Тайм код: 00:00:00 -Анонс 00:03:50 - «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының шығу тарихы 00:07:50 - Телевизиядағы аутсорсинг жайлы 00:13:29 - Жобада қандай әндер қолданылды 00:15:30 - «Шелдегі қазақ балалары» тек жылататын бағдарлама емес... 00:20:20 - Шетелдегі қазақ балалары туған ата-анасын неге іздейді 00:26:40 - Қазақ балалары 30 елге тарап кеткен, оның ішінде Африка да бар 00:30:10 - Гаага конвенциясы бойынша біз шетелдіктерге бала асырауға беруге міндеттіміз 00:32:15 - Жоғары жақтағылардың бағдарламаға мән бермеуі, қылмыс ашылады деп қорқады 00: 33:30 - Шетелдіктерге бала сату жолға қойылған бизнес болған 00:35:00 - Жұрт неге Сара Назарбаеваны кінәлайды? 00:36:58 - Балалардың іздеу салуы тастап кеткен аналардың тағдырына қалай әсер етіп жатыр 00:39:55 - Кейбіреулер уақытша қалдырып кеткен баласынан айырылып қалған 00:40:55 - ШҚБ эфирге шыққан соң, 20 жыл отырған шенеунік қызметінен кетті 00:44:25 - Қазақстанда бала асырап алу дәріптелмейді 00: 47:00 - Қазақстандағы бөбектер үйін араладым, оларды жабылуына мүдделі емес адамдар бар 00:48:38 - Жанар Байсемізова бала асырап ала ма? 00:55:00 - Айдын Рахымбаевқа «Аналар үйін» ашуға не түрткі болды? 00:56:17 - «Бізде менің қаным емес деген нәрсе бар, бала ақ қағаз сияқты, қандай тәрие бересің, солай өседі» 00:58:05 - 90- жылдары азып-тозып кеткенімізді пайдаланды 01:00:00 - Атырау әлі батпаққа батып жатыр 01:02:40 - Шетел көрген ел басшылары неге ойланбайды, Көкшетау Швейцария емес 01:05:20 - Шелелдегі қазақ балаларының Қазақстандағы балалардан айырмашылығы 1:08:20 - Асыранды балалардың ата-анасымен арада конфликт бар ма? 1:12:45 - ЭКСКЛЮЗИВ: Қанат Бейсекеев Жанар Байсеміздің идеясын «ұрлады» ма? 1:15:06 - «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы жалғаса ма? 1:18:45 - Қазіргі журналистерге таңғалам... 1:21:45 - Трихтаға жанкешті адамдар, түрмедегі Думан Мұхамедкәрім 1:25:00 - «Тұмар» және «Нұр сұңқар» жүлделері жайлы 1:33:00 - «Шетелдегі қазақ балалары» мемлекеттік деңгейде мойындалса деп едім 1:35:50 - Журналистер жүлде алу үшін араға адам салады 1:44:00 - Қылмыс пен қаніпезерлік жер бетінде адам құрып кетпейінше құрымайды екен 1:49:01- Шетелдіктер бізден не үшін бала алады? 1:50:01 - Qarakoz-дің алғашқы түсірілімі неге шықпай қалды? 1:51:00 - Орысша сөз қоспай сөйлеңдерші... 1:54:30 - Қай кезде бұл дүбәра дүние телевизияға кіріп кеткен? 1:58: 55- Жанар Байсемізова іштей неге күйзеліп жүр? 2:03:33 - Сол қайдан шықты, Қоянбаев па шығарған? 2:10:35- Аш пәледен қаш пәле дейтін адамдар болады...
Германияда оқышылардың каникулдары әр қалада әрқайлы екен,себеп біреу ,кептеліс, жолаушы жүріске еш кедергі болмауы керек.
@roza_12345 Жыл бұрын
Өте керемет, жоғары сападағы сұқпат. Қазақстандағы көп былықтық беті көтерілді, түсінген адамға. Болашақта еліміз дамып, тіл тазалығы сақталып, қазақстанның кез-келген азаматы елге қызмет етемін дейтін деңгейге жетсек екен. Сол дәрежеге жетеміз деп сенемін.
@КарлыгашОлжабаева-г1й Жыл бұрын
Да
@ainur8968 Жыл бұрын
"Шетелдегі қазақ балалары" жобасы ЕҢ ҮЗДІК ЖОБА! ХАЛЫҚ МОЙЫНДАҒАН ЖОБА! СУПЕР ЖОБА! МЫҚТЫ ЖОБА! ЖАНАР БАЙСЕМІЗОВА ханым,мұңаймаңыз сіз керемет журналистсіз! Жобаңыз ең тамаша жоба,есі дұрыс адам бей-жай қарамайтын жоба!
@МеруертНаурызбай-л8х10 ай бұрын
Жанар Байсеміздің Шетелдегі қазақ балалары хабарын бірінші бөлімнен бастап көргенмін. Мықты,сауатты, әдепті журналист!
@abzhanovabarshagul409810 ай бұрын
Жанар ,киімі,шашы ,сөйлеу мәнері , бәрі таза қазақтың мықты қызы екенін делелдейді Рахмет!
@ЖанарКудьярова-о1р10 ай бұрын
Жанар Бәйсемізова ханым мықты журналист. Қатты сыйлаймын,жақсы көремін. Шетелдегі қазақ балалары жобасы тіпті тамаша,мықты жоба.
@М.А.Н-т6я11 ай бұрын
Жанар қызым аман бол. Саған ризамын. Не дкген сауаттысың, батыл қызым мойынба. Осындай шетелде жүрген ұл қыздарымызды елге әкеліп, осыған жеткізіп үлескен қосқагыңа мың алғыс.
