Керемет подкаст! Қазір акциялар әлемін зерттеп жүрмін, курс оқып жатырмын. Бірақ ешқандай нәтижеге жете алмай жүргеніме көңілім түсіп жүр еді, алайда, қазір ойланып қарасам, шынымен, бүгінгі білімім кешегіден жақсырақ. Өзімнің еңбегім мен білімімді құнсыздандырып жүріппін. “Work, work, work, no results, but you are better” өте қатты әсер берді. Мен үшін пайдалы подкаст болды. Осындай білімді, интеллекті жоғары адамдарды тыңдап рахаттанып қалдым! Рақмет!
@raukaash__12 сағат бұрын
Еркебұлан Әріпбайды біраз уақыттан бақылаймын,осы кісінің рилстарының арқасында жәймендеп инвестиция немесе ақша жинауды үйреніп жатырмын.Осы подкастта өте жақсы мәселелерді қозғадыңыздар,алаяқтық инфобизнес,бизнесті дамыту сияқты.Жалпы айтқанда жақсы инсайд алуға тұрарлықтай подкаст болды.Үлкен рахмет!
@Bakhdaulet986 күн бұрын
Ал не дейміз бата беріп жіберейін, қолдарыңды жайыңдар 🤲 Осындай мән мағыналы, пайдалы әңгімелер подкасттар көп болсын! Қазақ бай болсын! Бақуатты болайық! Қазақ елі мәңгі жасасын әумин! ❤️
@АйгульМустафаева-ш9щ8 күн бұрын
Еркебұланнан инвестиция үйреніп жатырмыз, өте жақсы курс, қарапайым тілмен қазақша, РФМШ дан шыққандар жаман болмайды
@АлияМуханбет-с2н2 күн бұрын
Туйгенім:Арманға жеткізетін бос қиялдар емес,нақты ,тұрақты жасалған іс-әрекеттер. Өмір қандай болсада,сен жетістікке жете аласын.✅ Акция -тамшы тама тама тас жарады. Ақшаны әртурлі валютада , әр турлі формада ұстау тиімдірек. Әдеттер жиынтығы ,болашақтағы сені қалыптастырады. Жалпы айтқанда,өмірге азық болар ақпараттар жинадым😍 Көп рахмет🌸
@qarjyger_Nureke7 күн бұрын
Осындай қоғамда өмір сүріп жатқаныма шүкір етем.Жарайсыздар ағалар
@Ualikhan_7 күн бұрын
Керемет подкаст 💸 ақшаға деген ой өзгертеді, жақсы жолдарын айтты деп ойлаймын. тоқтамаңдар жігітер❤
@ainurmakhazhanova76438 күн бұрын
Атасы Кулан Атпаганнын Баласы Булан атпайды дегендей Осы Жыгыттердын жане келген Конактардын Кай Кайсысы Болсын Аке Шешелеры Ата Ажелеры Былымге Кытапка Быр Кадам Жакын Болган Кысылер Екен.Укканым Жас болып Тентектыкке Кететын Жанып турган кездерынде Оз Оздерыне Токтау Коя Жане Айта алуларынын Быр Себептеры Осы Былыммен Кытаппен Келген Екен.Осындай Казактын Жыгыттерын Коп Шыгарып Отырыныздар.Керемет Сухбат болды Рахмет.Мама Папаларын Уялмай Жердын устымен Журетын Алтын Азаматтарымыз❤
@МейрамгульТеребаева8 күн бұрын
Өте жақсы подкас болды, жас болсаңыздарда, өмірлік ұстанымдарыңыз жоғары, Еркебұлан Әріпбайдан қаржылық сауаттылықты үйрену керек еаен
@МаратУтешкалиев-ж9й8 күн бұрын
Бай адамның әдеттері және образ кию секілді инсайдтарды жақсы айтты. Ақшаға деген қарым-қатынасты өзгертудің топ подкастың бірі болды. Құмар ойынның зардабын өзі сол балшыққа түсіп көрген адамнан есту бөлек әсер қалдырып ойландырды. Ғажап подкаст үшін рақмет! 🔥👍
@BALYQOSIRU177 күн бұрын
Өте керемет подкаст сіздердің біз үшін жалпы қазақ халқы үшін осындай пайдалы подкаст шығарып жатқандырыңызға көп рахмет. Подкасттарыңызда әзілде, пайдалы ақпараттар бар көп кітап оқыған кісілер екендерңіз сөздерңізден байқалады. Көп рахмет сіздерге пайдалы подкасттар шыға берсін қолдаймыз🙌🏻
@ЖұлдызланЖусубалиев7 күн бұрын
Кітап ал Сіздерге рахмет қаншама адамның көкірек көздерін ашып жатсыздар,қаламдарыңыздың ұшы мұқалмасын❤
@medayazh4 күн бұрын
Айтылған кеңестерге, тәжірибелерге рахмет. Осыған дейін капитал жинау жайлы ойлап едім. Бірақ ағамыз айтқандай, өмір сүруіме қажетті ақша жинасам болды демаламын деген оймен жүрген екенмін. Қазір студент болсам да, 5-10 тиыннан жинауды әдетке айналдырдым. Ия баяу, ия бәлкім бұл аз, бірақ жоқтан жақсы. Әрекетке берекет. Ақша деген қолдың кірі деп өскендердің бірі мен едім. Бірақ ол жамандық емес, керісінше жақсы өмір сүруге жол ашатын бір кілт екен.
