Саналы бала/ Санжар Керімбай: Заманауи методикаларды мойындамаймын...

  Рет қаралды 44,397

Sanalybala

Sanalybala

Күн бұрын

Пікірлер: 224
@БотакозОрынтай-ъ4т
@БотакозОрынтай-ъ4т 9 ай бұрын
Біз мен 3 жаста болғанда 1993 жылы Монғолиядан көшіп келдік. Қарағанды облысында тұрдық, көршілеріміздің ойнайтын балалардың бәрі орыс 6 жасымда көршінің қызы 1 сыныпқа баратын болды, менің де тілім орысша шығып кеткендіктен орыс мектебіне берсек деген ұсыныс түсті, мен Монғолиядан туыстарыммен сөйлесе алмай қаламын қазақ мектебіне барамын деп келесі жылы қазақ мектебіне бардым. Оқуда озат болдым, қазақша оқыдым, бірақ жұмыста іс қағаздарын орысша жүргізетінбіз. қазір балаларымның орыс тіліне жұтылып кетпеуін қадағалаймын, мұсылман екенімізді естеріне салып отырамын, менің үздік маман болғаннан гөрі балаларыма дұрыс жол нұсқағаным маңызды екенін мойындаймын және сол бағытта жұмыс жасаудамын.
@ҒалымжанКерімов
@ҒалымжанКерімов 9 ай бұрын
Казір балға Қазақ мектетінде білім алғаны дұрыс...
@Гульнар-ц5г
@Гульнар-ц5г 9 ай бұрын
Дұрыс жасағансыз❤Орыс тілінің болашағы жоқ.
@НурмаханКарабалаев
@НурмаханКарабалаев 9 ай бұрын
Керемет игі іс нағыз патриоттық Құдай қолдасын.
@ЕржанХаныкей
@ЕржанХаныкей 9 ай бұрын
Дұрыс
@Azhar-i8s
@Azhar-i8s 9 ай бұрын
Мен ұлымды 1-кластан орысша оқыттым уйткені өзім шетелден көшіп келіп,алматыда орыс тіліннен абден көресінді көрдім,қазақтардың өзі орысша сөйлемесең қарамайтын мәңгүрт болды,бірақ балам қанша орыс тілінде оқысада қазақша ойлайды қазаққа буйрегі бұрылып тұрады ,себебі бізде баламыз кішкентай кезде қазақ ертегілерімен сусындаттық соған қуанамын😊
@БерикБаймурат-я6у
@БерикБаймурат-я6у 9 ай бұрын
Неге қазақ теле арналарында осы Санжар ағымызды көрсетпейді, қайдағы жоқ бағдарламаларды бергенше....
@ГаухарЖолмаханбет-э9п
@ГаухарЖолмаханбет-э9п 9 ай бұрын
Қазақта "Ер туған жеріне" деген сөз бар. Туған ауылындағы мектептен соң оқымай, вино ішіп, темекі шегіп, қайда вешір, қайда төбелес деп жүрген, жасы 24-30 дың арасындағы отыз шақты жігіттерді жаз бойы бір тиын алмастан оқытып, одан әкеліп Алматыға жоғарғы оқу орындарына түсіріп жіберген еңбегін ерлік деп айтуға тұратын шығар. Ең алғаш осы ісін естігенде- ақ бұл кісіге құлап түскенмін. Қазір сол жігіттердің бәрі өмірден өз орындарын тауып, бақытты өмір сүріп жатыр. Және олардың біразын танимын, өмірде араласамын. Санжар ағаның осындай айқайламай, өзін жарнама жасамай, міндетсінбей жасаған талай істеріне өзім куәмін. Сол себепті де жақсы көремін, сыйлаймын, құрметтеймін. Шығарған кітаптарын әлеуметтік желі бетінде барынша насихаттауға тырысатыным да сондықтан. Бұл подкаст бұрынғы подкасттан өзгерек екен. Бала тәрбиелеп отырған барлық ата- ана мен мұғалімдер көріп шықса деймін.
@AdilbekNabi
@AdilbekNabi 9 ай бұрын
Санжар көкемнің Ақдалада мектеп ашып, 30 ға келген жігіттерді тем более ішіп шегіп жүрген жігіттерді оқытып университетке түсіргенін естідім. Егер оларды оқытпаса қаншама адам жұмыссыз оқымаған адам болып ауылда жүрер еді. Нағыз ағартушы көке
@erke_qr
@erke_qr 9 ай бұрын
Санжар аға айтқан инстаграмда отыра беретін еріншек ата-ананың бірі мен екенмін. Қыздарым қазақ мектебінде оқыса да, тек орысша сөйлеп жүр. Таза қазақша сөйлеуге тырыссам да, 2-дегі ұлым да қыздарға еліктеп орысша сөздер айтып келеді. Өзбекәлі, Бейсен ағаларымыз туралы, Қуыскеуде кітаптарын оқып шықтым. Жылап тұрып оқыдым ғой кей жерлерін. Балаларыма Әлдиден эпосқа дейін кітабынан күнде бір шығарма оқытуды бастадым: оқып шығып, мазмұнын айтады. Түсінбей, қиын деп жылайды😂 Басында улап-шулап оқитынбыз, енді тек түсінбеген сөздерін келіп сұрап алады. Осыны дәстүрге айналдырып, бұйырса қиссаларды да жаттап бастаймыз деген үміттемін🙏🏻 Осындай ағартушы ағаларымыздың еңбектері жемісті болсыншы! Балаларымыз саналы, ұлтжанды болып өссе болды емес пе, қалғанының бәрі бар елімізде! Рақмет керемет сұхбатқа❤️
@ЖанатРайысова-и1ч
@ЖанатРайысова-и1ч 9 ай бұрын
Лайым барлық ата -ана сендей ойласа ұрпағымыз жақсы,тәрбиелі ұрпақ болып шығар еді.Еңбегіңнің жемісін көр!