@РозаШаймуратова-ю6м Жыл бұрын
Жанардың ойы, пікірі, сөйлеу мәнері, тіл тазалығын сақтауы өте жоғары❤
@ИмашАхмет-г1ч Жыл бұрын
Сіздер бір нәрсені түсінбей сіздер.Билікке қазақ тілі қазақ тұралы мәселе қызық емес.Тоқаевтың түрі анау.Орыс тілін де жүздесті керегі жоқ. Орыс тілі керегі жоқ.
Келісемін.Жанар Байсеміздің жан күйзелісін қолдаймын.Ана тіліміздің тазалвғын қарапайым халық қолдайды.Енді қазақтың саны 70%-ға жетті.Қазақтың тілі тек қазаққа керек.Сондықтан қазақтың санасы жетіп келеді,деп ойлаймын.......... 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@БакытжанАбдикаликова Жыл бұрын
Журналистика, кiтап, газет, журналдардагы тiл тазалыгы, тiл мадениетi , жазбаша сауаттылык, тележургiзушiлердiн мадениетi мен бiлiмдерi оркендесе екен.
@СаламатКазбекулы Жыл бұрын
Кандастарга квота коймай жаппай келуге жагдай жасап, казактарга азаматтык алуды женiлдетсе 90 пайыз болады
@МейрамгулЖандарбекова Жыл бұрын
“Шетелдегі қазақ балалары”, сөз жоқ теңдесі жоқ ,бағдарлама.Жанар👍
@Dariya-z9p3 ай бұрын
Жанар сауатты, шыншыл , батыл журналист екен, осындай білімді қыздарымыз көп болсын! Еңбектеріңіз жансын!
@user-saukele882 ай бұрын
Жанар әпке Сіз КЕРЕМЕТ жансыз❤Қарапайым халықтан мың алғыс!🙏☀️Қазақтың ҚАЙСАР қызы 🇰🇿
@Бибинур-л9я Жыл бұрын
100% қазақ тілінде сұхбат берді, жарайсыз!!
@dartvader2257 Жыл бұрын
Ол кісі ағылшын тілі мен қазақ тілінде ғана сөлегенді ұнататын адам сияқты 😍 өз ойым
@bayanzhusupbekova4128 Жыл бұрын
Жанарды жақсы көреміз. Мықты журналист. Шетелдегі қазақ балалары туралы жұмыстарын көреміз. Алғашқы барған кездерінен бастап көрдік. Талай жүрегіміз ауырып жыладық. Өте қиын, жан ауыртар тақырып. Жанар барлық құрметке лайық.
@АселКенжина Жыл бұрын
Елге келген Жәнібек анасын таба алмай жүр.. Жәнібектегі қолындағы ақпарат өтірік ақпарат, ия, бала ауыстырған жорта сонда жұмыс жасайтындар. Сол Арқалықтағы Жәнібектің қолындағы 17 қаңтарда 8.45;те дүниеге келді деп жазылған ақпарат өтірік болып шықты ғой. ДНК сараптамасы, сәйкес емес. Слл күнгі босанған әйелдердің бәрінен ДНК алу керек.. Ондай көп әйел босанбаған шығар сол күні Арқалықта. Көп жұмыс, бірақ жәйлап-жәйлап түбіне жетуге болады. Бұл балаға анасын табайық., көмектесейік.
@KamoBig-o2z Жыл бұрын
Иә Жәнібектің визасы бітіп еуропаға қайтты, бірақ өте жігерлі бала, бәрібір Анамды табамын деген үміт оты бар. Оған халық болып қолдау керек, негізі сол асырап алынған балалар, уақыт өте келе, есейе келе. Мынау Жанар қарындасымыз айтқандай, кейін өсе келе менің түрім басқа, мен неге бұларға ұқсамаймын, мен қайдан келдім дегендей, өз шыққан ортасын іздеу деген сияқты, сана сезім пайда бола бастайды.
Жанар жасап жатқан еңбегіңіз жана берсін. Патриотсыз, әлемнің түкпір түкпірінен қазақ баласын тауып, ішкі жан дүниесіндегі жараны жазуға, сұрақтарына жауап беруге атсылып жүрген мықты журналистсіз. Тынымсыз еңбегіңізге тәнтімін, жібермей қарап отырамын.❤
@бауржантурманов-к4н Жыл бұрын
Жанар Қожақанқызы оқуды үздік бітірген екен. Сауатты білімді, білікті және еңбекқор журналист. Ұлт жанашыры екені көрініп тұр
@gulkyz5 Жыл бұрын
Иә, Жанардың жанында екі жүргізушінің "слабый" екені көрініп қалды
@sagyndyksveta382511 ай бұрын
Керемет подкаст! Рақмет, Қаракөз! Жанардың барлық түсірілімін қарадым, өте мағыналы, тәрбиелік құны қандай?! Осы сұхбаттағы тұнық ойлары, сөз саптауы, отырысы, өмірлік миссиясын жеткізуі - бәрі тұнып тұрған өнеге. Шетелдегі қазақ балалары жобасы осы замандағы ұлтымыздың қасіреті😢
@Гулсим-м5й11 ай бұрын
Жанар батыстың қызы шындықты айтады табиғаты шындықты ғана көретіні білініп тұр рахмет❤ сіздің арқаңызды талай қылмыс ашылды сақ болыңыз
@ainurrsh Жыл бұрын
Жанардың таза қазақшасы сүйсінтеді❤. Бір орысша қоспай, әдемі сөйлеуі қызықтырады! Бағдарламасы тіпті керемет, қаншама мықты еңбек жатыр. Рахмет Сізге Жанар❤
@ЗинашКалдыбекова Жыл бұрын
Ойпырмай біз қашан қазақ боламыз.Басқа ұлт болсын өз қазағымыз болсын таза қазақша сөйлесе жатып мақтаймыз таңданып таңдай қағамыз.Бір мемлекетте өз тілінде сөйледің деп мақтамайды себебі әр мемлекеттің өзтілі бар сол тілде әркім сөйлеу керек ал басқа ұлт өкілі қандай елде тұрса сол елдің мемлекеттің тілінде сөлеу парыз.
