17 жасында қойшы болған, қазір автокөлік бояйтын әйел | Өкпесі краскіге толған | ЕҢБЕК АДАМЫ #33

  Рет қаралды 7,893

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

20 күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: МАРАЛ ОСПАНОВА - атвокөлік бояйтын әйел.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы автокөліктер адам тасудан әуелде ада болуы керек. Себебі олар әбден тозған. Қазір Қазақстанда 4 млн жеңіл автокөлік, 454 мың жүк көлігі мен 95 мың автобус бар. Стандартқа салсақ, темір тұлпардың талқаны шықпай, жүріп беретін уақыты - ең көп дегенде 10 жыл. Елімізде тіркелген жеңіл автокөліктердің 49%-ның зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан, 21%-ына 10 жыл толған. Жаңа деп саналатын 3 жылға дейінгі жеңіл автокөліктердің үлесі - елімізде 6% ғана. Осыдан-ақ Қазақстандағы автопарктің мүшкіл жағдайын білуге болады. Әңгіменің ауаны утилалымға қарай ауып барады, бұл жайлы бағдарламаның соңында кеңінен тарқатайын. Осыдан үш ғасыр бұрын Майқы би темірден болар көлігің, темірден болар өлімің деп айтып кеткен. Тоз-тозы жетіп, төрт дөңгелегі төрт жаққа ұшайын деп жүрген көлікпен тас жолда ұша жөнелетіндер көп. Нағыз - қауіп, нағыз -салғырттық та сол. Дегенмен, таяқтың екі ұшы болатындай, ескі көліктердің көптігінен бизнес пен кәсіп түрлері де дамып отыр. Мысалға, сол машинаға құрал-сайман сататын базарлар әр қалада жетеді. Ал, сол қақалып, бір тоқтап, бір ырғалып жүрген ескі көліктерді емдеп алатын көлік жөндеу орындары да аз емес. Осы тұста бір айта кетерлігі, көпшілік «СТО»-дағының бәрін «Сергей» деп біледі, сол «Сергейлерге» сенеді. Басқа ұлт өкілдері техникаға епті, білікті келеді деген теріс «стеоратип» қалыптасқан бізде, мойындайық. Ал, негізінде көліктің кез келген маркасын шашып-құрай беретін мықты шеберлер қазақта да баршылық. Тіпті, ер азаматтар ғана емес, әйел адамдар да шамалы көліктің ауруын дөп тауып, жөндеп береді. Бүгінгі кейіпкеріміз Марал Оспанова сондай өнерлі жандардың бірі.
Марал Оспанова 18 жылдан бері көлік жөндейді. Ол темір тұлпарды да, тірі тұлпарды да жіліктейтін қасапшы. Малшының қызы болғандықтан, төрт түлікті қадірін де, оның бабын да біледі. Ал, негізгі мамандығы - тігінші екені айтылды. Бірақ, бойда бар қабілет түбі бір сырптқа шығып, өзін танытады емес пе? Жұбайының көлікті жөндеп жатқанын көріп, қызығып, өзі де лезде үйреніп алған. Сол хобби қазір кәсіпке, өнерге айлды. Марал шашы мен тырнағын бояғаннан гөрі, көлік бояғанды жақсы көреді. Біле білгенге көліктің кузовын қайта қалпына келтіріп, әуелгі түсін қайта жаңғырту қиынның қиыны.
Енді бағдарламаның басында айтқанымдай утиль алым тақырыбын сабақтайын. Ескі көлік азайса, «СТОлардың жұмысы тоқтап қалмайды. Көлік жөндейтін орындар болды және бола да береді. Ең басты мәселе көлік нарығын реттеп, қымбатшылықты, қолдан жасалған кедергілерді жою керек. Сондықтан, халықтың талабын мен мәжілісте де айттым. Олар: Қазақстанға шетелден кіргізілетін автокөліктердің шектік құны бекітілген кедендік сетканың бағасын төмендету; Алғашқы тіркеу бағасын түсіру. Қазір Қазақстанға әкелінетін көліктердің шыққанына 3 жылдан асса оған 1,8 млн төлеу міндетеледі. Осы мерзімді 7 жылға дейін созу;Утилалымның бағасын төмендету. Осы талаптар орындалғанда ғана елдегі көлік саласы серпін алып, халық таңдаған тұлпарын шертіп мінер еді.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 44
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 17 күн бұрын
Көріңіздер, таратыңыздар! Қарапайым Еңбек адамдарын қолдайық!
@user-dw4kl2zp6x
@user-dw4kl2zp6x 15 күн бұрын
Утил мен первичка алынсыншы. Қарапайым халкыма колдау корсетиниздер
@user-sm2su8kj3y
@user-sm2su8kj3y 17 күн бұрын
Қолдайық ағайын ✊🇰🇿✊
@user-fw5ve2wl7w
@user-fw5ve2wl7w 17 күн бұрын
Асалаумаликем калаисыздар Алла ысынызге береке берсын шаршаманыз Бакытты болыңыздар 🤲👍
@user-jj1vr7qy4t
@user-jj1vr7qy4t 17 күн бұрын
Е ұлдары бар екен аман болсын аспазда жақсы жұмыс
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Марал жаның жайсаң жан екесің денсаулық берсін аллам
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Еңбек адамы фильмінің жаңа саны міне бұл саланы да қамтыды жарайсыңдар
@user-jj1vr7qy4t
