АБЫЛ ЖЫРАУ ТІЛЕУҰЛЫ(1777-1864) - «АБЫЛ ЖЫРАУДЫҢ ӘЛІППЕС»

  Рет қаралды 20,966

Маңғыстау Адай

Маңғыстау Адай

Күн бұрын

АДАЙДЫҢ БЕС ЖҮЙРІГІ!
ЖАРЫ/ТОҚТАМЫС - АБЫЛ ЖЫРАУ ТІЛЕУҰЛЫ (1777-1864).
«АБЫЛ ЖЫРАУДЫҢ ӘЛІППЕСІ»
Орындаған жыршы: Жары/Жетімек - Елдос ЕМІЛ
***
Абыл жырау 87 жас жасаған. Осы жасқа келгенде айтқаны:
Сексеннің бізде келдік жетеуіне,
Жаманның ергенім жоқ жетегіне.
Біз байғұс қалтақ-құлтақ етіп келдік,
Біздей шал жатып қалды төсегінде.
Абыл жырау қай уақытта болса да, елдің қамын ойлаған. Елінің қамын ойламаған хандардың теріс қылықтарын бетіне басып айтып, олардан тайсалмаған.
***
АБЫЛ ЖЫРАУ БАЙМАҒАМБЕТКЕ АЙТҚАНЫ:
Бірде Баймағамбет сұлтан ауырып жатып Абыл жырауды алдырады.
- Сен хан, сұлтанды қаралап өлең шығарады дейді. Мықты болсаң, бұлтармай, маған өлең шығаршы, жақсыласаң - жарылқаймын, өле кетсем - өшпес сөз болсын, - дейді.
Сонда Абыл жырау былай депті:
...Бопайдан туған әкең Айшуақ хан,
Табаның таймай тұр-ау мінген тақтан.
Дәлірген дажал сынды дәрежеңді
Деп жүрсің Құдай қорып, Қыдыр баққан.
Толы ел - толықсыған көлін тастап,
Қаңғырған Қайыпалды Тәңір қаққан.
Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын,
Байеке-ау, қай ісің бар елге жаққан?!...
Бұдан кейін Баймағамбет және ел әкімдері Абыл жырауды ханға халықты қарсы қоюшы деп қуғындапты.
***
АБЫЛ ЖЫРАУ ҚАЙЫПАЛДЫҒА АЙТҚАНЫ:
Қайыпалды сұлтан бірде Абыл жырауға:
- Мен туралы сыртымнан сөз айтатын көрінесің, көзімше айт - депті.
Сонда Абыл жырау тайсалмастан былай дейді:
...Қызыл тіл Жиреншедей тілім тақсыр,
Қызыл тіл - өнер алды, білім, тақсыр.
Баймағамбет өзіңнен артты десе,
Ұстайды сонда сенің жының, тақсыр.
Қолдаған сол сұлтанды губернатор,
Өзгеден артық па еді дінің, тақсыр.
Хиуаның қонышына кіріп кеттің,
Бір уыс болмаса игі еді күнің, тақсыр?!...
Қайыпалды сұлтан мені тілдедің деп Абыл жырауға: Адайларға орынсыздау Хиуа үкіметінің салған салығына қоса 60 атан айып тартқызамын депті. Себебі Хиуа үкіметінің салық жинаушы әкімдерінің бірі Қайыпалды болған.
Қайыпалды сұлтан Адайларға орынсыздау 60 атан айып салғасын, Соған ашуланған Адайлар 60 жігіт атқа мініп, қастарына Абыл жырауды ертіп сұлтанға барыпты.
Сонда Абыл жырау Қайыпалды сұлтанға былай депті:
...Заманақайым болар жер зыңыранса,
Тау құлап, тас қаңбақтай жұмаласа.
Алдыңа алпыс Адай келіп тұрмыз,
Келе ме ханнан қорқып, қорғаласа?!
Арғы атаң - хан Нұралы, әкең - Есім,
Кетірдің бұйқыт елдің берекесін.
Құландай қырда өскен Адай едік,
Адайға салық деген салдың кесім.
Адайдың салық салдың мойынына.
Шыдамай Адай сенің ойыңына,
Алпысы адуынды атқа мініп,
Жармасты жарақтанып сойылына.
Уа, тақсыр, тура қарап, дұрысыңды айт,
Абылға алпыс атан салдым деген
Әзілің әнеукүнгі қойылды ма ?... - деген екен.
Қайыпалды сұлтан жасанып келген жігіттерді көріп, Абыл жыраудың сөзінен сескеніп:
- Абылеке, менің сіздермен әзілдесетін жайым бар ғой, жорта айтып едім, - деп құтылыпты.
***
Бірде Кете Жарылғастың үйіне келген Махамбет батыр түстеніп, атына мініп қайтқалы жатқанда, Кете - Шернияз деген ел үстінде жүрген ақын баласы:
«Көп үйрек көлде жатқан көсіліпті,
Ғалымдар шариғаттан сөз біліпті.
Баласы Өтемістің ер Махамбет,
Бізге айтар не сөзің бар ескілікті?» - деп сұрапты.
Сонда Махамбет батыр:
«Әліп, ләм, һаймен тұрады алқам басы,
Мүйімнің бимен тұрады бисмилләсі,
Мүйімнің құйрығы имек, ортасы ақ,
Білсең айт, осы ненің нышанасы?
Он бүркіт, отыз аққу көлде жатқан,
Лашын қақпай қанат дәмін татқан,
Арқадан қайта айналып келгенімше,
Шернияз шеше алмасаң, өзің сақтан», - депті де жүріп кетіпті.
Шернияз ақын бұл жұмбақтың шешуін Тигеннің «Дағдушы» суының қасында отырған Абыл жыраудан ат шаптырып сұрапты.
Сонда Абыл жырау:
«Әліп» - дегені бір Алланың аты еді,
«Ләм» - дегені періштенің аты еді,
«Һай» - дегені ақ пайғамбардың аты еді.
«Мүйімнің құйрығы имек, ортасы ақ» - дегені пайғамбардың үмбетінің икемдігі, жүрегінің ақтығы еді.
«Он бүркіт» - дегені Мұхамбет пайғамбарымның кеңесшілері еді.
«Отыз аққу» - дегені Дәуіттің өлген отыз ұлы еді.
«Лашын қақпай қанат дәмін татқан» - дегені сәждеден басыңды көтеруге мұрша бермей жаныңды алатын жаналғыш әзірейілдің аты еді.
Махамбет оң көзім болғанда, Шернияз сол көзім еді. Екі көзімді таластырмас үшін ортасына мұрын қойыпты ғой. Бұл екеуін бітістірейін. Шерниязға айта бар, ауызына абай болсын, жараның аузын тырнай бермесін», - депті. Кейін Махамбеттің өліміне байланысты Шернияздың Баймағанбет сұлтанға қияс сөйлегені осыдан екен дейді...

