Ақыл-есі кем азаматты әскерге жіберген кім?

  Рет қаралды 48,297

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Қызылорда облысы Қазалы ауданында бүкіл ауылдың тұрғындары "ақыл-есінде ауытқуы бар" деген жетім жігітті әскерге күштеп әкетті дейді. 25 жастағы Тұрар Матығұлдың өзі оны ауыл әкімі мен әкімдік қызметкері автокөлікке сүйреп мінгізіп, әскери комиссариатқа жеткізгенін айтады. Ал ондағылар азаматты санаулы күннің ішінде-ақ әскер қатарына алған екен. Ауыл тұрғындары болса ата-анасынан ерте айырылған жігіттің ақыл-есінде кемістігі барына қарамастан қолына қару беріп, әскери міндетін өтеуге жібергеніне наразы.
Бұл 25 жастағы Тұрар Матығұлдың әскери комиссариатта отырған кезі. Жас жігітті ауылдағы достары іздеп барып, видеоға түсіріп алған. Онда Тұрар өзін ауыл әкімі мен әкімдік қызметкерінің үйінен сүйреп алып шыққанын айтады. Тіпті қоқан-лоқы көрсетіп, аудандағы қорғаныс істер жөніндегі бөлімге күштеп әкелді дейді.
Аядай ғана Басықара ауылының тұрғындарын ашындырған осы бейнежазба. Ауылдықтар Тұрардың бала кезінен ақыл-есінде ауытқуы бар дейді. Тіпті кейде қызбаланып өзін ұстай алмайтын кездері жиі болатынын айтады. Көпшілік оның ақыл-ойындағы кемтарлығын біле тұра әскери комиссариатқа күштеп апарған ауыл әкімінің әрекетіне наразы.
ЖӘМИ ЖҮСІПОВ, Басықара ауылының тұрғыны:
- Мұның әкесі мотоцикл авариясынан қайтыс болды, шешесі одан кейін қайтыс болды. Жалғыз өзі тұрады... Бұл бала шамалы науқастау. Бір он күн сәлем берсе, он күн сәлем бермей кетіп қалады.
ҚАЙРАТ ӘЛІБАЙ, Басықара ауылының тұрғыны:
- Ауру, науқас адам ғой. Ертең психологический ауруы бар адамға мылтық береді мысалы. Ұланға барады дейді. Ол не деген сұмдық? Қару бергеннен кейін біреуді атып тастауы мүмкін. Не өзін атып тастауы мүмкін.
Тұрардың мінез-құлқындағы ауытқушылықты ауыл әкімінің өзі де аңғарған екен. Бір қызығы, соған қарамастан жас жігітті әскери комиссариаттан өтуге өзі жібергенін де мойындап отыр. Алайда оған әскерге бар деп қысым жасамадым дейді.
МҰРАТБЕК БЕКМАНБЕТОВ, Басықара ауылдық округінің әкімі:
- Өзінің де шамалы ауытқуы бар енді. Нервныйлығы, тез қызбалығы. Бірақ соның бәрін біз біліп, әрмен қарай медициналық сараптамадан өте алмайтын шығар деген оймен 30 күні осы жерге өз еркімен кеткен.
Бірақ Тұрар Матығұл белгісіз себептермен бұған дейін психикалық ауруы бар азамат ретінде медициналық тіркеуге алынбаған екен. Ал қорғаныс істер жөніндегі бөлімде оны тексеруден өткізген дәрігерлер сол сәтте жігіттің ақыл-есінің ауытқуы байқалмаған еді дейді.
КҮНШЫҒАР ӘБІЛОВ, Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Мына жақтағы военкоммен, баламен сөйлестік. Енді комиссия болады дейді. Ертең тағы тексеріледі. Бірақ ол карантинде жатқан адам. Частьқа жіберер алдында бәрін проверка жасаймыз дейді.
Қазір 25 жастағы жігіт Қызылордадағы 55/47 әскери бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның денсаулығын тағы бір тексереміз деп отыр. Тұрардың әскер қатарына алына ма, жоқ па содан кейін белгілі болмақ. Ал бүтіндей ауыл халқы ақыл-есінде ауытқуы бар азаматтың қолына қару берсе, оқыс жағдайға тап бола ма деп алаңдаулы.
