Келесі подкасттың тақырыбы: КІТАП ОҚУ МА ӘЛДЕ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕ? Подкастта айтылған кітаптардың тізімін комментке жазып кетіңіз📚 Достар, каналымызға жазылып қойыңыздар. Осы видеоны бөлісіп жіберейік. Апта сайын сіздерді жаңа подкастпен қуантып отырамыз. www.youtube.com/@kitapal
@Bakdaulet.Yessengeldy Жыл бұрын
Сәлеметсіздерме, қалайсыздар? Керемет подкаст ❤️❤️❤️❤️. Бірақ басқа да адамдарды көрсек
@Altyn_Orda_Shagatai_Ulysy Жыл бұрын
Ассаламу’алайкум. *Негізінде осы “Менделеев кестесі”* деген орыстық енгізген пропагандасын айтуды тоқтату керек. Батыс елдерінің бәрінде тек Химиялық кесте дейді. Өйткені бұл кестені Менделеев жинаған жоқ, бұл жылдар бойы көптеген ғалымдардың еңбегі. Менделеевтің өзі қатты қарсы болған.
@ҚуанышҚошқарбаев Жыл бұрын
Қалай жазылуға болады екен?
@Balgin Жыл бұрын
Ё
@gazizatazhimukhamed65458 ай бұрын
😊
@zhanserikkens696 Жыл бұрын
Халықтың көзін ашпайынша тоқтамаңдар жігіттер✊ 3 ші рет керемет подкаст көрдім!😊
@ЖамилаЖумагалиева-и2б Жыл бұрын
Мен 10-11 сыныптарда “Абай жолының “ 1-томын оқып бітіргенмін.Сол түні түсімде бір бөлмеде 5 ақын-жазушылардың портреттері ілініп тұр екен.Солардың дәл ортасында Ш.Құдайбердіұлы портреті.Жанына жақындағанда портрет тіріліп, Шәкәрім:” қолыңды жай “деп батасын берді. Кейін Абай университетіне грантқа түсіп,жатақханаға орналастым. Жатақханадағы оқырман бөлмесіне кірсем түсімдегі сол портреттер,арасында Шәкәрім портреті бар екен. Дипломымның тақырыбы да сол Шәкәрім шығармашылығы болды.Осындай кітаппен, түспен қызықты сиқыр ,тылсым болды
@qasymbekbekbolat5711 Жыл бұрын
*Стикерлер мағынасы* 🟥🟦🟩🟨 *Қызыл (Ақуыздар)* - Лайфхактар, өмірге қажетті ескертпелер; *Қызғылтсары (Көмірсулар)* - Мотивация, қанатты сөздер; *Сары (Нутриенттер)* - кітаптағы еске сақтау қажет сәттер; *Жасыл (Дәрумендер)* - Анекдоттар, күлкілі жәйттер, әдемі сөздер; *Көк (Жасұнық пен су)* - Сілтемелер, сандар, деректер және қалғаны. Ақпарат - *Марғұлан Сейсембай* мырзаның лайфхактарынан! *Лайфхак пайдаларыңызға жарасын* және *Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық!* 🔥🔥🔥
@korkemaldamurat9983 Жыл бұрын
Маргулан Сейсенбайдын интервьюынан алынган акпарат па или китабынан ба?
@Oqyclub Жыл бұрын
@@korkemaldamurat9983 ютуб каналынан кітап туралы шығарылымы бар арнайы
@140-all6 Жыл бұрын
Адамды адам еткен кітап,адамзат еткен кітапхана демекші кітап оқиық даму үстінде болайық.
@АшимханЕсенгельдиев Жыл бұрын
@@korkemaldamurat9983 видеосы бар. Орыс тілінде KZbin-та "Как читать книгу, Маргулан Сейсембаев" деп жазсаңыз шығады.
@karlasgyhx Жыл бұрын
негізі бұл марғұлан сейсенбайдың емес бұрыннан бері келе жаткан лайфхаккой😂
@Bayashat2002 Жыл бұрын
Елімізде осындай жоба болып жатқаны адамды қуантады. Өте керемет, алға баса беріңдер. Халықтың көзін ашып жатсыңдар!
@КарлыгашУзибаева4 күн бұрын
Керемет подкаст🎉. Мен бірнеше кітапты бірақ оқимын. Миым өзіне не қажет екенін ажыратып алады. Және Қазгуде профессорымыз берген кенесіндегідей , ортасынан бастап оқимын, қызықтырса бәрін оқимын, ұнамаса жаба саламын. Сосын бірақ уақыт откен соң қайта ораламын
@Akzhan09 Жыл бұрын
Кітап оқу үшін кеңестер 1)Жылдам тез оқу іштей, дауыстап не өзімізге естілетіндей емес. Алайда баяу, ойланып оқылатын жерлерде асықпай оқимыз 2)Автормен сұхбаттасып жатқандай оқу, басты кейіпкердің орнына өзіңізді қойып көру. 3)Маңызды ақпараттарды маркермен сызып қою не стикер жабыстыру. Стикердің түстеріне сай ақпараттарды таңдау. Жасыл-амал етілуі керек, қызыл-қызықты дерек, сары-ойландыратын және т.б 4)Кітапты бос уақытта емес, арнайы уақыт бөліп оқу 5)Фокус(зейін) басқа нарселерге аударылғанша оқу. Осыны есептеп көру. Сол уақыттан асқанда қызығушылықпен энергия азайғандықтан қалған беттерден пайда ала алмайсыз. 6)Бір мезгілде бірнеше кітап оқыған пайдалы. Жан жақты даму. 7)Кітап оқитын аралықта үзіліс жасау. 8)Кітапты аяқтағанда қорытындылау. Қорытынды жазу.
