Раиса Сайран Қадыр - Моңғолиядан келіп, шетел кітаптарын Қазақ тіліне аударған іскер әйел.

  Рет қаралды 21,929

Kozqaras podcast

Kozqaras podcast

Күн бұрын

“Kozqaras podcast-тың” кезекті қонағы кәсіпкер, Steppe&World баспа үйінің негізін қалаушы - Раиса Сайран Қадыр.
Раиса ханыммен «Дипломаттар отбасында дүниеге келудің ерекшеліктері», «Харри поттер Қазақ тіліне қалай аударылды?», «Кітап баспасы саласында табыс бар ма?» тақырыптары аясында қызықты әрі пайдалы эпизод жаздық.
7 тілді меңгерген, декретте отырып Европада жоғары сұранысқа ие болған киім брендін жасай алған іскер Қазақ әйелінің өмірге көзқарасын тыңдап, бұл әлемде шектеу жоқ екеніне кезекті рет көз жеткізеріңіз сөзсіз.
"KOZQARAS" промо-кодын қолданып, демеушіміз "Waffle" тәттілеріне 10% жеңілдік алыңыз!
Промокод осы подкаст шыққан күннен бастап 20-cәуірге дейін, тек Алматы қаласында ғана қолданылады.
Instagram - / waffle_kex
таймкод:
00:00 Кіріспе
02:56 Раиса ханыммен танысу
06:31 Дипломатиялық отбасыда дүниеге келудің артықшылықтары
11:53 Достықтан туған отбасы - ең мықты отбасы
13:31 Әлеуметтік антропология туралы
20:30 Жеті тіл білсең - жеті адамсың
27:58 Моңғолияда тұратын Қазақтар туралы
31:46 Қазақстанға қоныс аудару
33:56 Баспа үйін ашу идеясы неден туды?
40:16 «Норвег орманы» кітабы туралы
43:41 Алғашқы аудармалар
52:34 «Харри поттер» Қазақ тіліне қалай аударылды?
56:54 Қазақтар кітап оқымайды
58:30 Кітаптар қалай шығады?
1:04:04 Осы жылы Steppe&World-тан қандай кітаптар күтеміз?
1:07:12 Неге балаларға арналған кітаптар?
1:15:53 Кітап баспасы саласында табыс табуға болады ма?
1:26:38 Қорытынды
подкастты тыңдау:
Яндекс Музылка - music.yandex.ru/album/30286281
басқа платформалар - podcasters.spotify.com/pod/sh...
Подкаст жүргізушілері
Роза Әшірбаева / rozaashirbayeva
/ roza.coach
Әсел Налыбекова / asselnalybekova
Продюсер
Тамирис Кушалиева / tamiris.k
Әсел Налыбекова / asselnalybekova
Подкаст қонағы
Раиса Сайран Қадыр / raisa_kader
Арт директор
Мирас Тыныштыков / miras.tynyshtykov
Motion дизайнер
Абылай Махамбеткул / abldouble
KZbin менеджер
Бекжан Нұрадин / bek10ay
Джингл
Yenlik / yenleak
Нуржан Абдолла / dln_music
Бренд менеджер Waffle
Диана Аманова / diamanovaa
Режиссер
Раушан Серікжан / raushan_serikzhan
Редактор
Жанерке Рахман / amatttis
Қоюшы-оператор
Дэн Берестовой / db_rus
Оператор
Саша Заец / sverhzaezd
Виктор Серов / serovvo
Екінші режиссер
Ерасыл Қайратов / ka1ratov
Дыбыс операторы
Алдияр Мусатаев / mmusataevv
Edit
Бейбарс Нурадинбеков / nuradinbekov_
Қойылым суретшісі
Нурсипат Маулетов / nursipatmauletov
Color
Асанали Исатаев / asan.color
Видеограф
Сая Аяпова / saya_ayapova
Make up & hair стилист
Екатерина Нам / kate_makeup_almaty
Стилист
Назира Аккесе / akkese
Ерекше алғысымызды білдіреміз
Асхат Мекебай / askhat_abu_muhammad
Эльмира Бакаева / elya_bakayeva
Подкаст демеушісі
Waffle by KEX Group / waffle_kex
#kozqaraspodcast

Пікірлер: 224
@ainakoshakayeva7863
@ainakoshakayeva7863 Ай бұрын
Өте керемет, өзіме жаңа адамды аштым😻 Баспаның аты және кітаптарды қайдан алуға болады?
