Тіл мәселесімен тек ғалымдар ғана айналысуы керек пе? / Шерубай Құрманбайұлы/Ана тіл мен мына тіл #1

  Рет қаралды 2,023

Арман Әлменбет

Арман Әлменбет

Күн бұрын

Пікірлер: 38
@СараТалгат
@СараТалгат 9 ай бұрын
Толық қолдаймыз! Орысша қанша сайрасаң да, бәрібір ұлтымыз қазақ болып қалатынын ұмытпауымыз керек, өйткені тіл жойылса, ұлт та жойылады.Намысты қазақ ұлтқа, тілге деген құрмет пен жанашырлықты тоқтатпауы керек! Біздің тіл өте бай, әдемі, мағыналы, онымен мақтануға болады!
@ааааааааа-х2ц
@ааааааааа-х2ц 9 ай бұрын
Өте өзекті тақырып.Қазақтың тілі өте бай тіл .Осыны өскелен ұрпаққа ұғындыру басты мәселе болу керек.
@ШолпанСейтказиева
@ШолпанСейтказиева 9 ай бұрын
Тіл мәселесі қолға алынып мәртебесін көтеру мақсатында айтылуда👏👏👏, алдағы уақытта оң өзгеріс болып, арман-мақсатымызға жетеміз деген сенім бар.
@ИмяФамилия-ы1ъ
@ИмяФамилия-ы1ъ 9 ай бұрын
Арман, ойың өрісті, қиялың ұшқыр болып, Алла қолдап, арман, мақсаттарың орындала берсін. Керемет.
@ГулмираАбикенова
@ГулмираАбикенова 9 ай бұрын
Тамаша айттыңыз!
@AraiKenzebek
@AraiKenzebek 9 ай бұрын
Менің ойымды дөп басқандай. Ұлытаудың ұлы қарыштай бер!
@KorkemZhanbek
@KorkemZhanbek 9 ай бұрын
тамаша
@БайсаринаБ
@БайсаринаБ 9 ай бұрын
“Тіл мәртебесі-ел мәртебесі “ дегендей тіл мәселесін тілге тиек етіп, шын жанашыр болар өзіңіздей азаматтарға дән ризамыз, бай тілімізді қастерлейік, құрметтейік, тіліміз барда айтылар ой да, сыр да таусылмайды.
@Галия-л4т
@Галия-л4т 9 ай бұрын
Ұнады керемет тамаша🎉❤
@ЖансаяАкпар-ы3п
@ЖансаяАкпар-ы3п 9 ай бұрын
Ұнады, Арман көке алға! Ғұмырыұзақ болсын, передачаның
@ГүлзираМ-г2е
@ГүлзираМ-г2е 6 ай бұрын
Тілге жанашырлық танытып, мәселенің өзегін ашып айттыңыздар.👍👍👍 көпке ой саларлық құнды дүние айтылды. Тілге деген құрметіміз биік болсын!
@culnarkudabaeva
@culnarkudabaeva 10 ай бұрын
Қарап шықтым. Подкаст дегеннің мәні хабар, сұқбат деп түсіндім. Өз парақшама орналастырып қойдым. Ойларың ірі, Арман! Алла өзіңе денсаулық берсін! Қазақ тілі үшін әлі талай рет шайқасуға тура келер. Жүз жыл бұрын бөтен сөзбен былғана бастаған тілімізді шөп-шаламнан тазарту оңай болмас.
@Atesh-r4e
@Atesh-r4e 9 ай бұрын
Өте дұрыс айтып отырсыздар.
@АқкүрішСәрсенғалитегі
@АқкүрішСәрсенғалитегі 10 ай бұрын
Бүкіл жарнамалар, мекемелер, кеңселер, сарайлар, оқу орындары...т.б атаулары тек қана Қазақ тілінде болуы тиіс, қасындағы қосарланып тұрған шет тілі ( орыс) қойылмасын!!! Сосын бүкіл жұмыс орындағы жүргізілетін құжаттар, анықтамалар, арыздар, тапсырмалалар ..т.б сол сияқты мәселелер тек қана қазақ тілінде болуы тиіс, ше тілі (орыс) қосарланбасын! Теледидардан рф каналдарын шектеп тастасын! Сонда ғана тез Қазақ тілі өз мәртебесіне қол жеткізеді!!!!
@БейсеналиШахмагамбетов
@БейсеналиШахмагамбетов 9 ай бұрын
АРМАН АЛҒА.
@КалияАбдуллаев
@КалияАбдуллаев 9 ай бұрын
Арман бастаған исин аяқсыз калмасын. Өзекті мәселе козгап отырсың
@kausar.abduhamitova
@kausar.abduhamitova 9 ай бұрын
👍🏻👍🏻
@АқкүрішСәрсенғалитегі
@АқкүрішСәрсенғалитегі 10 ай бұрын