.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 341
@user-rb2ob9px3c
@user-rb2ob9px3c Жыл бұрын
Ауыл әкіміне жаза қолдану керек. Міндетті және жедел түрде. Себебі қызметіне салғырт және жауапкершіліксіздік танытқан екен.
@user-qi7hp3zi2n
@user-qi7hp3zi2n Жыл бұрын
әкім кетсін жумыстан топас екен
@user-pd2tn3qh3l
@user-pd2tn3qh3l Жыл бұрын
Әкім қызметіне салғырт қараған жоқ ,ол ешкімі жоқ баланы басынып жүр .
@user-xv8jt4fd4h
@user-xv8jt4fd4h Жыл бұрын
Ауыл әкімі оңбаған екен. Комиссия дан өтпейтінін біле тұра несіне жіберді?
@aidanapak787
@aidanapak787 Жыл бұрын
Әкімнің баласын жіберуі керек.
@Qaqaq107_
@Qaqaq107_ Жыл бұрын
Орнына кеткен гой
@user-vv2cs7jm6r
@user-vv2cs7jm6r Жыл бұрын
Акимниң баласының орнына кетип тур ғой
@user-ir4jk9yt4j
@user-ir4jk9yt4j Жыл бұрын
Ауыл азаматтарына Алла разы болсын
@user-my4hr6nc6l
@user-my4hr6nc6l Жыл бұрын
Әкім жарым екен, оңбаған,сұрауы жоқ,жетім бала деп,басынып тұр ғой.
@user-io3wh2bu4o
@user-io3wh2bu4o Жыл бұрын
Ол әкімді ауыл болып алып тастап, дұрыс адамды қою керек қой. Ауру баланы біле тұрып жібергені несі
@user-js9in9wd9u
@user-js9in9wd9u Жыл бұрын
Біздің Қазақ елінен бəрін күтуге болады.
@user-rk6sb8dz9q
@user-rk6sb8dz9q Жыл бұрын
Ауыл халкы жаксы екен. Дурыс козгау салгандары. Бир ауылда туратын адамды тексериссиз де билуге болады гой.
@user-pd2tn3qh3l
@user-pd2tn3qh3l Жыл бұрын
Әкім де медицина қызметтеріде нағыз надандар екен . Мемлекет қызметкерлерінің бәрі неге өтірік өмір сүреді екен .
@user-ym2vn9pk2y
@user-ym2vn9pk2y Жыл бұрын
Өлтіріп бара жатқан бәләиі нәпсі ғои, сол баяғы.
@user-er1bk5fd9l
@user-er1bk5fd9l Жыл бұрын
Әкімдерді жазалау керек неге сол басшылар балаларын жибермейді дайын билетті сатып алып берип отыр барлық жерде қарапайым отбасының балдары кетуде қәзірші көшеден устап әкетіп жатырр план жасау ушін оңбағандар осындай денсаулығы жоқ балдар өзөздеріне қол жумсап жатыррр қаншамаа
@user-rd8ym7pv8n
@user-rd8ym7pv8n Жыл бұрын
Әкімнен бастап врачтарда сау сиырдың боғы емес. Жалғыз баланы әскерге алған комиссариатта жынды екен. Жалғыз баланы алмайтын еді әскерге сау болсада.
@user-kv9sw2hs3g
@user-kv9sw2hs3g Жыл бұрын
Қайран мемлекет, қайран жеріміз, еліміз! Неге еліміз, жеріміз тозып тұр десек, басшылыры осындай надан екен ғой!?
@user-ip4sm2zm1r
@user-ip4sm2zm1r Жыл бұрын
Ауыл әкімінің аты-жөні неге айтылмайды..."жерде жетім жыласа, көкте құдай жылайды" деген сөзді ұмытқан имансыздар.
@bekakuanish1419
@bekakuanish1419 Жыл бұрын
Муратбек бекмамбетов деп жазылып турго, Кай коздеринмен карайсындар видеоны?
@user-bi3sb3le1o
@user-bi3sb3le1o Жыл бұрын
@@bekakuanish1419 Ол Акимнин аты емес ол жай Гана муляж ! Муляж дегенди билемисизи ?