Пікірлер: 18
@АбдрахманШаханов
@АбдрахманШаханов 10 ай бұрын
Керемет айтылған өсиет терме❤🎉😢
@АйнурЕржанкызы-ч9т
@АйнурЕржанкызы-ч9т 5 жыл бұрын
Кереметтттт
@БауыржанДостанов
@БауыржанДостанов 2 жыл бұрын
Ма шаа Аллаһ Бәрекелді өте жоғары деңгейде айтылған уағыз жыр Альһамдулиллаһ Аллаһу акбар Керемет Тамаша Аталарымыздың Иманы кәміл қандай шебер жеткізген.
@КайратЕрмеков-ь1ю
@КайратЕрмеков-ь1ю 4 жыл бұрын
Осындай жыраулардын жырын арнайы арнада көрсетіп естітсе керемет болар еді .əйтпесе қайдағы бірденелерді көрсетеді еш пайдасы жоқ.мынандай жырлар кереметқой .əттен ай өзіміздің тарихи дүниелерімізден алыстап барамыз жəне алаыстатып барады .
@СұлуНұрғалиева-л8у
@СұлуНұрғалиева-л8у Жыл бұрын
Айналайын Керемет Жасаган Жар Болсын
@RUOK-qn1wz
@RUOK-qn1wz Жыл бұрын
Менің нағашым айтқан 😳😎
@anar8552
@anar8552 3 жыл бұрын
Тіл-көзім тасқа керемет!
@ИсамуханбетЧалаиаев
@ИсамуханбетЧалаиаев 5 жыл бұрын
диз лаик баскан каи коргенсиз осындай жырды естигенде калай саи суиегин балкимаска
@МұңалМұңал
@МұңалМұңал 6 жыл бұрын
Рахмет көп көп
@БердімұратӘбдір
@БердімұратӘбдір 3 жыл бұрын
ЦЫЫЦЦЫЦФЫЫЦЦЦЫыцЦыЫы
@БактыгулКаримсакова
@БактыгулКаримсакова 3 жыл бұрын
Пай, керемет!
@AQTAU362
@AQTAU362 Жыл бұрын
👍👍👍
@БекесБекжанов-н3в
@БекесБекжанов-н3в 5 жыл бұрын
Астсрханьмен Алтайдың арасында Ел деп өлген Адайлардың жасағанын жасай алмай қуыс кеуде болдық
@ainashmarieva2682
@ainashmarieva2682 3 жыл бұрын
Домбырасы жақсы
@Райхан-я3ф
@Райхан-я3ф 4 жыл бұрын
Сонымен 29 сан не болды?
@АликИзбасаров
@АликИзбасаров 3 жыл бұрын
Құрандағы әріптер.дана ел адайым. Медресе көп болған. Сауатсыз деп жүрген надандар 300жыл бұрын Абыл атамыз терме дәлел.
@anar8552
@anar8552 3 жыл бұрын
Дауысқа әңгіме жоқ
Running With Bigger And Bigger Lunchlys
00:18
MrBeast
Рет қаралды 23 МЛН
An Unknown Ending💪
00:49
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 51 МЛН
Абыл Тілеуұлы ақынның Араб  әліппесі
7:17
Ерген Айтымбетов
Рет қаралды 1,2 М.
КӨКМОЙНАҚТЫҢ ҮЙІРІ (Адай тағдыры)
21:44
Берік Дауенов
Рет қаралды 202 М.
Оспан - Ақтан Керейұлы. Болжау
7:42
Media Pro
Рет қаралды 114 М.
Сүйінбай мен Қатағанның айтысы
39:46
KAZAKHSTAN REPUBLIC
Рет қаралды 2 МЛН
Елдос Еміл 2024 Алматы төрінде
4:06
Маңғыстау 112
Рет қаралды 845
ҚАШАҒАН ЖЫРАУ КҮРЖІМАНҰЛЫ(1841-1929) - ТОЙ БАСТАР!
6:15
Маңғыстау Адай
Рет қаралды 14 М.
Running With Bigger And Bigger Lunchlys
00:18
MrBeast
Рет қаралды 23 МЛН