Құптаннан соң құпталмайды Күн батқаннан кейін 1-1,5 сағ мелатонин (ұйқы гормоны) бөлінеді - құптаннан кейін ояу болу құпталмайды (сүннет). Диетаға отырмай-ақ, жәй ғана ұйқы режимін дұрыстау арқылы салмақ тастауға болады. Айырмашылықтары • Ментор/наставник - сен қалаған жолды өтіп кеткен адам, сенімен ақылдаспайды, саған ақыл айтады. • Коуч - ортақ білім бар, ақыл айтпайды, клиент білетін шығар жолды,дұрыс сұрақ қою арқылы соны есіне түсіреді. • Психолог - коуч сияқты, айырмашылығы - терең кіре алады (балалық шақ, травма). Тыңдау - көп мәселенің шешімі. • Жәй тыңдау емес, активно тыңдау керек (өз айтқанын қайта сұрау, ым, дыбыс, перефразирование). • Ақыл тықпаламау керек! Көмек ұсынудың эффетивті жолы - тыңдап болған соң ғана “Менің айтқанымды/кеңесімді тыңдағың келеді ме?” деп сұрау. 8 жасқа дейін 80-95% травмалар қалыптасады. Әдет қалыптастыруда 18, 21, 42, 90 күндік интервалдар бар. 42 күннен кейін әдет ләззат алып келеді. 90 күннен кейін әдетті ағза “менікі” деп қабылдайды (липостат). Ерте ояну проблема емес, ерте жату проблема. Жатар алдын тұтынбау керек: 1. Кофеин - 8 сағат 2. Тамақ - 3-4 сағ 3. Су - 1,5 сағ 4. Экран Ерте оянуға көмектесетін тәсілдер: • ауызды скотчтау (мұрын емес, ауызбен демалып ұйықтайтын болсаңыз); • дене оянған соң, миды ояту үшін 7 минут күнге/жарыққа қарап тұру; • контрастный душ қабылдау Жүру - ең күшті спорт түрі • Салмақты нормада ұстап тұруға көмектеседі. • Травмасы (ағзаға зияны) жоқ спорт. • Майды жүгіруге қарағанда көбірек жағады/жояды. Жүректің 2 жұмыс істеу стадиясы бар: 1. Аэробный пульс - 146-ға дейін майды энергия көзі ретінде жағады. 2. Анаэробный пульс - 146+ май емес, гликоген, протеин, көмірсуды жағады - ағза үшін стресс болғандықтан көп тамақ талап етеді (гиперкомпенсация). Спортпен айналысу барысында жүрек қай стадияда екенін анықтау жолы: 1. Фитнес сағат арқылы. 2. Жанындағы адаммен ентікпен, кәдімгі темппен сұқбаттаса алу. Регби ойынынан сабақ: мақсатпен күресу керек, басқа кедергілермен емес. 📝 Азамат Скаков | «Sebep saldar» подкасты
@АяжанТоқтар-щ6о7 ай бұрын
Керемет рақмет😍😍👍🏻🔥
@МакпалМуратбек-ы1г7 ай бұрын
Какая молодец ❤
@kazakhstan14536 ай бұрын
👍
@СұңқарЫнтымақ5 ай бұрын
мәәә рахмет, жолда тыңддап үйге барған соң қайта тыңдап жазу керек болды деп отыр едім👍
@Думан-х3ь5 ай бұрын
Алла разы болсын
@Damyldama Жыл бұрын
Алған инсайт: Адам жасағанды адам жасай алады. Бастысы тек сену, амалын табу, әрекетін жасау.