@podcast_kozqaras
@podcast_kozqaras Ай бұрын
steppe&world тың инстаграм парақшасы instagram.com/steppeworld/
@AssauJ
@AssauJ Ай бұрын
Kaspi дүкенде де бар
@user-mo1kt6zw3z
@user-mo1kt6zw3z Ай бұрын
Каспиден баспа атын теріп жазсаңыз кітаптар шығады немесе қалаңыздағы кітап дүкендерінен
@balganymzhanbolatkyzy96
@balganymzhanbolatkyzy96 Ай бұрын
Жаңа жанмен таныстым, маған өте қажет еді қазақша кітаптар мұғалім едім, керемет пайдалы болды, подкасттарыңыз жемісті болсын! Осындай қонақтар келсін жанашылдық көбейсін🤗🥰🫶🏻❤️‍🔥😇
@user-hx4js5yi6p
@user-hx4js5yi6p Ай бұрын
Өте керемет, ерекше адам,ерекше подкаст
@ibarxan
@ibarxan Ай бұрын
Раиса ханымның елімізге,қазақ тіліне деген жасап жатқан үлесі өте мықты👍🏼
@rebeccaswet
@rebeccaswet Ай бұрын
Қазақстанда осындай ақылды әйелдердің барына қуаныштымын, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары емес, ғалым әйелдер көбейе берсін, барлық әйелдер оқып, білім алып, дамып, құл емес, АДАМ болып кетсін!
@user-kj5dl3cn3u
@user-kj5dl3cn3u Ай бұрын
Барлық жақтағы қазақтарды қайтарамыз ау. Қазақстандағы бізге қарағанда ол қазақтар білімді ма деймін осы. Олар келсе көп даму болатын сияқты🥹
@araylimmukaran312
@araylimmukaran312 Ай бұрын
Hello from Mongolia! I was born and raised here, and I've always considered myself a patriot of my home country. However, recently, I've been questioning why I was born Kazakh in Mongolia. At times, I've felt a strong dislike for being Kazakh. But after listening to this podcast, I've had a change of heart. It's been eye-opening, and now I embrace my Kazakh identity once again. One day, I aspire to relocate to Kazakhstan.🤲 Thank you for this boom podcast.
@user-gk6uz3lr9e
@user-gk6uz3lr9e Ай бұрын
Раиса ханымның сұқбаты бір кітапханаға кіріп шыққандай әсер қалдырды, не деген қазаққа жанашыр адам❤
@aikerimtalgatkyzy8914
@aikerimtalgatkyzy8914 Ай бұрын
Міне нағыз role model! Соңғы жаңалықтармен байланысты еңсеміз түсіп кетіп еді, мына кісінің арқасында бір марқайчп қалдық!!!
@user-uk8uu2tc1o
@user-uk8uu2tc1o Ай бұрын
Осындай познавательный подкасттар көбейе берсін! Жастар осындай адамдарды көріп, ғылымға қызығып өседі. Әнші, КВН адамдарын шақырып мәнсіз әңгіме айтатын, жырқ жырқ күлетін подкасттардан шаршағанбыз.
@user-iw1km4ct2u
@user-iw1km4ct2u Ай бұрын
И бС н
@Mikosabrikos23.
@Mikosabrikos23. Ай бұрын
Керемет 🔥🔥🔥 жылап алдым бір-екі рет, енді осы баспаның кітаптарын жинап , оқитын боламын! Оқушы кезде кітапханаға барып, көп ерекше кітап таппайтын едік, енді біздің балаларымызға кітаптар дайын, рахмет Райса ханым , мықты екенсіз, ісіңіз ұлғайып, дами берсін ! ❤❤❤
@uldanayyelshi616
@uldanayyelshi616 Ай бұрын
Керемет, әйел тек үй жинаушы емес екендігіне дәлел, ойымызды өзгертейік, әйел адам канша жұмыс аткара алады
@Aygerim.Erkebaikyzy
@Aygerim.Erkebaikyzy Ай бұрын
Қаншама жылы шет елде өтсе де, қазақшасы біздікінен жақсы❤️ “Адамның ақылы толысқан сайын, кішіпейіл болады” деген сөздің нағыз үлгісі! Нағыз қазақ әйелдері үлгі алатын тұлға🫶🏻
@dariyadariya2562
@dariyadariya2562 Ай бұрын
Раиса ханымды фейсбуктан талай жыл оқимын! Осындай парасатты адамдар спикер ретінде көп болса деп тілйемін!
