Такое удовольствие получила от подкаста. У неё такая приятная энергетика, вайб, её простота подкупает, правильные мысли и речь. Услышав рассказы про её супруга, позавидовала ей белой завистью и прослезилась Женского счастье ей 🌺
@arualdabergenova95364 ай бұрын
Осы интервьюды тыңдап болып тура мамамның әңгімесін тыңдағандай болдым. Мамам да кеш тиді, 6 бала көтеріп, аман қалғаны менмін. Мені 32 жасында туды, менде жалғыз қыз болып өстім. Жалғыз болсам да тәлпіш болып өспедім. Гипер опекада өстім. Әкем мен анамның маххабатын көре алмайтындар да бар. Мамама осы қыздан басқа бала туа алмайсың дегенде. Әкем тағдырыма осы қызды ғана жазған болса көздеріңді мөлдіретіп басқа әйелге үйленбеймін деді. Қарап отырсам Жұлдызай әпке мен мамамның мінезі де ұқсайды екен, недеген сәйкестік деймін да. Кәзір өзім тұрмыстамын 1 ұлым бар. Менен кейін 17 жылдан соң әке-шешеме Алла ұл берді. Артымнан ерген 6 жасар інім бар. Үйіме барғанда апше сізді сағындым деп алдымнан жүгіріп шыққанда жүрегім қуаныштан жарылып кетердей болады. Иншаллаһ сіздің де қызыңыздың артынан бауыры ерсін төркін болатын. Жасым үлкен деп қорықпаңыз Алла берсе туып алыңыз. Алланың есебі әрдайым түгел ғой
@НуржанЕралиев-э1и4 ай бұрын
Мәә қандай бақыт ғұмырлы бақытты дәулетті болыңыздар
@Гульмира-ъ6с4 ай бұрын
Әкеңіз нағыз үлгі боларлық ер екен
@ПеризатМамак-в6с4 ай бұрын
🤲
@СанияАлпысбаевна4 ай бұрын
Күштііі
@Altinayy_is4 ай бұрын
Менынде кызым бар жасым 39 менде денсаулыққа байланысты осы жаска дейін журып енды ойланып ойланып енды ул тусамба деп экога барып журмын аралары бразгой деп мна коменттен кейн озыме мотивацыя алып отырмын рахмет❤
@Алекекурман4 ай бұрын
Айнур Сәлеметсіз бе!? Интерюді жылына 1рет 1 қарапайым әйелден алып тұрсаңыз, қызықты әрі подписчик тағы да көбейіп қызық болар еді! Мамский әңгімелер қарапайым әйелдерде де бар ғой. Мен жұлдыз болмасамда күшті етіп айтып берер едім осындай әңгімені, арманым осылай интерю беру🤭🤭🤭. Қарапайым оқырман әйелдер арасында жылына 1рет ұйымдастырыңызшыыыыы плллыыыз! Қолдайтындар бар болса ләйк ләйк ләйк ләйк
@meile_4 ай бұрын
Өте қолдаймын осыны. Солай шақырсаныз екен
@аааааа-н1э4 ай бұрын
дурыс айтасыз менде колдаймын ❤менде осылай интервю беру арманым меныңде айтарым коооооп
@mairausenova4 ай бұрын
мен карапайым әйелімін, кейде қиялдап сұқбат беремін Айнурга 😂
Қандай жақсы жан. Сөз саптауы да, өзін ұстауы да әдемі. Аман болсын. Бақытты болсын
@Moldir_Zhanshina_4 ай бұрын
Жұлдызай әпке, Рахмет. Жыладым, толғандым, күлдім, үмітімді жақтым....32 ге толамын...әке шешеммен тұрамын, күйеуге шығу бір алыс қол жетпес шыңдай 😂 Нағыз мотиватор... Осындай әпкесі бар сіңілілеріңіз қандай бақытты 😊😊😊 Шынымен 100 жігітке татитын мықты жансыз. Сондай живая и вся такая позитивная 😊😊 Я заряжена с первых минут 😊❤
@ГульназАбдирахманова4 ай бұрын
Тұрмыста болдыңыз ба бұрын?
@sanchofancy4 ай бұрын
33 жасқа дейін өз жартыңызды кездестіріп, бақытты отау құрып кетіңіз!
@05302KdOoQqePBcms4 ай бұрын
Алла сізге ең қайырлы жар бұйыртсын🤲🏻 бақытты болыңыз🤲🏻🤲🏻🥰
@Moldir_Zhanshina_4 ай бұрын
@@05302KdOoQqePBcms әмин рахмет ақ тілегіңізге 😊💗
@Aizhanar.mussagalikyzy4 ай бұрын
Жылайтын жерде жылап та, күлетін жерде күліп те алдық👍🏼😍 Жұлдызай ханым, Алла тағала жолыңызды ашық қылып, бар жақсыны нәсіп етсін! 🤲🏼
@ГульнурСадуова-ш5м4 ай бұрын
Жұлдызаймен шынайы подкаст болды. Өмір жолын ашық айтып берді. Бақытты отбасылық өмір тілеймін
@Doremifasolyasi0984 ай бұрын
Айнура сизге бир риза болатыным, конактарыныз артурли «менталитет» ты конактар. Жанеде баримен де тил табысып сухбат жургизе аласыз! Шаршаманыз! Саттилик!