@alinberdaly4790 Жыл бұрын
Бірінші рет мына кісіні көріп,естіп тұрмын,біріншіден тақырып қызықтырды,сосын өзі де ашық,жүзі нұрлы кісі екен машАлла, соңына дейін қарап, тыңдауым оңай болды,1 сағат 10 минуттай өтіп кетті, елге пайдалы еңбектеріңіз көбейе берсін🤲☺️
@Symbbssd4 ай бұрын
"SEN" кітабын оқуды кеңес берем осы кісінің.Өтееееее керемет кітап, әдет қалай қалыптастыруға болатынын нақты көрсеткен.Бұйырса "MEN" кітабы шығайын деп жатыо
@ykylasmanarbek5044 Жыл бұрын
Соңғы уақытта көрген дерзкий, пайдалы Подкаст болды. Ерекше әсер алдым. Әсіресе, конфликттан, проблемадан қашу деген пункттан өзімді көргендей болдым. Алдағы уақытта ММА мен немесе күреспен айналысып бастасам деп жүргем, ниетіме орай осы Подкастты көру бұйырғандай. Енді сол мақсатыма жақындағандай болдым. Көп Рахмет Азеке👍🏻
@Janna26032 Жыл бұрын
Азамат мырзаны тыңдаған өте қатты ұнайды. Спринтына да қатыстым, Сен марафонына да қатысып жатырмын қазіргі уақытта. Және кітабына ұтыс жариялаған кезде кітабын да ұтып алғанмын. Азамат мырзаның арқасында жақсы жақсы әдеттерім де қалыптасты. Қаншама қорқынышыма да қарсы жүрдім. Бірақ конфликттен қашу деген қорқыныш маған да қатысты сияқты. Оны жеңу керек екен. Азамат мырзаға көп рақмет.👍👍
@Алимон-н8д Жыл бұрын
Азамат өтте пайдалы болды. Қазағымның осындай ақылды жігіттері көп болсын🇰🇿🤲
@ZhoziRelax Жыл бұрын
Мен алғаш қазақша подкаст көруім,жүрегіме қонғаны сонша ,шабыттанып,өзіме көп инсайт алдым,рақмет,өз ана тіліңде жүрекке жетуі өте жеңіл екен, өйткені мен бұндай ақпараттарды көбіне орысша тыңдаушы едім,менен ❤,арнаға тіркелудіде ұмытпадым😊
@ГулмираАбдирова-с8й Жыл бұрын
Бүгінгі қонақ - Азамат мырзаның сұқбатына риза болдым. Берері мол азамат екен. Подкастан алғаным, түйгенім: 1. Мақсатқа жетуде нақты әрекетке көшу керек, жолдағы басқа кедергілерге көңіл акдармау (допты алуға тырыспай, сырттан қашуы) 2. Қорқынышқа қарсы жүру. Мен де дәл сондай қорқыныш: көңіліне келіп қалмасын деп, өзіме тиімсіз болса да, соның ығына жығылу, ауыр сөз айтпау, үндемей қоя салу, керегімді алмау 3. Дұрыс ұйқы, ерте тұру, жүру жайлы айтқандарының бәрі маған айтылғандай болды. Күніне 10 мың қадам жүрсем де, ұйқы жағын реттей алмай жүрмін. 4. Әдет қалыптастыру үшін ұнамаса да, тынбай сол істі жасау керек. Басында қиындық тудырса да, кейін ләззат сыйлайтын іс болады Таир мырза, Азамат мырза, екеуіңізге де мың алғыс! @tair_nugman @azamat_skakov
@dinara_mutallapovna Жыл бұрын
Бірінші рет көріп отырмын бұл кісіні. Өте пайдалы мәліметтер айтты. Енді көретін болдым бұл кісіні.
@aliyaturebekova Жыл бұрын
Азамат Скаков қарапайым тілмен өте жақсы түсіндіреді👍
@АсемАхаева-х1к Жыл бұрын
Супееер👏👏👏 Азамат Скаков мырза топ топ қой 🔥🔥🔥
@ЖемисСарсенгалиева-т6б Жыл бұрын
Таир мурза коп коп Рахмет ! Оте пайдасы бар Кенес алдык ! Азамат мыкты окыган , еринбеккор жигерли , гадет салт барин менгерген , оте казактарга асерли хабар Болды ! Творчествалык табыс , Еки азаматка да ! Тёк орысша Давлатова , Маргулан мырзаны тындайтынмын , казак жигиттер жарадындар , билимди азаматтар !!!
@maulenz7311 Жыл бұрын
Осы омирде жениске, жетистикке жеткин келсе, тусингеним, озиннин коркынышына тура бару керек екен. Орысша айтканда - идти в свой страх!