@Jecky_Khanifa3 ай бұрын
Рахмет 👍🏻👍🏻👍🏻🔥🔥🔥🔥
@_alma_amantalКүн бұрын
🎉🎉рахмет
@АрайлымБериковна-р9о Жыл бұрын
сауатты адамдарды тыңдаған қандай күшті Kitapal подкаст үшін рақмет❤
@sweet_art______ Жыл бұрын
Мүлде кітап оқымаған адаммын. Подкасттарыңызды тыңдап, бүгін барып 2 кітап сатып алдым🥰 Енді Алла қаласа сіздердің кеңестеріңіз бойынша оқуды бастаймын!
@tolikkz6920 Жыл бұрын
Кандай китаптар?
@janbolatarslan62108 ай бұрын
Оқып жүрмісіз қазір
@gasrean_ZhAG Жыл бұрын
Кітап оқу өте маңызды 📚 Бұл сөздік қорды көбейтуге, айналаңдағы мәселеге бір жақты емес, әртүрлі көзқараспен қарап, шешімін оңай табуға жол ашады. 💫 📖Мен кітапты ұнатып , қызығып оқимын. Өзім студентпін , әр шәкіртақыма ай сайын 1 кітаптан алуды шарт етіп қойдым. Қазір жұмыс жасаймын айлық алғасын 2-3 кітап бірден аламын.😅 Мен бұл кітаптарды қызыққаннан бір күнде оқып тауыса алмаймын, күнбе күн яғни тұрақты оқып жүргенім де жоқ. 😮Бірақ осы подкастты көріп арнайы уақыт бөлуді әдетке айналдырғалы отырмын.❤ 🙂Мен кітапты қажеттілік кезінде оқимын. 😍М/лы : Кемел адамды Қаржылық жағынан мәселе туындаса "қаржылық сауаттылыққа"⚖💰 байланысты жерлерін, Уақыт жағынан үлгермей жүрсем " тайм менеджмент " ⏱ байланысты жерлерін оқып, кітаптағыны шынайы өміріме енгіземін. Осы кітапты оқып жүріп қымбат су құйып алып жүретін ыдыс сатып алдым🌞 , қазір күнбе күн қолданамын, өзіммен алып жүремін.🪔 Осылайша Оқып қана емес , іс жүзінде пайдаланғаннан рақат алам. 😍 🌟🌟🌟Меннен сіздерге лайфках болсын Оқығыңыз келетін кітапты шкаф ішіне емес, жиі көзге көрінетін жерге қойыңыз, қасына суы бар ыдысты. Бара бара сіз уақытылы ағзаға пайдалы су ішіп ,онымен қоса кітап оқуды да әдетке айналдырасыз. 😊❤ Бұл деген балды біздің үйде ешкім жемейді емес, оны дастарқанға қоймайды деген сөзбен байланыстырар едім . Менің ойымды соңына дейін оқып шықсаңыз, алғысым шексіз, сіз кереметсіз🎉❤ Менің атымнан сізге 👍💚💫😘
@zhakosh_081010 ай бұрын
Керемет👏👏 Сөздік қорыңыз өте жақсы екен👏👏🔥🔥👍👍 Өте жақсы, мағыналы, нақтысын айттыныз👍
@ОразАсилмаметов Жыл бұрын
Бір қарасаң 10-5 мин көргендей болсың видеоны , негізінде 1 сағат өтіп кеткен . Яғни сіздердің паткастарыңыз өте қызықты болып жатқанынан уақытта тез өтіп жатыр ! 👍👍👍
@nurtasinirbaev7992 Жыл бұрын
Менің өмірімдегі ең бірінші тыңдаған подкасттарым осы Kitapal арнасының шығарылымынан болды! Бұл подкасттардан жалпы не алғанымды қысқаша айта кетейін. Біріншіден, Кітаптің адам өміріндегі атқаратын рөлі мен маңызын түсіндім. Екіншіден, кітапқа деген шабыт пен махаббатымды ашты. Үшіншіден, менде осы үш ағамыз Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязовқа еліктеу сезімі пайда болды. Айта берсем бұданда басқа пайдалары жетерлік. Ағаларымызға сөз жоқ, Алла разы болсын, күш-қуат берсін! Kitapal ұйымына да мың алғыс айтамын! Осындай жақсы жоба бастап жатқанына. Әрдәйім қолдауға дайынбыз және кеңес береміз! Өзімде таңғалып отырмын, осыған дейін бірде бір кітап оқымасамда осындай сөздерді қалай жазып жатырмын деп. Себебі мұның бәрі шын жүректен шығып жатқан сөздер!
