Өте жақсы бастама! Қазақ тілін білу,меніңше ата-бабаңның,ұлтыңның тарихынан алыстамау,қазақ тілін жетік біліп сөйлей білу, бүкіл Еуропаны тітіреткен түбі бір түркі тілінің түп тамырынан ажырамау,уақытында тіл үшін бар өмірін арнаған ұлт көсемдерінің еңбегін жалғастыру деп білемін!
@РаушанМиллиардер3 жыл бұрын
Өте мықты 💪керемет сұхбат болды. Жан жақты қозғаған тақырып өте дұрыс! Рахмет аға! Сіздердей тұлғалар көп болсын!
@РаушанМиллиардер3 жыл бұрын
Айтысты қатты жақсы көремін, жас кезімнен әкемнің теледидардан көзін алмай шабыттанып көретінін байқап жайлап менде көре бастадым.Әкем мендегі ұшқынды байқап домбыра сатып әперіп еді ауданға барып. Сол кезден бастап домбыра үйірмесіне бара бастадым. Біраз конц қатыстым. Петропавлды орыс қаласы десе де барлық ақындарды жатқа білемін және қазақта ғана бар осы өнерге басымды иемін!
@ЛәззатАйтбекқызы2 жыл бұрын
Өте керемет сұқпат болды жақсылықтарың таусылмасын айналайын Дулатжан.
@АйманМайкенова-д6х3 жыл бұрын
"Ана тілім-арым менің"- дегендей, қолымнан келгенше артымнан ерген ұрпағыма өз тілінде сөйлетіп, қазақ сөзін жүрегіне жазып өтемін деген ойдамын. Қазағым жасасын!
@РустемКайыртай3 жыл бұрын
Өте сүбелі сұхбат болыпты. 👏🏻👏🏻👏🏻
@КазбекОзбаев Жыл бұрын
Тәңір жарылқасын!
@NursultanUmirbekuly8 ай бұрын
Ассалаумағалейкум! Жүрсін көкемізді қараған сайын қызықтырып қояды, қазынасы мол, қаза білетін сұхбаттасушы керек! Әдемі сұхбат!
@БауыржанИскаков-с7з3 жыл бұрын
Қазіргі уақыттағы өте өзекті мәселені қолға алғаныңыз бізді қуантады Дулат аға. “Тілім ертең өлсе мен бүгін кетуге дайынмын” дейтін азамат ретінде, ұлттың рухын көтеруге ат салысатын айтыстың жанашыры ретінде, зиялы қауымның абыройын көтеретін меценант ретінде, Семейдің қақ ортасынан бой көтерген үлкен мешітті жамағатқа табыстаған иманды азамат ретінде құрметтейміз. Қазақ тілінің деңгейін көтеру үшін үлкен мем. бағдарламалар емес, өзіңіз бастамашыл болып, қарапайым ғана халыққа жететін тәсілмен таралу деңгейін арттыруға болатынын дәлелдеп келесіз. Біз сізді қолдаймыз. Ұлтымыздың керемет тілі -қазақ тілінің дәрежесі көтеріле берсін. Әр қазақстандық- қазақша сөйлессін✊🏻✊🏻✊🏻.
@АйгүлМұстафаева3 жыл бұрын
Өте орынды мәселені талқыладыңыз Қазақ деген жүрегіңіз, жанашырлығыңыз мәңгілік болсын
@ЛәззатАйтбекқызы2 жыл бұрын
Жүрсін аға аман болшы,қазақтың айтысының қара нары.Осы кісіні ұлықтаған Дулатай ерлер көп болсын.💞👍👏👏
@АқылбекОралғазин3 жыл бұрын
Айтыстың шын жанашыры жас Дулатқа өмірде Ақжол тілеймін! Қолдаушың Алла болсын! Жүрсін аға сияқты жетпіске келгенде жаныңда достарың, тілекшілерің көп болсын!
@Kausar_qurmetqyzy3 жыл бұрын
Менің тілім. Ана тілі, айбынымсың, Барымсың - байлығымсың. Көлімсің көмкерілген, Жүзетін айдынымсың. Салтымның сәнді үйісің, Халқымның ән-күйісің. Бабамның аманаты, Анамның әлдиісің. ...Десек те тамаша күн, Бұлдырлау болашағың. Осынау тағдырыңа, Түседі араша кім? Тәуелсіз іргелі елде, Түстің-ау дүрбелеңге. Өзге тіл өктем сөйлеп, Тұр биік мінбелерде. ...Қонақжай өлкеден бе ек?, Ертеңі ертегі ел ме ек?! Өзге тіл жоғарылап, Барасың, сен төмендеп. Бар елміз азаттығы, Азат - ұлт, азат - тілі. Төрінен Қазақстан, Төгілсін қазақ тілі!
