Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty

  Рет қаралды 14,901

TEDx Talks

TEDx Talks

6 жыл бұрын

Ақын Мақпал Жұмабай поэзия мен музыканы егіз деп есептейді. Ол бұл дәрісінде неліктен поэзия мен музыканы бір бірімен табыстырғанын түсіндіреді. Оның пайымдауынша, өлең әу бастағы болмысында музыкалы болды. Жер бетінде пайда болған өркениеттердің әдеби тариxы солай дейді. Ақындар өз өлеңдерін әуендетіп айтты. Оны әсерлі жеткізу үшін музыкалық аспап қолданды. Ақын деген ғасырлар бойы біз білетін бүгінгі “қалам мен қағаз ұстаған ақын” бейнесінен өзге болды. Олардың сол замандағы образы төрт элементтен тұрды: сөз, дауыс, музыка, аспап. Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты (2006 ж.), ҚР Президент қоры грантының иегері (2016 ж.)
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ бөлімін бітіргеннен кейін медиа-салада жұмысын бастады. Республикалық «Ана тілі» ұлт газетінің бөлім редакторы қызметін атқарды, осындай қызметті «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Балапан» телеарнасында да атқарды. Қазіргі таңда Қазақстанның ашық кітапханасы - www.kitap.kz жобасының бас редакторы.
2008 жылы «Қырандар мен қазақтар» өлеңдер жинағын, ал 2017 жылы «Мақпал шер» поэтикалық жинағын (өлең кітабы және аудиоальбом) басып шығарды. This talk was given at a TEDx event using the TED conference format but independently organized by a local community. Learn more at www.ted.com/tedx

Пікірлер: 15
@totydaniyar1882
@totydaniyar1882 5 жыл бұрын
ақын,əнші ., өзі көрікті, қандай тартымды өзіне баурап алады, сөйлеу мəнері тамаша ., əрі зерттеуші ,нағыз заманымыздың інжу- маржаны .Ең бастысы ана тілінде баяндап отыр . Маған өтеееее ұнады.Бағалайық байлықты !!!!! Байлық та , барлық та осындай дара адамдар!!!
@nazerkeqappar9991
@nazerkeqappar9991 4 жыл бұрын
Мақпалшердің жанкүйерлері жиналуда @fanclub_maqpalsher (instagram) ♥ қазақша сапалы өнердің дамуына өз үлесімізді қосайық!
@user-kb2lr3ky9x
@user-kb2lr3ky9x Жыл бұрын
Міне нағыз қазақтын тамаша кыздары. Киінуі де, сойлеуі де, ойы да үлгі тұтарлық! Тамаша.
@user-qq4zp9hc5i
@user-qq4zp9hc5i 3 жыл бұрын
Мақпалдың жаны таза, жүрегі ақ ,өзінің өзін өзі дамытуының өзінде үлкен өмір жатыр жұмбақ.Үлкен табыс тілеймін творчествалық .Еңбегіңнің жемісін көребер.Еліңе пайдаң тие берсін.
@elamannurullaev2388
@elamannurullaev2388 Жыл бұрын
Оте кушти, Ракмет Макпал сизге
@BakytgulSalykhova
@BakytgulSalykhova 6 жыл бұрын
Қуаныштымын! Биіктерден көріне бер. Идеяңды тыңдаушылар мен қолдаушылар көбее берсін. Келесі кезек аудармашыларда - әртүрлі тілге аударып, идеяна тарату.
@zhadraaldiayrova8506
@zhadraaldiayrova8506 3 жыл бұрын
Дами бер сіңілім бақытты бол!!!
@user-zs4kb2ud5x
@user-zs4kb2ud5x 3 жыл бұрын
Тамаша
@Mutylgan2
@Mutylgan2 4 жыл бұрын
Мықты!!!
@user-pc9tk7nz1k
@user-pc9tk7nz1k 3 жыл бұрын
Бəрекелді ҚЫЗЫМ жете түсінуге болады деп ойлаймын АҚЫН да ƏНШІ де емеспін АНАҢ айтқандай əр сөздің дыбыспен əуенмен үйлесімі болады дегеніңе қосыламын КЕЛЕШЕК СЕНДЕРДІКІ қанатың талмасын КҮНІМ АЛДЫҢНАН НҰР ЖАУСЫН АҚЫЛ ЖАСТАН АСЫЛ ТАСТАН ДЕГЕН ҚАЗАҚТА СӨЗ БАР ЕМЕСПЕ қадамыңа ГҮЛ бітсін
@user-kt7bu1ov3f
@user-kt7bu1ov3f 3 жыл бұрын
Керемет
@user-ty7gc9ek8g
@user-ty7gc9ek8g 2 жыл бұрын
Керемет!
@nazerkeqappar9991
@nazerkeqappar9991 4 жыл бұрын
Мақпалшердің жанкүйерлері жиналуда @fanclub_maqpalsher (instagram) ♥ қазақша сапалы өнердің дамуына өз үлесімізді қосайық!
@Nurq406
@Nurq406 3 жыл бұрын
Осы кейбір адамдар айтады ғой музыка адамды нәзіктендіреді, көп тыңдамау керек деп жатады, ал кейде тіпті музыка тыңдау дінде де дұрыс емес дейді, ал мына дәрісті тыңдасақ керісінше
@nor1kkz263
@nor1kkz263 3 жыл бұрын
Д В
The Science of Kindness | Luna Schlosz | TEDxYouth@AISCT
5:44
SHE WANTED CHIPS, BUT SHE GOT CARROTS 🤣🥕
00:19
OKUNJATA
Рет қаралды 4,2 МЛН
SHE WANTED CHIPS, BUT SHE GOT CARROTS 🤣🥕
00:19
OKUNJATA
Рет қаралды 4,2 МЛН