@НурсултанЕртаев-ы2ж Жыл бұрын
Алдыңғы подкасттарды тыңдап 1 күнде “время деньги» ді оқып бітірдім Шабыт сыйлағандарыңа рақмет🫶
@Цветок-б7д Жыл бұрын
Сәлеметсіз бе, неше беттік кітабын оқыдыңыз? Мен филип кз көрдім, екі түрі тұр, қайсын таңдарын білмей тұрм
@din3011 Жыл бұрын
27:25 минуттағы тақырып бойынша. Мен кітап оқығанда міндетті түрде дауыстап оқимын және ол менің жылдам оқуыма еш кедергісі жоқ. Ал, плюстары өте көп, сөйлеген кезде анық сөйлеймін, әрбір әріпті анық шығарып. Информация өте жақсы қонады. Өйткені, көзің оқып тұр, құлақ естіп тұр, тіл қозғалу арқылы жан-жақты информация алынады. Күшті бір лайфхак десем болатын шығар, дауыстап оқығанда мүлдем ұйқың келмейді. Бір оқығанда отырып 100 бетке дейін оқып тастайсың. Арасында болады іштей, көзбен кітап оқып отырып көз алдында әріптер ұша бастайды, ұйқың келе бастағанда сразу отырсам тұрып немесе жатсам отырып, қайтадан дауыстап оқи бастаймын. Жақсы көмектеседі. Мен бұрын орысша енді қате сөйлейтінмін. Сол орысша кітаптар, орысша посттар оқу арқылы қазір таза, акцентсіз, әрі ойымды ашық жеткізе алатын болдым. Егер мен тек көзбен оқығанда, мүмкін ондай нәтижелер болмас па еді?! Бастысы керек кітапты түсініп оқу, барлық кітапты оқып алып, өмірде қолданбасаң, бос зая кетіру деп ойлаймын.
@bauyrjanqusayin Жыл бұрын
Дұрыс жаздыңыз. Дауыстап оқу мен үшін дауысты анық шығуы үшін өте тиімді. Әр әріп анық шығады
@iamamericaa Жыл бұрын
Неге екенін білмеймін мен дауыстап оқысам не оқып жатқаным есімнен шығып, ойым бөлініп кетеді. Даусымды сәл ғана шығарып я болмаса іштей оқысам оқығаным қонымды болады.
Сіздердің алға қойған мақсаттарыңыз маған қатты ұнайды💝 ""Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру " бұл ниеттеріңіз қабыл болсын 🥰 алдағы уақытта пайдалы білім, ақпарат аламыз деген ойдамын!
@АлмасСакенов Жыл бұрын
Ассалаумағалайкум. Жұмыста жүріп үш подкаст тыңдап тастадым жұмысым сварщик. Енді үйге жеткен ше кітап оқыған ша асығудамын. Сіздерге рахмет.
@АкимбайПердехан Жыл бұрын
Кітап оқып біткеннен кейін талдау жасаудың пайдасы көп. Ол кітапты тереңірек түсінуге және есте жақсы сақталуын арттырады. Талдауды қалай жүргіземіз? Біріншіден кітаптың идеясын, мақсатын, айтпақ ойын анықтап алу керек. “Бұл кітап маған не айтпақшы?” деген сұраққа нақты жауап болу керек. Кейіпкерлерге талдау жасаудың да артықшылығы көп. Себебі кітаптағы кейіпкерлер өмірдегі адамдарға қарап жасалынады. Тағы бір кеңесім- бір кітапты жақын адамыңызбен бөлісіп оқыған тіпті керемет. Кітаптан ұққаныңыз, көзқарастарыңыз жайлы әңгіме-дүкен құрып отырсаңыздар, кітап оқу қызығырақ әрі тереңірек түсінікті бола түседі.
@ЖониБазарбай Жыл бұрын
Рахмет коп коп тусындым мен
@КалжанДаулетбаева Жыл бұрын
Абай жолы
@ЖигерНыгыметов Жыл бұрын
Және де американдық кинодағы сияқты оқырмандар арасындағы кітапты талқылау клубы болса, сол кезде қызықтырақ болады.
@yernat31 Жыл бұрын
Подкаст өте керемет! Көптеген ақпаратттар мен әсерге толы екен! Енді подкаст соңында айтқандай мен өзім кітапты қалай және қандай жанрларда оқитынымды айта кетсем... Мен кітапты яғни маған ауадай керек деп санайтын кітаптарды үш түрге бөліп қараймын. Олар: классика, дәрі кітап және міндетті түрде рухани кітап болуы керек. Сонымен қатар осы жанрдағы кітаптарды бір күнде оқуға пландаймын. Яғни күніне үш кітап , тұрақты турде жеке жеке 15 беттен. Сосын айтарым негізгі менің кітап оқу уақытым таңғы уақыт болғандықтан мен ол кезде дәрі кітаппен рухани кітапты оқимын. Себебі таңғы уақытта адамның миы энергияға толы және шабыты да жақсы болып тұрған кезде неғұрлым адам өзіне ақпарат алу керек кітаптарды оқу керек деп ойлаймын. Сол кезде ол кітаптардан алған ақпараттың өзіңе барынша сіңу ықтималдылығы жоғары. Ал әдеби түрдегі кітапқа келетін болсақ мен оны тұрақты түрде түскі ас кездерінде оқимын. Себебі адамның миы осы уақыттарда көп жұмыс жасап тұрып жалығу процессі бастала беретін кезде мен оны лезде тоқтатып яғни энергиямды одан әрі арттырып , қуат алу үшін әдеби кітапты асқан шабытпен оқимын. Яғни әдеби кітап маған осы кезде күш беретін сияқты. Сөйтіп мен бір күндік кітап оқу мақсатыма жетемін. Аз аздан үздіксіз. Коммент соңында сіздерге айтарым , тек алға , подкасттарыңыз әр қазақтың тыңдайтын бестподкастына айналсын!!!
