Айкерім Есенәлі: Суррогат ана, ажырасу, бала тәрбиесі

  Рет қаралды 251,716

Мамский әңгіме

Мамский әңгіме

Күн бұрын

Подкастың кезекті қонағы - танымал тележүргізуші, журналист Айкерім Есенәлі.Отызға келгенде өзінен 5 жас кіші жігітке тұрмысқа шығу, жүктілік, суррогат ана тақырыбы, күйеуімен ажырасу, қоғам қысымы, тұрмысқа шыға алмай қаламын деген үрей - осының барлығы сұқбат барысында айтылады. Айкерім алғаш рет дәл осы тақырыптар аясында ақтарылып отыр.
Подписывайтесь на наш канал - / @momskiy_angime
Дорогие мамы подкаста Mom’sкий әңгіме! Представляем Вам нашу первую линейку «Mom’sкий», в коллаборации с Arté - брендированный и оригинально оформленный органайзер-планер для мамочки, которая хочет всё успевать 😇
Только для Вас, по промокоду «Mom’sкий» будет Бонусный подарок 🎁
/ arte_kz
Мы сняли для вас подкаст на женские и мамские темы. Главная наша цель - делиться полезными мыслями и мотивировать вас.
Женский подкаст
Ведущая: Айнур Ильясова / Ainur Ilyassova
ainur_ilyasova?...
.
.
.
Гость: Айкерім Есенәлі / Aikerim Essenali
yessenali_a...
Редактор
Мадина Дәулетқызы
/ makeshi_
00:00 Тизер
00:48 Қонақпен таныстыру
02:50 Неліктен Айкерім өз өмірі туралы көп айта бермейді?
04:00 Әдия туралы
10:32 Өзіңді жақсы көру
11:59 Айкерім неліктен жүктілігін жасырды?
17:00 Неліктен Айкерімді жүкітілік кезінде поездан түсіріп тастады?
19:00 Жүктілік кезіндегі сезімдер
21:40 Айкерім жүктілікті қалай жасырды?
22:40 Босанудағы қиындықтар
27:00 Неліктен кесарь тілігін жасады?
30:00 Суррогат ана
32:00 Босанудан кейінгі күй
33:00 Әйелдер қолдауы
34:57 «Әнуарға рахмет»
38:20 Босанудан кейін қалыпқа келу
39:40 «Менің жасаған қателіктерімді қызым жасамасын»
42:32 «Бітті күйеуге тимеймін, маған ешкім қарамайды дедім»
47:10 Әр сәттің қадірін білу
48:09 Ажырасу
50:50 Әнуармен қазіргі қарым-қатынасы жайлы
55:25 Ана ракурсы
59:27 Гиперқамқорлық
01:02:00 Жеке өмір
01:03:40 Жаңа жобасы жайлы
01:06:00 Айкерімнен кеңес
Если вы хотите поддержать подкаст и сделать анонс выпуска на своих страничках, то весь материал (постеры и тизеры): t.me/momskiy_angime
#айкеримесенали ##aikerimessenali#айкеримесеналиподкаст#айкеримесеналимамский#айкеримесеналинтервью#мамавдекрете #айкеримесеналиразвод #отношениявбраке #отношения #отношениексебе #отношениямужжена #саморазвитие #самопознание #осознанность #просветление #дети #психологияотношений #Momsкийәңгіме #мамскийәңгіме #момскийәңгіме #momskiyangime #mamskiyangime #momskiiangime #mamskiiangime #мамскийангиме #момскийангиме #мамскийподкаст #женскийподкаст #момскийподкаст #momskiypodcast #mamskiypodcast #momskiypodkast #mamskiypodkast #AinurIlyasova #AinurIlyassova #AinuraIlyasova #AinuraIlyassova #АйнурИльясова #АйнураИльясова #Айнурведущая #Айнурподкаст #Айнур #семья #мать #дети #материнство #детство #family #moms #mom #подкаст #быт #счастливаямама #счастливаяжена #счастливаясемья #ана #отбасы #счастливаяженщина

Пікірлер: 683
@user-id9zd1bd5e
@user-id9zd1bd5e 11 ай бұрын
Айкерімнің болмысында, сондай терең ақыл, және даналық бар. Сырт көзге өте нәзік көрінгенімен, ішінде орасан күш қуаттың қайнар көзі бар. Жанары өте ойлы. Бақытты бол Айгерім! Адияның қызығын көре бер.
@uldanaymukhan614
@uldanaymukhan614 11 ай бұрын
Аллаға шүкір! Мен Астанада тумай, Шымкентке кеттім. Туған сон қарайтын адам болмады. Босанған соң Шымкентте енем мен абысыным мені әбден күтті. Алла разы болсвн. Абысыным бөлмеме тамақ тасыды, 40 күн бөлмеден шығармай күтті. Қиналған сәтте мені әйел ретінде түсінді❤
@nazyrajan
@nazyrajan 10 ай бұрын
Подкасты көріп отырып жылап алдым ❤ Әйелді әйелден артық кім түсіне алсын?.. Жүктілігін жасыруы - өз таңдауы, бңз неліктен ол таңдауға қарсы келуіміз керек? "Суррогат анамен босанды" деп қысым көрсетуі дұрыс емес болған оқырмандардың. Жаңа босанған әйелге ең керегі - жылы сөздер, қолдау емес пе?❤❤❤❤❤ Расымен де, адамнан адам шығу оңай емес. Прямом смысле "шашылып қаласың"😭 Жаңа босанған әйел "полный капитальный ремонтты" қажет етеді. Өмірге білдей бір адам әкелген анада проблема шаш етектен. Тісің түседі. Шашың ол уыстап түсіп жатады. Органдарың "салеймалейкум" болады. Қарның "ашыған қамыр" болып ол тұрады, артық салмақтан арылу оңайға түспейді. Киімдерің сыймай ол тұрады, жаңасын алайын десең "үйде отырсың ғой, киім не керек" дегенді естисің. Дәрумен, анализдерден бастап өзіңді ретке келтіру қаншама қаржы. Денсаулығыңды күтуге ешкім ақша бермейді. Сосын өзінің мына өмірде бар екеніңді ұмытып, баласы үшін өмір сүре бастайды көп ана. Өзім де сөйттім. Қай кезден бастап: "Балам ішсін", "Балам етсін", "Ой маған осы да болады" деп кеткеніңді де білмей қалыппын... Әдемі болып жүруді, жарасымды киінуді айтпағанда, ментальдық жағынан да, физикалық жағынан да сау болып жүру үлкен еңбек пен ресурсты талап етеді. Осындай кезде жақындардың қолдауы, көмегі аса маңызды ❤️ Біз де біреудің әлпештеген баласымыз ғой, сондықтан біз өзімізді-өзіміз қолға алуымыз керек 🙏 Өзімізге деген махаббат пен жанашырлықты ешқашан ұмыт қалдырмауымыз керек екен ❤️ Сосын әйелдер қауымына әйелдер тарапынан үлкен қолдау көрсете білейікші🙏 Әсіресе, жаңа босанған әйел қолдауға зәру ❤️
@nazyrajan
@nazyrajan 10 ай бұрын
Жып-жылы подкаст ❤
@user-ng9el2qb7z
@user-ng9el2qb7z 10 ай бұрын
Саламатсыздар ма.Айгерім ханымға рахмет.Өте шынайы сұхбат болды.Әсіресе ана мен бала арасындағы байданыстың мықты болуы үшін өзіме кереккті ой түйдім.Ажырасқаннан кейін қызына әкесін мақтан ететіндей дәрежеде бұрыңғы күйеуімен достық байланыс ұстау өте жақсы ңәрсе.Әйелдің жанын әйел түсінеді дегені өте орынды.Әйелдің жаны тыныш болса, әлем тыныш.😊❤
@kulaizhumagalieva7306
@kulaizhumagalieva7306 10 ай бұрын
Бәрінен де сондай қиындықпен әкелген бала сау болсыншы ❤
@mysecret.
@mysecret. 9 ай бұрын
Күшті жазыпсыз, прям шындық бәрі❤
@user-ej6uj7zy1x
@user-ej6uj7zy1x 9 ай бұрын
Күйеуің сол сәтте тастап кетсе, это вообще болады екен. Барлығы сынақ деп қабылдайықшы.
