Студенттерді көшеден күштеп ұстап, әскерге жіберу қаншалықты заңды?

  Рет қаралды 18,733

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Таразда колледж оқушылары оқу орнынан "ұрланды". Сабаққа келген алпысқа жуық жігітті шағын автобусқа тиеп алып кеткен. Жоқ іздеген ата-ана балаларын көп ұзамай қорғаныс департаментінен тапқан. Еш ескертпестен әскерге балаларын әкету әрекетіне ата-аналар қарсы. Сарбаз сапын толтыру үшін көрінгенді көшеден күштеп әкетуге кім пәрмен берген? Әріптесім Нұрадин Рақай көпті әбігерге салған әскерге шақырудың әлегін білді.
Күні кеше колледжге барған оқушылар әскерден бір-ақ шыға жаздады. Айтуларынша, оқу орнына емтиханға дайындықты желеу етіп жиналысқа шақырған. Сөйтсе, алдап соғып автобусқа тиеп алып кетіпті. Полицейлермен із кескен ата-ана ұрланған ұлдарын қорғаныс істер департаментінен тапқан.
СЕЙІТ НҰРАХАНҰЛЫ, ата-ана:
- Желкесінен ұстап бұл баланы неменеге сүйреп әкетіп бара жатыр. Ата-ана осыған қарсы. Бұлар біріншіден баланы ұрлап әкетіп отыр. Әшейін емес. Ұрлап, алдап әкетіп отыр. Ата-анасына еш ескертпеген.
Жоғалған ұлдарын сұрай-сұрай қорғаныс істері департаментіне тірелген ата-ана іштегі ахуалға алаңдайды. Көзбен көрмей көңіліміз көншімейді деп көнбеді. Жарым жолда қалған оқуы не болады деген олар, көрінгенді күштеп әскер сапын толтыруға кім пәрмен бергенін білгісі келді.
Көктемгі, күздегі төрт айлық әскерге шақырту маусымына Жамбыл облысынан жылына 3 мың азамат баруы тиіс. Бұл жоспарды толтыру үшін жергілікті әкімдік пен әскерилер осындай жаңашылдықты енгізіпті. Бірақ шикі тұсы көп болып кеше әкелінген балалар медициналық тексерістен соң бәрі түгел үйіне жіберілген.
ЕРЛАН МАХАНОВ, Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары:
- Балалар медициналық комиссиядан өтті. Мед комиссиядан өткеннен кейін қайтарылды. -Ал балаларды бұл жаққа кім әкелді? Бұл қаншалықты заңды? Білсе бола ма?- Мен ол сұраққа жауап бермеймін. Қайталап айтамын мед комиссиядан өткізіп қайтардық.
Дей тұрғанмен қорғаныс департаментіне жеткізілген оқушылардың арасында ерікті әскерге баруға ниеттілері де табылған.
Армияға барам деген студенттер қолдарына әскерге шақырту қағазын алып кетті. Соңғы емтихандарын ерте тапсыруға департамент басшылары оқу орнына өтініш жібереміз деп отыр.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 199
@user-zn8hs2lx7h
@user-zn8hs2lx7h Жыл бұрын
Шенділердің балалары неге армияға бармайды,неге қарапайым халықтың балдарын зорлап алып кетеді,міне осыдан-ақ білуге болады заң жоқтығын
@user-wc5dl5sq5n
@user-wc5dl5sq5n Жыл бұрын
Ұрлап алып кнткен үшін олар жауапқа тартылу керек. Алдап шақырған үшін де ұстаздарды да жауапқа тарту керек
@user-iu6of2tx4e
@user-iu6of2tx4e 7 ай бұрын
Ондай болса Казахстан республикасын коргау аркимнин борышы соны аткарудан жалтаргандарды коса жауапка тарту керек
@Aman.12.09A.S.A
@Aman.12.09A.S.A 5 ай бұрын
​@@user-iu6of2tx4eБорыш емес қумаң, мемлекет не берді жастарға.
@user-kq3cb7rx1i
@user-kq3cb7rx1i Жыл бұрын
Балдарды осылай алып кетсе ұрлау гой. Неге қылмыстық іс қозғалмайды.