@ЕльназОспанова Жыл бұрын
Жаксы акконыл жыгыт екен
@respect9872 Жыл бұрын
Сөздері мен істері сәйкес келетіні көрініп тұрған азаматтар. Кәсіптеріңізге береке берсін. Халықтың сауатын ашуда шаршамайық.❤
@aia_qwzx674 Жыл бұрын
❤ керемет әдет қалыптастыру 42күнде жасап көреміз РАХМЕТ
@arstak Жыл бұрын
Мощный подкаст
@0spanovich Жыл бұрын
1 сағаттық подкастты соңына дейін тыңдамайтын едім. Осы подкастты соңына дейін тыңдадым керемет қызық болды. Ұнады. Тағыда осындай подкасттар шыға берсін
@asem41754 ай бұрын
Мен 8жыл болды таңда 10мың шаг жасап, жаңа әдеттер қалыптастырып,16миллон қарызымнан құтылдым. Өмірім жақсы жаққа өзгеріп, күтпеген жетістіктерге жеттім!
@МаралОразбекова-и3ч2 ай бұрын
Менде екі айдай 10мың шаг жасап жүрмін таңмен тұрып, сіздің жолыңызды маған берсін
@АсқарКарчановАй бұрын
Калай китап окыдынызба Калай кутылдыныз мен жургениме Бир жыл болды енди 7жыл барма
@aidarova9 Жыл бұрын
Сұқпат ұнады бәрін қалай бар солай шынай айтып жатыр. Маған өткені кәзір барлығы сыртан біреулерден мотивация издеп бірнарсеге жеткісі келедіғой негіз адам өздігімен алға мақсат қойып әрекет жасаса бәрі болатын сияқты. Соның дәлелін көрдім жақсы ниет и өз өзіңе деген сенімділік Алла әрдайым жолын келтіп қояды. Өз өзіңді дамытып жетістікке жету үшін ең бастысы әдеттер қалыптастыру түйгенім әдет қалыптастыру оңай біз өзіміз бәрін қиындататын. Таңда ерте тұруды әдетке айналдыру күніңе береке кіргізіп қояды Азамат мырзаны көрсең жаман әдеттерден арылып жақсы әдеттерді қалыптастыруға ынтаң ашылады. Рахмет керемет шығарылым 👍👍👍
@Гуляим-ш5х Жыл бұрын
Бірінші рет көруім бұл жігіттерді.Ұйқы арқылы қалай салмақ тастайды деп қызықтым.Жарайсыңдар .Өздеріңдей қазақ жігіттері үшін қуанып отырмын. Түйгенім. Ең болмағанда ұйықыны ретке келтіруім керек. Азаматты кәзір тауып тіркеліп алайын.Тайырға тіркелдім.Керемет әсер алдым.
@Мереке-ы3ф Жыл бұрын
Казакша осындай тусырылымдер коп болса екен, оте керемет, коптен беры кокейымде журген сурактарымнын жауабын таптым.❤❤❤
@nurlanjoldaskaliev Жыл бұрын
Нағыз ер азаматтардың такырыбын козгады үлкен рахмет
@dikanbaevaaizhan Жыл бұрын
Алмат Скаковтың оқырманымын. Жүзі нұрлы, Алла сізге арғы өмірдеде дәл осындай нұрлы етсін.
@yedigesovet6475 Жыл бұрын
*Azamat
@cherrymyun8956 Жыл бұрын
Өте керемет сұхбат болды 👍👍👍 Азамат мырзаны таныстырғаныңыз үшін үлкен алғыс 🥰 Ерте тұру өте маңызды тақырып . Азамат мырзаның кітабін алып оқитын боламын 😊
@symbat_111 Жыл бұрын
жымиып отырып соңында от души күліп отырып қарадым😁Ракмет ❤️Азамат Скаков ағаға да Таир Нугман ағаға да көп алғыс🙌🏻
@galamshar3565 Жыл бұрын
Керемет қызықты сұхпат болды. Ашық шынайы, жылы жүзді, ақ көңіл кісі екен.
@Гость-э1чАй бұрын
МашАллаһ. Бұл Алланың құдіретімен жасалған дүние ғой. Бәріміз соны зерттеумен келеміз.
@aigulnaurizbaeva Жыл бұрын
Азеке, әр қазаққа пайдалы азамат болып жүре беріңіз.Ұстаз болғанда жас буынға өрнек едіңіз енді жалпы Қазақстан жастарына✊🏻✊🏻✊🏻 Біліммен қатар көркем мінезіңізбен үлгі болып жатқаныңыз үшін қуаныштымын🙌🏻 Сәттілік!