@user-hm4rc7ju4c
@user-hm4rc7ju4c 11 ай бұрын
Айгерімнің босану кезіндегі әңгімесін тыңдап отырып, өзімнің тұңғышымды дүниеге әкелген күнім есіме түсіп кетті. Өте ауыр босану процесі болды. Баламды алып шыққаннан кейін ол жыламады. Жүрек соғысы аз, тыныс алу жоқ деді. Сол жердегі педиатр дәрігер кислород беріп, тыныс алуды қалыпына келтіруге тырысып жатты. Бірақ болмады. Сол кезде ," тез реаниматологты шақырыңдар деп айқайлайды". Сол сәтте жүрегім соқпай қалатындай қорқыныш болды. Детский реаниматолог тез келіп баланы аппараттан жұлып алып, менің кеудеме салды. Үстімізге көп одеяло жауып жатты. Бір екі секундтан кейін балам " Уф" деп алғаш демін алды. Сол кезде Ана мен бала арасындағы шексіз байланысты сездім. Ол байланыс өмір бойына болады. Осы жақында бір керемет мақала оқығанмын. Бала жатырда жатқанда анасының ауыратын жерін емдей алатын құдіреті бар екен. Ана мен бала байланысы мен махаббаты мәңгілік.
@aigulummalik1107
@aigulummalik1107 11 ай бұрын
Жылаттыныз(((
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 11 ай бұрын
​@@aigulummalik1107мен де оқып біткенше аман ба деп жағымды шүберекке түйіп йдім ау
@user-vy4xo7ct8k
@user-vy4xo7ct8k 11 ай бұрын
Қалай керемет. Ана мен баланың байланысы шексіз.
@user-uq6qx1yg8g
@user-uq6qx1yg8g 11 ай бұрын
Дурыс айтасыз шынында бала анасын емдей алатын кудырети болады екен.Аягым ауыр кезде ковид, пневмония 77% ауырып олим аузынан калганмын.
@farizaraybekova24
@farizaraybekova24 11 ай бұрын
@@user-uq6qx1yg8g менде аягым ауыр кезде ковид болганмын. Шукир женил отти. Вакцина алганмын еще бурын
@user-ei2px6ch1u
@user-ei2px6ch1u 2 ай бұрын
Мен 3-ұлымды крупный плод болып түнгі 12:00 жалғыз өзім тудым. Палатаға әкелді, 33:45 Сол кезде есімнен кетпейтіні түнде пол жуып жүрген өзбек әйел қанты жоқ кружка ыстық шай әкеліп берді. Сол шайдың дәмі.....рақмет сол апайға. Сол ұлым 19 жаста
@oralbekotegulov3543
@oralbekotegulov3543 11 ай бұрын
Мынадай әңгімені көргенім орынды ма, орынсыз ба, ол жағын білмеймін. Бірақ сұқбаты маған қатты ұнады. Өте шынайы шығыпты. Кезінде Айгерім ханымның курсына қатысқанмын. 2018 жылы. Күйеуі екеуі бірлесіп өткізген. Өте жарасымды жұп еді. Ажырасып кеткендері өкінішті екен. Айгерім қайда жүрсе де мықты маман, мықты адам ғой. Сәттілік тілеймін!.
@bagzadamaratovna
@bagzadamaratovna 8 ай бұрын
👍
@sergeisergei7643
@sergeisergei7643 11 ай бұрын
Өте жақсы жан екен. Өзім 4 рет жүкті болып, 3 рет әдемі босанып, 4 ота болды. Наркозда қаланы аралап ұшып: "мен кіммін?"-деген сұрақ мазалады. Кейін есім кіріп, босанған әйел екенімді түсіндім. Бірақ сол жанымның шырылдап жүргені әлі есімнен кетпейді. Ия, жан тапсырда, адамның естеліктері жойылатыны сонда маған ақиқат болды. Аллаға шүкір тірі қалып, Айым деген асылымды 6 жасқа аман-есен аялап, Алладан бақытты ғұмыр тілеп отырған жайымыз бар. Жүкті әйел 2 дүниенің ортасында деген ұғымды өз басымнан кештім. Сіздерге бақыт пен табыс тілеймін қазақтың алтын қыздары, ұрпақтарының қызығын көруге Алла нәсіп етсін🤲
@tursynaymyrzabekova1858
@tursynaymyrzabekova1858 11 ай бұрын
“Көзі жанып тұрған тұлғадан, мықты ұрпақ туары анық”. Қазақ еліне Сіздің мықтылығыңыз дарыған ұрпақтар көбейгеніне тілекшіміз! 🫶🏻✨
@user-fq8zw8fr7r
@user-fq8zw8fr7r 11 ай бұрын
Начала учить казахский, очень рада качественному контенту. Несколько плюсов: изучение языка,интересная информация! Благодарю!❤
@user-wm3eo8ht2m
@user-wm3eo8ht2m 11 ай бұрын
Керемет келиншек тағдыр гой.Жолдасыңа қосылып қызыңа бауыр болуды насип етсин.
@user-yh8hk6xg6f
@user-yh8hk6xg6f 11 ай бұрын
Әйкерімді бұрыннан тыңдаған кісілер қазіргі микрофонға мән бермес еді, ол техникалық ақау шығар, бірақ жүректен шыққан дүниені тыңдау, сезіну, айтылған дүниені ұғыну, өмірге деген өз көзқарасыңа жаңашылдық енгізу үшін кедергі емес деп ойлаймын(менің ойым). Ажыраса отырып осынша кемелдікті, екіжақты түсіністікті қалыптастыру біздің қоғамда оңай шаруа емес. Сәттілік серігіңіз болсын Айкерім!
@user-rt8pg9ot6k
@user-rt8pg9ot6k 11 ай бұрын
Әйгерім Есенәлі керемет адам, жан-жақты,тереңнен бойлайды.Сізбен жаңа сұхбатты күтем.Бақытты болыңыз!Қызыңыздың қызығын ғана көріңіз🥰
@user-bq9ln6ng7e
@user-bq9ln6ng7e 11 ай бұрын
Самый лучший подкаст!! Айкерим жан жақты!! Можно слушать бесконечно! Айкеримнің қазақшасы керемет!! Бала тәрбиесі туралы, қаншама инсайттар айтты!! Бірінші босануым есіме келді. Бірінші жүктілік менде "замерший". Роды өте қыйын болды. Әлі есімде 8 жылдан асса да. Ангина туралы рас, олда менде жиі болатын. Өзімнің жеке шеқарамды білемін. Қазір үш балам бар, екі ұл және 4 айлық қызым. Сол қызым үшін өзімді тәрбиелеймін, өзім қызыма үлгі болардай өзімді ұстаймын. Уходтан бастап, әдемі киіну, кітап оқуға дейін. Рақмет Айнур ханым осындай керемет сұхбатқа. Айнур ханымды бірінші Бопефэйрдан көргем, өте қарапайым жансыз!! 😘😘🙏🙏
@altusha99
@altusha99 11 ай бұрын
Өте әсерлі подкаст. Әйкерім ханым әдемі, өз-өзіне сенімді, даусын есту бір ғанибет, тартымдысыз. Үлкен бақыт тілеймін ❤
@aigerymaldabergenova1456
@aigerymaldabergenova1456 10 ай бұрын
сыртынан мықты әйел көрінгенімен , ішінен қандай әлсіз екені көрініп тұр, ішкі жан дүниеміз өте ұқсас екен❤🥺
@user-sf1xh4lb8m
@user-sf1xh4lb8m 11 ай бұрын