@МолдирНурханова-п9х8 күн бұрын
Өздеріңдей білімді, жаста болса бас болатын жігіттер көп бола берсін.❤ Реалист болу керекпіз, деген ойды құптаймын, жалпы бар ресурстарды тиімді пайдалана алсақ оның өзі алға жылжу ғой. Еркебұлан баурымның бір рилсін таратқанмын), декртеттегі әйелдерге тиіспеңдер, деген👍 сол дөп түсті.
@user-baktiyar8 күн бұрын
Kitapal ұжымына көп рахмет 🙌
@zharqyn_omir8 күн бұрын
Алаяқтарға алданатындар тұрақты жұмысы барлар деген сөз қатты әсер етті. Менің бір стереотиптік ойым бұзылды. Негізі адам өз шешімдерінің жиынтығы деген рас. Қаржылық білім алып, өз қағидаларымды зерттеп жүргенімде одан әрі дүниетанымымды кеңіткен подкаст болды. Инстаграмды көп қараймын деп өшіріп едім, оны өзіңді дамыту құралы ретінде пайдалану, көрген адамдарыңа анализ жасау керек деген ой қалыптасты. "Көп өмір сүргеннен емес, көпті көргеннен сұра" - деп бекер айтпаған. Өмірлік тәжірибе+білім=нәтиже екендігіне көзім жетті. Мақсатыңызға жетіңіз, Қазақстанның ең бай, ең ықпалды адамы ретінде тарихта қалыңыз🤲
@ШынарЖалмукашева7 күн бұрын
Өте пайдалы подкаст, алғысымды білдіремін. Еркебұланға көп рахмет. Жалпақ тілмен түсіндіре алды баюдың басты принциптерін және де қарапайымдылығы өте ұнады. Шынында да мен үшін ең басты ереже - еңбек пен дисциплина. “Накопительный эффект” кітабы қағидаларын өмірімде пайдаланудамын. Жоспарлауды үйрендім. Шынымды айтсам, подкаст мен үшін аз болып қалды.
@KinotamashaLike7 күн бұрын
Еркебұлан мырзаның курсын оқып, акция ала бастадым. Дегенмен осы подкастта өзіме бір жаңа қырынан ашылды. Сондай маңызды “принциптерімен” бөлісті және де осы подкастта бірнеше рет айтылған “шешім қабылдадым” деген жерлері әсерлі болды. Яғни өміріңе зиян тигізетін өз әрекеттеріңнен бас тарту арқылы өзі айтып жатқан 100% жауапкершілікті өзіңе алудың не екенін нақты мысалдармен көрсетті. Жауапкершілік туралы естіп келе жатқанымызға біраз болды ( “ты хозяин своей жизни”, “управляй привычками” және т.с.с.) бірақ соның терең мәнісіне жете алмай жүргендер көп. Тағы бір түйгенім білімді болу, математикаға баулып өсіру керек балаларымызды, сонда оларда аналитика дағдысы жақсы дамып, өмірінің барлық саласында көмек болады. Мәнді әңгіме үшін рахмет!