@korlanaskar
@korlanaskar Ай бұрын
Нағыз патриот деп осындай кісілерді айтуға болады. Ұлы мақсат мұрат иесі👍
@user-zl1hv1id9j
@user-zl1hv1id9j Ай бұрын
Қазақ еліне қызмет етіп жүрген осындай тұлғаларды көре алған көздеріңізге рахмет подкаст авторлары😘Іске сәт! Керемет!
@dariyadariya2562
@dariyadariya2562 Ай бұрын
Керемет! Менталитеті мүлдем басқаша, біздің бизнесмендер жолдарын сипаттағанда бір сондай қиын болған деп әсіре сипаттап кетеді. Бұл кісіде бәрі сондай оңай, өйткені через борьбу емес с удовольствием істейді, достигну, всем докажу емес, басқа жақсы вибрациялар арқылы шабыттанатыны көрініп тұр❤
@user-kg4gg1tl5w
@user-kg4gg1tl5w Ай бұрын
Взрыв мозга🤯 Раисадай ханыммен таныстырғаныңыз үшін көп рахмет!!!Мектеп кітапханаларына келсе екен.
@user-mo1kt6zw3z
@user-mo1kt6zw3z Ай бұрын
Қандай тамаша әйел😍 Тұла бойы тұнып тұрған үлгі, нағыз мотивация алатын тұлға! Осы подкастты тыңдап отырып, әсерленіп каспиден осы баспаның екі кітабына тапсырыс беріп үлгердім😊 Оның бірі балаларыма инвестиция болсын деп “Тілашар” кітабына, екіншісі өзімдегі ішкі психикалық күйлеріме жауап іздеу мақсатында “Мама” кітабы. Осындай тұлғаларды барынша көп дәріптеп, жастарымыздың көкірек көзін ашуға талпынып жатқан командаға зор алғыс🥰👏👏👏
@user-ow3ut9mp7o
@user-ow3ut9mp7o Ай бұрын
Роза ханым, сізге үлкен алғыс 🫶🏻♥️ осындай біз білмейтін керемет жандарды қонаққа шақырғаныңыз басқа проектерге қарағанда өте ерекше 😍.
@KhamidaK
@KhamidaK Ай бұрын
Түнгі шайдан кейін келгендер. Біз біргеміз 😄
@gulmirajolamanova2625
@gulmirajolamanova2625 Ай бұрын
Ждала тоже с нетерпением
@nazgulmakhsatbekkyzy6240
@nazgulmakhsatbekkyzy6240 Ай бұрын
Роза ханым, сіз "Степ ен уорлд" баспасы деп бірнеше рет айтқанда да мән бермеп едім, аты ағылшынша болған соң шетелдік бір бизнесменнің баспасы шығар деп үстіртін қарадым, сөйтсем өзіміздің қазақ тілінің жанашыры, қандасымыздың баспасы екен ғой. Бүгінгі подкаст үшін мың алғыс! Мен үшін жаңа мықты тұлғаны аштыңыз. ❤
@lyazzatraiymkhan3914
@lyazzatraiymkhan3914 Ай бұрын
Кітап оқуға махаббатым ашылып кетті, рахмет керемет сұхбат үшін!
@user-jm5br7px4c
@user-jm5br7px4c Ай бұрын
Раиса ханымды, бірінші рет осы подкаст арқылы таныдым. Өзі жайлы естіп тамсанып, кей кезде таңқалып та алдым. Білімді кісі екені сөзімен де, ісіненде байқалды👍🏽. Біз дұрыс деп ойлаған кейбір ойларымды өзгертті. Балаларыма осы кітаптан алып беремін. Раиса сізге шығармашылық табыс тілеймін, бастап жаткан ісіңіз өрге баса берсін🤲🏻, сіз сияқты қазақ тіліне деген жанашыр тұлғалардың қатарынан болғым келеді, біраз инсайттар алдым🤗. Роза ханым және командасына алғыс білдіремін. Подкаст жасаса да барлық детальдарга мән берілген, өте профессиональді түсірілім болған, рекламаның өзі тым сапалы😍. Тағы да осындай ерекше, білімді қонақтар күтемін. Сәттілік, істеріңіз алға баса берсін💐
@inkarashtay
@inkarashtay 9 күн бұрын
Сұхбатқа рақмет! Басқаша бір көзқарасты тыңдап, дүниетанымымыз кеңейіп жатыр.