@kupia.angime3 ай бұрын
Мен үйде жалғыз қызбын. Менен кейін анам көтере алмаған. Кішкентайымнан әке-шешемнен "Ұл болғаныңдағой, ұл болсаң әдемі жігіт болар едің, ұл болсаң спортсмен болатын едің" деп миыма құйып өсірген. Содан мен неге ұл болып туылмадым деп өзімді кінәлап өстім. 😢 Содан болар бүкіл ауыртпашылықты өз мойныма алып алдым әке шешемді бағуым керек, үй әперуім керек, машина әперуім керек деп😢 Өзім тұрмысқа шыққанда басында жылап жүрдім, төркінімде ұл болғанда ғой , әке шешеме қарайтын еді, мені ойламай сол ұлға көп көңіл бөлетін еді, мен өз өміріммен өмір сүреберетін едім деп армандайтынмын😢Менің қызым туылғанда да әке-шешем УЗИ да қыз деді десем, ұл ғой ұл туасың деп мені естігісі келмеді, босанған соң, ұл туғаныңда ғой хотябы ұл немереміз болатын еді деді😢Жақында қаладан квартира әпердім әке шешеме. Сонда ғана әкем мойындады"Ұлым жоқ деп жылаушедім, бір қызым-10 ұлға татиды екен ғой!"деді. Сонда ғана мен өз өзімді босатқандай болдым. Содан бастап менің үстімнен ауыр жүк түсті. Өзімді жеңіл сезініп қалдым😢
@kupia.angime3 ай бұрын
Енді тұрмысқа шыққан жерімде ЕНЕМ қызымды мойындамайды. Ұл керек ұл керек ұрпақ наследник керек деп 😢
@АйданаАлтынбек-ф9ь2 ай бұрын
@@kupia.angimeұл болсын, қыз болсын Алланың берген сыйы. Бастысы саналы, иманды болғаны. Еш көңіліңізге алмаңыз. Бақытты ұлдан бере ма, қыздан бере ма бір Алла біледі.
@ГулмираКабдикайроваАй бұрын
Жарайсыз мыкты екенсиз
@Aigerim1814 ай бұрын
Менің де күйеуім “ Алла біреуге беріп сынайды, біреуге бермей сынайды, екеуміз қол ұстасып өтеміз бәрінен” деді ❤️ 20 жыл болды мені қатты сыйлайды!
@АйгеримМолдабайкызы-ы2о4 ай бұрын
Төрт бала туып берсек те сыйламайды😢
@Жаник-с8в4 ай бұрын
Бизде солаи келатрк жетинши жыл кетти 😢😢
@АрайлымОмарова-о1м4 ай бұрын
Бакыттысыз
@АйнураИсакова-и4к4 ай бұрын
ЭКО жасоога болмайма не@@АрайлымОмарова-о1м
@БахтыгульХудайбергенова4 ай бұрын
Көз тимесін!! Керемет! Бақыт қой❤️
@СамекеКажебаев4 ай бұрын
Баршаңызға қайырлы күн! Керемет сұхбат! Жұлдызай, осы бақытыңыз баянды болсын! Айнұр, сізге көп рақмет! Менің де жасым 43-те, тұрмыста емеспін, бала-шағам да жоқ. Десек те еңсемді түсірмеймін. Алланың маған дайындаған бір сыйы бар деп ойламын. Барыма шүкір! "Бала адамға не үшін беріледі?!" деген сұрағыңызға жауап болсын: өзім ана болмасам да, балалардың барлығын жақсы көремін. Ана болуды сезінбегесін, ойым дұрыс та болмауы мүмкін. Десек те Алла Тағала адамға баланы сана мен иманның биігіндегі АДАМ болу үшін береді деп ойлаймын. Аналар, аман болыңыздар! Бала-шағаның қызығын қызықтап, ұзақ ғұмыр кеше беріңіздер! Шүкір Аллаға ❤!
@inkartv71844 ай бұрын
Сәлеметсіз бе!!Менің ағаммен бас қосыңышы,бақытты боласыз.Менің ағам 42де.Бірақ менің ағам ауылда тұрады.
@СамекеКажебаев4 ай бұрын
@@inkartv7184 Ниетіңізге рақмет. Кім білер, мүмкін... Бірақ мен Павлодарда тұрамын ғой...
Я так отдохнула от такого замечательного подкаста, все настолько Жулдызай 😍рассказывала как есть, как давно знакомая подруга, все настолько просто без пафоса, без фальши, без всяких понтов. Все просто😍. Все прошло на одном дыхании 😍😘💐🫶🏼 . Очень были трогательные моменты где и я сама вместе героиней заплакала 😢, где то смеялась 😅😂. Очень очень понравился подкаст. Айнура вам большое спасибо за такую женскую программу Мамский ангиме. Смотрю не пропуская каждую передачу.
@МәншүкМақсұт-н7ж4 ай бұрын
Айнұр бүгін сондай ерекше әдемі болып тұрсыз😍😍 Жұлдызай тәте айтқан әңгімеңізді тыңдап отырып жыладым😭😭 Өмірдің сынақтарынан сынбай кересінше солардан күш алып оны бізбен бөлісіп отырсыз. Сіздің күйеуіңіздей адам жолықсын баршамызға🤲 Осы мамский әңгіме подкастынның әр шығарылымын күтіп көремін. Өте пайдалы. Айнұр тәте осындай форматты бастағаныңызға мың алғыс❤️
@nesibeli_tursynbayeva4 ай бұрын
Сұлуланыып барады шыныпен😊
@nesibeli_tursynbayeva4 ай бұрын
Шынымен
@ГулмираФазылбекова-ю6у3 ай бұрын
Шынайы,риясыз әңгіме👍
@aigerimmuxsym29644 ай бұрын
Соңына дейін үзбей көрдім ғой. Өзін әке шешесі қалай аман алып қалғанын естіп,көзіме жас келді. 16шашлык дегеніне бір күліп алдым. Керемет сұқбат болды❤
@Kamilek204 ай бұрын
Өте ашық, жылы әңгіме болды. Мен пікір жазбайтын адамдардың бірі едім. Бұл жерде өз ойыммен және толғанысыммен бөліскім келіп тұр. Жұлдызай ханымды түсініп тұрмын, менің де мінезім сіздікіне ұқсас ойымды, жанашырлығымды жасырмай адамдарға айтып қалатыным бар. Ол кейде түсінбейтін адамдар тарапынан басыма таяқ болып тиіп жатады. БАЛА АДАМҒА НЕ ҮШІН КЕРЕК деген сұраққа жауабым. Ересек позициясына өту. Болашағымызды басқа адамдар құра берсін, мен өз өмірімді сүре беремін деген эгоисттік позицияны тастап. Барлығы бізден басталады, қоғамды қауіпсіз, дамушы, толлерантты ету. Жамандықты термей, тек жақсылықты көре білу, шын көңілмен қуана білу, нағыз бақытты сезіне білу үшін. Бала, менталды жаңа дәрежеге өтіп, өз өміріңе жауапкершілік алу үшін. Алланың шексіз махаббатын сезіну үшін керек.