@bekzhanmukhitov Жыл бұрын
1. Бірнеше кітапты қатар оқимын (жалығу сезімі болмау үшін); 2. Оқуды бастаудан бұрын өзіме шарт қоямын (қанша бет оқимын немесе қанша минут оқимын); 3. Кітапта өз өміріме енгізу керек деген ақпаратты конспект ретінде жазып алу.
@Erdaulett Жыл бұрын
Сіздерге риза болдым қазақстандағы мұндай бағыттағы подкаст бірінші көруім. Сіздерге рахмет жігіттер, сіздердің подкастарыңызды жақындарыма көрсетіп, бөлісіп отырамын. Сіздер бұл бағыттағы номер 1 подкаст деп айтқым келеді
@gulinachukotaeva63209 ай бұрын
Сонун Кыргызстандандан коруп жатам. Ишиниздерге ийгилик , Терен ыраазычылык
@КалияКамалова-ы6л Жыл бұрын
Мәә саған дұрыс айтасыз 15- 20 минуттан соң жақпай қалады👍
@akerkezhumabek8132 Жыл бұрын
Сіздерді бір көргеннен ойыма қазақтың үш биі есімі түсті өте керемет іс бастадыңыздар рахмет үлкен .Жұмыстарыныз жемісті болсын
@TURKISTONIM2 Жыл бұрын
Oʻzbeklardan salom ✅
@nurbolamankul3189 Жыл бұрын
Мен кітап сатып аларда 3 кітапты бірге аламын.1 ғылыми,ауыр кітап,2-еуі оңай кітап (көркем әдебиет) .Ғылыми кітапқа арнай уақыт арнап қойам.Ол кітап ғылмый болғасын қиын болады түсініксіздеу,энергия жеткеше оқыймын.Осылай ғылыми кітапты 1 ай көлемінде оқыймын.Ол аралықта 1 ғылыми кітап адамды жалықтырып жібереді.Сол себепті ғылыми кітап оқып жүріп көркем әдебитті қоса оқимын .Сонда 1 айда 3 кітап оқылады.
@Safiaaaa_7 Жыл бұрын
Айтарға сөзім жоқ. Кітап оқудағы барлық лайфхактарды алып, кітап оқуға деген талпынысым ашылды. 😻👍🏻👍🏻👍🏻
@lisag8052 Жыл бұрын
Тек бизнес, психология, нон фикшн әдебиеттен бөлек, көркем әдеби шығармаларға да арналған подкасттар болса жақсы болар еді: - Абайды қалай оқу керек (Омар Жәлелұлы ағамызды қонақ ретінде көрсек керемет болар еді) - Қазақ мифологиясы - Қазақ әдебиетіндегі әйелдің образы - Актуалды және ескірген әдебиеттер - Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті сияқты тақырыптар болса жақсы болар еді. Рахмет
Өмірімде бірінші рет подкаст тыңдап көрейін деп сіздердің подкасттарыңызды тыңдап бастадым, өте керемет, дами беріңіздер! Кітап оқуға мотивация болып жатыр👍👍👍
@Азиза-к9р Жыл бұрын
Кітап оқығанды өте жақсы көретінмін. Бірақ кәзір үйде 3 кітап тұр, сатып алдым, но оқуға желание жоқ, шыдамым жетпейтіндей, даже сериал көре алмайтын болғанмын, но аудиокниганы тыңдағанды жақсы көремін, қосып қойып тірлікті істей бересің. 1,2,3 подкастты тыңдап кітап оқуды қайта қолға алдым ❤️ рахмееет ❤
@ayagozmaksut6974 Жыл бұрын
Өте пайдалы, рахмет! Рух беретін де ақпараттар болды! Күшті мотивация!
@S.Kh_law17 күн бұрын
Соңғы кезде менде кітап сатумен, оны түсіндіру бағытындағы қызметті жасай бастадым. Неліктен? Көп жерде адамдардың тауарларға деген мультиқызығушылығын байқап, мұның салдары өте өкінішті болатыны туралы ой келді. Өсіп келе жатырған балаларының тек телефонның ішінде отырғанын көріп, мектепте не оқығанын сұрасаң, білмей қалатыны, ұмытып қалдым деген жауаптарын естіп, жағамды ұстадым. Мені оқитын 3-4 адамға болсын ой тастасам да жақсы шығар деп ойлап, осы бағытты таңдадым. Сіздерге сәттілік тіледім.
@Ағылшынонлайн5 ай бұрын
Мирас дұрыс айтасыз кітапқа байланысты. Мен көбіне настольный кітаптқа айландырып жіберетін сияқтымын
@gulnursaparova23992 ай бұрын
Мен кітапты дауыстап және бастадым ғой деп соңына дейін оқитын едім. Енді көзбен оқуға тырысамын. Өте жақсы кеңестер айтылды рахмееет🥰🙌🏻
@nomadic0615 Жыл бұрын
Толық қанды қазақ тілінде бөліскен пайдалы ақпараттарыңыз үшін алғыс!!!
@АлтынайКожахметова-д4п Жыл бұрын
Мына жасап жатқан еңюектерің мықты жігіттер,Жарайсыңдар🔥🔥🔥🔥🔥
@НурайнаГилманова Жыл бұрын
Шразаддин Каниязов краш😍
@MrUalikhan Жыл бұрын
Алғаааа Қазақстан, алға КітапАл подкаст 🔥🔥🔥
@gulnurtumanova4614 Жыл бұрын
Білімді жастар көп болсын ! Подкаст керемет !