@ТасАхметов8 күн бұрын
Рахмет сіздерге сіздердің себептеріңізбен,35 жасымда кітап оқып бастадым.Қаз жеке кәсібімді аштым,енді бүйырса осы покастан қаржылық сауттылықты дамытатындай ой түйдім рахмет сіздерге
@УланРавил-х7р5 күн бұрын
Өте мықты ойлар түюге әсері бар подкаст болды, рақмет, жақсы әдет қалыптастыру,әдет мінезге айналатынын,мінез өміріміз екенін ашып айттыңыздар!🎉🎉🎉
@АйсұлуЕралы-б4д8 күн бұрын
Осындай подкасттарыңызды сағынып қалыппын🥰, ақша, қаржылық туралы керемет инсайттар болды👍, осындай ел ағалары көп болсын 🙌🏻
@nurbekyerlan6 күн бұрын
Сәлметсіздер.. Шынай керемет болды қазыр жастар біздерге осы сала бойнша көп мағлұмат қажет деп санаймын заманауый табыс көзі бұл туралы мекткпте сабақтарда өтілуі керек менің ойымша болашақ осыған қарай бет влып барады 👍ойылары ұнады , қазыр біліп білмей неше түрлі курс оқып жүрміз…
@Serik_Olzhas.048 күн бұрын
Өте қарапайым болғаны керемет, Ұлы істерге жетелейтін, қарапайым ұстанымдар екенін мойындағымыз келмейдіғой деген сөз жақсы екеен 👏👏
@Bai4568 күн бұрын
Керемет подкаст😊 Еркіннің шынайылығы ұнады, Жалпы ашық сұхбат болды❤
@AiTemirkan9 күн бұрын
Керемет кеңестер, сіздердей үлгі бере алатын, сауатты ағаларымыз көп болсын💯🙌🏻
@ЖұмагүлАғатаева8 күн бұрын
Жалқаулық - миыңның сен үшін мағынасыз іске реакциясы деген сөз маған инсайт болды. Кедейдің түпкі ойы - демалу деген кезде тіпті шыдамай, отыра алмай кеттім. Еркебұлан мырзаны бұрыннан инстаграмнан білемін. Қаржылық сауатымды ашып келе жатқан жандардың бірі. Ал мына подкасттан өмірлік білім алдым десем болады. Ұстанымнан әдет пайда болады екен. Жалпы осы подкасттан өзімнің қандай мүмкіндіктен айрылып жатқанымды, қателіктерімді түсіндім. Бүгіннен бастап ойдағы байлыққа апаратын ойларымды іске асырамын аздап болса да. Кітапал ұжымына алғыс!!!
@adodombura0066 күн бұрын
Ақылы болсын, тегін болсын беріп жатқан кеңесіне көп рахмет! Инстадан қарап келе жатқаныма 2 жылдан асты Ерекеңді 😅. Дегенмен курсына қолдың жетпей жүргені бар енді. "Kitapal" ұжымына көп рахмет, біраз ой түйдік. Сүбелі сұхбат болды! Баса беріңіздер✊
@Айшабибі-я8ь8 күн бұрын
Подкаст өте пайдалы болды. Маған қатты әсер еткен сөз Еркебұлан Әріпбайдың: "Иә, өмір сондай, бірақ өмірдің ондай болуы менің мақсаттарыма, нәтижелерге жетуіме әсер етпейді, кедергісін келтірмейді. Расыменде, сен шынайы қаласаң, әртүрлі амалдар жасап, әрекетке көшесің. Сол жолда ақшаны құртып жібермей эмоциянды басқару, қате өмірлік ұстанымдарынды өзгертіп, дұрыс ұстанымдар қоя білу, өз қателіктерінді мойындап, шешім қабылдай білу, қателіктерден сабақ алып, еңбек ету, жасаған ісіңнен ләззат алу,сәл кідіріп, өткенді сараптап, келер күнді бағамдау, өзіне қатысы жоқ істерді тәрк ету, ортанның дұрыс болуы маңызды. Подкасттан подкастқа жете берейік. Алла Тағала білімімізді арттырсын✨
@ЗахидаБакирова8 күн бұрын
Керемет өте пайдалы сұхбат болды
@alinak69458 күн бұрын
Керемет подкаст. Еркебұланның инстаграмына тіркеліп, қарап жақсы ақпарат алып отырамын. Қаржылық сауаттылық өте қажет, әрбір айтылған мысал пайдалы болды. Ең күшті инсайт мен үшін ол, әрекетті кішкентай қадамдардан жасай беру керек, нәтижесі міндетті түрде болады.