@user-yq3no7bk1o
@user-yq3no7bk1o Жыл бұрын
Адам ұрлады деп арыз түсіру қажет. Өтіріктен, күштен басталған заңсыз әрекеттер жақсылыққа апармайды. Үкметтегі отырғандардың балаларын көшеден ұстап апару керек.
@bekaseka4380
@bekaseka4380 Жыл бұрын
Қолдарыңнан келе ма депутаттың балдарын әкетіңдер көрейік жаңалықтан
@user-qu3rd4ko6x
@user-qu3rd4ko6x 10 күн бұрын
😂
@kazaxkazax9560
@kazaxkazax9560 Жыл бұрын
КУШТЕП ЖІБЕРСЕ ӘСКЕРГЕ, , ҰСТАҒАН АДАМДЫ, ЗАН ЖУЗІНДЕ СОТТАУ КЕРЕК,ӘСКЕРДЕГІ ТӘРТІПТІ ЖӨНДЕСІН
@user-gp5yn8yl6e
@user-gp5yn8yl6e Жыл бұрын
Егер қыз алып қашсаң адам ұрлаумен айналысты деп 3-5 жылға соттайды. Бұларғада адам ұрлады деп іс қозғалсын.
@user-jk7so5fj6w
@user-jk7so5fj6w Жыл бұрын
Аспан мен жерді салыстырма, үйлену ге, ұрлау ол бөлек ол шынымен ұрлаған жұбайы қылу үшін, бұл жерде мед комиссия өтуге апарды әскерге отаныдық борышын өтеу үшін,
@feruzafox8652
@feruzafox8652 11 ай бұрын
Дұрыс айтасыз
@user-vk6gk9cq8q
@user-vk6gk9cq8q Жыл бұрын
Көллеж бен Қорғаныс департаментін сотқа беріңіздер! Не деген бассыздық бұл?!
@user-nz2dz7ii6h
@user-nz2dz7ii6h Жыл бұрын
Өтте орынды Ата - аналар аяманыздар
@sarsenbayzhangirov7474
@sarsenbayzhangirov7474 Жыл бұрын
Сотқа беру керекқо көшеде заңсыз күштеп ұстап әскерге алып кетуге болмайдығо
@user-df7ld1rl2p
@user-df7ld1rl2p Жыл бұрын
Шетінен бәрін соттау керек,әкім бе военкаматпа. Кім олар өздері өз алдына заң шығаратын.
@user-re4su3pi8q
@user-re4su3pi8q Жыл бұрын
Халықты қорлап бітырдау
@user-uf5hi2vi9d
@user-uf5hi2vi9d Жыл бұрын
Адам ұрлағаны үшін жазаға тартылсын
@user-oi1rf1el7v
@user-oi1rf1el7v Жыл бұрын
Шенділердің балдарынан бастаңдар әскерге алыуды. Қорқау, жасық, парақор болғаныда шенділерден қорқмды сондықтан шенділердің балдарына тиіспейді.
@user-se8fu2zq9v
@user-se8fu2zq9v Жыл бұрын
Балаларды қинап алып кетуге болмайды.Балалар өз еркімен әскерге бару керек.Сосын кім кепіл балалардың аман -есен әскерден келуіңе.Осы әскерге жіберіп жатқан үлкен шиінділер сендер өз мойындарыңа аласындар аман-есен келеді деп.Сол кезде ата-ана балаларың әскерге жібереді.
@skarbaytilepov3451
@skarbaytilepov3451 Жыл бұрын
Әскерге жігіттер барғысы-ақ,келеді. Бірақ, жемқорлық жайлаған билікке халықтың сенімі жоқ.Ешкімде тірі кеткен баласының ел аман,жұрт тынышта мүгедек немесе өлігі келгенін көргісі келмейді.
@user-br1vi9es9p
@user-br1vi9es9p Жыл бұрын
Бұл заңсыздықтары бассыздың алдап өтірік айтып күштеп алыпкеткен.