@МаржанАхан-ь8ф3 жыл бұрын
Әкемнің құты, Анамның сүті- Сіңірген тұла бойыма. Бар асылын халықтың, Қазақтың ұлы тарихтың, Құйған сана ойыма- Туған тілім өркенде, Бола бер күшті, көркем де!
@А.А-т9н3 жыл бұрын
Дәке , тек алға!
@РизуанЕримбет3 жыл бұрын
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат Қазақ тілім!
@НурболатАбзалханов3 жыл бұрын
Ана тілім анамның әлдиі еді!!! Мен қазақпын тілімді қадірлеген, Өз тілімді сүйемін жанымменен. Деген сөзді өмірден өтсемдағы, Тасқа жазып кетемін қанымменен! Тілім үшін барымды, бәрін берем Қорғап өтем мәңгілік жанымменен, Құрбан болам азаматтық арымменен, Жан болса егер көзімше жәбірлеген. Мәртебесі тілімнің өсер болса, Жібермеймін өзгеге есемді онша. Теңесемін тік сөйлеп топқа түсіп, Мен өшемін-егер тілім өшер болса!! Әрбір қазақ өз тілінде шешен болса, Ал өзгеріп өзге тілге көшер болса Тілім үшін тік тұрам шындықты айтам, Кесіп алсын тілімді кесер болса!! Бере алмай сөйлеуге тіліме ерік, Жүргенімше мұңайып күңіреніп, Тағдыры үшін ұлытымның табыт болып, Мен дайынмын кетуге бүгін өліп!!! Ана тілім анамның әлдиі еді, Әкешімнің сөз еді тәрбиелі, Жетпіс жылдай тұншыққан бодандықта, Бабалардың ашынған зар күйі еді!!! Сол тіліміз шұбарланып кетпес үшін, Тал бесіктен бастайық тәрбиені!!!! Абзалханов Нұрболат Мәжитұлы.
@КадылбекОмаров3 жыл бұрын
Тамаша сұхбат!
@sayazhakanova98133 жыл бұрын
Тіл - әрбір ұлттың жаны, сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарау - ынтымақтастықтың белгісі. Мен өзімді тіл жанашырымын деп есептеймін. Жылда студенттермен әртүрлі іс-шаралар өткіземін. Тілге байланысты мақалаларым "Айқын", "Ана тілі" газеттерінде жарық көруде. Ана тілімізді құрметтейік! Қазақ тілінде таза сөйлеп, мәртебесін асқақтата берейік!
@ГульмираКапасова-и1ы3 жыл бұрын
“Ана тілім арым бұл, ұятым боп тұр бетте”- деп ақын жырлағандай, әр қазақ ана тілін өз туған анасындай құрметтесе, қанеки! Өте жақсы сұхбат! Айтысты нағыз айтыс дәрежесіне көтерген Жүрсін ағамыз тарихта қалатын Азамат! Ендігі айтыстың жанашыры болып, Дулаттай жастардың, азаматтардың шығып жатқаны көңілге қуаныш сыйлайды! Сәттілік тілейміз!
@nurlanbigazin5323 жыл бұрын
өте маңызды
@А.А-т9н3 жыл бұрын
Өз тілінде ойламаған,сөйлемеген адам-жарты адам. Ондай адам ана қадірін білмейді, демек ондайлар үшін еш заттың қадірі жоқ! Ана тілің алпыс тілге татиды. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
@kalimashsarbasova93643 жыл бұрын
Сұхбат тамаша! Аға аман болыңыз!
@user-rekeamir3 жыл бұрын
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін ең алдымен қажеттілік тудыру керек. Балтық елдерінің тәсілдерін қолдану керек деп ойлаймын. Қазақ тілінде сұрап, қазақ тілінде жауап беруге көшу керек. Бір қаракөз әр тілді ортада қазақша сөйлесе қалғандары қолдауы керек деп ойлаймын. Әркім өзінен бастау керек.