@Gulmarjan954 ай бұрын
Өте керемет сұхбат болды.Отбасыңызда тек береке болсын! Менің отбасымда да үш қызбыз. Менің өзімде де 2 қыз.Аллаға шүкір.Әке анамыз үш қызымыз үш алтын деп өсірді.Менде қыздарымды алтыным, байлығым деп өсіріп келе жатырмын.Бәріңізге шынайы әйел бақытын тілеймін.❤
@Akbubek874 ай бұрын
Басымыздан өткен бұл сынақ...13 күтіп қызды болдық. Бала бақытты болу үшін... Шүкірлігіңді арттыру үшін.. Өзіңнің бар мінезіңді көру үшін.. Өзіңді ана ретінде сезіну үшін... Сынақтарта төзу үшін беріледі. Өткені қандай жағдай болсада мен анамын деп шыдайды екенсің бәріне❤❤❤ Махабаттан жаралған Шүкіргүлім бар 6 аймыз🎉🎉🎉
@АлмагульБайдрахманова4 ай бұрын
Жұлдызай ханымға аллаһым Аянатқа бір бауыр берсіндеп тілейікші жұлдызы күндіз түні жарық болсын ғұмыржасы ұзақ болып дені сауболып от басы аманболсын әмин.
@ЖадыраЖайдарханова-у5ъ4 ай бұрын
Бала -Алланың үлкен нығметі,сыйы деп білемін! Балаға күтіп жүрген құрдас,әпке,сіңілдерім Алла көп ұзамай осы нығметпен сүйіншілеуді жазсын! Алла берген нығметті бағалап,жауапкершілікпен қарау керек….❤
@aknurgalymzhan51143 ай бұрын
Жұлдызай ханымға сұхбат үшін рахмет, шынайы, ашықжарқын, ақкөңіл кісі екен. Бала адамға өзін өзі тәрбиелеу үшін беріледі деп ойлаймын. Сен қандайсың балаң саған қарап өседі, мінез-құлқынан өзіңді көресің, жақсы болса сүйсінесің, жаман қылығы болса өзіңді жөндейсің. Өмірдің бір қызығы бала деген. Жұмыстан шаршап келгенде алдыңнан шыққанда бүкіл проблемаңды ұмытып кетесің. Құшақтағанда көңілің жылып, мейірленіп, күні бойына энергия аласың. Алла Адамға баланы өміріңе мән етіп беретін секілді. Жақсы тәрбиелесең өмір бойғы азығың, жаман тәрбиелесең өмір бойғы сорың.
@aizhanar__4 ай бұрын
Бала адамға не үшін беріледі деген сұраққа өз ойымды айтсам- қызыма қарап қазір әкесі екеуміз өмір сүруді үйреніп жүрміз қазір 11ай , қызымыздан шынайы күлуді қалауымызды айтуды , адамдардың бәрін жақсы көруді үйрендік , кішкентай баланың эмоциясымен өмір сүруді үйрендік .мен 7жыл күтіп жүріп 1қызды болдым, Аллаға шүкір Қызым туылғаннан кейін бүкіл әлем маған мейірімді , жарық көріне бастады жүрегімдегі бір түйін Шешілді . Қызым өмірге келгелі мүлдем ашуланбаппын.
@ЖазираИсабекова-в8л4 ай бұрын
Как будто энциклопедию жизни прочитала, просмоторела! Лучший подкаст! Лучшая гостья! Если можно рилс сделаю и отмечу Вас😍 Как не верить в Аллаха, в чудо после такого!! Сама вытаскивала ребенка из диагноза РАС..многое прошли. Спасибо за истории🙏💕
@АсимАубакирова4 ай бұрын
Можете поделится.