@begaliabdirashim8096
@begaliabdirashim8096 Жыл бұрын
әскерилердің заңсыздығын қатаң тексеріп жемқорлығын адақтап қолынан ештеңе келмеген генаралдарын босату керек
@user-rq8ps7td3o
@user-rq8ps7td3o Жыл бұрын
Оқуын аяқтап дипломын алсын содан кеінде барғысы келген бала барадығой мынау не масақара адам құқығын таптау ғой.Осыларға заң болмайма қара қалықты зарлатқаннан басқа жұмыстары жоқпа.
@user-wc5dl5sq5n
@user-wc5dl5sq5n Жыл бұрын
Неге ата аналар үстерінен арыз жазбайды адам ұрлаған үшін статия бар ғой
@user-tt1yn5kb5y
@user-tt1yn5kb5y Жыл бұрын
Бул icтi тексерiп, жазасын беру керек, адам урлау оте аур кылмыс, бундай жол кыйн жагдайга соктырады,ар бала аке шешесiне козiнiн карашыгындай, соны бiлiп койыныз
@user-kl8ut6vh6n
@user-kl8ut6vh6n Жыл бұрын
Тура осылай Ел болуымыз оте кауыпты.
@kleopatrapatra9835
@kleopatrapatra9835 Жыл бұрын
Зансыздык! 😡😡😡
@user-vr6qy9nl2n
@user-vr6qy9nl2n Жыл бұрын
Баланы әскерге жіберу қауіпті. Қазір бәрі қауіпті!
@aibekmakulbek
@aibekmakulbek Жыл бұрын
Әскери реформа керек бізге шұғыл түрде
@cassiusclay3807
@cassiusclay3807 Жыл бұрын
Нарушение прав и свободы человека
@user-mc6ks2qg3v
@user-mc6ks2qg3v Жыл бұрын
Міне Қазақстан заңы, не сұмдық ішінде шенеуниктердің баласы барма айтарга сөз жоқ
@user-ip4sm2zm1r
@user-ip4sm2zm1r Жыл бұрын
100% шенеуніктің балалары жоқ
@user-io3gq7hd1k
@user-io3gq7hd1k Жыл бұрын
Ішу тамақтарын дұрыстап, ит құсап тіміскіленіп жүретін контрактниктерді уставпен жұмсап, сарбаздардың Асын дұрыстаса барлығы жақсы болады. Ешкім әскерден жвлтармацды. Әскердегі контрактниктер негізі солдаттарды жәбірлейді, соларды шамалы тәртіпке салу керек. Өзім әскерде болып көргенімді айтып жатырмын...
@sss0709
@sss0709 Жыл бұрын
Барсын әскерге. Дұрыс. Жаса Қазақстан
@user-vz2tu6hl7z
@user-vz2tu6hl7z Жыл бұрын
Осы Жамбыл обл. неге осындай келеңсіздіктерге ТОЛЫ...ҚАЙ ЗАҢҒА СҮЙЕНІП , ОҚУЛАРЫН БІТІРМЕГЕН СТУДЕНТТЕРДІ АЛЫП КЕТІП ЖАТЫР...???
@user-cn7jp4oj7l
@user-cn7jp4oj7l Жыл бұрын
Бізде жоғарыда отырғандар ылғи Малдарғо
@user-sd7tq4eu8o
@user-sd7tq4eu8o Жыл бұрын
Алланын кахарына ушырасын министрлердин депутаттардын шенеуниктердин балалары. Карапайым халыктын балаларынын отбасына киянат жасаган жасайын шенеуниктердин балаларына Алланын адил жазасы Алланын адил торелиги еки дуниеде жибермесин Алланын буйрыгымен насип етсин Кудирети кушти Аллвнын халыктын тилеуимен насип етсин
@talgatzhandarbekov7185
@talgatzhandarbekov7185 Жыл бұрын
Аскерге жиберип олтирип одан кеин ози олип калды демекшигои
@aktileuzholmuhambetov5807
@aktileuzholmuhambetov5807 Жыл бұрын
Заңды бару керек
@user-qf4nm7lm4o
@user-qf4nm7lm4o Жыл бұрын
Дурыс алып кетсын жігіт қои
@user-jd8ie9up5b
@user-jd8ie9up5b Жыл бұрын
Жибермениздер баларнызды аскерге..
