Қазақстан тарихына жаңалық әкелген еріктілер | Жантас Сафуллин | TEDxAstana

  Рет қаралды 2,086

TEDx Talks

TEDx Talks

5 жыл бұрын

«Жайық Пресс» медиа холдингіне қарасты басылымдардың 95 жылдығына дайындалған Жантас Набиоллаұлы газеттер тарихын зерттеймін деп, қазақ публицистикасында мүлдем еленбеген «Ұран», «Қазақстан» сияқты көне газеттерді анықтады. Зерттеу кезінде Абайдай зиялы, Шәкәрімдей ойшыл, ел келешегін көксеп, республикалық деңгейде газет шығарған Ғұмар Қараш атты ғұлама жайлы деректерді елге әкелді. Тарих жайлы ақпарат араб тілінде болғандықтан, еріктілерді бір ортаға топтастырған Жантас сырға толы «құлпытастарды» зерттейді. Елінің тарихына тың жаңалық ашып, әсіресе «Қазақ хандарының» құлпытастарына тап боламыз деп ойламаған еріктілер, 3000 құлпытас жайлы жинақ шығарып, Қазақстан тарихына өзгеріс әкелді. Олардың ендігі мақсаты - XVIII-XX ғасырдағы қазақ мәдениетін, әлеуметтік жағдайын сипаттайтын "метіркелерді» зерттеу. Уфаның орталық мұрағатында жатқан 71 000 құжат ұлт сауаты, тұрмысы, салт-дәстүрі мен қандай құқықтық мемлекет құрғаны жайлы жаңа дерек береді. Жантас Сафуллин - «Жайық Пресс» медиа-холдингінің жетекшісі және Орал қалалық мәслихатының депутаты.
Соңғы бірер жылда өлкетану ісімен шұғылдана бастаған. Туған жердің әр тасын ерекше бағалайтын ол Қазақстанның батыс өлкесінің тарихын құлпытастардағы жазуларды тану арқылы зерттеп жүр. Айтуынша, олар тарихи тұлғалардың өмірі жайлы талай сырдың бетін ашады.
Жантас еріктілерден құралған команда жасақтады. Олар кезіккен қиындықтарға қарамастан ұмыт қалған обалар мен қорымдарды іздеп, зерттеуді бір сәтке де тоқтатқан емес. Бүгінгі күнге дейін өлкетанушы-волонтерлер 3000-ға жуық тарихи ескерткіштің «құпиясын ашты». This talk was given at a TEDx event using the TED conference format but independently organized by a local community. Learn more at www.ted.com/tedx

Пікірлер: 8
@user-iu2jy1zl6b
@user-iu2jy1zl6b 2 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум!Бауырымыз!Әр уақытта аман болып,Қазақ халқына деген істеп жатқан еңбегіңіз жемісті бола берсін Алла жар Аруақтар желеп-жебеп жүрсін амин аллаху акбар!Сізден өтінішім :Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы,Сайқын селосынан 50-60км .қашықтағы, Бұрынғы Военный зоны болған,Астрахань облысымен шектес Жамантау өлкесіндегі Қожалардың құлптастарын тексеруге мүмкіндік болды ма, мен сол жердегі жатқан қожалардың ұрпағы едім,Алла қаласа Сізбен кездесіп бабаларым жөнінде сұқбаттасам деген арманым бар!...Қазір өзім Қарағанды облысы, Шахтинск қаласынанмын,.Зейін қойып тыңдағанызға,Аллам разы болсын Алла жар Аруақтар желеп-жебеп жүрсін амин аллаху акбар!
@user-zg6bv1jk7h
@user-zg6bv1jk7h 4 жыл бұрын
Жантас аға TED X форматтағы көрермен, тыңдарман жұртшылыққа ғылыми-зерттеу жұмыстарыңызбен Отандық тарихнама ғылымына қалам тербеудегі шығармашылық ізденістеріңізбен тың жаңалықтарыңызды паш етіп, мазмұнды,мәнді дәлелмен жеткіздіңіз! Бәрекелді! Сізге Алла күш-қуат берсін! Әруақытта отбасыңыздың амандығын тілеймін!
@user-wr6db3yr6n
@user-wr6db3yr6n 5 жыл бұрын
Тамаша! ТэдХ - Керемет жоба екен
@AibekMazhit07
@AibekMazhit07 5 жыл бұрын
Бәрекелді!!!
@askhatmukhanbetov1143
@askhatmukhanbetov1143 4 ай бұрын
Дәуқара, Науша батырларды атап өткеніне қарағанда бұл бауырымның руы Байбақты болуы керек
@ainurbaubekova3364
@ainurbaubekova3364 5 жыл бұрын
Жарайсын, Жантас!!!
@user-fp7vj4ib6q
@user-fp7vj4ib6q 5 жыл бұрын
Жантас жарайсың 👏👍
@user-cu6lf8pf8k
@user-cu6lf8pf8k 5 жыл бұрын
Қазақстанның шын тарихы- өзекті тақырып.Қайта жаңғырту бұл ұлы, игі іс!
Bro be careful where you drop the ball  #learnfromkhaby  #comedy
00:19
Khaby. Lame
Рет қаралды 41 МЛН
Omega Boy Past 3 #funny #viral #comedy
00:22
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 29 МЛН
Сәтті күн | Torgyn Zholdasbekkyzy | TEDxSemey
12:07
TEDx Talks
Рет қаралды 6 М.
Bro be careful where you drop the ball  #learnfromkhaby  #comedy
00:19
Khaby. Lame
Рет қаралды 41 МЛН