Кайырлы кеш. Азамат мырзаны биринши ркт корип тынлап турмын. Бәрінен баз кешіп едім бәрінен , ойымды озгертти кәдімгідей, мине болды деп едим сиздерди корип кайта есимди жинадым ... калганынын разборда айтамын
@kuantkanovas8 ай бұрын
6 ай бұрыңғы интервью случайным образом тыңдалған интервью болған, одан кейін бұл кісіні өзім іздеп тыңдайтын болдымғой, за 6 месяцев научилась многому, прочитала 6 книг. Кез келген әдет жасап жүріп, результат көрмей жатсам, сол әрекетті 100 ге көбейту деген формула есіме түссе, продолжаю не смотря ни на что 👍
@СагындыкЖамалбеков8 ай бұрын
Далбаевтар 😂
@imanbekmusaev41248 ай бұрын
Мендеде казір сондай жағдай случайно көрген болатынмын содан кейін ютубта,инстада біріңғай Азамат ағаны коретін болдым!
@Daulet_Kaldarbekov5 ай бұрын
100-ге көбейту деген қалай сонда?
@Nazabinur3 ай бұрын
Ол қайссы подкаст аты қандай
@BAGRAMTOKTAR8 ай бұрын
1)Ең маңызды нәрсе ол-ұйқы.Дұрыс уақытта ұйықтаған адам дұрыс шешімдер қабылдайды,сәйкесінше ол шешімдер дұрыс әрекеттерге итермелейді.Адам таңдау құқығына ие жалғыз жаратылыс.Қазіргі уақытта уақытын рахат алуға емес,дұрыс нәрселерге оның ішінде ұйқы,спорт,кітап оқу,дамуға құртам деп таңдау жасаған адам автоматты түрде өз болашағына инвестиция құйып жатыр.Азамат мырзаның табысы мен мүмкіндерінің өсуі бұл сөздеріме тікелей дәлел. 2)Тағы бір айта кетерлік нәрсе тұрақтылық.Даму барысында безэмоцианалды дисциплина қалыптастыру.Саған пайдасын беретін әр нәрсе уақыт өте келе өз эффектісін жоғалтады,ол істі істегеннен бұрынғыдай ләззат ала алмайсың.Сол кезде тұрақты болып қалу өте маңызды.Кезінде Азамат мырзаны тануым үшін ютубтан подкасттарын көрген едім.Сол подкасттардың бірі осы каналда 6 ай бұрын түсірілген подкаст еді.Қазіргі Азамат мырза қатты өзгермеген.Ұйқы,спорт,кітап және дамуы сол қалпында.Бірақ табысы мен мүмкіндіктері едәуір өскен.Міне тұрақтылықтың күші осы деп ойлаймын. 3)Жалпы адам ешқашан тоқтамауы керек,әрқашан дұрыс таңдау жасау керек. Подкаст пайдалы әрі әсерлі болды.Көп рахмет!
@BayanIndibayeva8 ай бұрын
Бирнеше куннен бери Азамат Скаковтын интервьюларын тыңдадым.Мен ушін жаңа тұлға.Өте қарапайым,керемет жалпақ тілмен,тусінікті етіп жеткізді.Қарапайым әдеттер арқылы биік шыңдарды бағындаруга,мақсаттарга жетуге болатынын.Осыдан 4 жыл бұрын "магия утро"деген кітапты окығанымда осындай вдохновение алған болатынмын.5айда сетевой компанияда улкен результат жасаган болатынмын(құпиясы сагат 5-те туру,намаз,медитация,кітап оқу,жақсы ойда болу)Сол кезде көп адамдар таң қалған болатын.Енді осы Sen кітабын алып,оқып,өмірімнің жаңа парағын ашқым келіп тұрмын және солай болатынына сенімім мол.Кәсібіңізге береке,қазақ тілді кітаптар көбейе берсін🎉🎉🎉
@ualikhan24958 ай бұрын
Уаау, керемет сұхбат болды
@Oirat.Zhumash8 ай бұрын
Таир мырзаның тыңдаушы ғана емес, қосылып отыратыны ұнайды, подкаст өте керемет болды. Подкастан алғаным 1. Бірінші орында денсаулық. 2. Баюға асығудың қажеті жоқ, уақытымен дұрыс жасалған әрекеттің нәтижесімен өзі келеді. 3. Жеке дамуды тоқтатпа
@Kazashka128 ай бұрын
Бұл кісінің ниетінен шығар, адамдарға пайдалы болу ниетінен жолы болып жатқаны. Тыңдағанда жеңіл,дауысы жағымды👍
@NaziraAbzelbek8 ай бұрын
Таир аға Өндіріс Саят мырзаны шақырыңызшы подкастқа👍💣
@Dayana_diva8 ай бұрын
Декретте отырған 4 баланың анасы, мемлекеттен грант ұтып өз ісін ашқан қолөнершімін. Декретке бола емес, жалпы бір терең ойға түскен шақта жүрмін. Өмірімнің әр саласына үңіліп, ожидание/реальность болып, көңіл толмай. Осы подкасттарды тыңдап, шабыттанып , рақаттанып, ұйқымнан тұрып жатқандаймын. Таңдау кітабы туралы айтылғанның өзі дұрыс тұжырым жасауды көзді ашқандай. Рақмет❤. Өсіп өне беріңіздер!