@КамшатЕрадилова-в5у Жыл бұрын
Ёёёёё бұл подкаст енді білмейсің барған қалай сөзбен айтып жеткізерімді. Маған өөөөөтттте өтттеее өтттеееее қатты ұнады. Рас айтам. Соңғы 1-2 айдан бастап қараймын осы Таир мырзаның подкасттарын. Барлығы керемет. Бірақ мына подкаст мен үшін ТОП болды.🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉. Өте қатты ұнады. Разборын алғым келеді. Егер менің комментарийім ұнап бір сыйлық қа лайық болып жатсам РАЗБОР алсам екен. ❤❤❤❤❤❤❤❤. 😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊
@gulnurturassimova Жыл бұрын
Азамат Сқақов жайлы бірінші рет естіп, көріп отырмын! Қазір жердің жылдамдығымен адамдарда дамып , оянып жатқан кезде ,жақсы ой түйіндеуге көмек берген подкаст болды. Әсіресе , мен сияқты баламен декреттік демалыста отырған, өмірден , елден қалып бара жатырмын деген келіншектерге , күнделікті өмірін жеңілдетуге , әдет қалыптастыруға көмек береді деп ойлаймын. Қазағымның ішінен ойы жүйрік, ақылы кемелді жандар шыға берсін. Ұйды дұшпан, ақыл дос, осындай подкасттан кейін, ақылыңа ақыл қос ☺️
@АйданаКоргасбекова Жыл бұрын
Осы кісінің рилстарын қараймын, өте ұнайды. Қорқыныш туралы қатты әсер етті 👍🏻
@КурманайЖакешева9 ай бұрын
Таир,подкастыңыз өте тамаша! Қазақ халқы үшін таптырмас, пайдалы ақпарат айтылды. Шақырған қонағыңыздың ұстанымы, іс-әрекеті,айтқан сөзі ,әңгімесі өте пайдалы. Әсіресе, өмірде өз жолын іздеп жүрген жастарға да, өмірді көрген жасамыс жандарға да және мен сияқты егде жастағы адамдарға да пайдалы. Өзімше ізденіп, көп оқимын, Ютобтағы тамаша хабарларды көп тыңдаймын. ТАИР, сіздің хабарларыңыз подкаст деп жатырсыз ғой, асыға күтем,қызыға, үлкен әсермен тыңдаймын. Адамдарға пайдалы, өмір сүруде өзіне қажетті әдет, мінез қалыптастыруға көмектесетін осындай подкастіңіз көбейе берсін! Халық қамын ойлаған іс-қарекетіңіз жемісті болсын! Халқымыздың өзін дұрыс, жақсы,күшті, ізгілікті жақтарға тәрбиелеу үлес қосуыңыз көбейе берсін! Сіз сияқты, мына Азамат Скаков сияқты ер-азамат жігіттер қазағымызда көбейе берсін! Алла тек жар болғай!
@Aibek_Salybekov Жыл бұрын
Біріншіден алғыс білдіргім келеді, өте керемет подкаст болды. Енді не түйгеніме келетін болсақ: 1) Өзіңнің қорқынышыңды жеңу үшін оған қарсы жүру керек 2) Мақсатыңды айқындап жазу, сол мақсатқа жетелейтін үлкен қадам. 3) ұйқы - дұрыс диетаға әсер ететін үлкен факторлардың бірі.
@RassulMussaiyn Жыл бұрын
Менде де Азамат агада да болган коркыныш бар екениме козимжетти, енди сол коркынышты женуге кулшыныс пайда болды. Жане билген акпаратты кайта еске тусирип соны кайтып колга алуга шабыт келди! Алла разы болсын! Осындай елге пайдалы подкасттар кобейе берсин иншаллах!
@МирТелефонов-м4з Жыл бұрын
Керемет, оз-озин женген адамдар.