@АсимАубакирова4 ай бұрын
У нас задержка речи
@ЕркеназШагыманова4 ай бұрын
Жүрекке жеткен сұқбат болды. Аузынан Алласы түспейді екен. Көріп көз қуанып, жүрек жылыды. Аман болыңыздар, жарыңыз, отбасыңыз, жүрегіңіз аман болсын, шын жүректен әйел бақытын тілеймін! 🌟❤️
@Abdixalyqgauhar4 ай бұрын
Қаншама инсайт,мотивация алдым, мммм... сіздерді сондай қатты жақсы көремін ,,мамский әңгіме,, керемет сұхбат болды . Осы подкастка келген әр бір ханымдарды басқа қырынан көріп оларға деген махаббатым, құрметім ашылады. Рахмет сіздерге. Биіктен көріне беріңіздер. Жұлдызай ханымға тілерім әр дайым жұлдыздай жарқырап журсін❤
@mysecret.4 ай бұрын
Өте керемет адам! Жаны таза, ойы анық, сөзі түзу! Өзінің де тәрбиесі жақсы, өзі баласына беріп жатқан тәрбиесі қатты ұнады. Тек ол емес, жұбайының да. Екеуіне көз тимесін. Тандем бар, екі жарты анық! Бұндай бақыт шынымен аз кездеседі! Өзі қолы ашық, қайтымын күтпейтін адамға Алла әрине бақ береді ғой! Айтып жеткізе алмаймын, шынымен басқаша, ерекше адам, өте жылы энергетика сезіледі! ❤
@АружанАктилекова-э9г4 ай бұрын
Жұлдызды көріп бастағаннан сразу настроение көтеріледі. Керемет кісі
@АлтынайКажыгереева4 ай бұрын
Мә бір кино көріп отырғандай болдыққой😍😍😍Жұлдызай ханым бақытты болсын
@РаушанБелгибаева-щ7л4 ай бұрын
Жаным Жұлдызай әпкемді өмірде былай көрген емеспін, но ерекше бағалап жақсы көремін, өнерінде, өзінде мықты бағалаймын!!! Алла ғұмырыңызды ұзақ етсін, екі дүниеде де хайырлы, берекелі етсін өміріңізді! ❤
@ГүлнұрЕржанова-е6т4 ай бұрын
😂😂😂 күшті қызықты танысу болыпты молодец бірге күліп алдым
@АрайРысова-ц5р4 ай бұрын
Бір деммен қарадым,өте шынайы сұхбат болды. Алла топырлатып сәби берсін❤
@Flamme-e4f3 ай бұрын
Легенда, есть легенда. Феноменальная актриса в нашей отечественнной кино и сатиристической индустрии. Невозможно не уважать Жулдызай,хоть она и окончила драматургию,но в связи с последовательностью её карьеры её заслуженно можно считать комедийной иконой в стране.До неё были столько комедийных актрис и на театре сатиры и в кино,но она знатно,очень отличается и от своих сверстников на сцене,и от врослых её на десятки лет коллег по цеху и от молодых коллег по цеху.Одно дело,когда у многих что-то свое но уловимое,заменимое или однородное,а другое дело когда у одного свой шарм неуловимый и неординарный и вот этот шарм не у другого из миллионов. Поклон за её труд по карьерному пути,желаю побольше успешных проектов на работе и благодарных зрителей и за подкаст Айнуре тоже спасибо❤.
@АксаяКакимова4 ай бұрын
Мүлдем пікір қалдырмайтын едім.Бір жылап алдым.Шынайы подкаст үшін рақмет🙏🏻Өзімде замерший болып еді.😢
@aishamarat71304 ай бұрын
Өте керемет подкаст болды. Жұлдызай ханым алла бергенінен жазбасын. Отбасыңызға баянды ғұмыр тілеймін. Айнұр ханым оқырмандарыңыздың 200 к болуына орай ұйымдастырылып жатқан ойындарыңызға мен қатыссам болама, өзгергім келеді😊
@Абдуллаевна4 ай бұрын
Әдемі, мәдениетті сөйлеп, артық айтпаса да астары бар әңгімеледі Жұлдызай ханым. Мағыналы сұқбат болды деп есептеймін
@ayajanbekjanova49674 ай бұрын
Өмірлік үлгі берер подкаст болды . Өтее ұнады . Жұлдызай апке өте керемет ақжарқын адам 👏 Бірге күліп , бірге жылап көрдім …
@Sabirka-lw1fr4 ай бұрын
Керемет интервью болды🎉🎉бір жылап алдым, бір күліп алдым 😘Алланың берер сыйы көп болсын ❤Жұлдызыңыз жаңа берсін 😘
@МолдирУргенчбаева4 ай бұрын
Бала- бұл өмірдің мәні, көз-қуанышымыз. Алланың берген үлкен аманаты. Сол аманатқа қиянат жасамай, саналы ұрпақ етіп өсіру, оған білім беру біздің қолымызда. Өзім 4 баланың анасымын, әр балам дүниеге келген сайын есейгенімді сезетінмін. Менімше бала өміріңе келгенде, саналы түрде өзгереміз. Қаталдау болсақ мінезіміз жұмсақтау бола бастайды. Тұйық болсаң, ашыласың. Өмірге деген махаббатың мен мейріміңді оятады. Өзіңде баламен бала болып ойнауды бастайсың. Балаң жымиа қараса, сенде күліп жүзің нұрланады. Балаң өсе келе жетістікке жеткенде төбең көкке жетіп, сенің жетістігің екенін сезесің. Отбасы бұл бақыт мекені. Бала ата-анасымен бақытты.❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@ЖанарТоктар4 ай бұрын
Дәл Жұлдызай апкенің басында өткен жағдай меніңде басымнан өтіп жатыр өмір сұруге деген құлшынысым жоғалып баратқанын сеземін өзімде бірақ сіздің сұқбатыңызды көргенсоң кішкене жақсылыққа үміт пайда болды түсінген адамға үлкен поддержка беретін әнгіме сұхбат болды рахмет ❤
@ТуранЖулдыз4 ай бұрын
Көп балалы ана болуыңызға тілектеспін❤
@nursuluereskenova18104 ай бұрын
Бала Алладан келген сый, баласы барлар әр баласының бар болғанына бағаласа екен, әр бала Алладан келген бір тұлға, орны бөлек, бала өмір жалғаушы бір мативатор, көп көремін ата аналар өз балдарың ұрыпта ұрсыпта алады сол кезде ұрыспаи сол баланың барына рақмет аита екен деп. Қаншама келіншектерге ана болу бақыттын тілеимін. Бұл поткаста ой түйгенім адам өз миын өзі улайды екен жаман ой сана мен, ештеңе ойламай өмір сүрсе бәрі болады екен, керемет подкаст болды Айнұр ханым 🎉
@Izbasarkz174 ай бұрын
Жұлдызай десе жұлдыз ғой 🥰 жолыңыз ашық болсын, күліп жүріңіз. Айнұрға көп рахмет, әр подкаст, әр қонақ бәрі керемет өтелі.