Қазақтың тілі бай, ниет болса, пейіл болса бәрін реттеуге болады! Ол үшін мәңгүрттер өз ана тілін құрметтеуі керек, қазақ екені есіне түсіп намысы оянуы тиіс!!
@astana_balaqaishop_kz
@astana_balaqaishop_kz 9 ай бұрын
Өте мықты, пайдалы подкаст болды👍👍🤲🕌🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@БагирашАльмагамбетова
@БагирашАльмагамбетова 9 ай бұрын
Керек жоба,жарайсың
@AinaGizatqyzy
@AinaGizatqyzy 10 ай бұрын
Ана тілдің тағдырына алаңдайтын азаматтар көруі керек жоба екен. Әр саланың маманы өз кәсібінде қолданып жүрген терминдерін жалпы қолданысқа шығаруы керек деген оймен толық келісемін. Тіл ортақ мұра ғана емес, ортақ мәселе болғандықтан да ортақ шешімге мұқтаж. Қоғам үшін маңызды жоба үшін көп рақмет! Іске сәт!
@ГУЛШАТЖУМАДИЛОВА
@ГУЛШАТЖУМАДИЛОВА 9 ай бұрын
Қоғам ушін пайдалы жоба 👍👍👍
@ҚұралайҚуатова
@ҚұралайҚуатова 7 ай бұрын
Әбеке, етігіңіз керемет, имиджді ерекше көрсетіп, подкасттарға сәйкес келіп тұрады👍
@bagdatata
@bagdatata 10 ай бұрын
Әлді бол, қазақтың баласы!
@irisiris1670
@irisiris1670 10 ай бұрын
Ана тілін сақтап қалу үшін, ҚАЗАҚ тілін барлық өз елімізде қолдану! ойлаймын бұған ғылыми немесе басқада термин ұғымдарын қолдану қиындау. Егер көп таралып әр персоналдарда жазылып жарқырап тұрса олда бір төбе.! Жалпы Ана тіліміз сіңу үшін кез келген орындарда қарапайым ҚАЗАҚ тілімен сөйлеп, өзімізден бастау керек деп санаймын!
@Meyram_Mahu_ulu
@Meyram_Mahu_ulu 9 ай бұрын
Самолет, ӨЗІҰШАР, летун, ҰШАҚ, двигатель, ҚОЗҒАЛТҚЫШ, руль, БҰРҒЫШ, тормоз, ТОҚТАТҚЫШ, сцепление, ІЛІТКІШ, кабина, ҚАБЫН, капот, ҚАБЫТ.
@irisiris1670
@irisiris1670 10 ай бұрын
Тақырып керемет!
@kazakcontent
@kazakcontent 7 ай бұрын
Қарапайым мысал ретінде, біздің "шаңырақ", "қымыз" деген сөздерімізді басқа елдер аудармайды, тек өздерінің фонетикасына қарай бейімдейді. Сол секілді бізге де қазақ тілінде баламасы жоқ сөздерді, түпнұсқада қалай бар, солай тілімізге бейімдеп кіргізген дұрыс деп есептеймін. Мысалы орысша "шина" сөзі, сөздің шығу тарихына қарасақ 17 ғасырда орыс тіліне неміс тіл.(Schiene [шинэ] -рельс) дегеннен енген, бізге "Шине" деп алуға болады, сол сияқты мысалдар көп.Жалпы подкаст ұнады, керемет 👍 ары қарай дамуына тілектеспін. Арман мырза, сізге мың алғыс 🙌
@zasu2708
@zasu2708 7 ай бұрын
Ғалымның үміті зор, әрине, бірақ далаға шығып, 1-15 жасар балаларды тыңдасаң, үмітің үзіледі. Барлығы орысша сөйлейді, тіпті қазақ мектебіне бара жатып, бір-бірімен, ата-аналарымен орысша сөйлеп келе жатқаны ойландырады. Және де ата-ана орыс тілді болып, баласын қазақшаға бұрған болса қуанамын, бірақ сол бара жатқандардың басым көбі қазақ тілді ата-аналар, бірақ балалаымен орысша сөйлейді және соңғы жылдары дәл солар балаларын орыс мектептеріне беріп жатыр. Бұрын біз оқыған кезде класта қалың орыстың арасында 1-5 қазақ отырсақ, енді орыс кластарында кейде бір орыс та жоқ. Өкінішті, мұңайтатын, алаңдататын, ойландыратын жағдай
@ulanyerkinbayev9149
@ulanyerkinbayev9149 10 ай бұрын
Актуалды подкаст✅✅✅👍👍👍
@batonnankz
@batonnankz 10 ай бұрын
