Кітабы өтпей қалған атақты автор / Kitapal podcast #7

  Рет қаралды 20,987

Kitapal

Kitapal

Күн бұрын

Пікірлер: 153
@БагилаБорибаева-к3х
@БагилаБорибаева-к3х Жыл бұрын
Өте көп нәрсе білдім.Рақмет ,жігіттер! Мен кішкентайымда қолыма түскен кітапты оқиды екенмін. Өсе келе тек махаббат тақырыбындағы кітаптарды оқыппын. Енді ой саларлық әр түрлі тақырыпта құнды кітаптар іздейді екенсің.
@kitapal
@kitapal Жыл бұрын
Сәлеметсіз бе! Үздік пікір қалдырып, кітап ұтып алдыңыз🎉 Құтты болсын! 87775722233 номеріне "Үздік пікір қалдырып кітап ұттым" деп жазып жіберіңіз❤
@mariabdrashidkizi4530
@mariabdrashidkizi4530 8 ай бұрын
Қазақстан әлемдегі ең көп кітап оқитын елге айналсын❤
@asunhoney
@asunhoney Жыл бұрын
Мирас Кесебаев ағаның сондай ізеттілігі мен даралығына әр шығарылым сайын тамсанамын! Аллах разы болсын😊
@Alima.y
@Alima.y Жыл бұрын
😍🙌 Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру❤
@ulpan9635
@ulpan9635 Жыл бұрын
1) рекомендация Билл Гейтс или әр қазақ оқуы кк 100кітап 2) бір нәрсені істей берсең талғамың қалыптасады 3) миссия; бағыт (лимит қоя біл) 4) дәл қазір қай проблемаңды шешуге көмектесетін кітап Көркем әдебиет оқу- образдар жинау үшін. Сол образдар арқылы қай кезде қалай шешім қабылдауға көмектеседі.
@Banan-u9i
@Banan-u9i 4 ай бұрын
Шыраздың юморына тәнті болдым
@_nurk3n
@_nurk3n Жыл бұрын
Келесі шығарылымдарда бір кітапты талдасаңыздар.Қазақ әдебиетінен немесе шетел.
@lisag8052
@lisag8052 Жыл бұрын
Келісемін
@МолдирАмиркулова-ф4и
@МолдирАмиркулова-ф4и Жыл бұрын
Иа жақсы идея
@КөркемМұратқызы-к8д
@КөркемМұратқызы-к8д Жыл бұрын
Ия😍😍😍😍
@СерикханТусупбеков
@СерикханТусупбеков Жыл бұрын
Дұрыс
@АйтолқынҚұлмыра
@АйтолқынҚұлмыра Жыл бұрын
Мысалы қазіргі жасөспірімдерге Абай жолын оқудан алатын пайдасы қандай? Немесе Жасөспірімдерге Абай жолын оқу керек пе?
@Alima.y
@Alima.y Жыл бұрын
18:48 энергияңа байланысты кітапты оқу. Күшің бар кезде қиын, ғылыми тілдегі кітаптар оқыған жөн. Жолда, кофейняда эстетикамен әдебиетті немесе бітірген кітапты қайталап оқу ұтымды😍🤗
@zhanserikkens696
@zhanserikkens696 Жыл бұрын
Осы каналдың аудиториясынан ертең саналы ұл қыздар шығады деп сенемін!😊
@svnzhvr_
@svnzhvr_ Жыл бұрын
7-ші шығарылымда айтылған кітаптар мен әңгімелер тізімі: 1. Ақ боз үй (С. Елубай) 2. Жүрек тыныштығы (Б.Балтабай) 3. Нейромаркетинг 4. Магия денег 5. Трилогия желаний Драйзера (Финансист, Титан, Стоик) 6. Процесс (Ф.Кафка) 7. Превращение (Ф.Кафка) 8. Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс (Т. Нұрмағамбетов) 9. Жусан иісі (С. Мұратбеков) 10. Балалық шаққа саяхат (Б. Соқпақбаев) 11. Парасат майданы (Т. Әбдік) 12. Қар қызы (О. Бөкей) 13. Қасқыр ұлыған түнде (О. Бөкей) 14. Қамшыгер (О. Бөкей) 15. Кербұғы (О. Бөкей) 16. Дарабоз (Қ. Жұмаділов) 17. Қазақ тарихының әліппесі (М. Мағауин) 18. Кедей әке, бай әке (Р. Кийосаки) 19. Атом әдеттер (Дж. Клир) 20. 