@user-rd8ym7pv8n
@user-rd8ym7pv8n Жыл бұрын
Заң қайда адамның құқығы қайда. Жетіскен екенбіз осыған жетсек. Бандитизмғой мынау. Жауапқа тарту керек
@ainaansatbayeva7732
@ainaansatbayeva7732 Жыл бұрын
Əркім өз қаласында борышын өтейді, ата анасы қадағалап тұрады дегендері қайда? Баланы өздерің үшін туыңдар деп алып, қара бұларды. Əскердегі тəртіпті жөндеңдер! Болмаса аналар өздері тəртіп орнатуына мəжбүр жасайсыңдар. Сосын қолхатсыз жібермеу керек, талап ету керек военкоматтан. Əйтпесе сау баланы жынды дей салу əдеттеріне айналды
@ainaansatbayeva7732
@ainaansatbayeva7732 Жыл бұрын
Бұлармен сөйлесудің қажеті жоқ, сотқа арыз жазу керек.
@user-kb1np4dc2t
@user-kb1np4dc2t Жыл бұрын
Көшеден әкетуге қақысы жоқ, ешкімнің
@user-li7qc3ne4t
@user-li7qc3ne4t Жыл бұрын
Жибермендер
@gulmiramirzataeva4583
@gulmiramirzataeva4583 Жыл бұрын
Бир ай болды биздинг жиенимизниде аскерге алыб кетди осы жылы окуын битиретин эди не деймиз Аман эсен аскерий буршын истеб келсин
@user-zn8hs2lx7h
@user-zn8hs2lx7h Жыл бұрын
Негізі бұлар үйіне жіберместен әскерге әкетпек болды,халық шу шығарғасын үйлеріне жіберіп отыр,ал халық бармаған да алып кетейін деп тұрғой
@kamshat3794
@kamshat3794 7 ай бұрын
Алла сактасын
@toyota6846
@toyota6846 Жыл бұрын
ЕЛ БАСЫНА КУН ТУСА.. ✊ ОЯН КАЗАК!
@user-pg4qh4cw5u
@user-pg4qh4cw5u Жыл бұрын
УЯТСЫЗДАР МЕН БИЛМИМ МЕН ЖАУАП БЕРЕ АЛМАЙМ ДИДИ СОНДА КИМ ЖАУАП БЕРЕДИ ???КИМ БИЛЕДИ ????? ЖАУАПКЕРШИЛИК ЖОК
@feruzafox8652
@feruzafox8652 11 ай бұрын
Дұрыс айтасыз
@user-uw5ov3jb8u
@user-uw5ov3jb8u Жыл бұрын
Адам ұрлағанына зорлық зомбылыққа сот алдында жауап бермейдіма????
@user-qi2cc3yr3c
@user-qi2cc3yr3c Жыл бұрын
Алматыда да сондай болып жатыр
@user-bp9ej9mw3h
@user-bp9ej9mw3h Жыл бұрын
Ресейден уйренген ба биздин биликтегилер
@aiifetime7383
@aiifetime7383 Жыл бұрын
Байдың баласының жаны артықта қарапайым халықтың баласының жаны жоқпа бірінші армияның ішінің тәртібін дұрыстасын сонда халық өздері жібереді армияға баласын
@user-qn2js4ss3v
@user-qn2js4ss3v Жыл бұрын
Барын жаза Тарту керек агайындар бул не деген маскара бул таза кылмыс гой юумаю 😱😱🤦‍♂️🤦‍♂️
@user-we4qo9lc8z
@user-we4qo9lc8z Жыл бұрын
Бундайга жол бермеу керек булар билгенин истеп жур
@user-zw6nu7qf4h
@user-zw6nu7qf4h Жыл бұрын
Алып кететындай зат пекен сендерге алып кететындей алып кететын
@TheKazakbala
@TheKazakbala Жыл бұрын
Жіберу керек. Бұл өте керек әрі маңызды дүние ер жігіттің өмірінде. БІРАҚ! Аман есен, алып кетті ме, тура солай қайтарсың болды басқа ештеңке еюкерек емес. Оны е мәйітін аласың, болмаса мүгедек қылып аласың. Осы бүгінгі әскерилердің жағдайы. Иә, бара жатқан балдардың да кемшіліктері бар. Қыз сияқты нәзік етіп тәрбиелейтін ата-аналар жоқ емес. Бірақ әскерге қабылдаған кезде соны біліп тұрып алады емес пе? Неге одан кейін ешкім жауапқа тартылмайды? Неге сол кезде отырған генералдар әле отыр? Осынша бала әскерде өліп қалып жатыр, неге сол генералдарға қатысты бір іс қозғалмаған әскери прокуратура тарапынан? Өте көп сұрақтар, бірақ жауап жоқ...