@SaraZhetpissova2 ай бұрын
Керемет сұхбат болды😍😍😍. Бірге отырып күлдім,жыладым. Жұлдызай ханымға және Айнұр ханымға шығаомашылық табыс тілеймін🤲😘
@toka_bokaaaaaaa4 ай бұрын
Бала не үшін беріледі деген сұраққа жауап бергім келеді, бұл тек менің ғана ойым, Баланы бізге өзімізді ары қарай тәрбиелеу үшін берілетін сияқты, себебі бала болмай ата анамызға еркелеп солардың тәрбиесін алып келдік, сол алған тәрбиемізді балаларымызды тәрбиелей отырып, өзімізді де ары қарай тәрбиелеп бой түзеп, өз жасаған қателігімізді жасатпау үшін құдай бала берді деп ойлаймын, Жұлдызай ханым сізді жақсы көрем, өмір жасыңыз ұзақ болсын!
@АльмираСамарханова-э5о3 ай бұрын
Тууу бір күшті әңгіме болды, жолдасыңыз қандай керемет адам. Тіл көзден сақтасын. Ғұмырларыңыз ұзақ, сыйластықтарыңыз мәңгі болсын.
@Ertegilerjinagi4 ай бұрын
Ең шынайы подкаст болды деп ойлаймын. Қалай бар солай барлығын жеткізді. Бір күліп бір жылап отырып қарадым. Бір деммен қарап шықтым. Аллам Жұлдызай ханымның отбасының денсаулығы мықты болып, бақытты болсын🤲🤲🤲.
@meruertusipova83904 ай бұрын
Самый любимый подкас. Декретте отырған маған арналып шыққандай. Тоқтап қалмасыншы. ❤
@ЕркеА-ф8ц4 ай бұрын
Екі рет тыңдап шықтым үй жинап жүріп, Жұлдызай әпкені тыңдай бергің келеді. Сондай шынайы. Аңқылдаған. 16 шашлык деген жеріңіз😂 самоирониясы өте мықты. Бақытыңыз еселене берсін.
@СаяшАлимхожаева4 ай бұрын
Өте ашық адам екен❤ Барлық армандары орындалсын деп тілеймін ❤ Жұлдызайды құшақтап алғым келді ❤ Айнұр, көп рахмет Сізге ❤
@moldirbaikaraeva63824 ай бұрын
😍😍😍 көрген жанның жанын жадыратар, жаны жайсаң кісі екен. Әр әзілінің бір зілі бар 🥰😘😘😘ашық айтып отырады бәрін. керемет подкаст болыпты👍👍👍👍
Подкаст ,өте тартымды болды,Жұлдызайды тыңдау бир ғанибет,🙏👏👍
@АйданаНұрғайып4 ай бұрын
Жұлдызай өте қарапайым жан екен! Күшті подкаст болды
@Шынар-ц9ъ4 ай бұрын
🎉🎉🎉. Керемет жан
@ЖулдызНарбаева-я2з4 ай бұрын
Оте керемет подкаст болды, Жұлдыздай ханым өзің ойын жақсы жеткізді, ен унаганы адамга бир ауыз сөзбен жаныңдагы адамыңнан есту ең керек жанга емге дауа деп білемін, бала біздің болашағымыз, айнамыз, кейде озим жетпеген шыңга балаларым жетсе екен деймін❤️🙌шукир балаларым аман болсын 🙌
@ЖазираЖумашева-у8э3 ай бұрын
Менде 1.5 жыл котере алмадым емдіде алдым котермедим .Сосын жолдасыма ажырасайык дедім.Сол кезде жолдасым баласызда сени жаксы корем сени тастамаймын деп айтты. Шукир казир 3 ұлым бар Аллаға шүкір.
@ЭльзираЖакупова-щ4н3 ай бұрын
Керемет шынайы,Жұлдызай ханым Аллаһым өз қамқорына мейіріміне алсын сізді жәнеде сіздің жанұяңызды.Бірнеше рет көрдім әр бөлігінде сезіндіріп жеткізе айтуы сезімі,шүкіршілігі ,Алланың бергенін қабылдап,сүйіп өмір сүруі Әльхамдулилаһ
@АйбаршаСапиева-ж6у4 ай бұрын
Ассалямуғалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ! Айнур сіңлім, өте жақсы хабар деп есептеймін, заманауи тілде подкаст. Қонақ болып келген Жұлдызаймен өткен сұхбет көңілді өтті. Көтерген тақырыптарың өте өзекті. Алла берген перзенттің бәріне шүкіршілік етуді үйрену үшін рухани өсу керек. Себебі, болатын нәрсенің бәрі Алланың қалауынан екендігін түсінсе артық ойда , сөзде болмас еді. Жұлдызай қыздарыңның жақсылығын көріңдер. Айнур сендерде қыздарыңның жақсылығын көріңдер. Жұлдызай армандаған мамандық бойынша яғни “ адвокат” мамандығымен 30 жылдан аса қызмет жасап зейнетке шықтым. Менде 2-ші мамандық заңгерді 2 перзентті өмірге әкелген соң алдым. 1- ші мамандығым медицина саласы еді. Екеуіңе де үлкен жетістік тілеймін. “Неке және отбасы” менің тікелей тақырыбым болғаннан кейін өз ойымды білдіргім келді. Мен сарапшы ретінде хабарларға жиі қатысамын, сондықтанда көтерген тақырыптарың өте ұнады. 🎉
@ЭльмираСуюндикова-ъ4ъ4 ай бұрын
Менің ойымша бала өмірге келгенде өмірдің жаңа кезеңі басталады,әрі адам өзін шыңдалады,өзін тани бастайды,ешқашан қайталанбайтын сезімдер болады,өзін адам тәрбиелейді,өз бейнесін көргендей болады,Аллах тағала шүкір ,балапандарымыз аман болсын!
