Адам өлтіруі мүмкін қауіпті препарат | Қазақстанда жасалған дәрі-дәрмек сапалы ма? | ЕҢБЕК АДАМЫ #36

  Рет қаралды 6,599

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

11 күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: ӘЛІМХАН САПАРБАЕВ - Сапа бақылау бөлімінің маманы.
Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі - фармацевтика. Бұл саладағы біздің нарық тмд төңірегінде ең қарқынды даму үлгісін көрсетті. Қазіргі таңда елімізде 158 фармацевтикалық өндіріс жұмыс істейді, оның ішінде 42 өндіріс дәрілік заттарды өндіруге маманданған болса, 116 өндіріс медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірумен айналысады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2022 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығының көлемі 921,1 млрд теңгені, оның ішінде отандық тауарлар өндірісінің көлемі - 162,6 млрд теңгені еңсерген. Қазір шетелдерде тонналап шығарылып, басқа мемлекеттерге есепсіз экспортталып жатқан дәрілердің құрамы көбіне өсімдіктерден немесе жануарлардан алынады. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде өзіміз шетелден қымбатқа сатып алып жатқан дәрі-дәрмектердің 90 пайызының шикізаты Қазақстанда бар көрінеді. Демек, импортқа тәуелді болмай, өзімізді өзіміз қамптып, экспортқа да назар аударатын әлеуетіміз бар. Бірақ, ондай межеге, ондай мүмкіндікке жету үшін сапалы кадрлер, заманауи зертханалар қажет. Бүгінгі кейіпкеріміз осы салада еңбек етіп жүрген Әлімхан Сапарбаев. Ол сапа бақылау бөлімінің маманы. Дәрінің құрамы мен жасалу процессі жайлы өзі кеңірек баяндасын.
Бұл салада сең қозғалып, белгілі бір жетістіктер көріне бастағаны рас. Бірақ, тереңіне бойласақ, түйткілді мәселелер де аз емес. Мысалға, сәл кейінге шегініс жасап, пандемия кезінде дәрі-дәрмек тапшылығы өзекті мәселеге айналғаны есте болар. Сол кезде көптеген дәрі-дәрмек түрлерін шетелден импорттап, ішкі нарықтағы фармацевтикалық тауарлар өндірісі ақсап тұрғанын аңғардық. Соған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін, соның ішінде медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құру қажеттігі туралы баса айтқан болатын. Ол 2025 жылы Қазақстанда өндірілген дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық көлемін 50 пайызға жеткізу керектігіне екпін түсірді. Бүгінгі кейіпкеріміз сияқты мамандар сол межеге жету үшін зертханаларда аянбай еңбек етіп жатыр.
Жалпы, елдегі дәрі-дәрмектің сапасы әзірленген сәттен бастап, халық пайдаланғанға дейінгі аралықта үздіксіз тексеріліп отырады. Кез келген дәріні тіркеу кезінде әуелі сараптама өткізеді, одан әрі елге әкелер шақта да сапасын мамандар бақылайды. Қазақстанда дәрілік заттарды өндіру, сату және пайдалану нарығы тиісті ережелер мен нормалармен реттеледі. Фармацевтика нарығындағы қауіпсіздікке қатысты барлық жағдайлар бойынша Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы мұқият бағалау жүргізеді. Тұтастай алғанда біздегі фармацевтика саласы жүйеленген әрі дамып келе жатыр. Ата заңда мемлекеттің бірінші байлығы адам және оның өмірі деп жазылған емес пе? Ендеше, әр азаматтың өмірін ұзартуға арналған дәрі-дәрмекке мемлекет бей-жай қарамайды. Бұл тіпті, ұлт қауіпсіздігінің бір қыры болса керек. Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде деп жаттанды қағиданы жиі айтамыз, айтуға оңай, соны күнделікті өмірді ұстанып, сақтай білсек жақсы. Сау болыңыздар!
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 58
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 9 күн бұрын
Көріңіздер, таратыңыздар! Қарапайым еңбек адамдарын қолдайық!