@ЕльназОспанова Жыл бұрын
Керемет
@erkosherkosh405 Жыл бұрын
Сынған қабырғамен сүңгідім ди ма😂. Мықты мықты подкаст👍
@Saltanat-h2f Жыл бұрын
Осындай ел ағаларын көргенде көңілім көңшейді. Әзер дегенде алаштың ізін жалғап елі үшін еренбей еңбек етіп, өзінде отбасында қамтамасыз етіп жүрген сауатты көзі ашық көкірегі ояу жандар көп шықты-ау. Еңбегіңіз еренбей, майдай терлеріңіз ақтала берсін. Подасттың тұрақты көрермінімін.❤
@Мереке-ы3ф Жыл бұрын
Автор! мен жумыс, уй жане балам деп журып, омырден бырнеше жыл артта калып калганымды тусындым, оган себеп автордын роликтеры.1-2-3 кун болды больничныйга шыгып соткадан жаналык койып, жумысымды жасап журып, сыздын роликтерынызды тындап, соншама жыл артта калган омырымды куып жетып алып, омырыме жана серпылыс басталды. Асыресе Повар Сымбат оте керемет, жане осы Азаматпен сухбат оте тамаша болды. ❤❤❤ Мотивация керемет болды. Омырымдегы коп жауабын таппай журген сурактардын туйыны мен жауабын, шешымын таптым. Авторга Шынайы рахметымды айткым келеды.❤❤❤
@Mahan_Naren Жыл бұрын
Менде де тура Азекеңдікі сияқты екен. Конфликттен қашу ол қорқынышымнан екен. Көпшілік алдында ашыла алмау. Жоқ деп айту. 😅
@РитаТанатар Жыл бұрын
Осы подкасттан керемет ләззат алдым. Азамат Скаковтын сөйлеу мәнері өте тамаша екен, маған өте пайдалы подкаст болды
Керемет сұхбат болды. Азамат өте білімді, жан жақты азамат!
@ЖазираСарыбаева-к1о Жыл бұрын
Ұйқы, салмақ тастау, қорқынышты жеңу подказ - менің іздегенім еді. Ютубты ашып сұхбатты көріп, тап жылдымай тыңдадым. Сұрақтарыма жауап алғандай болдым. Үш жеңіппаздың бірі болып, курсы маған бұйырса қуанар едім. Алла маған нәсіп етсінші.
@ЕрсултанНазаров-л7у Жыл бұрын
Бүгінгі подкаст өте қатты ұнады Тек сәттілік тілеймін
@АлмазЖумагалиев-ъ8ь Жыл бұрын
Жақсы пайдалар түйдім. Аллаһ берекет берсін!
@temirlanomirgaliev6841 Жыл бұрын
1. Әдет жайлы - орташа есеппен 40 күнде қалыптасады - адам бойына нейрон арқылы қалыптасуы, қазақша адам бойына сіңіуі, енуі - күніне жасайтын ісіміздің 95% әдет 2. Ұйқы жайлы - ұйқыдағы алтын уақыт 22:00-06:00 - ерте жатудың төрт-ақ кедергісі бар: кофеин, тамақ, су, жарық - түнде ағза өзін-өзі емдейді гармоны- мелотанин 3. Өзгеріс жайлы Қазір даму кезеңінде жүрмін, шұғылданып жүрген істерім уақыт өте келе жемісін бермей қалама, қазір дұрыс іспен айналысып келемінбе деген ойлар болады, ананы көрсемше, әлде мынаны ма, жауабын Азамат аға өз өмірінде болған жайттарды айта келе тапқандай болдым, ол кісіде ілгерідегі істер мен қазіргі істері пазл секілді үлесімді шыға бастауы, демек бұл кісіде кейінгі өмірде не боларын білмеді, бірақ уақыт өте келе дұрыс жасалынған іс әрекеттер өз орнын толтырып отырды. Артынша өз өміріме қарап адам барлық нәрсені бағдарлай алуы мүмкін емес, әр іздің өз көрініс беретін уақыты болатынын түсіндім.
Бул кісілерді танмасамда Мағанда өте пайдалы сухбат болды. Ағаларымыздың көз-қарасы имани жолдары, сөйлеу мәнерлері жоғары екені көрініп тур.Саудаға катысым жок бирак осындай керемет адамға ен керек деген психологияға жакын заттар өзгеру туралы ұнады,ертеннен бастап осы ұйқы туралы әдет калыптастыру ойда бар.Кітап сыйлап жатса куаныштымын
@NursaraMyrzakhmet-ut4xm11 ай бұрын
Бүкпесіз, ашық әңгімелері мен пайдалы ақпараттар үшін Азамат мырзаға, сұрақтарымен қонақты аша білген Таир мырзаға, барлық ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз.