@Easily-wc4pb
@Easily-wc4pb Жыл бұрын
Депутат байларды балдар алып кетуге коркады министр баласын алсын сразу соталады адилдик кайда
@batman8863
@batman8863 Жыл бұрын
Бұл дұрыс емес тоқтату керек не масқара ең жаманы билік барма депутаты барма бәрі біледі ал жауапты ешқайсысы бермеиді
@user-my2zf8uc4f
@user-my2zf8uc4f 9 күн бұрын
Дұрыс барсын Армия ға
@user-nd2tz5in4w
@user-nd2tz5in4w Жыл бұрын
Бринши аскерди дурыстасын сау барып олтирип акелед ауру кылып акеледи баланы
@kleopatrapatra9835
@kleopatrapatra9835 Жыл бұрын
👍
@user-ck7ds9fn2c
@user-ck7ds9fn2c Жыл бұрын
Қазақстан не болып барады. Не мынау масқара. Осылай әскерге алу бола ма. Бірінші армияға қатаң патриоттық темір тәртіп керек. Екінші жасы 18 ге толды ма тіркелген жерінен шақырып ,бала қайда оқып жатса оқып жүрген жерінен анықтама алдырып оқуы біткенше тежеу. Үшінші сырттай оқып жатқан, жұмыста жүргендерін міндетті әскерге алу керек. Армияның тәртібін бұзып, әскерлерге күш көрсеткен офицерлер, командир заңсыз әрекеті анықталса отанға опасыздық бабымен өмірлік түрмеге жіберу керек. Төртінші Армия екі жылдық болу керек. Бірінші жылы жақсы мамандыққа оқыту қажет. Связ,сваршик, құрылысшы, өнеркәсіп т.б мамандығын үйретіп екінші жылы елдегі құрылысқа, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, шекараға т.б мамандығына қарай мерзімін өтету керек. Не мынау нағыз әскерге баратындар бос жүр, оқып жүрген студентті қуып ұстау. Әскердегі тәртіп темірдей болу қорғаныс министрлігі мамандары әр ай сайын тексеріп отыру шарт
@user-it8cj3uv6k
@user-it8cj3uv6k Жыл бұрын
Ер азамат бару керек аскерге арнарсени сылтау кылмай дурыс оз еркимен бармаса зорлап апару керек уят казирги жастарда намыс жок мамалынын балдары елимизде аскер катал болмаса болмайды бари барсын тыгылмай мамаларынын артына сумелектер корсин барып киындыкты корка бермей
@sarkosarko8463
@sarkosarko8463 Жыл бұрын
Сол военкомата истеитин дер дин өз балаларын И акиматта истеитин дер дин балаларын жиберу керек әскерге малдар өз балаларын тыгып коиып.
@GDG2303
@GDG2303 Жыл бұрын
Ия, дұрыс айтады, зорлап алып кетуге болмайды балаларды. Сонда өзіміз Қазақстанда қазақ балаларын зорлап алып кетіп, ещё қаншама жігіттеріміз әскерден өлі қайтып жатыр. Оның барлығына кім жауапты? Тағы кім бұйрық берді зорлап алып кетуге әскерге? Не болып барады?