@АсельОразбаева-з7м8 күн бұрын
Подкаст керемет, қолда бар ресурсты пайдаланып алға жүру деген ой ұнады, мен де сәл нытиктау едім
@АйсулуАйбасова-х7х8 күн бұрын
Керемет подкаст болды! Ойда жүрген сұрақтарға жауап алдым. Өмірлік түйін түйдім, енді QR бар блокнотты алып, курсты окысам🤲 кейін бөлісетін едім құнды ақпаратпен☺️
@ВенераКульбаева-е8м5 күн бұрын
Барлық адам қаржылай сауатты болса өмір жеңілрек болар еді. Өкініштісі сол адамдар көбі тез ақша тауып тез оны құртуға ұмтылуда. Қаржылай сауаттылықты дәріптейтін подкастар көп болса екен🙏
@asylzhan57056 күн бұрын
🔥 Керемет подкаст
@Интересныевидео-э6ш8 күн бұрын
Ең әсерлі инсайттардың бірі әсіресе көптеген адамдар үшін инвестицияны ұзақ мерзімді перспективада ойлауды және қаржы дағдыларын дамытуды үйренудің қажеттігін айтты. Бұл әдіс тек инвестициялық нәтижеге ғана емес, жалпы өмір сапасына да әсер етеді деп ойлаймын
@kaz__77787 күн бұрын
Бұл патказ адамның кішкене қадамы,ол оның өмірлік табысы болатыннын көрсеттеді,”аз аздан үздіксіз”
@НуржамиляБокешова8 күн бұрын
Негізі керемет білім болды 1жарым сағаттың қалай өткені білмей қалдық Өмірде қолдануға болатын ұстанымдар,ойлар, және пікірлер. Рахмет)
@askarkozhalakov1518 күн бұрын
Маған да Арман Бердалиннің сол оқиғасын бұрын естігенде қатты әсер еткен. Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады”-деп бекер айтпаған ғой.
@КалЯкпш8 күн бұрын
Саттилык жандаримм
@Аллаүшін6 күн бұрын
Еркебұлан және Кітап ал ұжымы на рахмет 1)Байлық ол демалыс емес жату керек дегенді білдірмей бай адам өзінің жасаған жұмысынан ләззат алады
@erdauletrahim50744 күн бұрын
33:50 Мен осы уақытқа дейін трейдингті ақша жасаудың бустері деп ойлап жүрдім көп рилста солай көрсеткедіктен . Жане инстамды дамытуға кулшыныс жок еді ал қазір Еркебуланның еңбекқорлығын көріп тым болмаса 3рилс аптасына саламын деп жеңіл старт жасаймын.Жане пайдалы әрі қызықты болуы керек себебі интаны мен сату платформасы ретінде қабылдадым!
@НұрсұлтанӘбуов8 күн бұрын
"Сабыр түбі сары алтын" мақалдарға күшті мән береді екен!
@АрынгазыКошербаев7 күн бұрын
Алла разы болсын біраз сұрақтарға жауап алдық
@ЖұлдызланЖусубалиев7 күн бұрын
Инсайт:Қиялыңдағыдай Тез байып кету ықтималдылық өте төмен,сол үшін ерінбей жұмыс жасау керек Және бай адамның әдеттерін сіңіру керек,бір күні ойлағаныңнан көп ақша келген кезде қуып кетпей дұрыс басқара алу үшін ойыңды қаржылық біліміңе,тұлғалық әдетіңе мән беру керек.Ойлаған арманыңа мақсат қойып жоспар құру арқылы жәймен жетуге болады,мейлі тез мейлі жылдам бірақ тұрақты.
@Yerzhan465 күн бұрын
Байлыққа жету - жарыс емес, стратегия. Осы видеодан алған әр кеңес - менің болашақтағы қаржылық тәуелсіздігімнің тағы бір кірпіші! 💼💡
@zdorovezhizn8 күн бұрын
Мен осы подкасттан каржылык сауаттылык қатысты көп информация алдым. Одан бөлек сабакта алып жүрмін жəне жана информацияларга толы болды.Омиримдеги мумкиндиктер коп екенин тусиндим. бир жылга шаккандагы унемдегем акшам 50.000тг дей болды. Озіме акша жумсап ,акшаны унемдеп те уйрендим.Ягни ар нарсени орнымен калай жумсау керек екенин тусиндим .Кредиттин зиян жактары барына козим жетти .Озиме инвестиция жасай бастадым.Адамдарга жок деуди ,манипуляция,лохотрон нан сактануды уйрендим.Омирге керек финансовое подушка безопасности деген не екенин тусиндим. Корытындылай айтканда,Еркебұланга улкен АЛҒЫС👍
@АнарБалийсан7 күн бұрын
🎉Тек алға Ақшаны жақсы көрем😂
@balzhan_zhenis8 күн бұрын
Көзіңді жұмып жатып болашақтағы өзіңмен сөйлесу психологияда техникасы бар. Одан ақыл сұрауға болады, оған есеп беруге болады т.б. Мықты техника.
