Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда: Алаш тақырыбына арнап елу сериал түсіруді армандаймыз

  Рет қаралды 1,727

Ainel Amirkhan (OY-DETOX)

Ainel Amirkhan (OY-DETOX)

Күн бұрын

#oydetox #ӘйнелӘмірхан #оянқазақ #МұратЕсжан #АйсәулеӘбілда
Қонақтарым Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда отбасылық жұп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалдарының бірі режиссері, бірі продюсері.
Мұрат пен Айсәулені әңгімеге тартып, тарихи сериалдарды түсіру барысы, ұлт зиялыларының өнегесі, мемлекеттік тапсырыс, ішкі цензура және бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері туралы сөйлестім.
Эпизодты KZbin арнамнан тамашалап, подкаст қосымшаларынан тыңдай аласыздар! Ал, көріп, таңдағаннан гөрі оқығанды қаласаңыз, әңгімеміздің бір парасын Forbes.kz сайтынан таба аласыздар!
Таймкод
00:00 - кіріспе
01:04 - эпизод қонақтары режиссері Мұрат Есжан мен продюсер Айсәуле Әбілдамен таныстыру
04:05 - мемлекеттік тапсырыс, «Хабар», Qazaqstan арналарымен жұмыс істеу барысы, ішкі цензура мен ұлттық идеология
09:00 - «Міржақып. Оян, Қазақ» сериалының туу барысы, актриса Зарина Кармен мен аудио-визуал ұрпақ
11:06 - Ғайнижамал образы неге ашылмады?
15:02 - Гүлнар Міржақыпқызы, Ахмет Байтұрсыновтың жары Бәдрисафа апай мен патриархал құндылықтардың сарқыншағы
19:55 - тәуелсіздік үшін күрес, автономия, Алаш зиялылары мен тарихи шындық
29:57 - Алаш зиялыларының ұрпағы болу қандай? Самырат Кәкішев, Айман Байсалова, Гүлнар Міржақыпқызы
35:37 - бүгінде кіммен сұхбаттасып қалған дұрыс деп ойлайсыздар?
39:30 - Бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері, Таңшолпан бағдарламасы, продюсер айлығы
40:30 - отбасылық Dream Project пен болашақ жоспарлары
48:09 - Мұрат пен Айсәуле үйде не үшін ұрысады?
01:08:08 - кино нарығы, комедия түсіру ойлары мен өзіңді-өзің мақтауға қысылу синдромы
"Міржақып. Оян, қазақ" сериалын көру - • «Міржақып. Оян, қазақ!...
Әйнел Әмірханның инстаграмы - / ainelkai
OY-DETOX-ты қолдау:
Patreon арқылы - / oydetoxbyainel
Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды.
OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Пікірлер: 37
@ordakz3603
@ordakz3603 7 ай бұрын
Өте үміт артатын жаңашыл, ұлтжанды қазақ өнерінің болашаған осындай азаматтар құрамақ деп ойлаймын әрі сенімдімін еркін өскен жастарға
@user-el5jv3ki7s
@user-el5jv3ki7s 10 ай бұрын
Мұрат ағаның сұхбаттарында зиялылық туралы жиі айтатынын енді түсінгендеймін. Өздері осы зиялылықтың арқасында жемістің дәмін татқан кісілер екенғой МашАллах. Қандай керемет сұхбат болды. Осындай қалыптарыңызға, еңбектеріңізге, білімдеріңізге Алла береке берсін. Алла сіздерді халықтың ықыласынан, қошеметінен айырмасын.