@ЕржанБағымбет Жыл бұрын
Дұрыс айтасыз. Қосыламын. Орысша қосып сөйлеу - тілімізді өлтіретін үлкен қауіп
@МадиМамытов Жыл бұрын
Өте білімді қыз. Жарайсызз
@АккумисКазанбаева-й8я Жыл бұрын
Жанар Байсеміз қазақ ұлтына шын жаны ашитын тұлға, көрегенді, терең білімді.шығармашылқ табыс тілеймін🎉🎉🎉..
@ШарияКарина Жыл бұрын
Ерлікке балаймын Жанардың еңбегін.Көзімізді ашты.Шетелдегі балалардың тағдыдыры туралы боямасыз шындықты хабарлады.Рахмет айтамын Жанарға.
@Гулнара-р3э Жыл бұрын
Осы отырған 3қызымыздың өздері-ақ бірігіп отырып Қазақстанымыздың жағдайын жақсарта алады деп ойлаймын
@Shaimerdenfamily10 ай бұрын
Жанар ханым өз ісінің шебері екендігі көрініп тұр. Қазақ қыздарына үлгі болар ханым екен. Қазақ тілі туралы айтқаныңыз жақсы болды. Жігерлендірдіңіз рахмет❤ жүрекке жетті😘
@СалыкулБаймбетова Жыл бұрын
Біздің жас журналистеріміз осы Жанардан үлгі алсын өте білімді таза қазақша сөйлейді
@Райхан-р2с Жыл бұрын
Біздің ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫ --- Білімді , Қайсар , Тәуелсіз Батыр ЖҮРЕКТІ ...! !!!! ! 🌷🌞👌
@Alem-kx7wc Жыл бұрын
Шынында шетелде балалар телефон ұстамайды,біз не нәрсе болсын асыра жасаймыз, қалып қоятындай.
@АлмаАбылханова Жыл бұрын
Кандай керемет жоба 👍Бакыт тылеймын сыздерге 🤲
@АйжанИманбердиева-щ2п Жыл бұрын
Керемет
@ГульжанЕржанова-н3щ Жыл бұрын
Ия, дурыс айтасыз.
@хамза-т9э Жыл бұрын
Сондай қайсар , батыр қыздар емес пе , балаларын жан жаққа , иттің күшігіндей , таратып жіберіп жатқан!
@sholpan_samigolla Жыл бұрын
Жанар Байсеміздің Шетелдегі қазақ балаларын "өзгелер" көңіл бөліп бағаламаса да, халық өте жоғары бағалайды!👍👆
Тек кана конакты тындагын келеди, баска кисилердин создери, сурактары ауыз еки тилди.
@Play-gz7er Жыл бұрын
Жамбыл облысынын Б деген бандити 15 баланы Талдыкорган азаматы Е екеуи Алматыга акелип Кара коздеримизди оптом ар баланы 5 мын $ доллардан Шетелге сатты Сол кездеги Жамбыл облысынын Д деген Мажилис депудаты булардын крышасы болды? Президентиин де катысы болган!? Биз Ким болдык Сонда!!??
@Mrs.Tolqyn Жыл бұрын
Жүргізуші қыздар, Жанарды бөлгендеріңіз, тіл байлықтарыңыздың жоқтығы, нақты осы тақырыпта ақпараттарыңыздың аздығы "әттең-ай" дегізеді. Мынадай қонаққа сұрақтарвңыз тым таяз болды! Жанар, еңбегіңіз жана берсін, әлі халыққа береріңіз көп болсын ❤
@ainurkin_cake11 ай бұрын
Бұл подкаст қой, еркін отырып әнгіме құру, сұрақтары бәрі орынды, жеңіл жалпақ тілмен қойылып отыр
@Mrs.Tolqyn11 ай бұрын
@@ainurkin_cake подкаст-халықтың назарына ұсынылып отыр, демек, сауаттылықты талап етеді.
@ЖайнагүлКәрібайқызы Жыл бұрын
Жанар Байсеміз сауатты журналист. "Шетелдегі қазақ балалары" нағыз жанкешті еңбек👍
@СалыкулБаймбетова Жыл бұрын
Қазағым қазақтың жетімдерін іздеген жалғыз қазақ журналист қызы жаным сол аман есен болшы жүрегіңнен айналдым қазақ деп шырылдаған
@user-hg5fv9is7g Жыл бұрын
Қыздарымызға мың рахмет: осындай мәнді - маңызды әңгіме айтып,жақсы мәселелерді көтеріп отырған.
@Гулжан-ф2й Жыл бұрын
Жанар Байсеміз өте сауатты терең білімді адами қасиеті алдыңғы орындағы талантты керемет журналист. Жанардай алғыр журналист болмағанда шет ел асқан балалар тағдыры жабық жағдайда қалатын ба еді..Қанатыңыз талмасын жат елге асып кеткен жетімдердің жоқтаушысы!
@gulkyz5 Жыл бұрын
Жүргізуші қыздар, білімдеріңді дамытыңдар. Сұрақтарың бар болсын.
@user01740 Жыл бұрын
Өте орынды айттыңыз Екеуі екі жақтан тіпті бір- бірін тыңдамай, сөздерін бөліп жіберіп, үсті-үсті сұрақ қойып жатқандары және сөз саптаулары да эфирде емес бір ас бөлмеде (кухняда) өздері шай ішіп отырып сөйлескендей Енді өздері де Жанардың терең ойын, тіл байлығын көріп, естіп ОЙЛАНАР
@ФатимаХусаинова-ъ6д Жыл бұрын
Иә, мына жас кыздар....журналист емес, үйде отырған әйелдер екен. Ойлау кабілеттері жок. Білімдері де тіптен жок кой......
