Сабақ 2. Жаһандық өндіруші компаниялардағы сатып алу жүйесінің ерекшеліктері

  Рет қаралды 31

QazTengri

QazTengri

Жыл бұрын

Тапсырыс беруші қамтушыны таңдау кезінде бірінші кезекте не нәрсеге назар аударады?
Сатып алу жүйесі - бұл кез келген компанияның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, оның бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығына айтарлықтай әсер ететін маңызды бизнес-процестердің бірі. Tengrinews.kz Қазақстанның жетекші мұнай өндіруші компаниясы - "Теңізшевройлмен" (ТШО) бірлесе отырып, "Бизнес-мектеп: Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?" арнаулы жобасы аясында қазақстандық кәсіпкерлерді пайдалы ақпаратпен таныстыруды жалғастыруда.
Ірі компаниялармен, оның ішінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) және "Теңізшевройл" (ТШО) Қамтушыларды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін ТМД-дағы жаһандық сатып алу жөніндегі тәуелсіз халықаралық сарапшы Максим Барановтың түсіндіргеніндей, жаһандық компанияларда, әдетте, сатып алу процестерінің жетілу деңгейі жоғары. Жетілу процестерді орындау кезінде және басқарушылық шешімдер қабылдауда қолданылатын құралдар мен тетіктер жиынтығымен анықталады, мысалы, жетілудің бірінші деңгейі үшін қамтушылардан ұсыныстарды негізінен баға бойынша салыстыру, комплаенс талаптары негізінде кесу жағдайларының болмауы, әртүрлі санаттардағы сараланған басқарудың болмауы және т.б. сипатталады, ал бұл кезде басқа жетілу деңгейлеріндегі (мысалы, Гартнер бойынша өлшеу) процестерде барлық механизмдер пайда бола бастайды.
Тапсырыс беруші қамтушыны таңдау кезінде бірінші кезекте не нәрсеге назар аударады?
1. Қызмет көрсету деңгейі. Бұл қорды толықтыру циклі кезеңінде тауар тапшылығы болмайтындығын көрсететін көрсеткіш. Бұл жеткізу көзінің сенімділігіне, компания ішіндегі операциялардың үздіксіздігіне, барлық бөлімшелердің өздеріне қажет нәрселермен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Бұл ұсыныстарды салыстыру формуласында қалай болса да көрінетін ең маңызды пункт.
2. Қызметтің осы деңгейіне қол жеткізетін құны, яғни меншіктің жалпы құнының маңызды бөлігі.
Мысалы, егер біз өнім туралы айтатын болсақ, оны сақтау шығындарын меншіктің жалпы құнына жатқызған жөн. Ал, көрсетілетін қызмет үшін, мысалы, егер сіз аудит жүргізсеңіз, бұл оны көрсетуге қажетті жағдайларды ұйымдастыруға кеткен шығындар болуы мүмкін. Көбінесе аудиторлық компания өз жұмысын жүргізу үшін ерекше жағдайлар жасауды талап етеді, мысалы, аудиторлар олардың шешіміне әсер етуі мүмкін қызметкерлермен кездейсоқ байланыстарды азайту үшін "этикалық қабырғаларды" құруды сұрайды.
3. Қаржылық тұрақтылық. Бұл - компанияның тұрақты төлем қабілеттілігіне кепілдік беретін шоттарының жағдайы. Қамтушының қаржылық тұрақтылығы тапсырыс берушінің қызмет көрсету деңгейімен тікелей байланысты.
Мысалы,қамтушының қаржылық тұрақтылығы төмен. Онымен келісімшарт жасалды, ал оған қосымша өнім шығару үшін шикізат немесе басқа машина сатып алу үшін қаржыландыру көздері жетіспейді. Нәтижесінде тапсырыс беруші зардап шегеді. Сәйкесінше, қызмет көрсету деңгейі сақталмайды, ал бұған себеп - қамтушының қаржылық тұрақсыздығы. Ақырында тапсырыс беруші тарапынан айыппұл санкциялары орын алуы мүмкін.
Тапсырыс беруші қамтушының қаржылық тұрақтылығын қалай бағалайды?
Негізінен тапсырыс берушіге қамтушының қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін 3-5 кезең ішінде тоқсан бойынша егжей-тегжейлі үш қаржылық құжат жеткілікті. Бұл:
- cash flow - ақша қаражатының қозғалысы;
- пайда мен шығындар туралы есеп;
- бухгалтерлік баланс.
Осы құжаттардан тапсырыс беруші көптеген пайдалы ақпаратты біле алады. Мысалы, EBITDA-ның (компанияның міндеттемелері бойынша төлемге дейінгі пайдасы) қарызға қатынасы. Оның осы сала үшін орташа көрсеткіштерден қаншалықты ерекшеленетінін түсіне отырып, тапсырыс беруші қамтушы кредиттік ұйымдар үшін тартымды ма, қаржы институттары оны кредиттеуге дайын ба, соны түсіне алады. Егер осы арақатынас саладағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай төмен болса, онда қамтушының кредиттік ұйымдар үшін әлеуетті тартымдылығы жоғары.
Cash flow бойынша түсім динамикасына келетін болсақ, тапсырыс беруші белсенді өтімділік ағыны тұрғысынан қамтушы бизнесінің қаншалықты тұрақты екенін түсінеді.
Баланстағы өтімділік баптарының арақатынасы қамтушының қысқа мерзімде ақшаға айналдыруға болатын ақша қорлары, өтімділіктің басқа нысандары немесе квази-өтімділік қорлары бар екенін көрсетеді.
4. Техникалық талаптар.
Егер тапсырыс беруші техникалық талаптарға сәйкес келмейтін өнімді сатып алса, онда қызмет көрсету деңгейі бірден төмендейді.
Мысалы, тапсырыс берушіге корпустық құбырлар қандай да бір параметрлер бойынша сәйкес келмесе, ол басқасын күтуге мәжбүр. Күтуге кеткен уақыт ішінде тапсырыс беруші мұнай немесе газ шығармайды. Бос тұрған күнді өндіруге болатын пайдалы өнім көлеміне көбейтсе, тапсырыс берушінің тікелей шығындарының көлемі белгілі болады. Қызмет көрсету деңгейі сатып алу функциясының өзінде төмендеп қана қоймай, ол өзінің ішкі міндеттемелерін орындамады, сонымен бірге алынбаған кіріс пен шығын пайда болды.

Пікірлер
Құлсарыдағы наразылық. Халық неге толқыды?
4:20
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 47 М.
Видео 2   Анализ целевых рынков QazTrade Academy
5:57
Академия QazTrade
Рет қаралды 10
Каха с волосами
01:00
К-Media
Рет қаралды 6 МЛН
Don’t take steroids ! 🙏🙏
00:16
Tibo InShape
Рет қаралды 29 МЛН
Мейірбек жоба қатысушысы емес!😮 Бір Болайық! 16.05.24
1:10:24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 52 М.
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 9 МЛН
АНГЕЛ-ХРАНИТЕЛЬ 2 серия
34:13
ASTANATV Movie
Рет қаралды 2,7 МЛН
Қыз жасауын дұрыс жинап жүрміз бе?
5:18
Каха с волосами
01:00
К-Media
Рет қаралды 6 МЛН