің дәлелі деп білем, әрі кітап оқуға деген желіктіру сезімі,оған деген құштарлығым арта түсті рахмет сіздерге,жалғасын асыға күтемін❤
@dr_aigerim
@dr_aigerim Жыл бұрын
Арман сіздің келесі деңгейге өтуіңізді талап ететіндей нақты әрі айқын болуы керек✨
@l_nazeka_l5537
@l_nazeka_l5537 Жыл бұрын
Мен кішкентайымнан Хакер болғым келген😂 Қазір Криптологияда(IT Ақпараттық қауіпсіздік) оқып жатырмын. Бірақ өзім әлі код жаза алмаймын🥸👩🏻‍💻
@bekarisberdimurat1688
@bekarisberdimurat1688 Жыл бұрын
Белый хакер боласын деген ойдамын😂😂,Қазақстанның қауіпсіздігін қорғайтын
@l_nazeka_l5537
@l_nazeka_l5537 Жыл бұрын
@@bekarisberdimurat1688 😂😂😂
@nuurdauulet
@nuurdauulet Жыл бұрын
1)Өмірдің шындығын,мәнін табу. Өлімнен кейін не болары да қызық,анығында не нәрсе болатыны,дін болса қай дін рас болып шығатыны, себебі анық білмейміз ғой. Өмірдің барлық шындықтарын, шын дінді т.б шындықтарды тауып адамдарды дұрыс жолға бағыттау,мен таппасамда,осы жолда кішкене болса да еңбек сіңіріп, өз ойымды кітап арқылы болашақ ұрпақтарға жеткізу, мүмкін олардың қолынан келер. Мүмкін бізді бір тұзақта ұстап жатырма,мүмкін өмірді мүлде басқаша сүру керек пе. Бізге бәрі навязать етілген болуы мүмкін 2)Сосын осы жолда серігім болатын адамдарды/достарымды табу. Және ең жақын адамдарыммен тауға шығу, лонгбордпен төмен қарай сырғанау.
@user-villa
@user-villa Жыл бұрын
Дами беріңіздер 🤲🏻
@АрайлымАкберды-к4в
@АрайлымАкберды-к4в Жыл бұрын
Менің мектеп бітіргеніме 5 жыл болды уақыт қалай өтіп кеткенін байқамай қалдым!!! Сіз бес жылдан кейін өзіңізді қалай елестетесіз деген сұрақ қойып жүрмін өзіме Алла қаласа жан жақты дамыған аяулы жар ардақты ана ерке қыз кейіпді сақтай отырып жақсы маман шетел көреген адам ретінде елестетем❤❤❤🎉🎉🎉
@Nazymushka
@Nazymushka Жыл бұрын
Сіздердің подкасттарыңызға үлкен рахмет, көптеген инсайттар алудамын! Шынында да кітап оқу, қиялымыздың дамуының бірден бір жолы. Менде де кішкентай кезімде “Робинзон Крузо” кітабын оқығаннан кейін аралда тұруды армандайтынмын. Міне кәзір Жапония аралдарында өмір сүремін )
@berkuteagle
@berkuteagle Жыл бұрын
Қазіргі таңда А.Бектің "Арпалыс" шығармасын оқудамын, осы кітапты сыйлаған сыныптасыма алғыс айтамын.Сондай-ақ қосарым кітапты қызығып оқығалы бері күнделікті өмірімнің,уақытымның тиімді жүріп жатқандығын байқадым. Кітап оқыңыздар, ең бастысы өздеріңзге қызықты кітапты оқыңыздар деп кеңес берер едім керек жанға🤗
@Bazarbaevaibek
@Bazarbaevaibek Жыл бұрын
Мен болашақта димізбе әлде алдағы 4-5 жылда үлкен бизнесте немесе басқа да салаларда осылай біреуге сұхбат беріп отырғым келет, арман көп қой негізі дубляж жасап көргім келет сценарий жазғым келет үлгі алатындай адам болу футбол жағынан эксперт немесе журналист аналитик немесе коментатор да болғым келет жалпы көп 😅
@АяулымҚанатбекқызы-й5н
@АяулымҚанатбекқызы-й5н Жыл бұрын
Менің арманым тіл үйрену, еліміздің қалаларынан бастап шетелдерді саяхаттау🥰
@Bauyrzhan24
@Bauyrzhan24 Жыл бұрын
Бүкіл әлемде болатын жүгіру марафонына қатысу, жүлделі орын алу , Қазақсатанды әлемге таныту. Салауатты өмір салтын насихаттау...