Сұхбат басқалардан ерекше болды. Жасандылық болған жоқ. Бұрынғы қонақтардың сұхбатын да көрдім, бірақ Әйгеріммен сұхбат жайлы, “по душам” , құрбыңмен сырласқандай әсер аласың. Нәзік даусы да , айтқан терең ойлары да ұнады. Әсіресе ажырасқан ата-аналар арасындағы қарым-қатынасы көп адамдарға үлгі болар еді. Бұрынғы жолдасының беделін түсірмей, бір жаман сөз айтпай эфирді абыроймен алып шықты. Өз ісінің маманы, үлгілі ана екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осы жолы Айнұр ханым да қонақтың сөздерін ұйып тыңдады. Сабырлы, жайбарақат күйде отырдым😘❤️ Әке-шешем мен 4-5 жасқа келгенде ажырасты. Тоқсаныншы кездердің дерті ащы судың кесірінен жас отбасы айырылысты. Нағашыларым өсірді, шүкір. Бірақ “әке” тақырыбы үнемі табу (под запретом) еді. Өзімше күнделікке әкеге деген сағынышты жазатынмын. Бірде әжем оқып қойып, қатты сөздер айтып, менен көңілі қалғанын айтты. Оны да түсінуге болады. Қызының жүрегін жаралаған, ұрып-соққан адамды кешіре алмасы анық. Бірақ мен жақсы естеліктерді жадымда сақтағым келіп, әке махаббатын аңсадым… 11 жасымда әкем қайтыс болды. Жылаған жоқпын, қайта қуандым… Енді балалар “Әкең қайда?” дегенде “Қайтыс болды…” деп айтарыма қуандым. Ол тірі, бірақ бізді тастап кетті, көмектеспейді, ақылы кіріп, отбасын қайтарып алуға тырыспайды дегеннен “өлді” сөзі жақсы болып тұр ғой сол кезде… Мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланбай 30 жасында өте ерте қайтыс болды. Ажырасу бәріне бірдей оңай берілмейді. Анам да әке-шешесінен қаймығып, әке туралы жөнді, жақсы сөздерге сараң болды. Мен есейгенде ғана :”Әкең секілді өнерлісің, сұлусың” секілді жақсы сөздер айтып, жүрегімді жібіте бастады. Мен де, ол да кешірдік. Анам сүйеу болар жарын сағынса, мен қамқор әке махаббатын аңсадым… Қазір тұрмыстамын, ұлым бар. Шүкір🙏 Әкесі мен баласы екеуі көбірек уақыт өткізгенін ұйымдастырамын. Балам үшін Әке-асқар тау болғанын қалаймын. Мектепте әкелерінің мойнына асылған балаларды көріп, қатты қызығатынмын. Есімде тек бір кездесу қалыпты. Дүкен аралап, әдемі тоқылған раушан гүлдері бар ақ күрте әпергені. Сол мен үшін өте құнды естелік… Өзім қазір мұғаліммін. Кейде балалардың оқу үлгерімі, тәртібі нашарлағаны отбасындағы жағдайға тікелей байланысты екенін жиі аңғарамын. Әсіресе ажырасу болса, бала тұйықталып, не болмаса керісінше сабақ оқымай, тәртіпке бағындай мінез көрсетуі басталады. Сонда саналы отбасылар балаға көңіл бөле бастайды. Өкініштісі ондайлар аз. Өздерін ойлап, баланың әлемінде не болып жатқанда шаруалары болмайды. Баланың үлгеріміне мұғалімдерді кінәлайды. Кейде сыныптың әлеуметтік паспортын толтырғанда отбасылық жағдай анық болмай тұрады. Сондайда ата-аналардан тікелей:” ажырасып жатырсыздар ма?” деп сұрауға да қысыламын. Баланың төлқұжатын өзгертіп, біресе әкесінің аты бар, біресе жоқ болып… ол жерде де деликатно сұрау керегін кейбір әріптестер түсінбейді ғой… Сөзімнің түйіні: Өмірде жолдары, көзқарастары бөлек жұбайлар болса да осындай саналы отбасы моделін сақтап қалуға тырысса екен. Баланың есінде бақытты әке, бақытты ана қалса екен…
@user-ch8lx1oj2n
@user-ch8lx1oj2n 2 ай бұрын
Ой ,осы қатынды ұнатпаймын , мияулап , жасанды дауыс. Сары маса сияқты.
@user-kj4im9bp7t
@user-kj4im9bp7t 10 ай бұрын
Всегда с ужасом вспоминаю свой послеродовой период. Первые месяцы я никак не могла сомкнуть глаза, боялась что с ребенком что-то случится. Иногда хотелось просто выйти на улицу и не возвращаться домой, часто стояла под душем и задумывалась о жизни. Эмоции ежесекудно менялись, то хорошо мне, то становилось одиноко, порой рыдала просто так. И спасибо мужу, который после моих признаний о том, что мне тяжело, просто взял ответственность за меня и за ребенка. Забирал ребенка к себе на диван и буквально заставлял меня поспать спокойно.
@user-ud3uu4ti6c
@user-ud3uu4ti6c 7 ай бұрын
Послеродовой депрессия болгансыз чуть панический атака дал сиз айтып отырғаныңыз менім бірінші родымнан кейн болды. Оте ауыр род болган. Санаға психикага нервка асер етип посознание калад екен.
@budur1091
@budur1091 4 ай бұрын
Надо щитовитку проверить у вас думаю. Смена мыслей и настроения это гармоны
@nazyrajan
@nazyrajan 10 ай бұрын
Әйкерім десе Әйкерім ❤️ Әйкерім де Ануар да әріптесім, медиа саласында жүрген талантты журналистер ❤️ Әрине, екеуі өте әдемі жұп болды және ажырасуы көп адамға ұнамады. Себебі, біз тек бергі картинаны көрдік. Біздің көзімізде бақытты сияқты көрінген соң, ажырасуын қабылдау қиын болды. Әдемі жұптың екіге кетуін қимай қалғанымыз рас. Бірақ, біз орталарында не болғанын білмейміз ғой. Сондықтан, біздің көзімізде емес, өз түсініктерінде, өз адамдарымен, құндылықтары сәйкес келетін, бір-бірін түсіне алатын жұп құрып, бақыты болуын тілеймін ❤ Бастысы, шынайы бақытты бақытты болса болғаны 🙏
@gulnauryzzhanabergen9541
@gulnauryzzhanabergen9541 11 ай бұрын
Әйкерім Есенілінің подкастын тыңдап өзгеше әсер алдым.Барлық әңгімесі ұнады,ұғынарлық.Расымен де ана болу өмірге жаңа келу секілді,бір сатыға есеюің жауапкершілікті сезінуің.Сол жаңа ана болған сәтінде әйел адам жақындарыңның көмегіне еріксіз мұқтажданады екен.Подкастға Айкерімнің әр адам өзін тыңдай білу керегін айтқаны ойымнан кетпей қойды.Расыменде Алла барлығымыздың өмірлік миссиямыз орындайтын күш-қуатпен,ақыл беріп қойған ғой❤️❤️ Баладан қорықпауды,ойыңды еркін айтуды,шексіз жақсы көруді үйренеді екенсің❤ Ең мықтысы кім десе -ана дер ем❤️ Өзім де декреттегі анамын осы подкастты үзбей қараймын.Өзгелердің тәжірбиесі расымен де бізге сабақ аларлықтай.Әр подкастты көре отыра түсінгенім,әйел адамның ең жанды жері баласы екен❤
@svetlana_8629
@svetlana_8629 11 ай бұрын
Жүрекке өткен сұхбат болды.Қызым мен жасаған қателікті жасамаса екен деген жерінде,өзімді көрдім.Елге ұнау үшін оларды ренжітіп алмау үшін үндемеу т.б Үш жыл Психологпен жұмыс жасап,өзіммен жұмыс жасаудың арқасында өзімді тыңдауды үйрендім.Адамдар айта береді өйткені бұл өмір.Олардың аузына қақпақ қоя алмайды екенбіз.Мен казір ондай адамдармен қарым-қатынасты үзем,тыңдамауға тырысамын.Ең бастысы өзіңді құрметтеу,сыйлау!Тұрымыста болған кезде де,күйеуім мен енем,туыстарыма жағу үшін өзімді жоғалттым.За то ешкім мені көрмеді,естімеді.Қазір қарап отырсам сонша "жертва" болғанмын деп өзіме айтамын.Қазір ажырасқаныма 13 жыл болды.Кеткеніме қуанамын.Екі балам менің бақытсыз Ана екенімді көріп өссе олар да,өздерін Анамыз өзін сыйламайды деп өсуші еді.Балаға бақытта Ана керек. Барлық Қыз бала,Әйелдер бақытты болсыншы!
@user-sx5yp4xn2e
@user-sx5yp4xn2e 10 ай бұрын
Большая умница, что разобрались в себе, бакытты болыныз Айкерим💕 Айнура, вам респект что профессионально умеете слушать и не перебивать своего собеседника ❤
@user-nm2rl8sq8v
@user-nm2rl8sq8v 11 ай бұрын
Айгерим вы лучшая, просто будьте собой кто бы что бы не говорил, вы наш бриллиант! Желаю вам всего самого хорошего!
