1. Өзіңді өзгемен салыстырарда жарыстан алтын, күміс, қола алған жеңімпаздарды ойыңа елестет. Күміс алған адам мұңайып тұрады. Себебі: сәәәл тырысқанда, сәл мықты болғанда алтын алатын едім. Қола алған адам өзіне ырза, қуанышты. Себебі: қалғандарына қарағанда осы үштікке іліктім. 2. Тақуалық, білімге келгенде мен неге сондай болмадым деп өзіңді өзіңнен мықтылармен, жоғарылармен салыстыр. Дүние-байлыққа келгенде өзіңнен төмендермен, сенде бар зат оларда жоқ адамдармен салыстыр. Шүкір ет 3. Баланы ойнатып, жаңа нәрсе көрсетіп, үйретіп бірге отырудан қашып жыламас үшін ұйықтатып тастайтын болсаңыз, сол таңдаған нұсқаңыз өмір бойғы бейнетіңіз болады. Жыламас үшін, тыныш отыруы үшін, сұрақтарымен миды ашытпас үшін телефон, теледидар беріп қоятын болсаңыз сол таңдаған нұсқаңыз өмір-бойғы бейнетіңіз болады. Ұйықтай беретін, телефонға телміретін баланың фундаментін өзіңіз қалыптастырасыз. 4. Баланың білім жолына, өмірдегі жолының қалыптасуына араласпау керек, алайда бұны немқұрайлылықпен шатастырмау керек. Араласпаудың психологиясы: “Мен бірінші қадам жасамаймын. Бірақ, бала кеңес, бағыт, көмек, жол сұрап келетін болса шын көңіліммен, шынайы түрде бағыт-бағдар беріп, көмегімді бар ынтаммен көрсетемін 5. Талғам көп затты тұтыну арқылы пайда болады. Тамақтағы талғам тамақтың көп түрін тұтынып көргендіктен; Қ.Талапбектің мысалында көп видеоны көргендіктен; кітапқа, ойға талғам көп кітапты оқығандықтан пайда болады. 6. Тек қазақ тілін білетін адамның еліне, тіліне деген махаббаты мен патриоттылығы амалдың жоқтығынан. Тіл білмегесін айыбын патриоттылықпен жуып-шаяды. 7. “Баланы қалай жылатпауға болады?” деп емес, “бала не үшін жылайды, жылау себебі неде?” деп сұрақ қою керек. 8. Ана жасанды, өтіріктен, өзі қаламаса да амал жоқтықтан баланың көзінше дауыстап кітап оқыса баланың кітапқа деген оң көзқарасын қалыптастыра алады. 9. Баланың ой-өрісіне отбасы жағдайы, ата-ана мамандығы әсер ете алады. Шәй басында айтылатын әңгіме баланың сөздік қорына, сөйлеу әдебіне әсер етеді. Көрегенді әңгіме айтуға қабілеті жоқ отбасы мен кәсіп, ғылым күрделі құрмалас сөйлемдермен әңгіме талқылап айта алатын отбасының айырмашылығын ойлай беріңіз.
@aqguli Жыл бұрын
Мәссаған 🤯 Әр подкаст сайын деңгейдің өскені байқалып жатыр. Жай сұрақ қою, жауап беру, құр қағидаларды айта салу емес. Терең ойлау, зерттеу, жан-жақты пікірлермен тақырыпты қызықты етіп аштыңыздар. + арасында күлкі сыйлайтын әзіл де бар😉 Кітапал подкаст тоқтамасын🔥
@dzhigitbek Жыл бұрын
Жүргізуші жігітке риза болдым. Подкаст желісін шебер ұстап отырды.
@Alseyitovaa Жыл бұрын
😂
@nursat207 Жыл бұрын
😂
@zhassulanamangeldy1145 Жыл бұрын
😂😂
@Paidalymyn Жыл бұрын
😂😂
@АружанСаркытбай-т1т Жыл бұрын
Шынымен ғой неге бәрі күлген десем Данияр өзі екен ғой😂
@Zzz-fb7tb Жыл бұрын
Оқу, білімді болу модаға айналса екен. Әншілік, шоу бизнестің орнына, ғылым популяризацияланса екен. Осындай жігіттерді қолдау көрсетейік, ең болмаса лайк басайық, жазылайық.