@dary.050bai
@dary.050bai Жыл бұрын
Көрми жатып лайк, көп инсайттар сыйлайды шығармаларыңызға көп рахмет.
@dinnosh
@dinnosh 3 ай бұрын
Ассаляму алейкум! Жиһангез болу.Меккеге бару(ата-анамды апару). Өнер мен білім деген ұғымды өміріме ұштастыру. Жеке кітапхана ашу.Өте білімді болу.24/7 кітап оқығым келеді.Өзгеге пайдалы болу.5-парызды орындау. 5-мамандық иесі және 10-15 хоббиім болса екен деп армандаймын🤲🏻
@Aruzhan011
@Aruzhan011 Жыл бұрын
Мен бала кезімде көп саяхаттауды армандайтынмын. Сосын великпен Қазақстанды аралауды армандағам 😍
@НурзадаКасым-ю3ш
@НурзадаКасым-ю3ш Жыл бұрын
Жигиттер,керемет подкаст екен,опте катты унады.Жап-жас болып коп ой салдындар,омиримиз куйбен тирликпен кана отип жатканын сезиндим,армандауга коркады екенмин,мол ушин армандамайды да екенмин😢
@ЖанарДаниярова-р4р
@ЖанарДаниярова-р4р Жыл бұрын
Мен сиздермен толык косыламын!!! Мен бала кезимде жагыдайы томен ,коп балалы от басында дуниеге келдим,арманым озимди ,өзім материалдық тургыда көтеру болды және айналама комктесу болды ,казир шукирмин барлыгы орындалды, Содан кейін Куран кіттабын оқып үйрену болатын ,жаза берсем коптеген армандарым орындалды Армансыз адам ,қанатсыз құс пен тең -деген ,оте жаксы айткан
@АяжанКарсыбай
@АяжанКарсыбай 4 ай бұрын
Менің арманым- Қазақстандағы ең деген бишілердің бірі болу, өте білімді психолог болу, жанымдағы адамдарға психологический көмектесе алу, мұғалім болып жатсам, балалардың дұрыс өсіп, дамуына сәлде болсын өз үлесімді қосу🤍
@tangali2003
@tangali2003 Жыл бұрын
Сәлеметсіздерме ! Алла істеріңізде береке берсін , шаршамаңыздар , талмаңыздар ! Менің арманым Аллаға шүкір қарапайым дейінбе бірақ дәл қазіргі арманым осы : Адал жарға үйлену , жақсы жұмысқа тұру , астыма көлік алу , атамды қажылыққа жіберу . Аллаға шүкір менің арманым осы , бірақ сіздердің подкасттарыңызды тыңдап үлкен армандау керек екенін түсінгендеймін !
@Duman_Amze
@Duman_Amze Жыл бұрын
Өзіңді тану бойынша, сіздердің кеңестеріңіз бойынша Gallup тестін өте қатты тапсырғым келіп жүр, негізі студентпін, реттеп болсын қаржыны жинауға болады, бірақ қаржылай бәрібір қиыншылық туындап тұр басқа себептермен. Кішкене арманым әлде мақсатым осы әзірге, осы жаздың демалысы кезінде өз өмірімнің миссиясын кішкене шетін болсын тауып, ашқым келеді
@nurgulmussatayeva4147
@nurgulmussatayeva4147 Жыл бұрын
Керемет жоба! Жалғасын табу керек.
@B0SS_11
@B0SS_11 Жыл бұрын
Алла разы болсын сіздерге. М-гараж жианстыру. Көліктерді жақсы көремін.