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Осындай елімізде пайдалы жұмыс орындары ашылғаны қандай тамаша
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Дәрі дәрмек өндіру өте қауіпті мұқияттықты талап етіледі
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Өз елінде алған білімін халқының келешегіне пайдаға асырған жандар мың алғыс
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Сондықтан өзіміздің елдің өндірісінбағалайық ағайын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Еңбек адамы фильмі міне өзіміздің өндірісті де көрсетіп жатыр барымызды бағалайық
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Ұжымның білдіріп жатқан пікіріненде өте сыйлы еңбекқор жандардың ортасы екенін аңғаруға болады
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Дәрі дәрмек саласын бағалайық
@user-ds5co4kt4n
@user-ds5co4kt4n 9 күн бұрын
Қандай Керемет! Рақмет, Бізде де шығарылған дәрі дәрмек бар екен ғой!!Жастарымызға Сәттілік! Жұмыстары дамый берсін! Алға Қазақстан!!🇰🇿🇰🇿🇰🇿💐✊️✊️✊️
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Осылай осылай жұмыс орындары өзімізден ашыла берсе жастар шет ел аспас еді
@user-gb3hb8cm4r
@user-gb3hb8cm4r 9 күн бұрын
Бауырыма сәттілік,дами берсін,өркендей берсін.Отанымыздың өндірісі дами берсін.Керемет.
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Жауапкершілікпен еңбек ете білу де өте үлкен қасиет
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Міне керемет жандар
@user-wr8lf2er6l
@user-wr8lf2er6l 9 күн бұрын
Өте керемет әңгіме болды! Қазіргі кезде байқап отырсақ 80-2020 жылдар арасындағы жастардың басым көпшілігі мұндай әңгімені тыңдауға құлқы жоқ бірдеңке болып жетілді! Сол өкінішті! Ескі Қазақстан билігі осылай болуына тікелей кінәлі деп білемін!!! Көш жүре түзеледі демекші, өздерің сияқты жастар асығу керек, 1980 -2020 жылдар арасында өскен жастар алды 40қа келді, соңы 25те, осы жас аралығындағы жастардың санасы, тыңдау қабілетін арттыру, өзгеруіне телеканалдардағы әңгімелер әсер етуі қиын, себебі олар мұндай хабарларды көруі қиын, басқаша бір тағыда қимыл, іс-әрекеттер жетіспейтін сияқты!!! Сол жағына көңіл бөлсеңіздер екен🙏🏻 Өте жақсы сұқбат болды.
@ErdauletSmaknov
@ErdauletSmaknov 9 күн бұрын
Мықты бізде дәрі дәрмек
@ErdauletSmaknov
@ErdauletSmaknov 9 күн бұрын
Қазағым аман болсын
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Жанұясымен аман болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Мықты орталық
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Еңбектерің жансын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Өзімізді бағалаудың орнына өзгенің қаңсығына жүгіретін әдет қо бізде
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Шым қала тұрғындары еңбекқор халық және бауырмал
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Қаншама елмен байланыста екенін есте отырып өте разы боласың
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Әйел адамдар еңбекқор жандар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Мықты азамат
@user-pr7ed6gq9q
@user-pr7ed6gq9q 9 күн бұрын
Алимхан інім жұмысың алға баса берсін
@maxanovajanat5778
@maxanovajanat5778 9 күн бұрын
жарайсың
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Шымкетте дәрі орталығы өте жақсы
@user-oj1th8ql6b
@user-oj1th8ql6b 8 күн бұрын
Өте жақсы Басқа жербе ұлтан болғанша өз еліңде сұлтан бол
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Қазаққа біткен еңбеккор
@user-pn7kh2cf6x
@user-pn7kh2cf6x 7 күн бұрын
Алла берекесін берсін
@user-de7bg9cr5m
@user-de7bg9cr5m 5 күн бұрын
Нартай балам алла разы болсын. Елге осындай өндірістер керек.
@nazgulbayangali2165
@nazgulbayangali2165 5 күн бұрын
Құтты болсын! Еңбектеріңіз жкмісті болсын!❤
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Сапалы өнім өте мықты тексерістен өткен
@janibeksarsenov909
@janibeksarsenov909 6 күн бұрын
Дами беріңдер
@user-yp8nb2cc3n
@user-yp8nb2cc3n 9 күн бұрын
Сол шығарған дәрілерінің сапасы қандай.Мен дәрігерлерден естіп едім Шымкенттен шыққан дәрінің сапасы төмен деп,бірнеше адамнан естідім Белорустікі сапалы деп.Қазақстанда шыққан өнімдерді сенімді болып сапасына алғымыз келеді,бағасы ұшып тұрмаса
@user-rd1vm8op5y
@user-rd1vm8op5y 8 күн бұрын
Бәрекелді жігіттер, жұмыстарыңыз алға жылжи берсін.