@Nurdias Жыл бұрын
Ассалаумагалейкум, құлақтың құрышы қанып тұрып тұңдайтын подкаст. Кітап оқуға көз қарасым жақсы жағына өзгеріп жатыр) лайфхактарғада рахмет!
@AIKERIM.KABDUNASAR Жыл бұрын
Кітап оқуға мотивация бересіздерғой, дами беріңіздер🔥🔥❤️
@talshynbakytzhanova4159 Жыл бұрын
Керемет подкаст. 1ші шығарылымнан бері үзбей тыңдап келем. Бірақ Шразаддин мырзаға көбірек сөз берсеңіз екен. Данияр мырза сөзді толық тыңдамай, адамның ойын бөліп жібересіз. Шразаддиннің сөздері салмақты әрі ой саларлық, дауусы анық және паразит сөздер қолданбайды. Бір бірлеріңізді тыңдай біліп, үшеуіңіз де теңдей дәрежеде пікір айтылса екен деген ұсынысым бар. Келесі шығарылымда осыны ескересіздер деп үміттенем☺️
@АлтынайКожахметова-д4п Жыл бұрын
Хел Элродтың Магия утро кітабында осылай жазылған -Таңда кітап оқу керек,өзіңе таңда уақыт бөл деп!күшті кітап
@ЖаннаБагит-к9й4 ай бұрын
Рақмет. Көп жасаңдар!!! Кітап оқуға шабыты ашылды. Бастадым.
@grammartests Жыл бұрын
Өте керемет подкаст. Осындай подкастарды көбінен шығара беріңіздер! Оқырмандардың кітапқа деген махабаттарын оятып жатырсыздар. Келесі подкастты асыға күтетін боламын.
@meirambekturdybek-nx1dt Жыл бұрын
Кітапка деген желанияны катты ашып жатыр жыгыттер , Алга баса берындер 👍👍👍
@AidanaOmirzhanova Жыл бұрын
Өте сауатты.👍🏻Артық сөз жоқ. Тыңдаудың өзі жаныңа жағымды.👍🏻Жарайсыздар,жігіттер. Тек, алға!👍🏻Бір тыңдағанда 3 Подкастты тыңдап тастадым. Кітаптарды өзіме жазып алдым. Алла разы болсын!🤲🏻
бұл подкасттың маған қатты өткен жері бастап қойған кітаптің алғашқы оншақты бетінен соң оқығың келмей қалады,басқа кітап бастағың келіп тұрады,содан өзімді кінәлі сезініп жүремін де соңында өзімді қинап оқып бітіруге тырысамын。сол сұрағымның жауабын тауып қуанып отырмын 👍👍👍 рақмет ❤❤❤
@MadinaShanshar-xw6ij Жыл бұрын
Жылдам оқы кітабы менің қазақша алғашқы жақсы көрген кітаптарымның бірі👍🏻.
@БахаКарим-ш8р2 ай бұрын
Сөз қорын көбейтетін, ойыңды таза жеткізу қандай кітап оқыса болад
@МадинетМаксимова-ж7к Жыл бұрын
50:15 мен кітапты 2 бағыт бойынша араластырып оқығанды ыңғай көремін. Керек болады ау деген жерлерін маркермен бояп қоямын немесе сол бетті стикермен белгілеп кетемін. Кейде қайта ашып сол жерлерді оқып аламын. Батсапқыда қиын болатын, содан кейін кесте құрып “күніне 10 бет кітап оқу” деп қойдым, содан кейін әдет болып кетті. Подкастта да айтылған, ми расымен галочка қоюға асығып тұрады) және кітапты болғаннан кейін анализ ретінде қорытпа ой жазамын.
@kevankz6256 Жыл бұрын
Жалпы осындай подкасттарды анағұрлым көбейте беру керек. Пайдасы мол екен. Алғысымыз шексіз осындай подкасттарыңызға
@Kppko-s9l Жыл бұрын
Сіздердің көмектерінізбен кітап оқу әдетін өзімде күн сайын қалыптастырып жатырмын ❤ Рақмет көп көп ❤❤ Алла разы болсын сіздерге ❤
@АйгеримАнарбай-х4э Жыл бұрын
Мен соңғы кезде кітаптың мазмұнын қарап, өзіме керек тақырыпшаны оқуды әдетке айналдыра алдым. Бұл уақыт үнемдеуге жақсы әрі энергиямды сақтай аламын. Егер ақпараттық кітап (сату, бизнес туралы) болса, осылай оқуға кеңес беремін. Ал әдеби кітаптар оқыған кезде тез бітірсем деп сағаттап отыратынмын. Осы подкасттың арқасында энергиямды есептеп, тұрақты оқуды үйренудемін.👍 Кітап оқуға шабытым қайта ашылуда!🤩💞
@ДауренТалгатулы-ъ4р Жыл бұрын
Қайырлы күн. Жалпы осы уақытқа дейін кітаптарға қызығып қолыма алған кезде кітап оқуға деген құлшынысым азайып кете беретін. Осы шығып жатырған подкасттың арқасында кітапқа деген екінші тынысым ашылып. Оқуға ниеттеніп жүрген Бейсен және болмыс деген кітапты оқып бастадым. Осы подкастты көрместен бұрын мен ойлайтынмын, дауысымды шығарып оқымасам кітапты түсінбей қаламын деп, бірақ жылдам оқу техникасын естіп сол техникамен оқып көруге тырысамын. Бұл подкастта жаңа нәрсемен таныстым, өміріме пайдалы кеңестер алдым деп ойлаймын.