@СалтанатИсмаилова-я9з Жыл бұрын
Интервьюерлер өте әлсіз, білім-түсініктері таяз. Не жайында айтылып жатқанын толық түсініп отырған жоқ
@ГульназТ-у4ш11 ай бұрын
Ия дұрыс айттыңыз, меніңде қарным ашып отыр
@Baglan_koke11 ай бұрын
Сұхбат алып отқан қыздар Жанар ханымның ойын көп бөліп отыр. Ойларын да анық жеткізе алмай отыр. Жанар ханым керемет жеткізеді ойын.
@МолдирНурханова-п9х11 ай бұрын
Ұлттың тағдыры үшін шырылдап жүрген осындай қыздарымызға ❤ Алла бақ берсін 🤲 жәрдем берсін 🤲 Ұлтқа шын жаны ашудың дәнін егіп келе жатқан еңбегіңізге сәттілік ❤ Жақсы адамдардың қатары арта берсін
@ГульжанАхметова-ц1б Жыл бұрын
Жанар Байсемізова мықты, талантты,таза, журналист.Жақсы журналист екенін халық біледі.Осы кісіден тәлім алу керек.
@АйгульТулегенова-ь8е Жыл бұрын
Жанар ханымға менен үлкен респект!!! Ойы терең, парасатты, шыншыл журналист
@АйманЕлибаева-о5п10 ай бұрын
Әр бағдарламаны көріп жүрегім ауырады, қара көз балалардың шет елге асып кеткеніне өте ауыр. Жанар Сізге мың алғыс, қазақтардың ойландыратын бағдарлама
@СандуБазаркулова11 ай бұрын
Жанар Байсемиз кандай сабырлы,билими оте жогары, мадениетти журналист Жасаган жобасынын озин билдей бир азамат жасай алмайды, кип-кишкентай,нап-назик Жанардын журегинин туги бар батыр кыз ❤ Жанардай кози ашык,кокиреги ояу кыздарымыз коп болсын❤ Жанар ханым аман болынызшы
@ГулбануМынбаева-и8ш Жыл бұрын
Жанар Байсеміз мықты журналист өте жақсы көрем.Шетелдегі қазақ балалардың жанашыры.
@КоныршаСапарова-ь6ц Жыл бұрын
ЖАНАРЫМЫЗ - сол шетелдегі балаларымыздың жүрегіндегі үзіктіі жалғайтын АЛТЫН ЖҮРЕКТІ ТҰЛҒА ❤Мың жасасын!❤❤❤
@saltanat2091 Жыл бұрын
"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының арқасында өзімізді тәрбиелеп, ұрпағымызға басқа көзқараспен қарауды үйреніп жатырмыз. Жанар Байсеміз ханымға мың алғыс жобасы үшін!❤
@НурбикеТелжанова4 ай бұрын
Жанар қызыма айтарым шетелге мықты журналисттермен видионы түсірген азаматтарымыз бауырларымыз бірге бөлісіп сұхбаттасуды көргіміз келдеді? Журналист қыздарға көп рахмет! Сәттілік тілеймін! Зейнеткер әже.
@ВалияДотей10 ай бұрын
Жанарға Алла риза болсын еңбегі ерен, шет еллегі асырап алған Қащақстанның балалары туралы керемет үлкен шынайы еңбек жасап дүргенін үнемі оқып дүремін. Рақмет Жанар қыщ жасың ұщақ деннің сау болсын ізгі еңбегің сәттілікпен болсын тілектеспін🤲
Дұрыс болған,Жәнібекті ойлап отырмыз отбасымызбен,анасының табылғанын Құдайдан тілеймін,Жанар саған көп-көп Рахмет,Алла саған риза болсын!Жақсылығын алдыңнан шығады деп ойлаймын
@ЗухраКунтуарова Жыл бұрын
Үш әйелден ДНК алды деп еді,нәтижесі қашан шығады екен?
@aloevera8871 Жыл бұрын
@@ЗухраКунтуарованәтижесі шықты, 0 %, яғни биологиялық анасы емес, әрі қарай іздестіруді жалғастырады
@ЕкеКек-т1ж Жыл бұрын
@@ЗухраКунтуарова бугин коремиз бағдарламадан болу керек
@ГульсанаСыздыкова-ш5б Жыл бұрын
@@ЗухраКунтуароваанасы болмай шықты
@ГульсанаСыздыкова-ш5б Жыл бұрын
Біз де отбасымызбен күтіп жүрміз
@АлияАльчиканова Жыл бұрын
Жанар Сізді Алла қолдасын!Жылап отырып көреміз!Жетім балалар біздің қоғамның айнасы,тәрбиеміздің нәтижесі...Өте өкінішті...Әр отбасы бала тәрбиесімен айналысуы керек....
@РаушангульНогаева-щ1ы11 ай бұрын
Жанар өз ісінің керемет, өте, өте жоғары деңгейіндегі маман екендігіне сөз жоқ! Сонымен қатар, Жанар қазақ халқының тілінің қандай әдемі, қандай мағыналы, қандай терең ойлы екенін өзінің әр айтқан әңгімесінде айқындай түсті. Қазақпын десек те тіліміз шұбарланып, тіпті кейінгі ұрпақтарымыз қазақ тілінде сөйлеуге намыстанып, басқа тілде сөйлегенін дәреже тұтуға дейін жетті. Осы бағдарлама барысында Жанар тек қоғамымыздың жетім балалар, және басқа да ауыз айтуға қорқынышты жағдайларын көтеріп қана қоймай, өз тіліміздің деңгейін жоғарлатып, мен кіммін, менің өмірім қалай өтіп жатыр, қазақ болмысымды , иә болмаса адамдық қасиеттерімді жоғалтып алған жоқпын ба дегенге ой салды деп ойлаймын. Жанар сіздің жасап жатқан істеріңізге үлкен табыс тілеймін! Сіз сияқты қазақтың жанашыр, өжет, ақылды, әр болмысымен әдемі қыздары көбейе берсін!