@fatikhakok648
@fatikhakok648 Ай бұрын
We come from the same place. The podcast is amazing! I respect an intelligent person. She is really wise person… Good luck Sister!
@ulpanaaa
@ulpanaaa Ай бұрын
Мен nFactioral podcastтты ьыңдадым. Сразу балаларыма кітаптар сатып алдым осы кісінің баспасына. Ол жерде ол өте қызықты айтатыны сонша, ағылшынымды да дұрыстауды жөн көрдім, сосын кітапты қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де оқығым келіп кетті
@sayatovna96
@sayatovna96 Ай бұрын
Керемет подкаст , керемет қонақ! Расында бала кезімде танымдық, әңгіме кітаптар шектеулі болатын еді. Раиса ханымның елімізге қосып жатқан үлесі өте зор екен және санына емес сапасына мән беруі қуантады👏👏👏 Расында қазаққа жанашыр адам екен ♥💖💓
@ainur1651
@ainur1651 Ай бұрын
мен қарайтын кісілерді көп шақырасыз, керемет кісі бұл
@user-et5zk6yt2b
@user-et5zk6yt2b Ай бұрын
Керемет. Роза ханым бастаған командаға үлкен рақмет. Осындай адаммен таныстырғаныныз үшін
@gulnazsatbay8601
@gulnazsatbay8601 11 күн бұрын
Өте керемет сұхбат болды. Раиса ханым көзі ашық, көкірегі ояу , нағыз білімді Қазақ қызы екен. Жасаған істеріне Алла разы болсын! Әлі де тамаша кітаптар келе берсін. Үлгі тұтар жан, осындай зиялы, көзі ашық, білімді жандарды подкасттарыңызға шақырсаңыздар қуанамыз.
@user-mo1kt6zw3z
@user-mo1kt6zw3z Ай бұрын
Енді алдағы уақытта кіндік балаларым бар, өзімнің балаларым, бауырларым бар бәрінің туған күніне кітап сыйлауды, оның ішінде сіздің баспадан шыққан сапалы, балаларға қызықты әрі пайдалы кітаптарды беруді әдетке айналдырамын🤲🤗
@saulehikari9669
@saulehikari9669 16 күн бұрын
Көп рақмет! Қатты ұнады, әсер етті. Әсіресе, қазақ тілінде әлем әдебиетін оқыған бала ертең шетелдіктермен бірге ортақ әңгімесі болады дегені... Және соған байланысты өз басымнан өткен оқиғалар болды. Мысалы, мен Жапониядада оқыдым. Оңтүстік Кореядан келген студентпен жақсы араласып, жақын дос болдым. Шетелдік студенттерге арналған жапон тілі сабағында "Сүйікті шығарма, сүйікті кейіпкер" жайлы сөйлесу керек болды. Сол корей қыз және мен Хәрри Поттер деп жауап бергендіктен, екеуіміз әрі қарай диалог жасап, жаттығу керек болды. Мен оған сүйікті кейіпкерім Гермиона десем, ол түсінбейді. 😅 Сосын телефонды ашып, интернеттен фотосын көрсетсем, "Хәрмиони!" дейді. Мен сонда "Неге біз оны Гермиона деп жүрміз?"деп ойладым. Сосын сол құрбыммен бірге кітап оқимыз деп келістік. Ол маған көбінесе америкалық жазушыларды айтады. Ал, мен оларды мектепте оқымадым. Ал, орыс жазушыларын жақсы білемін. Сөйтіп, бір айда Рэй Бредберри, келесі айда Булгаковты оқимыз деп келістік. Ол корей тілінде аудармасын, ал мен орысшасын... Әрине, мұнда біздің екі түрлі елде туып-өскеніміз, ол елге өз ықпалын тигізген елдердің өз әсері бар. Елге оралған соң, Хәрри Поттердің бар кітабын сатып алып, қазақша қайта оқып шықтым. Еңбектеріңіз жемісті бола берсін! 🌸
@user-fz4lw1uo4j
@user-fz4lw1uo4j Ай бұрын
Өте рухани рахат беретін сұқпат болды😍Әсерлендім,сондай биязы,білімді,мәдениетті,ұлт жанашырын таныдым🌺Рахмет Роза ханым осындай тұлғамен таныстырғаныңызға
@ainarabaidossova2881
@ainarabaidossova2881 Ай бұрын
Роза ханым және командасы, еңбектеріңізге мың алғыс! Қандай керемет, ерекше қонақ. Қазақ тіліне үлкен үлесін қосып жүрген нәзік, керемет жан❤️ Сондай мотивация береді, қазақ елінде осында көзі ашық, көкірегі кең, оқыған әйел адамдар көп болсын😍
@ainur8968
@ainur8968 Ай бұрын
Керемет,тамаша қонақ🔥🔥🔥 Осындай қонақтар көп болсын.