@bahabaha19107 ай бұрын
модаға емес норма айналса екен,тамақ жеу мода емес ол қалыпты жағдай
@marhaboyusupova592 Жыл бұрын
Бүкіл мұғалім қауымы көрсеғой мынаны. Недеген күшті подкаст , негізінде көп подкастарды тірлік жасап жүріп тыңдаймын , бірақ бұл подкасты үйтіп көре алмадым , паузаға қойып терең ойланып миыма жайғастырып дегендей 😂😂😂. Аллам баршамыздың зейінімізді ашсын , ақыл иелерінен қылсын, осы ер азаматтарымыз сияқты кітап сүйер қауым ,елді ойлайтын білімді ді ілімді ұрпақ көбейе берсін 🤲🤲🤲
@Alima.y Жыл бұрын
Ескендір Бестайдың подкасттары аз. Ал КітапАл+Ескердір Бестай ағамыз ваще топ🫡💥
@alashbalasi6260 Жыл бұрын
Нағыз мал ғой. Адам өзін олай жоғары ұстамау керек. Мына сөздерден кейін қалай жақсы адам дейсін? Уақыт 30:08
@nurbqlq.7 ай бұрын
@@alashbalasi6260алаш жауы
@pausepause34792 ай бұрын
@@alashbalasi6260өздерін данышпан сезініп бастаса адасудын нағыз бастама жолы, бұлар түсінбеид оқу игеру Жаратушынын ықпалымен жүретінін, әитпесе қарапайымдылықты малмен тенемес еді...
@erkebuland6924Ай бұрын
@@alashbalasi6260 айтқаны дұрыс негізі
@wwerty_207 ай бұрын
Подкастты енді тыңдап бастадым, Бұйырса хайырлы болады деген ойдамын😊
@InkarS-fz5jd Жыл бұрын
Ескендірді көріп қалсам болды, қандай подкаст болса да міндетті түрде тыңдаймын. Жалықтырмайды. Беретін пайдалы ақыл-кеңес, ақпарат, қажетті дүниелері өте көп. Көп-көп рақмет! Аман жүріңіздер!
@armanmalikov30318 ай бұрын
Сіздің подкасттарыңызды, барша Қазақстанның тұрғындары көру керек.
@nurbekkqyzy Жыл бұрын
Ескендір Бестай қатысқан подкаст, интервьюдің бәрінде ми шашылады ғой. Ескендір ағаны 2019-да тыңдап танысып бастағанмын. Өте білімді жан. Педагогика бойынша айтқан инсайттарыңыз үшін рақмет.
@UlbolsynIbat3 ай бұрын
инстасы барма
@nurbekkqyzy3 ай бұрын
@@UlbolsynIbat eskenbestai деп іздесеңіз табасыз
@МеруертОрынбек-й8у Жыл бұрын
Ескендір Бестай ағамыздың ой саптауы мүлдем ерекше уровеньғой.Подкастты көріп өзімнің ой саптауым өте төмен екенін көрдім.Рахмет сіздерге осындай подкасттар дәл қәзіргі уақытта өте керек дүние-ақ.
@gazizakuandykova7732 Жыл бұрын
Қазақстанда осындай ақылды азаматтар көбейе берсе өркендей береміз бұйырса👍
@qazaqguest9032 Жыл бұрын
Ағайындар, сіздерге көп рахмет, біраталай подкастарыңызды тыңдадым. Жиі-жиі әртүрлі саладағы мамандар шақыра беріңіз, әсіресе өзгеше көзқарастары бар кәсіби мамандарды шақырыңыз. Ізгі тілекпен, Амерканың Қазағы
@ZhanerkeBalkhan Жыл бұрын
Болашақ педагог ретінде өте құнды ақпараттар алдым. Еңбектеріңіз жана берсін!
@aikunyesimbai2345 Жыл бұрын
Абылай Ахметқалиді шақырынызшы өте жақсы адам білімге Дамуға өзін арнаған психолог🎉🎉🎉сіздер подкаст кезең кезең дамып жатыр керемет🎉🎉🎉🎉🎉❤❤❤
Осы каналдың подкасттарын тындап, жібермей карап жургеніме бірнеше кун болды. Оте кызык екен. Ыдыс жуып, дауысын бакыртып косып коямгой👍. Әрбір подкасттары бірінен-бірі өткен екен. Сіздерді караганнан кейін кітап ашып, куніне 3-4 бет болса да улгеоіп окитын болыппын. Ағылшын тіліне еріншектік басым еді, сабағымды колга алып, оятып жібердіңіздер ұйқымнан. Оте керемет, пайдалы подкасттар екен халыққа жанларыныз ашитыны корініп тур, білімді болсыншы деген. Улкен алгыс. Аллах разы болсын. Булай баска подкасттарды тындамаган болармын, или аударып жіберетін едім іш пыстырып жібереді кобі. Осе беріңіздер. Казакка жаны ашитын мыктылар, білімділер кобейе берсін🤲🏻.
