Көп кітап оқу үшін көп уақыт қажет емес! / Kitapal podcast #3

  Рет қаралды 61,102

Kitapal

Kitapal

Күн бұрын

Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов кітапты қалай оқу керектігі жайлы сұхбаттасады. Кітаптан қалай барынша пайда алып оқу, жылдам оқу, оқыған кітапты есте сақтап қалу т.б. сұрақтарға кеңінен тоқталды.
Тайм-код:
00:00 Аңдатпа
00:33 Кіріспе
03:00 Кітапты қалай дұрыс оқуды білесіз бе?
03:47 Бір мезгілде бірнеше кітап оқыған өте пайдалы
05:50 Күніңнің алғашқы үш сағатын неге арнасаң сол үшін қызмет етесің!
06:50 Кітап оқымасаң, өмір де сүре алмайсың!
08:15 Таңертең желание жоқ
11:00 Энергия уақыттан маңызды ма?
12:00 Көп кітап оқу үшін көп уақыт қажет емес!
14:14 Әдет туралы пікір қайшылығы
20:20 Кітаппен ұйықтасаң қонымды бола ма?
21:21 Ойға құрт түссе...
22:35 Ғұмырымыз өте қысқа - оқу керек кітап өте көп!
22:40 Ақшаны ақтаймын деп аяғына дейін оқыма!
24:30 Жылдам оқы
28:55 Үйретілген шарасыздық
32:25 Мықты болсаң оқымай адам бол!
33:30 Бояп оқу
36:30 Автормен сұқбаттасып оқы!
38:10 Аян
38:50 Бояйтын және боямайтын кітап
40:55 Пайдасыз кітап болмайды!
44:40 Қолын жұлған сарбаз
47:00 Стикермен оқу өнері
50:15 Қорытынды
Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: cutt.ly/r3WbFLA
Daniyar: / dzhigitbek
Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
Шразаддин Каниязов / shrazadddin
Kitapal instagram: / kitapal.kz
Telegram: t.me/kitapall
TikTok: / kitapal_house
#kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

Пікірлер: 541
@kitapal
@kitapal Жыл бұрын
Келесі подкасттың тақырыбы: КІТАП ОҚУ МА ӘЛДЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕ? Подкастта айтылған кітаптардың тізімін комментке жазып кетіңіз📚 Достар, каналымызға жазылып қойыңыздар. Осы видеоны бөлісіп жіберейік. Апта сайын сіздерді жаңа подкастпен қуантып отырамыз. www.youtube.com/@kitapal
@imschaloon9696
@imschaloon9696 Жыл бұрын
Сәлеметсіздерме, қалайсыздар? Керемет подкаст ❤️❤️❤️❤️. Бірақ басқа да адамдарды көрсек
@Altyn_Orda_Shagatai_Ulysy
@Altyn_Orda_Shagatai_Ulysy Жыл бұрын
Ассаламу’алайкум. *Негізінде осы “Менделеев кестесі”* деген орыстық енгізген пропагандасын айтуды тоқтату керек. Батыс елдерінің бәрінде тек Химиялық кесте дейді. Өйткені бұл кестені Менделеев жинаған жоқ, бұл жылдар бойы көптеген ғалымдардың еңбегі. Менделеевтің өзі қатты қарсы болған.
@basqadam1850
@basqadam1850 Жыл бұрын
Как общаться с ребенком Мәскеу түбіндегі шайқас. Бауыржан Момышұлы
@user-hu9bs9zr6k
@user-hu9bs9zr6k 11 ай бұрын
Қалай жазылуға болады екен?