@МирланТлеуов-н6щ8 ай бұрын
Біраз қазақтардың стереотиптерін бұзатын, осознаниемен өмір сүруге насихаттайтын керемет кісі деп танимын Азеке. Барынша калын жұрттың оянуына себепші болар деген уміттемін
@Динора-ю6ф8 ай бұрын
Сіздерге үлкен рахмет. Бұл подкастан түсінгенім “таңдау сенің еркің” бұл менім өмірлік нативті кредом екен! Мен өзіме айтамын бүгін тәнің қиналса, ертең рухың рахатанада. Осы менім оиымды растайтын дәлал таптым. Сідің разборыңызға қатысса алсам өзімнің көп мүнкіндігімді ашатын сияқтымын. Сіздерге үлкен рахмет, көп творчестволық табыс тілеймін!
@ТимурАманбаев-м3и8 ай бұрын
Керемет сұхбат, рахмет! Кез келген адамның дамуы секілді, Азамат мырзаның тұлғалық коучингдегі дамуын байқадым. Өзі айтқандай "ТОЮ" өте маңызды! Өз мәселерінін (запрос) шешкен адам ғана басқалардың мәселерін шешеді! Таир мырзаға рахмет, өте маңызды сұрақтарды қойып, Азекеннің ашылуына себепкер болып жатыр. Жалпы осындай подкаст жасап, қоғамдық (тегін) проектері өзінің тойып, басқаларға шапағатын төгуде! Өз тауарына сенген кәсіпкердің ісі өрге өрлейтіні рас. Азамат және Таир мырзалар, неге осы врачтар, ғалымдар темекінің және арақтың зиян екінін қарапайым халықтан жақсы білсе де соларды қолданады? Осының ғылыми, психологиялық себептері бар ма?
@ЖулдызБегалиева-н6в8 ай бұрын
Қәзір осы кісінің жаңа подкасттарын издеп журип тындайтын болдым, тусину ушин кайта кайта тындаймын. Терен ангимелер минезбен жумыс озиди дурыс тарибелу аркылы коп максаттарга козин жетип турады. 👍
@topbilim41088 ай бұрын
Жеке ойым: Азамат мырзаны өмірін ретке келтірген адам болып қабалдадым. Бұл-өз орнын тапқан адам дегенді білдіруі мүмкін. Өз орнымен, ретімен жүрген адам- тура жолда жүрген адам. Сиратәл мустақим-ге мысал деуге болатын сияқты. Өнеге болғандарыңызға рахмет. Істеріңіз алға баса берсін!
@Senim_bala_massazh8 ай бұрын
Көріп отырып ТАҢДАУ деген сөз қатты өтті,бірден жазып алып өзіме,бір екі таңдау жасадым кішігірім,бірден позитивті нәтижелер көре бастадым,ми деген осылай жұмыс жасайды екенғой дедім өзіме,керемет Алла разы болсын!
@JImanbaeva8 ай бұрын
Подкаст керемет! Екінші рет қайталап көрдім. Соңғы уақыттарда Азамат мырза қатысқан барлық подкастарды көріп шықтым. Өзімнің өміріме енгізетін біраз заттар бар. Ақырындап кіргізіп жатырмын. Мысалы: 1. Без эмоциянальная дисциплина өзім фитнесқа барып жүрмін. 2. 99-80 жасқа дейін план құру. 3. Правила 7 минут . Ағылшын тіліне қатыстысты қолданбақпын. Айта берсем көп. Нақты осы подкастан түйгенім: өзің білмейтін істі маманға тапсыру, уақыттың біздің органимзге әсері, ұйқының маңыздылығы, ерте ояну әр адамда әр түрлі, өз денсаулығымды күту керек деген ойға келдім және “ Выбор” кітабын оқимын деп шештім.
@ЖулдызХамза-ш9и8 ай бұрын
2 ай бұрын Осы кісіні сіздің подкастан тыңдап таныдым содан барлық жерде берген подкастарын көріп шықтым менде екі әдет жеңіл қалыптасты ерте жату жәнеде ерте тұру.Соның арқасында сергек энегрияға толы, күнім берекелі өтетін болды.😊Екі дүниеде Алла разы болсын.Сізтеріңізге береке берсін🤲🏻Бүгін таңдаудың құнын жәнен эмоцияны сезінудің маңызын түсіндім.