@gulmiragulmira26894 ай бұрын
Күшті сұхбат болды, ұнады маған, рахаттанып көрдім. Қызын жаныма алып жүрем, мұғаліміне қайта қайта тел соқтым дегені менің ойымша дұрыс емес, балаларымды қайда жүрсе де жаратқаным жар болып жүрсін деймін. Ұсынысым солай жасап үйрену, олай жасайтыным өзім студент болғанда қатты қиналдым, ата-анам да қатты қиналды
@Aeke_Olzhas_12124 ай бұрын
Күйеуіңіз справедливый екен, Машалла. Біздің бай әке-шешесі не прав болсада, всегда прав. Содан өте көп кикілжіндар үйімізде. Мен келінмін, значит мен никтомын. У меня нет права голоса в доме.
@ЖанатКараджанова-ш7т4 ай бұрын
😢
@the.aigera4 ай бұрын
😢😢😢
@БахытАкимова-е3ь4 ай бұрын
😭🫂
@Айзико-р2щ4 ай бұрын
Қандай байыпты , білімді , саналы кісі екен ма ша Алла ❤️Өміріңіз ұзақ болсын
@Шолпан-з7б4 ай бұрын
Баланы жеткізу керек дұрыс. Бірақ Алла жеткізеді, салиқалы, хайырлы ұрпақ сұрау керек. Несібе мен ғұмыр Алладан. Алла сізге бәрін жақсы етіп берсін🤲🏻❤️
@КунсулуМолдакметова4 ай бұрын
Мен осы Жұлдызайды ажырасқан деп жүрмін. Өзі кеш тұрмысқа шыққанда қап әттеген-ай деп жүргенмін. Мына подкастты есітіп қуанып отырмын. Бақытты болсын, бала-шағасы көп болсын.
@МолдирЖакубекова4 ай бұрын
Бала алладан берілетін ең керемет сый! Бала көңіліңді жадыратып, жаныңа тыныштық сыйлайтын жан! Бала алға талпыныс беріп, құлағанда қайта тұруға себепші болатын жаратылыс! Бала ең үлкен жауапкершілік. Бала аманат! Сондықтан мүмкіндігінше балаға дұрыс өмір сыйлауға барынша тырысуымыз керек. Себебі ата -ана болуды біз таңдаймыз.
@saltanatqudaibergen87694 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат. Қаншалықты ашық, сезімтал, жарқын, шыншыл, қамқор жансыз. Әдетте тездетіп тыңдаймын подкаст, кино, аудиокітап болса да. Даже ойыма келмеді тез қойып тыңдау.... Ұл тумай ақ бақытты боп жүргендердің қатарынанмын.
@АйналайынҚазақ4 ай бұрын
Ия менің 4 қызым бар. Ұлды қаладым бирак.болмады. Жакында қыздарымда комплекс болмасын деп - Менің 4 қызым болғанымен бақыттымын дедим .Ұлдар маған ұнамайды . Құдайдан 4 қызым болса екен деп тіледім деп едім. Улкен қыздарым мәз болып қалды. Бұрын қыз ,ұл деп бөлетин едім. Қазир ойым мүлдем өзгерді.
@АйымТаушова4 ай бұрын
Жұлдызай ханыммен өткен сұхбаттан мотивация алдым,11 жыл болды тұрмыстамын баламыз жоқ,енді өмірге түніліп,көніл куй түсірмеймін деп шештім,Алла береді баланы.Мен әлі ана бақытын сезінбесемде,адамга Алла баланы неге береді дегенге ойымды қосайын,балалы болса өмірге деген талпыныс,сол бала үшін,сол баланын болашағы үшін жүгіріп,өмірдің мәні мен сәні келеді деп ойлаймын,балан болғанда бақытты боласын деп ойлаймын.Өмір солысымен қызық болады деп ойлаймын.
@Gulvira_Smagulova4 ай бұрын
Алла сізге сәби сүйуді нәсіп етсін 🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@aizhanim3 ай бұрын
Оншақты ұлдарыңыз моншақты қыздарыңыз болсын
@ЖадыраУзбекова-г5л3 ай бұрын
Ана, әйел бақытын тілеймін
@NursuluZhiyenbayeva4 ай бұрын
Керемет. Бір деммен қарап шықтым. Айнұр ханым, дұрыс айтасыз. Біз бұл стереотиптерді бұзамыз. Отбасы қыз да ұл да өзінше ерекше. Өте күшті әсер алдым. Инсайттарға толы сұхбат✨. Жұлдызай ханым айтпақшы, бар мәселені сөйлесумен, мәмілемен шешуге болады. Отбасымыз аман болсын🙏🙌🏻. Мамский әңгіме ұжымы жұмыстарыңызға сәттілік. Өсе беріңіздер, дами беріңіздер✨🙌🏻
@DikaDika-ok4po4 ай бұрын
Керемет! Инсайттарга толы тамаша әңгіме болды!❤ әсіресе балалы болудан үміт үзген келіншектер үшін мотивация алатын сұхбат болды. Алла барлығымызға сәбилі болуды армандап жүрген келіншектерге ана болуды нәсіп етсінші🙏❤️
@nazira80564 ай бұрын
Керемет подкаст, шынайы сұхбат! Жұлдызайдың жұбайына мың алғыс! ... Міне, нағыз ер азаматтың бейнесі 🤲🏻🤲🏻🤲🏻 Алла бір жастықта қартаюын нәсіп етсін 🤲
@НазираУтеева-о1г4 ай бұрын
Сіздің әңгімеңізді тыңдап отырып өзімнің басынан өткендерім есіме түсіп кетті. Балаларыңыз көп болсын. Бақытты болыңыз. Менің ойымша бала бізге ұмыт болған сезімді еске түсіру үшін, қайтадан шың көңілмен күлу, кішкене нәрсеге ренжіп қалсақта, еркелікпен ренжіп ұмытуға, таңырқап таң қалып қарауды, шын көңілмен жақсы көруді қайтадан еске түсіртеді. Ең бастысы ренжіп тұрсаңда оны жақсы көріп тұрасың. Бұл бір алланың үлкен сыйы, қос ғашықтың махаббатына алланың өзінің берген сыйы. Әр бала бақытты болсын. Әр ананың жанында балапандары аман болсын.🤲🤲🤲🤲
@Ped_Neuro4 ай бұрын
Нағыз Шынайы, риясыз, сұқбат беру, сырласу, бір сөзбен Момский әңгіме болды ❤ Керемет!