@ualikhan249510 ай бұрын
Алғысым шексіз,өте пайдалы кеңестер алдым,рахмет көп көп. Өте білімді жігіттер,сіздерден үйренеріміз көп.
@gulzatkudaibergenkyzy1411 Жыл бұрын
Мен күндіз жұмыста шабытым келеді оқуға, содан Абай жолын оқып жатырмын, үйге келіп жолдасыма айтып беремін, мяяя Абай атамыз бар ғой деп тұрып)))) Кітап көп оқитынмын түрлі жанрда, Алла қалауымен басыма үлкен сынақ келіп, оқи алмай қалған едім, сіздер айтқандай энергиямның мүлде болмай қалғанынан бе екен деп ойлап қалдым қәзір, содан дақында әр түрлі кітапты алып оқып көре бердім, баяғы ықыласымды аңсап, содан Алла қалауымен Абай жолы жүрді, қайта қолға алып бастадым Сіздерге іске сәт, шығармашылық табыс🎉
@Қарабас-ь1ф Жыл бұрын
Данияр бүгін 3ші класс)
@КарлыгашРахимова-л1ш11 ай бұрын
Барлық жастар тыңдаса ғой, шіркін. Мың алғыс🇰🇿✊ Қандай керемет ақпараттар алдым🙏🙏🙏
@АйбатКенес-у7э Жыл бұрын
Мен Марғұлан Сейсембай ағаның кітап оқудағы кайдзен әдісін қолданып келемін, яғни бір түсті маркер, және 5 түсті бетбелгілер, және кітапты тасмалдауға арналған арнайы сөмке.
@АйтурганАсилбеккызы-п6у Жыл бұрын
Кыргызстандан салам, алга жыла бериниздер пайдалуу канал. Эмне корууну билбей озумчо ютубду ачып сиздерди таап алдым Азырынча сиздерди тааныбаймын бирок дагы уланта берсениздер жакшы болмок азаматсыздар👍
@akerkeyessenbekova8187 Жыл бұрын
"ұнамаған кітапты соңына дейін оқуға міндетті емессің" дегенді үйрене алмай-ақ қойдым😟 тастап, басқа кітапқа көшсем, өзімді бір жаман сезінем.
@azamatorynbasar6659 Жыл бұрын
Мүмкін олда дурыс шығар бул деген сіз әр нәрсені аяғына дейін жеткізетін мақсатына жетпей тынбайтын адам екеніңізді көрсетеді
@svnzhvr_ Жыл бұрын
менде сондай адам едім. бірақ “Оқы да байы” кітабын аяқтай алмадым, 2-3 күн аяқтауға тырыстым, бірақ бір күні ол кітапты досыма сыйлап, құтылдым
@korkemaldamurat9983 Жыл бұрын
европейская литератураны казакшага аударганда биздин тилге,миымызга дат создер коп кездеседи сол ушин синтездеу процессы киынырак болады жане китап кызыксыздау болып келеды.Мысалы маган Дейл Карнеги Адамдарга ыкпал ету онери деген китап ауырлау жане кызыксыз болып келди)
@НурхатОрынбаев-л2ш11 ай бұрын
Ассалаумағалайкум. Өте керемет подкаст. 👍. Оқыған кітаптарды біраз уакыт өткенсон қайталап отырған дұрыс деп ойлайсыздар ма. Мысалы: Абай жолын мектеп кезінде оқысақ ол кезде мүлдем басқа түсінік алғанбыз уақыт өте келе студент кезімізде оқысам мүлдем басқа түсінікте демек адамның жас ерекшелігіне қарай әр түрлі түсінікте қабылдайтын болғаныма әлде адамның көніл күйіне қарай әр түрлі түсінуі мүмкін бе ондай өмірлерінізде кездестіме. Мысалы мен осы хабарламаны қуанышты күйде сіздердің ойларынызды білу мақсаттын жазып отырған болсам сіздер жазылған сөзді оқу арқылы біреулерініз сын ретінде, біреулерініз ақымақтық ретінде көрсеңіздер. Қайталап оқу жалықтырып жіберетін секілді бірақ ар түрлі шынымен қай бағытта жазылғанын түсінгін келетін кездер болады. Сол үшін сұрап жатырмын. Берген ақпараттарынызға рахмет.🎉🎉
@aishahadisha7 Жыл бұрын
керемет сиздерге карап тындап китап алып окып бастаймын
@ulbala22729 ай бұрын
Бәрекелді, жігіттер! Кітап оқитын осындай азаматтарды құрметтеймін👍
@КәусәрМырзахан9 ай бұрын
Данияр мырза менің ойымша сіздің істи алмай жүрген шаруаларыңыз көп секілді. Бұлай айту себебім, осы подкасттарды көре отырып сіздің әлі істеу ойымда бар дегеніңізгн сүйеніп айтқаным. Подкаст өте керемет болды, ешқандай кемшілік жоқ😊
@РозаИрисмухамедова6 ай бұрын
Өте керемет таңа атысымен физикалық жаттығуымның серігі еттім, көрерменнің көзін тартар құнды мағлұматтар! Алла өз мейірім шапағатына бөлесін!