@janelsakenkyzy
@janelsakenkyzy 8 ай бұрын
Пікіріңізге бас ием,тыңдарман.тыңдаушымызда құлақ ассақ болар еді.арнаға бөлімбей өзен болып қосылады,түбі теңіз.
@АлмагулУмаргалиева
@АлмагулУмаргалиева 9 ай бұрын
Санжар мырза сізге көп-көп рақмет!Санама сілкініс бердіңіз!Ұйықтап жатқан нейрондарымды ояттыңыз!Жасым 50 ден кетсе де,шіркін, сол сіздің лагеріңізде оқысам ғой деп армандаймын.Отыз жігітті оқытуға сара жол салғаныңыз ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ОТЫЗ ҒАЛЫМ ҚОСҚАНЫҢЫЗ деп білемін. Аман жүріңіз, бала-шағаңыз бақытты болсын!
@Baha-w8o
@Baha-w8o 9 ай бұрын
Санжар Керімбай нағыз Мәдениет министрі болатын адам ғой негізінде
@АкмаралБатырова-ю4ы
@АкмаралБатырова-ю4ы 9 ай бұрын
Мына подкасты көрген кез келген көзі ашық жан жазғы каникулда өз туыстарының бала-шағасын жиып дәл осы Санжар ағайдай жыр жаттатып қолданысқа кезек күттірмей көшуіміз керек
@Бакдаулет-и6ы
@Бакдаулет-и6ы 9 ай бұрын
Ассалаумалейкум қазақ халқы. Санжар ағаның бір өзі халықты ағартуға аздық етеді. Оған көмек ретінде баршамыз өз семямызда жыр-дастанды жаттап үлес қосуымыз жөн болар!
@Qasietkluby
@Qasietkluby 9 ай бұрын
Сұхбатты жүргізушіге де сұхбат беруші Санжар бауырыма да алғысым шексіз! Құдай қуат берсін, тіршіліктеріңізге береке берсін!!!
@ЖұлдызАят
@ЖұлдызАят 9 ай бұрын
Құрметті, Санжар ағай! Ақпараттық семіздікті көтере алмай, бағытымызды анықтай алмай жүргенде Сіздің әдіс бізге - КОМПАС болды! Халел Досмұхамедовтің сөзі­мен айтсақ, «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөй­лесең, бұл - күйініш» екенін БЕКІТІП БЕРДІҢІЗ. Әрі бойымыз мазасыздықтан арылып, жыр жаттап, сары кітаптарды оқудан артық берекелі істің жоқтығын ТЕРЕҢНЕН ТҮСІНІП бір жасап қалдық. Болашаққа СЕНІМ, СЕРГЕКТІК, КҮШ-ҚАЙРАТ сыйладыңыз!
@МмМерке-н4н
@МмМерке-н4н 8 ай бұрын
😅
@ГульжазираДаумбаева-т7х
@ГульжазираДаумбаева-т7х 9 ай бұрын
Бала тәрбиесінен бала қалыптасады. Бала бұл осы елдің болашақ адамдары. Мен бала психологы. Балабашда жұмыс істеймін. Балалар ұйықтар кезде ешқандай сурет көрсетпей ақ өзім кішкентай екі кейіпкері бар ертегіні дауыстарын салып рөлге кіріп айтып беремін. Балалар тып - тыныш жатады. Әрі 5 - 7 минут. Содан кейін бала ұйықтап кетеді. Тұрған соң сол кейіпкерлерді талқылаймыз. Күнде түстен кейін энспц. бір жануар, жәндікті оқимын. Жеке меншік балабақша. Бәрі оқып, есеп шығарып тұр…. Айтпағым көбірек кітап оқып, оны әртіс сияқты оқу керек. Бала мықты болады. 🙏❤️🫶
@aijanzhorashova3709
@aijanzhorashova3709 9 ай бұрын
Қаншама құнды ақпарат алдым!Санжар ағайды шынымды айтсам енді танып келе жатырмын.Осы уақытқа дейін білмегенім үшін өкінемін.Бала тәрбиесіндегі құнды кейстерді де өз тәжірибемде қолданамын деп шештім. Расында фин, жапон, кәріс т.б. шетелдіктердің білім беру технологияларын үлгі етіп ала бергенше ұлттық төл технологиямызды жандандарыу керек. Қазіргі оқу үдерісіне осы айтылған дүниелерді қоссақ қандай күшті болар еді.Ол кезде үлгерімі төмен оқушы болмайтын шығар.
@ЕркинМейрамбекович
@ЕркинМейрамбекович 9 ай бұрын
Санжар сен анызга айналып жатырсын,озин осыны сезесин бе.Мен сенен улкендеумин жас жагынан,кезинде Баукен жайлы Акикат Пен аныз шыкквнда катты Асер алган едим,енди сен шыгып отырасын мына бейбит кунде.Оте ризамын .Максат муратына жете Бер айналайын.
@АйгүлХудайбергенова-щ5ш
@АйгүлХудайбергенова-щ5ш 9 ай бұрын
Баламды кішкентай кезінен ағылшын, орыс тілін үйрене берсін деген қисық түсініктен құтқарып қалдыңыз. Рақмет, сізге Санжар аға!
@Bekershi
@Bekershi 9 ай бұрын
Санжар ағамыздың ғұмыры ұзақ болсын! Мәдени майданның майталманы!
@gulainanartai
@gulainanartai 9 ай бұрын
Неге мен жылап отырмын,білмеймін. Күліп,рақаттанып,өзімше сіздермен сөйлесіп қоямын. Кей тұстарында көзіме жас келіп,жылап та алдым. Бірақ бұның себебін түсіне алмай отырғаным. Не деген,от сұхбат мынау. Рақмет,сіздерге!!!