@Balgin
@Balgin 6 ай бұрын
Ё
@zhanserikkens696
@zhanserikkens696 Жыл бұрын
Халықтың көзін ашпайынша тоқтамаңдар жігіттер✊ 3 ші рет керемет подкаст көрдім!😊
@user-bw6ec9pj6o
@user-bw6ec9pj6o Жыл бұрын
Мен 10-11 сыныптарда “Абай жолының “ 1-томын оқып бітіргенмін.Сол түні түсімде бір бөлмеде 5 ақын-жазушылардың портреттері ілініп тұр екен.Солардың дәл ортасында Ш.Құдайбердіұлы портреті.Жанына жақындағанда портрет тіріліп, Шәкәрім:” қолыңды жай “деп батасын берді. Кейін Абай университетіне грантқа түсіп,жатақханаға орналастым. Жатақханадағы оқырман бөлмесіне кірсем түсімдегі сол портреттер,арасында Шәкәрім портреті бар екен. Дипломымның тақырыбы да сол Шәкәрім шығармашылығы болды.Осындай кітаппен, түспен қызықты сиқыр ,тылсым болды
@Akzhan09
@Akzhan09 Жыл бұрын
Кітап оқу үшін кеңестер 1)Жылдам тез оқу іштей, дауыстап не өзімізге естілетіндей емес. Алайда баяу, ойланып оқылатын жерлерде асықпай оқимыз 2)Автормен сұхбаттасып жатқандай оқу, басты кейіпкердің орнына өзіңізді қойып көру. 3)Маңызды ақпараттарды маркермен сызып қою не стикер жабыстыру. Стикердің түстеріне сай ақпараттарды таңдау. Жасыл-амал етілуі керек, қызыл-қызықты дерек, сары-ойландыратын және т.б 4)Кітапты бос уақытта емес, арнайы уақыт бөліп оқу 5)Фокус(зейін) басқа нарселерге аударылғанша оқу. Осыны есептеп көру. Сол уақыттан асқанда қызығушылықпен энергия азайғандықтан қалған беттерден пайда ала алмайсыз. 6)Бір мезгілде бірнеше кітап оқыған пайдалы. Жан жақты даму. 7)Кітап оқитын аралықта үзіліс жасау. 8)Кітапты аяқтағанда қорытындылау. Қорытынды жазу.
@Bayashat2002
@Bayashat2002 7 ай бұрын
Елімізде осындай жоба болып жатқаны адамды қуантады. Өте керемет, алға баса беріңдер. Халықтың көзін ашып жатсыңдар!
@qasymbekbekbolat5711
@qasymbekbekbolat5711 Жыл бұрын
*Стикерлер мағынасы* 🟥🟦🟩🟨 *Қызыл (Ақуыздар)* - Лайфхактар, өмірге қажетті ескертпелер; *Қызғылтсары (Көмірсулар)* - Мотивация, қанатты сөздер; *Сары (Нутриенттер)* - кітаптағы еске сақтау қажет сәттер; *Жасыл (Дәрумендер)* - Анекдоттар, күлкілі жәйттер, әдемі сөздер; *Көк (Жасұнық пен су)* - Сілтемелер, сандар, деректер және қалғаны. Ақпарат - *Марғұлан Сейсембай* мырзаның лайфхактарынан! *Лайфхак пайдаларыңызға жарасын* және *Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық!* 🔥🔥🔥
@korkemaldamurat9983
@korkemaldamurat9983 Жыл бұрын
Маргулан Сейсенбайдын интервьюынан алынган акпарат па или китабынан ба?
@Oqyclub
@Oqyclub Жыл бұрын
@@korkemaldamurat9983 ютуб каналынан кітап туралы шығарылымы бар арнайы
@140-all6
@140-all6 Жыл бұрын
Адамды адам еткен кітап,адамзат еткен кітапхана демекші кітап оқиық даму үстінде болайық.
@user-wc9qw9tm7s
@user-wc9qw9tm7s Жыл бұрын
​@@korkemaldamurat9983 видеосы бар. Орыс тілінде KZbin-та "Как читать книгу, Маргулан Сейсембаев" деп жазсаңыз шығады.
@karlasgyhx
@karlasgyhx 11 ай бұрын
негізі бұл марғұлан сейсенбайдың емес бұрыннан бері келе жаткан лайфхаккой😂
@sweet_art______
@sweet_art______ Жыл бұрын
Мүлде кітап оқымаған адаммын. Подкасттарыңызды тыңдап, бүгін барып 2 кітап сатып алдым🥰 Енді Алла қаласа сіздердің кеңестеріңіз бойынша оқуды бастаймын!
@tolikkz6920
@tolikkz6920 Жыл бұрын
Кандай китаптар?