@ingkaerzarlykhan8560
@ingkaerzarlykhan8560 11 ай бұрын
Расында, дұрыс айтады. Алғаш ана атан, мейлі 5-ші балаңды босансаң да өмірге адам әкелу оңай емес. Осы ретте махаббатыма рақмет айтамын. Еш қиындық көрмедім🙏🏻❤ Баланы түнімен өзі қарады. Колики аса бізде болмады. Түнімен қолында ұстап, иіскеп жүріп ұйықтатты. Мен демалдым🙏🏻 Аллаға шүкір🤍
@user-fd7rh6ig7z
@user-fd7rh6ig7z 11 ай бұрын
Айкерім, білімді, сауатты жүргізуші, Алла тағала бір өзіңе жар болсын. Алдағы өмірің жарқын болсын.
@user-fo8ue5cv2q
@user-fo8ue5cv2q 11 ай бұрын
Өте керемет подкаст😍Айнұр ханым рахмет сізге)
@Barshinka.
@Barshinka. 11 ай бұрын
Керемет сұхбат,дауысы сондай жағымды,радиодан да тындап тұрамын!Барлық жақсылықты тілеймін!❤️Еңбегіңіз жана берсін🫶
@aidaamantayeva5543
@aidaamantayeva5543 10 ай бұрын
Өте керемет подкаст 👏🏻 Рахмет үлкен❤️
@user-qb2uo6oz1y
@user-qb2uo6oz1y 11 ай бұрын
Таңғы сағат 5:19... Осы сұхбатты көремін деп жүргелі 24 сағат өтіп кетіпті, қазір балапанымды емізіп отырып көру бұйырыпты.... Өте керемет ақпараттар, методтары, стратегиялар алдым өзіме БАЛА ТӘРБИЕСІ бойынша... Көп сұрақтарға жауап алдым... Менде мәселе туындаса бірден ДЕТСКИЙ ТРАВМАҒА көшіп сол жерден іздеп жауап таппай жүретін едім, қазір түсіндім, запрос жасап шешім іздеу керек екенін... Тек даусыңыз үшін тыңдайтын едім, өте қатты ұнатып қалдым, тұлға ретінде... Рахмет🥰🥰🥰
@nurzinatv3689
@nurzinatv3689 11 ай бұрын
Өзім туу алдында да, үйге келген соң да күйеуімнен ғана мықты қамқорлық көрдім. Ешкімді мазалаған жоқпын. Үйге ешкімнің келіп мазалағанын қалаған жоқпын. Кайф өтті. Үш айға созылды күтінуім. Еркелеп жаттым. Кухняға жолаған жоқпын. Ұстаған нәрсем тастай боп сезінетінмін. Сосын ширап кеттім.
@user-tg4xm3hl5t
@user-tg4xm3hl5t 11 ай бұрын
Босану өте ауыр тема, босану туралы айтылса міндетті түрде жылаймын. Солай өмірге келген балапандарымыз аман болсын. Бірде жазып едіңіз, екінші бөпемді қызым 3-4 жасқа келгенде өмірге әкелгім келеді, тура менің ойымдағыдай болды. Енді сол бұйырса екінші бөпелі болуыңызды шын жүрегіммен тілеймін.Сізге сәттілік,жұмысыңыз жемісті болсын.
@user-zt6di2vy8i
@user-zt6di2vy8i 11 ай бұрын
Терең ойлар айтылған бағдарлама болды. Айкерім Есенәліні басқа қырынан таныдым. Адекватты саналы адамдардың сырласуы болды. Рахмет көп көп. Бағдарламадан түйгенім: Көптеген тренингтен: Жүрек үнін тыңдау мың есе көп көмектеседі,-дегені шын рас. Әр бір адам жеке тұлға оның әр бір гені өзі үшін жұмыс жасайды, өзі туралы өзгеден көп біледі. кемел адам болудың құпиясы осы.
@Qazwsxedcrfvtgbyhn381
@Qazwsxedcrfvtgbyhn381 11 ай бұрын
Ерекше сұхбат үшін рақмет! Өте пайдалы болды) әлі тұрмыс құрмағанмын, сонда да сіздердің әрбір сұхбаттарыңыздан түйгенім көп! Алла разы болсын! Айкерім ханымға қарап әр қыз баласының өз жан дүниесінің даусын естуі керектігін жүрекпен ұқтым. Шынымен де, ата-анаға байланысты айтқан ойыңызбен де келісемін. Әртүрлі психологтарға қаражат құртқанша, әуелі өз әке,анамызбен мәмілеге келіп,ақтарылып ішкі баланс орнатып,ересек позициясында тілдесу керектігін білдім,түйдім,басқа қыздарға да айтып жүремін))) Және қандай жағдай болмасын, ішкі сабырлықты күшейтіп,Аллаға тапсырып, басқалардың ойына мән бермеуді шештім. Сондай жылы,эмоцияға толы,керемет сұхбат үшін сіздерге рақмет ! Бәрі тәжірибемен келетініне, өмірдің ағымымен еркін, ізденісте жүру туралы ой қалдырдым. Бәрі өз уақытымен екендігіне,аласұрып жанталасып кетпеуді, ең бірінші өзіңнің ішкі халіңнің маңыздылығына мән беруді үйрендім. Алғыс!❤
@user-kf7ji4qt2m
@user-kf7ji4qt2m 11 ай бұрын
Қазақтың қыздары бақытты болуға лайықты. Айкерім де, Айнура да нағыз ана деген атқа лайықты жандар. Мен қырыққа келсем де осы “әңгімеден” бала тәрбиесіне байланысты жақсы инсайттар алдым. Рақмет! ❤ “Не аламын өзіме?”-деген сұрақпен көрген едім. Керемет🇰🇿✊👍
@user-se8km4xg3m
@user-se8km4xg3m 11 ай бұрын
Тамаша подкаст🥰 Екеуіңіз де әдемісіздер!❤ Бақытты болыңыздар!🤲🏻😘
@misstb1783
@misstb1783 11 ай бұрын
Ажыраскандарына 1,5 жыл болды, Ануардын уйленип кеткени журегимди ауыртты. 😢😓😪Екеуи косылса екен деуши едим. 🙏🏼 Ер адамдарга онай гой, айелдер болса сол калады, улкен жук, жауапкершиликпен. Бизде улдарды оте жауапты кылып тарбиелеу керек, бастаган исти сонына дейин жеткизуди..
@nurgulzhomart7759
@nurgulzhomart7759 10 ай бұрын
Бір-біріне ұқсас өте әдемі жұп еді, үйленіп кеткенінде бәрімізге де әттеген-ай болды,әрине бақытты болсын,бірақ бала үшін бәрін жасау керек жастар, үйленер алдында дұрыс шешім қабылдау керек негізі,тағдырға жала жаппай,әркім өзін ойламай бірінші кезекте баланы ойлау керек,өмір аз ғана..)😊
@nurgulzhomart7759
@nurgulzhomart7759 10 ай бұрын
Өте әдемі де, әсерлі тәрбиелік мәні бар сұқбат болды,екі қыз да әдемі бақытты болыңдар!❤😊
@user-dt2yt1vi9d
@user-dt2yt1vi9d 10 ай бұрын
Как будто что-то с микрофоном, голоса какие-то другие у них
@user-dt2yt1vi9d
@user-dt2yt1vi9d 10 ай бұрын
Растроилась что Айгерим и Ануар развелись , гармоничная пара, известные ведущие мне казалось со стороны
@user-fs8uh2lr2e
@user-fs8uh2lr2e 10 ай бұрын
Рас
@meruyertxembay4129
@meruyertxembay4129 11 ай бұрын
Өте жақсы сұхбат болды. Рахмет! Айкерім ханым, бақытты болыңыз! Сізге барлық жақсылықты тілеймін!