@Batyrzhan.232
@Batyrzhan.232 Жыл бұрын
Олар шақырмайды ұрлап әкетеді ұсталған баланы көрсетпейді
@Didar.Kussain
@Didar.Kussain Жыл бұрын
Оңтүстіктер бұрын қыз алып қашушы еді. Енді... 🤣
@kuralayyakhiyaeva3479
@kuralayyakhiyaeva3479 Жыл бұрын
Оқып жүргендерді алуға болмайды ғой
@user-di5jr4uy9p
@user-di5jr4uy9p 19 күн бұрын
Қазіргі жастар амияга барганы дурыс тәртіпті болып келеді
@svetadabaeva3630
@svetadabaeva3630 Жыл бұрын
Аскерге жиберу ушин даладан алып кеттуге болмайды куштеп алып кеткен адамды сотка алып кетту керек осылай алып кеткенге мен карсымын
@leilag871
@leilag871 Жыл бұрын
Бұлары дұрыс емес мұның.арты жақсылыққа апармайды.Жастарды бағалайық.Алла жар.болсын.
@user-gb2we4fe4f
@user-gb2we4fe4f Жыл бұрын
Бул окимет казакстан байлыгы акшасын мунайды урлаган койдым адамды урлаган ба не. Казакты корада устап отыр ма
@ramashov
@ramashov 4 ай бұрын
Ұрлап әкетім медициналық тексерістен өткізіп алды ма 😂
@user-st2tu8lr7x
@user-st2tu8lr7x Жыл бұрын
Ұлтқа бөлмейм бірақ өзге ұлттың балдары неге бармайт
@user-vv2cs7jm6r
@user-vv2cs7jm6r Жыл бұрын
Неге десең олар миллион миллион ақшасын берип жатыр олардың балдары армияға барып өлип қалмау керек сол ушин қазақтың балдары бару керек өле беру керек осы ғана бул жерде военкомаматқа барсаңыз сорлап жылап отырғанда қазақ армияға кетип жатқанда қазақ
@user-pw7sh8tp9b
@user-pw7sh8tp9b Жыл бұрын
Біз ақша беріп жүріп амалдап кетуші едік мына қаямбастар Қашып жүр Славый болып бара жатыр
@temirchidf.
@temirchidf. Жыл бұрын
Мен қой беріп,әрең кеткенмін әскерге,18-жасымда денсаулығым100% жарамды болды.Бірақ военкоматта неше түрлі сылтаулар айтып,әне жерің,мына жерің жарамайт деп,салмағың жетпеит деп өтірік алдайтын,тырнақ астынан кір іздейтін,ақша алу үшін.Ол кезде әскерге көбісі барғысы келетін,кейбір балалар қашып жататын,таяққа шыдамай,бірақ сол кездегі әскер жақсы болатын.1999-2000 жылдар болатын.Қәзіргі армия рахат,1-жыл!
@user-of7lb2mm3u
@user-of7lb2mm3u Жыл бұрын
Бұндай заман га да жеттік пе Алла сактасын әскер ге кезінде сұранып әрең кетіп едім 2009 жылы дені сау баланы отан
@user-is9xy1ry2m
@user-is9xy1ry2m Жыл бұрын
Кім приказ берген.көшеден әкеткен.ол бұйым.зат болмаса мусора емес...мұндайда жол бермей.арыз жазу керек адам құқығын тарағаны үшін..оларды ұрлағаны үшін...
@user-lx1ie1mh9r
@user-lx1ie1mh9r Жыл бұрын
Беспридел ғой мына тирликтери.
@user-ey5qv6no9t
@user-ey5qv6no9t Жыл бұрын
Ұстап әкеткен адам не үшін әкеткеніне жауап,бере алмаса сонда кім жауап береді.Көшеден ұстап әкеткені,заң бұзушылық.
@seriklashkerov8143
@seriklashkerov8143 8 ай бұрын
Ертең ОДКБ курамында Украинаға арнайы операцияга жибереди Тонкаев, соған алдына ала жасап жаткан дайындығы!!!
@user-fx3mb7sb2g
@user-fx3mb7sb2g Жыл бұрын
Аскер катарына жастарды урлап арi куштеп алып кетуге болмайды гой! Военкомат басшылары мен коллеж басшыларын неге жауапка тартпайды? Iстеген iстерiне жауап берсiн!