@user-bi3sb3le1o
@user-bi3sb3le1o Жыл бұрын
@@bekakuanish1419 Айтпакшы сол хайуан Аким саган Ким болып келеди неге сонша коргаштайсын ?
@nikoven1221
@nikoven1221 Жыл бұрын
Меним ойымша Акимнин ауыткуы бар.
@user-bb2ux6dv3h
@user-bb2ux6dv3h Жыл бұрын
😀😀дурыс айтасын аким ауру
@user-bi3sb3le1o
@user-bi3sb3le1o Жыл бұрын
@@user-bb2ux6dv3h 🤣🤣🤣
@user-up3pi5lx1i
@user-up3pi5lx1i Жыл бұрын
😅😅😅
@_Nazly0
@_Nazly0 Жыл бұрын
Уятсыз дар адам емес мыналар акымды соттау керек
@user-dd9ss8ye8t
@user-dd9ss8ye8t Жыл бұрын
😅😅😅😅😅
@user-uv3hj4xo4j
@user-uv3hj4xo4j Жыл бұрын
Сонда өтірік тексеріп жібересалама екен. Онда мына қызметінде отырған кісілер сауатсыз болып тұрма. Ондай қызметкерлерді орнынан босату керек шығар.
@dosmurat3856
@dosmurat3856 Жыл бұрын
Қаяқтан дамимыз нандай көтек әкімдермен жұмыстан куылу керек аулды дамытатын әкімемес !!!!!ауылды тонайтын әкім мордасақ айтыптұр
@user-qb7cl7qf9g
@user-qb7cl7qf9g Жыл бұрын
Үкімет сондайғо сау адамды ауру қылат, ауру адамды сау қылат. Әскерге барамдеп барсаң жарамайсың деп бірдеме дәметеді, Жарамаймын деп барсаң жарайсың деп қалдыруға бірдеме дәметеді Қазақстанда солай.
@nazira423
@nazira423 Жыл бұрын
😂😂😂 гапти қатырады екенсіз
@user-iu9qo3rk3v
@user-iu9qo3rk3v Жыл бұрын
"Ти" десем тимейді " Тиме" десем тиеді жұмбақтың жауабын кім біледі?
@nurlanorazbai8036
@nurlanorazbai8036 Жыл бұрын
Дұрыс айттыңыз
@user-bi3sb3le1o
@user-bi3sb3le1o Жыл бұрын
@@user-iu9qo3rk3v ЖАУАБЫ ЖЫНДЫ АКИМ САЛАЙ МА ?🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣
@user-iu9qo3rk3v
@user-iu9qo3rk3v Жыл бұрын
@@user-bi3sb3le1o Қазіргі таңда Иə дұрыс Əкім немесе Военкомат негізгі жауабы"Ерін"
@user-zy9yq6dz6m
@user-zy9yq6dz6m Жыл бұрын
Ауыл əкімі осылай жасап тұрғанда,жоғараыда отырған министрлер ойына келгенін істейдіғой. Міне жаңа əділетті қазақстан! Қазақстанда бəрі болады оған таң қалуға болмайды.
@urturhnd871
@urturhnd871 Жыл бұрын
Басшылардың баилардың балдарының орнына жарлы жақыбаилардың балдарын жібереді Бұларды тексеретін адам барма Бір чиновниктің баласы бардыма әскерге бармаиды олар Қашан осылардан құтыламыз
@user-sq3md9hm4e
@user-sq3md9hm4e Жыл бұрын
Креслода отыргандардың өтріктері дайын ғой. Барлық басшы сондай біздің бұл қанға сіңіп бара жатырған жүйе ғой. Әкімді 1 жыл сынақпен алу керек жұмыс жасай алмады ма босату керек. Барлы басшылыкты солай кадагалау керек кұрамындағы таныс тамыр мен званок пен келген жумыска барлыгын реттеу керек. Сол кезде ойланып барады әкім болсын басшылыкка.
@user-io3gq7hd1k
@user-io3gq7hd1k Жыл бұрын
План деген бар ваенкоматта. Әр ауылға 2-3 адамнан береді. Соны толтыру керек.