@user-wb8ip7hp9s
@user-wb8ip7hp9s 11 ай бұрын
Айгерім ханым, бақытты болыңыз❤️ мен де айырылыстым 1 қызыммен, 1,5 жаста болғанда. Сол кезде өте қиын болды, айтып жеткізе алмайм, өзімен қол жұмсағым келді. Бірақ Алла тағала маған 6 жылдан кейін бақыт сыйлады, отбасы құрдым. Жолдасым алтын азамат, казір 3 балам бар🙏Сізге де соны тіледім,Алла қиындығыма маған сондай керемет сый берді. Ризамын, шүкір Жаратушыма. Сіздің даусыңызға ғашықпын ғой😊Курсыңызға барғым келеді, журналист болмасам да
@gaukhar_kozhamkulova
@gaukhar_kozhamkulova 11 ай бұрын
Менің енем айтады, үкімет 3 жасқа дейін тегін декретте отырсын демейді, жұмыс табылады, бала табылмайды деп балаға қанығып баланы қарауды алға қояды. Қанша жерден заман сондай дамыған, аналар да сондай дамыған болуы керек болса да, ол кісі құнарлы сорпа тамағыңды тойып іш, жуынып-шайынып жылы жүр, баланы қалағанынша қандырып еміз, 3-ке дейін қарап, сосын садикке үйретіп, бала ортаға үйренген соң жұмысқа өзің-ақ барасың деп айтып отырады. Шынымен екен, няняға баланы қалдырғанша, баланы өзің қанып баққан жақсы екен, бала өскенде балада да обида болмайды, анада да чувство вины болмайды. Мен 1 жас 1 айында 2 жылға қалдырып оқуға кеткем, қазір ұлым 8-де, психологқа жүгінуге тура келді. Сондықтан, аналар, асықпаңыздар, ешнәрседен қорықпаңыздар, аналық еңбек, әкелік мейірім еленбей қалмайды, кейін бұйырса үйіп-төгіп қарымтасын аласыздар❤️🤲
@akmarals1718
@akmarals1718 11 ай бұрын
Дұрыс айтасыз, алдында бір декретница 6 айдан кейін жұмысқа шығып мақтанып жүр. Әрине, әртүрлі жағдай болады, ақша керек, бірақ баланың қайталанбас сәттерін бірге көріп өткізу маңыздырақ
@gaukhar_kozhamkulova
@gaukhar_kozhamkulova 11 ай бұрын
@@akmarals1718 иә, әртүрлі жағдай болады. Алла әрбір анаға баласының иісін иіскеп, бала тілі шыққанша анасының тәлімін алуына мүмкіндік берсін🤲бірақ ешқандай мансап, ешқандай ақша, ешқандай қалыптастырған орта мен қызметтік жетістік бала дамуындағы, бала мен ана арасындағы байланыстағы бос қалып қойған орындарды толтыра алмайды екен. Балаға бүкіл Әлем - анасы екен, ол Әлемінің ішінде бірінші орында бола алмаса - жалтақ бала содан бола ма деп қалдым. Балаға ешнәрсе керек емес екен. Анасымен байланысы тығыз болса, ананың мейірімі қызылды-жасылды ойыншықты да, тәттілер мен басқаларды да орнын баса алады екен. Барлық бала ата-анасының қанатының астында, жылы алақанында өсуді нәсіп етсін🤲❤️
@farizaraybekova24
@farizaraybekova24 11 ай бұрын
Ия дурыс айтасыз. Мен тунгыш кызымды босандым 11 ай. Аллага шукир. Декретте отырмын кызыма карап. 3 жыл шыгатын ойымдада жок. Кызыма карап уйден заказ жасап шукир акша да тауып отырмын
@mairamaira-1382
@mairamaira-1382 11 ай бұрын
Өте орынды айттыңыз. Менде сол 3 жасқа дейін отырамын деп шештім. Жұмыс табылады 😊
@gulshatbaimukhanova9767
@gulshatbaimukhanova9767 11 ай бұрын
Керемет!!! Ең сүйікті подкастым!!! Әйгерім Есенәліні жаңа қырынан таныдым, өте әсерлі, әдемі сұхбат болды!!!
@user-mo5ub5wb5s
@user-mo5ub5wb5s Ай бұрын
Әйкерім ешкімге комментарий жазбаған едім. Бірақ сіздің сұқбатыңыз өте қатты ұнады. Шынайы, өткір сөздер маған қатты ұнады. Алла бақ берсін. Бір басыңыз екеу болсын, өзіңізді өте қатты бақытты ететін жан жолықсын. Көп балалы ана,өзіңіздің ең биік арман шыныңызға жетіңіз
@adinkaassyl3500
@adinkaassyl3500 11 ай бұрын
Куштиии подкаст болды ❤
@user-do4hx7bn4j
@user-do4hx7bn4j 10 ай бұрын
Керемет әңгіме болды! Өзіме түйгенім көп болды! Бақытты болыңыз Әйгерім❤
@tursynaymyrzabekova1858
@tursynaymyrzabekova1858 11 ай бұрын
Шикарно 👍🏻 Тынығып қалдым, керемет сұқбат! “Ана” ракурсы да керемет кезең расымен 🫶🏻
@user-qi5ek6cj2v
@user-qi5ek6cj2v 11 ай бұрын
Айгерім бақытты ана болыңыз.Әйел бақытын тілеймін.Даусыңыз ерекеше супер ❤
@user-nf8no8fn1z
@user-nf8no8fn1z 11 ай бұрын
Өте керемет подкаст❤Әр қараған сайын бір емес бірнеше инсайт аламын, әр кейіпкерден ұқсастық көремін.
@user-ds2wm2fk2g
@user-ds2wm2fk2g 9 ай бұрын
Айгерім әліде күйеуін жақсы көретін сияқты көрінді маған, даусы дірілдеп әзер отыр, депрессияда жүрген секілді. Бәлкім уақыт керек шығар. Алла жақсы жар жолықтырсын.
@user-on2fx1rm3q
@user-on2fx1rm3q Ай бұрын
Не үшін ажырасқанын айтпады ау деймін.
@user-nj2po9fh3i
@user-nj2po9fh3i 11 ай бұрын
Әсерлі, тәтті, шынайы сезім, жылулыққа толы керемет сұхбат! Қайта-қайта қарадым, әр қараған сайын көзіме жас келді. Алған сезімімді сөзбеу жеткізу мүмкін емес. Айкерім баурап алдыңыз. Рақмет сізге. Алланың берер жақсылығы көп болсын! Жүрекпен жақсылық тіледім сізге! ❤
@aygul89875
@aygul89875 11 ай бұрын
Керемет подкаст болды. Қызыңызбен қарым қатынастарыңызда біраз түртіп алатын дүниелер болды. Көп рақмет.😊
@botakozazilbaeva3349
@botakozazilbaeva3349 11 ай бұрын
Айкерімді 2013 тың жаздың соңғы айында көргенмін бір бағдарламада өте нәзік жап жас сұлу қыз болған аяағындағы биік нәзік қызыл туфилиы әлі есімде 😊Мен ойлайтынмын жүргізуші болу оңай деп сол кезде бір қойлымды бірнеше рет қойып түсіргенде жүргүзуші тұрмақ өзіміз шаршап кетеннбіз МашаАллах сол қалпыңызды әлі жоғалтпаған екенсіз ❤❤❤❤Менде Сіз секілді балалы болуды күтіп жүрген жандардың бірімін.Сұхбатыңызды көріп өзіме керегін түйдім десем болады өте ақылды жан сияқтысыз әсіресе бұрынғы жолдасыңыз туралы ешбір жаман пікір айтпағаныңыз өте ерлік деп білемін сізден қарап бой түзесе екен ажырасқан жандар балаларын әкесіне көрсетпей өткен өмірлерін қазыр ұмыта алмай балаларын өміріне зиян келтіріп жүрген жандар
@Aisss.abdula
@Aisss.abdula 4 ай бұрын
Какая приятная и в то же время глубокая беседа😍 Всегда было приятно слушать Айгерим, очень теплая аура☺️
@monikabelluci10
@monikabelluci10 11 ай бұрын
Такая приятная и настоящая❤️Самая любимая телеведущая, продвинутая, обожаю 🥰 Счастья и удачи Вам обеим ❤️
@user-ol3qd4mi9z
@user-ol3qd4mi9z 11 ай бұрын