@user-jj1vr7qy4t 17 күн бұрын
Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер балалары қайда?
@user-yo6zd2xt8n
@user-yo6zd2xt8n 17 күн бұрын
Қазақтар алға❤
@user-jj1vr7qy4t
@user-jj1vr7qy4t 17 күн бұрын
Осындай жақсы еңбекқор адамды түсіру керек Нартай сізге рақмет дендеріңіз сау болсын
@kerekzharak
@kerekzharak 17 күн бұрын
Қазақ елінің барша АВТО ӘРЛЕУШІлерінің атынан сізге құрмет болсын!!!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Ой айналайын еңбегіңнің жемісін көр
@user-eu4ul4ov3z
@user-eu4ul4ov3z 17 күн бұрын
Алла күш қуат берсін
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Еңбектің жаман жоқ берекесін берсін
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Ұрпақтарың аман болсын осындай адал еңбекпен тәрбиеленген
@user-ed6cr3yz3r
@user-ed6cr3yz3r 17 күн бұрын
Алла күш қуат берсын Керемет
@user-ig7ci2cx8v
@user-ig7ci2cx8v 16 күн бұрын
Енбегыныз жана берсын, куш куат берсын сызге
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Осындай еңбектерің алға өрлесін
@user-wd8by6jq6p
@user-wd8by6jq6p 17 күн бұрын
Ой карагым Марал жасыңда келіп калыпты Алла разы болсын бала шагаңнын қызығын көріңіздер
@user-pn5md9oj9u
@user-pn5md9oj9u 17 күн бұрын
Денсаулыкка отте зиян жумыс бул,и ауыр жумыс
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Марал Оспанова қазақтың қайсар қызы аман жүр
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Еңбек адамы фильмі бұл сала туралыда қоздады қарайық бағалайық
@user-dw4kl2zp6x
@user-dw4kl2zp6x 15 күн бұрын
Ракмет апке Аллам жар болсын. Ул кызыныздын кызыгын корин. Сизди корип суйсинип отырмын
@user-ls6un7ky3m
@user-ls6un7ky3m 15 күн бұрын
Коп рахмет, осындай адамдарды казирги жастарга корсету керек
@user-lq7iq7go8w
@user-lq7iq7go8w 15 күн бұрын
Шығарылымда кейіпкерде өте күшті осындай жандарды көп дәріптеу керек
@user-bx3wp4el8l
@user-bx3wp4el8l 15 күн бұрын
Нартай Аралбай бауырым дұрыс айтасың, мына үкімет халықтың жаңа көлік мінуіне жағдай жасау керек, сол үшін шет елден әкелетін көліктерге төленетін төлемдерді алып тастау керек
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Еңбегің жансын
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Жарайсыңдар қиынды болсада таза еңбек наны тәтті
@abylai9050
@abylai9050 17 күн бұрын
Мықты жанұя еңбек етпей ақша табқысы келетін адамдарға мысал
@C-sw4xo
@C-sw4xo 17 күн бұрын
Утиль алынсын тезірек
@user-gh8xg4ob4k
@user-gh8xg4ob4k 17 күн бұрын
Нартай осыны соңына дейін жеткизши
@KASYMFOR
@KASYMFOR 12 күн бұрын
Кай калага жакын
@user-fl1he4pe6y
@user-fl1he4pe6y 17 күн бұрын
Бүл қай жақта?
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Осындай жанұяларжұмыс жоқ дегендерге үлгі
@erkazak6496
@erkazak6496 17 күн бұрын
Утиль первичка не болды?қасарысқан өнер кәсіп министіріне ешкімнің шамасы жетпегеніме сонда? Осы істі қозғап бастаса халықтың назарын аулап насыбай деді,күндіз жарық шамы деді енді не ойлап табар екен .Сізден басқа бұл қара халықты ойлайтын адам барма өзі
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Жан жақты жан екен алла саулық берсін
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 17 күн бұрын
Еңбектің наны тәтті
@user-hc5zl2dg8j
@user-hc5zl2dg8j 17 күн бұрын
😎👍👍👍👍💯💯
@assalaymagalakym4882
@assalaymagalakym4882 17 күн бұрын
Әлгі Утиль Первичка не болып жатыр? утиль алса жана машинаға сто қымбат айтады жаңа сайман қымбат келеді қосып айтады, сатушы сто шы өлмейді нарықтан қалмайды
@zhaskanatalimbaev7841
@zhaskanatalimbaev7841 10 күн бұрын
скляр мамин шарлаппаев Кетсе Бир Маркаев Қалар Едік.
@kyka-ch6uv
@kyka-ch6uv 17 күн бұрын
👋 🤩🤗 👍
@user-os3vl8px1r
@user-os3vl8px1r 17 күн бұрын
Толық қолдаймын 100%
@user-ig7ci2cx8v
@user-ig7ci2cx8v 16 күн бұрын
Енбегыныз жана берсын, куш куат берсын сызге
Айттыңба - істе ! | Synyptas 3 | 7 серия
21:55
kak budto
Рет қаралды 1,5 МЛН
How To Choose Ramen Date Night 🍜
00:58
Jojo Sim
Рет қаралды 31 МЛН
船长被天使剪成光头了?#天使 #小丑 #超人不会飞
00:28
超人不会飞
Рет қаралды 27 МЛН
Жанаозен - Молодость
5:00
k0ishybaev
Рет қаралды 8 М.
Германияда қазақ-қырғыз дәстүрін сақтаған немістер
46:14
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 61 М.
Айттыңба - істе ! | Synyptas 3 | 7 серия
21:55
kak budto
Рет қаралды 1,5 МЛН