@janbolatarslan6210
@janbolatarslan6210 Ай бұрын
Оқып жүрмісіз қазір
@gasrean_ZhAG
@gasrean_ZhAG Жыл бұрын
Кітап оқу өте маңызды 📚 Бұл сөздік қорды көбейтуге, айналаңдағы мәселеге бір жақты емес, әртүрлі көзқараспен қарап, шешімін оңай табуға жол ашады. 💫 📖Мен кітапты ұнатып , қызығып оқимын. Өзім студентпін , әр шәкіртақыма ай сайын 1 кітаптан алуды шарт етіп қойдым. Қазір жұмыс жасаймын айлық алғасын 2-3 кітап бірден аламын.😅 Мен бұл кітаптарды қызыққаннан бір күнде оқып тауыса алмаймын, күнбе күн яғни тұрақты оқып жүргенім де жоқ. 😮Бірақ осы подкастты көріп арнайы уақыт бөлуді әдетке айналдырғалы отырмын.❤ 🙂Мен кітапты қажеттілік кезінде оқимын. 😍М/лы : Кемел адамды Қаржылық жағынан мәселе туындаса "қаржылық сауаттылыққа"⚖💰 байланысты жерлерін, Уақыт жағынан үлгермей жүрсем " тайм менеджмент " ⏱ байланысты жерлерін оқып, кітаптағыны шынайы өміріме енгіземін. Осы кітапты оқып жүріп қымбат су құйып алып жүретін ыдыс сатып алдым🌞 , қазір күнбе күн қолданамын, өзіммен алып жүремін.🪔 Осылайша Оқып қана емес , іс жүзінде пайдаланғаннан рақат алам. 😍 🌟🌟🌟Меннен сіздерге лайфках болсын Оқығыңыз келетін кітапты шкаф ішіне емес, жиі көзге көрінетін жерге қойыңыз, қасына суы бар ыдысты. Бара бара сіз уақытылы ағзаға пайдалы су ішіп ,онымен қоса кітап оқуды да әдетке айналдырасыз. 😊❤ Бұл деген балды біздің үйде ешкім жемейді емес, оны дастарқанға қоймайды деген сөзбен байланыстырар едім . Менің ойымды соңына дейін оқып шықсаңыз, алғысым шексіз, сіз кереметсіз🎉❤ Менің атымнан сізге 👍💚💫😘
@zhakosh_0810
@zhakosh_0810 3 ай бұрын
Керемет👏👏 Сөздік қорыңыз өте жақсы екен👏👏🔥🔥👍👍 Өте жақсы, мағыналы, нақтысын айттыныз👍
@dinaalibek5018
@dinaalibek5018 Жыл бұрын
27:25 минуттағы тақырып бойынша. Мен кітап оқығанда міндетті түрде дауыстап оқимын және ол менің жылдам оқуыма еш кедергісі жоқ. Ал, плюстары өте көп, сөйлеген кезде анық сөйлеймін, әрбір әріпті анық шығарып. Информация өте жақсы қонады. Өйткені, көзің оқып тұр, құлақ естіп тұр, тіл қозғалу арқылы жан-жақты информация алынады. Күшті бір лайфхак десем болатын шығар, дауыстап оқығанда мүлдем ұйқың келмейді. Бір оқығанда отырып 100 бетке дейін оқып тастайсың. Арасында болады іштей, көзбен кітап оқып отырып көз алдында әріптер ұша бастайды, ұйқың келе бастағанда сразу отырсам тұрып немесе жатсам отырып, қайтадан дауыстап оқи бастаймын. Жақсы көмектеседі. Мен бұрын орысша енді қате сөйлейтінмін. Сол орысша кітаптар, орысша посттар оқу арқылы қазір таза, акцентсіз, әрі ойымды ашық жеткізе алатын болдым. Егер мен тек көзбен оқығанда, мүмкін ондай нәтижелер болмас па еді?! Бастысы керек кітапты түсініп оқу, барлық кітапты оқып алып, өмірде қолданбасаң, бос зая кетіру деп ойлаймын.
@bauyrjanqusayin
@bauyrjanqusayin 10 ай бұрын
Дұрыс жаздыңыз. Дауыстап оқу мен үшін дауысты анық шығуы үшін өте тиімді. Әр әріп анық шығады
@iamamericaa
@iamamericaa 9 ай бұрын
Неге екенін білмеймін мен дауыстап оқысам не оқып жатқаным есімнен шығып, ойым бөлініп кетеді. Даусымды сәл ғана шығарып я болмаса іштей оқысам оқығаным қонымды болады.