@kanatsarsenbin4271
@kanatsarsenbin4271 9 ай бұрын
Жүрегіңіз тазарып , рухани байып қалғансыз ғой
@МаржанТоктарбекова-у3н
@МаржанТоктарбекова-у3н 9 ай бұрын
Керемет подкаст болды. Мықты идея келіп басыма, көршілер тобына 7-13 жас аралығындағы балаларды өз үйімде салт- дәстүр, әдеп, ырым тиымдар, Қисса, аңыз, жыр, ертегі үйретемін, смартфонсыз уақыт деп жазып жібердім. Залымды балаларға дайындап қойдым. Бұйырса бөлісемін ғой. 😊😊
@Borte__Borte__1
@Borte__Borte__1 9 ай бұрын
Керемет! Идея.сәттілік!
@ЖанатРайысова-и1ч
@ЖанатРайысова-и1ч 9 ай бұрын
Ісіңізге сәттілік!
@kpopstudio7644
@kpopstudio7644 9 ай бұрын
Подкаст деген не,қазақшасы жоқ па
@УлболсынТукешова
@УлболсынТукешова 9 ай бұрын
Тілегіңізді Алла қабыл етсін. Сәттілік.
@АигульБаев
@АигульБаев 9 ай бұрын
Санжар ағаның ғұмыр жасы ұзақ болсын. Ғибратты әңгімелерін тыңдай бергің келеді...
@газизтугамбаев
@газизтугамбаев 9 ай бұрын
Алла ғұмыр берсін.Осындай ағаларымызды барында қадірлеп жүрейік. Насихаттарын тындай қана қоймай, іс іәрекетке көшуіміз керек. Отан от басынан басталады дегенді кеш түсініп жатқанымыз өкінішті. Әр адам өз отбасына Санжар ағамыздай, Санжар ағамыз айтқандай қараса болашағымыз мәнді болмақ.
@EngwithAnbiya
@EngwithAnbiya 9 ай бұрын
Керемет, нағыз рухани азық ретіндегі сұхбат болды . Санжар ағаны дер кезінде танып, іздеп , барлық сұхбатын тыңдап мәз болып жүргеніме 1 айдың шамасы болды . Әттеген-ай менде осыдан 2 жыл бұрын ана атанып, қызымның тілін екі тілді қыламын деп біресе ағылшын , біресе қазақ тілінде сөйлеп баламның басын айналдыра жаздаппын ғой , деп ойланып отырмын. Шынымды айтсам , жаным да қаламай жүрген еді тілінің шүлдірлеп алманы “эпл” деп сұрағанын естігенде 😄 осы қазақылықтың үні екен ғой неғыласың ағылшынды , өз тіліңді қатырып ал деп тұрған) Әлдиден эпосқаны сатып алып, қуырмашты оқып бастап кеттік ) Ризамын сізге, ғұмырлы болыңыз, үйретуден , ағартудан талмаңыз🌱
@БерикТанирбергенов-ъ4в
@БерикТанирбергенов-ъ4в 9 ай бұрын
Тууу мына Сәкеңнің әңгімесін-ай ааа бүкіл жастығымды есіме салдау ааа😊😢😂
@arginbekaqtailaq556
@arginbekaqtailaq556 9 ай бұрын
Санжар Керімбай, тамаша ағартушы азамат еді. Қош,келдіңіз. ...қазір де сол баяғы жаңа жылды тойлаймыз- деп, желтоқсанның ортасынан ба, басынан да ма, жаңа жылға дайындалып кетеді.Оқу жайында қалады.Қазір онлайн деген бар.Ауа райына байланысты тағы сытылып кетеді....Осылай оқуға немқұрайлылық басым.
@Ainagul-qm8yf
@Ainagul-qm8yf 7 ай бұрын
Керемееет сұқбат болды.Мен қуаныштымын осы бағытта келе жатқанымызға .Шүкір Алла бізді сақтаған.Қызым 14 жаста жыр айтады артынан еріп келе жатқан сіңілсі де күнделікті естіп аудиал болып сіңіріп келеді.Әр сенбі жырау шайға барамыз әртүрлі студент оқушылар жырдан төккенде екінші қызымда жаттала бастайды сіңіріп Алла қаласа биыл Абай, Шәкәрім , Әуезов таныстыру мақсатымен Семейге Жидебайға жоспарланды.Ахмет бабамыздың зияратының әдеп дәстүрімен бастау алып Алла қаласа.Санжар ағай айтқандай болғалы тұр екен.Туған мекенім іздің ірі тұлғаларымен тереңнен танысу болады.Қазақстанымзды сол мақсатта шарлап М.Жүсіпті де тыс қалдырмаймыз.Алла амандығын берсін.Мамыр айында Сәтін салсын Алла бір өзі жар болсын.Сіздерге де көп рақмеет бағытымызға бағдаршам болғандарыңыз үшін бар болғандарыңыз үшін.Халыққа қызметте істеріңізге берекетін арттырсын❤❤❤
@АйнашАбеновна
@АйнашАбеновна 9 ай бұрын
Санжар мырзаның берген сұхбаты мен кітаптарын қарап керемет рухани ой түйіп, көкірек көзім ашылып, ұлттық тәрбиенің құндылығын мойындадым. Қазіргі жас ата-ананың бала тәрбиесіне ойланбай бағыт алар темірқазығы - ұлттық тәрбие болуы керек!
@ЕрланЕртолес
@ЕрланЕртолес 9 ай бұрын
Қазіргі қазақ қоғамының болашағы саналатын жас жеткіншектерге ең керекті тәрбие құралын қалыптастыруда жасаған санжар керімбаи бастаған топтың рухани еңбегі өте өзекті ,қос өкпемізден қысқан түрлі жат идедиологиалардың сынақ алаңына аиналған қазіргі қазақ қоғамына мәдени маиданның бұдан да зор ауқымды жүргізілуі қат қажет,сұхпат тамаша сауатты,сәлихалы жүргізілген....