@gulzhanzhaksylykovna69110 ай бұрын
Жанар ханым керемет сұхбат!!! Өзіңіз айтқандай, ұшқынын басы жан жаққан шашырап кетті, уақыт келет , сіздің жасап жатқан еңбектеріңіз үлкен Жалын болып көтеріліп келеді, шындық әрқашан да қиындықпен ашылады, тек уақыт бәрін орнына қояды. Рахмет үлкен, қарапайым халық біз үшін де үлкен ой салып жатырсыз.👏👏👏❤️🥰🌹
@ГульмираС-ф8х Жыл бұрын
Улкен рахмат Жанар сызге, артынан быр ыздейтыны бар деп, казак балалаларына. Сызге бас иемын.
@ulysmedia Жыл бұрын
Біздің команда атынан Жанар ханымға көп рахмет
@ЗухраКунтуарова Жыл бұрын
Менде тұрақты көрерменімін,қыздар сіздерге де көп рахмет,заманауи екен отырған жерлеріңіз,киім үлгісі,макияж,шаш үлгісі,бәрі ұнады Самалдың шұлығының сұр түсінен басқасы🤭
@AikenAsembaeva Жыл бұрын
Жанар Байсемиздин журеги жылы гой осындай тагы бир оз елимиздеги жетимдердин асыл армандарымен болисетин журналистер шыкса гой деп ойлаймын
@Серёга-ы1и Жыл бұрын
Шетелге бала сатқан биліқтеғі адамдар ! Желкедерінен шықсын сол ақша !!!
@memory3136 Жыл бұрын
Жанар Байсеміздің тіл тазалығы, ұлтын сүйгіштігі мен көкжиегінің кеңдігі, сауаттылығы қуантады! Сұхбат алушы журналистер сауаттырақ болса керемет болушы еді, екі түрлі деңгей!
@РаушанЕсжанова11 ай бұрын
Еки жургизуши колдарын коп жибирлатып,орынсыз коп жестикулировать етип,ангимени сонына дейин тындамай жамырап коп усак-туйек сурак койып ойды узе берди.Оте окиништи
@РаушанЕсжанова11 ай бұрын
Алдымен бир журналист такырып озекти емес деп айтты деп бастап,сосын ким айтканын айтпаймын осек болып кетер деп айтканнан,мен кейбир журналистов такырып казирги уакытта биликтен колдау таппайды деп айтканынызда журналист этикасын дурыс пайдаланган болар единиз...Жанардын Енбегин Казак халкы Биик багалайды
Сиздин шетелдеги балалар жобасы ен жаксы жоба. Оган куман келтирмеймиз.Мен жылап отырып коремин.Рахмет сизге.Алладан кайтсын истеген кызметиниз.
@ГулмираАкылбаева-э4д Жыл бұрын
Жанар сіңлімге көп рахмет.Алла разы болсын.Шет елде мең-зең болып,кіммін деп,ата тегін аңсап жүрген қандастарымызға/тағдыр тәлкегіне түскен/ елдің,жердің иісін аңқытып, жүректеріне сәл де болса тыныштық орнатып, қазақ екендерін жандандырып жүр.
@ayanakhmetov5835 Жыл бұрын
Бастықтар мойындамаса да, халық мойындап тұрғой “шетелдегі қазақ балалары” бағдарламасы🎉❤
@ГулбануЕспаева Жыл бұрын
Жанар сізге мың алғыс! Керемееет , білімді, білікті, мәдениетті, елінің қамын ойлайтын нағыз адал журналист👍👍👍
@ШолпанШалгазина11 ай бұрын
Өте керемет жоғары деңгейде көтерілген ақиқат. 90 жылдардағы күйзелеңге ұшыраған аналардың жан дүниесі бұлқан талқан шығар😢😢😢. Америкалық ата-аналар да солай ойлап отыр. Әлкім көп жас аналар (студенттер) баласының тірі екеніне көзі жетпеген де шығар😭 сол кезде туған туысқандары немесе үкімет тарапынан көмек көрсетілмеген соң сондай қадамға барған шығар😢😢😢 Әкелері қайда сол балалардың олардың түйсігі неге ашылмайды, өте аянышты жағдай. Асырап алған ата-аналарға мың алғыс бір-ақ та әрбір балаға анасы керек😢. Менің келінім 2 жасынан балалар үйіне жіберілген😢. Мен бұл тақырыпты жұмыс барысында білемін және де келінімнің айтқан әңгімесінің балалар үйі туралы шындығына кәміл сенемін 😢. Өте өкінішті жағдайлар жас нәрестелер басынан кешіп жатыр.
@ГулденАбди-ж9б Жыл бұрын
Жанар ханым болмағанда ешкім іздемес еді сізге мың алғыс
@UtegenYakiyayev Жыл бұрын
Жанар Бейсемізова ханымның "Шетелдегі қазақ балалары" жобасы маған өте ұнайды барлық шығарылымын үзбей қараймын!!! Балалардың шет елдегі ата аналары қандай тамаша балалардың барлығы жақсы тәрбие алған неше түрлі мамандықтар алуына, жоғары оқу орындарында оқуларына мүмкіндіктер жасап материалдық жағынан көмек жасағандары қандай тамаша!!! Ал сол балалар Қазақстанда сондай жағдайда болар ма еді?!!!
@GuliaGulia-bk8gu Жыл бұрын
Өте қуаныштымын. Жанар Ханымның тіл данашыры болып жүргеніне разымын! Биылғы 7 канал түсірген Ағайындылар фильмінде таза сауатты қазақша сөйлегені қуантты. Сіздерге сәттілік тілеймін!!!
@АйгеримАлмаханбетова Жыл бұрын
Біз үшін 1 нөмірі журналист ЖАНАР БАЙСЕМІЗ.Жұмысыңіздің жемісін көріңіз.Арман мақсаттарың орындала берсін.Бері көп халыққа.