@dinaalibek5018
@dinaalibek5018 9 ай бұрын
@@iamamericaa Алланың құдіреті ғой, әрқайсысымыз әртүрліміз, ерекшеміз 👍🏻👍🏻👍🏻
@user-iz7bm6vt5w
@user-iz7bm6vt5w Жыл бұрын
Алдыңғы подкасттарды тыңдап 1 күнде “время деньги» ді оқып бітірдім Шабыт сыйлағандарыңа рақмет🫶
@user-sf7wf9mf5y
@user-sf7wf9mf5y Жыл бұрын
Сәлеметсіз бе, неше беттік кітабын оқыдыңыз? Мен филип кз көрдім, екі түрі тұр, қайсын таңдарын білмей тұрм
@user-ef5bl3eo6d
@user-ef5bl3eo6d Жыл бұрын
сауатты адамдарды тыңдаған қандай күшті Kitapal подкаст үшін рақмет❤
@user-ms8zx5jj3q
@user-ms8zx5jj3q Жыл бұрын
Кітап оқып біткеннен кейін талдау жасаудың пайдасы көп. Ол кітапты тереңірек түсінуге және есте жақсы сақталуын арттырады. Талдауды қалай жүргіземіз? Біріншіден кітаптың идеясын, мақсатын, айтпақ ойын анықтап алу керек. “Бұл кітап маған не айтпақшы?” деген сұраққа нақты жауап болу керек. Кейіпкерлерге талдау жасаудың да артықшылығы көп. Себебі кітаптағы кейіпкерлер өмірдегі адамдарға қарап жасалынады. Тағы бір кеңесім- бір кітапты жақын адамыңызбен бөлісіп оқыған тіпті керемет. Кітаптан ұққаныңыз, көзқарастарыңыз жайлы әңгіме-дүкен құрып отырсаңыздар, кітап оқу қызығырақ әрі тереңірек түсінікті бола түседі.
@user-eb9zk5pp8u
@user-eb9zk5pp8u Жыл бұрын
Рахмет коп коп тусындым мен
@user-tk8gu3ny2b
@user-tk8gu3ny2b Жыл бұрын
Абай жолы
@user-if3wi9ds4c
@user-if3wi9ds4c Жыл бұрын
Және де американдық кинодағы сияқты оқырмандар арасындағы кітапты талқылау клубы болса, сол кезде қызықтырақ болады.
@nurtasinirbaev7992
@nurtasinirbaev7992 Жыл бұрын
Менің өмірімдегі ең бірінші тыңдаған подкасттарым осы Kitapal арнасының шығарылымынан болды! Бұл подкасттардан жалпы не алғанымды қысқаша айта кетейін. Біріншіден, Кітаптің адам өміріндегі атқаратын рөлі мен маңызын түсіндім. Екіншіден, кітапқа деген шабыт пен махаббатымды ашты. Үшіншіден, менде осы үш ағамыз Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязовқа еліктеу сезімі пайда болды. Айта берсем бұданда басқа пайдалары жетерлік. Ағаларымызға сөз жоқ, Алла разы болсын, күш-қуат берсін! Kitapal ұйымына да мың алғыс айтамын! Осындай жақсы жоба бастап жатқанына. Әрдәйім қолдауға дайынбыз және кеңес береміз! Өзімде таңғалып отырмын, осыған дейін бірде бір кітап оқымасамда осындай сөздерді қалай жазып жатырмын деп. Себебі мұның бәрі шын жүректен шығып жатқан сөздер!
@user-xo6nr2yu9y
@user-xo6nr2yu9y Жыл бұрын
Бір қарасаң 10-5 мин көргендей болсың видеоны , негізінде 1 сағат өтіп кеткен . Яғни сіздердің паткастарыңыз өте қызықты болып жатқанынан уақытта тез өтіп жатыр ! 👍👍👍
@tolganaiseitkazy-sv9yp
@tolganaiseitkazy-sv9yp Жыл бұрын
Сіздердің алға қойған мақсаттарыңыз маған қатты ұнайды💝 ""Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру " бұл ниеттеріңіз қабыл болсын 🥰 алдағы уақытта пайдалы білім, ақпарат аламыз деген ойдамын!
@ShOn.767
@ShOn.767 Жыл бұрын
жалғастыра беріңдер жігіттер👍✊
@twonpie1086
@twonpie1086 Жыл бұрын
Қосыламын!👏
@akerkeyessenbekova8187
@akerkeyessenbekova8187 Жыл бұрын
"ұнамаған кітапты соңына дейін оқуға міндетті емессің" дегенді үйрене алмай-ақ қойдым😟 тастап, басқа кітапқа көшсем, өзімді бір жаман сезінем.