@aemukagali6 күн бұрын
Сіздерге Алла разы болсын подкастарыңыз керемет пайдасы мал! Еркебұлан ағамыздан жақсы кеңестер алдық деп ойлаймын. Өз ойым: - Ұстанымдары; - Ақшаға дұрыс түсінік жайлы; - Кітапты рахаттанып оқу жайлы; - Қарапайым әрекет жайлы; Сіздердің мақсаттарыңыз Қазақстанды кітап оқуға айналдыру болса, мақсаттарыңызға жете беріңіздер 🔥🔥
@КалЯкпш8 күн бұрын
Керемет
@Tradergoi9 күн бұрын
Көкем дұрыс айтады
@playmusictimeo9 күн бұрын
🔥🔥🔥🔥
@aizhanbaisabyrova59137 күн бұрын
Тегін нәрсенің нәтижесі аз болады, бұл кітапты қайдан сатып алуға болады соны айтсаңыздар.
@МейрамгульТеребаева8 күн бұрын
Өте дұрыс айтасыздар
@НұрғалиРахымбаев7 күн бұрын
Мойындай алу ерлік!
@БекжанМукашев-у2я8 күн бұрын
Жалқау емеспін дегенге түсіндірме табылды! Жұмыртқа бар себеттер іздеу керек! Ақшаны әр түрлі активте ұстау!
@Арландар9 күн бұрын
Жап жас болып не жеп ақылды болады осылар), дұрыс АДАЛ,білімді жастар көбейсін !
@balzhan_zhenis8 күн бұрын
Бір орнында тыпырлап тұрған адамдар өз кемшілігін мойындамаған адамдар деген жақсы айтылыпты. Мойындаудан кейін ғана рост болады. Ол рас.
@asylzhan57059 күн бұрын
От білім🔥
@makpal.ashimkhan3 күн бұрын
подкаст ұнамады, Еркебұланның мен мен дегені көп болып кеткендей. аларым аз болды өкінішке орай😢
@МейрамгульТеребаева8 күн бұрын
Менің сіздерге бір сұрағым бар еді, балам 14жаста, телефонға қатты тәуелді, осы әдеттен қалай арылуға болады, сіздер өте білімдісіздер, сіздер сияқты болса деп армандаймын, білімді
s&p500 2000 және 2010 жыл арасында мүлдем өспеді) бұл бірінші қателік. Екіншіден инвестицияда точка выхода болу керек) ол алтын заң."Аламда ешқашан сатпаймын" деген қате. Біреу қатты уверенно сөйледі деп сене бермеңіздер. Авторға еш қарсылығым жоқ но все таки оқу керек өз салаңды
@nurlanzhailaubay84809 күн бұрын
Подкасты приложениесинде жуктеуди умытпаныздаршы
@Айшабибі-я8ь8 күн бұрын
Кітап алдың подкастына жолықтым Ағалардан бай болудын жолын ұқтым Сапалы өнім, пайдалы бола білу Байлыққа жеткізер жол торабы Подкасттан мен соны ұқтым. Ортан менен ұстанымды өзгертсең, Алдына мақсат қойып, Бай болуды көздесең Эмоциянды басқарып, "Ақша жинаймын" деп Өз-өзіне сөз берсең, Көп кешікпей, мақсатына жетесің. "Қаржы қағидаларын" оқып алып, Сол білімді санаға тоқып алып, "Батпаққа батушылар" күнделігін ұтып алып, Байқуатты мұсылман боп, Болайық біз нағыз АЛЫП.
@bestfacts018 күн бұрын
Бұл подкасттан алған түйін,кінәні басқа біреуге жаба бергенше өз мойнына алып,іс-әрекет жаса.Сен еріншек емессін, сен күшінді өзін қалаған жолға жібермей жатырсын.Және әрекет күн сайын қайталанатын болса,әр күн сайын сен 1% кешегіден қарағанда жақсы боласын. Мен алған түіндер осы осы блокнотты қатты қалап тұрмын Еркебұлан аға инвестиция бастаған жаста болып тұрмын 21
@МырзахметовҚожахмет7 күн бұрын
Математик шақырсаңыздар жақсы болар еді!
