Сырласайық деген бағдарламаларың өте маңызды! Осы әңгімелерді жас ұрпақтарға: студенттер мен оқушыларға қалай жеткізіледі? Дін тану деген пән мектептерге кіргізіп! Қандай керемет! Қуанып отырмын!
@ГулнурТулебаева-у2м3 жыл бұрын
Аллаға серик салумен ырымды шатыстырмау керек ырым деген ол улкен тәртип тазалык,Отқа маи қою деген осы аулетин отын оширмеи маздатып жагатын келин келди Еркек отағасы болса ошак қасы отАнасы сен Келин деп ырымдаиды,Паиғамбарымыз С.Ғ.С.аиткан гои,салемди кеңеитиндер кобеитиндер деп сол сияакты Келин салем салганда Бата алады Келинин салем бергени улкенге ол отбасынын озинин куиеунин амандыгын тилеиди,негизи Аллам адам баласына өмир бергенде баримизге Араб болыңдар деп бермеген шығар,Арабтарда озинин дәстурин биз сияактыларга жаимен бурмалап қоиган,Сол ушинде Аллаға серик салмау керек бирақ Алланын берген тилин динин дәстурин әр улт билип журу устану керек,Ата-Бабамыз Ислам динимен уштастырып дастур ырымды жасап кеткен сол ушинде,Арб болмаи Қазак болаиық баримиз бир Алланын жаратканы пендесимиз,Кезинде қыз бала дуниеге келгенде олтирип комген сол кезде Ислам дини келген содан бери ондаи қызды баланы олтиру деген сияакты токтаган ал бизде Қазакта қыз баланы төрге шыгарып қурметеген сол ушинде Ата-Баба дастурин ырымын умытпаныздар баршанызга Аллам берекесин берсин.
@УсербайРысаев Жыл бұрын
Қазақтың әр салтында тәрбие бар.Осының бәрін ширикке шығару Қазақты жою.Арабтандыру.
@radiantfuture39093 жыл бұрын
Бір салттың дұрыс яки бұрыс екенін айту үшін бірінші ол салттың мән мағынасын білу керек. Екі аят екі хадис үйрендім екен деп жөн жосықсыз пәтуа айтудың қажеті жоқ. Қазақ халқына жалпы беттің таралған және бүгінге дейін сақталып келе жатқан ырым тыйымдардың ішінде шариғатқа қайшы келетіні кемде кем. Өйткені он-оны екі ғасыр бойы исламмен сусындаған халқымыз бүкіл салт санасын сұрыптап, сүзгіден өткізіп, тозығын қалдырып, озығын жалғастырып келген. Ал отқа май құю туралы айтатын болсақ, қазақта ошақтағы оттың өшпеуі өте маңызды болған. Ошағың сөнбесін, отың өшпесін деген тілек содан. Шаңырағы ортасына түсіп, әулеті нәубетке ұшырап, отбасында тірі жан қалмағанда ол үйде тіршілік тоқтайды. Ол үйдің оты өшеді, ошағы сөнеді. Моржасынан түтін шықпайды. Тіршіліктің ізі жоқ, қазан қайнамайды, шәугімнен шай құйылмайды. Оған қоса өткен ғасырға дейін от жағудың өзіндік машақаты болған. Бытырай қоныстанған ауылдарда, ошақ сөніп қалса, оны қайта жағу үшін көршіден шоқ алып келу керек, сіріңке-шақпақ болса жақсы, болмаса от жағудың өзі қиын. От жоқ үйде жылу жоқ, от жанбаған пешке шай да қайнамайды. Сол үшін қазақ оттың әрқашан лаулап жанып тұрғанын жақсылықтың белгісі, тіршіліктің қыз-қыз қайнап, жалғасуы деп білген. Жаңа түскен келінге отқа май құйғызып, "осы үйдің бұдан кейінгі отының иесі сенсің, отбасыңда ошағың үнемі лаулап жанып тұрсын, жанұяңның отын маздатып, ішін жылуға, берекеге толтыр деген ниет қылады. Ал енді осыдан шаманизмнің ізін іздеу - я ақымақтықтың, я әсіре діншіл салафилік көзқарастағы ұстанымда болудың белгісі. Сол үшін, құрметті бауырлар, қазақтың салтын жамандамас бұрын, оның мән-мағынасын, астарын біліп алайықшы!
@region78503 жыл бұрын
Қумаш бауырым отқа май тамызу мүшріктерден яғни отқа табынатын қауымнан қалған дастүр ол қазаққа жат дастүр қазақтар ал елге еліктегіш халық
@radiantfuture39093 жыл бұрын
@@region7850 Егер салафи болсаң дауласып басымды қатырмаймын.
@toishymuhtar54373 жыл бұрын
Өте керемет жаздыңыз АЛЛА разы болсын , баяғыдан қаншама ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қазақтың əдет ғұрып салт дəстүрін мұнда келіп сұрыптамай ақ басқа шаруаларыңды түзеп жүрсеңдер сол жөн болар еді , отқа май салу баяғыдан бар жəне жалғасадыда, қазақтың шырқы онсызда бұзылып жатқаны тұстары қабырғамды қайыстырады , қазақтың баяғыдан келе жатқан салт дəстүрін енді əңгіме қылып сұрыптап сараптамай ақ қойыңдар айналайындар
@ayazgultemirova2463 жыл бұрын
Сырласайық хабары,
@АкмуратЖансери3 жыл бұрын
Қазақ халқы ислам дінін қабылдағанға дейін Тәңірге сиынған. Былайша айтқанда Тенгиряндық дінді ұстанған. Ислам діні келгенімен халық өміріндегі ғасырлар бойында қалыптасқан әдет-ғұрыптарды толық ысырып тастаған жоқ. Сондықтан, уақыт өте діни ережелер мен әдет-ғұрыптар араласа бітесіп кеткен. Осындай дүниелерді атай кетсек, онда ол бәріміз сыйлайтын Наурыз мейрамынан басталады. Наурыз ислами мейрам емес. Ол Зоростряндық діни ұстаным кезеңінен бері келе жатқан әдет-ғұрып. Сол сияқты, отқа май құюда ғасырлар бойы халық өміріне бойлай сіңіп кеткен әдет-ғұрып.Ислам дінінің қағидасына қарамастан, қазақта әруаққа сиыну қалыптасқан және әруақтар әрқашан айналамызда жүреді деген сенім бар. Сондықтан, жанұяның босаға аттайын деп отырған жаңа мүшесі, тірілермен таныспай тұрып, әруақтардың ризашылығын алуы қажет деген ұғым қалыптасқан. Отқа түскен майдан шыққан иіс сол әруақтардың ризашылығын келтіреді деп түсіндіріледі. Әңгіме өрбітіп отырған ханымдар әдет-ғұрыппен ырым деген ұғымды бірге қарастырып шатастырып жатыр. Ырым о бастан діннен бөлек, мыстандар мен жын-шайтанмен байланысты іс-әрекет деп сенілген. Ал әдет-ғұрыптар этногенездік үрдістің әр сатысында ұстанылған діни ұстанымдардан түзілген.