@user-oi1rf1el7v
@user-oi1rf1el7v Жыл бұрын
Ауыл әкімін жұмыстан шығарып соттау керек. Әкімнің баласын әскерге жіберіу керек. Тексеріуден өте алмайтын шығар деген наданның сөзі. Ақыл есінде ауытқыуы бар баланы, өзі тас жетімді қалайша әскерге жібермекші.Бұндайларды, әкімдерді мемілекеттік жұмысқа жақындамайтын қылу керек. Көшеден, үйден ұстап алып кетіуді тоқтату керек өкіметке. Бірінші әскерге алу үшін әскердің ішкі жағдайын түзеп тәртіп орнату керек.
@user-ub6wc8yy4k
@user-ub6wc8yy4k Жыл бұрын
Ауыл әкімі орнынан алып жазасын да алу керек дәрігерлерде жазасыз қалмау керек.оғы бар мылтықты алса қолына не болады ары қарай,бей жайлықты қою керек
@user-yq7hu1hq5w
@user-yq7hu1hq5w Жыл бұрын
Әкімнің ақыл есінде ауытқу бар
@user-xu7pf2ge3b
@user-xu7pf2ge3b Жыл бұрын
Өте дұрыс айтасыз , жын жынды көреді деуші еді
@shaigyl7736
@shaigyl7736 Жыл бұрын
Дурыс айтасыз бул акимнин озин тексту керек 1 шариги жетпейди гой
@user-bi3sb3le1o
@user-bi3sb3le1o Жыл бұрын
@@user-xu7pf2ge3b 🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣
@user-bi3sb3le1o
@user-bi3sb3le1o Жыл бұрын
@@shaigyl7736 🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣
@user-zc9ot3bs6h
@user-zc9ot3bs6h Жыл бұрын
Әкесі анасы жоқ адамды қалай әскерге жібереді ондай заң жоқ шығар мына әкім оңбаған екен
@Janabai76
@Janabai76 Жыл бұрын
Әкімнің баласын жіберіңдер әскерге.Сыбайлас жемқорлар. Тағы бір Арқанкерген оқиғасын жасамақшыма .
@user-ru1kj6up7r
@user-ru1kj6up7r Жыл бұрын
Ауылының әкімінің есімін айту керек еді дәрігерлер тексеру керек әкімді
@jokersssfarmer563
@jokersssfarmer563 Жыл бұрын
Военкомат казир осылай жумыс жасайды. Аскерге дени сау ма жок па барибир жибере береди. Адам таспак соны жиберсек болд план орындалса болд оларга. Карамайды тексермейди отирик жалган кужат жасап жибере береди. бурын биз аскерге кетерде 3-4 ай документпен жугиргенбиз. азир бир кунде алып кетеди. типти дос баласын аскерге шыгарып салам деп барган жигитти сол жерде бирге алып кеткенин кордим. туган инисин шыгарып салам деп инисимен служак боп кеткен аганы да кордим. бул енди маскара...
@ailingibson5144
@ailingibson5144 Жыл бұрын
Достары красавчик екен👍
@user-bv4jj2tw2b
@user-bv4jj2tw2b Жыл бұрын
Акимнин арам тамак БАЛАСЫ барсын
@user-um6dw9tr2q
@user-um6dw9tr2q Жыл бұрын
Ай қазағым қазағым азып тозып барасын. Одан маған айтпайма шамалы ақша берсе екіншірет барып келетін едім..
@user-ce1wm1nd4k
@user-ce1wm1nd4k Жыл бұрын
АЛЛА САҚТАСЫН КӨРШІЛЕРІ БІЛЕДІҒОЙ КҮНДЕ КӨРГЕСІН . СӨЗІНЕНДЕ БАЙҚАЛЫП ТҰРҒОЙ
@user-js6hm2nq4k
@user-js6hm2nq4k Жыл бұрын
ХАЛЫҚТЫ. ТЫҢДАУ. КЕРЕК. ҚОЙ, ӘКІМНІҢ. ВОЕНКОМҒА. НЕ. ҚАТЫСЫ. БАР, МҮМКІН. ОЛ. ЖІГІТТІҢ. ҮЙ. МҮЛКІНЕ. КӨЗ. ТІККЕН БОЛАР.