@ЗайнабКасен8 ай бұрын
Кітаптан алған инсайттарыңыз ойландырды және таңдау жасау дегеніңіз өтті , менің бүгінгі өмірім , кешегі таңдауым Үлкен рахмет өсе беріңіздер өне беріңіздер тек биіктерден көрінікіздер 🎉
@scorpion_kz72728 ай бұрын
Шыны керек мына өмірде адам денсаулығын күту керек.Яғни денсаулық Алладан, ал адам оны сақтау үшін жаралған. Сол үшін де өзімнің санауым бойынша ең алдымен ұйқыны дұрыстау, бұл денсаулықтағы алғашқы таза ұстау факторлерінің бірі. Шамамен 1-2 айдай болып қалды Азамат Скаковтың подкасттарын көріп және кітабын оқып ұйқы туралы ойым сразу өзгердіғой.Тек қана ұйқы емес, кітаптан алған білімім көп болды. Сол үшін де тағы да кітап немесе разбор ұтып аламын деп сенемін. Маған Бұйыртпаса да басқаларға Бұйыртсын. Қазақстанды осындай тұрғыдан дамытып жатқандарыңызға алғысымыз шексіз. Шүкір!
@Doni.388 ай бұрын
Қазақ қоғамын дамуы үшін үлес қосып жүрген ағалар бөлексіздер. Имандылықпен білімді бірге ұштастырып алып жүргендігі ұнайды. Сапалы ойлау, жақсы ой қалыптастыру. Қоғам тәрбиелеп жүрсіздерғой ✊ рахмет айтамын
@JImanbaeva8 ай бұрын
Подкаст СУПЕР!!! На одном дыхании көріп шықтым. Таир мырза қонақтарды керемет ашады екен👍 Соңғы кездері Азамат мырзаның фанаты болып жүрмін. Көптеген кеңестерін қолданып жүрмін. Бүгінгі эфирданда көп нәрсе түртіп алды
@noname-md2yx8 ай бұрын
Өмірімде бір кітапты соңына дейін оқып көрмедім😏 Азамат Скаковты кітабын оқысамба деген ойым бар❤❤
@jalyn_galym8 ай бұрын
Отказ алдым 1000 нан аса адамнан. Мына жерден кәдімгідей инсайттар алдым✅☝️👏👏👏
@Жанат-18 ай бұрын
Алла разы болсвн🤲, керемет, тамаша сұхбат болды, көп инсайт алдым, әсірпсе “таңдау” .Мен енді таңдау жасаймын❤
@indira55908 ай бұрын
Керемет подкаст, біраз жерлерін артқа қайтарып 2-3 рет тыңдадым. Азамат мырза қатысқан біраз подкастарын көріп шықтым, бірақ Таир мырзамен болған подкастары еркін түрде, ерекше және тек бізге емес Азамат мырзаның өзіне пайдалы де көп ақпарат алған сияқты көрінді. Дұрыс, сапалы ұйқы-сенің денсаулығыңның, көңіл-күйіңнің, энергияңның қалыпты жағдайда болуының, өмірдегы мақсаттарыңды айқын және оған жетудегі ең қажетті ингредиент.
@khadidja76228 ай бұрын
Осындай даму темасындағы подкасттарды жақсы көрем!Уақытыңда босқа кетпейді керекті инсайттар айтылады👍👏
@userbek_8 ай бұрын
Азамат мырзаның таңдау жайлы айтқаны есте қалды. Кез-келген жағдайда таңдау жасауға болады екен. Блокнотыма осы инсайтты жазып алдым, енді өмірде қолданамын✅
@assetyermekbayev4608 ай бұрын
Таир мырза, сату маманы болғасын, алдындағы отырған адамның плюстарын, жақсы қырларын, артықшылық, ерекшеліктерін тауып қоймай, оны сұрақтары арқылы қонақты ашып және өзіне жақсы жеткізіп отырып, нативно, сатпай сатып жіберіп отыр👏👏👏 6ай-ақ қана алдын болған қонақты, қайтадан жаңа қырынан ашып толық қанды подкаст түсіріп тастау оңай емес жұмыс деп ойлаймын. Журналист интервью алып жүрген адамдардан асып түскен сияқты. Респект💣
@kaini6278 ай бұрын
СҰХБАТ керемет болды.Кітап оқу адамға өте пайдалы ілім болды. Кітапты көп оқыған адамның, ойы тұнық, тілі шебер болады ғой.Өте білімді ойы терең азаматтардың бірі екені көрініп тұр, жеке тұлға ретінде әңгімелесуге болады екен. Ойың ұшқыр, өте жақсы сұхбат болды. Көп рахмет.