@путьлего-д6н Жыл бұрын
Жанар, Сіздің пікіріңізге 100%қосыламын. Өте орынды мәселелерді қозғадыңыз, әсіресе, тіл мәселесі жөнінде. Көптеген жақша ішіндегі жұлдыздардың сөйлеу мәнері, сөздік қорлары өте төмен. Теледидарда жарнамалар аудармасында қателер көп. Ешқандай болашағы жоқ, тілді шұбарлап,, қазақ фильмін ойыншық қылып жүргендер көп. Өздерін өнер адамы деп айтқанмен, өнерге қосып жатқан үлестері жоқ, керісінше, өнерді құртып жатқандар көп. Эфирде түкке жарамайтын, тіпті қоятын сұрақтарының мәні жоқ тележүргізушілер өте көп. Бағдарлама атауларын екі тілде жазу, тележүргізушілерге ауру болған. Қарап отырып ұяласың. Келген қонақтары жырқ- жырқ, тарқылдап күліп, өздерін ұстай алмайды. ТД- да кемшіліктер өте көп,оларға әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Масқара!!!
@papa-ob3mk Жыл бұрын
Мәә Жанар қандай грамотная журналистика. Прямо тәнті болып отырмын
@АлмагульКененбаева Жыл бұрын
Жанар сондай сауатты, адал нағыз патриот екен. Аман есен шет елдегі жетім баларды қолдап, қоршаңызшы, атам Қазақ жетімін жылытпаған ғой. Сізге Қудай жар болсын.❤❤❤
@ЖайнаргулКонырова Жыл бұрын
Жанар ханым мықты журналист.Авторлық бағдарламасы үшін көп рақмет.Тек шетелдегі балалар тағдыры емес,бағдарламаны керемет кино,сериал сияқты қылып түсірген.Мықты.Рақмет саған,Жанар
@ЖанарМухан Жыл бұрын
Мына 2 әйел өмірге бүгін келгендей, барлық іс қимылдары жасанды. Жанарға мың алғыс ❤
@ГульзадаДуйсенбина-д2щ Жыл бұрын
Өз ісін сүйіп жасайтын профессионалды журналист❤❤ керемет сұқбат болды, Жанар ханымның ойы, дауысы, сөйлеу мәнері, нәзік бола тұра қайсарлығы, ақылдылығы, шынайылығы, жан-жақтылығы экранның ар жағынан білініп тұр, қазақтың жанашыр қызы аман болыңыз❤❤
@ДулатНысанбаев-и9к11 ай бұрын
Қаракөз айдарының қыздарына да мың алғыс, тәлім-тәрбиелік бағыттағы, санамызды тереңдететін, ашық пікірді қолдайтын бағдарламаларыңа рахмет...
@zhanabir5273 Жыл бұрын
Жүргізуші қыздар, сөзді бөле бердіңіздер, жағаласып. Жанар Байсеміз өте мықты журналист! Шетелдегі қазақ балалары теңдесі жоқ бағдарлама! Терең ой салады!
@ГульжанКамбарбаева-щ2й Жыл бұрын
Айтып жатқан әңгімелері өте орынды....Билікте осы қыздар отыру керек 😊 халыққа жақын жандар❤
@Kimba_Din Жыл бұрын
Біздің балалары мызды шетелге сатқан сумырайларға құдайдан қайтсын!!!
@БаянАмирханова Жыл бұрын
@@jimmyvox-b5u Жанар қызым саған үлкен рахмет.Еңбегің жемсті болсын.
@cryptakzz Жыл бұрын
Соларды бул хайуан клрсетпейди отирикти сапыртканда тан каласын жетимдер оздери келип ата анасын издеп жатыр буларга сеним жок
@@cryptakzz Нағыз ,,,итаяқ "- сенсің 😅😅😅 Нақұрыс екендігіңді көрсеткің келдіме !!! 9000-баланы жетімдер үйіне өткізіп жіберген ,,,Жанар Байсеміз емесқой !!! Ата - бабамыз 3- рет аштықты басынан кешірді , репрессия , соғысты басынан кешірді сол кездерде балаларын ,,, дет домға" өткізбеген !!! Қазақтың жігіттері , жауапкершіліктен бас тартып , алдап кетсе немесе балашағасын тастап кетсе , оған ..... ,,,Жанар неге кінәлі болуы керек ...???? Жанар сол жетімдерді іздеп тауып , сұрауы жоқ балардың жағдайын көрсеткеніне кінәліма...???? Отаны бар екенін түсіндіріп,.... ,, сендерді іздеп келдім" -- дегеніне кінәлі ма , сонда !!!
@ДидарАбаилдаев10 ай бұрын
Жанар сизге рахмет улкен, ой орисиниз каблетиниз жогары терен сизге басым идим
@РысханымКазбековна Жыл бұрын
Жанар сіздің бағаңызды жоғардағы адамдар бермесе бермесін, сіздің бағаңызды халық беріп қойған және оны ешкім тартып ала алмайды.!!!🎉❤сіз бәрінен мықтысыз❤ Сіздің жобаңызды бала кезімнен жүрегіммен карайтын едім,қайта оралғанына қуанамын.
@GuliaGulia-bk8gu Жыл бұрын
Я Алла! Сол балаларға жақсылық берші!!! Мен студент кезде 3-4 тағдыр көрдім. Аяғы ауырлаған қыздар болды. Жігіттері оларды алмады. Сонда 2-3-4 курстың қыздары бір жылға академия алып босанды. Сонда ата аналары бағып қақты. Енді ойласам ол қыздар қателессе де батыр екен ғой. Ел не дейдінің кейпін кимей... Кейін сол қыздардың бағы да ашылды. Сосын тағы бір жағдай мен 14 жылдай бұрын ұлым диагнозбен туды. Баламды емдетіп жүргенде бір қыз тура сол диагнозбен тастап кетіпті. Мен оны еміздім. Жолдасыма алайық деп едім екеуіне шамамыз келмейді деді ғой. Мен оны айыптамаймын. Бірақ сүт ана сияқты болған соң ба 10 күн болса да кейде қайда екен деп ойлай берем ғой. Шіркін бағы ашылсыншы.