@Аяжан-с2ц
@Аяжан-с2ц Жыл бұрын
Полиглот болу. Жүрегім қалаған мамандықта оқу. Шетелде оқу. Жеке көлігім болғанын қалаймын. Ұшаққа мініп көру. Ккөөөптеген жетістіктерге жету☺
@ГульжаухарАбекенова
@ГульжаухарАбекенова Жыл бұрын
Керемет сұхбат👏🏻👏🏻
@sport1385
@sport1385 Жыл бұрын
Менің арманым спортшы,будиблдер болу ,Қазақстан да бұрн болмаған бизнесмен болу,яхта сатп алу,мешіт салдыру ,еш алаңсыз теңізде шомылу
@kargalibyusen09342
@kargalibyusen09342 Жыл бұрын
Арманым мұхитты көру!🌊 ұшы-қиыры жоқ...
@start9749
@start9749 Жыл бұрын
Эрен, бұл сен ба не?
@СаулеДоскараева
@СаулеДоскараева Жыл бұрын
Істеріңізге береке берсін тыңдап отыра бергің келеді екен
@Мадинамұғалім
@Мадинамұғалім 7 ай бұрын
Осы подкасты көріп отырып балалық шағым есіме түсті.Мен кішкентай кезімде биік ағаштың үстінде өзім жалғыз тұруды армандаған екенмін.Қазірде жалғыздықтан ләззат аламын.Оқшаулануға жалғыз қалуды жақсы көремін.Адам көп шулы жерде басым ауырып кетеді.😅Бірақ жұмысым шулы орта мектеп😅
@ЖанеркеНурлыбай-ш4ъ
@ЖанеркеНурлыбай-ш4ъ 11 ай бұрын
Мен жақында Сүлеймен патша кеніші атты кітап оқыдым және сол кітаптан кейін дәл сол мекенге бару деген арман пайда болды. Шыныда кітап армандауға көмектеседі👌🏻Сіздердің подкастарыңызды оқып соны қайта түсініп отырмын🥰
@moldirmol
@moldirmol Жыл бұрын
Менің арманым Америкаға оқуға бару, сонда тұрып көру жеке. Елге қайтып айти саласын дамыту, осы саланың ең озық білгірі болу. Болашақ жарымныңда осы саладан болғанын ,мені түсінетін жан болғанын қалаймын. Айтып кететін жайт айти саласында көбіне ер адамдар, қыз баласын жұмысқа алғысы келмейді. Бұл шындық. Осыны жою. Қыздардың қолынанда келетінін өзіме өзгеге дәләлдеу.Кітап жазу психологиялықТіл үйрену. Сол елдерде тұру.
@АяужанОтепова
@АяужанОтепова Жыл бұрын
Гарри Потердын фильмындағы Хогвартс сияқты мектеп ашқым келеді сиқыршыларға арналған емес қарапайым оқушыларға бірақ өте ерекше әрі қызықты болатындай бір бағыт бойынша оқытатын , өзінің жатаханасы бар жатып оқитын үлкен ауласы бар табиғаты керемет таулы жерден және дінді үйрететін пән енгізілген мектеп болғанын армандаймын .
@БекзатШамшиден
@БекзатШамшиден 7 ай бұрын
Арманыңыз орындалуына шын жүректен тілекшімін Алла Қаласа
@БагдагулГайыпова
@БагдагулГайыпова Жыл бұрын
Өте керемет, үлгі болатын жігіттер
@gulzada.kanatbekova
@gulzada.kanatbekova 3 ай бұрын
Менің арманым еркін болу, қаржылай тәуелсіз болу. Лауазымды жұмыста жасау.Білім саласына пайдамды тигізе алатындай, басқалардың білімді болуына өз үлесімді қоса алатындай адам болу. Өз жеке мектебімді ашу.Ағылшын тілін үйрету адамдарға.Өз арманымдағы luxury өмірді сүру. Өзімнің жеке командамды құру. Бизнес леди болу.Жеке брендімді ашу.