@janiyaniazbek87258 ай бұрын
Қайырлы күн Негізі алдыңғы подкаст шыныменде Азамат мырзаның өзінің қабілеттерін,білімдерін көрсетуге,бізге жақынырақ тануға септігін тигізген шығарылым болды. Бұл жолғысы да өте күшті. Жеңіл ,түсінікті қабылдауға оңай. Таир мырза нақты әрі керек сұрақтарды қояды. Келген қонақ әдемі ашыла алды,еркін ,бір - бірімен үйлесімді сұхбат болды. Сіздерді өте құрметтеймін. Ашық әңгімелеріңіз бен шынайы ақпараттарыңыз үшін көп рақмет🙌
@СагынатСагымбеков8 ай бұрын
Мен осы 2023 жыл өзгеремін деп мақскт қойғанмын . Бірінші подкаст көргенде уау болған тұғын, ойымды өзгертті. Өмірге басқаша қарайтын болдым . Подкаты көрмей тұрып тренировка бастаған болатынмын 😅. Осы екі подкасттан өзіме керек көп инсайттар алдым . Рақмет көп көп пйдалы ақпараттармен бөлісіп жатқандарына !!!!
@alisher_seitbai8 ай бұрын
Өмірдегі басты құндылықтардың бірі дұрыс таңдау жасау әрекеті. Ең басты заттардың бірі жәнеде дұрыс ойды қалыптастыра білу
@maral_tandau8 ай бұрын
Қайырлы күн! Керемет Подкаст болды! Қалай өмір сүретініңді өзің ғана таңдай алады екенсің! Таңдау жайлы айтқандарыңыз миға керемет инсайт болды! Азамат мырза, Тайр мырза Рақмет сұхбатқа!
@Bayangramm4 ай бұрын
Таир мырза ,мәдениетті сауатты жүргізесің👏🏼осы қалыптан таймаңыз✅ подкасттар көп сапалысы аз
@АкнабатАйтуова8 ай бұрын
Жаратушының сүйікті құлдары, өздерін одан әрі дамытып, биіктен көріне білгендер, Марғұлан Сейсенбай, Ахметбек Нұрсила сияқты іскер адамдарды қарайтын едім, сіздің де жан жақтылығыңыз және әлі де жаңа жеңістерді бағындыратыныңызға сенемін. Акнабат 😊
@Aitkul_zholdas8 ай бұрын
Былай қарап тұрсаң элементарный нәрсе ғой -дұрыс ұйқы режимі… Ерте ұйықтаймын деп жүрген едім, бір инсайт келді, подкасттан кейін… Өзімнің уақытымды басқару үшін таңдаудың маңызын түсіндім! Рахмет сіздерге!👍
@aibatrans8 ай бұрын
Сөз жоқ керемет подкаст! Бәрі шынайы, әсіресе күлкісі Азекеңнің. Түйгенім: таңдау, без эмоциянальный диссиплина, өзіңе рұқсат беру.
@Khan_abill8 ай бұрын
Бұл подкасттан түсінгенім кез келген ситуацияға бірден эмоция бермеу және Азамат аға қазір асықпай, байсалды қадамдар жасаймын деп таңдау жасадым дегеннен Абай атамыздың- Асықпай жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Деген өлеңнін мағынасын түсінгендей болдым. Оған дәлел 6 айдын ішіндегі 6-7х табыстың артылуы. Аллаһ сіздерге күш қуат берсін, пайдалы подкаст болды👍🏼
@saltanatissatayeva94378 ай бұрын
честно, әдеттер жайлы бұрыннан қызығатынмын. бірақ та оны именно қазақша іздедім. оқыған информациялардың барлығы қазақша болғандықтан ба доступно, лучше түсініп бастадым Азамат мырзаның арқасында. рақмет көп-көп. разборға ілігуге ниеттендім😅🤝
@erkosherkosh4058 ай бұрын
😂Мен батыстанмын. Бірақ иа, алло десе уже қырсығып вообще жауап бегім келмей қалады. Алло деген сөз ар жағында эй жауап бершиш деген мағынағо)
@NurekeTV8 ай бұрын
Жалқаулықты жеңу үшін сатып алдым курсты. Мықты курс, шынымен үйретеді. Керемет дамый берсін, бізге ұйқы және басқаларға қатысты ғылыми дәлелденген ақпараттар болса күтеміз
@aikerimashirbek63088 ай бұрын
Мәссаған өте әсерлі подкаст. Кітапал подкаста Азамат ағаны тыңдап таныса бастадым. Барлық подкастарды көріп шықтым. Әр қайсы өзінше бір бөлек. Азамат ағамен танысқаныма өте қуаныштымын🥳
@Математика-щ4ю8 ай бұрын
Ой өркендерің өссін,керемет!