30 күнде ағылшын үйрен (М. Кесебаев, Ш. Каниязов) 21. Бақыт формуласы (Имам Ғазали) 22. Абай жолы (М. Әуезов) 23. Махаббат, қызық мол жылдар (Ә. Нұршайықов) 24. Дос табу және адамдарға ықпалу ету өнері (Д. Карнеги) 25. Кармен (П. Мериме)
@karlasgyhx
@karlasgyhx Жыл бұрын
ваааааау рақмеееет
@АйнурАрапова-э5т
@АйнурАрапова-э5т Жыл бұрын
Рахмет😊
@bigimini7631
@bigimini7631 Жыл бұрын
Кітап оқып бастағаннан кейін, телефон қарап отырғанда уақытын бос кетіп жатқанын 10 есе сезеді екенсін
@karlasgyhx
@karlasgyhx Жыл бұрын
иаааа
@almasssalmass8266
@almasssalmass8266 Жыл бұрын
Ияяяя точно көп оқмайм сондада рас
@Alima.y
@Alima.y Жыл бұрын
17:00 Шраз ағайға Кафканың процессі Т. Драйзердің трилогиясынан да ұнағанына байланысты айтқым келеді: Кейде адамдар өзінен бірнарсе өзгерту үшін тұлғалық даму кітап іздейді. Көркем әдебиет ұсынсаң, не в тему, қатысы жоқ нәрсе айтып тұрғаныңдай Көркем әдебиет одан да қатты әсер ететінін білгенде ғой шіркін)))
@СултанЖорабек
@СултанЖорабек Жыл бұрын
Мағанда кітап дүкенін аралаған, кітаптарды мұқият қарап жүру ұнайды 😄. Содан бір ләззат аламын өзіме
@karlasgyhx
@karlasgyhx Жыл бұрын
29:34 жизааааа. жазда курстан қайтып бара жатқан кезде, күн ыстық болса да кітап сататын жерге кірііп, аралап жүретінмін. хотя ақшам жоқ болса да, бірақ шыққкан соң шынымен де өте ерекше әсер болады🦋
@ulagattileuhan2761
@ulagattileuhan2761 Жыл бұрын
Бүгінгі подкасттан:Миға тек пайдалы ақпарат жеткізуіміз керек. Көп кітап оқу арқылы таным,талғам қалыптасады.Проблемаға қарай кітап оқу керек. Оқитын жанрдағы үздік адамдардың Нобель сыйлығын алған адамдардың кітабтарын оқу, сенімді, нағыз маманнан үйренген дұрыс, өмірдегі миссияңа сай кітап оқу, өз бағытыңды анықтап соған байланысты кітап таңда.Кітап алатын кезде мұқият шолып кітаптың деңгейімен өз деңгейімізді салыстырып таңдау. Өте керемет подкастты жібермей қараймын, сіздердің арқаларыңызда кітаптың қандай құнды екенін түсіндім.
@kuralay3231
@kuralay3231 Жыл бұрын
Өте пайдалы подкасттар болды осы күнге дейін. 👍Мен өзім кітап таңдағанда алғашқы беттегі мазмұнына қараймын, сол жердегі кітап туралы жалпы ой қызықтырса оқимын. Бұрын әртүрлі кітаптарды оқитынмын. Ал қазір өз мамандығым тарих мұғалімі болған соң сол бағытта кітаптарды оқып жүрмін. Мысалы, Ай мен Айша, Қызыл жебе, Жабайы алма, Қан мен тер т.б.
@Quran.YouTube.Chanel
@Quran.YouTube.Chanel Жыл бұрын
Ассалаумағалайкум! Жігіттер мен подкаст басталғалы бері 6 кітап оқыдым. Өзімде кітап жазғым кеп кетті.