Айгерім ханым өте керемет сұхбат болды! Сізді жаңа қырыңыздан , ана ракурсынан таныдым. Өте керемет Ана екеніңізге күмәнім жоқ. Ешжерде естімеген баламен қатынастың түрлерін туралы естідім. Әйелге әйел ғана көмектеседі деп өте орынды айттыңыз. Жүктілік басталмас бұрын, жүктілік кезеңі, Егіздерімді босануым барлығы есіме түсіп бір жылап алдым. Менде Сіз сияқты жүктілігімді жасырдым, себебі 5 жыл күткен балаларымыз еді. Менің жүктілігім ЭКО тәсілі арқылы орын алды. Өмірімнің сол кезеңдеріндегі бастан өткерген қиыншылықтарым барлығы артта қалды. Шүкір, қәзір егіз балапандарымыз бар. Алланың берген Ұл мен Қызы. Өмірдегі ең мықты статус Ана бақытын сезіну- бұл ешқандай сезіммен салыстыруға келмейді, ол Бөлек Әлем❤. Осы сәттерімді Анам көре алғанда ғой деген өкініш қана ішімде. Қыз баланың бойындағы қасиеттер тек Анасымен ғана беріледі дейді, тұңғышыңыз Адия өзіңізден шыққан тәрбие беріліп, Еліне бауырмал, көпшіл, жан-жақты, батыл, Аллаға деген иманы мен махаббаты мықты, саналы, маңдайы кең, бағы бес елі Қыз болып өсе берсін! 💕☺️☺️☺️
@Happy_mom_kids
@Happy_mom_kids 11 ай бұрын
Айнур ханым подкастыңызға рақмет! 💐 Әйгерімге өмірлік тәжірибесімен бөліскеніне рақмет! Бізге ой салатын құнды, пайдалы ақпаратпен бөлісіп жатырсыздар ! Негізінде өзімде де көп блоктар бар екен. Ватсапта голосой жібермеймін, өз дауысымды өзімді ести алмаймын, қабылдай алмаймын. Үшінші балама екіқабат болғанда біраз қиыншылықтар көрдім. Ешкімге айтпай өзімде сақтап жүрдім. Сіздің эфиріңізді көріп әйел жандармен бөлісу керектігін түсіндім. Бірінші қызымдада сіздікіндей босану болды. Өзім босандым, бірақ қиналдым. Екі қызым, бір ұлым бар. Аллаға сансыз шүкір. Өмірімдегі барлық қиыншылықтар өзіңді жақсы көр, бағала, сен, өзіңнің ойыңа, идеяға берік бол деп түсіндім. Подкастыңызды тыңдап бір өзіме шабыт алдым. Сансыз рақмет! 💐💐💐
@user-gn4ff8et1q
@user-gn4ff8et1q 11 ай бұрын
Сондай нәзік, сұлу адам, бақыт тілеймін 🙂
@user-ih3jr1co4n
@user-ih3jr1co4n 11 ай бұрын
Әйкерім жарайсың👍 сондай нәзік сонымен қатар сондай мықты қызсың 🥺 әбден жыладым,2 қайтара көріп,тыңдадым💔 Негізі Ануар екеуіің күшті,жарасымды,бір-біріне қатты ұқсайтын жұп едіңдер🥺💔 бірақ амал не Хайырлысы осы болар... Әрі қарай саған шын әйел бақытын,ана бақытын тілеймін!!!🤲 Көпке үлгісің,жасай бер жаным! Бірақ😀 шашынды бір кездері ұлдарша кесіп тастағаныңда мен сенің парақшаңды қармай кеткенмін😌 енді ол сен үшін тәжірибе әрі сенің таңдауың😏😏 дегенмен қыз балаға қыз сияқты жүрген дұрысырақ сияқты.... ойымды жетікізе алмасам соррррии 🙋🏻‍♀️ в целом Люблю гой 😘😘
@user-rz2lf8hi8b
@user-rz2lf8hi8b 11 ай бұрын
Айкерім ханым керемет сұхбатты берді қазақи әдепті мәдениетті өзінің әңгімесін тыңдайбергің келеді өміріңіз бақыт пен шаттыққа махаббатқа толы болуына тілектеспін
@user-mm8yq6ki5l
@user-mm8yq6ki5l 11 ай бұрын
Өте пайдалы подкаст,өзіме керегін алдым,үлкен рақме🙌🙏
@user-rd1rs7zs9d
@user-rd1rs7zs9d 11 ай бұрын
Керемет, Айгері. Ханым барынша ашылды, күшті сұхбат болды! Ол Қазақ әйелдерініғ жанын баяндап берді❤
@user-hl5gq3sz5v
@user-hl5gq3sz5v 11 ай бұрын
Қазақ әйелдерінің ,қыздарының жан-жақтылығын, түрлі тақырыпта әңгіме қозғауын,сараптай алатынына үнемі қуанып отырамын. Әйгерімнің өзі айтқанындай пайдалы контент бізге қажет-ақ,әсіресе ,осындай ақпарат көп кезеңде. Аналардың сауатты әңгімесі - көп жас қызға таптырмас пайда .
@nazyrajan
@nazyrajan 10 ай бұрын
Какая хрупкая девочка, но в то же время очень сильная ❤
@altynbegimova4095
@altynbegimova4095 11 ай бұрын
Салееем мен осы Подкатсты бірінші рет көруім Айгерім парақшасы арқылы көрдім прям супер сұхбат болды прям кішкентайм колики кезінде менің состояниемнен болғанба деп инсайт алдым қанша бала тудым 11 құрсақ көтерсем де колики осы балада білдім мен барлық сұрақ бойынша Айгерімнің жауабын естіп әр түрлі эмоциялар келді менде қыз көп шүкір әкесіне Айгерім жолдасына қойған сұрақты менде жолдасыма қоюым керек екенін түсіндім
@MadinaTobakabyl
@MadinaTobakabyl 11 ай бұрын
Өте ақылды адам, ақылды әңгімелер айтылды, соңына дейін ұйып тыңдадым❤
@AidanarashRashaidana
@AidanarashRashaidana 11 ай бұрын
Керемет сұхбат, Айгерім биік шыңдардан көріне беріңіз! Өзіме көп ой азық алдым! Қызыңыздың қызығын көріңіз! ❤
@Ahmetzhanova94
@Ahmetzhanova94 7 ай бұрын
Айгерім Ануармен қосылса жақсы болар еді. Екеуі бір біріне ұқсайды , бәріде қателік жасайдығой не болғанын білмеймін бірақ қосылса екен ❤😢
@nazyrajan
@nazyrajan 10 ай бұрын
Инсайт: Адамның дауысы - жан дүниесінің вибрациясы. Адам өзі еркін болғанда, оның дауысы да еркін шығады". Ғажап ❤ Менің дауысым микрофонға келгенде не үшін қысылып қалатынын түсіндім 🥺🎙️ Бұл сұрақтың жауабын әрнәрседен іздеп таба алмай жүр едім. Шешілмеген жұмбақтың, жауабын көрсеткеніңізге ❤ Сұқбат сондай жып-жылы және шынайы. Жан дүниесін ашып тастаған жанды көрдім мен бұл сұхбаттан. Өзі қандай нәзік болса, жан дүниесі сондай мықты және бай, рухани кемелденген тұлғаны көрдім. Жаным, Әйкерім, сізді қатты түсінемін ❤ Жыламаңызшы, бақытты болуыңызды тілеймін🙏 Бар жақсыға лайықсыз. Дауысыңыз расымен де, тәп-тәтті, өте жағымды ❤ Әдемі қазақ қызының символысыз ❤
@user-pf9kl6kk5y
@user-pf9kl6kk5y 6 ай бұрын
😢😢😢😢😢😢мениде екинши ролы да дал солай болган, кызымды олтирип ала жаздаган
@user-lc7wo7yg3m
@user-lc7wo7yg3m 11 ай бұрын
Күшті подкаст болды.Өзіме көп мағлұммат алдым😘Рахмет🥰
@user-uf6qv8rj5x
@user-uf6qv8rj5x 2 ай бұрын
Айгерім даусың қобалжулы....жылап жіберетіндей...дірілдеп естіліп жатыр. Қызыңның қыщығын көруді жазсын! Әрбір ана, әрбір әйел бақытты болуға әбден лайықты
@user-vp3qv5fl9z
@user-vp3qv5fl9z 11 ай бұрын
Өте білімді,тәрбиелі сөзік қоры бай журналист ретінде ана ретінде жақсы ашылған сұқбат үшін рақмет. Пайдалы подкаст болды
@Jjado
@Jjado 11 ай бұрын
Керемет сұхбат. Айгерім расында біраз өсіпті, өсіпті дегенім, салиқалы әйел ретінде, ана ретінде... Басқаша көзқарас қалыптасып отыр Айгерімге. Көп рахмет!