@amirbekov_j6 ай бұрын
7 ай болыпты шыққанына кемі 10 рет көруім
@aikenaltai3423 Жыл бұрын
Керемет подкаст. Үшеуі үш жүз сияқты, бір бірін толықтырып тұр. Қайталап көре бергің келеді. Тіл байлықтары, рухани байлықтары керемет
@bakytberdikuatkhan4949 Жыл бұрын
Керемет коллаборация, Тұнып тұрған инсайт, визуалды контент🔥🔥🔥
@nur45888 ай бұрын
Шынымды айтсам, мына кеңестерді қолданып, өміріме араластыру үшін тағы 5-6 рет тыңдау керек сияқты)
@NKtzzz100211 күн бұрын
Жас маман ретінде, подкаст үшін алғыс айтамын. Дәл керек кезде екінші рет тыңдап отырмын. Рақмет!
“Тұлға болам” жобасы мен үшін өте керемет болды.Сол жобаның арқасында кітапқа деген қызығушылығым арта түсті.Тағыда сондай кітап оқу жарыстары болса, нұр үстіне нұр болады
@Nuraiym04 Жыл бұрын
Мұғалімдерге арналған жақсы нұсқа подкаст болды😍
@aqniyetzhetkirbay Жыл бұрын
Ескендер Бестайда бір артық сөз жоқ.👏👍
@АрайКанал-л5е Жыл бұрын
Айтқан әр сөздері тереңінен ойланатын подкаст болды. Керемет👍
@nurlantuletaev2303 Жыл бұрын
Маш Аллах жігіттер өтте дұрыс бағдарлама екен !!!
@fatoshhakimova4522 Жыл бұрын
мәә қандай тамаша адамдар,Алла тағала бізгеде Ескендір аға айтқандай ата - ана,оқушы,мұғалім болуды нәсіп ет🤲
@frzqwjkk Жыл бұрын
Недеген керемет, ойтолғаулы подкаст!! Тыңдау арқылы біраз нәрсеге көзім жетіп, біраз инсайт алдым. Ескендір Бестай ағамызды тыңдап оның сөйлеген сөздері, позициясы, принциптары маған ұнады!! Нағыз ойын ашық, мысалдар арқылы жеткізе алатын өте сауатты, көпті көрген азамат екен!!👏🏻👏🏻👏🏻 Осындай пайдалы, танымдық, өзекті тақырыптарға толы қоғамға пайдалы подкасттар көбейе берсін!!🥰
@АринаТореханова10 ай бұрын
Өте көп рақмет,подкаст өте пайдалы болды,көптеген білмей жүргендерімді түсіндім,әсіресе педагогтар көру керек подкаст екен
@kenzhegulsalembek11269 ай бұрын
Ескендір ағаның теңеулері керемет. Подкаст білімге толы болды(пайдалы білімге деп енді айтпаймын). Кейбір ойларды қабылдауым қиынға түсті, өйткені фокусым оның алдында айтқан ойда қала берді. Ілесіп, алған инсайтты пайдама жаратамын. Көп рақмет!
@МолдирНурханова-п9х Жыл бұрын
Көп рахмет ❤ Алла разы болсын ❤ 35+ жасқа да өте пайдалы )) игіліктің ерте кеші жоқ ешқашан оқу да үйрену де кеш емес, дегім келеді. Мен өзім үздіксіз оқушымын, ақыл жастан деп жастардан да үйренетін нәрселер көп
@feruzaberkin6345Ай бұрын
Керемет подкаст болды, өзіме керек нәрселер көп болды. Рахмет сіздерге
@ЛаззатЖолшиева Жыл бұрын
Іздеген подкаст алдымнан шықты, рақмет!