@kulyashzhumasheva9780
@kulyashzhumasheva9780 9 ай бұрын
Иа,1992ж кейін ата/ана балаларын алысқа жібермеді,өз қаламыздағы ЖОО оқытты.Керемет сұхпат!Санжардың әңгімелері бір біріне ұқсамайды.
@abzalesbai
@abzalesbai 9 ай бұрын
Оқыған тоқыған жастарымыз көп болса ала алмайтын қамалымыз болмайды .
@yerzhikyessenov5857
@yerzhikyessenov5857 9 ай бұрын
Мына подкастты көріп кеудеміздің қуыс, миымыздың тақыр екенін сезіп, Санжархан ағамызға жол тартуға ниет еттім😊
@БилалСпатаев-д4м
@БилалСпатаев-д4м 5 ай бұрын
👍👍👍👍👍👍👍👍
@daniyar.yergesh
@daniyar.yergesh 9 ай бұрын
миым жарылып жатыр) жасым 24те турик лицейин битиргем, казактын мадениети тарбиеси , улттык кундылык, батырлар жыры тагысын тагы жайлы осы жылы уйренип билип жатырмын, Озбекалинин китабын окып одан кейн Куыскеуде окып, енди планда кооп отбасы хрестоматисынын китаптары тур, бирге талкылап окып синиретин адам табу керек буйырса
@МеруертДутбаева
@МеруертДутбаева 9 ай бұрын
Қай қаладансыз? Алмтыда қосылып талқылайды
@daniyar.yergesh
@daniyar.yergesh 9 ай бұрын
@@МеруертДутбаева алматыдамын, әрине мен пока ойланып жүрмін может Бейсен және болмысты алармын жақында, бірақ Яссауи Феномені мен Қисса сул Әнбиә да қызықтырып тұр😍😂
@aygulzhubaikyzy3381
@aygulzhubaikyzy3381 9 ай бұрын
Бағың бес елі бала екенсің
@МеруертДутбаева
@МеруертДутбаева 9 ай бұрын
Охоооо міне енді ұқтым, біз балабақша орысша болса да неге қазақи боп қалдық десем , ата апамыздың үйінде үнемі батырлар жырын оқып жұтылғаннан аман қалған шығармыз.
@ЕспенбетоваАйман
@ЕспенбетоваАйман 9 ай бұрын
Алматыдан болсаңыз, Білгім келеді деген клуб бар, әр сенбі күні сағат 15:00де офиста, мкр шұғыла, 340/3, 17 осы адрессте өтеді, қалаған адам, жасына, жынысына, статусына, дәрежесіне қарамай бәрі келеді. Сонда барыңыз, керемет сергіп, тың ойлармен қайтасыз.
@УлдайКалбаева
@УлдайКалбаева 6 ай бұрын
Санжарға зор денсаулық тілеймін. Алланың рақымында болсын
@ЛаззатКожамжарова-с9л
@ЛаззатКожамжарова-с9л 9 ай бұрын
Өркениетті қазақтың ұл -қыздарын тәрбиелейтін Санжар құрдасымыздың еңбегі өрлеп тамырлай берсін . Ата дәстірімізбен сусынданып ,жер ана құндылықтарын бойына сіңірген шәкірттпріңіз көбейсін .Керемет сұқбат сөзім жоқ 👏👏👏❤❤
@yelpatsalimzhan7147
@yelpatsalimzhan7147 9 ай бұрын
Санжар ағаның әңгімесі өте керемет екен. менде 4-5 жасар балама Мұқтар шахановтың отырар дастаны, Абай, Мұқағали , Қалқаман Сарин өлеңдерңн жаттаттым, Бала-бақшадан бастап әр тақпақты жаттатып, 10-15 шумақ өлеңдердң де жаттатым, әлі жаттап келеді. қызығы тұңғышыма жаттатқан едім, келесі бала өзі ойнап жүріп жаттап алады екен. сабағы жақсы... мынадан кейін аз жаттатып жүр екенмін деген ой келді....
@ФаридаЖумаканова-п8в
@ФаридаЖумаканова-п8в 9 ай бұрын
Керемет әдіс,алдымен өз тілін біліп,өз ауыз әдебиетімен сусындаған баладан ертең ел тұтқасын ұстар мықты азаматтар шығады.Санжар аға,үлкен рақмет! Еңбегіңіз еселене берсін.Таптырмас кеңес беріп жатырсыз.
@Daurenbekkyzy
@Daurenbekkyzy 9 ай бұрын
Әйгерім ханым, Жарайсыз! 🥰👍Ісіңізге береке берсін! Санжар ағайды қанша тыңдасақ та жалықпаймыз🤗
@megos9999
@megos9999 9 ай бұрын
Менде 1 жыл болды бақылап жүргеніме Санжар ағамды қолданып жатырған методикасы керемет және дәлелденген бұйырса АЛЛА қаласа болашақ балдарыма қолданамын. Сұхпат керемет болды сұрақтар орынды ал жауаптарға келсек жауап фактімен тәжірибемен берілді бір сөзбен қайталап тындайтын сұхпат іші толы хикмет екен.
@martaoryntay8516
@martaoryntay8516 9 ай бұрын
Керемет, ата-аналар чаты мен мектептің мұғалімдері отыратын чаттарға бөлісіп қойдым. Қолымыздан келетіні әзірге осы болып тұр. Айтудан да жалықпаймыз, бірақ олардың жетесіне жете алмаудамыз... тағы да басқа чаттарға бөлісіп қойдым. Сіздер де солай істеңіздер
@ГаухарЖолмаханбет-э9п
@ГаухарЖолмаханбет-э9п 9 ай бұрын
Ақдаладағы лагердегі оқу барысына бастан- аяқ өзім куәмін. Бір өтірігі жоқ әңгіме. Сұхбат керемет! Әйгерім сізге рахмет!