@user-kl8ut6vh6n
@user-kl8ut6vh6n Жыл бұрын
Баягыда солай истеген. Шакыру берилген, бармаган. Ешким урламады. Жок жерден шыккан шу. Бурын оку орнынан алып кете берген болатын.
@user-cn5xd8uk3s
@user-cn5xd8uk3s Жыл бұрын
Әскерден ешкім қашпайдығой. Қашуға,өлуге өздері жеткізеді. Кім өмірін қиғысы келеді. Айтыңдаршы. Әлімжеттік, басыну көп. Әр үйдің тәрбиесі әр түрлі. Біреу жуас біреу бұзық, тәрбиесі жоқ. Ана басшыңда сұрақтан жалтарып тұр. Қандай құқықтары бар басып алып кетуге. Ескертпейма ақымақ болып қалама өтірік қана. Өзімнің де балам өсіп келе жатыр алаңдаймын.
@user-zb3ik7qs7r
@user-zb3ik7qs7r Жыл бұрын
Меның ағам совет кезынде Германияға служить етып келды сапсау боп келды.Нағашы ағамның жалғыз улы өзымыздың Қазақстанымыздың əскерынде қаза тапты,қазыр быр ул асырап алды сол улының есымын қоиды.Өзымыздың неге Қазақстанымыздың əскерынде сарбаздар өлымы көп. Совет кезынде Германия, Ресей, Украина, Ауғанстанга ағаларымыз əскерге барып екы жыл əскери борышын өтеп сап сау келды.Ал өзымыздың елде быр жеты болмаи сарбаздың табытымен келеды. Я болмаса мүгедек болып қалады. Кым жаман баяғы өлген адам жаман болады, өзы жоқтың көзы жоқ дегендеи,өзіне қол жумсады деп.Дуниеге бала əкеу оңаи емес аиел адам тас емшегын жыбыттып тас қурсагын кеңеитып тоғыз ай тоғыз кун көтеріп туу оңаи емес.Баласын Анасынан аиырыу ол өтте жаман.Сол баласының орнын кым толтырады. Ақша медалмен толтыра алмаисыңдар.Бала мектепте мұғалім жауап берсе, уиынде ата -анасы, əскерде əскери қызмет жауап беру керек сап сауғып Анасына тапсыру керек.
@user-vb1nr7ov7k
@user-vb1nr7ov7k Жыл бұрын
Казирги жастар коркак оз ериктеримен келмейди содан сон осыган барып жаткан шыгар. Негизи оз отандарын коргау ар ер азаматтын борышы. Барып келген дурыс биз кезинде таласатын едик бармасан уят намыстанатынмыз .
@batman8863
@batman8863 Жыл бұрын
Тірі дені сау келуіне сен жауап бересіңба ол жақтағы бесприделге
@user-qu5qr6rt8r
@user-qu5qr6rt8r Жыл бұрын
Ключевое слово - кезінде)))
@user-vb1nr7ov7k
@user-vb1nr7ov7k Жыл бұрын
​@@batman8863баланын тарбиеси дурыс болса олмейди психологиясын куртпау керек
@batman8863
@batman8863 Жыл бұрын
Беспредел. Бардак. Заңсыз. Уақыты келгенде жауабы болар
@Akmaral250
@Akmaral250 Жыл бұрын
Неге шенділердің балдары ел қорғауға әскерге бармайды әділдік жоқ жемқор!!!
@user-zk9zp8wh2w
@user-zk9zp8wh2w Жыл бұрын
Дұрыс емес осы укімет халыкпен билгендерин жасаима дедимшо
@user-dm1qb7ut3l
@user-dm1qb7ut3l Жыл бұрын
Шаш ал десе бас алады булар. Урлаганы нес. Жауапка тартылуы керек.
@user-bv6ep1wx4o
@user-bv6ep1wx4o Жыл бұрын
Барғаны дұрыс
@Al-MalikAl-Aziz-ms4nc
@Al-MalikAl-Aziz-ms4nc Жыл бұрын
Это бардак бассыздык
@user-de5kl3wy3l
@user-de5kl3wy3l Жыл бұрын
Жаңа казакстаннын туры
@eFootball-vj2kn
@eFootball-vj2kn 10 ай бұрын
Әскердегі бауырым ақша сұрап звандай береді,не істеп қайда хабарлассақ болады?Полиция деген жауларға сенім жоқ.Көмектессеңіздер.