@alimjanqasymjan7638
@alimjanqasymjan7638 Жыл бұрын
Уағалейкумассалам. Алла зейініңді ашсын
@darigatugelbay8780
@darigatugelbay8780 Жыл бұрын
Кітап таңдағанда мен де бірінші кезекте рекомендацияларға мән береді екенмін. 1) жалпы көпшіліктің және 2)мен ойын құрметтейтін адамдардың ұсынған кітаптарын оқуға тырысамын. Одан бөлек дәл қазіргі күйіме және мен үшін өзекті болып тұрған мәселелерге қатысты кітаптарды таңдаймын. Тағы бір кітап таңдау кезіндегі қолданатын тәсілім-өзіме ұнайтын автордың кітабын оқу(тақырыбы мен мазмұнына аса көңіл аудармастан) Себебі автор сізге ұнайтын болса ол сіздің досыңыз секілді болады, оның тілін, ойлау жүйесін ұғынып, түсініп тұрасың. Ал танымайтын адамның айтқанынан гөрі достың айтқаны өтеді ғой сізге. Сол секілді дос-автордың сіздің өміріңізге оң әсер ете алу ықтималдылығы көбірек. Жалпы кітапқа деген талғам қалыптасуы үшін көп оқи беру керек деген пікірге толықтай қосыламын. Өзім де әркез әртүрлі авторлар, әртүрлі жанрлар мен әртүрлі мазмұн-сюжеттерді оқып эксперименттер жасағанды ұнатамын.
@nuurdauulet
@nuurdauulet Жыл бұрын
1)Жусан иісі Сайын Мұратбеков 2)Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыз Тынымбай Нұрмағанбетов 3)Балалық шаққа саяхат Бердібек Соқпақбаев 4)Парасат майданы Төлен Әбдік:Психология туралы бәрі жазылған 4)Қар қызы Оралхан Бөкей 6)Қасқыр ұлыған түнде Оралхан Бөкей 7)Қамшыгер Оралхан Бөкей 8)Кербұғы Оралхан Бөкей 9)Кармен Проспер Мериме 10) Атом әдеттері 11)Бақыт формуласы 12) Абай жолы
@_gunnies
@_gunnies Жыл бұрын
10) Атом әдеттері 11) Бақыт формуласы 12) Абай жолы
@tanirkhanova
@tanirkhanova Жыл бұрын
Кітап таңдарда көбінесе көркем әдебиетте, сөз саптауына және бір ойды жеткізердегі автордың ойлау тереңдігіне мән беремін. Автордың образы мен сөйлесе алуым керек сияқты боп тұрады. Кітаптың кішкентай болғанын ұнатам, барлық жерде тасып жүре алу үшін😅. Әр кітаптың өз оқылатын жер бар дегенге келісем. Автобуста көбіне көркем әдебиет оқимын. Тыныштықта діни кітап оқығанды жөн көрем. Түнгі уақыт шешім шығаратын кітаптар оқыған ұнайды. Таңға жоспармен тұрғызуға көмектеседі.
@almabek_ibraiymov
@almabek_ibraiymov Жыл бұрын
Кітапты көбіне салмағы, беті, қағазы, суреттері, қаріпі сияқты талаптар бойынша таңдаймын. Алайда соңғы уақыттарда рекомендация жасаған кітаптарды оқуға сатып алдым. Жалпы, дәл сол кітаптар да көбіне менің талаптарыма сай келеді
@rassulbek5948
@rassulbek5948 Жыл бұрын
Кітап ал ұжымы, сіздерге көп рахмет! Өте көп мағлұматтар, өте тың мәліметтер алып жатырмыз. Және спикердің 3еуінің де 3 түрлі ойлайтыны өте жақсы болған екен) Бұл деген адам баласының әртүрлі болып жаратылғандығының, бір стандартқа салынбағанының белгісі деп ойлаймын
@sagidullinaaida
@sagidullinaaida Жыл бұрын
Кітап таңдау да негізі үлкен өнер деуге болады. Мен кішкентай кезімнен кітап оқығанды қатты жақсы көремін. Мектеп қабырғасында жүрген кезде анамның таңдап берген кітаптарын оқып әр ай сайын есеп беріп отыратынмын. Сол үшін адамда кітап таңдауға деген талғамды қалыптастыруда ата-ананың ойнайтын рөлі үлкен деп білемін. Қазіргі уақытта мен де өзімнің болашақ балаларым үшін арнайы тізім жасап жүрмін. Ал қазіргі кезде кітапты таңдауым Данияр мырзаның әдісіне ұқсас, яғни әр жылы оқу керек 50 кітаптың тізімін жасап аламын. Бірақ мен арнайы миссияға байланысты емес, түрлі категорияларға байланысты бөліп тастаймын. Мысалы өз-өзін дамытуға арналған 5 кітап, шетел әдебиетінен 5 кітап, қазақ әдебиетінен 5 кітап, рухани дамуға арналыған 5 кітап т.с.с категорияларға бөліп оқимын. Әр түрлі жанрдағы кітаптарды оқу алдымен жалықпай оқуға көмектеседі және ойлау көкжиегін кеңейтуге көмектеседі.