@Armansaidulla6 ай бұрын
Өте керемет подкаст болды. Өз ойымды айта кетсем, кітап оқитын Қазақстанда азаматтар көп, біздер бәлки байқамайтын шығармыз. Бірақ білімді азаматтар көбейіп бара жатыр ✊
@aygerimnurmuratova11538 ай бұрын
Өте керемет подкаст болған екен ,рақмет.Білімді жастар көбейе берсін.
@КымбатМухрамановаАй бұрын
Көп ақпарат алдым. Пайдалы подкаст үшін сіздерге Алла разы болсын!
@aiaulymzhumabai14758 ай бұрын
Ескендір ағамен айтып жеткізе алмаймын өте керемет подкаст болады. Алғысым шексіз барлығыңызға!
@kkhrmn_11 ай бұрын
Осы подкаст коментіне тек жақсы ұнады деген пікір ғана емес, осы тақырыпқа байланысты оқыған кітаптарыңыз болса ұсынып, алған пайдаларыңызбен бөлісе отырсаңыздар көпшілік қауымға да пайда болар еді. Жәй, өзіме келген идея ғой. Рақмет! Подкаст супер🔥🔥🔥
@Бося-й1и5 ай бұрын
Керемет. Өте пайдалы ақпараттар. Бірнеше рет қайталап көру керек екен.
@СактаганПримбет Жыл бұрын
Фокуспен тындалу керек подкасттардың бірі болды.
@ВенераСултанкул Жыл бұрын
Миымда бомба жарылып жатыр😁 керемет подкаст болды, өзім де жас маман едім,кей қателіктерімді түсіндім, қайталап қарау керек екен тағы
@Qubylys_ozger Жыл бұрын
Өзіңе де,өзге де баға бермеу. Ескендір Бестай✨
@subyektive_soz Жыл бұрын
Ең бір деңгейі жоғары подкасттардың бірі болды👍
@yerlandarzhan2629 Жыл бұрын
Керемет! Түртіп алатын жерлері жетіп артылады. Нәрікби Мақсұтты күтеміз келесіде🤗
@zhaulanbek Жыл бұрын
Пайдалы подкаст болды, рақмет!
@АйданаАбай-щ9х7 ай бұрын
Дами беріңіздер істеріңізге береке берсін🤲🏻❤️
@AselyaArmankyzy Жыл бұрын
Көп-көп рақмет сіздерге! Шығармашылық табыс тілеймін!😍🙌🏻
@madijanbrbai48259 ай бұрын
Керемет подкаст болды. Алла тағала зейінімізді ашып қойсын ❤Кітап құштарлығымызды артырып қойсын❤
@kuanyshergashbay55496 ай бұрын
1) қазіргі кезде кітап оқуға талпысыс жоқ немеса аз себебі дофомин аса көп миымыз үйренбеген кітап сияқты заттарға, не істеу керек өзімізді іш пысатын состаениеге алып келу,телефонды тастап 3-5 мир жатсан пайдалы және істеу керектер заттар ойына келе бастайды нәпсіге ұнамайды құр ойланған 2) сообщение арқылы сөйлесу Мысалы: досым жағымсыз әрекет жасады оған мен өзімнің состаниемен ойымды қоса айтсам ол өзін менің орнынма қояды 3) білімді қалай өлшейді? Білім өлшем бірлігі ол адамнын мінезі,білімді өлшейтін құрал күндегі әрекеттері. Мінез қылықтарына қараймыз,бұл исламда да бар зат намаз немесе басқа құлшылық қабыл болады ма білуге болады. Ол өзініз жақсы жақа өзгерістер байқау 4) адам кітәпті қандай себебпен оқыса оны табады,өзіміздің басымызда шешім бар шығар бірақ кітап сол бастағы тола пазл бар бірақ олар өзі орындарында емес кітап осын орындарына қойып реттейді 5) бір затты өзгерттің келсе ол затты басқара алу керексің, басқара алу үшін ол затты өлшей алатын болу керек
@yakamoz-i4z Жыл бұрын
Үздік комбо🎉 Ескендір Бестай ағайды тыңдаған ұнайды❤
@СайранБорамбаева4 ай бұрын
Керемет 🤯🤯🤯 Не деген дана адамдар😇 Сіздерге қарап тіл үйренгім келіп жүр. Кітап оқуға құлшылығымды аштыныздар☺️
@neat2023-rk1rm Жыл бұрын
💬Әссәләмуғалейкум! Сіздердің подкасттарыңызды үзбей көріп жүрген оқырман, көрермендеріңіздің бірімін. Соның арқасында кітаппен достығым басталды. Тек ол ғана емес өз бойымнан ілім талап етушілік қасиетті байқадым. Ізденуді көбейттім. Қандай сұрақ немесе мәселе туындай қалса жауабын ең әуелі діннен, сосын кітаптан іздейтін болдым. Ал подкасттарыңыздың орны ерекше!💯 Сәйкесінше пайдасы да мол!🤓 Қандай тақырыпты талдасаңыздар да нақты әрі құнды мәліметтерді айтып жатырсыздар!!! ❤ Тек Алға! Алла баршамыздың зейінімізді ашсын! 🤲Әмиин!