@Miras_miks8 ай бұрын
6ай бұрынғы подкасттыда қарап шықтым. Екеуінің арасы әжептеуір өсу бар👍Инсайт көп алдым өзіме🇰🇿
@Мырза-щ5д8 ай бұрын
Айтуға ұят емес шығар, бірақ дәл мына подкаст өте тәтті жағымды таңғы балалықтағы ата анамның шәй сияқты жағымды болды, әттең Азекеңмен мына подкаст қысқа болып қалды жеке мен үшін🎉
@ЖансаяЕрмекбайқызы-й4щ8 ай бұрын
уайй, тыңдап алып жыладымше жай ғана, Алла разы болсын ❤
@i_saltan_i8 ай бұрын
Өзім құралпы ойлайтын адамның сұхбатын бірінші рет тыңдап, жаным рахаттанып отыр. Ұйқы, уақыт, кітап оқу, денсаулық, спорт - өмірімнің басты құндылықтары. Осы құндылықтарыма кедергі келтіретін зат не ситуация, тіптен, ол адам болса да жолдан алып тастауға дайын тұрамын. Оны эгоисттікпен шатастырып жатады. Азамат мырза осының барлығын керемет, әдемі, еппенен түсіндірді. Браво, сізбен кездесіп, сұхбаттасу керек деген ойға келіп отырмын.
@sherine0408 ай бұрын
good evening. It was very nice podcast. I am living outside of Kazakhstan for ages, and while I am listening these kind of videos makes me to connect back to my motherland and to understand the mindset of my people. Happy to see successful and smart gentlemen. It was two in one after watching it have got some insights especially about the CHOICE. I guess year by year you realize it and to make a choice in your favor it is absolutely okay. Thank you.
@MonsieurDam-yp5sm8 ай бұрын
Осыдан бұрын Азамат мырзаны жек көретінмін. Неге екені белгісіз, контентін көрсем болды ауыстырып тастайтынмын. Бір күні кездестіріп, іштегі сезімді айтқан едім, қазір жақсы болып қалдым. Әрбір контентін үзбей қарауға тырысып жүрмін. Тамаша, рахмет Таир мырза
@Akerke92_8 ай бұрын
Еркін сұқбат болды,бүкпесіз бояусыз,анық ашық шынайы!Ең бастысы кім қандай деңгейде болсада,Адам болып қалу маңыздылығын көрсете алды деп ойлаймын,6ай алдыңғы подкасттан біршама өсу деңгейін байқадым,мәселе ақшалай емес,болмыстан екі мырзаданда және өзіме ой түйдім біз әрдайым өл-өлгенше в процессе боламыз ізденіс үстінде.
@laylaalikhan8 ай бұрын
Өте керемет подкаст, Аллахқа шүкір айтылғанды түсіндіргеніне, сіздерге рақмет, Тайр мырзаның аурасына адамдарды ашуыңыз, Азамат мырза қашудан> тоқтауға және таңдау инсайдын алдым! Аллах разы болсын осындай азаматтар барына және көкірек көздеріңіз ашыла берсін!!!
@sheberperizat02248 ай бұрын
Подкаст туралы бәрі жақсы пікірлер жазып жатыр екен. Мен басқалардан асып түсемін деп ойламаймын. Дегенмен 1- ТЫҢДАУ, 2-ТОЮ, 3- ТАҢДАУ деген өзіме үш пунктті түртіп алдым. Екі кісінің бір-бірін бір волнада отырып тыңдауы, түсінуі подкасты керемет ашты. Тыңдаушы ретінде менде сол жерде отырғандай сезім болды. ТОЮ - дегенді сезіну ол да Алланың берген нығметі шығар деп ойлаймын. Таңдау дегег кітапты оқып көру керек екен. Жалпы осы ой “мен таңдаймын” деген маған ұнап қалды. Мен бұған дейін тіпті ойлап та көрмеппін. Жалпы былайша да білеміз ғой, бірақ адамдардан тек жақсы жағын көруді таңдау ол енді керемет! Әдемі сұхбаттарыңыз көп болсын, берекелі сіңімді болсын!
@sabr.11438 ай бұрын
Баршаларыңыздың ниет еткен оразаларыңыз қабыл болсын🤲🏾
@Kazakh-Tour8 ай бұрын
Азекеңді осы 10 күн көлемінде тани бастадым кездейсоқ падкасты көріп қалдым, кейін осы кісімен болған барлық паткастарды көріп шықтым. Көлікте осы подкастты тыңдап келе жатып кітап сататын дүкен іздеп өкінішке орай таппадым кітабын, каспиден тапсырыс беретін болдым. Өте қатты әсер етті, өзім Шымкентте тұрамын, разбор жасау бұйырып қалса Алматыға барып офлайн разбор жасасам
@sabr.11438 ай бұрын
Өөөте керемет болды👍🏾 Бір деммен тыңдап шықтым. Көп инсайт алдым. Осыған дейін адамдарға көмек беруді басты орынға қойып жүр едім, Азамат ағайдың сөздерінен өзіме көмектеспесем өзгелерге бір түйір көмек бере алмайтынымды түсіндім. Енді тек алға ұмтылып мақсатқа жету қалды. Сенімділік ұялаттыңыздар. Шынымен өте пайдалы болды көп көп рақмет. Рухани көмек бергендеріңізге мың алғыс айтамын❤.