@КөркемМұратқызы-к8д
@КөркемМұратқызы-к8д Жыл бұрын
Күштііі🎉🎉🎉 Қанша күттім❤❤❤❤ Сіздерге рахмет Алла разы болсын🤲
@zhanylsynersultanqyzy2705
@zhanylsynersultanqyzy2705 Жыл бұрын
Бұл шығарылымда мен іліп алатын ақпарат көп болды. Дұрыс таңдауды үйренгім келіп жүрген. Рахмет көп көп))
@makeqanat7347
@makeqanat7347 Жыл бұрын
Кітап таңдаудағы тағы бір мән беру керек нәрсе, қағаздың түсі тым ақ болмауы керек. Себебі көзді ауыртады. Сарғыштау түс болғаны дұрыс
@Nurila_8
@Nurila_8 9 ай бұрын
Ағалар осылай жалғастыра беріңіздер! Алла қаласа мақсаттарыңызға жетесіздер меніңде кітапқа деген құштарлығым артты және сіздердің барлық подкасттарыңызды тыңдап жүрмін
@-argressor-8483
@-argressor-8483 Жыл бұрын
Керемет! Сіздерден келесі шығарылымды асыға күтемін . Мен өз басым кітапты жалпы ортама қарай таңдаймын .Мысалы мектепте ғылми кітаптар: алгебра физикаға қатысты кітаптар, ал үйде көркем әдеби кітаптар ... Бұл комментарийды бағалайсыздар деп ойлаймын !
@aktilyekkhumyrzakh8288
@aktilyekkhumyrzakh8288 Жыл бұрын
Бұрында Қазақша подкасттарға қатты қызықпайтын тыңдамайтын едім, (Қазақстанда өспегендіктен қазақша жақсы түсінбейтінмін) Бірақ осы подкасттан қазақшамда жақсарып, қазақша кітаптар оқуға қызығып кеттім, 2күн бұрын Кітапалдан 2кітап алдым. Бұйырса Ай сайын 1қазақ кітап оқып тұрамын. Көп Рахмет🙏🏻
@SAYALAQANYSHKYZY
@SAYALAQANYSHKYZY Жыл бұрын
Кітапты нұсқаулар арқылы таңдайтын едім. Бірақ, көп кітаптарды оқи отыра өзімнің талғамым туды. Мотивациялық кітаптарды оқу мүлдем менікі емес екен. Әдеби романдар немесе поэмаларды оқу арқылы соның ішінен мотивацияны да, басқасын да алуға болады деп ойлаймын. Қазіргң уақыт солай оқып жүрмін.
@baurzhanzhaksybaev7579
@baurzhanzhaksybaev7579 Жыл бұрын
Керемет! Алға жігіттер! Кітап таңдағанда автордың жасына, жынысына, жетістіктеріне де қараған дұрыс сияқты. Содан кейін таң ертең, түсте, кешке оқитын кітаптар деп те таңдауға болады( әр түрлі жанрда).
