Менің атым Қызболсын

  Рет қаралды 1,819

Podcast Urpaq

Podcast Urpaq

16 күн бұрын

Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні - әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде. Жүрсін Ерман әйелдің әлемді тербететінін осы бір төрт қатарға сыйдырып қойған. Бірақ, нағыз ер азаматтығыңды жұдырықпен емес, қамқорлықпен, мейіріммен дәлелдеуді меңзейді. Бүгінде дүрліккен қоғамда қыздың жаны қорғансыз. Қай жерден, кімнен соққы болары белгісіз. Әкенің аялы алақанын көрген нәзік құбылыс, күйеуінің жуан жұдырығына тап болып жатқаны жасырын емес. Ұлбосын, Ұлмекен, Ұлжандар да жүр елде. Атынан ұялмаса да, іштегі реніші бір бөлек. Өйткені, ата-анасы ұрпағымды жалғар ұл керек деп тілеген. Оны өскенде түсінген қыздың көңілін ешкім ойламайды да. «Менің атым Қызболсын» фильмі нәзіктің символы әйелдерге арналған. Мәртебесін биіктетіп, бірде бір ердің қолынан келмейтін істерін алға тартады. «Ұрпақ» подкасында қонақта осы жолы “Менің атым Қызболсын” фильмінің басты рөлін сомдаған Еламан Есентаев пен Бауыржан Сатов. Экран алдына жайғасыңыз өйткені, бұл санымыз сіздің анаңыздың, әпке-қарындасыңыздың, жаныңыздағы келіншегіңіз бен қызыңыздың тағдырына тікелей байланысты.
Жоба серіктесі @FreedomFinanceBankKazakhstan
03:27 Қыздардың құқығы біздің қоғамда қорғала бермейді.
04:30 Бала Нұрсұлтан мен ересек Нұрсұлтанның айырмашылығы.
04:59 Оңтүстікте келіннің қадірі жоқ!
05:40 Келіншегім қызға деген көзқарасымды өзгертті.
06:13 Еламан Есентаевтың балалыш шағы.
07:07 Қыз балаға қол көтеру мен үшін - ерсі.
07:42 Анам бала кезімнен қыздарға жақсы қара деп үйретті.
08:11 Қызға қолкөтерген еркек ол - әлсіз.
08:40 Баыыржан Сатовтың балалық шағы.
09:48 Қыз бала ұрыс есітіп өссе, оны қалыптыдеп ойлайды.
11:00 Біз қоғамды өзгерту үшін, отбасыңды түзеуіміз керек.
13:00 Әйел адамның мәртебесі биік болған.
14:35 Келін- келіннің мектебінен өту керек.
15:26 Батыр деп келінді айтар едім.
24:00 Алғаш әйеліме махаббат болмады.
24:59 Мен күйеу болуға дайын емеспін. Ата-анамның қалауымен үйлендім.
26:15 Бір жылда Қазақстанда 400әйел зорлық-зомбылықтан қайтыс болады.
33:22 Баланы емес, өзіңді тәрбиеле.
34:31 Еламан: Мен өте балажанмын.
34:59 Еламан: Мен үйленуге дайынмын!
37:00 Үйленген кезде алғашқы үш жыл ол сынақпен өтеді.
37:50 Қыздар өз құқығын өздері қорғап жатыр.
38:30 Зорлық-зомбылық неден шығып жатыр?
39:00 Ұлға жоқшылықты көрсету керек. Ақша ұстатпау керек.
59:40 Оқу, білім әр адамды көп нәрседен сақтайды.
01:07:11 "Менің атым Қызболсын" киносындағы образ!
01:07:45 Мен кинода абьюзермін. Әйелімді ұрып-соғамын.
01:09:35 "Менің атым Қызболсын" фильміне анонс!
01:10:30 Көше көрмеген қыз ал!
01:11:19 Сүйіп тұрса, ажырасқан келіншекке үйлене аьамын. Ата-ана қарсы болмауы керек.
01:16:20 Өз сөзіңе ісіңе сенімді болу керек.
01:16:45 Сериалдағы Ақбота екеуіңнің арасында химия болды ма?
01:17:40 Ақбота екеуміздің достық махаббатымыз ашылды.
01:18:17 Өмірдегі қызым мен кинодағы қызымды танястырдым.
01:19:10 Саналы ұрпақ тәрбиеьеу үшін не керек?
#әке #қарымқатынас #әкеменбала #психология #әкетанымалдығы #интервью #подкаст #қазақшаподкаст #әкетәрбиесі #әкегеқұрмет #қазақитәрбие #сұхбат #анаменұл #ұлтәрбиесі #отбасы