Осы күнге дейін ойлайтынмын әдеби кітаптар оқып не керек.Біреудің өмірін оқып не істеймін оданда мотивациялық кітап оқымайма адамдар деп.Бірақ сіздердің подкасттарыңызды көріп өте төмен ойланғанымды түсіндім.Енді кітаптарымның қатарына әдеби кітаптар қосып,өмірмде қолданатын боламын.Сіздерге көп рахмет! Алла разы болсын
@azamatpernebek12582 ай бұрын
жігіттер көп рахмет өте жақсы пайдалы сұхбат болды қайталап көрдім👍🔥
@lauraksabekova4222 Жыл бұрын
3 подкастты да көрдім,Мә шәә Аллаһ! Қаншама ақпаратты біліп,амалға асырып жатырмын.
@anar894110 ай бұрын
Куриный бульон для души,101 историй о любви кітабын оқып жүрмін.Бірақ бірдеңе беретін үйрететін кітапқа ұқсамайды.Бірақ оқығым келеді,қызық.
@khasanmuhit1974 Жыл бұрын
Әссәләмүғәлэикүм жігіттер бұларың өте керемет құнды мәғулуматта болды мен үшін . Осындай жанға азық болатын құнды мазмундарыңызды шөліркей күнтемін ...
@ulbazartolet8737 Жыл бұрын
Ризамын❤
@НұрбекАнуарбек-л8яКүн бұрын
Жарайсыңдар
@МұхамеджанДілдабек Жыл бұрын
Өзіңді дамыт,Сосын жаныңдағы досынды дамыт , содан кейін елінді дамыт кітап оқытып❤️🇰🇿
@iamaselya6 ай бұрын
Подкасттан түйгенім: 1) Зейін екі режимде жұмыс жасайды: 1 - шашыраңқы; 2 - шоғырланған; Көптеген жаңалықтар, идеялар зейіннің шашыраңқы кезінде келеді. Сондықтан кітаптарды әртүрлі жанрда, араластырып оқыған жөн. 2) Кітапты бос уақытыңда оқыма, кітапқа арнайы уақыт бөл және оқитын индивидуалды уақытыңды таңда. 3) Кітапты тиімді әрі тез оқығың келеді ме? Тұрақтылықты әдетке айналдыр. Бір айда 300 беттік кітапты оқып бітіргің келетін болса, күніне 10 бет оқы. Одан тез бітіргің келсе 30 беттен оқы. 4) Кітапты энергияң тасып тұрған уақытта оқу керек. Ал энергияң бір күннің ішінде бірнеше рет тасиды. Сондықтан ол белгілі бір минутқа дейін кітап оқуға мүмкіндік бергеннен соң, өз-өзіңе демалыс бер. Және солай бір күннің ішінде бірнеше рет қайтала. 5) Кітап оқу барысында қанша минуттан кейін сенде жалығу сезімі пайда бола бастайды? Өлшеп көр, есепте. Ол қанша минут болсын, жалығып бастаған кезде бірден басқа жанрдағы кітапқа көш. 6) Телефон, басқа да түрлі гаджеттер бізді арбауға, фокусымызды басқа нәрсеге бұруға тырысады. Сондықтан кітап оқу барысында саған кедергі келтіретін, фокусыңды ұрлайтын барлық сыртқы факторлардан арылу қажет. 7) Әр кітапты бастамас алдын, өз ниетіңді анықтап ал. Саған бұл кітап не береді? Одан сен не алуды көздейсің? 8) Кітапты тек ғана көзбен оқы. 9) Кітап оқып келе жатқанда, кейбір моменттерді түсінбей қалсаңыз, жіберіп алсаңыз, ары қарай жалғастырып оқи беріңіз. Артқа қайту, қайталап оқу - дұрыс емес, өте зиян. 10) Жылдам оқу - жылдам түсіну. 11) Кітапты бір адаммен сұхбаттасып жатқандай оқу керек. Яғни, сен мысалға Наполеон Хиллмен кездесуді жоспарласаң, белгілі бір уақыт арнап, барлық телефон, гаджеттерді өшіріп, дайындалып барасың.
@СержанБаймурзинов-и1м Жыл бұрын
Бәрекелді Алла жар болғай. Міржақып тың оятқан қазағына ары қарай кітап оқыптып дамыту мен пара пар. Асылдың ұнтақтары Бәйтеректің бұтақтары Ойпырмай ел дегенде ішер асын жерге қойған. Мәрт қазағымның ұрпақтары.
@АружанАртилова11 ай бұрын
Сіздерге үлкен рахмет. Осы подкасттың арқасында зона комфортқа кіріп кеткенімді сезіндім. Сіздерне алғысым шексіз.
@moldirkoz Жыл бұрын
Жарайсыздар жігіттер! Тамаша подкаст! Жылдам оқуға қатысты біраз ақпараттар білсемде, соны іске асырмай жүр екенмін, енді сол білімді бекітіп қолдануға тырысамын! "Синдром перфекциониста" өте жаман әдет менде, ұнамаған кітапты аяқсыз қалдыру, оқылған бетке кеткен уақытқа ішім ашып, түгел оқып тастауға тырысу, одан қалса басты кейіпкердің ашуыңа тиюі тым энергия көп жеп қояды!🤦♀️🙄 осы әдетті тастауға бекіндім енді! Рақметт! Айтар кеңестеріңіз бітпесін!