@user-rv8bv5th2x
@user-rv8bv5th2x Жыл бұрын
Сұмдық ай, әскери комиссариат , менің асыраушымнан айрылған жесір ана , 2 ші топта мугедек балам бар екеніне қарамастан, жалғыз асыраушым екінші ұлымды қайта қайта шақырып маза бермейді Қаншама әскердегі балалар өлді, жындыханадан шықты , бізді жемқорлардан қорғау үшін бару керек пе ?
@user-xk2yz9ds3g
@user-xk2yz9ds3g Жыл бұрын
жибермениз.Гулмира Абыкайды не Астарлы акикатты шакыртыныз
@muratkhassanov1510
@muratkhassanov1510 Жыл бұрын
шаш ал десе бас ел деген ауыл әкімін қылмыстық іске тартып және әскери медкомиссиясында жаза тарқан жөн.
@leaderkz001
@leaderkz001 Жыл бұрын
үкіметке бәрібір сау ма ауру ма бұл дұрыс емес!
@user-iu6kg4ti1j
@user-iu6kg4ti1j Жыл бұрын
Комиссиядагы врачтарды сотка жауапка тартыу керек осындай Казалы ауданы сиякты азаматтар бириксе паракор азгындар баягда жок болар еди
@user-mu8fr8uh8n
@user-mu8fr8uh8n Жыл бұрын
ВТЭК-тен, ПМПК-дан, медициналык сараптамадан откизетин адам болмаганыма букил бир ауылдан, инвалидность тагайындалса пенсиясында алып, алеуметтик комектеринде алып журер едигой, осыдан кейин осы Ауыл, Аудандагылар, Кызылордалыктар козгасаныздар
@user-wk5oj1ym6t
@user-wk5oj1ym6t Жыл бұрын
Бәрін күтуге болады біздің елден
@user-mk1pt2qp4y
@user-mk1pt2qp4y Жыл бұрын
Осы әкімді комисиядағы дәрігерлерді жауапқа тарту керек
@user-nn2yp1bw6d
@user-nn2yp1bw6d Жыл бұрын
Қуу керек ана әкімді.
@user-vn5bm7lh7f
@user-vn5bm7lh7f Жыл бұрын
Халкына рахмет
@doctor-83
@doctor-83 Жыл бұрын
Мына әкімсымақтың басы жасайды ма ? Мынау статья ғой. Қасақана жаза қолданып тұр ғой жетімдігін пайдаланып . Қылмыстық іс қозғау керек бәріне .
@akmaralkyzdarbekova5270
@akmaralkyzdarbekova5270 Жыл бұрын
Ауыл әкімі аспаннан түскен ба?Қуғышпай!Өтпейтін шығар деп жібердім дегені қай сасқаны!Тағы да -30- күні түнгі үште. Бұл қайдан келген әкім, тұрғындардың жағдайынан хабарсыз.
@user-nd1xz9uu7p
@user-nd1xz9uu7p Жыл бұрын
Осы әкімнің өзін жіберуге керек.
@qazaqqazaq395
@qazaqqazaq395 Жыл бұрын
нихуясе оны президент *сайлау" керек, бәрін сігеді Қазақты жындысымен қосып.
@user-io3wh2bu4o
@user-io3wh2bu4o Жыл бұрын
Әкімнің балаларын жіберу керек сол жаққа
@qazaqqazaq395
@qazaqqazaq395 Жыл бұрын
@@user-io3wh2bu4o ээ... не деп кеттің оның баласы ол жерге нан кесуші болып алады... ой бляа сен білмейді екенсің, сосын қанішер кнб или мвд болады ондайларды үйінде жүргенде пшик жасау ләзім, себебі болашақта қазаққа оқ ататындар. осы сияқты иттердің балалары...
@user-se6gi2rp7y
@user-se6gi2rp7y Жыл бұрын
Жетімге жау болған әкім
@user-oq2cc5po3p
@user-oq2cc5po3p Жыл бұрын
Жынды ма?Әкімді құрту керек .Неге осындайлар әкім?
@user-ce1wm1nd4k
@user-ce1wm1nd4k Жыл бұрын
Бала жетпегесін қалайқылсын әкіміде басқасыда тапсырма берілсе орындау керекқой
@user-uz1mb4lc8w
@user-uz1mb4lc8w Жыл бұрын
Ертен анау биреулерди атип тастаса ким кинали болади? Алде мына жерде тексеру жургизген даригерлер оздери ауыру ма?