@АсылханАлибеков-п6р Жыл бұрын
Азамат аға сияқты ағаларымыз көп болсын! Жол сілтейтін, білімімен және тәжрібесімен бөлісетін, Алла разы болсын!!!
@МАРУСЯШАЙМАРДАНОВА Жыл бұрын
Оте керемет, маган унады. Азамат мырза аузын ашса комекейи коринети адам екен. Оте позитивти екен, тил козден аман бол. Енбегиннин жемисин, тапкан табысыннын берекесин берсин Аллам. Саттилик сиздерге!
@ТолкынАбдуллаева-з4в Жыл бұрын
Адамның өмірі қызық, капец менде педагогпын, айтқан өмір баяны өте менің өмір баянына ұқсайды екен😂, бірақ екі түрлі адамбыз 😊
@yousee-7.7 Жыл бұрын
Рахмет. Пайлалы сұхбат болды мен үшін. Алла разы болсын.
@АягозКозбакова-з2в Жыл бұрын
Аллаһ Тағалаға сансыз шүкір, от пен суға салып шыңдап, қорқыныштардың көбінің түкке тұрмайтындығын ұғындыратын.
@olzhasalmas4685 Жыл бұрын
Алла разы болсын🤲 өте маңызды тақырыптар қозғалды, мен Азамат ағаны инстадан жарты жылдан асты ау көріп келем өте мықты кісі МашаАлла🔥
@daniyarorazbek Жыл бұрын
Подкаст керемет🔥 Азамат мырза барлығын түсінікті жеткізді Әдет қалыптастырудағы, дұрыс ұйықтау туралы пайдалы инсайттар болды. Әсіресе, синапс туралы🔥 Таңда ояну мен үшін үлкен проблема тұғын. Сол ақпараттарды қолданып көремін енді😄 Пайдалы ақпараттар үшін рахмет🔥
@amangulkoptileov1255 Жыл бұрын
Өте тамаша сұхбат.Жасым орта жаста болсада,әсері жоғары болды.Дами беріңдер,жанұяма ,балаларыммен бірге тыңдадым,оларда хабардар болсын деп.
@mayaotyzbaeva10 ай бұрын
Өте ерекше подкаст болды, рахмет. Ұйқы арқылы арықтау деген қатты ой салды. Мақсат туралы,әдет туралы керемет инсайттар алдым. Таир мырза да сұрақтарымен қонақты керемет ашты. Алла разы болсын.
@НұрбекСейтмағанбет Жыл бұрын
Аллаһ берекесін берсін!!!
@СарсенкулКалышова Жыл бұрын
Тамаша болды!Ризамын!
@nagimash2917 Жыл бұрын
Керемет пайдалы подкаст болды! Қазақтың осындай мықты жігіттері өсе берсін! 👍👍👍👍
@123kfjsart Жыл бұрын
Уауу күшті подкаст болды. Мен көп ақпарат алдым. Керемет. Алла істеріңізге береке берсін🔥🔥🔥
@Qg44998 ай бұрын
Мен 2,3 те ұйқтап жүргем.Басым аурад күніге дәрі ішетінмін.Азанда тұралмайм обедте тұратынмын. Күндіз тез шаршап қалам ойым шашыраңқы, тез ашуланам. Өзімді енді үйретіп жатырмын 11де 11.30да ұйқтап таңертең ерте тұрып бастадым. Күндіз бодрость пайда болды, ашуланбайтын болдым.Өзімді жеңіл сезінем шабыттанып істейм жұмысты. Негізі ұйқыға байланысты екенін түсіндім ішкі сыртқы состояниеміздің.