@қазаққыз-х2з4 ай бұрын
Құдайға рахмет осындай қазақтың кіші пейіл, мейірбан балаларының баға жетпес білімдерімен бөлістірген.
Таир мырза осы подкастты ерекше өткізді. Сұхбатқа қоса әжептәуір разбор мен коучинг жасады. Адам адамнан сатып алады деген қарапайым естілгенмен, сатуда өте терең сөз.
@ОлжасКаракулулы-и4б8 ай бұрын
Азамат аға азамат қой негізі. Әрбір сөзі, ісі қалай пайдалы болсам болады деп тұрады байқаған адамға🔥🔥🔥
@zhorabaev8 ай бұрын
Көп нәрсе алдым, рахмет Сіздерге 🤝
@BekzatBekmyrzaev8 ай бұрын
Подкаст өте керемет форматы жақсы екен жүргізуші де Азекеңде бірдей сен қорақсың мен жүргізушімін демей екеуі бірдей білгенін бөлісіп пайдалы ақпаратпен сусындандырды
@rabigamirzakhmetova84804 ай бұрын
Кешелі бері подкастарды тыңдап шықтым🙏🙏. Өзімде сағат 5те тұрамын. “ Магия утра” кітабынан кейін. “Сіздер не айтар екен” деп салып тыңдадым🙏🙏. Керемееет😍😍. Жылап тұру керек✊✊, жүректеріңіздің жұмсақ екенінің белгісі💐💐💐. Подкаст үшін сіздерге үлкен рахмет!!!
Үлгі алатын тұлға екен Азамат мырза. Тындап бираз ой түйдім. Разбор алуым керек обязательно
@DNB0028 ай бұрын
ИНТАГРАМДА біреудің өмірін көріп, өз өмірді өткізген ше осындай пайдалы подкаст көріп осы ЖІГІТТЕРДЕЙ болғанға не жетсін...
@АйнашОразбаева-ю5д8 ай бұрын
Осы кісінің берген подкасттары қатты ұнайды💔😍
@olzhekenolzheken52328 ай бұрын
Жақсы, Азаматты КітапАл подкастан таныдым, енді Сен деген кітабын жазушы екен, гуглдан тауып оқимын. Инша Аллах, бірақ тегін алғым келіп тұрады, егерде тегін тұрса не үшін сатып алу керек, иә білем қолдау керек, бірақ өзім тегін заттарды өте құрметтеймін. Осындай азаматтар қазіргі жастарға керкк. Разбор жөнінде егер мені таңдаса. Менде бір шаруа болып тұр соны талдап берсе,
@gibadatnurjan21478 ай бұрын
Тайыр мырзанң адамдарды аша алатын сұрақтары мен кейпкерлердің жауаптарынан өзіме алғаным көп. SBS те екуіңізден де сабақ алған едім. Жалпы, Қуаныш мырза бастаған Тайыр , Азамат мырза бастаған осы бір топ қазақ жастары дамуына үлкен үлес қосқан топ. Respect! Осы видеодан кейін комент жазуға қысылып отырдым. Ешқашан комент жазбайтынмын. Азамат мырзадан разбор алғым келді. Өзімді жеңіп комент жазуды таңдадым.
@NursultanArgyn-cv1wz8 ай бұрын
Келесі кітап Күмән болсын 😊 Күмәнмен қалай күресу жайлы
@tanzharykberdiqululy57498 ай бұрын
Қайрат Жолдыбайұлы - Күдікпен күрес бар ғой
@theliawith7 ай бұрын
Кезінде көрегенді тұлғаларды естіп өскен едік.Қазір де соның ізін жалғар тұлғалардың табылып отырғаны қуантады.Шынымды айтсам шынайылықтарыңызға тәнті болдым.Көптен-көп алғыс білдіремін.
@ЖалгасБазархан-о4щ8 ай бұрын
Мыкты подкаст болды Азамат мырзанын тындап отыра бергын келеды 1 сагаттык видео 10 минутта тез отып кеткендей болды тагыда осындай пайдалы акпарат болса😍😍
@ДанаТаукеева-ц6ф3 ай бұрын
Жүргізуші мырза, интервьюларыңызға үлкен рахмет! Бірақ, осы қонағыңыздың есімін неге жазбағансыз?
@МуханТузелханов-я7ж5 ай бұрын
Бул жолғы подкаст алдыңғыдан өзгерек болды деген осы шығар. Шынында екі аға да терең ашылып бір-біріне мықты инстайттармен бөлісті.Таңдау деген киноны керемет жеткіздіңіз.Осыны коруге мүмкіндік берген Аллаға сансыз мақтаулар болсын.Мен -Өзімді дамытам,Салиқалы болам деп таңдау жасадым.Әр нәрсенің Жақсы жағын көру-көздердің ең қайырлысы.