@azamatorynbasar6659
@azamatorynbasar6659 Жыл бұрын
Мүмкін олда дурыс шығар бул деген сіз әр нәрсені аяғына дейін жеткізетін мақсатына жетпей тынбайтын адам екеніңізді көрсетеді
@svnzhvr_
@svnzhvr_ Жыл бұрын
менде сондай адам едім. бірақ “Оқы да байы” кітабын аяқтай алмадым, 2-3 күн аяқтауға тырыстым, бірақ бір күні ол кітапты досыма сыйлап, құтылдым
@korkemaldamurat9983
@korkemaldamurat9983 Жыл бұрын
европейская литератураны казакшага аударганда биздин тилге,миымызга дат создер коп кездеседи сол ушин синтездеу процессы киынырак болады жане китап кызыксыздау болып келеды.Мысалы маган Дейл Карнеги Адамдарга ыкпал ету онери деген китап ауырлау жане кызыксыз болып келди)
@user-ec9ld2pw7p
@user-ec9ld2pw7p 8 ай бұрын
Ассалаумағалайкум. Жұмыста жүріп үш подкаст тыңдап тастадым жұмысым сварщик. Енді үйге жеткен ше кітап оқыған ша асығудамын. Сіздерге рахмет.
@gulinachukotaeva6320
@gulinachukotaeva6320 2 ай бұрын
Сонун Кыргызстандандан коруп жатам. Ишиниздерге ийгилик , Терен ыраазычылык
@bekzhanmukhitov
@bekzhanmukhitov Жыл бұрын
1. Бірнеше кітапты қатар оқимын (жалығу сезімі болмау үшін); 2. Оқуды бастаудан бұрын өзіме шарт қоямын (қанша бет оқимын немесе қанша минут оқимын); 3. Кітапта өз өміріме енгізу керек деген ақпаратты конспект ретінде жазып алу.
@Erdaulett
@Erdaulett Жыл бұрын
Сіздерге риза болдым қазақстандағы мұндай бағыттағы подкаст бірінші көруім. Сіздерге рахмет жігіттер, сіздердің подкастарыңызды жақындарыма көрсетіп, бөлісіп отырамын. Сіздер бұл бағыттағы номер 1 подкаст деп айтқым келеді
@user-jn8yo4tb8f
@user-jn8yo4tb8f 7 ай бұрын
Мәә саған дұрыс айтасыз 15- 20 минуттан соң жақпай қалады👍
@yernat31
@yernat31 Жыл бұрын
Подкаст өте керемет! Көптеген ақпаратттар мен әсерге толы екен! Енді подкаст соңында айтқандай мен өзім кітапты қалай және қандай жанрларда оқитынымды айта кетсем... Мен кітапты яғни маған ауадай керек деп санайтын кітаптарды үш түрге бөліп қараймын. Олар: классика, дәрі кітап және міндетті түрде рухани кітап болуы керек. Сонымен қатар осы жанрдағы кітаптарды бір күнде оқуға пландаймын. Яғни күніне үш кітап , тұрақты турде жеке жеке 15 беттен. Сосын айтарым негізгі менің кітап оқу уақытым таңғы уақыт болғандықтан мен ол кезде дәрі кітаппен рухани кітапты оқимын. Себебі таңғы уақытта адамның миы энергияға толы және шабыты да жақсы болып тұрған кезде неғұрлым адам өзіне ақпарат алу керек кітаптарды оқу керек деп ойлаймын. Сол кезде ол кітаптардан алған ақпараттың өзіңе барынша сіңу ықтималдылығы жоғары. Ал әдеби түрдегі кітапқа келетін болсақ мен оны тұрақты түрде түскі ас кездерінде оқимын. Себебі адамның миы осы уақыттарда көп жұмыс жасап тұрып жалығу процессі бастала беретін кезде мен оны лезде тоқтатып яғни энергиямды одан әрі арттырып , қуат алу үшін әдеби кітапты асқан шабытпен оқимын. Яғни әдеби кітап маған осы кезде күш беретін сияқты. Сөйтіп мен бір күндік кітап оқу мақсатыма жетемін. Аз аздан үздіксіз. Коммент соңында сіздерге айтарым , тек алға , подкасттарыңыз әр қазақтың тыңдайтын бестподкастына айналсын!!!