@МолдирКурманова-р5х Жыл бұрын
Маган , ойын туралы айтканы катты Асер калдырды шынында дал казирги уакытта... Менде осындай жагдай ... Коркып кашып журу , истегим келген нарседен айдалада журмин ... Казир мына подкасты корип бираз ойланып калдым 😊 Рахмет зын подкаст болды❤
@АкылРахмет Жыл бұрын
Биринши айтарым оте пайдалы подкаст болды туйгеним 1. ми козгалды 2. энергия арттыру жолдарын тусиндим 3. дурыс уйкынын манин тусиндим Подкаст оте адеми отти жигиттер. осындай подкастттар коп болсын. 💯
Өте көп подкаст тыңдаймын, және менің көз қарасымда, мына подкаст өте пайдалы. Сөз саптау, өзін сезіну, бәрі-бәрі өте сауатты. Таир мырза, ісіңізге береке берсін! ✨
@sundetnazarkulov5487 Жыл бұрын
Мақсаттар жайлы, өте жақсы түсінік, бірақ бір түсінгенім шын ниетпен жазу керек екен.
@ЖемисСарсенгалиева-т6б Жыл бұрын
Таир мурза бизнесмен дермен де субхатты тындап , жалпы Жаксы тындау билу , сурактарын накты жайлы , кою билу оте шибер откизилди , ари тындауга да оте жагымды , кулакка , дикциясы да , созин болмеуи де !
@hwbAzhar1427 Жыл бұрын
Екеуің де жарайсыңдар! Өте әсерлі, пайдалы сұхбат болды. Кәдімгідей шабыт берді. Мен енді кейбір сезімдерді ептеп ұмыта бастаған жасқа келіп, алпысты алқымдаған адаммын. Мен өте мақтаныш сезіммен, осындай азаматтар менің қазағымда бар деп өте әсерленіп тыңдадым. Осындай сауатты азаматтар көп болсын деп тілеймін. Бұдан да биік асуларды алады деп сенемін екеуіңе де! Сәттілік айналайындар! ❤❤😮❤
@самратесенберлин Жыл бұрын
Азамат мырза, өтте мықты сұхбат болды! жеке өзім керекті көп инсайттар алдым!!!
@КарашашАкпанова Жыл бұрын
Қазақша подкастар дами берсін, рахмет Таир мырза 👍 Бүгінгі подкаст 🔥🔥🔥 болды, Азамат мырзадан үйренерім өте көп екен, керемет инсайттар алдым. Қайта қайта тыңдадым. Жауапкершілікті сезіну, қорқынышпен күресу, мақсатты орындау.
@aygerimsadikova8797 Жыл бұрын
Саламатсызба Таир мырза өте керемет сұхбат болды,Азамат Мырзаны инстаграм арқылы бақылап жүрмін өте пайдалы, керемет реелстар көріп жүрмін, өміріме енгізіп, қолданып біраз жаңа әдеттерді тез әрі оңай қалыптастыра алдым. Алдағы жұмыстарыңыз да сәттілік, осындай пайдалы подкасттар көп болсын.
@Ulangul Жыл бұрын
Керемет,рахмет осындай пайдалы ақпаратты тегін беріп жатқандарыңызға!Алғысым шексіз!
@Mahan_Naren Жыл бұрын
🔥🔥🔥🔥🔥
@турсынҚаныбек Жыл бұрын
жақсы сухбат өте жақсы рақмет!!!!
@_qruzhqn_ Жыл бұрын
Үлгі аларлық тұлғаларымның бірі🥺❤️
@zhansayamkambar Жыл бұрын
Соңғы кездері ұйқым қанбаған күні өз күнімді өзім өлтіретінімді қатты сезініп жүрмін. Мына подкастты да кеш жатып, жұмыста шаршап отырған күні көріп бастағанмын. Бүгін жүгіруге шыққанда мұқият тағы бір тыңдадым. Ұйқының сағатына емес, сапасына мән беру керегін түйдім. Қонақтың жеке өмірінен алынған оқиғалары да маған қызық болды, мотивация сыйлады. Ал жүргізушінің турашылдығы, шынайылығы ұнады. “Бір ғасыр болды ма?” деген сұрақ өтті😂 Байқау шарттарын, өту мерзімін онша түсінбедім, описаниеде де жазылмаған екен. Менің пікірім таңдалып жатса, автордың жеке қолтаңбасымен “Сен” кітабына иеленуді қалайтын едім😊
@MeirambekBaizhunissov8 ай бұрын
Ассалаумағалейкүм! Подкаст өте пайдалы болды. Әсіресе, ұйқы мен спорт жәйлі. Қазіргі таңда жақсы әдеттен жаман әдет көбейіп кетті, бірақ таңдау адамда. Жақсы әдет қалптасырайық ағайын✊ Бауырларыма көп рахмет🤗 Біраз қажетті ақпаратты түйдім, балаларымызға да үйретуіміз керек. Қазағым дами берсін🖐
@aua2364 Жыл бұрын
Азамат ағаның берген кеңестері мен оқиғаларынан бөлек. Адамның жүзінің, оның қалай жеткізу мәнерінің информация қабылдауға тиігізетін маңызын көргендей болдым. Өте тамаша подкаст болды, керемет әсер алдым👍
@ЛяззатСакыпжанова-з7г Жыл бұрын
Сұхбат өте маңызды болды, көп нәрсені естіп, пацдалы болсын 🤲. Жарайсыздар 👍👍👍
@Көркем-ъ2о Жыл бұрын
👍👍👍
@КарлыгашТасименова-и4о Жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍керемет сухбат алгаш коруим осы кисилерди.