@АрысАрыссс-ф9ъ
@АрысАрыссс-ф9ъ 9 ай бұрын
😂😂😂😂турмеге жапкызган балдарше сен не былесын
@danagularonqyzy3933
@danagularonqyzy3933 6 ай бұрын
Санжар аға керемет философ, ақылшы кісі екен👍🏼
@_sherbaevna.91
@_sherbaevna.91 9 ай бұрын
Маған ұнады. Керемет!!! Мен өзім мына инстаграмды көргелі баланы қалай тәрбейлемін деп аласұрдым. Содан бір кітапқа тапсырыс берип алдым. Бір кітаптан ұқаным сондағы балаң сенің айнады көрінісің деген еді. Содан өзімді тәрбиелеймін деп курс семинар аралап шықтым. Тегін бар ақылысы бар. 😅 Давлатоты көріп уау деп бір шықтым, ақшам болмай оған қолым жетпеді. Сосын орамал таққан келиншектің балаға жыныстық тәрбие беру керек деген қағидасына тағы иланып жүрдім. Оның пайдасын көргенім шамалы😊. Содан Сандар Керімбай подкасын көріп құлағыма әсер еткені сонша, барлық подкастарын жата жастана тыңдап бала тәрбиесі жөніндегі сұрақ ең оңай әрі тиімді әдісін таптым. Откен аптада ғана Гүлнар апайдан отбасы христоматиясының екі кітабын алдым. Мен бастадым.
@Borte__Borte__1
@Borte__Borte__1 9 ай бұрын
Кітапты қайдан алуға болады?.тел.барма? Шымкент темін
@ЖанатРайысова-и1ч
@ЖанатРайысова-и1ч 9 ай бұрын
Сәттілік!Еңбегің жемісті болсын!
@faridaakbaeva2373
@faridaakbaeva2373 9 ай бұрын
Қызық сұхбат болыпты! Күшті!!! Көп ақпарат алдым! Әйгерім, сұрақтар жүйелі болды. Көп рақмет!
@АйгүлХудайбергенова-щ5ш
@АйгүлХудайбергенова-щ5ш 9 ай бұрын
Қайырлы күн! Менде 5 және 3 жастағы ұлдарыма "Әлдиден эпосқа дейін дегі" тақпақтарды, батаны жаттатып жатырмын. Телефон, телевизор көруге уақыттары жоқ. Ата ана жігерленіп қолға алса, бала сол бағытқа ауысады екен. Рақмет сіздерге! Өте көп сұрақтарыма жауап алдым.
@zubayrabarbolova9924
@zubayrabarbolova9924 9 ай бұрын
Өте құнды әңгіме айтылып жатыр.Санжар Керімбайдың кітаптарын оқып жүрмін.Мына әңгімесі арқылы кітапты қалай оқуды үйрендім,рақмет!Санжар Керімбайға шығармашылық табыс тілеймін.Өз ұрпақтарымды қалай тәрбиелеу жолын түсінген сияқтымын
@Borte__Borte__1
@Borte__Borte__1 9 ай бұрын
Кітапты қайдан алуға болады?
@Дилара-ж1ы
@Дилара-ж1ы 9 ай бұрын
Алла разы болсын рахмет іші күйгендер боқа аунасын😂Санжар Мырза Алла қуат берсін
@ҚазақКөктүрік-у7ю
@ҚазақКөктүрік-у7ю 9 ай бұрын
Жарайсыңдар қазақ ұлтының алдыңғы қатарлы азаматтары. Еңбектеріңіз жана берсін!!!
@МаржанЕрходжаева-ь9з
@МаржанЕрходжаева-ь9з 9 ай бұрын
Тамаша, бөлісейік, аналар аға айтқан методпен бала миына құяйық, 10жылдан соң жаймендеп өз ұшқынын көрсете бастар
@ГульмираГульмира-е4щ
@ГульмираГульмира-е4щ 9 ай бұрын
Өте өзекті мәселелер қозғалыпты. Әр бір ата ана өзіне нұсқаулық етіп алуы керек сұқпат ❤❤❤.
@Aibat_Omirzhanuly
@Aibat_Omirzhanuly 9 ай бұрын
Санжар аға керемет.Том том кітап жазылатын адамсыз ғой.
@ЕркинМейрамбекович
@ЕркинМейрамбекович 9 ай бұрын
Не деген ойлар,Рахмет Саган казак батыры.Ханым да оте сауатты Адам екени коринип тур.
@aygulzhubaikyzy3381
@aygulzhubaikyzy3381 9 ай бұрын
Көктен іздеп шарқ ұрып, кембриж боламыз ба қайтсек оқу үлгерімі жақсартам дегенді Санжар ағай тегін ақ айта салыпты ғой. Практика мен іс жүзінде дәлелдепті неше қайта. Соңғы туған балаларда ет пен сүйектен жаралыпты ешқандай альфа бета айфонмен алты аласы бес бересі жоқ екен ғой. Ата аналар мен мұғалімдерге жақсы лайфхактар айтылды. Тез жазып, тез біреулермен бөлісе қояйық. Әйтпесе ақпараттың тасқыны жұлып әкетеді.
@hairbekutepbergenov5199
@hairbekutepbergenov5199 9 ай бұрын
Балаға осылай ұлттық тәрбие сіңіру туралы бұл ақпаратты білмей тұрып, сонау 90 жылдар аяғында тәжірибеге жүзеге асырғанмын. Өзінің оң жемісін берді.