Пікірлер: 10
@user-no8ps9ls9z
@user-no8ps9ls9z 8 күн бұрын
Өте керемет падкаст болды Бауыржан мен Нурсултан агаларымыз оте керемет акыл-кенестеримен болисип когамдагы оте манызды такырыпты козгап онын шешимин табуга атсалысып жигиттерге мыкты мотивация и омирлик бастан кешкен окигалары аркылы мыкты лайфкактармен акыл-кенестермен болисти ж/е жана Казакстаннын жаксы ер азаматтары тусиниги мол терен боларына сенемиз!!!!🤝👏👏👏
@user-ze8gn8hs7d
@user-ze8gn8hs7d 8 күн бұрын
Қазіргі уақытта нағыз керек тақырып қозғалды, өте қуаныштымын!
@user-gh5kv2gt1w
@user-gh5kv2gt1w 9 күн бұрын
Қазіргі менің ішкі эмоциямды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес👏. Неужели көзқарас өзгеріп жатыр, неужели осы тақырыпты осылай кеңінен талдайтын ЕРКЕКТЕР шығып жатыр, кино түсіріліп жатыр🎉 мен қатты қуаныштымын. Подкасттан өте көп инсайт алдым, бірден күйеуіммен бөлістім, 3 қарындасы бар сол 3 қызға көп көңіл бөл, гүл көп алып бер маған алып бермесең де, киноға апар, жағдайларын сұрап тұр, көп сөйлес, жақын бол, қорған бол деп айттым) күйеуім бірден дұрыс айтасың деп риза боп қалды😁. Негізі қыз бала әкесі мен ағасынан көреді жігіттің моделін, егер әкесі мен ағасы қызға гүл сыйлап, еркелетіп, жылы сөздер аямай, алақанда аялап, ақшаны сұра пай берім отырса, абьюзер жігіттерге олар өздерін лайық көрмейтін болады, ағам сияқты болу керек жігіттер деп ойлайды деп едім, күйеуім менімен келісіп солай жасаймын деді қарындастарына. Сіздердің түсініктеріңізге риза болдым! Бауыржан Сатов сырт көзге бұрын мен еркекпін қатын орныңды біл дейтін жігіттердің қатарынан сияқты көрінуші еді. Осы подкасттан кейін ойым 180%қа өзгерді👍🏻. Алла разы болсын сіздерге❤ өзім әкеден де ағадан да күйеуден де қорлық-зорлық көрмегем😁 осы тақырыпты көтеріп бастасам әйел бір саты төмен тұру керек, еркекті кухняға араластырмау керек деп айтатын әйелдер қауымына қарасам олар көбіне әкеден ағадан күйеуден тек қаталдық көргендер екен. Сондағы менің түйінім: еркектен қорқып емес, махаббатта тойып өскен қыздар осы тақырыпта еркін ойын айта алады, өздеріне еркек тараптан құрметсіздікке шыдамайды! Ал, қорқып өскен қыздар керісінше ойын еркін айта алмайды, еркектікі дұрыс болмаса да дұрыс деген ұстанымда болатын сияқты. Осы ұстанымды құртсақ екен, қыздарымыз наконец өздерін бағаласа екен деймін. Жігіттеріміз де қыздардың бағасын білсе екен! Менің күйеуім де намыстанады маған үй шаруасына көмектескенге, ешкімге көрсетпей көмектеседі. Бірақ маған маңызды емес елдің көргені, маған маңыздысы менің күйеуім мен үшін, менің көңілім үшін, мені қуанту үшін, маған жаны ашып жасайтыны маңызды. Сол үшін де мен күйеуімді қатты жақсы көремін, ата-анасына көп жақсылық жасағым келеді, күйеуімді қуантқым келіп, авторитетін көтергім кеп тұрады. Себебі, ол бірінші мені қуантқысы келеді. Мен оны екі есе қуантқым келеді. Қорықанымнан или еркек 1 саты жоғары деген оймен жасамаймын. Шын махаббатпен әр бір жақсыоығын бағалап қайтарғым келеді❤
@aiszhan9990
@aiszhan9990 12 күн бұрын
Керемет подкаст👏🏻👏🏻👏🏻Рахмет) Бүгінде қынжылтатыны қашан қазақ халқы бұндай қыз баласын, әйелді сыйламаған қоғамға айналып кеткенбіз, қызды сыйламаған қоғам құрдымға кетеді деп ойлаймын
@user-qo2gt1oj4q
@user-qo2gt1oj4q 8 күн бұрын
Күшті молодцы. Тыңдаса екен еркектер
@user-vz6lt2qh4m
@user-vz6lt2qh4m 6 күн бұрын
Тындап жатырмыз амал жасаймыз естіп көргенімізге иншаАллаһ😢❤
@user-ne1dt1hv6k
@user-ne1dt1hv6k 13 күн бұрын
Не қаралып аз. Тақырып өте өзекті
@Bolbekruslan2000ww
@Bolbekruslan2000ww 15 күн бұрын
❤😂
@RaushanMussaeva
@RaushanMussaeva 8 күн бұрын
Ма мен Еламанды қырғыз деп жүрмін
@user-tz5gr5vo1x
@user-tz5gr5vo1x 10 күн бұрын
Ассалом алейкум казак туугандар, бул подкаста аял ала Элеманга эки акеси акыл уйроткондой болуп калыптыр, конокторго Узун суроону Берип , кайра ОЗУ Жооп Берип отурганы жакпады интервьюер, Таукел Муслим майын чыгара кыска суроо Берип, конокту уга билип и ыйлаганга чейин жеткире алып барсы, Верните Тауекел Муслима
Surprise Gifts #couplegoals
00:21
Jay & Sharon
Рет қаралды 31 МЛН
Роман Бевзенко без цензуры
1:11:21
Nadmitov Legal
Рет қаралды 2,4 М.
Альберт Сафин - как разрешить себе жить?
3:34:09
Surprise Gifts #couplegoals
00:21
Jay & Sharon
Рет қаралды 31 МЛН