@aruzhanshynkozhaeva72458 ай бұрын
Азамат ағамен 1 ай бұрын таныстым, осы кезге дейін қай жерден қате кеткенімді, нені дұрыс жасамай жүргенімді, ұғып қолға алдым, бірақ Алла қаласа үйренерім өте көп, Алла қаласа алға қойған бңр мақсат Азамат ағаның SEN кітабын алып, оқып, пайдалы білім алу, әрине Алла қаласа өмірде қолдану👌 кстати осы кезге дейін жеңе алмай жүрген жалқаулық па қорқыныш па білмедім бірақ соны жеңіп, таңертең жүгіруге шығып бастадым!
@venera_orunbay6 ай бұрын
Көздері ашық, үлгі алатын дәл осы кісілер деп айтар едім. Тыңдап отырып қаншама инсаит алдым . Таир мырза өте тамаша жүргізеді. Азаматтың айтары көп, түйіп алар көптеген ақпарат айтылды түсінген адамға.
@KAZTAU8 ай бұрын
Керемет паткас болды білмейтің Нәрселерміз көп екен көп кітап Оқу керек екен рақмет Тәке керемет сұхбат болды тек алға
@sertay_rayana5 ай бұрын
Өзіңді қабылдаған болсаң айнплаңдағының бәрі идеальный болуы мүмкін
@АбдуМухит8 ай бұрын
Аллаһ разы болсын, жігіттер! Өте пайдалы, керемет подкаст болды. Азамат мырзаны бірінші подкасттан бері көріп біле бастадым. Өте көп инсайт, пайда алдым. Кітабын сатып алып, оқып жатырмын, өз өміріңе жауапкершілік алу маңызды! Жеке офлайн разборға баруға нақты ниет қылдым, Құдай қаласа! Таир мырза, Азамат мырза Аллаһ тағала сіздерге екі дүниенің жақсылығын берсін!
@tovarka_online5 ай бұрын
Садака бергенде, вообще кез келген амал Аллах разылыгы ушин деген ниетпен болу керек, ал соны сурап дурген адам шын муктажба, алаяк па ол Аллах алдында ози жауап береди, бирак садака комекти ен жакындарыннан, таныс туыс, корши, достардан бастау керек. Арким оз айналасына колдан келгенше комектессе муктаждарда азаяды ин шаа Аллах
@БолатМахамбетжанов8 ай бұрын
Рақмет. Ой түйер, байсалды, салмақты сұхбат болды!
@ДинараКудретова-к8г8 ай бұрын
Ма ша Алла қаншама информация бар екен.Қарап отырсақ барлығы дінде бар нәрсе. Байқағаным шариғаттан қанша алыстап кеттіпіз. Діндегі нәрселердің барлығын техника жасап өзімізге беріп жатыр Батыс жақ
Азамат мырза расымен душевный адамсыз, кішіпейіл екендігі экран ар жағанынанда сезіледі
@ЖадыраТокпагамбетова-й6в8 ай бұрын
Разбор керек маған, осыдан 10 ай бұрын ба разборында болғанмын онлайн, ол кез бір разбор дегеннің не екенін түсінбейтін кезім бе білмеймін 😅, бірақ қарап отырсам сол кезде айтқандарынан жасағандарым орындалған екен👍👍👍
@КуанышКурмамбаев-я1э8 ай бұрын
Азамат мырзаның әр нәрсеге оқу білім арқылы келетіні ұнайды, бірақ ұйқы, тамақ т.б заттарды белгілі бір формаға салып тастау бір өмірді шектеп тастаған сияқты
@gulnursaparova23997 ай бұрын
Таир мырзаның өзін ұстауы, сұхбат алуы қатты ұнайды😍👍🏻 Керемет, екеуі де қарапайым!
@АкмаралСагиева-я8ф3 ай бұрын
Подкась унады👍
@КамшатАхпанова8 ай бұрын
Уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалатын сұхбат болды. Эдит Ева Эгендің "Выбор. О сводобе внутренней силе человека" деген кітабіна Flipten тапсырыс бердім. Рахмет. Жолыңыз ашық болсын. Ішкі дүниеңіз мұхиттай терең. Егер маған бір сыйлығыңыз - кітап ретінде нәсіп етсе, мен сол өмірімнің сәтінде өзімді бақытты сезінетінімді білемін.