@_qruzhqn_ Жыл бұрын
Ия, шыныменде кітапалдың подкасттары өзге сияқты емес жалықтырмайды 🔥
@zhansayayembergenova3440 Жыл бұрын
Керемет подкаст. Өзім үшін өте көп пайдалы кеңес алдым, жаңа тыңдайтын адамды аштым. Көп рахмет!
@jadyrajaqsylyq Жыл бұрын
Пештің тамызығын оқып отыратыным есіме түсіп кетті😂 Подкасттар жалғасын таба берсін🔥
@АкниетКеремкул Жыл бұрын
Керемет подкаст 🔥🔥🔥🔥
@newchemist Жыл бұрын
Кітап алуға арналған күні ұнады ана кісінің!
@_qruzhqn_ Жыл бұрын
Пайдасыз жері болмаған подкаст болды🔥
@ТолкынТорежан Жыл бұрын
Керемет! Рахмет подкаст үшін! Өте құнды дүниелер айтылды! Бар болыңыздар!
@MakhambetErzhanuly Жыл бұрын
Керемеет Тағыда келсе жақсы болар еді Қолдасаңыздар❤
@perizatorazbai Жыл бұрын
Өте пайдалы подкаст!😍 Бір психологты шақырсаңыздар қонақ ретінде, себебі қазір псевдопсихологтар көбейіп кетті. Әлеуметтік желіде де көп)
@ДианаСәтім4 ай бұрын
Мына подкасттан кейін өз мамандығыма деген құрметім артты 👏🏻👏🏻👏🏻 Мектепте жұмыс жасап жатқаныма енді 1 жыл болса да неше түрлі адамдарды кездестірдім . Мен сабақ бергенде мүлде асықпайды екенмін , сол үшін бір кабинетте отыратын басқа апай менің үстімнен шағым айтқан талай рет 😂😂😂 5-6 сынып оқушыларыммен тіпті жақып әпкелері секілді сөйлесуге тырысатынмын
@КайратМарал-н1щ11 ай бұрын
Ең басты түйін: кітапты оқу арқылы білім жинау, үйрену өнері дағдысын қалыптастыру
@subyektive_soz Жыл бұрын
Негізі қарапайым сөздер өміршең келеді, мысалы: балаң сабырлы болғанын қаласаң өзің сабырлы бол, балаң кітап оқысын десең өзің кітап оқы, тағысын тағы … нені өзгертуді қаласақ та өзімізден бастау маңызды! Осы орайда ислам ғұламалалары мен стоиктердің ойына басымдық берген жөн, барлық істің себебін өзіңнен іздеу! Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен, Тағдыр ісі дегенді - Шығарамын сөзімнен. (Сұлтанмахмұт Торайғыр)
@ГульназКулмаханова3 ай бұрын
39 жастамыг көп нәрсе үйренемін сіздерден. Рахмет
@kuralaidunentaeva6034 Жыл бұрын
Керемет . Рахмет сіздерге . Ойға ой қоосатын поскат болды
@UBT_PRO Жыл бұрын
Ескендір Бестайдың әр подкастты миды жарады 😅
@qanataldiyev951510 ай бұрын
Алла берекесін берсін жігіттер 👍👍👏👏✊
@aknietzamankhan7174 Жыл бұрын
Тапжылмай қарап шықтым🥹✨пайдалы ақпараттарға толы болды . Шын мәнәнде көп нәрсені білмейтініме кезекті рет көзім жетті❤️🩹Шығарылым үшін көп рақмет👏❤️
@Мадина-х2б Жыл бұрын
Өте пайдалы эфир🔥
@JannatJannat-jb8bj Жыл бұрын
Керемет подкаст болды 👍👍
@ЗамзагульБайгабылова-у5н Жыл бұрын
Қандай мәдениетті, білімді, санасы жоғары жігіттер👍👍👍🌟🌟🌟
@Symbat.koishybayeva Жыл бұрын
Алла разы болсын сіздерге🤲🏻
@riza7386 Жыл бұрын
Подкаст өте керемет. Осы подкастты тыңдауға кеткен уақытым бос кетпеді. Өзім болашақ бастауыш мұғалімімін, алда қылмыскер болмаймын деген үміттемін, тырысамында✨Көп размееет❤️
Не деген күшті инсайттар. Үй жинап жүріп 2 рет тыңдадым, бірақ бәрібір әлі алатыным көп екенін түсініп тұрмын. Енді бір тыныштықта отырып тыңдау қажет болып тұр.