@moon_delight0009
@moon_delight0009 Жыл бұрын
Подкаст көре отырып алдағы 5 жылға арманым жаза кетейін. 1) 5 елді аралап шетелге шығу. 2) Өз көзімен мұхит көру😄 3) ата-анамды Париж қаласы жіберу🤍
@kimtae988
@kimtae988 Жыл бұрын
Дизайнер болу арманым еді бала кезімде. Неше түрлі көйлектердің, киімдердің суретін салғанды жақсы көретінмін. Қазір медицинада оқимын, бірақ жан дүнием шығармашылықты сүйеді. Барбидің мультфильмдерін көріп отырып сән әлеміне қатты қызығатынмын. Тағы да, сол жерде Парижде сән көрсетілімін қоятын сериясы бар еді, қатты ұнайтын. Өзім ол сериясын көрмей тұрып та Парижге ғашық болып қалған едім , дәптердің артындағы Эйфель мұнарасының суретін көріп😂😍 Содан кейін миымда Париж және сән көрсетілімі деген көрініс сақталып қалған.)) Қазір де армандаймын Парижді, және бас тартпаймын ешқашан❤
@yakamoz-i4z
@yakamoz-i4z Жыл бұрын
Алла разы болсын. Арманды сақтау керектігін ойыма бекітіп бердіңіздер
@Аяжан-с2ц
@Аяжан-с2ц Жыл бұрын
Менің арманым әлемнің 50еліне саяхаттау. Алматыда, шет елде жеке 4-5бөлмелі жер үйім болу. Жеке бизнесім болу. Бай болу. Бақытты болу😊
@dr_aigerim
@dr_aigerim Жыл бұрын
Жалғасын күтеміз 😊
@НурдаулетБектурганов-ж8л
@НурдаулетБектурганов-ж8л Жыл бұрын
Менің Арманым мектеп кезде или студент кезде Онлайн сауда енді басталып келе жатқан кезі еді,Өзім базарда жеміс жидек сататынмын Онлайн сауда мен айналысу болған екен бірақ оны ұмытып кетіппін бірақ кәзір айналысып жүр екенмін Арманым Үлкен Бизнесмен болып Бизнес үйретіп Қазақтарды байда бақуатты өмір сүруіне көмектесу.
@k_amanzhol2142
@k_amanzhol2142 Жыл бұрын
Менің арманым болашақта дәрігер болу.Мен көп ойланып толғанып өз мамандығымды таңдап армандай бастадым. Менің тағы бір арманым 1 жылда 20 кітап оқу және шетелге жақын арада шыққым келеді.
@shyrailym711
@shyrailym711 Жыл бұрын
Осы подкаст арқылы балалық армандарыма бір сүңгіп алдым десемде болады. Шразаддин аға айтқандай 10х дәреже де болады деп болашақта армандарымыз. Менің армандарым 1)Ұбтны өте жоғары деңгейде тапсырып СДУ да математика мұғалім мамандығына түсу 2)Физикада астрономия немесе Ньютон Кеплер ашқандай заңдылық ашу 3)Өзімнің болашақта әлемнің барлық кітаптарын оқытын бір проекті құрастыру 4)Англия Гарвард университетінде оқығым келеді.15 ғасырдан қалған бұл ерекше әсер сыйлайды 5)Басқа шетелдің азаматтарына Қазақстанның тарихын,дінін,әсем кең байтақ табиғатын көрсетсем деймін 6)Бұрын кинолардан көруші едім Америка тұрсам Себебі ол жап жасыл адамдардың атмосферасыда мектептері бір ерекше сезім беретін 7)Үйімнің 2 этажды қасында бассейн неше түрлі аквариумдармен көмкеріліп 8)Ата-атамның бұл менің қызым дегендей әдемі өмір сүргім келеді 9)Ең бастысы ғарышқа ұшу айды марста өзге планеталарды зерттеп Жаңалықтар ашу Бұл қиялы болуы мүмкін бір мен сенем Барлық армандарым орындалуына сенемін.Осы кітапалдың резиденттерге ризамын,маған ұнады✨️
How Much Tape To Stop A Lamborghini?
00:15
MrBeast
Рет қаралды 202 МЛН
СКОЛЬКО ПАЛЬЦЕВ ТУТ?
00:16
Masomka
Рет қаралды 3,1 МЛН
What type of pedestrian are you?😄 #tiktok #elsarca
00:28
Elsa Arca
Рет қаралды 29 МЛН
World’s strongest WOMAN vs regular GIRLS
00:56
A4
Рет қаралды 47 МЛН
БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ
22:36
Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
Рет қаралды 28 М.
How Much Tape To Stop A Lamborghini?
00:15
MrBeast
Рет қаралды 202 МЛН