«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ-2024» «Қауіпсіздік сабағы»

  Рет қаралды 194

Гульназ Ботабаева

Гульназ Ботабаева

Күн бұрын

Шымкент қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 9"В" сынып жетекшісі Г.Ботабаева 19.09.2024ж күні "Қауіпсіздік сағаты" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
🔖 «Буллинг» тақырыбын кеңірек ашу;
🔖 Қауіпсіздіктің түрлеріне тоқталу;
🔖 Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
🔖KiVa бағдарламасымен таныстыру;
🔖«Буллинг» тақырыбына қатысты тапсырмалар орындау;
🔖Қауіпсіздіктің түрлеріне тоқталу;
🔖Сынып ұжымын сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ басы "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" туралы ақпарат беруден басталды. Мектебімізде осы оқу жылында пилоттық жобада іске асырылып жатқан, әлемдегі озық тәжірибе - финдік KiVa бағдарламасы жүргізіліп жатқандықтан, 1-ші кезеңде осы жоба бойынша қысқаша түсінік қалыптастырылып, таныстырылды. 2-ші кезең "Буллингтен қорған" айдарымен топтық жұмыстар жасалды. Сынып төрт топтан және топ көшбасшыларынан тұрды. Топ аттары қауіпсіздікке байланысты "Сақтық сарбаздары", "Алғыр алдын алушылар", "Тосынға тосқауыл", "Қырағылар" деп аталды. Төрт топтың екеуіне ауызша тапсырма, екеуіне жазбаша тапсырма берілді.
1.Буллинг туралы пікірсайыс. Мақсаты: Оқушыларды өз ойларын еркін айтуға, тақырыпты терең түсінуге үйрету.
Тапсырма: Оқушылар екі топқа бөлініп, бір топ буллингтің әсері туралы пікір айтса, екінші топ буллингпен қалай күресу керектігі туралы ой бөлісті. Әр топ өз пікірін дәлелдермен қорғады. Келесі екі топқа интертақтаға жазбаша орындалатын тапсырма берілді.
2. «Көңілсіздік тізбегі» және «Көмек тізбегі»
Мақсаты: Буллинг кезінде адамның жағдайын түсінуге және көмек берудің маңыздылығын көрсету.Тапсырма: Екі түрлі тізбек жасалды. Бір тізбек - буллинг кезіндегі көңіл-күйді сипаттаса, екінші тізбек - көмек беру арқылы жағымды атмосфера жасаудың, көмек беру, көмек алу сезімдерін көрсету.
Келесі кезең қауіпсіздіктің түрлері бойынша практикалық жұмыс жасау. Атап айтқанда, жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік, буллинг және кибербуллинг. Оқушылар тақырыптарды таңдап алып, сол жерде презентация дайындады. Дайындалған презентацияны экранда қорғады. Оқушылар заманауи үлгіде жасалған презентацияларымен көптеген ақпараттарды қамтып, тақырыпты аша білді, тіл байлықтарымен ойларын жеткізе білді.
Сабақ соңында әр топтан өз пікірлері және сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
"Бірлескен шеңбер ұраны" айдарымен оқушылар шеңбер жасап тұрды. Тақтайшадағы қауіпсіздік, татулық, достықтың белгісі ретінде жасалған логотипті бір-біріне "Татулық, достық, сенімділік, мейірім, адалдық" сынды әдемі сөздермен ұсынды. Сабақ өте қызықты, өнімді, пайдалы ақпараттарға толы болып өтті. Оқушылар өздерінің бұрынғы білімдерін жаңа ақпараттармен толықтырып, жаңа бағдарламамен де танысып шықты.
Бірлігі жарасқан бұл сыныпта қауіпсіздік тақырыбында үнемі жұмыс жүргізілетіндіктен, тәрбие сағаты оңай әрі қызықты болды.
Шәкірттеріміз білімді де саналы, білім-ғылымға ашық, бір отбасының баласындай бауырмал, мейірімді болып өсе берсін! Талаптарына нұр жаусын!

Пікірлер: 3
@НуркулИсмайлова-ж5ж
@НуркулИсмайлова-ж5ж Күн бұрын
🎉
@BotaMath
@BotaMath 4 сағат бұрын
Саламатсыз ба? Номеріңізді қайдан тапсақ болады? Инста тик ток еш жерден таба алмай отырмыз?
@Botabaeva_Gulnaz
@Botabaeva_Gulnaz 4 сағат бұрын
87478567752
An Unknown Ending💪
00:49
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 50 МЛН
Секрет фокусника! #shorts
00:15
Роман Magic
Рет қаралды 117 МЛН
Bike Vs Tricycle Fast Challenge
00:43
Russo
Рет қаралды 56 МЛН
He bought this so I can drive too🥹😭 #tiktok #elsarca
00:22
Elsa Arca
Рет қаралды 60 МЛН
World’s Deadliest Obstacle Course!
28:25
MrBeast
Рет қаралды 210 МЛН
Первые 20 часов. Как получить базовые навыки в любой теме. Джош Кауфман. TEDх
19:12
Искусство Вдохновляющего Общения
Рет қаралды 1,6 М.
Мереке құтты болсын! 🌹🌹🌹🌹🌹
6:58
Гульназ Ботабаева
Рет қаралды 106
IELTS READING : BAND 9 strategiya  33 daqiqada.
33:12
Shoxruxbek Olimov
Рет қаралды 110 М.
An Unknown Ending💪
00:49
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 50 МЛН