@lisag8052
@lisag8052 Жыл бұрын
Тек бизнес, психология, нон фикшн әдебиеттен бөлек, көркем әдеби шығармаларға да арналған подкасттар болса жақсы болар еді: - Абайды қалай оқу керек (Омар Жәлелұлы ағамызды қонақ ретінде көрсек керемет болар еді) - Қазақ мифологиясы - Қазақ әдебиетіндегі әйелдің образы - Актуалды және ескірген әдебиеттер - Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті сияқты тақырыптар болса жақсы болар еді. Рахмет
@akerkezhumabek8132
@akerkezhumabek8132 Жыл бұрын
Сіздерді бір көргеннен ойыма қазақтың үш биі есімі түсті өте керемет іс бастадыңыздар рахмет үлкен .Жұмыстарыныз жемісті болсын
@nurbolamankul3189
@nurbolamankul3189 Жыл бұрын
Мен кітап сатып аларда 3 кітапты бірге аламын.1 ғылыми,ауыр кітап,2-еуі оңай кітап (көркем әдебиет) .Ғылыми кітапқа арнай уақыт арнап қойам.Ол кітап ғылмый болғасын қиын болады түсініксіздеу,энергия жеткеше оқыймын.Осылай ғылыми кітапты 1 ай көлемінде оқыймын.Ол аралықта 1 ғылыми кітап адамды жалықтырып жібереді.Сол себепті ғылыми кітап оқып жүріп көркем әдебитті қоса оқимын .Сонда 1 айда 3 кітап оқылады.
@user-eg4ee3ft2u
@user-eg4ee3ft2u Жыл бұрын
50:15 мен кітапты 2 бағыт бойынша араластырып оқығанды ыңғай көремін. Керек болады ау деген жерлерін маркермен бояп қоямын немесе сол бетті стикермен белгілеп кетемін. Кейде қайта ашып сол жерлерді оқып аламын. Батсапқыда қиын болатын, содан кейін кесте құрып “күніне 10 бет кітап оқу” деп қойдым, содан кейін әдет болып кетті. Подкастта да айтылған, ми расымен галочка қоюға асығып тұрады) және кітапты болғаннан кейін анализ ретінде қорытпа ой жазамын.
@Alima.y
@Alima.y Жыл бұрын
Мықты мықты🙌🔥
@Safiaaaa_7
@Safiaaaa_7 11 ай бұрын
Айтарға сөзім жоқ. Кітап оқудағы барлық лайфхактарды алып, кітап оқуға деген талпынысым ашылды. 😻👍🏻👍🏻👍🏻
@salimbaikuanyw-dv8te
@salimbaikuanyw-dv8te Жыл бұрын
Кушты керемет
@user-qy5xv7jo9k
@user-qy5xv7jo9k Жыл бұрын
Кітап оқығанды өте жақсы көретінмін. Бірақ кәзір үйде 3 кітап тұр, сатып алдым, но оқуға желание жоқ, шыдамым жетпейтіндей, даже сериал көре алмайтын болғанмын, но аудиокниганы тыңдағанды жақсы көремін, қосып қойып тірлікті істей бересің. 1,2,3 подкастты тыңдап кітап оқуды қайта қолға алдым ❤️ рахмееет ❤
@user-ip7iz9rm7k
@user-ip7iz9rm7k Жыл бұрын
подкаст супер
@user-qq8ks5ci4i
@user-qq8ks5ci4i Жыл бұрын
Рахмет!!👍👍👍
@_gunnies
@_gunnies Жыл бұрын
Алла разы болсын!
@user-bw6xu9bc4s
@user-bw6xu9bc4s Жыл бұрын
Саттилик жигиттер
@oryngaliizmukhanov134
@oryngaliizmukhanov134 Жыл бұрын
Алла разы болсын 👍🏼👍🏼
@laura_orynbaeva
@laura_orynbaeva Жыл бұрын
Керемет!!!!
@qurannury2615
@qurannury2615 Жыл бұрын
Керемет подкаст 👏🏻😍
@user-vp5fm4yc1f
@user-vp5fm4yc1f Жыл бұрын
керемет! дами беріңіздер
@birganym-nc6sj
@birganym-nc6sj Жыл бұрын
😍😍топ подкаст
@zhaniyasailau9513
@zhaniyasailau9513 Жыл бұрын
Урааа наконец то🥳🥳🥳
@dosymzhanaubakir5829
@dosymzhanaubakir5829 Жыл бұрын
Super👍🏽
@mirazhanaidarkizi4395
@mirazhanaidarkizi4395 Жыл бұрын
Алла разы болсын
@qurannury2615
@qurannury2615 Жыл бұрын
Алла разы болсын 😍
@ayazhanascarova7908
@ayazhanascarova7908 Жыл бұрын
Әдеттегідей тағы да пайдалы подкаст,дами беріңіздер🎉🙌🏻
@user-ve2dc9vo1c
@user-ve2dc9vo1c Жыл бұрын
Дами беріңіздер
@klaraakhmetova3298
@klaraakhmetova3298 Жыл бұрын
Жарайсыздар!