@kazynasamal3247
@kazynasamal3247 Жыл бұрын
Ауыл әкімінің баласын жіберу керек,әскерге.
@user-vs9rd7yh8u
@user-vs9rd7yh8u Жыл бұрын
Бастан аяк жауап берсин
@welcamxshop6182
@welcamxshop6182 Жыл бұрын
Әкімдердің балдары неге бармайды. Солардың орнын толтыру үшін планға кетіп жатыр сұрауы жоқ жетімдер.
@user-xt2kn4hu2g
@user-xt2kn4hu2g Жыл бұрын
Барып Отаны алдындағы борышын ,аман есен атқарып келсін есепке алынбағаны көрініп тұр яғыни бала аман -есен Украйына халықынан пример алу керек бізге.
@user-ld5nt6qi3k
@user-ld5nt6qi3k Жыл бұрын
Жумыстан шыгарсын мына акимди
@altynaltyn6562
@altynaltyn6562 Жыл бұрын
Маскара.....не деген сумдык? Сотка берсин барлыгын
@orazbaevadilbek6129
@orazbaevadilbek6129 Жыл бұрын
Түркістан облысын түгел тексеріу керек қазақтан басқа ұлт армияға бармайды көктемде поляда кетпен шабады қыста базарда сауда жасады балығы 1 2 3 групадағы инвалит дегендакументі сатып алған осыны тексеру қазақыстанда түрама аскерге баруға міндетті
@user-ow5gg1ep8q
@user-ow5gg1ep8q Жыл бұрын
Барын быле тура жыберген Ауыл акымынде ауытку бар сиякты.
@user-px5pj7fh4k
@user-px5pj7fh4k Жыл бұрын
Жіберген дәрігер дің де дені сау емес ау
@user-kn4zv7qm8c
@user-kn4zv7qm8c Жыл бұрын
Танкалатын ештенесы жок...кунде естып жатырмыз...
@berikshildebaev4095
@berikshildebaev4095 Жыл бұрын
Ауыл әкімде Орынбасырнда жаза қолдану керек
@user-lu2rf3ut1o
@user-lu2rf3ut1o Жыл бұрын
Есалаң басшы ,жын жайлаған қосшысы бар мнмлекетте еш нәрсеге таң қалуға болмайды екен.
@user-by9dg6ql6i
@user-by9dg6ql6i Жыл бұрын
Мына әкімнің де аутқыуы бар ғой. Не болып кетті Қазақстан.
@user-xh6ys8si7r
@user-xh6ys8si7r Жыл бұрын
Әкім өз баласын жіберсін әскерге
@user-ht9zv6pm2k
@user-ht9zv6pm2k Жыл бұрын
Ауыл әкімі:"өзінің кішкене ауытқуы барын білдік,бірақ мед.комисиядан өтпейтін шығар деп ойладық"-деп тұрғой😀.Қуғынбай әкім екен.
@hazimachuinshinova7890
@hazimachuinshinova7890 Жыл бұрын
ауылды калай баскарып отыр
@user-tv6wj7xu5v
@user-tv6wj7xu5v Жыл бұрын
Иттерди ату керек,жетискен екенбиз, Акимди озин жиберу керек абден семирген аким
@user-bi3sb3le1o
@user-bi3sb3le1o Жыл бұрын
АЙНАЛАЙЫН ХАЛКЫМ БАЛАНЫ АСКЕРГЕ ЖИБЕРГЕН СЕБЕБИ БАЛАНЫН УЙЫН ТАРТЫП АЛУ !
@user-yq1qt6wc7u
@user-yq1qt6wc7u Жыл бұрын
Аллах сактасынн
@user-ty3sl2zq5t
@user-ty3sl2zq5t Жыл бұрын
Ауытқуы бар адамды билмесе не ушин емханада жумыс истеп жүр мыналар.Айтеур коттерин жабудын жолдарын қарастыруда.
@user-bf9rk8jb3h
@user-bf9rk8jb3h Жыл бұрын
Әкімнің баласын тексеру керек. Шетелде оқып жүрген шығар.