@aikerimtalgatkyzy8914
@aikerimtalgatkyzy8914 Ай бұрын
Размет сізге Раиса ханым, сіздей қазақ қызымен мақтанамыз! Қуаныштан көзіме жас келіп отыр
@user-es3kz4dx6e
@user-es3kz4dx6e Ай бұрын
Өте керемет сұхбат болды. ❤Біраз білім алдым. Қызықты болды подкаст, осындай подкасттар көп болса екен. 🔥🔥🔥Кітап оқуға қызығушылығып ашылып кетті.
@Khadisha_Yessim
@Khadisha_Yessim Ай бұрын
Раиса ханымды таныстырып жатқандарыңызға мың алғыс ! Сондай білімді,ибалы,намысшыл елім деп жүрген қазақ әйелін көріп өзіме бір үлгі алып отырмын !
@user-nl2pq3zn1j
@user-nl2pq3zn1j Ай бұрын
Мынандай сапалы, білімді сұхбатты бірінші рет көруім керемет
@balganymzhanbolatkyzy96
@balganymzhanbolatkyzy96 Ай бұрын
Мына подкаст жаңашылдық бағытта болды,керемет жанды шақырыпсыз. Маған өте пайдалы болды , мұғалім едім дәл осындай мықты шетелді аудармалар керек еді,🫶🏻❤️‍🔥🥰😘 дөп түстіңіздер Подкасттарыңыз жемісті болсын, 🤲🏻🤗🌷
@user-hu5jy6mq8k
@user-hu5jy6mq8k Ай бұрын
Қайырлы таң! Ересектерге де керек Райса ханым, Хәрри Поттерді оқып балаларыма өзіме де көп пайда алып жүрмін, Роза ханымның эмоциясы болып тұр бәрімізде:”Мамааа” дегендей, айтып жеткізе алмайм, әйелім екеуіміз тыңдап Нарвег Орманын аламыз деп отырмыз. 9 жасар қызыма Анна Франклдың күнделігін алып берем дегенге шаттанды, рахмет!🔥
@user-bg6xh8lt3q
@user-bg6xh8lt3q 21 күн бұрын
Өте керемет, кітапқа білімге құлшынышымыз артты. Қандай білімді, мықты әйел, пысық.