@БахытгульТуякова-ж5с
@БахытгульТуякова-ж5с 9 ай бұрын
“Саналы бала” каналына рахмет біріншіден. Екі жыл бұрын сіздердің балаларға арналған сабақтарыңызды алып оқығанбыз. Өте керемет! Пайдасы көп болды. Мына сұхбатыңыз өте дер кезінде бір берілген балалар тәрбиесіне пайдасы өлшеусіз ақпарат болды. Смартфонның пайдасы зор әрине, бірақ уы басымырақ болып тұр осы заманда. Өйткені дұрыс бағытта пайдаландыра алмай жүр едік балдарымызға. Дұрыс емес екенін түсінеміз, бірақ шарасыз күйде едік. Тек “Таста, таста” дегеннен басқа бақылауымызда ұстай алмаймыз. Смартфонның уына “Противоядие” тапқандай әсер алдым. Соны енді дұрыс қолдануымыз ғой енді маңыздысы. Осындай бағыттағы лагерьлер көп болса жақсы болар еді. Лагерь туралы ақпаратты қайдан алаламыз? Санжар мырзаға алғысым шексіз! Осындай керемет саналы азаматтарымыздың бар болғанына Аллаға сансыз шүкір🤲 Не деген тіл байлық, не деген білім, риясыз еңбек. Риза болып отырмын. Және осындай азаматтарымыз барда, Еліміздің болашағы жарқын, керемет дамитынымызға, бай болатынымызға кәміл сенімдімін!
@БахтайСерикбаева
@БахтайСерикбаева 8 ай бұрын
Санжар Керімбай нағыз ұлтжанды азамат екен. Есімін Атақты Санжар Асфандияровтай болсын деп ,Санжар қойған болар.Керемет,әңгіме лекцияларын ұйып тыңдадым.
@ГульзадаЖалмагамбетова
@ГульзадаЖалмагамбетова 9 ай бұрын
Рахмет! Керемет құнды ақпарат ,саналы әңгіме болды.Санжар қазақтың маңдайына біткен жұлдызы.Темірбек Журген аталарымыздың жолымен келе жатыр екенсіз Күш- қуатты болыңыз!
@АсылбекБагиев-ч3г
@АсылбекБагиев-ч3г 9 ай бұрын
Барлық подкасттарын көріп, тыңдап жүрмін бірақ оқуға дайындағанын бірінші рет естіп отырмын керемет азамат
@БЕЙСЕНБАЙЕВАБАЯН
@БЕЙСЕНБАЙЕВАБАЯН 9 ай бұрын
Астанадв осындай лагерь болса ғой,менде үш немерелерімді қуана берер едім.Санжар мырзаға көп рахмет.
@AdilbekNabi
@AdilbekNabi 9 ай бұрын
Санжар ағаға респект!
@назгульесембаева
@назгульесембаева 9 ай бұрын
Рахмет өте құнды ақпараттар айтылды. Мен өзім педагогпын, бір демде көріп шықтым !
@EsengaliArystanbekov-eu8uv
@EsengaliArystanbekov-eu8uv 8 ай бұрын
Санжар бауырымызға Рахмет Алла разы болсын.Өмірге тік қарауға көзіңді ашты.
@didarmombek9210
@didarmombek9210 8 ай бұрын
Санжар мырза, керемет.. Осы тәсілді мемлекет ауқымында қолданылса ғой... Қанша қазақтың баласының болашағы зор болар еді
@АжарСагымбаева
@АжарСагымбаева 9 ай бұрын
Ал, қазағым!есімізді жинайық!
@лейла4689
@лейла4689 9 ай бұрын
Біздерде Өзбекстанда декабрге дейн,мақта терімде жүретін едік.Бірақ келіп сессияға дайындалып түнгі 4 ке дейн сабақ дайындап күні түні библиотекадан алған кітабымызды дайындалып үш ақ сағат ұйықтап,емтихандан өткенбіз.Көп нәрсе есіме түсті
@СаулеИдинова
@СаулеИдинова 9 ай бұрын
Керемет әсер алдым көп рахмет осы тәжрибені қолдануды қолға алу және насихаттау керек екен.❤❤❤
@БауыржанБайжан-ж4б
@БауыржанБайжан-ж4б 9 ай бұрын
Санжар Керімбай керемет білімді тоқыған кісі
@ТаласкульЕлеусизова
@ТаласкульЕлеусизова 9 ай бұрын
Керемет мәнін мағынасын түсінген жанға біраз азық болды келешекте демалыс орынын ұйымдастырған кезде балаларға қолданылатын көптеген материалдар бар екен Санжар ағамызға рақмет қазақ тілі қазақ әдебиеті деген пәндерге осындай тектіліктің қайдан келгенін тілді жетілдірудің жолын бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына сонымен қатар мидың жұмыс жақсы жасауына көптеген көмегі бар екенін айтып отыр мен қосыламын ата бабаларымыз балам құйма құлақ бол деп бата беріп жатады түп төркіні осыда жатырау
@БақытгүлТемірқызы
@БақытгүлТемірқызы 9 ай бұрын
Керемет. Ағай бала тәрбиесіне қатысты тегін методикасында, тәжірибесінде бөлісіп көп инсайт берді. Ата-Ана, барлық бала тәрбиесіне қатысты адамдар бұны қолданып, жалғастырса сел қозғалады.