@miko_easy Жыл бұрын
Маа коп кой рахмет ай
@КайсарТаншуак Жыл бұрын
Баршаңызға Ассалаумалейкум 🤗подкаст өте құнды мол білімдер айтылды, тыңдап соны амалға асырушыдан болайық,жеңіл еркін фтрмат болды. Еңбектеріңізге көп рахмет! Шығармашылық, өмірлік табыс бақыт тілеймін. Мен кітапты дедлайнмен оқитынмын, яғни 300бетті 10күнде оқу деп, кәзір кітапты оқып конспект жасап соған анализ жасаим, өзіммен сұхбаттасам, мәліметтер соғұрлық қызық болған сайын миымда бомба болып талқылап кетем. Бұл жақсы көмек берді. Конспектілегенде миымда өзім қортындылаимда соған күні бойы ойымда жүреді. Бұл білген біліміңе амал етуге келеді. Алхамдулиллах баршаңызға Алла хайырлы білім нәсіп етсін.
@asterin4675 Жыл бұрын
Сіздерғе бұл подкаст үшін көп рақмет🙏
@AisuluZhalgasova9 ай бұрын
Өте көп ақпарат,кеңестерді алдым,өте керемет!Білім-ілім жолындағы ниеттеріңізді,құштарлықтарыңыз арта бергей!
@PinDuoDuo_ Жыл бұрын
📚📍 подкастты көргеніме өте қуаныштымын, істеріңізге еңбектеріңізге Алла разы болсын
@НуржанОмаров-ш6м Жыл бұрын
Асаламалейкум жігіттер сіздерге алі омірден коп тәжірибе алу керек екен.....коесіңдер омір курестен турады...
@nuryaidyng Жыл бұрын
Алла разы болсын🙂қажетімді алдым…
@ЖанеркеЛембай Жыл бұрын
Жаксы бастама. Елге пайдалы акпараттар кобирек айтсаныздар. Оте кызыкты. Китап окуга деген кулшылыкты катты арттырады екен. Рахмет сиздерге
@РусланСовет-р1с Жыл бұрын
Кайырлы кеш ! Менин жасым 26 да , осы жасыма дейын китап оку даму деген адами жаксы касиеттерди кейынге калдырып калай 26га толып калганымды былмей калдым. Бирак ештен кеш жаксы казир жаксы каркынмен окып журмын. Айткым келгени сиздердин сыйлык кытаптарыныз менин омирыме казиргы максатыма улкен серпыныс(рывок ) болатын сиякты. Материальный жагдайым сатып алуга жетет шукир, бирак сиздерден сыйлыкка алу улкен жауапкершилык жане оте улкен сыйлык боларына куманым жок. Жарайсыздар жигиттер тек алга ✊👍
@Madikosh_077 Жыл бұрын
Сәлеметсіздер ме! Өте керемет подкаст болды. Мен мысалы кітап оқығанда дауыстап оқымасам түсінбейтін сияқты боламын көзбен үйрете алмай қойдым өзімді бірақ тырысудамын. Дауыстап оқып кете беремін
@НургулНургельдиева-с7щ Жыл бұрын
Әр кітапты оқыр алдында , міндетті түрде өзіме пайдалы инсайттар аламын деп ниет етемін, шыныменде солай іздегенімды табамын 🥰
@aqtauaru Жыл бұрын
Мен сіздердің бір шығарылымыңыздан бақытты балалық шақ деген кітап туралы естігем. Балама кітапты заставить етіп оқытатын ем. Ойлана келе 1бетке 10тг ден оқитын болып келістік. Енді күнде ақша жинау үшін кітап оқиық мама деп кеш болса өзі алып келетін болды. Және бұрын ауыр кітаптарды беретінімді түсіндім. Бақытты балалық шақты естігенім жалпы кітап туралы көп ақпарат алғаным жақсы болды. Керемет іс жасап жатсыздар. Дами беріңіз
@aidana_ergozhakyzy Жыл бұрын
Менде ұйқым келіп, бір кітап аяғына жеткізе алмай өзімді кінәлап жүретінмін. Өте құнды подкаст болды. Алла разы болсын! Алла зейіндеріңізді арттыра берсін! Өрлей беріңіздер! Үнемі қарайтын боламын. ❤🎉
@korkemaldamurat9983 Жыл бұрын
китап окыгандагы принциптарды сактасаныз более тусиникти болады.Мысалы:миндетти турде китапты отырып оку керек,арка 90°ка тик туру кажет сол кезде жулынымыз тике болып турады,ал жулын адамнын информацияны сактауына жане дурыс кабылдауын оте коп асерин тигизеди.Информацияны биз жулын аркылы кабылдаймыз
@Аружан-ю9х10 ай бұрын
Подкасттан кейін кітапқа деген ниетім қайта оянды❤️ 1 секундын да жіберіп алғым келмейтін подкаст🫶🏻
@al.r707 Жыл бұрын
Өте пайдалы подкаст. Дами беріңіздер, биіктен көріне беріңіздер)
@ЗайкаМуслим Жыл бұрын
Кітап оқу,өміріңде шешім жасауға көмектеседі.Кітапты таңда оқыған дұрыс.Еңбектеріңе сәттілік!!!
@АйымАкмурат-з9и Жыл бұрын
Самый лучший подкаст ♥️
@БекболатЖумагулов-и7й3 ай бұрын
маа кушти керемет сиздердин подкасттарынызды корген куннен бастап омирге Деген кызыгушылыгым суииспеншилим артып жатыр. расында адамнын миы ferrary екенгои. менде казир китап окып журмин.