@asselberdigani4602
@asselberdigani4602 Ай бұрын
Раиса ханымның атмосферасы телефоннан сезіледі.Өте білімді әрі сыпайы екені сөздерінен сөйлеу манерасы мен өзіндік ұстау стильі өте керемет🧡
@togzhanelemesova7440
@togzhanelemesova7440 Ай бұрын
Недеген күшті подкаст 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@user-rv9do1cr6v
@user-rv9do1cr6v Ай бұрын
Менің анам кітапты сүйіп оқиды алайда тек қазақтың авторларын ғана оқитын, үйткені орысша әдеби тілді түсіне бермейді. Кейін орысша психология оқи бастап менен қазақша аудармаларын сұрап жүретін. Подкасттарыңызға осындай керемет адамды шақырғандарыңызғы рахмет, Раиса ханым еңбегіңіз жетіле берсін 🥰
@user-cc3gl1ld1u
@user-cc3gl1ld1u Ай бұрын
Қаншама уақыт шетелде болса да, орысша оқысада қазақшасы өте әдемі❤
@aiymserikbai108
@aiymserikbai108 Ай бұрын
Мяяяя сұқбатты тыңдап отырып Қазақстаннан Моңғолияға, одан Таяу Шығысқа барып қайтқандай болдым. Тіл байлығы күшті. Ұйып тыңдайсың 👍👍👍
@user-nl2pq3zn1j
@user-nl2pq3zn1j Ай бұрын
Керемет сұхбат. Өте сапалы
@user-dk1oi7cs8h
@user-dk1oi7cs8h Ай бұрын
Роза ханым, рақмет! Өте қызық подкаст. ❤
@user-qd4vh6jg3b
@user-qd4vh6jg3b Ай бұрын
Ма, керемет , білмеген көп ақпарат алдым 🎉🎉🎉 пайдалы қонақ болды . Кітаптарын алып оқимыз бұйырса, қызығушылығымды ашты
@hanzadakuandykova9811
@hanzadakuandykova9811 18 күн бұрын
Нағыз өз еліне еңбек ету, өз ісін сүю деп осыны айт❤ Раиса ханыммен таныстырғандарыңызға мың алғыс 🙇🏼‍♀️
@minamina4688
@minamina4688 Ай бұрын
Өте керемет выпуск, бір сәтте бүкіл кітапты оқығым келіп кетті. Бір жағынан мотивациялық, екінші жағынан танымдық подкаст болды😍❤️
@assemai_vit
@assemai_vit Ай бұрын
Түскі үзілісімді өте-мөте пайдалы өткіздім. Рақмет, Раиса ханым. Айтқан кітаптарды түртіп алдым, міндетті түрде алам, балаларыммен оқимыз. Жаңа кітаптарды асыға күтеміз, істеріңізге табыс тілеймін!
@gulnazbaimusaevaseidalikizi
@gulnazbaimusaevaseidalikizi Ай бұрын
Керемет
@user-ow3ut9mp7o
@user-ow3ut9mp7o Ай бұрын
Раиса ханым, өте тамаша жансыз 😍😍😍
@imawkabay_
@imawkabay_ Ай бұрын
Вау,вау,...және 100 рет вау! Тамсандым, мақтандым, шабыт алдым🤍🤍🤍✨ рахмет kosqaras🤍✨
@tursunoyabuseitova6490
@tursunoyabuseitova6490 Ай бұрын
Просто шикарная женщина 🔥❤️
@miras_shoes848
@miras_shoes848 Ай бұрын
Бір деммен тыңдап шықтым ішімде қалып қойған ұлы мақсаттар оянып жатыр керемет👏🏻
@user-ly6ti2uk2f
@user-ly6ti2uk2f Ай бұрын
Қандай тілдер біледі? Сол қызық❤
@araimatay7274
@araimatay7274 Ай бұрын
Керемет сұқпат болды.❤❤❤
@aidanamaksut5450
@aidanamaksut5450 Ай бұрын
Керемет подкаст болды! Осындай ақыған тоған, барша қазақ қыздарына үлгі болатындай қазақ халқының жанашырын өзіме ашқаныма қуаныштымын! Сәттілік💞💞💞
@nazgulmakhsatbekkyzy6240
@nazgulmakhsatbekkyzy6240 Ай бұрын
Соведущая Әсел ханым жақсы қырынан ашылып келе жатыр🤗, алғашқыда неге отыр деп ойлап едім, сөзімді қайтып алдым🙂
@user-je4pb4wp6x
@user-je4pb4wp6x Ай бұрын
Осы сұхбат өте терең мағыналы, керемет сұхбат болыпты.
@olaola6948
@olaola6948 Ай бұрын
Керемет!!!!❤❤❤❤
@orynaydauylbay5613
@orynaydauylbay5613 Ай бұрын
Уауу қандай керемет подкаст😍😍
@bluesky9931
@bluesky9931 Ай бұрын
Керемет адам екен! 👏👏👏
@user-qn4pw9bh4o
@user-qn4pw9bh4o Ай бұрын
Өте тамаша подкаст болыпты🎉
@zarina1055
@zarina1055 Ай бұрын
Подкаст өте керемет екен кунде уакыт бөліп карайтын көп инстайтар алдым 👍🏻👍🏻Роза коуч топ топ қонақтарды шақырады
@Arailym89.