@erkedanyar4420 Жыл бұрын
Керемет подкаст болды. Алла разы болсын сіздерге! Осындай пайдалы ақпараттарды берері мол азаматтарымыз көп болсын! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!❤❤❤
@yersultankuandyk8878 Жыл бұрын
Подкаст өте жоғары деңгейде болды👍 Таир және Азамат мырзалар сіздерге мың алғыс осылай өз ілім,білімдеріңізбен бөлісіп жатқандарыңызға. Бұл подкасттан түйгенім: 1.Ең алдымен қорқынышты жеңе білу адам іштегі қорқынышты жеңсе ең бірінші қалғандары өз орнымен бола жатады екен оған өзімнің де көзім жете бастады. 2.Ұйқы режимін дұрыстауға көп көмегін тигізері сөзсіз,ұйқы туралы ең қатты ұнады.Мәшhүр Жүсіп атамыз айтқандай ер жігіттің 3 жауының бірі ұйқы дегендей осы подкасттан соңв ұйқымды реттеймін Алла қаласа. 3.Бірден бастап кету,өзімнің созып бастай алмай жүрген заттарымды тәуекел деп бастап кету,және соңына дейін бару,Азамат аға айтпақшы қарсыласын қылғындырып жатқандағы “олда шаршады”деген сөз оған мотивация бергендей,біз мақсатқа жетер жолда шаршасақ,демек мақсатқа жетуге аз ғана қалды деген сөз екенін ұқтым. 4.Және бір түсінгенім егер адам шын ниетімен қаласа Алла оған себебін тауып беретінін,мектеп кезде мұғалім болып жүріп аяқ астынан шетелге баратын мұғалімнің өз ойынан айнып қалуы өте үлкен мүмкіндік болғаны. Алла разы болсын сіздерге👍
@Awkonsuperqiz Жыл бұрын
Енді тыңдаитын болам бұл кісіні , қазыр өзімді дамыту ерте тұру әдетін қалыптасырып жүрген едім мына подкаст аяқ асты көзім шалды , өте әдемі түсінікті жеңіл подкаст екен 👏👏👏👏
@ersultanbakytbekov4380 Жыл бұрын
Сұқбат өте керемет шығыпты. Түртіп алар ойлар мен өмірде қолдану керек деген біршама инсайттар пайда болды.
@damiranurgalikyzy Жыл бұрын
🔥
@erasiltagaevworkout7519 ай бұрын
Бәрекелді керемет өте пайдалы ілім болды Алла разы болсын!
@yerkebulansabitov9954 Жыл бұрын
Жарайсыңдар жігіттер.
@ЖумабековаБибисара Жыл бұрын
Ерекше кітап екен,әдет қалыптастыру болса,мен алар едім.
@АкмырзаУмаров Жыл бұрын
Керемет сухбат
@NursaraMyrzakhmet-ut4xm11 ай бұрын
Тағы бір керемет тұлғамен таныстырған подкаст үшін рақмет!
@Jumahanqyzy Жыл бұрын
Бастапқы 20 минут көріп жатқанда керемет екенін түсініп, бірден жазып едім. 40 минуттан кейін өтеее керемет екенін түсіндім! Рақмет көп көп, сіздердің сұхбаттарыңыздан, жеңіл түсіндірулеріңізден тап-тамаша әсер алдым. Менің психология саласына, адамның жан-дүниесін зерттеуге деген қызығушылығымды қоса түстіңіздер❤