@ГульсараИмангазиева Жыл бұрын
Жанар мен сізді бірінші рет тыңдап танысып отырмын сіз керемет журналист екенсіз өте орынды айтып отырсыз тек алға тоқтамаңыз сізді қолдап жүрем қазір ашық жазатын журналисттер жоқ
@АлияТоксанбаева-й2ы Жыл бұрын
Өте дұрыс талқылау кезінде біраз адамдар жоғарыда отырған жаны ашымас тірліктер жасаған қазаққа
@КенжегулСмаилова-ш9л11 ай бұрын
Жанар Байсеміз өте сауатты журналист. Ісіңіз алға бассын. Отырған журналистерде артық сөз көп. Қонақтың сөйлеуіне жағдай жасасаңыздар. Сөзін толық жеткізсін, арадан бөле бермеңіздер.
@СаулеУсенова-ы1ж Жыл бұрын
Қазақтың нағыз жанашыры, көреген қызы,тіл тазалығын сақтаған керемет білімді жансың Жанар қызым, айналайын қыздарым сұхбаттарыңа рахмет,бақытты болыңдар.
Жанар ханымды ел басқаруға,қасындағы қыздарды министрлікке қою керек екен! Қандай дұрыс тақырыпты көтеріп отыр! Жылап отырып көріп отырмын! Қашан еліміздің,халкымыздың жағдайы жақсарады екен.
@НурланСанатбекулы Жыл бұрын
Жанар қазақ елінің Жанары болды бүкіл дүние жүзіндегі қазақ балаларың қамқоршысы ❤❤❤❤❤
@Madinaaaaa.k Жыл бұрын
Жанар Байсемізова өте сауатты, сөз саптауы керемет, Алла разы болсын, істеп жатқан еңбегі Алладан қайтсын. Марапатты Алла өзі береді, халық көріп те бағалап жатыр еңбегін! Осындай қазаққа шын жанашыр адамдар көп болса дамитын едік. Қазір көбі той қуып қызық қуып қара бастың қамын ойлап жүр ғой. Шынымен елге, адамзатқа не бере аламын дейтін адамбар көп болса ғой. Не аламын, үкімет маған не береді деп аузын ашып, қай жерде көмек бар деп жалтақтап, пайда көздемей.
@ЖазираБалтабаева Жыл бұрын
Жаңа бағдарлама құтты болсын! Жаңа бағдарламада Жанар ханым келіп ашып бергеніне, керемет сұхбат бергеніне, 100% қазақ тілінде сөйлеп, ашық сұхбат беріп, Қазақ еліне, қазақ жеріне, қазақ балаларына жанашырлығын танытып жүргеніне мың алғыс! Рахмет сізге Жанар ханым! Қызметіңіз жоғары жақтан бағаланбаса да ешқандай марапат алмасаңызда, Халықтың, жетім балалардың, Шетелдегі асыранды балалардың алдында беделіңіз өте жоғары, сізді жақсы көретін халық бар. Алла тағала сізге разы болсын!
@shaimkhanissaeva7708 Жыл бұрын
Қаракөз жобасы өміршең,құтты болсын!
@БибайшаОспанова-ъ1р Жыл бұрын
Жанар Байсеміз ді бірінші рет көріп, естіп отырмын. Керемет "Қара жәшік" деп үлкен жобасымен жұмыс атқарып жатқандығы үшін көп рахмет! Сөйлеуіне, ой өрісінің тереңдігі мен тілінің тазалығы мен бай тілдігіне тәнті қалдым! Қайта басқалары орысша қосып, шорқақтық көрсетіп отыр....!
@АйсулуМахашева Жыл бұрын
Жанар Байсемізді бірінші рет көріп отырмын.Ой өрісі өте тамаша,кең,тілі тап таза.,журеалист.Тілім жетпес отыр,Жобасы керемет.Алла сол үшін күш қуат,зор ден сулық,екі дүниенің бақытым берсін.Қаракөз жобасы Жанармен жүргізген сұхбатқа рахмет .Жанар Байсеміз дің жобасын Алла қолдасын.Аман жүрсін.
@kickwill7353 Жыл бұрын
Қазақ балаларын сатуды кәсіпке айналдырғандардың Аллаһ тағала жазаларын берсін 😢
@ГулнурЖелдикбаева5 ай бұрын
Жанар ханым аман болыңыз. Не деген керемет жансыз ❤
@ДинараАхмет-ц2к Жыл бұрын
Жанар апай өте ішкі мәдениеті жоғары адам. Мен өзім жеке кездесіп қасында болғанда, үлкен болса да кішірейіп тұратын, өте сыпайы, өте мәдениетті, өте мейірімді адам екенін байқағам,таң қалдым. Жанар апай аман болыңыз, сіз бар марапатқа лайықсыз!
@ЖадыраПретова Жыл бұрын
Жанар әпшемізге мың алғыс! Жетім балардыың көз жасы ұрсын сатқын адамдарды ешқашан өнбесін
@ГульзатИсатаева Жыл бұрын
2023 жылы корген ен мыкты подкастым болды! Жанар ханымнын казакша таза ойын жеткизуи озиме 35 жылда алмаган ашылмаган тарбиени корсеттиниз! Шетелдеги казак балалары ен мыкты жоба екени анык!
@ҚаламқасАрчабекова Жыл бұрын
Жаныбекті көріп жылап ауырып қалдым жанымай не істесе болады.анасы табылса екен кім берседе шет елге құдай жазасын берсін
@Арғынкыз Жыл бұрын
Жәнібек Мүрат баламыздын окигасында бірталай былыктар ашылып жатыр.
@ЭлеонораАбилгазиева Жыл бұрын
Ол бала елим деп келгенде елинин жагдайын корип,иши ашыган болар.Озинин тагдырын корип мен кай елще дуниеге келдим деп
@ҚаламқасАрчабекова Жыл бұрын
@@ЭлеонораАбилгазиева еліне не боп қапты елі нде бара жақсы кит етсе әңгімеге жағдайларыңды қыстырып.жаман емеспіз жағдай жаман болса еңбек ет ізден өкіметін көре бермей.