@Arailym89. Ай бұрын
Керемет сұхбат болды, аларымыз көп екен.
@erjankum
@erjankum Ай бұрын
Өте керемет!
@user-wo4qo9ot2c
@user-wo4qo9ot2c Ай бұрын
Керемет, балаларымыз үшін өте қуандым. ❤
@urizatakzhol1114
@urizatakzhol1114 Ай бұрын
Өте керемет сұқпат болды))) Райса ханыммен танысқаныма қуаныштымын. Ол кісіні тұлғалығын ашқандарыңызға рақмет!
@aruzhankulbay6128
@aruzhankulbay6128 Ай бұрын
Раиса ханым мен оның баспасы жайлы сіздердің подкасттарыңыз арқылы білдім. Керемет. Көп рахмет!
@user-bn9up6ht7t
@user-bn9up6ht7t Ай бұрын
Раиса ханымның дауысы жақсы жағымды қазақы
@sandun6618
@sandun6618 Ай бұрын
Салеметсіздерме, өте керемет 🎉 Көп тіл уирену жайында сүрақ болып тұр райса ханымға
@user-sk3qg6yp5l
@user-sk3qg6yp5l 16 күн бұрын
Қандай керемет!!!іскер ,білімді,еңбекқор қыз
@bluesky9931
@bluesky9931 Ай бұрын
Роза ханым! Осындай ерекше адамды шақырғаныңызға көп рахмет!
@kunsaulemanarbek8160
@kunsaulemanarbek8160 Ай бұрын
Өте керемет Раиса ханым сізбен мақтанам
@user-df6wr9xl5n
@user-df6wr9xl5n Ай бұрын
Рахмет сіздерге❤Ойымды түбегейлі өзгертті🎉🎉🎉❤❤❤❤
@zhandagzhan1263
@zhandagzhan1263 29 күн бұрын
Раиса ханымның өз ісінің маманы және нәзік әйел болмысы ашылды. Мәнді әрі жылы жүздесу үшін рақмет ❤🌷
@damiraslyamkul2979
@damiraslyamkul2979 Ай бұрын
Раиса ханымды шақырғаныңызға рахмет! Жақсы ақпарат алдым
@user-gv6zd4vl7q
@user-gv6zd4vl7q Ай бұрын
Жаңа адаммен таныстым,қуаныштымын өте рахмет сіздерге
@Qymbat_kenjehan
@Qymbat_kenjehan 11 күн бұрын
Мықты! Қазақтың қыздарымен мақтанамын. Раиса ханым кезіндегі 5 арыстың қазақ үшін, тіл үшін күрескен қайсарлығымен тең әрекетті жасап жатыр. Алла қолдасын, сіздей тұлға қазаққа ауадай керек! Балаларыма сіздің баспаңыздың кітаптарын алып беремін. Бәрін сүйсіне оқып, уйықтар алдын құшақтап алып оқытып содан кейін уйқыға кетеді
@user-ks6hq7yu6f
@user-ks6hq7yu6f 22 күн бұрын
Әркімнің жеке өмірінен шаршадық.Осындай құнды,елге пайдасы бар ақпараттарды білгіміз келеді.Болашақ ұрпақты білімге құштар етіп,тек жақсыға бағыттайық
@user-lx2lg2rf2f
@user-lx2lg2rf2f Ай бұрын
Ваааууу сұхпат болды! Сүңгіп кетіп шығалмай қарадым ерекше ұнады! Тағы жолдасымның елі Керей, Жәнтекей. Жақын тарттым. Өте жанашыр жақсы кісі екен басқа көзқарас көрсетті. Сұхпаттасып отырған қыздарға алғыс! Түйгенім: көзі ашық, оқыған, көкірегі ояу адамның пайдасы зор екен!❤ Баламды емізіп отырып, апайың сенің болашағыңды ойлап әлемнің кітаптарын аударып қойыпты дим. Кітапты қайдан сатып алса болады???????????