@СаулеШ-г9л4 ай бұрын
Жүрегі тап таза. Алла сізге жүрегінізге қорқыныш уялатпасын .Сенімділік қайсарлықтан айырмасын Өнерінізге тәнтіміз ❤
@MMM.MMM-M.M4 ай бұрын
Қандай ақжарқын, көңілі , жүрегі таза, ӨТЕ ШЫНАЙЫ жан екен! ❤❤❤❤
@Сәулеш-н9е4 ай бұрын
,, Жақсы көремін,, деген сөзді аузымен айтпағанмен, Жұлдызайды шын сүйетін жігіт екен.Тіл көзден сақтасын.Екеуі бір жастықта қартайсын.
@moldirshanytbaeva29544 ай бұрын
Өте әдемі, шынайық сұхбат болды. Жұлдызайдың аурасы, энергетикасы экранның ар жағынан сезіліп тұрды!
@МаншукСембина4 ай бұрын
Жулдызай сондай ақкөңіл, шындықты жасырмай айтқаны дурыс болды, ішін босатып алғаны, жеңілденіп қалды. Жануясымен бақытты болсын. Қызы Аянат аман есен болып, қызғалдақтай болып өсе берсін. Журт көре алмайды го. Журттың сөзін журегіңе жақын алма, уайымшыл болып кетесің. Куліп, ойнап журе берші. Кулген жақсы жарасады. Тіл көзден аман болыңдаршы. 🙏👏
@crazyadulteaglez75143 ай бұрын
Бір тыныспен көріп шықтым, қандай керемет сөз саптауы❤
@МейржанШардарбеков4 ай бұрын
Подкаст керемет болды, жан дүниесін озин аша білдіңіз❤ ең бастысы адамга бір ауыз соз жаныңдагы адамыңнан есту ең керек жанга емге дауа ❤️
@Кумаааааа4 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат болды. Бала біздің бауыр етіміз. Тек әйел адамға ғана тән қасиет болған соң , жер бетіндегі барлык аналар ана бақытын сезінсе екен деймін. Әр баланы дүниеге әкелген сайын жауапкершілік күшейеді. Бала ата анаға жауапкершілікті,тәртіпті,улкенге құрмет ,кішіге ізет етуге уйретеді. Себебі баланы тарбиелеу үшін ,өзіңді тәрбиеле дейдіғой. Себебі бала саған қарап өседі. Аллаға шүкір 7 баланың анасымен. Әр бала дүниеге келген сайын әр түрлі көз қарас,есейгенімді сеземін. Тұңғышымды босанғанда 20жасар бала болсам, казір 33жасымда 7перзентімді босанып дана келін болдым деп айта аламын🎉🎉🎉
Өте әсерлі интервью болды,Жұлдызай ханым ұзақ бақытты ғұмыр тілеймін ❤
@АсемНурмагамбетова4 ай бұрын
Қандай керемет❤жақсы кісі екен тыңдай бергің келеді әдемі сұқпат болды, Ұлды болыңыз, бақытты болыңыздар❤❤❤
@НурданаИмантай4 ай бұрын
Жұлдызаймен керемет әңгіме болды !Айнұр ханым рахмет!Өзім Аллаға шүкір алты балалы күміс алқалы анамын!Бала адамға -өмірін жалғастырушы,артына жақсы ізді бала арқылы қалдырады деп ойлаймын .Мейлі ол қыз болсын ,ұл болсын!Әр бала ата -анасынынан көргенін алып ,соны өмірлік азық қылады .Сондықтан біздер ата -аналар балаларымызға жақсы үлгі бола білуіміз керек деп ойлаймын!
@УлжанГабдулина4 ай бұрын
😂😂😂❤❤❤Жұлдызай ханыммен болған барлық интервью, подкаст бәрі ұнайды. Керемет шынайы адам. Айнұр ханым, Сізге рахмет❤
@ГабитИзтилеуов-с7б3 ай бұрын
Аллаға шүкір 4қызым бар өмір жастары ұзақ болсын ИншаАлла, маған осындай нығметті нәсіп еткеніне ең бастысы қыздарымның дені сау, осылар менің баға жетпес байлықтарым. Жолдасым қыз туа бересің, ұл керек дегенді айтқан емес. Алла тағаланың бергенін аламыз. Ұл берсе де қыз берсе де Алла өмірімен берсін. Жұлдызай ханым Алла сізге көпбалалы болуды нәсіп етсін.
@ШахриКарбас4 ай бұрын
Қайырлы күн! Жасым 21де, 3 баланың анасымын. Жұлдызай әпкем айтпақшы, Бала-сенің Айнаң. Иә, Бала өзіндік тұлға, жек дара адам. Табиғи баланс, тірі организм. Аллах Тағала адамға-баланы Аманат етіп берген. Аманатты Адамзат аялап жүрме, сірә белгісіз? Әркімнің ішкі сырлары бар. Балаға соншалықты уақыт бөлсең, қызықты етсең, Өмірде ұтқан ұтысың, Джеекпот☝🏼 Жеті ұрпағыңыз бай болсын. Көсең көгерсін,-деп, үлкендерден жиі естуші едік. Әдемі өмір сыйлайықшы балаларға. Жаман сөзге жол бермейік. Қыздарымды қызғалдақтай өсіріп, Ұлдарымды батырлардың ізімен жүретіндей тәрбиелеп кетуге-Сенімдімін. Өйткені, өзімді Тәрбиелеп жатқан уақытым осы шақ. Осы сұхбаттанда, керегімді, дерегімді алдым❤
@MadinaBakhkhon4 ай бұрын
Осылай баяндаудың өзі керемет қой. Өзіме алғаным, барыммен бақыттымын әдемімін❤️ Рахмет!