@АйгульАмангелдиева-ф4р
@АйгульАмангелдиева-ф4р 9 ай бұрын
Не істеймін? Қалай істеймін? Қайтсем дұрыс болады ? Қалай тәрбиелеймін? Қалай тәрбиелеген дұрыс? Ол үшін нені пайдалам деген кісілерге нақты жауап ауыз аштырмастай! Жақсы подкаст болыпты👏👏👏👏
@ПарасатАлиев
@ПарасатАлиев 7 ай бұрын
Ер екенсиз👍🤝😉🇰🇿
@ЕрзатК-е9и
@ЕрзатК-е9и 9 ай бұрын
Керемет тамаша сұхбат
@raigulsergalieva944
@raigulsergalieva944 7 ай бұрын
Керемет! Айтарға мақтанарға сөз жетпей отыр! Санжар мырза сізді қазаққа өзі әдейі жібергендей! Енді сізден қара халықтың сұрары жалықпай, шаршамай Білім Министрі арқылы барлық оқу орындарына білдіруге оқуға жүзеге асыруға ықпал етсеңіз деген ұсыныс бар. Өйтпейінше сіздей адамдарды тыңдап, кітап оқитын адамдар аз деп айтар едім. Құдай сізге қуат берсін, әр қазақтың құлағына жеткізе бергейсіз деп тілеймін!
@НурмаханКарабалаев
@НурмаханКарабалаев 9 ай бұрын
Санжар еңбегің жана берсін.
@СоветканЖуконев-г2е
@СоветканЖуконев-г2е 9 ай бұрын
Санжардың кітаптарын оқып, әңгімесін тыңдайдаған бала ғана емес жасы ұлғайған адамдар да бір жасап қаламыз, болашағымыз бар екеніне сенемін
@ЗамираЖолшиева
@ЗамираЖолшиева 9 ай бұрын
Керемет құнды сұхбат болды,рахмет.
@Sandi_oner
@Sandi_oner 8 ай бұрын
Саламатсыз ба! Сүйсіне бағдарламаңызды тыңдадым! Қуыскеуде кітабын оқып шықтым!!! Керемет жазылған!!! Қаламыңыз ұштала берсін!!!
@лейла4689
@лейла4689 9 ай бұрын
Өте құнды подкаст болды,жарайсыңдар.Санжар інім рақмет.
@СветланаТұмар
@СветланаТұмар 9 ай бұрын
Керемет сұхбат болған екен🤩🤩🤩
@Moldir0829
@Moldir0829 9 ай бұрын
өте құнды ақпараттар Баламды сіз айтқандай өлең,жыр жаттауға,тәртіпке салуға ниеттеніп отырмын Алла разы болсын !!!
@aydosa6922
@aydosa6922 7 ай бұрын
Мен 1998 жылы 1ші сыныпқа оқуға барған кезде, қазақ тілі мен әдебиетті тереңдетіп оқитын сыныпта оқығам. Бізді 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін "Ұлттық халық дәстүрі деген сабақты оқытқан. Әр сыныпқа кішкентай жұқа кітабы болатын. Осы кішкентай жұқа кітаптын арқасында іргетасым құламай келе жатыр. Қазір ойлаймын. Сол кітап жұқа емес қалың болғанда, ішіндегі ақпарат молырақ болғанда нұр үстіне нұр болар еді. Есімде тыйымдарды оқи бастағанда үйге келіп: мама осы қазақтарда неге тыйым көп. Анау болмайды. Мынау болмайды не бұл сонда? - деп келгем 😅
@ШакураСабитова
@ШакураСабитова 8 ай бұрын
Керемет сұхбат ,кәзіргі жа с а та-анаға тыңдау керек !Санжардың жасап жатқан еңбеғін білім министрі назарға алу керек,педиситутта пайдалану керек.Жарайсын,бауырым,жасай бер!
@Inamation-t4h
@Inamation-t4h 9 ай бұрын
Санжар баүырым жарайсың, өркенің өссін.нағыз Адам баласы, батыр деп есептеймін. Санжардың бір Екі Жүргізген тыңдадым көрдім. Министерство Образованияда жүмысқа қою керек,мектеп програмасын өзгертү керек.тігін айтады ол. Бас теген жүмысы. Қабілеті өте дүрыс.❤🌏🇰🇿🤲 өркенің өссін.сау бол, баяғы Қазақ күйді,жырды,бір естігеннен қағып жаттап алған Ата бабаларымыз. Әр қазағым құйма құлақ болсын. Әмин солай болсын Қазағым менің ,Жаратушы Тәңірім Құдай Алла тағала жар болсын Адам баласына Қазаққа Әмин солай болсын 🇰🇿🌏🌞☀️🌝🤲
@easymath86
@easymath86 8 ай бұрын
Қатарымның барлығы: бірі бизнесмен тағы бірі отбасылық бизнеспен байып мені артта қалып қалған бейшар қылып ватсап тізімінен шығарып тастап, өзімді қор санап жүр едім! Бұл маған үлкен мотивация болды! Мен енді өз жолымды тапқандаймын! Бизнеске қаншама әркекет қылсамда жолым болмады шыны керек
@БЕЙСЕНБАЙЕВАБАЯН
@БЕЙСЕНБАЙЕВАБАЯН 9 ай бұрын
Керемет,өте пайдалы сұхбат болды,рахмет Сіздерге.
@ГульнараАиджанова
@ГульнараАиджанова 9 ай бұрын
Сіздерге көп рақмет өте жақсы түсіндірдініздер.
@МеруертДутбаева
@МеруертДутбаева 9 ай бұрын
Мәәәссаған, мақта теретін жерде тұрмағаным қандай жақсы. Алма теруге түстен кейін ғана бардық қой
@Borte__Borte__1
@Borte__Borte__1 9 ай бұрын
Біз Хрущевтың кезінде жүгері тердік😂
@ҒалымжанКерімов
@ҒалымжанКерімов 9 ай бұрын
Керемет сұбат болды
@АлмушаИхласова
@АлмушаИхласова 8 ай бұрын
ата-ананың ерінбей, ұрпағының тәрбиесіне мән беруі маңызды ғой ия. Күнделікті 20-30 минут уақыт, болашаққа жол салу. Әттең аналардың да әкелердің де әжелердің де алақанынан телеыфон түспейді. Өте мәнді сұхбат болды, рақмет.