@АрынгазыКошербаев7 күн бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@zhansayayembergenova34403 күн бұрын
Әрине бәрі сөздер әдемі, керемет ойлар, бірақ шынымен қажетті машинаны айына 130 мың кредитке алуға өте көп ойлану, және оны әйелінің жасауының ақшасын салып алу, егер оны төлей алмай жатса, әйелі жұмысқа шығып көмектесуі - мен үшін өте біртүрлі сәт болды... Содан кейін очередной инфоцыган деген ой келді, көптеген подкаст, успешный успех кітаптарын оқып алған
@userbek_8 күн бұрын
жалпы мен подкасттарды көп қараймын және ол подкастта не жайлы айтылғанын ұмытып кетуім де мүмкін. Бірақ маңыздысы тек бір ой алып шығу. 1 жарым сағаттық подкасттың бар жоғы 3-4 минутында айтылған ой санада қалса және практикада қолданылса өзіме нәтиже алдым деп ойлаймын. Ал бұл подкастта маған ең ұнаған ой - адам өзінің жағдайын оценивать етіп, сол жағдайға сай жұмыс жасауы керек. Өзінің қай деңгейде екенін мойындамай тұрып өсу мүмкін емес.
@Madi86899 күн бұрын
Абылай Кежа́лы қашан келеді
@Bakhdaulet986 күн бұрын
100 достан 100 млн артыққой, дос табылар ақша болса 😂😂😂
@АсемайКөбей9 күн бұрын
😍😍
@ДаниялАмангелди-р9з7 күн бұрын
Жалға жүр,жат жерге кет,мал тауып кел Малың,болса,сыйламай тұра алмас ел. Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бәрі де жел. Абай Құнанбайұлы.
@НурханАхбатишев9 күн бұрын
👏👏👏
@АсылзатАлтынбеккызы8 күн бұрын
❤
@issrop9 күн бұрын
келесі қонаққа Мұрат Әбділданы шақырыңыздаршы
@АрниНн4 күн бұрын
53:25
@Bakhdaulet986 күн бұрын
Жұмыстағы букмекерге акша қойып фктболға 60-70 мың уткан чектерин лактырып кояды кейде, Үйретсеш десең не стоит дейді, қызғанама или қораға кіріп кетпесин деймекен ?? 😅
@ЖақсылықСұлтанұлы-э1ь9 күн бұрын
Өте керемет ❤
@Abzal.Ondirisbek8 күн бұрын
Амандаспай ма бұлар ,тез бастап кеттіғр
@БагилаБурибаева-д1с8 күн бұрын
Шраз неге қатты азып кеткен
@rizayskak51768 күн бұрын
Алғыс.
@AskhatNurtaev4 күн бұрын
@kitapal Қаржылық еркіндікке жетуді, ортаның маңызын тағысын тағы біраз нәрселер айтылды бірақ бұның бәрін Қаржы Қағидаларын оқысаңыздар одан да керемет түсінесіздер. Айтпақшы ютубқа жазып жатқан алғашқы коменттім
@mmuqann9 күн бұрын
1️⃣
@KairatDodabakov8 күн бұрын
Казирги замангы баюдын теориясын билед екенсиндер. Бирак Казак ертегисиндеги смыслды Аталардын урпагына не айткысы келетинин дым билмеид екенсиндер.
@Yourfutureboss8 күн бұрын
койшы түкке тұрғысыз нәрсені айтпай қайдағы жоқ ертегінің керегі не ,оданда ағылшын тілін үйрен,кітап оқы,қаржылай сауатты бол.болмайтын пайдасыз ертегіні айтпай
@akhat_e8 күн бұрын
Аталар тал ек деген шыгар😅
@Интересныевидео-э6ш8 күн бұрын
Ең әсерлі инсайттардың бірі әсіресе көптеген адамдар үшін инвестицияны ұзақ мерзімді перспективада ойлауды және қаржы дағдыларын дамытуды үйренудің қажеттігін айтты. Бұл әдіс тек инвестициялық нәтижеге ғана емес, жалпы өмір сапасына да әсер етеді деп ойлаймын
@АлияМуханбет-с2н2 күн бұрын
Туйгенім:Арманға жеткізетін бос қиялдар емес,нақты ,тұрақты жасалған іс-әрекеттер. Өмір қандай болсада,сен жетістікке жете аласын.✅ Акция -тамшы тама тама тас жарады. Ақшаны әртурлі валютада , әр турлі формада ұстау тиімдірек. Әдеттер жиынтығы ,болашақтағы сені қалыптастырады. Жалпы айтқанда,өмірге азық болар ақпараттар жинадым😍 Көп рахмет🌸