@ErdauletSmaknov
@ErdauletSmaknov 9 күн бұрын
Чмкет шың қала алға
@user-wy8wn9cq1h
@user-wy8wn9cq1h 9 күн бұрын
каи жылгы жаналык
@abylai9050
@abylai9050 9 күн бұрын
Тігін цехының өзі қаншама тұрғынға жұмыс беріп отыр бұның өзі біздің халық үшін таптырмас мөмкіндік
@user-lb2qx9ee4s
@user-lb2qx9ee4s 9 күн бұрын
Балама осыдәрінің сапасын білейік нартай балам
@user-ut7fv4td2s
@user-ut7fv4td2s 9 күн бұрын
Менің группаласым👍. Молодец Әлімхан!
@user-ub5sg3pj4k
@user-ub5sg3pj4k 9 күн бұрын
қаншама әйелдер тіс салуға шамасы келе бермейді себебі имплант сырттан келеді өте қымбат,сондықтан өзіміздің елден шығарса имплантты жақсы болар еді
@dr.nurlan_shymkent
@dr.nurlan_shymkent 9 күн бұрын
👍👍👍
@user-xf6yp2pn4r
@user-xf6yp2pn4r 9 күн бұрын
Жаксы жандарымыз,халык ушин енбек жасасандар енбектерин жансын,халыктын дени сау болса сизлин енбектериниз,алла жар болсын сиздерге,токаев кормейди дурыс жандарымды,оган уры жуйе ыңғайлы
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 9 күн бұрын
Шымкет халқы еңбекқор
@user-de7bg9cr5m
@user-de7bg9cr5m 5 күн бұрын
Отандық өндірісті қолдау керек. Егер керекті шикізат өзімізде болса, неге шетелдік қымбат тұратын затты сатып аламыз. Шетелдік фармацевтикалық затқа тәуелділік ол осы саланы басқарудағы олқылық. Медицина саласына дұрыс басшысы керек. Осындай өндіріс өз еліміз үшін керек және мемлекеттік қолдауына сүйену керек.
@user-xm5hc8pi6o
@user-xm5hc8pi6o 9 күн бұрын
Выпускаемые лекарство в казахстане которые принимали не дало эффекта приходиться искать прежние лекарство
@user-fq6lt3ro5o
@user-fq6lt3ro5o 6 күн бұрын
Бирдебир Казакстандык дари кормеппин аптекадан,сап шеелдин дерилери
@user-mr9lj3zp1z
@user-mr9lj3zp1z 4 күн бұрын
Шоптен жасаныздар дарини
@user-cg5cb9qg5f
@user-cg5cb9qg5f 9 күн бұрын
Дәрі-дәрмек өндіретін фармацевтика дамыған ел болсақ, неге қымбат шетелдік дәріні і аламыз?
@user-vg5ll4qm9y
@user-vg5ll4qm9y 7 күн бұрын
Шприцтер териге салганда исинип,под кожа кетип жатыр неликтен.
@user-pf2te7lo7m
@user-pf2te7lo7m 3 күн бұрын
Отандық фармацевтика өнімдерінің сапасы жоғары болғаны дұрыс ғой, оған білікті мамандарды көптеп дайындағаны жөн. Ішкі нарықты дұрыс қамтамасыз етсе, еліміздің гүлденуіне, залықтың жағыдайының дамуына алып келуі сөзсіз. Бірақта медицинаның қай саласы болмасын, оларға қоятын талап өте жоғары болуы тиіс. Себебі : бұл жерде адам өміріне жауап береді. Сондықтан медицина қызметкерлерінің жалақысы да жоғары болғаны дұрыс!
@anarbayabibulla7621
@anarbayabibulla7621 8 күн бұрын
Қазақстандағы миллиондаған малға неге шет елден дарі аламыз? Вет аптекада тұрған дәрі дәрмектердің 95 пайызы шет елдіңкі
@user-uj3wy8rq9e
@user-uj3wy8rq9e 5 күн бұрын
Еңбек адамы дейсіңдер не істеп жатыр олар біз ғой қарапайым құрлыс саласының маманы ыз олар ары бері уақыт өткізіп жүреді айлықтарын көтерген бекер болды
@user-bo4uh8vu9h
@user-bo4uh8vu9h 6 күн бұрын
Сапасы нашар деп естигем
@user-mr9lj3zp1z
@user-mr9lj3zp1z 4 күн бұрын
Шоптен жасаныздар дарини
Қайрат Нұртас & ИРИНА КАЙРАТОВНА - Түн
03:41
RAKHMONOV ENTERTAINMENT
Рет қаралды 511 М.
Não pode Comprar Tudo 5
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 80 МЛН
Астарлы ақиқат: Түйенің зәрі
46:10
KTK TV
Рет қаралды 114 М.
Тылсым тарих: Жайық өзені
15:14
Atyraý TV / Атырау ТВ
Рет қаралды 9 М.
Астарлы ақиқат: Қорадан қаштым
43:13