@aidanaaldiyarova1604 ай бұрын
Адамға баланы не үшін береді? Біріншіден, Бала- бұл өмірдің жалғасы. Алланың берген сыйы. Адам ұрпағымен мың жасаған. Екіншіден, тылсым күштің иесі, бала жаныңның рақаты, көңіліңнің жадырауы, өміріңнің бақыты, көзіңнің ағы мен қарасы, көз қуанышы, махаббаттың үлғаюы, өмірге деген құлшылыстың нышаны. Баға жетпес байлық. Әлемде жоқ әлем. 4 перзенттіміз. Аллаға сансыз шүкір. Өмірімен, бақытымен берсін.❤ Жұлдызай ханым Алла Сізге екі дүниенің бақытын берсін. Айналаңыз жақсы адамдарға толы болсын. Әке-ана разылығын алған, ене сыйлаған, ер азаматын құрметтеген асыл жан екенсіз. Ұрпақ рақатын көруді, отбасыңызбен шалқып, қуанышты күндер мен жағымды жаңалықтармен баянды, берекелі, мерекелі ғұмыр кешіңіз. Шығармашылық жолыңыз тек жақсылыққа, толағай табысқа жетелесін❤❤
@ГулмираАбдраманова-ю4м4 ай бұрын
Сұқбат керемет қызық өтті. Рахмет. Қызыңыздың соңынан кішкентайлар ере берсін! Бала біздің жалғасымыз! 6баланың анасымын. Балаларым жақсы азамат боп өссе екен деп тілеймін.
Жұлдызай ханым әрбір атқаң таңыңызға береке тілеймін!🫰
@Aeke_Olzhas_12124 ай бұрын
Жұлдызай, жарайсыз. Керемет подкаст болды. Бақытты болыңыз🎉
@АкжаркынРасул4 ай бұрын
Қайырлы күн! Мамский әңгіме бағдарламасын үзбей көремін, отбасылы, бойдақ қыздарға керемет кеңес айтады! Қазақ қыздары жасасын! Сұраққа жауап берсем, Бала адамға не үшін беріледі? Жауап: Өмірдің мәнін түсіну үшін, мейірімділік пен махаббат сезіну үшін, жүректің тазалығын жаңарту үшін, Алланың берген баға жетпес сыйы деп айтқым келеді.
@Алекекурман4 ай бұрын
Жааааааннннныыыыыымммм әпшем, ең керемет актрисам менің ❤❤❤❤❤❤❤. Сондай жақсы көремін 🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥
Жұлдызай ханымның әңгімесін ұйып тыңдадым, жақсы сұқбат шыққан👍🏻
@АйманСайфулла4 ай бұрын
Иманқұл атаға барған сияқты анасы оқытуға. Таксис те сауапқа қалыпты соған апарған 😢 ❤❤ Алланың қалауымен болғанғой бәрі 🙏
@ГульнурМырзахметова-и8к4 ай бұрын
Бұл ата қай жерінде Шымкенттің?
@ZhibekNurzhanovna4 ай бұрын
Мамский подкаст 👍,прям жүрекке жететін ерекше жоба.Айнура әйел жанын түсініп,әйелдер үшін екінші дем бола білдіңіз,тек алға.
@АйгульАбдуалиева-о6ш4 ай бұрын
Жұлдызай ханым сіздің жүрек жарды әнгімеңіз үшін рахмет,күліпте жылапта алдым.Аллаһым сізге разы болсын.Бала әдам зат үшін кім деген сұрақа айтарым.Бала ол Алланың әрбір әйелге берген бақыты ,сыйы.Ана бауыр еті баласы үшін отқа да суға да түсуінің бір ден бір себебі сол деп ойлаймын.Алланың берген сыйына өмір бойы разылығымен өмір сүретін сияқты.Сол үшін де әр дайым Ананың балаға деген батасы ниеті үнемі қабыл болатыны осы БАЛА❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@УлмекенЖубаниязова4 ай бұрын
Жұлдызайдың өнеріне риза болатын көрермендердің бірі едім, өмір жолындағы сынақтарынан құдай қосқан жарының көмегімен жол тауып шығып, оны өзгелермен бөлісіп отырғаны үшін мың алғыс! Алған жарыңыздың аялы алақанында бақытқа бөленіп жүре беріңіз! Ер адамның қолдауы əйел адамға ауадай қажет, көпке үлгі отбасылық өмір. Əсіресе ене мен келіннің арасында əділ көзқарасын айтқаны өте дұрыс болған. Отбасының шайқалмауына үлкен себеп.
@zhanarakeikesheva89334 ай бұрын
Қарапайым халықтанда осылай кездесу жасасаныз!!! Мысалға мен тұрмыска шықтым, 2 жыл баланы ойламадым, 2 жылдан кете ойлана бастадым, сойтип емделип бастадым, содан бесплодие койды атырау каласы, кейин берилмимин мен калайда туып ана боламын дедим, сойтип актобеге барып емделип журдим тагы 2 жыл жарым откен соң көтердім Аллаға шукир тфу тыу 🤲🏻🤲🏻🤲🏻казір 3 баланын анасымын🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻 бириншімді 30 жаста босандым🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@ГАУХАРДжарылгасова4 ай бұрын
Күлетін жерде күліп, жылайтын жерде жылап алдым. Жұлдыз өте қарапайым екенсіз,керемет жақсы ангіме болды. 👍