@gulnazotegen8828
@gulnazotegen8828 11 ай бұрын
Әйгерімнің "Әйелді әйел құтқарушы, қолдаушы" деген ойы ұнады) Кеше ғана Роза Аширбаеваның "Әйелдің жауы - әйел" деген әңгімесін тыңдап едім) Өзімді лично ер адам босандырды😅 бірақ санитарка апайлар туып болғасын носкиіме дейін кигізіп, шайымды әкеп беріп, "тағы кел бізге босануға" деп палатаға шығарып салғаны есімнен кетпейді🥹🥰 Тегін босандыратын обычный роддомдарда ақша бермесең дұрыс қарамайды деген стереотип менің басымнан кетті) өйткені сондай жақсы адамдарға тап болдым☺️ Әйгеріммен келісемін, әйелдің қолдаушысы әйел👍🏻
@ingkaerzarlykhan8560
@ingkaerzarlykhan8560 11 ай бұрын
Менде де дәл солай😅 Өзімше түр жасап алып, бірдеме десе былай айтап деп жүргем. Бірақ, шынымен ыстық шәйімді беріп, бедеге отырғызып, мені қадағалап, заттарымды көтеріп тасып… Көп қолдау көрсетіп, мені баптады. Сол үшін рақмет❤
@dinaraabdrakhym2530
@dinaraabdrakhym2530 11 ай бұрын
Шынымен санитарка апайларга рахмет, басқаларына қарағанда солар шай әкеліп беріп, қамқорлығын көрсетіп жатады😊 Жандарым сол, өздеріне 1000 есе болып қайтсын❤️
@araiahanova8102
@araiahanova8102 11 ай бұрын
Керемет сухбат! Өте нәзік,ақылды жан❤
@BaikenovaAigul
@BaikenovaAigul 11 ай бұрын
Айгерім Есенәлі бұл Қызылорда қаласының мақтанышы ретінде білемін, Өте керемет маман, тапқыр журналист! Әйел бақытын тілеймін!
@marryme5871
@marryme5871 11 ай бұрын
Всегда очень жду Ваши выпуски. У каждой женщины свой опыт, свой взгляд на жизнь. Есть что для себя записать и подчеркнуть.👍🏻
@user-rm6gs5pt5t
@user-rm6gs5pt5t 8 ай бұрын
Душевная Айгерим, проплакала вместе с вами 🤍 какие же люди жестокие порой, даже те же женщины) обнимаю 🫂 ваша землячка 🫶🏻
@altynayorazayeva986
@altynayorazayeva986 11 ай бұрын
Өте керемет сухбат болды. Көп рахмет ❤
@user-og2ms7cb4o
@user-og2ms7cb4o 7 ай бұрын
Очень доходчиво! Речь классная, голос изумительный😊
@user-oo6uw7eh2p
@user-oo6uw7eh2p 2 ай бұрын
Жас анаға қолдау көрсету керек дегеніңіз өте дұрыс, шамалы өз қалпына келгенше,...
@user-wq2or8xk9k
@user-wq2or8xk9k 2 ай бұрын
Айгерим коз алдымда Остин мамасвнын касында журети сауда жасап Мамасы Гулсара оте керемет адам еди иманды болсвн Жаным сол даусын сол кулкин сол турин аман болшы
@yungrouz9847
@yungrouz9847 11 ай бұрын
Дәл кәзіргі сәтте мен өзімді таппай жүргенім бар. Мына сұхбаттан соң бір терапиядан өткендей болдым. Сіздерге алғысым шексіз! Бір жылапта алдым, ең бастысы өз қатемді түсіндім, енді өзіммен жұмыс жасаймын осы сәттен бастап, өзіме сенемін ✊️ Сіздерге сәттілік Алла жар болсын!
@user-hl7bo9pr2u
@user-hl7bo9pr2u 11 ай бұрын
Қазақтың ұшқыр ойлы, сөзге шешен, әсем де ашық осы екі қызына тек қана сәттілік тілеймін!
@user-on2fx1rm3q
@user-on2fx1rm3q Ай бұрын
Айнұрдың әкесі Ауғанстан адамы,бәсе неге келбеті басқаша деп ойлаушы ем.
@user-ul5yu7ff4r
@user-ul5yu7ff4r Ай бұрын
Көп ізденіп оқып зерттеп жүрген жан екенсің,риза болдым,жарайсың еңбегің жана берсін,армандарың орындала берсін...
@zhanarauyez9524
@zhanarauyez9524 10 ай бұрын
Әйгерім мен ойлағаннан да білімді екен! Жарайсыз! Бақыт тілеймін❤
@user-qf1ni3mz7p
@user-qf1ni3mz7p 11 ай бұрын
Маған сұхбат ұнады!❤️ Әйелді әйел қолдаса,түсіне білсе,сөкпесе және туылған кезде баланы әкесі бірінші қолына алып бауырына баса білсе ӘЛЕМДЕ СОҒЫС БОЛМАЙДЫ дегенді танымал адамнан естіп едім. Мейірімге толы болайық 🙏
@ordabayeva_g
@ordabayeva_g 11 ай бұрын
Айгерим, сізге әйел бақытын тілеймін. ❤
@user-sh7ok3bs8q
@user-sh7ok3bs8q 11 ай бұрын
Өте қазақи қыз.Қанша биік ортада жүріп бейімделіп үйреніп қабылдаса да қазақ әйеліне тән қатқан менталитет көрінеді. Нәзік, жүрегі жұмсақ, эмоцияналды. Ажырасуға жету үшін көп шектеулер қағидалар бұзылуы керек, көңілдегі нәзік сезім үзілуі керек, Айгерімде осылар үзілген. Әлі де жеке өмір туралы ойламай өзімен өзі жұмыс жасауы керек.Экрандағы тележүргізуші болса да еразаматтар қараса да отбасылық өмірді ойламауы керек. Себебі жаңадан тағы тұрмысқа шығып отбасына қадам басатын адам өткен ажырасқан тарихын дірілсіз, эмоциясыз, көз жассыз өкпе ренішсіз айтатындай хальге жетуі керек. Айгерім жетпеді оған. Кешірім, өкпе реніш, сөз өткеннен қалған осымен жұмыс жасауы керек. Қыз баланы қалай тәрбиелнуге тырысса да Анасы қалағандай ой қалыптастырып өспейді. Сондықтан баланы шаршатуға болмайды. Ықпал еткен ой, пікір, жандар болғанын тағы байқадым. Онда тұрған не бар, ажырастым, өзіме өзім қараймын басқаларда жүрғой ажырасып гүл қылып деген ой қылаң берді. Не десемде ажырасу өмір соңы емес. Екіншіден жұмыс, ақша, бала емес өзімен өзі жұмыс жасауы керек, психологический. Ана бақытты кезде ғана бала бақытты, әкесі болса да, болмаса да. Сөз соңында айтарым психолог психотерапевт маманына барған дұрыс дер едім. Жақсы пайдасы/көмегі болады.
@user-yf8oi5jj8l
@user-yf8oi5jj8l 10 ай бұрын
Интервьюді толығымен әр сәтті,ситуацияны жүрекпен сезіне ала көріп шықтым. Ия шынымен, Қызылордалықтар үшін Айкерім "өзіміздің қыз"😅 мен де аттас болған соң,өзіндік дауысы нәзік, атына сай нәзіктік пен кербездік бар,үнемі ізденіс,дамуда жүретін, қазіргі керемет саналы қызды тәрбиелеу жолда ізденісте,практика жасап жүрген, өз ісінің маманы, және тұлға Айкерімді үлгі тұтамын. Ия,бұл ешқандай да бояусыз, шынайы пікір. Себебі, болады ғой өзіңе жаны сай,ұнайтын адам. Нақты сондай тұлға, түртіп алар тәжірибесі бар. Аьымыздан бөлек,тағдырымыз да ұқсас болып қалған екен😊 мен де қазір ақылды 2 жарым жасар ұлдың анасымын. Уақыт ресурсымды тиімді пайдалану арқылы ұлыма көңіл, упқыт,оның "өз қалауларына" таңдау жасауға мүмкіндік беру арқылы ізденіс жасап тәрбиелеудемін. Жатар алдын сөйлесу, моральдық рухани азық беру/алуда ұқсас екен😊 екі қабаттық кезең,толғақ,босану,босанудан кейінгі кезең айтып жатқаныңызда өз тәжірибемді еске түсіре отырып сол бір керемет Ана болу бақытын/шағын еске түсіре отыра,көзге жас ала отыра көріп шықтым. Керемет. Мен де қазір көптеген кездесулерге, прогулка, кафелерге баламды алып жүремін. Ол да социализация, қай жерде өз өзін ұстауды үйренеді. Маған да ұнайды, баламмен тиімді уақыт,керемет эмоциялар өткереміз. 😊❤Айкерім, болашағыңыз жарқын болсын. Шынымен, қандай жағдай болмасын Аллаға тапсырып үйрендім. Жаза берсем,бізге бір шай ішіп, сырласу керек сияқты. Симай қалар мында😊 Адия қызға мықты денсаулық пен ментальды/рухани даму тілеймін!❤
@Damir_Man
@Damir_Man 11 ай бұрын
Даусы қандай нәзік болса,жаныда нәзік екені көрініп тұр!❤Очень приятно было ее слушать ❤❤❤
@user-gx2bp4xb4z
@user-gx2bp4xb4z 11 ай бұрын
Ар айелди ишки дүниеде назик
@Ereke_19
@Ereke_19 6 ай бұрын
Өте керемет, уақыт тез өтіп кетті ғой! ❤ өзімнің кесаревоға келіспей айқасқан кезім, баламды алғаш көрген кезім есіме түсіп, жылап алдым ғой!
