Рет қаралды 7,538
Жанар Байсеміздің авторлық жобасы "Шетелдегі қазақ балалары".
Бұл жоба - халықаралық бала асырап алу жайындағы көп сериялы деректі фильм. Бағдарламада шетелдік отбасылар асырап алған қазақ балаларының тағдыры жайлы баяндалады. Шет мемлекеттерге жұлынып кеткен балалармен танысып, уақыт өте келе олардың дүниетанымы қалайша өзгеретіні, тамырының, тілінің, туған жерінің тартылыс күшінің қаншалықты мықты екенін білеміз.
Жобаның мақсаты - Қазақстанда бала асырап алу мәдениетін қалыптастыру, еліміздің болашағына ықпал ететін рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Осы бағдарлама арқылы сыртқа ағылған қазақстандық жетім балалар мен Қазақстан арасындағы байланысты орнату, туған елден жыраққа кеткен бүлдіршіндермен қарым-қатынасты үзбеу көзделіп отыр. Отан туралы олар не біледі? Елмен оларды не байланыстырады? Өз тарихын, түп-тамырын түсіну жасөспірім үшін неге қажет?
Бағдарламаның жаңа маусымын Jibek Joly арнасынан тамашалаңыздар!