@asselberdigani4602
@asselberdigani4602 Жыл бұрын
Керемет❤
@beksultan2015
@beksultan2015 Жыл бұрын
Дами беріңіздер!!!!
@yelanabekturgan9581
@yelanabekturgan9581 Жыл бұрын
Өте мықты подкаст болды! 👍🏻
@aizerekenekhan6450
@aizerekenekhan6450 Жыл бұрын
Рахмет жігіттер
@user-qe1ol1jr3c
@user-qe1ol1jr3c Жыл бұрын
Керемет подкаст✨👍
@shugyla1787
@shugyla1787 Жыл бұрын
Пайдалы подкаст үшін рахмет!
@user-pm2nt9mj7g
@user-pm2nt9mj7g Жыл бұрын
Керемет жігіттер✊
@user-hy9pf1zx4j
@user-hy9pf1zx4j Жыл бұрын
Өте керемет👍
@user-om2bh4nf4u
@user-om2bh4nf4u Жыл бұрын
Аллаһ ниеттеріңізге жеткізсін!
@kinoprobystruna7727
@kinoprobystruna7727 Жыл бұрын
Керемет
@aishaxadisha
@aishaxadisha Жыл бұрын
кушти керемет
@user-pv2on6ld5h
@user-pv2on6ld5h Жыл бұрын
пайдалы контент үшін рахмет
@user-ou1uo9wg3u
@user-ou1uo9wg3u Жыл бұрын
Алға, жігіттер!
@nazerkebegdildayeva6479
@nazerkebegdildayeva6479 Жыл бұрын
Керемет 🔝👏
@rakhatsati
@rakhatsati Жыл бұрын
Керемет токтаманыздар
@user-wx7sh6xp9d
@user-wx7sh6xp9d Жыл бұрын
Әрбір подкастты асыға күтемін.Рахмет сіздерге!!👏
@user-vh7zb9xq6d
@user-vh7zb9xq6d Жыл бұрын
Енді, енді кітап оқып жүргендердің бірімін. Өзім кітап оқығанда саусақпен санауға келетін беттен кейін ойыма бір нәрсе келген кезде, бір нәрсені түсінген кезде, түйген кезде әрі қарай кітапты оқымастан. Мен, кітаппен сұхбаттасып отырамын. Бұл 1-2 сағатқа созылып жатады. Одан кейін жаңағы саусақпен санауға келетін беттен өзіме түртіп алатын дүниені жүйелеп алу үшін блокнотыма жазып отырамын. Бұған да шамамен 1 сағат уақыт кетеді. 1-2 айдан кейін кітаптың соңғы бетін аяқтаған соң блокнотта жазылған дүниелердің барлығын біріктіріп түсінгенімнен бір туынды жасап шығарамын. Кейде өмірдегі ситуацияға байланысты немесе ойға бір нәрсе оралған сәтте жаңағы оқыған кітабыма қайтадан бір шолу жасап шығамын. Аристотельдің кітаптарының әрқайсысын Әл-Фараби шамамен 100 реттен қайталап оқыған десе-ді. Содан Аристотелді түсіну үшін қазіргі дамыған кезіндегі Батыс елдері Әл-Фарабидің кітаптарына жүгінген екен. Ғалым болғыңыз келсе, елге пайдасы тиетін аға-әпке болғыңыз келсе: Көп кітап оқу қажет емес. Бір кітапты көөөп оқу қажет дейді...
@yakamozumi
@yakamozumi Жыл бұрын
Керемет 😍😍😍
@ForestGampevvev
@ForestGampevvev Жыл бұрын
Сіздерге көп рахмет!
@Shakherezada_k
@Shakherezada_k Жыл бұрын
Ең пайдалы подкаст😍👍
@erkezhaaaan
@erkezhaaaan Жыл бұрын
Керемет подкаст!
@Ainabekov_Ablai
@Ainabekov_Ablai Жыл бұрын
Керемет подкаст
@Isatay_Izbasaruly
@Isatay_Izbasaruly 3 ай бұрын
Дами беріңдер! Дами берейік!