@Алиманыңасханасы
@Алиманыңасханасы Жыл бұрын
Подкаст үшін рахмет, қызықты болды ☺️ Өзім кітап оқи бастағанда бүкіл дипломнан түскен көрімдікке (160 мын) кітап алғанмын 😁 Ол үшін үздік кітаптар тізімін әр жерден қарап, рекомендациялар бойынша алдым. Ал қазір ішкі жай-күйіме, туындаған проблемама байланысты кітаптар аламын. Және ауырған адамның дәрі іздегеніндей, мұндай кітаптарды тез оқимын 😊👍
@balaikaaa
@balaikaaa Жыл бұрын
Ағаларымыздың даусытары неткен жағымды десеңіздерші😍
@meruert.rahymhan6
@meruert.rahymhan6 Жыл бұрын
Рахмет,мен осы соңғы шығарылымдардың барлығын қарап шықтым.Осы подкасттан да жақсы ойлар тыңдап,өзіме пайдалы дерін алдым. [ жолда қатты миға салмақ салмайтын әңгімелер оқуға дұрыс.Балалық шаққа саяхат секілді.] Бұл жақсы кеңес болды мен үшін .Осы көшеде оқи алмай, зейін болмауымның себебі ғылыми ,қиын кітаптарды алып алады екенмін де өзімді қинайдф екем 😂❤ Негізі басында 2-3 жыл бұрын қолыма түскен әдебиет ,даму психология,дін оқи беретінмін ,сосфн олар жалықтырып жіберді данияр ағайша,содан қазір подкастта сіздер кеңес беретін шығармаларды ,қазақ әдебиетіндегі топ шығармалар,ауыратын жақтарыма дәрі ішіп сол жағынан оқуды жалғастырдым. рахмет көп нәрсе пайдалы болдыы))
@l_nazeka_l5537
@l_nazeka_l5537 Жыл бұрын
Мен кітапты өзім жақсы көретін жанрға қарап таңдаймын. Мысалы мен детектив жанрын жақсы көрем. Фолиант баспасынан Агата Кристидің кітаптарын қазақша оқимын(ол жерде басқада авторлардың кітаптары бар) Және 1 жылда 100 кітап оқуым керек деген мақсатым бар ол жерде 50 классика 50 психология жазылған (діни кітаптарда бар) және кітапқа махаббатымды ашатын ең үлкен мотивация ол авторлардан қолтаңба алу. Менің сөремде екі кітап бар автордың қолтаңбасын алған. 🤭 Мирас аға мен Данияр аға енді сіздердің қолтаңбаларыңызды алғым келеді. Шразаддин аға сіздің ФОКУС деген кітабыңыз қатты ұнады. Өзімде CALLUP тест деген не ол ?-деп түсінбей жүрген едім. Маған көп көмегін тигізді. Рахметттт❤️‍🩹
@nurzhuldyz
@nurzhuldyz Жыл бұрын
Қызықты тақырып болды. Кеңестеріңізге көп рахмет. Әр көрген сайын кітапты оқуға деген қызығушылығым артады. Мен мазмұнына қарап, өзімнің қызығушылығыма қарай таңдап аламын. Соңғы шыққан жаңа бестселлер кітаптарды да оқуға тырысамын. Мен қарайтын кәсіпкерлердің кеңесіне сүйеніп, олар ұсынған кітаптарды ізденіп, маған ұнағандарын таңдап оқимын. Мұқабасына да, кітаптың қалың переплет болғанына да мән беремін. Сіздерге осындай керемет подкаст үшін алғыс айтамын, кітап оқитын адамдар көбейе берсін!
@zhanylsynersultanqyzy2705
@zhanylsynersultanqyzy2705 Жыл бұрын
мен кітапты өзімнің сұранысыма қарай, яғни не мазалап жүр, сол нәрсенің жауабын табуға не сол нәрсені бойыма машықтандыруға қарай таңдаймын. Сосын барып мазмұнына бір үңіліп шығамын✨
@Symbat.koishybayeva
@Symbat.koishybayeva Жыл бұрын
Рахмет❤
@qaimaqtv2199
@qaimaqtv2199 Жыл бұрын
Рахмет подкасттарыңызға!Ұнады🙌
@ҚанатИбрагимов-я4ю
@ҚанатИбрагимов-я4ю Жыл бұрын
👍
@Batyl777
@Batyl777 Жыл бұрын
Жігіттер рахмет. Алаштықтар өлмепті . Өлмейді .
@ГулданаАимбетова
@ГулданаАимбетова Жыл бұрын
Өте әсерлі,пайдалы подкасттардын қатарынан көруге болады. Әрбір шығарылымында өзімнің кітап оқу кезіндегі қойылатын сұрақтарға қажетті жауаптарымды табатындаймын. Сіздерге көп рахмет,өз опыттарынызбен бөлісіп, осылай подкаст түсіру арқылы қазақстандағы кітап оқушылардың артуына бір қадам 😍
@Madonna4
@Madonna4 Жыл бұрын
Керемет😍😍 айтқан кітаптарыңызды , ақылдарыңызды түртіп алдым, пайдалы подскаст болды мен үшін ☺️ Сіздерді көре бастағанымда өзіме ай сайын есеп беру керек екендігін түсіндім және әрекет еттім! Мен көп қазақша кітаптар оқиды екенмін еді ағылшынша бұйырса бастаймын😅 Алла разы болсын сіщдерге❤️ Кітапты таңдауда мен бірінші мазмұнына қараймын кейде алданып қалып жатам😂 Енді подкасттан кейін мықты кітаптарды оқу нәсіп етер.Рахмет сіздерге👍🤝
@АбайКулназаров-щ3б
@АбайКулназаров-щ3б Жыл бұрын
Мен ойлайм, кітапханада оқу керек болған әр типтен яғни көркем әдебиет, іскерлік, психология т.б с.с 10 кітаптың тізімін жазып қою керек, себебі жаңа кітап оқып бастап жүрген адам қайсысынан бастауын білмейді. Ал ол оған көмек.