@veneramuratqyzy59543 жыл бұрын
Тіліміз тілімденбесін! Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі! Алайда қазақ тіліміз шын мәнінде мемлекеттік тілге айналды ма? Көшедегі жарнамалардың қазақ тілінде қате жазылуы әлі күнге дейін орын алып отыр. Көше жарнамалары тұрмақ мекемелерде мемлекеттік тілде жазылған тақтайшалардағы қателіктерді де көз көріп жүр. Қайда барсаң да қазақ тілінің мәселесі алдыңнан шығады. Тілге салғырт қараудың салдарынан елімізде қазақ тілі әлі күнге дейін өз деңгейінде қолданылмай отыр. Сондықтан, әр қазақ жүрген жерімізде қазақша сөйлесек, өзгелерден соны талап етсек қана қазақ тіліне сұраныс туады, өзге ұлт өкілдері де көптеп үйрене бастар еді. Әйтпесе бізде әлі күнге дейін ресми тілдің үстемдік құрып тұрғаны жасырын емес. Арамызда бір өзге ұлт өкілі отырса, жиынымыз міндетті түрде ресми тілде өтеді. Өйткені оны сыйлауымыз керек. Олар неге бізді, біздің тілімізді сыйламайды? Сыйлайтын болса неге мемлекеттік тілді үйренбейді? Қорыта айтқанда, қазақ тіліне қажеттілік туғызбай істеген ісіміз де, айтқан сөзіміз де бос әңгіме. Қазір тіліңді жақтасаң, қазақтығыңды қорғап сөз айтсаң болғаны ұлттар арасына жік салушыдай көретін әдет шығарып алғанбыз. Сонда өз тілімізді қорғап, жанашырлық таныта алмасақ, өз елімізде өз тілімізді үстем ете алмасақ, біздің кім болғанымыз?! Бір кездері қазақ тілінің тағдырына алаңдап «Ана тілім» атты өлең жазған Сағат Әшімбаевтың: «Ардағым-ай, бағың да ашылмады-ау, Ашылмады-ау, дауың да басылмады-ау…» деген жыр жолдары еріксіз ойға орала береді.
@СымбатЖекенова3 жыл бұрын
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сол себепті қазақша сөйлейік.
@АбзалШакимардан-г4ъ3 жыл бұрын
Туған тілім. Тұғырына қонбасада төрдегі, Өшпек емес өзінше бір өрнегі. Туған тілі өлсе егер адамның, Меніңше бұл өзінің де өлгені. Туған тілім қасиетім сен менің, Тығырықтан алып шығар сенгенім. Тура сөйлеп өз тілімде жырласам, Талай талай надандарды жеңгенім. Ардақ тұтар Ана тілім ардағым, Арқалаған аз Қазақтың салмағын. Әрбір Қазақ қадіріңді білсе екен, Осы менің көкейдегі арманым.. Сан ғасырлар сақталған бай тіліміз. Ешқашан биігінен құламайды.
@АльмираДуйсекенова-ц2и3 жыл бұрын
Өзім шетелге барып көргем жоқ, бірақ әлеуметтік желілерде көріп жатамыз, өздеріңіз де шетелге барып-тұрасыздар, қай елге барсаңыз, тіптен тұрсаңыз, сол елдің тілінде сөйлейсіз, сөйлемесеңіз аш қаласыз, тілшімен өмір бақи жүрмейсіз. Сондықтан өз еліміз ана тілін, мемлеткеттік тілін басқаларға құрметтету өзімізден басталады. Отбасымызда қазақша сөйлеп, баламызға білім нәрін ана тілінде сусындатуымыз керек, тәрбиені өз тілінде беруіміз керек. Анасы қазақ тілінде сөйлесе, баласы да сол тілде сөйлейді, себебі баласы анасының тілін естіп өседі. Содан кейін қазақша ортада өсіру керек, қазақ бала-бақшасынан бастап,мектеп, жоғарғы оқу орнында жалғастыру керек.Қащақ әдебиетін, мәдениетін, ән-күйін тыңдап өсіп, бойына сіңіру керек. Ал бізде қалай, басқа ұлт өкілімен ұлтаралық - орыс тілімен сөйлесеміз, тілімізді бұрмалап, тіпті орыс тілді қазақпен де. Егер акцентпен орысша сөйлесек, күледі, қате жазсақ, инстаграмда синтаксистік, грамматикалық талдау жасайды. Қазақ тілін игермеген адамдарға ешкім күлмейді, сөкпейді. Өз өзіңді сыйласаң, жат жаныңнан түңілер. Өз ана тілімізді, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, күнделікті өмірде, іс-жүргізу қағаздарында, барлық жерде қолданайық. Тек таза қазақ тілі болу керек, диалектсіз. Небір қисынсыз кірме, аударма сөздер кездеседі, оны басқа ұлтты қойып, қазақша ойлап өскен мен де түсінбеймін.Әйпесе, тілімізден айырылып, ұлт ретінде жоғалып кетпейік. Өзім - еліміздің тарихи-мәдени астанасы -Семей қаласынан, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты аталармыздың отанынан, Алашорда еліненмін.
@СаюраТ-п9п3 жыл бұрын
Қазақ тілі - бабамның тілі, арым мен жанымның, жүрегімнің үнін жеткізетін Алламның бізге нығмет еткен үлкен сыйы. Аталарымыздың бізге мұраға қалтырған аманаты. Сондықтан да ұлтымның мәртебесін биікке көтеру үшін, ана тілімізді қастерлей білуіміз керек.