@khadishamshidinkyzy6 ай бұрын
Мә, соңғы минуттар кәдімгідей дыханиемді ашты. Азамат мырзаның “қазіргі” таңдауы менің де басымнан өтіп жатқан таңдау. Бірақ мен оны таңдау деп қарастырмаппын. Жанымның қалауы деп өмірімді сүріп жатырмын. Бірақ сенің таңдауыңды саралап, жік-жікке бөліп бергені қуаныш сыйлайды екен. Рақмет берері мол подкаст үшін!
@Arman_zapusk8 ай бұрын
Азамат мырзаға риза Таир мырза не айтсада бірінші рет естіген сияқты жақсы реакция беріп отыр, бұлда ТАҢДАУ шығар. Шынымен өзіме сезімдерді шығаиуға рұқсат бермейді екенмін. Енді рұқсат беремін. Таңдау жайлыда әдемі айттыңыз!
@kuanyshsadyk84445 ай бұрын
3 ай бурын салынган интервью екен, буган дейын бырыншы подкастын коргем осы Азамат Скаковпен тускен, енды шынымды айтсам оте шабыттандырады екен создеры, мотивация берып,, негызы бул кысыны случайно тик токта быр кыз салган болатын мотивация алгысы келетын адамдар осы кысыны тынданыздар деп, содан сразу бул Алланын быр белгысы болар дедым де ютюбтен бааар подкасттарды карап шыктым осы кысымен, создеры кулакка жагымды ары женыл, енды шабыт береды точно. Мен осы жылы ораза айында намазга келдым, сосын тангысын туратынмын намаздан кейын не ыстейтынымды былмей катып жатып калатынмын, бырак катты таннын саресы ауасы, унайтын, сосын тик токта тангы 4.30 да турып арыктауга болады деген полкаст жайлы алдыма видео рекомендации шыга келды. Содан беры уже 1-2 апта отты, осы кысыны ыздеп тындап журмын, осы кысынын ойы манызды жане айткан создеры, устанымы, омыр салты унайды. Енды "Сен" кытабын алып окыгым келып жур. аудиокытабын жартылай окыдым, оте катты унады)
@nurzhanshaidikerimov49097 ай бұрын
Керемет таңдау деген кітабті менде оқығым келип кетти
@Doni.388 ай бұрын
Азамат аға бмвшник болғаны өте қызық болды маған 34-38 айдағаны ✊ жан дүниеміз ұқсас екен😅 менде көп парицетем )))
@dildabakytnur61328 ай бұрын
Қайырлы күн! Таңдауға байланысты : естіп ,көріп жүргеніммен амалға келгенде таңдау жасай алмайтынымды түсініп отырмын. Әсіресе күйеуіме қатысты таңдауда. Оның артықшылығын емес кемшілігіне таңдау жасағандыштан басымда ажырасу туралы ойлар көп болатын секілді. Мен өзім түсінбеймін неге ажырасу туралы ой сөздер көп шығады? Соның бір себебі осыда секілді. Рақымет ! Бұдан кейін менде сол кейіпкер секілді жақсы мінезіне артықшылығына таңдау жасаймын.
@assilakalka30204 ай бұрын
Маған разбор қажет! Мені таңдаңыздаршы өтініш! Азамат мырзаның барлық подкастарын көрдім, коуч ретінде ұнады! Разборын алғым келеді 🤲! Пайдалы подкаст болды, рахмет😊
@АйнельМирамбековна4 ай бұрын
До встречи с тобой деген кино Таир мырзанын айткан
@gdywj8 ай бұрын
Бүгінгі шығарылым керемет болды, Азамат ағайдың ойлары былай қарасаң өте қарапайым, әрі ойланарлықтай 👍 Шығарылымға қатысы жоқ сұрағым бар еді. Күнделікті әкеммен талқылайтын әңгіме арасында кезекті бір сұрағымды сұрадым. "Мен мықты басшылар секілді өр мінезді, дұрыс адал жолда болғым келеді, бірақ адамдар неге мені алдап кетуге, сатып кетуге дайын тұрады, бетіңе күле қарап артымнан сөздер айтатыны қаншама, мен ондай жағдайда не істеуім керек деп сұрадым". Cондағы әкемнің айтқан жауабы өміріңді өз-өзің қиындатып алдың, олай қиындатпа деді. Денсаулығы нашар болғандықтан әрі-қарай сөйлеуге халі болмады. Содан бері әлі сол ойды ойлап жүрмін, нақты жауапты әлі таппадым. Сіздер үшін бұл ойдың мәні қандай?
@БолатМахамбетжанов8 ай бұрын
Назарды барынша жақсы адамдарға аударған дұрыс.
@ЖадыраТокпагамбетова-й6в8 ай бұрын
Бір адам бір адамға себепші ғой мен мысалы Таир мырза сізді Азамат мырза арқылы таныдым, енді инстаңызға жазылып қарап жүруге ниеттімін
@РайымбекОрынгали-ъ2ш8 ай бұрын
Мені күшті бірдеңе жазды деп ойлаңыздар) қатты разбор керек болып тұр