@gulzinatursunbaeva
@gulzinatursunbaeva 5 ай бұрын
Keremet
@ddemusha
@ddemusha Жыл бұрын
Мен көбіне діни және психологиялық кітаптарды оқимын, кітапты көбіне үзінділерін көру арқылы таңдайды екенмін)
@ulpan9635
@ulpan9635 Жыл бұрын
Төлен Әбдіков Парасат майданы Оралхан Бөкей Қар қызы Кер бұғы
@ЖаксыгульБекпейсова
@ЖаксыгульБекпейсова Жыл бұрын
Сиздерди коргенде журек куанады.себеби елмизде билимди жастар оте коп. бул енди байкаганым. Призиденти кандай болса , халыкы сондай дегендей Казир жастар коп тил уйренуге тырысады. Елмиздин болашагы Жарык. Оздериндей жастар турганда
@НариманТаттыбаев
@НариманТаттыбаев Жыл бұрын
Кітап таңдағанда негізі сенің көкейінде ойландырып жүрген сұрақтың жауабын табу үшін оқыған дұрыс немесе белгілі бір проблеманның жауабын білу керек болғанда және өзінің минус тұсынды плюсқа айналдыру үшін де оқыған дұрыс деп ойлаймын.
@danaalgabekkyzy1065
@danaalgabekkyzy1065 Жыл бұрын
Мен кітапты өз таным кө4жиегімді артыру үшін соған байланысты таңдаймын және де өз мүмкіншілігімді білу үшін өз ішімдегі қалауымды жасау мүмкіншіліктерімді табу үшін соған байланысты таңдаймын!
@Aiganym_la_tenderness
@Aiganym_la_tenderness Жыл бұрын
Сәлеметсіздер ме! Келесі подкасттарыңызда қонақ ретінде Омар Жалелді шақырсаңфздар керемет сұхбат болар еді.
@kadirgalievna_sandugash
@kadirgalievna_sandugash Жыл бұрын
7 подкасттамын, кітап оқуға деген шабыт күннен күнге ашылуда ❤
@kaji0091
@kaji0091 Жыл бұрын
Ассалаума алейкум жігіттер! Кітапты әркім өзінің өмірлік ұстанымына қарай таңдау керек! Мәселен мен діни және әдеби кітаптар оқимын. Өйткені менің ұстанымыма керек!
@Bauke0407
@Bauke0407 Жыл бұрын
Бәрекелді 👍
@talgat.asselia
@talgat.asselia 4 ай бұрын
Перизат Мырзахметті күтіп жүрмін, шақырыңыздаршы🙏🏻
@Symbat.koishybayeva
@Symbat.koishybayeva Жыл бұрын
🔥
@Kazakh_motivation
@Kazakh_motivation Жыл бұрын
Оо шықьыы
@karlasgyhx
@karlasgyhx Жыл бұрын
38:52 мен көбінесе кітап таңдағанда рекомендацияға сенемін. әлеуметтік желілерде болсын немесе осы подкасттың өзінде өте көп кітаптарға рекомендация жасап кетті. алдыңғы уақыттары оқуды жоспарлап отырмын🦋. және кітап таңдағанда кітаптың обложкасы, шрифтына мән беремін. үлкен үлкен шрифтпен шығарылған кітаптар ұнамайды(.