@user-sd7tq4eu8o
@user-sd7tq4eu8o Жыл бұрын
Осы касиетсиз аким Муратбектин осындай киянатыеын кесири кесапаты жазасы касирети урпактарына Алланын кахары болып жаусын. Жазыксыз дарменсиз осындай адамдарга жссап журген киянаттарынын кесири урпактарына Алланын казары болып жаусын. Омири оксикте отсин. Алланын адил жазасы Алланын адил торелиги жибермесин Алланын буйрыгымен Алланын калауымен насип етсин
@user-rx4hf1ji1z
@user-rx4hf1ji1z Жыл бұрын
Иттын баласы деп тегын аитпаидыгои казак, акымды соттау керек халык жауы ретынде
@womekei2258
@womekei2258 Жыл бұрын
Онбаған әкімнін өз баласын жіберу керек сотка беріп
@user-ud3nm2ex5m
@user-ud3nm2ex5m Жыл бұрын
Ертең аяақ астынан біреудің сап сау баласын атып өлтірсе ,ойбай білмедік деп шығады .Шаш ал десе бас алатындар .
@user-ty3sl2zq5t
@user-ty3sl2zq5t Жыл бұрын
Осындай адамдарды не ушин аким кылады тусинбеимин.Аядай гана ауылды билмесе не ушин аким болып жур.
@user-nf9qc9iq5z
@user-nf9qc9iq5z Жыл бұрын
Оны қарататын адам жоқ болса кім тіркейді, ауытқуы бар екен , медосмотрдан өте алмайтын шығар деп ойладым , өзі кетті деп өтірік айтпаса қайтеді , күштеп жіберді деп айтып отыр, әйтеуір бір өтірікшілер шімірікпейдіғой
@Redmi-zs6zn
@Redmi-zs6zn Жыл бұрын
Недеген немқұрайлы мемлекет 30 жылдың уы алі тарқамаған
@user-fl6si7xd1c
@user-fl6si7xd1c Жыл бұрын
Неге солай чиновниктердин баласын акетпейди!?
@user-vv2cs7jm6r
@user-vv2cs7jm6r Жыл бұрын
Чиновниктер военкомға ақшасын берип делоларды жоқ қылып жиберген давным давно
@arnatalimbaev6884
@arnatalimbaev6884 Жыл бұрын
Біздің едде таң қалатын нәрсе қалмады аитарға сөз жоқ бәрлғын жазалау керек ят болдау қазақ десең өзіңе тиеді
@Ulbosyn.Khadirbaeva
@Ulbosyn.Khadirbaeva Жыл бұрын
Кінәлілер жауарқа тартылсын кәзір ешкімге сенім жоқ
@user-ig5si4ty2i
@user-ig5si4ty2i Жыл бұрын
Әкім ойлаған екен....
@user-bm8tp3ds7w
@user-bm8tp3ds7w Жыл бұрын
Әкімге болайын , қайтарсын уйіне
@user-iu8dw6nb6b
@user-iu8dw6nb6b Жыл бұрын
Бундай жагдай тек Казахстанда болатын шыгар просто ужас
@user-yp5jm9op1b
@user-yp5jm9op1b Жыл бұрын
Әкімді де қарату керек дәрігерге..
@user-yv7sh1we6g
@user-yv7sh1we6g Жыл бұрын
Ассалаумағалайкум Мына Әкіміды озын тексеру кереко таза наданго
@user-sf3ft8bb2o
@user-sf3ft8bb2o Жыл бұрын
Әкімнен бастап құрту керек.Беспредел!!!
@user-kv9sw2hs3g
@user-kv9sw2hs3g Жыл бұрын
Не деген надандық!? Жауапкершіліктен жұрдай гой мына әкім!?
@user-ig6pj3nn2v
@user-ig6pj3nn2v Жыл бұрын
Мына бүкіл қазақ ауыл білетін шығар кімнің ауру екендігін. Осы күнге дейін ауруды тіркемеген мед бөлімін де жауапқа тарту керек. Ол балаға жоғарғы жақтың сараптамасы керек,көмек керек.
@user-lk8dd4ik4z
@user-lk8dd4ik4z Жыл бұрын
Психикасын тексеріп содан соң әскерге алу керек деп ойлаймын.