@medetrysbaev1968
@medetrysbaev1968 Жыл бұрын
Керемет ! Жалғасын күтеміз👏
@kyskanyska
@kyskanyska Жыл бұрын
Тек қана алға
@samalbaidulla5
@samalbaidulla5 Жыл бұрын
Пайдалы контент үшін үлкен рахмет 😍🥰 Шығармашылық табыстарға жете беріңіздер!
@user-gp6gr6zc8e
@user-gp6gr6zc8e Жыл бұрын
Керемет оте унады мыкты жигитдер
@akarysashimkhan4285
@akarysashimkhan4285 Жыл бұрын
Рахмет!
@kulyashzhumasheva9780
@kulyashzhumasheva9780 Жыл бұрын
Өте пайдалы!
@bergenesen2092
@bergenesen2092 Жыл бұрын
Керемет шығарылым👍👍👍
@elprofessor9592
@elprofessor9592 Жыл бұрын
Жарайсыздар, жалғастыра беріңіздер, тоқтамаңыздар! Керемет подкаст болды! Тағы да подкасттар күтеміз 🔥👍🙌
@user-ix9hq3fy5j
@user-ix9hq3fy5j Жыл бұрын
Машаллаһ,кұшты,рахмет,көп инсаиттар аитылды
@user-hw8oo7qc4j
@user-hw8oo7qc4j 2 ай бұрын
Подкаст топ.
@HappyHappiness-xj4oq
@HappyHappiness-xj4oq 5 ай бұрын
Күшті
@user-bw6xu9bc4s
@user-bw6xu9bc4s Жыл бұрын
Аман больньздар
@rahatmuratkyzy484
@rahatmuratkyzy484 Жыл бұрын
Алла сіздерге разы болсын🤲Білімдеріңіз тереңдей берсін📚
@user-qu2xv2bt9c
@user-qu2xv2bt9c Жыл бұрын
Рахмет! Подкаст тамаша. Маған ұнады
@user-be6yv7vg8f
@user-be6yv7vg8f Жыл бұрын
Алла разы болсын әмин
@saginishbekishov4275
@saginishbekishov4275 7 ай бұрын
Көп рақмет. Пайдалы кеңестер алдым өзім үшін
@togzhantoq
@togzhantoq Жыл бұрын
барлық жағдайды жасап жатырсыздар рахмет🎉
@islambek2712
@islambek2712 Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻 іске сәт!
@user-zz4tc2mu8x
@user-zz4tc2mu8x Жыл бұрын
Өте мықты рахмет сіздерге!!!
@aimannurgisa8595
@aimannurgisa8595 Жыл бұрын
Тоқтамаңыздар😍🙌🏼🙌🏼🙌🏼
@kinosmoldabekova5218
@kinosmoldabekova5218 Жыл бұрын
Қолдаймыз үлкен рахмет👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@user-xh9en6ng6b
@user-xh9en6ng6b Жыл бұрын
Рахмет
@user-xe7ce8tv8b
@user-xe7ce8tv8b Жыл бұрын
Жігіттер Алла разы болсын сіздерге. Тоқтамаңыздар
@user-fl2sz9zv4k
@user-fl2sz9zv4k Жыл бұрын
Ассаламуғалейкум, Алла разы болсын! Тамаша подкаст! Бір-бірімізді дамытайық✊
@user-tt9bx2jj8i
@user-tt9bx2jj8i Жыл бұрын
Мықты, жігіттер! Тоқтамаңдар! Әдемі өтіп жатыр! 👍
@meirambekturdybek-nx1dt
@meirambekturdybek-nx1dt Жыл бұрын
Кітапка деген желанияны катты ашып жатыр жыгыттер , Алга баса берындер 👍👍👍
@user-ve2dc9vo1c
@user-ve2dc9vo1c Жыл бұрын
Шразаддин Каниязов краш😍
@user-oo3nl1dc2c
@user-oo3nl1dc2c Жыл бұрын
Керемет! Дами беріңіздер, тоқтамаңыздар ,өте пайдалы болды 👍
@beksultan2015
@beksultan2015 Жыл бұрын
Маған қатты ұнадыыы
@nazar0vagulzhanka-id9ji
@nazar0vagulzhanka-id9ji Жыл бұрын
Керемееет подкаст болды. Тек алға, ағалар.
Good People Restore Faith in Humanity: A Heartwarming Act of Kindness on a Bus #shorts
00:32
Данияр ЖІГІТБЕК | Не үшін кітап оқу керек?
25:36
ЗЕЙІН оқырмандар клубы
Рет қаралды 18 М.