@ЖаркынРахымжанов
@ЖаркынРахымжанов Жыл бұрын
Миға қарағанда асқазан ақылдырақ деген жері өтті
@Сахарок-ф5с
@Сахарок-ф5с Жыл бұрын
Осы сіздердің подкасттарыңызды тыңдай келе кітап окуға шабытып ашылып жатыр
@ulpan9635
@ulpan9635 Жыл бұрын
"Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс" оқуға жеңіл көркем әдебиет
@nurmuhamedorazbek6838
@nurmuhamedorazbek6838 Жыл бұрын
Керемет мәлімет. Рахмет жігіттер
@ГулназЖакыпбек
@ГулназЖакыпбек Жыл бұрын
Кітап таңдауда: 1. Мені толғандырып жүрген сұрақтың жауабын табуда 2. Жеке дамуға көмектесетін 3. Тіл үйренуге көмек болатын шет тілдегі шығармалар
@АрайлымБериковна-р9о
@АрайлымБериковна-р9о Жыл бұрын
Кітап жазуға байланысты подкаст болса,жазушылыққа қызуғушылықтары бар үшін
@ЛунараТаева-н6в
@ЛунараТаева-н6в Жыл бұрын
Керемет
@БалаусаАли-ш5ц
@БалаусаАли-ш5ц Жыл бұрын
Беріліп жатқан ақпараттарыңыз сіңімді. Кейбірін пайдаланып та жатырмын. Өзім алатын кітаптар тізімін жазбаймын. Бірақ кітап дүкеніне кіргенде кейбір алғым келген кітаптар есіме түсіп оларды ашып танысып бастағанда ол кітапты алғым келмейді.Содан мендегі мынадай мәселені қай кітаптарғы ақпарат шешуге көмектесуі мүмкін деп ойланып, әртүрлі кітапты қараймын және керегін аламын. Бірақ кейде кітапты соңына дейін оқымай қоям(адам болған соң оныңда қалыпты екенін түсіндім), соңғы кездері осы подкасттарды тыңдағалы кітап оқуға қызығушылығым артып, кезекпен алған кітаптарды оқып жатырмын. Рақмет 😊
@YerbolkyzyAkerke
@YerbolkyzyAkerke Жыл бұрын
Данияр аға, мен де осы жылға 50 кітап тізімін жасадым стористен көріп, себепші өзіңіз) Мен көркем әдебиетке басымдық бердім. Сіздерге Рахмет!
@mukhamadiarnasimov1700
@mukhamadiarnasimov1700 Жыл бұрын
👏🔥🔥🔥
@aiduksa
@aiduksa 7 ай бұрын
❤❤❤
@alimjanqasymjan7638
@alimjanqasymjan7638 Жыл бұрын
Жігіттер жарапты, Алла баршамыздың ілімдерімізді арттырсын
@temirlanburabay
@temirlanburabay Жыл бұрын
Аллаһ күш қуат, жеңілдік берсін жұмыстарыңызға🤲🏾
@НазеркеКуанышбай-х5ф
@НазеркеКуанышбай-х5ф Жыл бұрын
Керемет❤️
@QyzylQus
@QyzylQus 17 күн бұрын
🎉
@danaalgabekkyzy1065
@danaalgabekkyzy1065 Жыл бұрын
Өз арман-мақсаттарыма қатысты кітапты сол үшін таңдаймын,және де жүрегімнің тыныштығына байланысты таңдаймын!
@ВенераСултанкул
@ВенераСултанкул Жыл бұрын
Керемет. Осы жоба басталғалы біреуін жібермедім және кітап оқуға мән бермей кетіп едім 2 кітапты аяқтап 3-ші кітапты оқудамын. Алла разы болсын,жігіттер. Сосын кітап алдың тұрақты клиентімін❤️
@aidanabaizhanova1496
@aidanabaizhanova1496 Жыл бұрын
Бір нәрсенің шебері болу үшін қайта қайта істеу керек болып тұрғо
@БагилаБорибаева-к3х
@БагилаБорибаева-к3х Жыл бұрын
Осы подкасты қатты күттім! Әрі қарай жалғасын таба берсе екен!
@АшимханЕсенгельдиев
@АшимханЕсенгельдиев Жыл бұрын
Өз Икигайымды іздеудемін қазір. Сол үшін әр жылға бір ғылымды оқу деген жоспар жасағанмын (биология, физикк, гидравлика т.б.). Сол "жылдық ғылымға" байланысты кітап таңдаймын (профессор ұстаздардың ұсынған кітаптары).