@ХадырбекАсхан-я6й3 жыл бұрын
Мен ана тілімізге көңілім қатты толмай жүр, себебі, документіңіз бәрі орысша, депутаттарыңыздың көбі орысша, қазақтың суын ішіп, нанын жеп отырып тілімізді ұнатпайтын адамдар бар, тіпті басқа ұлт емес өз қазақтарымыз осыларды ел болып намыстанып жеңе алмадыққой 30 жыл өтті, енді қанша жыл жартымыз қолдап, жартымыз қорлап жүретінізді кім білсін. Жүрсін аға бастаған ақындарға, қолдап жүрген сіздерге Алла разы болсын! Шұғайып Сезімхан, Біржан Ахмер, Ершат Қайболдин
@ХадырбекАсхан-я6й3 жыл бұрын
Кеше ғана тендірге қатысайын десем орыс тілін таңдаңыз дейді неге десем, қазақша түсніксіз аударалмайсың дейді, орыс тілі оңай дейді міне, біздің елміздегі тіл жағдайы. Құжатты қазақшалау керек
@joskiyt92063 жыл бұрын
асыл домбыра айтысы аксуатта кашан болады (финал)
@А.А-т9н3 жыл бұрын
сұмдық айтыпты!
@НуржанСадыков-я4и3 жыл бұрын
Ана тілі- ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау- арды шұбарлау. Ең жақсы адам- ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершилікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу- саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Г. Паустовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік" деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
@МаржанАхан-ь8ф3 жыл бұрын
«Тiлсiз ұлт, тiлiнен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшiн бiрiншi шарт - тiлi болу. Ұлттың тiлi кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетедi. Ұлтқа тiлiнен қымбат нәрсе болмасқа тиiстi».М.Ж ✅
@ЛәззатАйтбекқызы2 жыл бұрын
Әрбір сөзі алтындай болған Жүрсін аға аман бол.
@ТемирланИбраев-л8ч3 жыл бұрын
Досым жоқ менің деген өленің таппадым.қайда бар екен ????
@ЛәззатАйтбекқызы2 жыл бұрын
"Өте маңызды" кітабыңды қалай алыуғ болады Дулат.Толық жауап берші.
@ДаниярКайнолаев3 жыл бұрын
Адамзаттың тілі әртүрлі болғанымен адамгершілікпен ана тілің біреуғой...
Тіл - әрбір елдің ана сүтімен даритын баға жетпес қазынасы, киелі мұрасы. Ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, қастерлейтін ұлттың келешегі кемел, болашағы жарқын болмақ. Себебі, атадан балаға сақталатын салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызды ана тіліміз арқылы танимыз. «Өзінің ұлттық қасиетін, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, білімді, ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ дегеніміз - өз тілін шұбарлап, өзге тілде сөйлегенін мақтаныш ететін ұрпақ емес, өз ана тілінде еркін сөйлеп, оны жетік меңгерген ұрпақ деп білемін. Себебі, өз тіліңнің әдемілігін сезінбей, басқа тілдің қадірін түсіну мүмкін емес. Сондықтан, жүрегі қазақ деп соғатын әр адам өз ана тіліміздің аяққа тапталуына жол бермей, мәртебесін көтеруге атсалысуы қажет. Ол үшін қоғам арасында қазақ тіліне деген қажеттілікті арттырып, қолданылу аясын кеңейту керек, атап айтқанда, елімізде өткізілетін іс-шаралар, құжаттар мемлекеттік тілде болуы қажет.
@КайратМалгаждаров-ш1з3 жыл бұрын
Айналайын Дулат ақындар ақын болу керек! Сөз қуған заржақтықта жақсы емес.
@Sabirova_3 жыл бұрын
"Сөз атасы - сәлем" демекші, баршаңызға сәлем бердім. Тіл жайлы жазып та, айтып та кеткен ғұламалар аз емес. Соның бірі Ғабит Мүсірепов "Тіл - салақ сөйлегеннен бұзылады" деген екен. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдағы мәртебесі, өкінішке орай, осы тіркеске сиып кетер деңгейде тұр. Диалогта да, ән мәтінінде де, жарнамаларда да таза қазақ тілінде емес, шұбарланған, шұбарлаңқы сөздер мен тіркестер жиі кездесіп жүр. Өзгені кінәлауды қойып, әр қазақ " Мен - қазақпын" деп босқа кеуде соқпай, өзінен бастаса, қазақ отбасында әр сәбидің тілі ана тілінде былдырласа, 1%-ға болса да Тіліміздің деңгейін көтеруге ат салысқан болар едік... Әдеби шығарма оқу, айтыс өнерін тамашалау қазақ тілінің қандай ғажап, керемет тіл екендігін аңғартады. Тіл - ұлтымыздың ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ. Ұмытпайық!