@mariabdrashidkizi4530
@mariabdrashidkizi4530 Ай бұрын
Қандай керемет сұхбат
@SaraBeiseyeva
@SaraBeiseyeva Ай бұрын
Жаксы подкаст👍
@tursunoyabuseitova6490
@tursunoyabuseitova6490 Ай бұрын
Ваааув🤩🔥
@Bismillah-iv2dx
@Bismillah-iv2dx Ай бұрын
Сәлеметсіздер ме Райса Сайран және жүргізушілер.Менің жасым 12де.Мен сізді танимын Райса апай.Сіз бір рет біздің мектепке керемет кітаптар сыйлаған едіңіз.Оның бірін айтатын болсақ Бату және оның достары кітабының үш бөлімі.Мен үш бөлімін де оқып шықтым.Маған ұнады.Және сіз біздің мектепке келгенде жүзбе-жүз керемет сұхбат болған еді 😍✨️
@yntymak0
@yntymak0 Ай бұрын
Таң шапағаты кітабы өте керемет аударылған❤жеңіл түсінікті
@user-jb6ok9jx8n
@user-jb6ok9jx8n 6 күн бұрын
Өзіме бір жаңа тұлғаны аштым, бойымдағы патриоттық сезімімді оятушы, себепкер адам болды деп айталамын. Осындай көзге түсерлік тұлға болсада бойында қарапайымдылық, ұялу, адамгершілік сипаты өшпеген. Қуаныштымын сізді танығаныма!
@user-xw8db9fq7s
@user-xw8db9fq7s Ай бұрын
Күшті керемет ❤
@user-bj4mf2rd6y
@user-bj4mf2rd6y Ай бұрын
Где Роза там я ,Розы много не бывает. Тыңдауға жалықпаймын.
@perizatmyrzakhmet
@perizatmyrzakhmet Ай бұрын
Раиса апам уан лав 😍
@user-vf2xu2pt8o
@user-vf2xu2pt8o 24 күн бұрын
Шетелдік әдебиеттердің қазақша аудармасына үнемі көңілім толмайтын еді соңғы рет Норвег орманының осы баспахананың аудармасын оқып бір қуанып алдым. Өте жақсы деңгейде аударма жасалғанына бір қуанып керемет әсер алып қалдым. Жұмыстарыңыздан тек сәттілік🎉❤
@user-os7mc2of8r
@user-os7mc2of8r Ай бұрын
Райса ханым еңбегіңіз жана берсін,сондай қуанып отырмын,,ұрпақтарымыздың болашағы үшін,үлкен істі бастағаныңызға,лайым ұзағынан болсын.
@user-og6uo7dt1p
@user-og6uo7dt1p Ай бұрын
Оте керемет ой ориси жогары денгейдеги казак кызынын сухбаты катты унады! Саттилик тилеймин!
@user-di1ic3sl6o
@user-di1ic3sl6o Ай бұрын
Керемет сұхбат😍 Қазақ балаларымызға болашақта пайдасы тиеріне ризамын . Кітапты қайдан алуға болады?
@podcast_kozqaras
@podcast_kozqaras Ай бұрын
steppe&world тың инстаграм парақшасы instagram.com/steppeworld/
@user-wi7bt2tb4p
@user-wi7bt2tb4p Ай бұрын
Керемет ❤❤❤😍😍😍😍😘😘😘😘 Жарайсыздар 👏👏👏👍👍👍 Үлкен Рақмет 🙏
@Zhuldyzdynomirinen
@Zhuldyzdynomirinen Ай бұрын
Өте керемет подкаст болды Райса ханым сондай керемет,еңбекқор адам екен.Көзі ашық көкірегі ояу екені көрініп тұр.Жұмысыңыз алға баса берсін сізге тек сәттілік тілеймін.Роза ханымга рақмет осы кісіні шақырып отырған бізді таныстырған,кітаптарына деген қызығушылығым артты балаларыма алып бергім келеді.Қайдан алсақ болады?
@user-wk9lf1or2m
@user-wk9lf1or2m Ай бұрын
Керемет. Қатты шабыт алдым🔥🔥🔥
@user-jr9xg1ow2x
@user-jr9xg1ow2x Ай бұрын
Көмекші жүргізушініз қазақша сәл пәл сауатын ашса екен, бәрін бүлдіріііп отыр😢
YouTube's Biggest Mistake..
00:34
Stokes Twins
Рет қаралды 73 МЛН
YouTube's Biggest Mistake..
00:34
Stokes Twins
Рет қаралды 73 МЛН