@_Karatau_2024_
@_Karatau_2024_ Жыл бұрын
білім іздену ол ер мен әйел үшін соңғы деміне дейін парыз деген осы шығар бәрекелді бауырларым 😊
@rassulbek5948
@rassulbek5948 Жыл бұрын
1)Франц Кафка Процесс превращения Өзіңді басқаларға ысырып ете бермеу 2)Альберт Камью кітаптары 3) Теодор Драйзер Трилогия Марғұлан сейсенбай 4) Парасат Майданы 5) қар қызы Оралхан Бөкей 6) қасқыр болған түндесі 9 бет 7) қамшыгер 8) кербұғы
@hobb1t3
@hobb1t3 Жыл бұрын
Топ
@МирашМира-с1г
@МирашМира-с1г Жыл бұрын
Жандарым аман болындар
@БексултанАйткалиев
@БексултанАйткалиев Жыл бұрын
❤️
@МадинаАзимбайевна
@МадинаАзимбайевна Жыл бұрын
Шазрадин мыкты шыккан маган унады мен аудио китап тындаймын окитын жумысыма байланысты сиздердин пикир таластарыныздын аркасында недеген кооп китаптын аттарын билдим сиздердин соз сараптауларыныз китапты миндетти турде авторымен атайтындарыныз оте тамаша издеген адамга дайын акпарад маган катты асер етти. Бурын дары кандай китап окысам деп кооп уайымдайтынмын енди сиздердин алган акпарадтын аркасында тез ойланбай барамда. Алатын болдым рахмет. Беретин силыктарынызды муктаж жанга. Окитын адамга бериниздерш текке жыртылып аржерде жатпасыншы 🍁
@Қарабас-ь1ф
@Қарабас-ь1ф Жыл бұрын
Данияр 3,5 сынып жарайсың😅
@БагилаБорибаева-к3х
@БагилаБорибаева-к3х Жыл бұрын
Тамаша! Маған көп ой салды
@ЖанатИбрагимова-м9й
@ЖанатИбрагимова-м9й Жыл бұрын
Керемет.
@ДианаҚасым-х4н
@ДианаҚасым-х4н Жыл бұрын
Керемет!🔥
@АйкоркемШапхатова
@АйкоркемШапхатова Жыл бұрын
❤❤❤
@ФаризаКемешова
@ФаризаКемешова Жыл бұрын
Бала тəрбиесіне байланысты: балалықтан даналыққа кітабы жақсы.ұсыныс менен таңдау сізден.
@mrnobody7556
@mrnobody7556 Жыл бұрын
Көп рахмет!
@Kuanush
@Kuanush Жыл бұрын
Ассаламағалейкум өте жақсы ақпараттар болды. Мен кітап таңдағанда 1-өмірімде қандай қиындық болса қалай шығамын қандай кітап сол қиындықтан шығуға көмек береді соған мән берем 2-Сонымен қатар көбіне бір адамның өмірінде болған оқиғалары жайлы кітаптар оқыған ұнайды.
@НурланКос
@НурланКос Жыл бұрын
Рахмет 👍
@moldabekova_km
@moldabekova_km Жыл бұрын
Рахмет үлкен😍
@wszxainurn
@wszxainurn Жыл бұрын
Өтее пайдалы, рахмет көп-көп. Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер💗
@Aidana_017
@Aidana_017 Жыл бұрын
Керемет 😍😍😍😍
@gulnurbolatqyzy6710
@gulnurbolatqyzy6710 Жыл бұрын
Көбірек шығапыңыздаршыы😮🥺
@AIKERIM.KABDUNASAR
@AIKERIM.KABDUNASAR Жыл бұрын
Не остановитесь ✊🏻✊🏻✊🏻
@АйшолпанЖетписбаева
@АйшолпанЖетписбаева Жыл бұрын
Көп көп рахмет керемет болды . Подкаст ты тыңдай отырып осы жылы өзіме жақын психология мен мотивация ға толық зейін койып кітаптар оқим деп шештім алғысым шексіз !
@Artist_miko
@Artist_miko Жыл бұрын
😍🔥күшті
When Cucumbers Meet PVC Pipe The Results Are Wild! 🤭
00:44
Crafty Buddy
Рет қаралды 57 МЛН
Players vs Pitch 🤯
00:26
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 133 МЛН
Симбу закрыли дома?! 🔒 #симба #симбочка #арти
00:41
Симбочка Пимпочка
Рет қаралды 4,4 МЛН
АЛАҢСЫЗ ӨМІР СҮРУ ҚҰПИЯЛАРЫ. ДЕЙЛ КАРНЕГИ. АУДИОКІТАП.
1:34:06
Әлемнің аудиокітаптары
Рет қаралды 7 М.
When Cucumbers Meet PVC Pipe The Results Are Wild! 🤭
00:44
Crafty Buddy
Рет қаралды 57 МЛН