@aigerimazat7180 Жыл бұрын
Керемет миым бомба болып жаатыыр 😍 Кооп дуниелердын есыгын ашугы комек бере алдыныздаар 🪄
@НургульБухарова Жыл бұрын
Мен орысша окыганмын. Бирак сиздердин себептеринизбен казакша Тил бал болып отыр сиздер керемет жеткизип отырсыздар казак тилинде манызды темаларды ашып, китапка аппетит ашылды❤🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@Gaukhar_Zhumatay Жыл бұрын
Осы күнге жеттік-ааау🥹🫶🏻
@Aikaalalimova Жыл бұрын
Алла разы болсын❤ өте пайдалы болды ,көп рахмет
@КайратМарал-н1щ11 ай бұрын
Мен үшін керемет, әсер қалдыратын подкаст.
@nauryzgul373 Жыл бұрын
Техниктарыңызға рахмет, дауысы тап-таза
@НурсултанСадыков-н5в Жыл бұрын
Керемет подкаст болды
@aibektorri Жыл бұрын
Үзбей көріп, тыңдап отырмын. Сапалы шығарылым. Диолог пен тыңдай алу деңгейі от қой 🚀
@АсельТуртаева3 ай бұрын
Мына подкаст целый курсты алмастырды🤍
@КАЛИМАНУРблогер Жыл бұрын
Саяхатшы Руслан Мелдебек.Темирлан Мукашбеков.Ернар мен Жазира сол кисилерди шакырсаныздар.
@lisag8052 Жыл бұрын
Осылай кызыкты конактар келетыныне куаныштымын. Себебы алгашкы 2 сезон максимально иш пыстырарлык болды.
@nauryzbayunic Жыл бұрын
Подкаст өте өнегелі өтті. Өңшең өкіметте өкілеттілігін өткізетін өрендер. Өркендеріңіз өссін.
@Serikgul.Togtokh Жыл бұрын
Ө-Өзіңіз ө-өрелісіз)
@lashynbakytbek2999 Жыл бұрын
Білімнің бірден бір өлшем бірлігі-мінез. -мінез өлшем бірлігі болса , өлшем құралы не? -күнделікті әрекетім Білімнің үш деңгейі 1. Тәкәппарлыққа алып келетін білім 2. Менің білмейтіндерім де бар екен 3.дым білмейді екем
@sagitovamadina Жыл бұрын
Керек кезде бағдар бергендеріңіз үшін рақмет.
@wakeonlyon Жыл бұрын
Жұмыстарыңзға Алла берекесін берсін. Пайдалы ақпаратты өте оңтайлы жеткізіп жатырсыздар. Рахмет!
@ЖанатСагиндык-о7б10 ай бұрын
Рахмет жігіттер, Алаштың арыстары сияқты екенсіздер. ❤❤❤
@amirbekov_j Жыл бұрын
Жақсы жақсы бір подкастты көре беріп шаршап едік
@МангубердиМухаметов Жыл бұрын
Керемет Подкаст! Аллаһ разы болсын осы кісілерге!
@Yerlan.q Жыл бұрын
Көптен күткен подкаст🔥🔥🔥
@MuslimQul6 ай бұрын
Жігіттер көп рахмет
@АйғанымБаязит Жыл бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻 дәл осы подкасттың жалғасы болу керек сияқты
@ДанаУбайдулина Жыл бұрын
38:20 толыктай келисемин.мен универге тускенде агылшын тилине солай болган...👍