Рет қаралды 131
Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі
2025 жылғы 17 қаңтарда Алаш қайраткері Ғазымбек Бірімжанның өмірі мен шығармашылығын зерттеуші жас ғалым Данияр Ихсанның «Қазақтың ер Едігесі» ғылыми еңбектерінің таныстырылымын өткізді. Іс шарағағалым-ұстаздар, ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет саласының қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, Қостанай қалалық білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Тобыл Жандаулетов Алаш қайраткері Ахмет Бірімжанов жайында деректермен бөлісті. Ыбырайтанушы ғалым Серікбай Оспанұлы Ыбырайдың нағашы жұртының мемлекет қалыптастыруда жасаған еңбектері жайында баяндады. Қалалық білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Кенжебек Шайхыбеков Ахмет пен Ғазымбек Бірімжановтардың өнегелі өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа танытуда атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.Белгілі қаламгер Қабылахат Сейдахмет Алаш қайраткерлері жайында деректермен бөлісіп, жас ғалымға Ғафу Қайырбековтың кітабын сыйға тартты. Рухани жиынға қатысушылар ғазымбектану бойынша сұрақтар қойып, зерттеуші авторға алғыстарын білдірді.
Ғазымбек Бірімжанұлы - Алаш қайраткері, «Алаш» партиясының программалық жобасын жасаушы, 1921-1922 жылғы аштық кезінде сөзімен де ісімен де халыққа жанталаса көмектескен, «Ақ жол» газетінің редакторы, мал дәрігері, агроном-ғалым, Берлинде оқыған тұңғыш қазақ. Ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарыұлының нағашы атасы Шеген бидің немересі Қорғанбек Бірімжанұлы Ыбырай Алтынсарин мектебінде оқып, білім алып, ел басқару ісіне араласқан, қазақ жұртына сыйлы адам болған. Ғазымбек - Қорғанбектің үшінші ұлы. #алтынсарин #музей #ыбырай #ыбыраймузейі #қостанай #қостанайтв