@sikosikosikosiko2096
@sikosikosikosiko2096 Жыл бұрын
Ауыл әкімінің өзін псих болнисаға қаматыңдар сонда әділ жаза болады
@dindon7404
@dindon7404 Жыл бұрын
Барып турган накурыстар екен.Акімнен бастап врач,военкомды, жедел тексерү керек бастарын.Милары бармекен.
@user-yh9oh3wf5o
@user-yh9oh3wf5o Жыл бұрын
Қайтарады қорықпаңыздар қандай военкоматт өткізіп жүр өздері де осындай сияқты ауру ма әй Қазалы кәмпит шығарып балық жеп отыра берсеңдер күріш сатып
@user-ok8ln9tu9c
@user-ok8ln9tu9c Жыл бұрын
Мына әкемнің өзінің есінің дұрыс екенін тексеру керек, Баланың ауытқуы бар екенін біле тұра сүйреп апарып әскерге жіберген. Артында іздейтін ешкім жоқ деп ойлаған ғой
@user-se7pn7xn9z
@user-se7pn7xn9z Жыл бұрын
Жиенім барып келді Жүректен ота жасалған Бір көзі нашар көреді бір құлағы ауыр есітеді Соны алды әскерге
@user-yq1qt6wc7u
@user-yq1qt6wc7u Жыл бұрын
Казан барды ол
@sonayka7192
@sonayka7192 Жыл бұрын
Астагфируллах ол кандай хызметте болады
@user-se7pn7xn9z
@user-se7pn7xn9z Жыл бұрын
@@user-yq1qt6wc7u 2021 барды
@user-se7pn7xn9z
@user-se7pn7xn9z Жыл бұрын
@@sonayka7192 ұшқыштар Алматыдағы
@nuriyazhakupova1279
@nuriyazhakupova1279 Жыл бұрын
Ауыл адамдары керемет қой ұйымшыл
@user-gm9xd4vt2o
@user-gm9xd4vt2o Жыл бұрын
Осыдан билуге болады биздин медицина кандай дарежеде екенин
@aqbibi3402
@aqbibi3402 Жыл бұрын
Әкімнің ауытқуы бар сияқты ғои
@sabirawll9412
@sabirawll9412 Жыл бұрын
Недеген маскара акымды курту керек кылмыстык ыс козгау керек
@user-bo4bh5bc9d
@user-bo4bh5bc9d Жыл бұрын
Ауыл әкімініңде ден- саулығы онша емес- ау ауытқу бар сияқтығой
@alimakudaybergen3845
@alimakudaybergen3845 Жыл бұрын
Акимнин , жиберген адамнын есi жок шыгар. План орындасам болды деп , ештенеге карамай. Ендi барi басын алып кашады. Комиссиянын озин тексеру керек, баланы дурыстап тексермей жибере салган. Ана акимде биртурлi екен. Алмайтын шыгар деп жибере салгамыз деп , озi мойындап тур гой, алды деп тан калып ещё. Акимиде , комиссияда бир турлi екен. Аллах сактасын.
@user-sk6kn8ci3j
@user-sk6kn8ci3j Жыл бұрын
Казакстанда омир сурудин ози ертеги сиякты барлыгы мумкин оншен билимсиз топастар билик басында отыр тарихты билмей тагы кенес одагын жамандайдыгой
@user-bn5tn5yw4k
@user-bn5tn5yw4k Жыл бұрын
Сұмдық қой, масқара ғой.Әуімнің есі дұрыс емес ау.
@user-dd9qj2xy5l
@user-dd9qj2xy5l Жыл бұрын
Әкім орнын босату керек
@user-xu2jv7wq2z
@user-xu2jv7wq2z Жыл бұрын
бұларды жайғана жұмыстан шығармай, әкімге, военный коммисариат, дәрігерлерді, осыларға айпұл салу керек болмаса 6 айға қамау керек
@vssdsbs2285
@vssdsbs2285 Жыл бұрын
Әкімге ташағымды қойдым.
Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жағдай
2:08
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 113 МЛН
Surprise Gifts #couplegoals
00:21
Jay & Sharon
Рет қаралды 29 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 9 МЛН
Қазақстан жаңалықтары | 14.05.2024
9:00
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 12 М.
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 113 МЛН