@user-iq7du6qu5x
@user-iq7du6qu5x 11 ай бұрын
Өте керемет қонақ, бақытты бол, сұлу Айгерім!
@user-fl7po1st4b
@user-fl7po1st4b 11 ай бұрын
Айгерим жаным алиде жаксы коретин СИЯКТЫСЫЗ или кимайсыз Даусыныздын дирили прям маган берилди ше, косылганынызды калайын АЛЛА КАЛАСА❤
@ayaashim8295
@ayaashim8295 10 ай бұрын
Сұхбатқа рахмет! Бірақ дыбыстың сапасы нашарлау болды әдеттегіден
@user-bu9dm2ie5s
@user-bu9dm2ie5s 10 ай бұрын
Айгерим классная всегда позитивная, очень приятно слушать 😍 будьте счастлива
@tomiristuyak6517
@tomiristuyak6517 11 ай бұрын
1 сағаттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалдым ғой) Айкерім ханымның даусын да, идеясын да, сұхбатын да тыңдай бергің келеді❤қазақта сөз барғой “елітті” деген) өз ісінің маманы кез келген жанды елітіп, ұйытып алып кете алатын Айкерім ханым деп білемін😊 және “мамский әңгіме” жүргізіп, қаншама тамаша жұлдыздарды шақырып бізге үлгі болсын, сабақ болсын деген авторға мың алғыс❤
@user-fl6pd3rj6f
@user-fl6pd3rj6f 2 ай бұрын
Айкерим ханым. Бакытты болыңыз. Сіз кателік жасамадыңыз. Сиз өмирге акылды кыз акелдіңіз.оте шынайы жауап бердіңіз. Соңына дейін кордим. Куйеуін бир жамандамады. Кызыңыз бакытты болсын. Адамнан адам шығу оңай емес. Айел бакытын жүргиздіңіз.. Лайла Сұлтанкызымен. Сизди оте жаксы коремин
@ar-namystursyn6456
@ar-namystursyn6456 5 ай бұрын
Айнур ханым бағдарламаларды сондай керемет жургізесің. Керемет. Баяға талай теледидардан көріп онша байқамайтын едім. Мына бағдарламада сондай ашылдың. Тамаша сұқбат алады. Тыңдап. Сұрақтарды да дұрыс қойып. Тыңдап, көріп отыра бергің келеді.
@nilanila4932
@nilanila4932 11 ай бұрын
Красивая, приятная девушка, приятно слушать) она не работе, чтобы разговаривать по тексту, или по плану. Айгерім Есенәлі делится своим внутренним миром, прошлым, настоящим. Как она это делает, это её дело. Мне понравилось 🫶 И что я заметила, кто на я чём делает акцент (позитив/негатив), то и видит. Чем мы больше заполнены, то и замечаем.
@user-hh8fj5xh3w
@user-hh8fj5xh3w 9 ай бұрын
Здравствуйте! Может вы правы внешне красива..., но должна быть внутренняя красота.., Как то года 3 назад она брала интервью у солистки Музикола Карины Абдулинной, начала лезть в душу, была очень навязчивой как это не понравилось Карине Абдулинной, как ни банально это звучит это работа журналистики...., но должно быть личное пространство которое не понравилось Карине...,
@user-cl8qu9li8y
@user-cl8qu9li8y 9 ай бұрын
үзбей соңына дейін көрдім. Керемет шынайы сұхбат. Айгерімді мен басқаша елестететінмін. Мен ойлағаннанда қарапайым, мықты екен. Қызыңның рахатын көр. Аман бол. Әйел бақытын тілеймін.
@Ukilimay_Amankyzy
@Ukilimay_Amankyzy 11 ай бұрын
Нәзіктіктің символы ғой Әйкерім❤ Керім десе Керім өзі😍 Әдияның тек қызығын көріңіз🤲🤲🤲
@Greenalmaty1
@Greenalmaty1 11 ай бұрын
Вааау😍 Жәй ғана жаңашылдық🤍 Қазақша таза психология😍 Айгерімнің екінші интервьюын көріп отырмын. Сізді қатты құрметтеймін, мықты дүниетанымыңыз, мықты мінезбен нәзіктігіңіз🤍 Жалпы сізге кішкене өзім жайлы айтқым келеді. Менде қыз жоқ, екі ұлым бар. Иә, шыныменде ұлдармен де барлығы басқаша. Бірақ ұлдарыма сіздің методтарыңызды міндетті түрде қолданамын. Шындығында, менің түсінігімше идеалды бала тәрбиесі жоқ. Біздің әр баламыз әртүрлі, мінездерін барлығын ұлдарымды оқып білуге тырысамын. Бірақ оларда күнде бір жаңашылық. Сіздің осы интервьюыныз арқылы ең түсінгенім-мәміле (сөйлесу). Рахмет сізге! Айтпақшы, мен кішігірім(әлде масштабты 😅) книгоманмын. Кітап маған Бұйырса деп едім. Бала арманым бар өзімнің жеке кітапханамды ашу. Және күндердің бірінде орындалатынына сенемін. Сол жерде сіздің сыйлығыңыз болғанын қалаймын😊.
@user-sz4mn2ts7b
@user-sz4mn2ts7b 11 ай бұрын
Жаныым ең керемет кеңесті Айкерім айтты көөп рақмет😍😍😍
Вселенная и Специальная теория относительности.
3:51:36
ЗЛОЙ АНАЛИТИК ВСЕЛЕННОЙ.
Рет қаралды 6 МЛН
Қос блогер қосылмақ па?! #жұлдыздар
1:25
Жұлдызды news
Рет қаралды 4,6 М.
ОДИН ДОМА #shorts
00:34
Паша Осадчий
Рет қаралды 3,4 МЛН
I MADE A CARDBOARD SWING!#asmr
00:40
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 19 МЛН
Макпал Исабекова: Балалы болмаймын деп қорықтым
1:11:29
Мөлдір Әуелбекова: Төртінші әйел болдым
1:34:49
Мамский әңгіме
Рет қаралды 664 М.
Жания Джуринская: Я сильно загонялась - было ужасно
1:07:14
Мадина Оспан: Жүкті болудан қорқамын
1:13:19
Мамский әңгіме
Рет қаралды 361 М.
Отбасында ақшаны кім ұстауы керек?
41:38
Мамский әңгіме
Рет қаралды 24 М.
YouTube's Biggest Mistake..
0:34
Stokes Twins
Рет қаралды 22 МЛН
ТАК ни у кого не получится! 🙅
0:18
НЕБО - СПОРТ И РАЗВЛЕЧЕНИЯ
Рет қаралды 4,1 МЛН
Уже зависима. Девушка 16 лет. Состояние жесть.
1:00
Никита Артамошкин PRO Трезвость
Рет қаралды 3,8 МЛН
Уже зависима. Девушка 16 лет. Состояние жесть.
1:00
Никита Артамошкин PRO Трезвость
Рет қаралды 3,8 МЛН
when I am sneezing
0:10
HiFunnie
Рет қаралды 11 МЛН
Мама играет в мой телефон
1:00
Штукенция
Рет қаралды 3,4 МЛН