👏🏼👏🏼👏🏼
@БауыржанМуканов-ъ6п
@БауыржанМуканов-ъ6п 10 ай бұрын
Қорытып отырып асықпай көретін дүние екен!
@kui
@kui 10 ай бұрын
Іске сәт
@kui
@kui 9 ай бұрын
Үш аптадан кейін тағы келіп тұрмын. Пікір аз емес, бірақ көрілім мыңға да жетпейді. Яғни адамдар пікір жазып кете береді. Ютуб алгоритмі солай, Адам неғұрлым көп уақыт көрсе, продвижение (қазақша баламасын білмеймін(((( жақсы болады. Ал видеоға кіріп, бірден өшіре салса, каналға аса пайдасы жоқ. Яғни сіздің видеоңыз бір жарым сағат болса, әр адам кемінде бір сағатқа жуық көру керек. Сонда ютуб өші алып кетеді.
@rozabattl2351
@rozabattl2351 9 ай бұрын
Арман, Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары қазақ терминологиясын дамытуда үлкен жұмыс жасалды. Барлық саланың терминдер сөздіктері жасалып, жарық көрді. Шерубай Құрманбаев бұл салада ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже барлығын дұрыс айтып отыр. Арман, айналайын, қазақ тілінің қазіргі жайының түп-төркіні, себеп-салдары бір ғана нүктеге байланып тұрды 30 жыл, әлі де сол қазықты айналып тұр. Шерубай сияқты тілші ғалымдар өз орнында тиісті міндетін асыра орындады деп айтуға болады. Оларға мың алғыс. Ал өзіңді алаңдатқан негізгі сұрақ адресатын таппай отыр. Бір сөзбен айтқанда, қазақ тілінің ауыр жағдайы - мемлекеттің: "Алдымен экономика, сонан кейін саясат"- деген бағдарының нәтижесі! Сол бағыт тіл ғана емес, тұтас ұлтты тұралатып кетті. Қазір өзгеріс бар сияқты көрінгенімен, түпкілікті бетбұрыс жоқ. Қазақ тілі барлық саланы еркін көтере алатын деңгейде, толыққанды әлеуетті, дамыған, бай тіл. Тәуелсіздікке де, 1991 жылы сондай деңгейде жеткен, жан-жақты дамыған, әлеуетті, қарымы мол тіл қалпында жетті, қазір де жоғары деңгейде. Бар жағдай мемлекеттік саясаттан, көзқарастан және көрші елдің ұдайы тырп еткізбей, астыртын бағып отыруынан, ең бастысы жоғары билікте ұлттық рух, ұлтқа жанашырлық болмауынан туындады. Бұл сұрақтарға жауапты басқа жақтан іздеу керек, сәл ойланып алып. Арман, қазақтың талантты жас жазушыларының бірі ретінде, ел ертеңіне алаңдауың, осылай ізденуің өте дұрыс! Сұхбаттың мазмұнды болғаны үшін Шерубай Құрманбайұлының тілші ғалым ретінде айтқан келелі кеңесі үшін рақмет.
@РаушанШахмаганбетова
@РаушанШахмаганбетова 9 ай бұрын
Тілдің тазалығын сақтау үшін қатал заң керек сияқты. Арман, бастаған тақырыбың өзекті
@AmirKhan-st6wn
@AmirKhan-st6wn 10 ай бұрын
Сөйлеп жатқан адамның алдын кесір кетіп жатырсыз. Сөзін аяқтасын сосын, сөйлеңіз. Жалпы, жақсы. Жалғасын күтеміз
How To Choose Mac N Cheese Date Night.. 🧀
00:58
Jojo Sim
Рет қаралды 93 МЛН
Из какого города смотришь? 😃
00:34
МЯТНАЯ ФАНТА
Рет қаралды 2,5 МЛН
"Мәңгі жастық" туралы арман қол жетімді ме?
1:10:21
Цукербергтің көршілері
Рет қаралды 489
Басты Жаңалықтар  25.11.2024
27:20
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 43 М.
Унитаздан су ішкен кімдер?
1:53:40
AUEZKHAN YERASYL / ӘУЕЗХАН ЕРАСЫЛ
Рет қаралды 4,7 М.
How To Choose Mac N Cheese Date Night.. 🧀
00:58
Jojo Sim
Рет қаралды 93 МЛН