@mukatayalnurlan7316
@mukatayalnurlan7316 6 ай бұрын
Қазақты оята бер мұрат есжан кәмедядан оыз жыл шаршадық😮
@user-if2cv4be9x
@user-if2cv4be9x Ай бұрын
Мұрат пен Айсәуле жарайсыңдар!
@oydetox
@oydetox Ай бұрын
Рахмет 🙏
@user-vq6dg2cj3w
@user-vq6dg2cj3w 7 ай бұрын
Орамал таққан қыздар оқымайды дегенге міне жауап.
@bagilasaylaubayeva4232
@bagilasaylaubayeva4232 7 ай бұрын
Рухани мүдделес, пікірлес жұптардың маман ретінде түсіністіктері, бірін-бірі қолдауы қандай тамаша!
@bagilasaylaubayeva4232
@bagilasaylaubayeva4232 7 ай бұрын
Өте жақсы танымдық сұхбат! Әрине, тарихи шындық пен көркем шындықтың ара жігін ажырату керек. Өкінішке орай, оны ажырата алатын жұрт аз. Нағашы атамыз 1937 атылған. Қарапайым бақташы ғана. Шамасы, арғы тегінде қажыға барған, тт аталары болғандықтан болар. Мен шешемнің әкесін іздеген кезіне жақсы куәмін. Фильмді көргенде шешем қайта есіме түсті. 1956жылдары Қытайдан қазақтар өткенде әкесін солардың арасынан іздеп шырылдап өтіп бара жатқан машиналардың артынан айғайлап жүгірген бейнесі көз алдымда мәңгі қалған. Гүлнар апайдың сағынышын әбден түсінемін әрі өте жақсы көрсетілген!
@nurzhanzhoken5964
@nurzhanzhoken5964 7 ай бұрын
🎉🎉🎉
@asiya_alihanqyzy
@asiya_alihanqyzy 7 ай бұрын
10:54 дұрыс айтасыздар келісемін!!
@user-if2cv4be9x
@user-if2cv4be9x Ай бұрын
Толық,ашып түсіруге болады ғой соған аз бөлгенін ай қаржыны
@tolkyn.cardio
@tolkyn.cardio 7 ай бұрын
Осы кезге дейін алғаш рет Қазақстан мемлекетіндегі ең тұщымды, мәнді, мағыналы, тәрбие беретін, … мойындаган режисерім, фильмім (сериалым), актерларым. Жарайсыздар , тек алға. Сындарға еш мән бермеңіздер, болашақтарыңыздан өте зор үміттеміз. Сіздерге Алла разы болсын, әмин !
@danakamzabek2784
@danakamzabek2784 8 ай бұрын
Көңіл тойдыратын, ой салатын, құлақ құрышын қандыратын эпизод болыпты! рахаттандым, көп рақмет!
@user-zv9sy2ol8j
@user-zv9sy2ol8j 11 ай бұрын
Өте мағыналы сұқбат болды. Бір деммен қарап шықтым. Айтылған әңгімелерді тыңдап отырып, сол фильмдердің түсіру алаңында бірге жүргендей болдым. Түсіріліиді аяқтаймыз дегенде, тағы айта түспеді ме деп қалдым
@oydetox
@oydetox 11 ай бұрын
Ардақ, көп рахмет!
@user-vv2rb9xk7b
@user-vv2rb9xk7b 10 ай бұрын
Юр.фак, КазГУда оқыдық Айсәулемен. 1 курс төмен оқыдық біз. Мұрат екеуіне сәттілік тілейміз! 👏👏👏
@Forgoodlife-kx7mg
@Forgoodlife-kx7mg 6 ай бұрын
@user-gn6yy4th2f
@user-gn6yy4th2f 2 ай бұрын
Өте саналы кісілер
@oydetox
@oydetox 2 ай бұрын
Иә. Рахмет 🙏
@user-ie6jy1xy8g
@user-ie6jy1xy8g 11 ай бұрын
Адемi сухбат болды 😊😊😉😉
@aiymqarmys
@aiymqarmys 7 ай бұрын
Кей жерлерін өткізіп жібермей,толықтай көріп шыққан подкасттарымның бірі.Келген қонақтар да,жүргізуші де қатты ұнады🔥
@syrymtyrdahyn722
@syrymtyrdahyn722 9 ай бұрын
Өте керемет
@user-zx4ih6vq7j
@user-zx4ih6vq7j 10 ай бұрын
Өте керемет сұқбат болды. Анель ханым шығармашылығыңыз дами берсін
@user-zv9sy2ol8j
@user-zv9sy2ol8j 11 ай бұрын
Ойдетокс түсірілім командасына шығармашылық табыстар тілеймін
@oydetox
@oydetox 11 ай бұрын
Рахмет 💌
@user-vv2rb9xk7b
@user-vv2rb9xk7b 10 ай бұрын
👏👏👏👍👍👍
@didimaulen
@didimaulen 8 ай бұрын
рахмет, Әйнел ханым! өте пайдалы, қызықты эпизод шыққан. маған ұнады!!
@oydetox
@oydetox 8 ай бұрын
көп рахмет!
@moldabek4179
@moldabek4179 7 ай бұрын
👍😍🖐️😡😥🤝🇰🇿🇰🇿🇰🇿🤝🤲🤲🤲
@user-ov3dm5vt4g
@user-ov3dm5vt4g 7 ай бұрын
Керемет сухбат болды. Рахмет!!!
@user-rv4kv2yg1h
@user-rv4kv2yg1h 6 ай бұрын
Феминсті сол кезде қылсақ кәзіргі уақытта кіргізсек тариққа қиянат-деп дұрыс айтты. Әйел қанша тырыссада ер бола алмайды.
@user-vx3vd3it6p
@user-vx3vd3it6p 7 ай бұрын
Нүржан сенімен бетбебет сырласқым келеді .СОГАН УАҚЫТ ТАБА АЛАСЫҢ БА ҮЛКЕН ӨТІНІШ .МЕНІҢ ЖАНЫМ СЕНІМЕН ӨТЕ ҰҚСАС СИАҚТЫ
@user-ur1hm7rx9r
@user-ur1hm7rx9r 9 ай бұрын
команданын жумысы киын болганда жылап жиберген балалар, истеп жаткан истеринин каншалыкты рухани кунды дуние екенин тусинбегендер шыгар. Айтпесе Мыржакыпты тусирип жатып акша деп, баска деп киналу мәнді дүниени ұғанбау ғой
@user-ur1hm7rx9r
@user-ur1hm7rx9r 9 ай бұрын
Камеранын дирилдегенин мен байкамаппын)) кайта карап кана байкадым.
@moldabek4179
@moldabek4179 7 ай бұрын
👍😍🖐️😡😥🤝🇰🇿🇰🇿🇰🇿🤝🤲🤲🤲
@sculptor9247
@sculptor9247 10 ай бұрын
Разбудила маму🙀@KOTVITSKY TG:👉🏼great_hustle
00:11
МишАня
Рет қаралды 3,7 МЛН
Let's all try it too‼︎#magic#tenge
00:26
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 55 МЛН
КАХА и Джин 2
00:36
К-Media
Рет қаралды 2,2 МЛН
Ахмет - ұлт ұстазы / KOREMIZ
47:25
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 29 М.
Евгений Жаринов: беседы о кино
3:50:18
Profileschool
Рет қаралды 877 М.
end ne stimz?#1 Өзін таппаған адамдар не істеу керек?
1:03:40
Бақытбай Сабырбеков
Рет қаралды 17 М.
Беймәлім дерек.  Ахмет Байтұрсынұлы
19:32
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 15 М.
СҰЛТАН СҮЛЕЙМАНДАР | bayGUYS
24:46
bayGUYS
Рет қаралды 271 М.
Кого не нашел директор ?
0:24
ЛогикЛаб
Рет қаралды 2,7 МЛН
Inosuke Shows Us How To Slice Like a Demon Slayer
0:40
Mini Katana
Рет қаралды 49 МЛН
ТЫ С ДРУГОМ В ДЕТСТВЕ😂#shorts
0:59
BATEK_OFFICIAL
Рет қаралды 1,4 МЛН
Первая часть🔥#юмор #смешноевидео #смех
1:00