@tursunainazarova1143 Жыл бұрын
@@ЭлеонораАбилгазиеваМенде қатты.жыладым. Коремі З програмада екі.жігіттің тастанды балардың үиі туралы аитқанда сөзіне түсінбеседе жылағанын көріп жүрегім езіліп кетті.Сара Назарбаева ақшаға құнығып психалық ауруы бар адамға сатқан .ал біздің адамдар алғысы келсе 7 атасын тексереді
@БазаргульКулжагарова Жыл бұрын
Сұхбат ұнады. Толық қазақ тілінде өтті. Жанар өте сауатты, мәдениетті тілші. Қыздар, каналдарыңа сәттілік! Қаралымы көп болсын!
@БаяанИматова Жыл бұрын
Қайырлы кеш! Жанар Байсемізова сіз, өте Ақылды жансыз, сұлусыз, Әрбір сұраққа қандай мәдениетті жауап бересіз барлығы өте көркем тілмен.Алдымен Ата- Анаңызға шыққан тегіңізге мың алғыс сіздей Нағыз Қазақ батыр қызын өсіріп, оқытып, тәрбиелегеніне оқытқан Мектеп ұстаздарына шексіз рахмет! Сіз өте баға жетпес, қаны Қазақ балаларына үлкен жол аштыңыз? Елге оралғысы келсе қолыңыздан келгенше көмегіңізді аямаңызшы? Сыңғырлаған бұлбұлдай, даусыңыз өте жағымды ұнайды. Алла тіл, көзден сақтасын! Қайда жүрсеңізде, жолыңыз болсын! Аман сау жүріп,💯 жасқа жетіңіз!🇰🇿🇰🇿🇰🇿👍👍☺️🥰
@user-Ai386 Жыл бұрын
Осы Жанардын жумысын біздін өкімет көмек бермеуі , ісін бағаламауы дурус емес, осы жағдай біздін денгейіміз төмен екенің көрсетеді, бул ұлттық мәселені халық қолдау керек деп ойлаймын. Жанарға тек сәттілік тілеймін, біздің балапандардын жан тыныштығын шешіп журген қызымызға алғысым шексіз, қудай жолын ашсын, арманына жетсін❤❤❤. Әр балапан өзін тегін білу керек.
@НурбибиХалык Жыл бұрын
Шенеуліктердің арты ашылып қалуы мүмкін!!!
@zhuanyshbaevameyramgul2165 Жыл бұрын
Жанар сен қазақ бауырларына жүрек жылуын жеткіздін
@akmaralkyzdarbekova3567 Жыл бұрын
Жанар Байсемізова-өте білімді жан екен.Өте разы болдым, жүрегі өте нәзік,көзі көреген!Толағай таьыстар тілеймін ,Сізге!
@MeryertRaikylova11 күн бұрын
Жанар оте дурыс, айтылган Алла сабыр сана берсин барлык кыз келиншектерге ,Оте билимди Акылды Иманды текти казак кызы , Сол баягы даусы кандай суйкимди тарбиели намысты текти казак урпактарымыз Аман болындар алтындарым Аумин.Жанымау Алла жар болсын Аумин бала шагана амандык тилеймин, Уа Раббым,шетелдеги,биздин шолак окиметимиз не болсада акыры жаксылыкка апарсын Алла казак балларын Алла саган жеткисиндеген ,Алла сезимине ,кыздар жигиттер Жанардан улги алсандар ,алындар .❤нен айнадым ,
@ulanboss2943 Жыл бұрын
Жанар Байсеміздің сауаттылығынан жас журналистер сабақ алса ғой
@КҮНСҰЛУНҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ Жыл бұрын
Не деген ақылды, білімді азаматша! Бірде бір минутын алдыға жылжытпай, тапжылмай көріп шықтым.Керемет🎉 Осындай қазақтың қыздары көп болсын!😊
@ЛизаМустафина-н5ш Жыл бұрын
Жанар Байсеміз осы жобаңызға рахмет! Келе жатқан жастарға өте үлкен тәрбие сабақ алатын керемет бағдарлама.Президенттен талап етеміз, әр қазағын бағаласын деп.Жетім бала мәселесі тікелей президенттің жұмысы.Назарбаевтың үрім бұтағына қарғыс айтамын, әр жетімнің зары атынан , жетімдік өз басымнан өтіп жатыр,үкімет тарапынан көмек көргенім жоқ
@ГульбаршынЕсбекова Жыл бұрын
Жанар сондай мәдинетті, ойын нақты жеткізетін бірден, бір журналист. Кеше ғана жолдасым арманым бүкіл қазақстан қазақша сөйлеп кетсе дегенде сондай болмайтын арман ғой деп едім. Болуы мүмкін екен.
@ДаниярБаспаков-п6и Жыл бұрын
Шет елдегі қазақ балаларын түгел толық қарап шықтым, керемет жоба. Өзіме қатты ой салды, өз ұлтыма деген ойым өзгерді. Сол бағдарламаны көріп Қазақ тектіміз, кеңбіз анаумыз мынаумыз деген сөздердің барлығы бос сөз екенін мойындадым. Пейілімізде тарылған, ешқандай аяушылықта қалмаған. Тек өзімізге тиесілі дүниеге ғана бас ауыртып, басқалар күл болмаса, бүл болсын деп өмір сүріп жүр екенбіз. Бұрын ондай ой келсе мойындау қиын еді, ақтап алатынмын іштей. Қазір не көрсекте обалымыз жоқ ел екенімізді түсіндім.
@ЛаззатЖумағалейева Жыл бұрын
Өте дұрұс айттыңыз👍👏 менің жеткізе алмаған ойымды дәл айттыңызау👍👍👍тұп - тура.