Рет қаралды 14,191
БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Қуандық Бишімбаев сотқа тағы да телефонының құпия сөзін айтудан бас тартты. Ол байланыс құрылғысын тек қорғаушыларының ашып бергенін қалайды. Ал, судья тергеу кезінде бірнеше рет түрлі сылтау айтып, жауап беруден жалтарған сотталушының телефонын айғақтар тізімінен алып тастады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болса, әйелін асқан жауыздықпен азаптап, ажал құштырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенованың некесін қиған имамды тәртіптік жазаға тартып отыр.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Астанада еліміздегі ең резонансты іске қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот барысында қайғылы оқиға болған күні сотталушы Бақытжан Байжанов хабарласқан дәрігерден жауап алынды. Куәгердің айтуынша, сол күні сотталушы бірнеше рет қоңырау шалып, кеңес сұраған. Алайда, ақ халатты көмектесе алмайтынын айтып, жедел жәрдем шақыруды ұсынған.
ЕРСҰЛТАН СӘРСЕНБАЕВ, куәгер:
- Мен кеңес бермеймін. Кеңес беру үшін де науқасты көріп тексеру керек. Сол үшін жедел жәрдем шақыруға кеңес бердім.Себебі, мен онда не болғанын білмеймін.
Сондай-ақ, сот кезінде сотталушы Байжановтың телефоны да қаралды. Ал, қылмысты кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған экс-министр заттай айғақ ретінде тәркіленген ұялы құрылғысының құпия сөзін айтудан бас тартты. Айтуынша, телефонын тек қорғаушылары ғана қарайтын болса, ашып бермек.
ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ, сотталушы:
- Мен құпия сөзді тек қорғаушыма ғана айтамын. Ақыры, айыптаушылар телефонды ашып, айғақ ретінде қолдана алмай отыр екен онда дәлелді адвокаттарым ұсынсын. Егер құрылғыны берсеңіздер құпия сөзді беруге дайынмын.
Ал, судья алғашында сотталушының телефоны түбі тексерілетінін айтқан. Алайда, Бишімбаев пікірін өзгертпегеннен кейін құрылғыны іс материалдарынан алып тастады. Айта кетейік, сотталушы Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенованың мұсылманша некесін қиған бас имам тәртіптік жазаға тартылып жатыр.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық