Мұрат Мөңкеұлы кесенесі. құлпытас зерттеу. Индер ауданы.

  Рет қаралды 9,614

Quanysh Baybaqty

Quanysh Baybaqty

2 жыл бұрын

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Байұлы тайпасы Беріш руының Қаратоқай бөлімінен шыққан[1]
Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.
Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған

Пікірлер: 25
@user-ip6rj8bk5i
@user-ip6rj8bk5i 2 жыл бұрын
О Айтман ағамыз өзі қолына алған екен.Аталарымыз ұлы даналарымыз ғой.Осы асылдарды тарихтың бетіне шығару керек.Мəңгүрттерге насихатын жеткізу керек.
@mataikudaisugyr2359
@mataikudaisugyr2359 2 жыл бұрын
Мұрат бабамыздың жаны жәннәтта болсын
@user-lb6yu8ud4m
@user-lb6yu8ud4m 2 жыл бұрын
"Жайык деген жанды су, Жайык деген канды су". Атамекен ыстык коринеди.
@kalifornya6486
@kalifornya6486 Жыл бұрын
Жайық деген жанды су, Көзі бір қара қанды су!
@user-kj8ho5kn6j
@user-kj8ho5kn6j Жыл бұрын
Қазағым жасасын!
@Daubatyr
@Daubatyr 2 жыл бұрын
Мұрат Мөңкеұлы деген шағын аудан бар Оралда сол кісі жәйлы мәлімет жақсы болды мына роликте
@NmzhMnzh
@NmzhMnzh Жыл бұрын
Жарсуаттың топырағы киелі топырақ, не бір батыр, ақын, би бәрі осы жерде
@user-dk6mj8lu1q
@user-dk6mj8lu1q 2 жыл бұрын
Бір тойда осы М .Мөңкеұлы мен Қ.Күржіманұлы кездесіп айтысуға шақ қалған екен,себебі ел естілері айтырмай тастаған екен екі ел арасында жанжал туып кетер деп ,яғни Беріш пен Адай арасы .
@kalifornya6486
@kalifornya6486 2 жыл бұрын
Адай мен Беріш бір-біріне бауыр, қандас, егіз ел ғой
@user-ms2ly5tr5i
@user-ms2ly5tr5i 8 ай бұрын
Бала Ораз қайда көрмедікко
@user-fj7zf6oh1p
@user-fj7zf6oh1p 2 жыл бұрын
👍💯🖐🇰🇿✊
@user-uj1hl3pu7r
@user-uj1hl3pu7r 2 жыл бұрын
Ассалаумагаликум акжол агалар
@user-ie5jx3bh6d
@user-ie5jx3bh6d 2 жыл бұрын
Алдар би туралы білетіндер барма? Атамыздан сұрашы атам еді.
@yem4270
@yem4270 4 ай бұрын
13:15 "Беріш руы, Бегіс тайпасы, Құлшай бөлімі, Берікбай Ерісбайұлы 64 жасында опат болды. Тас қойған баласы Мырзағали, 1924 жыл" Светқали ағамыз бастаған экспедиция мүшелеріне мың да бір алғыс, жасап жатқан игі істеріңізге үлкен рахмет. Берікбай атамыздың құлпытасын Жарсуатқа барған сайын таба алмай жүрген едік. Берікбай атамыздың немересі (менің атам) Қайыржан Мырзағалиұлының жазып кеткен деректерінен: - "Менің қарт атам - Берікбай бай болмаған. Атамның елге белгілі жүйрік күрең аты болыпты. 1921-22 жылдың қысында Қызыл Армиядан қашқан генерал Толстов бастаған белогвардеецтер біздің ауылдың үстінен түседі. Азықтары таусылып, аттары шаршап келе жатқан әскерлер біздің ауылды тонайды. Азық түлігін, соғымға сойылған етін, союға жарайтын малын сыпырып алады. Мінерге жарайтын атын алады. Атам күрең атын қораға тығып ұстағанмен, оны тауып алады. Атам солдаттармен жағаласып, бермей жүргенде бір солдат қылышпен бастан соғып құлатады. Қансырап есінен танған атамның қылыш бір құлағы мен жақ сүйегін зақымдайды. Берікбай атам көп кешікпей қайтыс болады."
@user-dz8on1tl1n
@user-dz8on1tl1n 2 жыл бұрын
Светқали ағамыз сөзін өшіріп тастаған? Спицально өшіріп естіртпей тастаған ау дейм я
@user-gt7qy7hz4d
@user-gt7qy7hz4d 2 жыл бұрын
Бұл кісінің өзі бұрын көп естілмейтін еді, шамасы ұрпақтарының бірі билік басында жүр ау, әлде байлардың бірі ма екен...
@user-ip6rj8bk5i
@user-ip6rj8bk5i 2 жыл бұрын
Олай деп айтпа.Мұрат атамызды үлкендер баяғыдан айтатын Маңғыстауда.Термелерінде жыршылар айтатын.
@user-wy3ex6es9p
@user-wy3ex6es9p 2 жыл бұрын
@@user-ip6rj8bk5i аға түкте білмей тұрып отамаш.
@user-wy3ex6es9p
@user-wy3ex6es9p 2 жыл бұрын
Аға қойшы ес білер адам осылай айтпас еді
@user-wy3ex6es9p
@user-wy3ex6es9p 2 жыл бұрын
Оны Кім білген
@user-dk1ej1ws2d
@user-dk1ej1ws2d Жыл бұрын
МАҢҒЫСТАУ мен БАТЫСТЫ ...Қашан Естіртіп еді ...билік ?!
ДӘУІР ДАНАЛАРЫ. Мұрат Мөңкеұлы
39:57
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 2,5 М.
请善待你的娃娃第二集 #naruto  #cosplay  #shorts
00:52
佐助与鸣人
Рет қаралды 24 МЛН
The World's Fastest Cleaners
00:35
MrBeast
Рет қаралды 85 МЛН
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️ #roadto100million
00:24
Celine Dept
Рет қаралды 138 МЛН
KAGAN TV | АКЕЛЕРДИН АКЕСИ КАРГА АКЕ
30:51
Adai - Kurmangazy (Адай - Құрманғазы)
1:47
bulatus
Рет қаралды 1,6 МЛН
Қарлаг / Репрессия / Деректі фильм
42:14
Nukte / Нүкте
Рет қаралды 157 М.
Күнқожа ҚАЙРУЛЛА - Мұрат Мөңкеұлының  толғауы
3:32
Исатай Тайманұлы кесенесі
11:58
Quanysh Baybaqty
Рет қаралды 19 М.
Досжан Ишан кесенесі.құлпытас зерттеу.
13:50