@user-we8uz4gi2c
@user-we8uz4gi2c Жыл бұрын
Сүйреп қосқан жарыспас, жыртып аллған жарытпас.
@user-we4qo9lc8z
@user-we4qo9lc8z Жыл бұрын
Еи осы ешактардыки жаксы мен бул суракка жауап бере алмаймын деген сылтаулыры жаксы екен вабше жол бермеу керек бул онбагандарга паленин бари осы тараздын аскерилеринен шыгып жатыр адам олу де баска да жагдайлар дал осы таразда бодып жатыр кошеден устап акеткени ушин жазалау керек асерилерди еи адам сиакты шакыртыу жибер сосы жасырын турде жумбактамай айтындар ар бала оз тургылыкты жеринде откизсин аскер борышын
@bakytbekdaden5918
@bakytbekdaden5918 Жыл бұрын
Алы окуын аяктамаган баланы алып кете алмайды. Зансыз алып кетп тур. Если бала озы келисимин берсе окуды токтатып барып келе алады.
@user-md8bh5kp8w
@user-md8bh5kp8w Жыл бұрын
Бәсе бұлар ел қорғауға недеген мән беріп кетті десем! Қорғаныс үшін емес есеп жабу үшін екен ғой. Не болып кетті бұл билік өтірік есеп болды ғой. Есепстан!
@user-tw7tv1yw9r
@user-tw7tv1yw9r Жыл бұрын
Орыстың балдарын солай алыпкетіпкөрсін жанбасына қазығын тығып алады! бул сұраққа жауап береалмаим деиді өз өзіне жауап береалмайды бундайлар
@ramashov
@ramashov 4 ай бұрын
Қанша жерден борышы болса да, бұлай алдап әкетіп қалу заңсыз және жабайылық. Біз қашан дамимыз?!
@user-ql2vd3nt5l
@user-ql2vd3nt5l Жыл бұрын
Ит пен биттер куттырган заман
@user-xz7mm4xi2x
@user-xz7mm4xi2x Жыл бұрын
КОЛЛЕДЖ.УНИВЕРСИТЕТТЕ ОКИТЫН БАЛАЛАРДЫ АСКЕРГЕ КУШТЕП АЛУГА РУКСАТ БЕРМЕЙТИН ЕДИГОЙ.Зан озгердима?
@user-vf8iz8rj8u
@user-vf8iz8rj8u Жыл бұрын
БАС БОСТАНДЫҚТАН АЙЫРУ ,,БҰЛ ЗАҢСЫЗ ..
@user-lb2qg2pl3z
@user-lb2qg2pl3z Жыл бұрын
Корганыс ы́стеры́ неге былай жасап жатыр. Себебы́ оларга жогарыдагылар кысым жасайды. Ал олар карапайым халыктын баласын армияга алып кету. Сы́здер туасыздар осиресиздер ал олар армияга жиберип Оли куйинде жибереды́
@orkazhumabek349
@orkazhumabek349 Жыл бұрын
Өздерінің балалары клуб та жүр дейсінго
❤️QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 5 МАУСЫМ! 15.05.2024
QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв
Рет қаралды 45 М.
Информбюро 14.05.2024 Толық шығарылым!
24:47
Информбюро 31
Рет қаралды 41 М.
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 11 МЛН
ШЕЛБИЛАР | bayGUYS
24:45
bayGUYS
Рет қаралды 590 М.
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 118 МЛН
Әскерге көшеден ұстап әкетіп жатыр. Неге?
2:59
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 113 М.
Шымкент тұрғындары әкім отырған залға басып кірді
3:51
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 229 М.
Жастар әскерден неге қашады?
7:43
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 10 М.
Әр бөлмеде серейіп жатқан өлікті көріп шалқасынан түскен
3:17
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 522 М.
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 11 МЛН