@ZoyaYeskaliyeva
@ZoyaYeskaliyeva 9 ай бұрын
Керемет!!!
@raigulsergalieva944
@raigulsergalieva944 7 ай бұрын
Керемет! Айтарға мақтанарға сөз жетпей отыр. Санжар мырза Құдай қазаққа сіздей адамды өзі жібергендей! Енді тек тілерім осы сөздеріңізді әрбір қазаққа жеткізесе білсеңіз ол үшін барлық Қазақстанның оқу білім ошақтарына таратсаңыз Білім Министрлігіне кіріп міндетті түрде енгізсеңіз деген ұсыныс бар. Себебі сіз сияқты зиялы қауымның әңгімесін ұғатын балалар түгілі үлкендерде құлақ қалмады. Халыққа жоғарғы жақтан қатаң тарсырмам берілсе ғана ұғатын дәрежеге жеттік. Өз беттерінше бірдеңе жасайтын оқу орны жоқ деп айтсам қателеспеймін.
@user8063
@user8063 7 ай бұрын
Ғылыммен қара бастың қамы үшін емес, халық үшін айналысып жүрген азаматтар ғой, Финляндияны оқып жатырмын, Снелманға Санжар ағайды ұқсатамын, Отбасы Хрест қандай кітап шығарса бәрін алып оқи беретін болдық… Бұрын 5 жасар баламның сұрақтарына жауап таппай абдырап қалатынмын, қазір “Адам да, құстар да, жануарлар да Құдайдың жаратқан жәндігіміз..” деп өзі жаттап алған Отбасындағы 30 сабақ кітабымен жауап берем… Құдай қарасып, осындай ағалар келіп тірі қалаған қазақпыз ғой
@user-yh2qc2fr9d
@user-yh2qc2fr9d 2 ай бұрын
Есте сақтауы мықты екен ағамыздың,сөз жоқ.
@asemsuyundikova4283
@asemsuyundikova4283 2 ай бұрын
Керемет әнгіие болды ғой шіркін аман есен болыңдар
@aisulu_zhanadilkyzy
@aisulu_zhanadilkyzy 9 ай бұрын
Қандай куштііі әңгіме👍
@Recordkkk
@Recordkkk 9 ай бұрын
Ұлды болсам, есімін Санжар деп қоямын бұйыртса
@QwedsaPlkoijhu
@QwedsaPlkoijhu 3 ай бұрын
О жарайсың Сәке мәңгүрт қазақтарға осы да жетер алға Сәке
@АйнурБайузакова
@АйнурБайузакова 9 ай бұрын
Біздеде осындай керемет азаматтар бар ғой бірақ, оларды билікке жібермейді ғой әттең
@easymath86
@easymath86 8 ай бұрын
Бұл кісілердің билікке бармағаны жақсы! Ары қарай өзіңіз түсініп алыңыз
@МаксимИванов-с9ж
@МаксимИванов-с9ж 8 ай бұрын
АЛЛАХ ТАГАЛА ЖАР БОЛСЫН СИЗГЕ САНЖАР БАТЫР АЙГЕРИМ ХАНЫМ!КАЗАГЫМЫЗГА ЖУГЫСТЫ БОЛСЫН ТАРБИЕ АДИСТЕРИНИЗ!
@kingschildren
@kingschildren 5 ай бұрын
Декларация: осы жазда балаларыма ертегі -аңыздар оқып, кем дегенде 1 жыр жаттатамын🎉🎉🎉🎉🎉
@БауыржанЖумекенов-н8к
@БауыржанЖумекенов-н8к 9 ай бұрын
Керемет подкаст, өте пайдалы. Жазарыңыз бен айтарларыңыз көп болсын, еңбектеріңіз жемісті болғай деп ниетімді білдіремін 🙌✊
@КарлыгашБакаева-ф8ъ
@КарлыгашБакаева-ф8ъ 9 ай бұрын
Санжар, сіздей адам мыңнан біреу ғана шығар. Сіздің ағартушылық қызметіңіз басқаларға үлгі болса, сіздей сұңғыла, данышпан адамның әңгімесін тыңдаудың өзі ғанибет қой. Қаншама адамның көзін ашып, көкірегін оятып, қарлығаштың қанатымен су сепкен жүректеріне, санасына қазақы тәрбиені, қазақы болмысты құйып жатырсыз. Сіздей адамды танып- біліп жатқаным мен үшін үлкен бақыт деп білемін. Қазақтың бүкіл болмысы қаныңызға, жаныңызға, әрбір клеткаңызға сіңіп кеткен нағыз ұлтжанды азаматсыз деп білемін. Отбасыңызға амандық, тілеймін. Қызметіңіз өрлей берсін, сізге, отбасыңызға, ұжымыңыға Алла амандығын берсін
@nurgulbeisenbekova9949
@nurgulbeisenbekova9949 9 ай бұрын
Керемет👍
Астарлы ақиқат: Өгей шеше-2
45:47
KTK TV
Рет қаралды 8 М.
Farmer narrowly escapes tiger attack
00:20
CTV News
Рет қаралды 13 МЛН
FOREVER BUNNY
00:14
Natan por Aí
Рет қаралды 36 МЛН
I was just passing by
00:10
Artem Ivashin
Рет қаралды 18 МЛН
Бес парыз ұстанбаймын | Жанат Бақыт - TALK LIKE
1:38:50
Аман Тасыған
Рет қаралды 158 М.
Логотерапия деген не?
1:18:48
Otbasy Hrestomatiasy
Рет қаралды 29 М.
Назарбаев кімнің жақсылығын ұмытты?
49:21
Farmer narrowly escapes tiger attack
00:20
CTV News
Рет қаралды 13 МЛН